Жазбалы емес Конституция жазбалы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Конституциялық кұқық ғылымында конституцияны әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға бірнеше мәрте әрекет жасалды. Айталық, мемлекеттік құрылыс нысанына қарай Конституцияны біртұтас (унитарлық) және федерациялық, саяси режимнің сипатына карай демократиялық және демократиялық емес, қолданылу ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша деген түрлері ұсынылған. Алайда, уақыт сыны көрсеткеніндей, өткен ғасырда ұсынылып қазіргі күнге дейін қолданылып келе жатқан ескі топтастыру тұрақты екендігін байқатты. Конституцияны:

1) нысанына;

2) қолданылу тәртібіне;

3) өзгертілу әдісіне қарай осындай түрлерге, белгілерге бөлу қабылданған.

Нысанына қарай Конституцияның екі түрі бар, олар: жазбалы және жазбалы емес конституциялар. Жазбалы Конституция - бұл тұтас жинақталған кодификациялық акт (мысалы, Финляндияда, Ресей Федерациясында, Қазақстан Республикасында), бұлар осы елдердің негізгі заңдары деп ресми түрде жарияланған. Әдетте, жазбалы конституциялар кіріспеден (преамбуладан), негізгі мәтіннен және өтпелі кезең ережелерінен тұрады.

Жазбалы Конституция бұл бірыңғай тұтас, американдар бейнелеп айтқанындай, «қалтаға салуға болатын құжат». Кейбір жағдайларда жазбалы Конституция белгілі бір жүйеге келтірілген бірнеше құжаттан тұруы мүмкін. Осындай жазбалы Конституция - бұл актілер жиынтығынан (Израиль, Сауд Арабиясында) немесе конституциялық әдет-ғұрыптардың жиынтығынан да құрылуы мүмкін.

Жазбалы емес Конституция - сирек қолданылатын әртүрлі зандардың, сот үрдістерінің және әдет - ғұрыптардың жиынтығы. Қазіргі кезде ол Ұлыбританияға және Жаңа Зеландияда бар. Жазбалы емес Конституция жазбалы Конституция сияқты басқару нысанын, мемлекеттік құрылыс нысанын, мемлекеттің жоғары және жергілікті органдарының құрылымын, жеке адамның құқықтық жағдайын және т. б. белгілейді, бірақ сол елдердің негізгі актілері деп формальды түрде болса да жарияланбаған. Өйткені қазіргі кезде тұтастай жазбалы емес конституция ешбір жерде жоқ. Тіпті жазбалы емес Конституцияның классикалық елі деп аталатын Ұлыбританияның өзінде де бірқатар жазбалы актілер бар. Британия конституциясының негізгі бөлімдері мынадай жазба құжаттардан тұрады:

1) мәртебелік (статуттық) құқық (ежелгі актілер және аса маңызды конституциялық сипаттағы Парламент зандары - 1215 ж. еркіндіктің ұлы хартиясы; 1689 ж. құқықтар туралы Билль; 1911 ж. Парламент туралы, 1972 ж. жергілікті басқару жөніндегі актілер және т. б. ) ;

2) жалпы құқық (сот құқығы, үрдістік (прецеденттік) құқық) ;

3) Конституциялық келісімдер;

4) доктриналық қайнар көздер (ертедегі белгілі ғалымдардын ғылыми монографиялық туындылары немесе пікірлері - мысалы Брэктоннын 1250 ж. Англия заңдары туралы трактаты, 1565 ж. Брэкстон, Англия зандарының комментариясы.

Конституцияларды өзгерістер мен түзетулер енгізілу әдістеріне қарай қатаң және олқы деп бөлуге болады. Қатаң конституцияларды сайлаушылар қауымы тікелей референдумда (Ресей Федерациясында, Қазақстан Республикасында, т. б. ) не арнаулы құрылтай жиналыстарында мақұлдап, қабылдаңды. Мұнда, кез келген өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеуі мүмкін, тек ерекше жағдайларда ғана тиісті өзгерістер күрделі регламенттелінген тәртіппен енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Конституциясы 91-бабынын 1-тармағына сәйкес жоғарыда айтылып кеткендей, Конституцияға осындай . түзетулерді республиклық референдум не Парламенттің (егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп тапса) шешімімен енгізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысымен енгізіледі.

Ал енді осыны Парламентгің жәй заңдарымен салыстырып көрелік. Ондай заңдарды қабылдау немесе оған тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен өткізіледі (мысалы 50% + 1), егер Конституцияда өзгеше көзделмесе.

Олқы конституцияларды әдетте Парламенттер қабылдайды, ал оларға өзгерістер мен түзетулерді енгізу жай заңдарға тәріздес тәртіппен, яғни көпшілік дауыспен (50% + 1) заң органдары енгізеді. Саяси тәжірибені басшылыққа ала отырып конституцияларды қабылдау мен бекітудің неғұрлым демократиялық тәсілі құрылтай жиналысы екенін атап айтуға болады.

Конституциялар федералдық және оның құрамына кіретін субъектілердің конституциясы болып та бөлінеді. Ресей Федерациясының бір ерекшелігі сол, оның барлық республикаларының өз конституциясы бар, ал қалған субъектілер конституциялық мәні бар жарғыларға ғана ие (Ресей Федерациясы Конституциясының 5-бабы) .

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституция – Мемлекеттің Ата Заңы
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекттің негізгі заңы.
Құқық жүйелерінің конституциялық негіздері
Конституциялық құқықтық интернационализациялау
Қазақстан мемлекетінің конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы
Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи - құқықтық сабақтастығының алғы шарттары
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы
Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері
ҚР Конституциясының даму тарихы және қалыптасу кезеңдері
Мемлекет құқық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz