Мемлекеттік бюджет шығындары құралы мен кұрылымы
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мемлекеттік бюджет жүйесінің түсінігі, мәні және құрамы.
2.2. Бюджет дефицитін (профицитін) қаржыландыру әдістері.
2.3. Бюджеттік кредиттеу тәсілдері.
2.4. Жаңа бюджет кодексінің ерекшеліктерін талдау.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады.
Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді.
Оған барлық Одақтас республикалардың бюджет енген еді. Бүгінде Қазақстан
егеменді ел болған сон, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік
бюджетін жасауға кірісіп кетті.
Одақтық бюджет 1984-ші жылдан бастап тапшылық күйін кеше бастады.
Рыноктық қатынастарға көшу бюджет баланыстылығына қатты әсер етті. Ол жылма-
жыл қарыздар болған кәсіпорын мен ауыл шаруашылығының салмақты дотацияларды
бюджет иығына артуымен түсіндіріледі. Өнеркәсіп өнімін сатып алу бағасы мен
ауыл шаруашылығы өнімін сату бағалары тепе-тендігінің бұзылуы нәтижесінде
де болды. Күрделі әлеуметтік бағдарлама мен қорғанысқа кеткен шығындарды
мемлекет дотациялап отырды.
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің
шығын мен табыстарының балансы. Бюджет ұғымы француздың сөзі немесе табыс
пен шығындарды бөлу. Бюджет табысы мен шығын құрылымы және нарықтық
экономикада елдің мемлекеттік бюджеті жеке баптар бойынша ара салмағы
төмендегідей
Бюджет – экономиканың категориясы болып анықталады, яғни экономикалық
қатынастардың пайда болуы мемлекет орталықтанған ақша қорына немесе
жергілікті ақша қорын қарайтын амал бюджеттік құқықтық категория болып
мемлекеттің негізгі қаржы жоспары немесе өзін-өзі басқарудағы кіріс пен
шығыс жазылған тізім. Өзінің материалдық мазмұнда бюджет орталықтанған ақша
қоры. Бюджет белгілі-бір кезеңге (тоқсан, жыл) жасалып заң түрінде
бекітіледі. Мемлекеттік бюджет халық шаруашылық, ғылым мен мәдениеттің
жоспарлы түрде дамуын қажеттіліктерін еңбекшілердің әл-ауқатын арттырумен
мемлекет басқару органдарын ұстауды еліміздің қорғанысын қаржыландыру
қапржымен ресурстарын қамтамасыз етіп отырады. Бюджет арқылы мемлекет
кәсіпорында жасалытын таза кірістің едәуір бөлігін әртүрлі құрылымнан
тұрады. Оның кірістері халық шаруашылығынан түсетін және халықтың
төлемдерінен тұрады. Ал бюджет шығынында халық шаруашылығының және
әлеуметтік мәдени шаралары мен ғылымды қаржыландыру басты орын алады. Қаржы
беріктігі мен тұрақтылығы мемлекеттік бюджеттің орындалуына байланысты, ол
қоғамдық жан-жақты дамуына тікелей әсер етеді. Бюджет шығыннан кірістің
асып отыруы экономиканың қажеттілігінен туады. Бюджет жүйесіне басшылық
бүкіл ел үшін бір орталықтанған жүзеге асырады.
Мемлекеттік бюджет шығындары құралы мен кұрылымы
1. Халық шаруашылық шығындар
2. Әскери қорғау
3. Басқа шығындар
4. Әлеуметтік мәдени шығындар

Халық шаруашылық шығындарына- нарықтық қатынастардың дамуына дейін халық
шаруашылық шығындарын, мемлекеттік бюджет шығыннан үлкен бөлігін алды.
Олардың құрамына: қоғамдық қызмет көрсету, тұрғын үй қызметтері, барлық
заңды тұлғаларды қаржыландыру шығындары жатады. Нарықтық қатынастардың
дамуына байланысты халық шаруашылық шығындары ең төменгі жағдайға дейін
қысқартылады. Ол келесі мөлшерлерді қабылдауға байланысты:
1. Заңды тұлғаларға материалдық тәуелсіздік берілген үшін;
2. Мемлекеттік көмектері мен субъектінің қысқаруына;
3. Баға айырмасын өтеу дотация қысқаруы;
4. Капиталдың құрылыстың инвестициялық азаюы.
Әскери қорғау шығындарына басты орынды әскери технологияны өндіру және
сатып алу басты орын алады. Болған қаржыландыру бөлігі мен әскери флот
бөлігінде бөлуге тура келеді.
Басқа шығындар мемлекет басқару жүйесіне байланысты. Басқару аппаратын
жүзеге асыру және басқару шығындарының қысқаруы үлкен мағынаға ие.
Әлеуметтік мәдени шығындар. Мәдени жүйелері, өсу орындары,
денсаулық сақтандырумен және қаржыландырумен байланысты, әлеуметтік- мәдени
шығындары нарықтық қатынастар жағдайында мемлекет халықтың әлеуметтік
мәдени шараларын, ресурстарын қаржыландыруға, халықтың әлеуметтік қорғауға
(жәрдем ақы төлеу, материалдық төлемдер, шағын мүлік) мемлекет үлкен көңіл
бөлу қажет.
Бюджеттердiң түрлерi мен деңгейлерi мынаған бөлінеді:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi;
- аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi.
Республикалық бюджет
1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық
бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен
қамтамасыз етуге және мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын
iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет
болып табылады.
2. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен бекiтiледi.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi
1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен
қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк
органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға
ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте
мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры
облыс бюджетi, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi болып
табылады.
2. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстың бюджетi, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың бюджетi облыс, республикалық маңызы бар қала, астана
мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi

қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi
мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк
мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және
тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттiк саясатты iске
асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар
қала) бюджетi болып табылады.
2. Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi
аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.
Төтенше мемлекеттiк бюджет
1. Төтенше мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе
соғыс жағдайларында енгiзiледi.
2. Төтенше мемлекеттiк бюджеттi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық
уәкiлеттi орган әзiрлейдi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен
бекiтiледi.
3. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төтенше немесе соғыс
жағдайын енгiзу және оның күшiн жою туралы Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Жарлығы төтенше мемлекеттiк бюджеттi енгiзуге және оның
қолданылуын тоқтатуға негiз болып табылады.
4. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қабылданғаны туралы Қазақстан
Республикасының Парламентi дереу хабардар етiледi.
5. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылу уақытына тиiстi қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиiстi қаржы жылына
арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттар
шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады.
6. Төтенше мемлекеттiк бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген
мерзiм iшiнде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылуы тоқтатылғаннан бастап
республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы тиiстi қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиiстi қаржы жылына
арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың
шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай
енгiзiлген ретте төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзiлмейдi.
8. Қазақстан Республикасының бiрнеше аймақтарының аумақтарында бiр
мезгiлде төтенше жағдай енгiзу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге
және республиканың экономикалық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiруi мүмкiн
болатын ретте ғана төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзуге негiз бола алады.
Үкімет зейнетақы жөніндегі барлық карызды және жергілікті бюджеттердің
жалакы жөніндегі қарызын үстіміздегі жылдың аяғына дейін өтеу жөнінде шешім
қабылдады. Ал жергілікті бюджеттердің қалған басқа да қарыздарын өтеуді
1998-1999 жылдарға дейін кейінге қалдырды. Ақпан айында Үкімет жергілікті
билік органдарына жалақы жөніндегі және жалақы қорынан аударылатын қаржы
жөніндегі қарызды үстіміздегі жылдың бірінші жартысында өтеуге және жаңа
қарыздың қордаланып қалуын болдырмауға өкім шығарды. Жергілікті билік
органдарының өз шығындарын қысқартуын, қызметін жақсартуын және қайнар
көздері есебінен қосымша кіріс алуын ынталандыру үшін орталық бюджеттен осы
мақсаттарға қандай да бір қосымша трансферттер бөлінген жоқ. Үстіміздегі
жылда қарыз айтарлықтай бөлігі өтелді, сөйтіп жергілікті бюджеттердің
міндеттемелер сомасы ішкі жалпы өнімнің пайызы төмендеді.
Қазақстанда жұмыспен қамту деңгейінің артықтық ететін тұстары
байқалады. Бұл деңгей материалдар мен шикізаттың жетіспеуі, оның ішінде
жөндеу-пайдалануға беру жұмыстарына қажеттісінің жетіспеуі есебінен
қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік сектордағы жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі
мемлекеттік қызметтің тиімділігіне теріс әсерін тигізуде. Денсаулық сақтау
мен білім саласында жұмыспен қамту деңгейі тек қызметті пайдаланатын
адамдар мен оқушылардың санына ғана емес, сонымен бірге қосымша
материалдардың –дәрі-дәрмектің, оқу құралдарының санына қатысты да жоғары
болып табылады. Дәрі-дәрмексіз дәрігерлердің тым көп болуы немесе
оқулықтары жоқ педагогтардың көптігі емдеудің яки білімнің тиімділігін
қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, жұмыспен тым көп адамның қамтылуы
мемлекеттің медициналық және білім беру қызметін көрсетуінің сапасына теріс
әсерін тигізуде.
Кейбір салаларда, оның ішінде білім мен әлеуметтік қорғау саласында
мемлекеттік бағдарламалардың шашыраңқылығы мен өзара байланыстырылмауы
олардың тиімділігі мен айқындылығын төмендетуде. Мысалы, әлеуметтік
қорғау бағдарламасында тым кең ауқымды мақсаттар қамтылған. Сондықтан
оларды орындау мүмкін еместігі алдын-ала белгілі. Қазіргідей жағдайда әл-
ауқаты нашарларға көмектесу, ардагерлерге қамқорлық жасау, денсаулық сақтау
мен білім органдарының шалғай аудандардағы қызметкерлерінің еңбегін
ынталандыру сияқты шаралардың орындалуы екіталай. Жәрдем ақшалардың бір
бөлігі халықтың әл-ауқаты нашар топтарына негізгі тауарлар мен қызмет
түрлерін жеңілдікті бағалармен алып, пайдалануына көмек көрсетуге
бағытталған. Алайда бұл шара баға түзілу жүйесін бұзудың есебінен жасалған.
Бұған қоса жәрдемақылардың бәрі бірдей әл-ауқаты нашарларға жете де
алмайды.
Бізде мемлекет көрсететін қызметке баға белгілеуді жақсартатын күш-
мүмкіндік бар. Бір жағынан олар үшін төлемді салық салу арқылы, екінші
жағынан ақылы қызмет енгізу арқылы алуға болады. Баға жасаудың қазіргі
құрылымы Үкіметтің ресурстарды жұмылдыруын және тұтынушылардың мемлекеттік
қызметті тиімді пайдалануын қамтамасыз ете алмайды. Денсаулық сақтау және
білім мекемелерінің ақылы қызметін ұлғайтудың қазіргі тәсілі мемлекет
көрсететін қызметтің тиімділігін арттыру міндеттеріне де, бәсекелесуші
жекеменшік медицина және білім қызметтерін дамыту мақсаттарына да сай
келмейді.
Бюджеттер арасында қалыптасқан қазіргідей өзара сенімсіз қарым-
қатынастар Үкіметтің ресурстарды жұмылдыруын немесе облыстар арасында
қаржыны әділетті бөлуін, ал өкіметтің жергілікті органдарының өз қызметін
қалыпты җургізуін қамтамасыз етпейді.
Мысалы, кірістерді бөлу тетігі айтарлықтай бай аймақтарда оларды
жинаудың тиімділігіне жеткізе қоймайды.
Бізде қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық база нарықтық орта өсіріп
шығаруға, шағын және орта кәсіпкерлікті көтермелеуге тым нашарлық етеді.
Мұндай жағдайда мемлекет тауарлық-материалдық тұрғыдан келгенде, жоғарыда
айтылғандай оқулықтарды бәсекелестік жағдайындағы бағалармен сатып ала
алмайды. Тыйым салушы нормативтік-құқықтық тәртіп мемлекеттік шығыстардың
бір бөлігінің – айталық білім мен оқытудыдың тиімділігін мейлінше азайтады.
Ал шын мәнінде ол жекеменшік инициативаны дамытуға көмектескен болар еді.
Үкімет реформаның бірқатар нұсқаларын қарастырмақшы. Олар жекеменшік
сектордың бұрын басым болған салаларда неғұрлым елеулі рөль көрсету
түрлерін неғұрлым тиімді ұсынуды, баға жасау тетігін мемлекеттік қызмет
көрсету үшін ресурстар тартуға пайдалануды, сондай-ақ Қазақстанда оларға
сұраныстың өзгеруіне неғұрлым тиімді ілесіп отыруды көздейді. Мұның, оның
ішінде бюджеттің шығыс бөлігін нақты құрайтын бөліктеріне қатысты
шаралардың да көптеген нұсқалары бар.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті компоненттер жиынтығын жақсарту
керек. Денсаулық сақтау, білім беру салаларында да мұндай компонентті
қысқарту неғұрлым тиімді болар еді. Ал оқулықтар, дәрі-дәрмек сияқты
материалдарды арттырған дұрыс.
Тұтынушылардың денсаулық сақтау мен білім беру сияқты кейбір салаларда
қызметке ақы төлеуіне айқындылық және ретті жүйе енгізу қажет. Бұл
кірістерді тарту үшін пайдалы болып, мемлекеттік қызметті неғұрлым тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін болады.
Жалақы қорынан бюджеттен тыс бес қорға аударылатын қаржының жиналуын
жақсартқан жөн. Бұл істе осындай аударылатын ақшаны жинауды бір қолға алу
және бұл міндетті Салық комитетіне жүктеу де мәселені шешудің бір жолы
бола алады. Осындай кең ауқымда үнемделген сома едәуір мол болуы мүмкін.
Бұл шара тиімді болуы үшін салық комитеті өз қызметінің нәтижелілігін
арттыруға тиіс.
Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау қызметтерін көрсетуде
аймақтардың теңдігін қамтамасыз етуге көмектесу үшін ресурстарды
орталықтандыру деңгейін көтерген дұрыс.
Тағы бір шара-мемлекеттің қызметіне сұраныстың түрлерін және олардан
түсетін пайданың әлеуметтік нормасын ескеру. Жоғары оқу орындарын
бітірушілерге қызмет көрсету секторы сияқты ұлғайып келе жатқан секторларда
жұмыс алу үшін тиісті біліктілік қажет.
Сондай-ақ, бұл салада бәсекелестікті дамытуға және ықтимал
инвесторлардың нарықтарға неғұрлым еркін шығуына көмектесу мақсатымен,
саланы реттеу тәртібін жетілдіру талап етіледі.
Ең алдымен мемлекеттік сектордағы жұмыспен қамтуды қайта құру ісін
бюджет саласындағы жалақы құрылымын кеңінен реформалауды бастағанға дейін
жүзеге асыру қажет. Реформаға дейін жалақыны арттыру бюджет үшін көтере
алмас жүк болады. Үкімет шарттарды қысқартуды, жұмысқа қабылдауды біршама
немесе толық тоқтатуымен үйлестіруге тиіс. Сондай-ақ, ол мемлекет
қызметінен өз еркімен босануды ынталандыру үшін жұмыстан шығардағы
жәрдемақы төлеу тетігін енгізуге міндетті.
Орайы келгенде айта кететін бір жәйт, штаттар қысқарту процесін, ең
дұрысы, өндіріске зиян келмейтін салаларға бағыттаған дұрыс. Мұны қызметтің
жекеменшік сектор тиімді жұмыс істей алатын салаларында, мемлекеттік
функцияларды тік және көлбеу бағытта қайталайтын мекемелерде штат қысқарту
жолымен жүзеге асыруға болады.
Келесі қадам-жұмысқа жалдауды және қызмет сатысында өсуді қамтамасыз
ету үшін адам ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін жасау. Бұл шара адам
ресурстарын басқарудың орталықтандырылған жүйесін енгізуді талап етеді.
Сондай-ақ қызмет сатысындағы өсуді қамтамасыз ету үшін штаттағы
қызметкерлердің қызметін бағалау жүйесін құру қажет болады.
Бюджет саласында жалақының теңгермелілігін өрістету қажет. Мұндай
ұлғайту үкіметтің жекеменшік секторға қатысты бәсекелестік қабілетін
арттырады, сөйтіп, уақыт өте келе өз құрамында кәсіби білікті
қызметкерлерді, сондай-ақ басшы қызметтердегі кадрларды ұстап тұруына
мүмкіндік береді.
Ақшалай емес төлемдердің бәрін ақшалай белгілеу жолымен және басқа
жеңілдіктердің күшін жою арқылы үкімет өтем жүйесінің ашықтығын арттыра
түсуі керек.
Түрлі деңгейдегі жергілікті өкімет органдары арасында табысты бөлу мен
шығынды бөлісу үшін жауапкершіліктің тұрақты жүйесін құру қажет. Мұның
мақсаты жыл сайынғы табысты бөлу және субвенциялар деңгейі жөніндегі
келіссөзден бас тарту болмақ.
Алдында айтқанымдай, трансферттердің қазіргі жүйесі салыстырмалы бай
аймақтардан салық жинауды ынталандыруды жеткілікті түрде қамтамасыз ете
алмайды. Үкімет ұлттық салықтың орталыққа тиесілі бөлігін табысы мол
облыстардың аударуын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі керек.
Жергілікті өкімет органдарының қаржы қызметіне және техникалық
мүмкіндіктеріне бақылау жасауды да жақсарту түсу керек. Мұны жер-жерлерде
немесе Алматыда білім жетілдіру жолымен жүзеге асыруға болады.
Ішкі және сыртқы қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік беру
тоқтатылады. Сондай-ақ, Үкіметтің несиеге қаржы берү жөніндегі ағымдағы
операцияларды ұдайы бақылап отыру қажет.
Ақыр аяғында, несие беру тек мұқият зерттелген мемлекеттік
инвестициялық бағдарламалар шеңберінде ғана жүргізілетін болады.
Денсаулық сақтау жүйесі табысының басым бөлігіне орталықтандырылған
бақылау жүргізілуге тиіс. Аймақтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін
ресурстардың неғұрлым жоғары деңгейде шоғырландырылуы талап етіледі. Оның
үстіне, бұл жүйе үшін бюджеттік жауапкершілікті орталықтандыруды денсаулық
сақтау министрлігінің өзінде жалғастыру қажет.
Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бөлігін оңтайландырып,
жекеменшік медицина қызметін көрсетуді жекеменшік медицина мекемелеріне
ауыстыруды ойластырды.
Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі мекемелеріне жекеменшік көздерден
қаржыландырылатын медицина қызметін көрсетуге рұқсат ету жекеменшік
медициналық мекемелер жүйесінің дамуына жағдай жасай алмайды.
Сондай-ақ, бұл мемлекеттік медицина қызметін көрсетуге де зиянын
тигізуі мүмкін. Үкімет медициналық сақтандырудың жекеменшік нарығын
дамытуға арналған шарттарды женілдетуге тиіс.
Бюджеттік рерурстарға түсетін салмақты жеңілдету үшін медициналық
қызметке бірлесе ақы төлеуді енгізу туралы мәселе қаралмақ. Сондықтан,
мамандандырылған оқу орындарына қабылдаудың белгілі бір нормасын белгілеу
қажет.
Оқушы-оқытушы ара қатынасын сан жағынан біртіндеп көтеру мәселесі
қаралмақшы. Бұл шара көмекші қызмет атқаратын және әкімшілік саласындағы
қызметкерлер санын қысқартумен, жалақы төлеу ауқымын кеңейтумен және орташа
жалақыны көтерумен бірге жүруге тиіс.
Әкімшілік -шаруашылық шығындарын көбейту үшін Үкімет оқуға ресми түрде
ақы төлеуге неғұрлым ашық та тиімді нысан бере алар еді. Бұл жағдайда
ресурстарды бөлу баға арқылы белгіленетін болады. Өз кезегінде, бұл білім,
беру саласына жекеменшік сектордың енуін жеңілдетеді.
Сынып кешендері тәрізді физикалық нормалар негізінде ресурстар бөлуді
тоқтатып, сұраныс факторларын ескеруді бастайтын уақыт жетті. Бұл, ең
алдымен, оқушылардың санына қатысты.
Зейнетақы
Орын алмастырудың бастапқы коэффициенті зейнеткер алғаш рет жәрдемақ
алатын жасқа байланысты. Бұл шара зейнетақыны мезгілінен бұрын алудың
ынталандырылуын азайтып, ескі және ұсынылып отырған жаңа жүйе бойынша
зейнетақы алатын зейнеткерлердің теңдігін қамтамасыз етер еді.
Сонымен бір мезгілде мемлекеттік зейнетақы төлеу үшін жалақы қорынан
қаржы аударуды біртіндеп тоқтату кезінде икемділік көрсеткен жөн.

Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады. Бюджет
тапшылығын жою үшін табыс бөлігін толтыру қажет немесе мемлекеттік
бюджеттің шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджеттің табыс пен шығысының
айырмашылығын жабу үшін мемлекет қиыстырылған вариантына көшеді. Демек
мемлекет ұлттық банк несие қорының, тұрғындардың халықтық банктегі
салымының, сақтандыру қоғамдары қорының белгіленген бөлігін алып отырады.
Осы сомалар мемлекеттік қарызды құрайды. Бұл мемлекеттің ішкі қарызы.
Мемлекеттің ішкі қарызынан басқа сыртқы қарызы да болады. Бюджет
тапшылығын бәсеңдету үшін мемлекет тек кана ішкі мүмкіндіктерімен ғана
шектелмей, кайтару мақсатымен сыртқы займдар мүмкіндіктерін де пайдаланады.
Міне, осылай мемлекеттің сыртқы қарызы да пайда болады.
Бюджет тапшылығы(дефицит) дегеніміз- бюджет шығыны кірісінен артық болуы.
Бюджет қабылдаған кезде бюджет дефициті анықталады. Бекітіледі және ол
дефицитті қандай қаржылар арқылы жобалар жоспарланады. Бюджет
тапшылығы(дефицит) активті және пассивті формада болады.
Пассив формадағы дефицит әртүрлі бюджет жабу қорларына жабылып бұл қорлар
әлеуметтік салаға пайдаланады.
Активті бюджет дефициті формасы оны жабатын қордың негізінде халық
шаруашылығын дамытуға инновациялық, инвестииялық бағдарламаға жұмсалады.
Мемлекет бюджетті қаржыландыру қоры сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Ішкі қорына жататындар: несие мекемелерінен қарыз алу, мемлекеттік
заемдар алу, құнды қағаздар шығару кұқы, бюджеттік ссуда алу, шетел
мемлекеттерінің банктерінен және компанияларынан несие алу. Бюджет
тапшылығын төмендету үшін сервистирование жасайды.
Сервистирование дегеніміз- барлық мемлекеттік шығынды пропорционалды
бір мөлшерде пайыз есебінен ай сайын кезең бойынша жоспардың жылдың аяғына
дейін азайтып отыру.
Сонымен қатар профецит деген ұғым бар профецит дегеніміз- тапшылыққа
қарама-қарсы категория болып табылады. Ол бюджеттен түскен кірістің
шығыннан көп болуы. Бюджет тапшылығы пайда болу себептері:
1. Экономиканың дамуына көп мөлшерде мемлекет қаржыны пайдаланады
2. Төтенше жағдайдың болуы (соғыс, табиғи апаты);
3. Экономикадағы дағдарыстар қолданудың қаржы-несиелік жүйенің
экономикаға тигізетін әсерінің төмендегі құлдырау жағдайы.
Бюджет тапшылығын(дефицит) жабу үкіметке тапсырылады. Негізгі мемлекеттік
бюджет тапшылығы сыртқы және ішкі нарықтың капиталын қарызға алмастыру
арқылы жабылады. Конфискацияланған иесі жоқ мүліктерді сатудан табылған
қазыналардан, әртүрлі асыл металлдардан және мемлекет берілген мұрагерлік
мүліктерден республика азаматына берілген төлқұжат пен куәлік берілген
қаржылар лицензиясыз әкелген тауарға айыппұлдар және лицензиясыз тауар
конфискациядан түскен қаржылар және басқа мемлекеттік бюджеттен түсетін
айыппұлдар. Жергілікті бюджеттен түсетін салық пен міндетті төлемнен басқа
мына кірістер түседі: кәсіпорын, әкімшілік жазалаудан түскен айына,
мүліктің құнынан түскен қаржылар, жергілікті жердегі еңбегін түзететін
мекемелерінен түскен қаржылар, мемлекеттік стандартқа және сертификат
ережелеріне сәйкес келмейтін тауар сатудан түскен қаржылар және жергілікті
жерде түскен әртүрлі айыптар, санкциялар.
Бюджет тапшылығы (профицитi)
1. Бюджет тапшылығы (профицитi) таза бюджеттiк кредит берудi және қаржы
активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегерiп тастағандағы
операциялық сальдоға тең.
Терiс белгiмен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгiмен алынған шама
бюджет профицитi болып табылады.
2. Бюджет тапшылығының жол берiлетiн шектi мөлшерi әлеуметтiк-
экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарымен белгiленедi.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)
1. Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының
бос қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемi алынған қарыздар сомасының, бюджет
қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгi борышты өтеу
сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәнi оң белгiмен белгiленедi және бюджет
тапшылығының шамасына сай келедi.
2. Бюджет профицитiн пайдалану - қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге
бюджет профицитiн, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын
жұмсау.
Бюджет профицитiн пайдалану көлемi қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу
сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы

Бюджет профицитiн пайдалану мәнi терiс белгiмен белгiленедi және бюджет
профицитiнiң шамасына сай келедi.
2.3. Бюджеттік кредиттеу тәсілдері.
Бюджеттiк кредит дегеніміз - бюджеттен қайтарымды, мерзiмдi және ақылы
негiзде бөлiнетiн ақша.
Бюджеттiк кредиттеу - бюджеттiк кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет
көрсету және оны өтеу туралы шешiм қабылдау рәсiмдерiн қамтитын процесс.
Кредиттiк шарт - бюджеттік кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету
және оны өтеу кезiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн,
кредитор, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi және қарыз алушы арасындағы
келiсiм.
Бюджеттiк кредиттер мынадай қызметтерді атқарады:
1) орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарының шеңберiнде
бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға;
2) мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiн iске асыруға;
3) облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана,
аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын
жабуға;
4) мемлекеттiң жүз процент қатысуымен қаржы агенттiктерiнiң (бұдан әрi -
қаржы агенттiктерi) мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруына
бағытталады.
Бюджеттiк кредиттер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және
(немесе) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларда көзделген бағыттар бойынша
және сомалар шегiнде берiледi.
Бюджеттiк кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу
мақсаттарына, қарыз алушының шаруашылық қызметiнiң залалдарын жабуына,
көрсетiлетiн қызметтер үшiн сенiм бiлдiрiлген тұлғаларға (агенттерге) ақы
төлеуге берiлмейдi.
Бюджеттiк кредиттер мынадай талаптар сақталған жағдайда берiледi:
- салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша
берешегiнiң болмауы;
- қарыз алушының бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердi орындауды
қамтамасыз ететiн жағдайының болуы;
- қарыз алушының бұрын берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша берешегiнiң
болмауы.
Бюджеттiк кредиттер Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын
Қазақстан Республикасының орта мерзiмдiк фискалдық саясатына сәйкес жүзеге
асырылады.
Бюджеттiк кредиттер беру мынадай принциптерге негізделеді:
- кредит шартына сәйкес бюджеттiк кредиттi өтеу мiндеттiлiгiн көздейтiн
қайтарымдылық принципiне;
- мiндеттемелердiң орындалуын Қазақстан Республикасының заңдарымен
белгiленген тәсiлдермен қамтамасыз ететiн жағдайының болуын көздейтiн
қамтамасыз етiлу принципiне;
- бюджеттік кредиттi бергенi үшiн қарыз алушыға ақы төлеуiн көздейтiн
ақылылық принципiне;
- бюджеттiк кредитті беру мерзiмiн белгiлеудi көздейтiн мерзiмдiлiк
принципiне сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттiк бағдарлама мынадай өлшемдер сақталған жағдайда бюджеттiк
кредит беру арқылы iске асырылады:
1) орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарына сәйкес келу;
2) iс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы iске асырудың экономикалық
және әлеуметтiк тиiмдiлiгi;
3) бюджеттiк кредит есебiнен iске асырылатын iс-шаралардың өзiн-өзi
ақтауы;
4) қарыз алушының Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын
өлшемдерге сәйкес кредиттiк қабiлетi.
Бюджеттiк кредиттеу субъектiлерi мыналар болып табылады :
1.Бюджеттiк кредиттеу субъектiлерi кредитор, бюджеттiк бағдарламаның
әкiмшiсi, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы, сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)
болып табылады.
2. Бюджеттiк кредиттеу субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi осы
Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес
кредиттiк шартпен және (немесе) тапсырма шартымен айқындалады.
Кредитор - Қазақстан Республикасының бюджеттiк және азаматтық заңдарына
сәйкес бюджеттiк кредит беретiн кредит шартының тарабы.
Республикалық бюджеттен бюджеттiк кредиттеу кезiнде Қазақстан
Республикасының Үкiметi кредитор болып табылады.
Бюджеттiк кредиттеу кезiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi
орган Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан әрекет етедi.
Жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк кредиттеу кезiнде тиiстi жергiлiктi
атқарушы орган кредитор болып табылады.
Кредитор осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес бюджеттiк кредит берудi қамтамасыз етедi, кредит шарты талаптарының
орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк кредиттеу кезiнде
кредиттiк шарттың тарабы болып табылады және:
- қаржы агенттiктерiн қоспағанда, қарыз алушы банктердi және сенiм
бiлдiрiлген өкiлдердi (агенттердi) конкурстық негiзде айқындауды;
- бюджеттiк кредиттердiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуының, өтелуi
мен оларға қызмет көрсетiлуiнiң бақылауы мен мониторингiн жүзеге асырады.
Қарыз алушылар деп - бюджеттiк кредиттi алушы, негiзгi борышты өтеу және
сыйақы, сондай-ақ кредиттiк шартқа сәйкес басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде
мiндеттемелер алатын кредит шартының тарабы.
Олар мыналар:
1) жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) қарыз алушы банктер - Қазақстан Республикасының резиденттерi болып
табылатын банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдар;
3) жергiлiктi атқарушы органдар;
4) шетелдiк мемлекеттер қарыз алушылар бола алады.
Соңғы қарыз алушылар деп - қарыз берушi банк оған кредитор немесе қаржы
агенттiгi айқындаған шарттармен беретiн бюджеттiк кредиттi соңғы алушы.
Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар соңғы қарыз алушылар бола
алады.
Соңғы қарыз алушыларды iрiктеудi және кредиттеудi бюджеттiк
бағдарламаның мақсатына, сондай-ақ өздерiнiң кредиттiк саясатына сәйкес
қарыз алушы банктер жүзеге асырады.
Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агенттер) деп - тапсырма шартының негiзiнде
кредитордың (сенiмгердiң) атынан және оның есебiнен және оның нұсқауларына
сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды
жасайтын тұлға.
Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) кредитордың (сенiмгердiң) тапсырмасы
бойынша мынадай iс-қимылдарды орындай алады:
1) қарыз алушыларды - жеке тұлғаларды айқындау және олармен кредиттiк
шарттар жасасу;
2) бюджеттiк кредиттерге қызмет көрсету;
3) қарыз алушылармен есеп айырысу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берешектi өндiрiп алу.
Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, банк немесе банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым сенiм бiлдiрiлген
өкiлдер (агенттер) болып табылады.
Қаржы агенттiгiн қоспағанда, сенiм бiлдiрiлген өкiлдi (агенттi) бюджеттi
атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарына сәйкес
белгiлейдi.
Кpeдитор (сенiмгер) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен сенiм бiлдiрiлген
өкiлге (агентке) тапсырмаларды орындағаны үшiн сыйақы төлеудi жүзеге
асырады.
Сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тапсырмаларды орындағаны үшiн сыйақы
төлеу мөлшерi тапсырма шарттарында белгiленедi.
Бюджеттік кредиттiк шарттың негiзгi талаптары :
Кредиттiк шартта бюджеттiк кредиттiң мынадай негiзгi талаптары мiндеттi
түрде болуға тиiс: 1) берудiң мақсаты; 2) мөлшерi; 3) валютасы; 4) мерзiмi;
5) игеру кезеңi; 6) сыйақы ставкасы.
Бюджеттiк кредиттiң негiзгi шарттары және қарыз алушылардың санаты
кредитордың шешiмiмен белгiленедi. Кредиттiк шартқа қосымша талаптар, соның
iшiнде бюджеттiк кредиттi беру тәсiлiн айқындайтын талаптар, бюджеттiк
кредиттi өтеу және оған қызмет көрсету кестесi, бюджеттiк кредит бойынша
мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi енгiзiледi.
Бюджеттiк кредиттiң мерзiмдері мыналарға бөлінеді :
Бюджеттiк кредиттiң мерзiмi - қарыз алушы бюджеттiк кредит алатын,
пайдаланатын, оған қызмет көрсететiн және оны өтейтiн уақыт кезеңi.
Бюджеттiк кpeдиттiң мерзiмi бюджеттiк кредиттiң қаражатын кредитордың
шотынан аударған кезден бастап есептеледi.
Бюджеттiк кредиттер берiлу мерзiмiне қарай мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейiн;
2) орта мерзiмдi - 1 жылдан 5 жылға дейiн;
3) ұзақ мерзiмдi - 5 жылдан 30 жылға дейiн.
Бюджеттiк кредиттi игеру кезеңi - бюджеттiк кредиттiң берiлу
мақсаттарына сәйкес iс-шараларды iске асыру үшiн қарыз алушы бюджеттiк
кредиттi пайдалана алатын уақыт кезеңi.
Бюджеттiк кредиттiң пайдаланылмаған бөлiгi игеру кезеңi аяқталған күннен
бастап үш күннiң iшiнде тиiстi бюджетке қайтарылуға тиiс.
Бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуы кепiлмен,
кепiлдiкпен, кепiлгерлiкпен немесе Қазақстан Республикасының заңдарында
немесе шартта көзделген басқа да тәсiлдермен қамтамасыз етiледi.
Тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы
агенттiктерiне республикалық бюджеттен бюджеттiк кредиттер мiндеттемелердi
орындау қамтамасыз етiлмей бөлiнуi мүмкiн.
Бюджеттiк кредиттiң қайтарылуын қамтамасыз ету құны сыйақы сомасы
ескерiле отырып, бюджеттiк кредит мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
Бюджеттік кредит жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi
бағалау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi
бағалау жөнiнде көрсетiлген қызметтерге ақы төлеудi қарыз алушы жүргiзедi.
Осыған байланысты сыйақы ставкалары былый сипатталады :
1. Сыйақы - бюджеттiк кредит берiлгенi үшiн қарыз алушы жүзеге асыратын
төлем.
2. Сыйақы ставкасы - жылдық проценттер түрiнде көрсетiлетiн сыйақы
мөлшерi.
3. Сыйақы ставкасы тiркелген немесе құбылмалы болуы мүмкiн.
Тiркелген сыйақы ставкасы - мөлшерi бюджеттiк кредиттiң барлық мерзiмiне
өзгерiссiз белгiленетiн сыйақы ставкасы.
Құбылмалы сыйақы ставкасы - қаржы рыногындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz