Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Міндетті аудит жүргізу жөніндегі

аудиторлық ұйымдарға қойылатын

біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі № 173 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1492 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., № 25, 439-құжат) ;

2) «Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі № 173 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы № 396 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2580 тіркелген) ;

3) «Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі № 173 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 19 шілдедегі № 294 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2990 тіркелген) .

3. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2007 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықпен бекітілген міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарының 2-тармағының 3), 5) тармақшаларын қоспағанда, бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр Н. Коржова

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын

реттеу және қадағалау агенттігі

төрағасы

А. Дунаев

2006 жылғы «___»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2006 жылғы «___»

№ бұйрығымен бекітілген

Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға

қойылатын біліктілік талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар (бұдан әрі - Біліктілік талаптар) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұйымдарға, оның ішінде қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.

2-тарау. Біліктілік талаптар

2. Ұйымдардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

1) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының болуы;

2) аудиторлық ұйым басшысының «аудитор» деген бiлiктiлiк куәлiгiнің болуы;

3) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымда мүшелігін растайтын құжаттың болуы;

4) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы.

3. Ұлттық компаниялардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көзделген біліктілік талаптарына қосымша мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша сертификатталған кемінде 2 (екі) маманның болуы;

2) халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына сәйкес кемінде 10 (он) аудиттелген ұйымның болуы;

3) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымның аудиторлық ұйым жұмысының халықаралық аудит стандарттарына сәйкестігі;

4) халықаралық кәсіби аудиторлық ұйымдар желісінде іс жүзінде мүшелігі.

4. Қаржылық ұйымдардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көзделген біліктілік талаптарына қосымша мынадай біліктілік талаптарға сәйкес келеді:

1) аудиторлық қызметпен айналысу мерзімі 3 (үш) жылдан кем емес;

2) «аудитор» деген бiлiктiлiк куәлiгi және соңғы 2 (екі) жыл ішінде қаржылық ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесі бар кемінде 3 (үш) қызметкерінің болуы;

3) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес кемінде
10 (он) аудиттелген ұйымның болуы.

3-тарау. Қорытынды ережелер

5. Осы Біліктілік талаптарымен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шешіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндетті аудит: мазмұны, талаптары және субъектілері
Тағам өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент жүйелері және тағам тізбегіндегі ұйымдарға қойылатын талаптар
Аудит стандарттары, жүргізу әдістері және сапа бақылауы
Аудиттің теориялық негіздері мен міндетті аудиттің жүргізу ерекшеліктері
Аудиторлық мәнділік: түсінігі, деңгейін анықтау әдістері және Халықаралық аудит стандарты 320
Аудит теориясы мен әдістемесі: түрлері және аудиторлық есеп беруді ұйымдастыру
Қазақстандағы міндетті экологиялық аудит: тәртібі, есеп талаптары және аудиторлардың құқықтары мен міндеттері
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту
Ішкі аудит қызметінің тәуелсіздігі, сапаны қамтамасыз ету және жылдық аудиторлық жоспарлау
Халықаралық аудит стандарттары мен аудиторлық тәуекелдер: Ақтөбемұнайгаз АҚ-тың қаржылық қызметін аудиттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz