Үйренушілік шығындар принципі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, СЫНЫПТАМАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

1. 1 Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы

  1. Инвестицияның қызметі мен операциялары

2 Кәсіпорынның инвестициясын басқару («Қазақмыс Корпорациясы» АҚ мысалында)

2. 1 Қазақстан экономикасындағы инвестициялық процесстерді талдау

2. 2 Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекетінің динамикасын және құрылымын бағалау

3 Кәсіпорынның инвестициясын басқару cаясатын дамыту жолдары

3. 1 Қарағанды облысының инвестициясын басқарудың даму перспективалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

3

7

7

9

14

14

28

34

34

36

38

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез - келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қаржылық теорияда инвестицияны нақты немесе қаржылық активтерді алу деп түсініледі, яғни бұл, мақсаты болашақ пайдаларды алу болып табылатын бүгінгі шығындар. Аса нақтырақ айтсақ, инвестициялар - бұл белгілі бір бүгінгі құнның, мүмкін анықталмаған, болашақ құнға айрбасталуы.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзақ мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.

Екінші бөлімде Қазақстан экономикасындағы инвестициялық процесстерді талдап, кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекетінің динамикасын және құрылымын бағалау жөнінде мәліметтер келтірдім және Қарағанды облысының инвестициялық сферасын талдадым.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Инвестициялық саясаттың мақсаты болып инвестициялық қызметті жандандыруға, сонымен қатар отандық экономиканы көтеруге және қоғамдық өндірістің тиімділігіне бағытталған Қазақстан республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру табылады.

Курстық жұмыстың практикалық маңыздылығы: Жалпы мемлекеттік инвестициялық саясаттан басқа салалық, аймақтық және жеке шаруашылық субъектілерін инвестициялық саясатын ерекшелейді. Олардың барлығы өзара тығыз байланысты, бірақ анықтаушы болып жалпы мемлекеттік инвестициялық саясат табылады.

Кәсіпорындардағы инвестицияның саясаттың ең маңызды принципі болып келесілер табылады:

  • кәсіпорынның стратегиялық жоспарға жетуге және оның қаржылық тұрақтылығына инвестициялық саясаттың бағытталуы;
  • инфляцияны және тәуекел факторларын есепке алу;
  • инвестициялық (бизнес-жоспардың) экономикалық негізделуі;

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында инвестициялаудың теориялық негіздерін қарастыру арқылы оның экономикадағы белсенділігін талдап, оны арттырудың жолдарын ұсыну табылады.

Курстық жұмыстың міндеті:

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

- қазіргі экономикадағы инвестициялардың рөлін және мазмұнын қарастыру;

- негізгі капиталды инвестициялаудың ерекшеліктері мен негізгі формаларын қарастыру;

- Қазақстан экономикасындағы инвестициялық процесстердің негізгі бағыттарын талдау;

- нақты кәсіпорын деректеріне сүйеніп, оның инвестициялық іс-әрекетінің динамикасын және құрылымын талдау;

- нарықтық экономика жағдайында негізгі капиталға жұмсалатын инвестицияларды көбейтудің жолдарын ұсыну.

Курстық жұмыстың зерттелу нысаны: Экономикалық категория ретінде инвестициялар маңызды функциялардың қатарын орындайды, қандай да мемлекеттің экономикасының дұрыс дамуы мәнсіз болады. Макродәрежедегі инвестициялардың негізі келесілер болып табылады:

- кеңейтілген өндірістің саясатын жүзеге асыру үшін;

- ҒТП-ң жылдамдатылуы, отандық өнімнің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету және сапасын жақсарту үшін;

- қоғамдық өндірістің құрылымдық қайта құрылуы және ұлттық шаруашылықтық барлық салаларының теңдестірілген дамуы үшін;

- өнеркәсіптің қажетті шикізат базасын құру үшін;

- табиғи ортаны қорғау және басқа көптеген мәселелерді шешу үшін.

Курстық жұмыстың теориялық әдіснамасы: Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізін негізгі капиталға жұмсалатын нақты инвестициялар құрайды. Көптеген кәсіпорындарда бұл инвестициялау қазіргі жағдайдағы инвестициялық қызметтің жалғыз бағыты болып табылады. Бұл кәсіпорынның инвестициялық қызмет жүйесіндегі нақты инвестицияларды басқарудың жоғары ролін анықтайды. Негізгі капиталға жұмсалатын нақты инвестициялар кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын жүзеге асырудың басты нысаны болып табылады. Бұл дамудың негізгі мақсаты жоғары тиімді нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, ал кәсіпорынның стратегиялық даму процесінің өзі осы инвестициялық жобаларды уақытында жүргізудің жиынтығы болып табылады. Инвестициялаудың осы нысаны кәсіпорынға жаңа тауарлы және аймақты нарықтарға енуге, өзінің нарықтық құнының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін қазіргі шарттардың қанағаттандыруы, капиталдық салымдардың сапалы құрылымы инновация және жаңа енгізулердегі инвестицияның маңызды бөлігімен ерекшеленеді, яғни жаңа технологияларды және күштерді енгізуде отандық өнеркәсіптің негізгі қорлары тозған және ескірген, олар еңбек сыйымды, материал сыйымды, толығымен бәсекеге қабілетсіз өнім шығарады. Негізгі қорларды бөліктеп жақсарту, жаңарту, техникалық қайта қарулану және қайта құрастыру деп аталады.

