Мүлік салығын төлеушілер және салық салу объектілері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Мүлік салығы жергілікті салық болып табылады.
Мүлік:
жылжитын
жылжымайтын болып бөлінеді.
Мүлік салығын төлеушілер:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе
оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар.
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу
объектісі бар жеке кәсіпкерлер.
3) заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері.
4) Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша салық
төлеушілер болып табылады.
Мүлік салығы – Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық
жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды
тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі.
Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу
мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары пайдалануға немесе жалға беру
мүліктері бойынша салық төлеуден босатылмайды.
Меншік иесі салық салу объектілерін сенімгерлік басқаруға немесе жалға
берген кезде меншік иесімен келісім бойынша салық төлеуші сенімгер
басқарушы немесе жалға алушы бола алады. Бұл кезде сенімгер басқарушының
немесе жалға алушының салық төлеуі салық салу объектілері меншік иесінің
есептік кезен үшін салық міндетемесін орындау болып табылады.

1.1. Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер.

Мүлік салығын төлеушылерге бірнеше салық жеңілдіктері қарастырылған.
Мәселен:
Салық және салық салу.
1. 1995 жылы 24 сәуірдегі Салықтар және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығына сәйкес мүлік салығын төлеуден босатылады:
• кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлік бойынша –
коммерциялық емес және бюджеттегі ұйымдар;
• өндірістік мақсатта және әлеуметтік салада пайдаланылатын мүлік
бойынша – Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы,
Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл – есі мен
дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді
әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетін қалпына
келтіру орталығы, ААФЖЕҚ Орталық кмитеті, Ауғанстан соғысы
ардагерлерінің Қазақ республикалық ұйымы.
• Қазақстанның Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері.
2. Қазақстан Республикасының 1999 жылы 16 шілдедегі заңына сәйкес, мүлік
салығын төлеуден босатылады:
1) мемлекеттік мекемелер және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын иүлік
бойынша коммерциялық емес ұйымдар;
2) өндірістік мақсатта және әлеуметтік салада пайдаланылатын мүлік
бойынша – Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ
зағиттар қоғамы, қазақ саңыраулар қоғамы,

Ақыл – есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді
әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетімен қалпына келтіру
орталығы, сондай – ақ осы қоғамдардың меншігі болып табылатын және олардың
қаражаты есебінен салынған өндірістік кәсіпорындар, Ауғанстан соғысы
ардагерлерінің Қазақ Республикалық ұйымы (кәсіпорындарынсыз);
2-1) қызметінің негізгі түрі ғылым және кітапхана қызметін көрсеті
саласындағы жұмыстардың орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
2-2) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы міндеттерді
жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;
2-3) қызметінің негізгі түрі театр, ойын – сауық және концерттік
шараларды жүзеге асыру, тарихи - мәдени құндылықтарының сақтау жөнінде,
балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік
қамсыздандыру саласындағы, спорт саласында қызметтер көрсеті болып
табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
3) Қазақстанның Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері;
4) жалпы пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарын және олардағы жол
құрылыстарын жедел басқаруға құқығы бар ұйымдар;
5) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органымен жасалған келісім шартқа
сәйкес салық төлеушілер 5 жылға дейінгі кезеңге мүлік салығын төлеуден
босатылуы мүмкін;
6) түзеу мекемелері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер менистірлігінің
қылмыстық – атқару жүйесі түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік
кәсіпорындары;
7) мектепке дейінгі балалар мекемелері, орта, арнаулы орта және жоғарғы
білім саласында медициналық көмек (косметологиялық қызмет көрсетуді
қоспағанда) және білім беру қызметін көрсетуге байланысты жұмысты
қызметтің осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүлік
Мүлік салығы
Заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығының экономикалық мазмұны
Мүлік салығын төлеушілермен салық салу объектілері
Мүлік салығы туралы
Мүлік салығының экономикалық мәні құру принциптері мен функциялары
Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі
Меншікке салынатын салықтар: мүлік салығы
Тікелей және жанама салықтар
Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын салықтың экономикалық мазмұны
Пәндер