Бөлшек сауда кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

І Тарау.
1.1. Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы
1.2. Бөлшек сауда кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың
ерекшеліктері.
ІІ Тарау.
2.1. Көтерме саудасындағы тауарлардың операциясының есебі
2.2. Бартерлік мәміле тәртібінде сатылған өнімнің есебі.
2.3. Уақытша шығарылған және уақытша әкелінген тауардың есебі.

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

І. Кіріспе
Дайын өнім – негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі.
Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе
техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен
өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен
куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны
және басқа жайлары - міндетті түрде актімен рәсімделеді.
Дайын өнімді есептеу үшін 1320 "Дайын өнім" деп аталатын активті
инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым
қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны
бойынша көрініс табады.
Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін
ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста
(шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін
есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы
үшін) дайын енімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы
пайдаланылуы мүмкін.
Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен
шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.
Ауытқудың пайызы мен сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнімнің
қалдығынан есептелінеді. Ауытқу кәсіпорынның экономиясын немесе артық
жұмсалғанын көрсетеді, олар да дайын өнімнің шотында есептелінеді:
экономиясы (үнемделгені) — қызыл жазумен, ал артық жұмсалғаны - әдеттегі
(дағдылы) — жазумен жазылады.
Ауытқудың пайызын келесі формула бойынша есептейді:

Қабылдау-тапсыру құжаты аспаптық, радиотехникалық кәсіпорындарында,
жаппай және сериялық өндірістерде, басқа да өнеркәсіп салаларында өндіріс
есебінің тапсырыстарын есептеу үшін қолданылады. Қабылдау-тапсыру құжатын
өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, өнімді өткізу үшін де пайдаланады.
Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен
номенклатурада дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.
Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін
және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің
барлық салаларында "Өнім шығару жиынтығы" деген құжаттың нысаны
қолданылады.
Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады. Бұл жағдайда
оған тиісті накладнойлар қоса тіркеледі.
Қоймаларда дайын өнім есебін, материалдар есебі сияқты қойма есебінің
карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған
қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді.
Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесімен
(реестрімен) бірге бухгалтерияға түседі.
Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің
деректерін келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ
ведомосына есептік топтар бойынша шығарады. Жинақ ведомосының деректерін
дайын өнім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма
есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып
шығуын камтамасыз етеді.
Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық
өнімнің нақты өзіндік құны және нақты өзіндік құны мен жоспарлы өзіндік
құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді
бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары
анықталады.

1.1. Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы
Тауар – материалдардық бұйымдар, олар тұтыну немесе пайдалану үшін
сатып алынады. Сатып алынған тауарлардың есебі үшін 1320 "Алынған тауарлар"
және 1330 "Басқа да тауарлар" шоттары қолданылады. Бұлар мүліктік-активті
шоттар. 1320-шотты негізінен сауда, қоғамдық тамақтандыру, жабдықтау-сату,
делдалдық және сыртқы экономикалық ұйымдар пайдаланады.
Тауарды бағалау есептік бағаны таңдау болып табылады, яғни бағаның
көмегімен тауар кірістеледі және есептен шығарылады. Бұл ретте сату бағасы
да, сатып алу бағасы да пайдаланылуы мүмкін. Есептік бағаны тандау
шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында тіркеледі, ол
шаруашылық жүргізуші субъектінің бірыңғай тауарларына қатысты үйлестірілуі
керек.
Сатып алынған құны өзіне: сатып алу құнын, баж салығын, комиссиондық
марапаттауын; жабдықтаушыларға, делдал ұйымдарға төлейтін төлемдерін;
транспорттық-дайындау және басқа да шығыстарын, яғни алынған запастармен
тікелей байланысты шығыстарын енгізеді. Сауда жеңілдіктерін, артық төленген
сомаларын және басқа да осы тәріздес түзетулерін, әкелінген шығындарды
анықтау кезінде шегеріледі. Көтерме сауда кәсіпорындарында тауардың сатып
алынған құны, әдетте, есептік баға ретінде бола алады.
Сату бағасы — бұл тауардың сол бойынша ең соңғы тұтынушыға сатылатын
бағасы. Сату (бөлшек) бағасының құрамына мыналар кіреді:
- сатып алынған құны — бұл құжаттармен қуатталған (шоты, тауарлы-
транспорттық накладнойы, кедендік декларациясы)тауардың жабдықтаушылардан
сатып алынған құны;
- акциз — бұл тек кейбір тауар түрлеріне белгіленеді: алкоголь өнімдеріне
және, темекі бұйымдарына, жеңіл автомобильдерге, зергерлік бұйымдарға т.б.;
акциздің :мөлшерлемесін үкімет белгілейді, проценттік деңгейде тауардың
құнына бөліп немесе натуралды түрде оның физикалық көлеміне бөліп
анықтайды, ал алкогольдік өнімдер бойынша акциздің мөлшерлемесі оның
құрамындағы спиртке тәуелді етіп белгіленуі мүмкін;
- қосылған құн салығы – келесі мөлшерлеме бойынша әртүрлі тауар түрлеріне
белгіленеді: 0% (нольдік пайызы бойынша) - экспортталған тауарларға (занда
қаралғандардан басқасы), 16% — барлық тауар түрлері бойынша (ҚҚС —
босатылғандардан басқасы);
- сауда үстемесі — бұл бөлшек сауда кәсіпорындарының шығысын жабу үшін және
сату операцияларынан табыс алуға арналған үстеме.
Дегенмен де, көптеген бөлшек сауда магазиндері тауарды сауда үстемесі
бойынша емес, сату (бөлшек) бағасы бойынша ескереді. Бұл жауапты тұлғаның
жауапкершілігінен туындайды, егер де тауар жетіспей қалған жағдайда, сол
тауарды өтеуіне тура келеді.
Келіп түскен тауарды есепке алу айтарлыктай қиындық туғызбайды,
өйткені келіп түскен тауардың әрбір партиясы тиесілі құжаттармен
рәсімделеді (шоттармен, тауарлы – транспорттық накладноймен т.б.
құжаттармен). Коймадағы тауардың шығысы да үлкен мәселе туғызбайды, өйткені
әрбір босатылған тауар үшін тиесілі құжаттар жазылады. Қиындық тек, бөлшек
сауда магазиндерінде сату барысында пайда болады. Бұның басты себебі: сатып
алынған тауардың сомасына тек бақылау - кассалық машинасынан алынған чек
беріледі, онда сатылған тауардың сату бағасы бойынша құны көрсетіледі,
бірақ бір күнде қанша тауар сатып алынған бағасы бойынша сатылғаны туралы
мәлімет көрінбей қалады. Ол мынадай есептеу жолымен шығарылады:

Бұл кезде калдықтын деңгейін тұрақты түрде түгелдеудің көмегімен
анықтауға тура келеді, ал ол көп уақытты қажет етеді. Басқадай жағдайда,
қалдықтың деңгейін анықтау мүмкін емес.
Көптеген бөлшек сауда кәсіпорындарында тауар есебін ұйымдастырудың
күрделі жағдайынан алшақ болу үшін тауардың сату бағасы бойынша есеп әдісін
пайдаланады. Өйткені ол сатылған тауардың есептік бағасы бойынша сомасын
жеңіл анықтауға мүмкіндік береді,ол үшін бүкіл сомадан чек бойынша жиынтық
сомасын алып тастаса, айырмасы саудадан түскен түсім болып саналады. Осы
жағдайда, тауардың да қалдығын кез келген кезеңге анықтау мүмкіндігі туады.
Бұл тәсіл тек қана көтерме саудаға тән деп ойлауға болмайды, оны бөлшек
саудамен айналысатын кәсіпорындар да штрих кодтарының көмегімеи жүзеге
асыруына болады. Штрихтық кодтар, әдетте, он үш саннан (цифрдан) тұрады,
оның алғашқы екеуі өнімді – дайындаушы (немесе өнімді – сатушы) мемлекетін
көрсетеді; келесі бесеуі — өнімді әзірлеуші - кәсіпорынды, одан кейінгі
бесеуі – тауарға сипаттама береді (атауы, мөлшері т.б.) және ең соңғы
біреуі — бақылаушы болып саналады.
Магазинге тауар келіп түскен кезде оның атауы, айрықша белгісі, саны
және сатып алынған бағасы туралы ақпарат көшірме (сканирующей)
қондырғысының арқасында компьютердің жадында сақталады. Одан әрі қарай
тауарды сату кезінде компьютер кандай тауардың қандай санда (мөлшерде)
сатылғаны туралы мәліметті тіркейді, осының негізінде, сатылған тауардың
сатып алынған құнын анықтайды. Тауардың есептен шығарылғаны туралы
ақпараттар, егер олар ресми құжатталмаса, немесе компьютерде тіркелмесе,
онда ол туралы мәліметті түгелдеудің көмегімен алынады.
Кейбір тауарлар озінің техникалық себептері бойынша штрихтық кодтауға
жатпайды (қалам, қаламсап т.б.), онда олардың сатып алу бағасын жоғарыда
көрсетілген формула бойынша анықтайды.
Есептік құнын тандау – алынған күні бойынша немесе сату құны бойынша
мәселенің шаруашылық жүргізуші субъекті үшін де маңызы зор. Осы мақсатта
бухгалтерлік есеп стандартында төрт әдіс қарастырылған:
- арнайы (тұтастай) идентификациялау әдісі;
- орташа өлшемдік құн әдісі;
- ФИФО әдісі запастарды алғашқы сатып алынғандардың бағасы бойынша
бағалау әдісі;
- ЛИФО әдісі запастарды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша
бағалау әдісі.

1.2. Бөлшек сауда кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың
ерекшеліктері.
Бөлшек саудадағы тауарлар есебі 1330 Алынған тауарлар шотында
жүргізіледі, оған мынадай субшоттары ашылады:
13301 субшоты - "Бөлшек сауда кәсіпорындарының қоймаларындағы
тауарлар", онда бөлшек сауда кәсіпорындарының қоймаларындағы сақталып
тұрған тауарлар есепке алынады. Есеп дайын өнім және материалдар есебі
сияқты санына және құнына қарай, сатып алу бағалары бойынша жүргізіледі.
13302 субшоты - "Бөлшек саудада сату үшін алынған, сатып алынған
тауарлар", онда материалдық жауапты адамдардың (аға сатушылардың, бөлім
меңгерушілерінің т.б.) жауапкершіліктерінде тұрған тауарларды есепке алады.
Есепке алу сату бағалары бойынша (сатып алу бағасы, ҚҚС және сауданың
үстеме бағасы қосылады) жүргізіледі. Есепке алу сол тауардың құны бойынша
жүргізіледі.
13303 субшоты - "Тауардың үстеме бағасы". Бұл субшотта сату үшін
берілген тауарлардың барлық түрі (тауар топтары бойынша сараланып)
белгіленген мөлшердегі үстеме бағасы бойынша есепке алынады. Соның
нәтижесінде сатуға берілген тауарлардың бағасы үстеме бағасынан асып
түседі. Тауарлар сатылғаннан кейін тауардың үстеме баға қызылмен жазылып,
олардың құнын кемітеді; үстеме баға кәсіпорынның тауарларды сатқаннан
тапқан табысы болып табылады. Сатылған тауардың үстеме бағасын белгіленген
үлгі бойынша есептен шығарады.
13304 субшоты - "Тауар бағасына қосылған құн салығы". Бұл субшотта
сатуға берілген тауар бағасына енгізілген ҚҚС сомасын көрсетеді. Тауар
бағасына үстеме бағасы мен ҚҚС қосылады да, сөйтіп ол тауардың сатылу құнын
құрайды (қалыптастырады). Осы бағалар бойынша тауарлар тұтынушыларға және
басқа сатып алушыларға сатылады.
Тауарлар сатылғаннан кейін тауар бағасы ҚҚС сомасынан "тазартылады,
яғни табыс сомасы шығарылады, ол үшін ҚҚС сомасын қызылмен жазады. ҚҚС
жалпы табыстан есептелінеді де, тауарлар түскен және кірістелген кезде
шегерімге койылған (1420 шотының дебеті) сомаларды алып тастағаннан кейін
қалғаны бюджетке аударылады.
Сөйтіп 13303 және 13304 субшоттары тек тауардың сатылу құнын
қалыптастыруға арналған, яғни көмекші қызмет атқарады және олардың дербес
арналымы жок. Бірак көмекші қызметсіз бөлшек сауда кәсіпорындары сатылған
тауардың түсіміне бақылау жасаудан айырылады, сондықтан да сатушы да, сатып
алушы да тауардың сатылататын бағасын білуге мүдделі.
Сонымен қоса, көмекші субшоттар жүйесін қолдану синтетикалық есептің
дұрыс жүруіне өз септігін тигізеді, яғни халыққа сатылған тауардың
мөлшерін, арналымын, үстеменің есептеу тәртібін, нарық бағасын анықтауға
көмектеседі.
Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған заңмен сәйкес,
бухгалтерлік есепте де, салық есебінде де есептеу әдіс пайдаланады, соған
сәйкес тауар сатып алушыға босатылысымен, оның төлем мерзіміне қарамастан,
тауардың сатылған кезеңі болып саналады. Ал бөлшек сауда кәсіпорындарында
тауардың сатылған кезеңі болып, қолма-қол ақша түскен кезең саналады,
өйткені онсыз тауар босатылмайды.
Сонымен, бухгалтерлік есепте тауардың сатылған кезеңі, магазиннің бас
кассасына ақшаның келіп түскен кезеңнен бастап 1010 шоттың дебетінде, және
1330 шоттардың кредитінде көрініс табады.
Тауарды есептен шығару сатушының есеп беруінің негізінде жасалады,
онда тауардың сатылған құнының бірыңғай қағидасына сай етіп көрсетіледі.
Енді сатылған тауардың сатып алынған бағасын көрсету үшін, әдетте, тауар
бағасындағы сатылған ҚҚС сәйкес және сатылған сауда үстемесіне ай соңында
бөлшек сауда кәсіпорындарында есебі шығарылады.
Алдымен, белгіленген нысан бойынша, сатылған сауда үстемесін
есептейді, ал ол өз кезегінде келесі процедурадан тұрады:
1. Бухгалтерлік жазбалардың негізінде сауда үстемесі тауардың сатылу (сату)
бағасына қосылатын болғандықтан, тауардың барлық партиясына 1330 шотының 2
субшоты дебеттеліп, 1330 шотының 3 субшоты кредиттеледі, бұл арада 1330
шотының 3 субшотында сатылған тауар бойынша айдан айға тек сатылған
тауардың сатып алынған құнын алу үшін, ол қызылмен жазылып отырады,
нәтижесінде 1330 шоты бойынша кредиттік қалдықтың пайда болуы мүмкін.
2. Тауардың ай ішіндегі айналымы мен ай басындағы тауардың құнына сауда
үстемесінің қалдығын қосып, сауда үстемесінің "болжамды сальдосы" деп
аталатын жағдайын аламыз (бұл жағдайда 1330 шотының 3 субшотының дебеті
бойынша операцияларын шегереміз).
3. Ай барысында сатылған тауардың жалпы құнынан (сатылған өнімнен түскен
жалпы түсімінен) ай соңында қалған тауар құнының қалдығын (1330 шоттың 2
субшоты бойынша, сальдосын) алып тастап шығарамыз. Бұл есептеу касса мен
тауар туралы есеп берудің негізінде жасалады.
4. "Болжамдық сальдосын" (1330 шоты бойынша алынған соманы) жалпы сатылған
өнімнің құнына және сатылмай қалған тауар құнының калдығына бөлу арқылы
тауардың орташа маңыздық үстемесін табамыз.
5. Тауар калдығына қатынасты сатылмаған сауда үстемесінің сомасын: ай
соңында калған тауардың сомасын орташа пайыздық сауда үстемесіне көбейту
жолымен аныктаймыз.
6. "Болжамдық сальдодан 1330 шоты бойынша тауар қалдығына жататын сауда
үстемесінің сатылмаған сомасын алып, сатылған тауардың сауда үстемесінің
сомасын анықтаймыз, бұл өз кезегінде қызыл жазумен жазылатын жазу болып
табылады.
Сонымен, жоғарыда айтылған есептеулердің мәні ай басындағы сауда
үстемесінің сомасын және ай барысында алынған сомасын сатылған тауар мен ай
соңында қалған тауарға пара-пар (пропорционалды) етіп аламыз, бұл кезде
әрбір тауардың үстемесін есептеудің қажеттілігі туындамайды.
Тауар бағасындағы қосылған құн салығы тіркелген пайыздық мөлшерлемесі
(16%) бойынша салық салынады. Тауар бағасының сомасынан қосылған құн салығы
мен оның үстемесі шегеріліп, қалған сома өндіріс (кәсіпорын) шығысына
жатқызылады, ал оның сатылған құнындағы табыс сомасына, әрекет етіп тұрған
заңға сәйкес, қосылған құн салығы есептелінеді.
Бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарды сату бойынша құрылымдық
жазудың сызбасын (схемасын) мынадай етіп беруге болады:

Шоттар корреспонденциясын қолданғанда, оның сызбасы келесі түрде болады:

Қатар Шаруашылық операцияларының СомасытШоттар Шоттар
№ мазмұны еңге корреспонденциясы корреспонденц
Дебет иясы
Кредит
1 2 3 4 5
1. Тауардың сату бағасының
қалыптасуы. 1000 1330 1330
-сатып алынған бағасы.
-тауар бағасындағы үстеме.
-тауар бағасындағы. 216 1330
Жиыны: 1566
2. Сатылған тауардың сатылған
бағасы бйынша түсінік. 1350 1010 3130
-табыс сомасына. 216 1010
-ҚҚС сомасына.
Жиыны: 1566
3 Сатушының есеп беруінде
сатылған бағасы бойынша
көрніс тапқан енді оны 350 1330 1330
өндіріс шығысына жатқызу
үшін одан сатылған құннан
мыналарды шегеру керек.
-есептеу жолмен анықталған
тауар бағасындағы үстемесін216 1330 1330
қызыл жазумен жазылады .
-тауар бағасындағы ҚҚС
қезыл жазумен жазылады.
-сатып алынған тауардың 1000 1330 1330
құны өндіріс шығысына
есептен шығарлады

Бөлшек саудасындағы кәсіпорында сатылған тауар бойынша жасалған
Мысал. Бөлшек сауда кәсіпорны мына тауар түрлерін сатып алды делік (ҚҚС-
бірге):
ұн — 1000 кг 31636,37 теңге сомасына;
қант — 150 кг 11863,63 теңге сомасына;
нан өнімдері 1000 дана 31636,37 теңге сомасына;
жарма (қара құмықжармасы және сұлы жармасы) — 50 кг 3321,82 теңге сомасына;
макарондар — 70 будасын 8858,18 теңге сомасына.
Кәсіпорынның есептік саясаты тауар құнын бағалаудың орташа өлшенген
әдісі бойынша анықталатын болып белгіленген және олардың сату бағасы
бойынша есепке алынған.
Кезең басында тауардың магазиндегі сату бағасы бойынша қалдығы
мынаны құраған:
ұн 85 кг 34 теңге 1 кг. бағасы;
қант — 40 кг 79 теңге 1 кг бағасы;
жарма — 10 кг 70 теңге 1 кг. бағасы.
Тауар қалдығына тиесілі жалпы үстеменің сомасы 1350 теңгені құраған,
ал ҚҚС - 931 теңге болған.
Басшының шешімі бойынша ағымдағы айда үстеме бойынша алған шығысын
жабу үшін жаңадан келіп түсетін тауарлардың үстемесі келесі деңгейде
белгіленетін болып шешілген:
ұн — 23%,
қант — 25%,
нан өнімдері — 12%,
жарма — 19%,
макарон — 25%.
Ай басындағы қалған тауарлар келіп түсетін тауарлардың бағасы
бойынша сатылатын болып ұйғарылған. Ай барысында мыналар сатылған: 1050 кг
— ұн,
120 кг — қант,
1000 дана — нан өнімдері,
30 кг — жармасы,
39 макаронның бумасы сатылған.
Бірінші кезекте, келіп түскен тауарлардың бағасын анықтаймыз, сосын
бухгалтерлік жазбасын жасаймыз.
Ай басына қалған тауар жаңадан келіп түскен тауардың бағасым
сатылатындықтан, оларға тиесілі үстеме мен ҚҚС сомасы қосылады. Олардың
айырмасы 1302,35 теңге құраған:
ұн - (85 х 38,91) - (85 х 34) = 417,35 теңге;
қант - (40 х 98,86) - (40 х 79) = 794,40 теңге;
жарма - (10 х 79,06) - (10 х 70) = 90,60 теңге;
Жиыны

1302,35 теңге.
олардың ішінен ҚҚС-на 179,64 (1302,35 х 16116); тауар бағасында
үстемесіне 1122,71 теңге (1302,35 - 179,64).
Сату бағасының көбеюіне байланысты бухгалтерлік есеп былайша көрініс
таба;
Қатар Шаруашылық операциялардың Сомасы, Шоттар корреспонденциясы
мазмұны теңге
Дебет Кредит
1 2 3 4 5
1. Келіп түскен тауарлар,
толығымен қоймаға
кірістелді: 75272,73 1331 3310
Ұн 27272,73 Қоймадағы
Қант 10227,27 тауарлар
Нан өнімдері 27272,72
Жарма 2863,64
Макарон 7636,36
2. Келіп түскен тауарлардың
ҚҚС-ның сомасына (16%) 12043,64 1420 3310
3. Ай барысында сатып алынған
тауарлар, біртіндеп
сатушыға, накладной
бойынша босатылған: 75272,73 1332 1331
Ұн 27272,73 Саудадағы
Қант 10227,27 тауарлар
Нан өнімдері 27272,72
Жарма 2863,64
Макарон 7636,36
4. Сату үүшін берілген
тауарға сауда үстемесі 14555,46 1332 1333
есептелінді: 6272,73 Тауарларға
Ұн (27272,73х16%) 2556,82 қойылатын
Қант (10227,27х16%) 3272,73 үстеме баға
Нан өнімдері
(27272,72х16%) 544,09
Жарма (2863,64х16%) 1909,09
Макарон (7636,36х16%)
5. Сатылған тауарға ҚҚС
сомасы қосылды: 14372,50 1332 1334 Тауардың
Ұн (33545,46х16%) 5367,27 бағасындағы
Қант (12784,08х16%) 2045,45 ҚҚС-ы
Нан өнімдері 4887,27
(30545,46х16%)
Жарма (3407,73х16%) 545,24
Макарон (9545,45х16%) 1527,27
6. Сатуға берілген тауар
бірлігінің бағасы, оның
құрамында:
Ұн (38912,731000) – 1 38,91
кг. 98,86
Қант (14829,54150) – 1 35,43
кг.
Нан өнімдері 79,06
(35432,731000) – 1 кг. 158,18
Жарма (3952,9750) – 1 кг.
Макарон (11072,7270) – 1
бума

Ай басына қалған тауар жаңадан келіп түскен тауардың бағасымен
сатылатындықтан, оларға тиесілі үстеме мен ҚҚС сомасы қосылады. Олардың
айырмасы 1302,35 теңге құраған:
ұн - (85 х 38,91)-(85x34) = 417,35 теңге;
қант - (40 х 98,86) - (40 х 79) = 794,40 теңге;
жарма - (10 х 79,06) - (10 х 70) = 90,60 теңге;
Жиыны
1302,35 теңге.
олардың ішінен ҚҚС-на 179,64 (1302,35 х 16116); тауар бағасында
үстемесіне 1122,71 теңге (1302,35 - 179,64).
Сату бағасының көбеюіне байланысты бухгалтерлік есеп былайша көрініс
табады:
Қатар Шаруашылық операцияларыныңСомасы, Шоттар корреспонденциясы
мазмұны теңге
Дебет Кредит
1 2 3 4 5
7. Сауда үстемесінің
сомасына: 1122,71
Ұн 359,78 1332 1333
Қант 384,83 Саудадағы Тауарларға
Жарма 78,10 тауарлар қойылатын
үстеме баға
ҚҚС сомасына: 179,64
Ұн 57,57 1332 1334 Тауардың
Қант 109,57 Саудадағы бағасындағы
Жарма 12,50 тауарлар ҚҚС-ы

Тауар жөнінде жасалған есеп берудің мәліметі бойынша бір айда сатылғандар:
ұн 1050 х 38,91 = 40855,5 теңге;
қант 120 х 98,86 = 11863,2 теңге;
нан өнімдері 1000 х 35,43 = 35430 теңге;
жарма 30 х 79,06 = 2371,8 теңге;
макарон 39 х 158,18 = 169,02 теңге;
Жиыны:
96689,52 теңге
Сәйкесінше сатудан түскен түсім де өседі, ол 96689,52 теңге құраған:
Түскен түсім сомасы бухгалтерлік есепте келесі түрде көрініс табады.
Қатар Шаруашылық операцияларының Сомасы, Шоттар корреспонденциясы
мазмұны теңге
Дебет Кредит
1 2 3 4 5
8. Сатушының есеп беруіне
сәйкес, касса машинасының 83353,03 1010 6000
мәліметіімен салыстырып,
сатудан түскен табыс
анықталады. Сатудан түскен
табысқа есептелінген ҚҚС
сомасы (16%) 13336,49 1010 3130

Сатылған тауардың сатып алу құнын табу үшін және оны өндіріс
шығысына жатқызу үшін, біз сауда үстемесі мен ҚҚС сомасын алып тастаймыз.
Тауар бағасындағы сауда үстемесі:

Тауар барысында ҚҚС: Тазалау есептеу жолымен шығарылады: (96689,52 х 16):
16 = 13336,49 теңге. Тауардың ай соңындағы қалдығы сату бағасы бойынша
анықталады және ол мынаны құрайды:
Ұн (85 + 1000 - 1050)х 38,91 = 1361,85 теңге;
Қант (40 + 150 - 120)х 98,86 = 6920,20 теңге;
Жарма (10 + 50 - 30)х 79,06 = 2371,8 теңге;
Макарон (70 - 39)х 158,18 = 4903,58 теңге;
Жиыны
15557,43 теңге
Қатар Шаруашылық операцияларыныңСомасы, Шоттар корреспонденциясы
мазмұны теңге
Дебет Кредит
1 2 3 4 5
9. Қызыл жазу әдісі бойынша
азайтылады:
тауар бағасындағы үстеме (14667,80)1332 1333
сомасын Саудадағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық тамақтану
Тауардың, дайын өнімнің есебі.
Бухгалтерлік есеп халықаралық стандарттар есеп саясаты
Бухгалтерлік есептің стандарттары және тұжырымдамалық негізі
Дайын өнім есебі туралы
Сауда және қоғамдық кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Көтерме сауданың түрлері
Тауардың, дайын өнімнің есебі және оларды сатумен байланысты шығыстар
Дайын өнім мен тауарларды сату бойынша операциялардың есебі
Бухгалтерлік есептің нормативтік құқықтык базасы
Пәндер