Курстық жұмыстың құрылымы:

Бұл курстық жұмысым кіріспе бөлімінен, негізгі бөлім 2 тарауға бөлінген. Әр тарау үш тармақшаларға бөлініп жазылған. Сонымен қатар, қорытынды және соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар көрсетілген.

1. ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, СЫНЫПТАМАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

1. 1 Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы

Инвестициялар - бұл табысты алу немесе өзге пайдалы эффектісіне жету мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар.

Нарықтық экономикада «инвестициялар» түсінігі оған жалғыз және түбегейлі анықтама беру үшін тым кең болып табылады. Экономикалық теорияның негізгі бөлімдерінде және практикалық қызметтің түрлі облыстарында оның мазмұны өзінің ерекшеліктеріне ие болады.

Макроэкономикада инвестициялар өндірістің жаңа құралдарына (өндірістік немесе тұрақты инвестициялар), жаңа тұрғын үйлерге инвестицияларына және тауарлы қорлардың өсіміне шығындардан тұратын жиынтық шығындардың бөлігі болып табылады. Яғни, макроэкономикалық аспект инвестициялар - бұл ағымдағы кезеңде пайдаланылмаған, және экономикада капиталдың өсімін қамтамасыз ететін жалпы ішкі өнімнің бөлігі болуымен анықталады.

Өндіріс теориясында және макроэкономикада толығымен, инвестициялар жаңа капиталды құрудың процесі болып табылады (өндіріс құралдарын, сонымен бірге, адам капиталын қоса отырып) .

Сонымен, қаржылық теорияда инвестицияны нақты немесе қаржылық активтерді алу деп түсініледі, яғни бұл, мақсаты болашақ пайдаларды алу болып табылатын бүгінгі шығындар. Аса нақтырақ айтсақ, инвестициялар - бұл белгілі бір бүгінгі құнның, мүмкін анықталмаған, болашақ құнға айрбасталуы.

Республикадағы инвестициялық қызметтің жағдайын келесі көрсеткіштердің өсу қарқыны сипаттайды:

  • инвестициялардың жалпы көлемі;
  • жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) инвестициялардың үлесі;
  • инвестициялардың жалпы көлемінде қаржылық емес активтерге инвестициялардың үлесі;
  • қаржылық емес активтерге инвестициялардың көлемі.

Инвестициялық қызметтің жағдайын жанама, бірақ жеткілікті объективті түрде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу темптері сипаттайды:

  • ұлттық табыстың;
  • ЖІӨ және ЖҰӨ;
  • өнеркәсіптік өндіріс көлемінің;
  • өнеркәсіптік өнімнің бөлек маңызды түрлерін шығарудың;
  • ауылшаруашылық өндіріс көлемінің;
  • қоғамдық еңбек өнімділігінің;
  • және басқалардың.

Инвестициялық қызметті бағалауында бұл көрсеткіштердің объективтілігі олардың өсуі инвестициялардың салымынсыз мәнсіз болатынымен байланысқан. Егер бұл көрсеткіштердің өсу темпі инвестициялардың өсу темпінен асып кетсе, онда бұл инвестицияларды қолданудың тиімділігін жоғарлату себебі және керісінше.

Инвестициялар деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне маңызды әсер етеді; оның өсу қарқынынан ұлттық экономикада көптеген макропропорциялар тәуелді болады.

Инвестициялардың тиімділігін есепке алу, талдау және жоғарлату үшін макродәрежеде сияқты, микродәрежеде де олардың ғылыми негізделген классификациясы қажет. Инвестициялардың ойластырылған және ғылыми жоспарда негізделген классификациясы тек оларды сауапты есепке алу ғана емес, сонымен бірге олардың барлық жағынан қолданылу деңгейін талдауға және бұл негізде тиімді инвестициялық саясатты жасау және іске асыру үшін объективті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі экономиканың тұрмыстылығында және тәжірибесінде аса таралған келесі белгілер бойынша инвестициялардың төмендегі классификациясы қолданылады:

  • болашақ объектілердің мақсатты тағайындалу белгісі бойынша - бұл олардың ұлттық шаруашылықтың салалары бойынша бөлінуі - өз кезегінде екі бөлімшелерін - өндірістік тағайындалуының объектілеріне салымдарын және өндірістік емес тағайындалудың объектілерін құрайды.
  • негізгі қорлардың қайта өндірісінің формалары бойынша - жаңа құрылысқа, әрекет етуші кәсіпорындардың кеңейтілуіне және қайта құруына, сонымен бірге техникалық қайта қаруландырылуына.
  • қаржыландыру көздері бойынша - орталықтанған және орталықтанбаған.
  • қолдану бағыты бойынша - өндірістік және өндірістік емес.
  • инвестицияларды қосу объектілері бойынша:

мүлікке инвестициялар (нақты инвестициялар) - ғимараттарға, жабдықтарға, құралдарға, материалдардың қорларына инвестициялар; нақты (капиталды құрайтын) инвестициялар - әрекет етуші кәсіпорындардың қайта құрылуына және техникалық қайта қарулануына жаңаларын құру. Бұл жағдайда инвестор-кәсіпорны қаражаттарды сала отырып, өзінің өндірістік капиталын көбейтеді - негізі өндірістік қорлар және олардың қызмет етуі үшін қажетті айналым құралдары;

қаржылық (портфельді) инвестициялар (акцияларды, облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды алу) ; портфельді инвестициялар - басқа кәсіпорындардың активтерін акцияларға, облигацияларға, басқа бағалы қағаздарға салу. Портфельді инвестицияларды жүзеге асыру кезінде инвестор бағалы қағаздарға дивиденд-табыстарын ала отырып өзінің қаржылық капиталын көбейтеді;

материалды емес инвестициялар немесе материалды емес активтерге инвестициялар (патенттер, лицензиялар, бағдарламалық өнімдер, ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелі-құраушы жасаулар және т. б. ) .

Капитал құраушы инвестициялардың құрылымында негізгі орынды негізгі капиталға инвестициялар алады, қайсысылардың көлеміне жаңа құрылысқа, қайта құрылуына, әрекет етуші өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, көліктік, саудалық және басқа кәсіпорындардың кеңейтілуіне және техникалық қайта қарулануына шығындар, тұрғындық және мәдени-тұрмыстық құрылысқа шығындар кіргізіледі.

Инвестицияларды қолданудың тиімділігі маңызды дәнежеде олардың құрылымына байланысты болады. Инвестициялардың құрылымында олардың түрлері, пайдалану бағыттары бойынша құрамы және олардың жалпы инвестицияларда үлесі түсініледі.

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай - ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көзқарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сегмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.

1. 2 Инвестицияның қызметі мен операциялары

Инвестициялық қызмет бұл - инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез - келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:

  1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды - реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
  2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.
  3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
  • Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
  • Мемлекеттік зейнетақы қорына;
  • Аймақтық бюджетке;
  • Республикалық бюджетке;

4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.

Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса, онда олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі керек.

1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі

2. "Замазкалау" принципі.

Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргіз. Шешімді қабылдап алғаннан кейін, инвестицияны іске асыру барысында ол еркіндікті енді оған бармау алмастырады, Мәселен, қандай станокты сатып алуға, не жалға алуға немесе өзің өндіргің келеді де, бұл операцияны жүргізу үшін қанша кредит аласың, оны қандай мерзімге және қанша проценттік мөлшерде алуға шешім жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың бәрін жасап болғаннан кейін, қайтадан қайту оңайға түспейді, өте қиын болады. Бұл станокты көп жыл бойына пайдалану керек болады, алған кредит үшін проценттерді төлеу керек болады. Сөйтіп, сылап-бітеу процесінен шыға алмай, байланасың да қаласың, өйткені иңвестициялық жоба күшіне еніп алғаннан кейін еркін қимыл-әрекеттерге баруың шектеулі болып қалады.

Мұнан еркін шешімділікке және басқа әрекеттерге баруың мүлдем тыйылды деуге болмайды. Әрине, сатып алған станокті қайтадан сатып жіберуге де болады немесе акциялардан да құтылуға болады да, "дезинвестирование" деп аталатынды жүргізуге болады. Көбінесе осыны жүргізеді. Қатені кейінге қалдырудан гөрі, тезірек түзетуге тырысу керек. Бірақ қатені түзеу үшін уақыт та кетеді, ақша да жұмсалады, басқару қызметінде шәлгездік туады, іскер серіктестермен байланыс үзіледі.

Мысалға, әлгі сатып алынған станокты алсақ, оны 1 жыл бойы пайдаланып келеген. Конъюнктура өзгеріп кетті де, енді оны пайдалануға мүмкіндік болмай қалды, оны 10 жыл бойы пайдаланбақ болған. Осы 10 жылға есептеліп кредит алып, әкеліп беруші және сатып алушылармен келісіп, амортизацияны да есептеп, тиісті ұзақ мерзімді келісім шарттарды жасап қойған. Дезинвестирование жүргізуге шешім қабылдап, қателіктерді жөндеуге бару керек болады, бірақ қателіктерді жөндеуге ештеңе төлемейтін болды. Кредит үшін (10 жыл) төлеу керек, әкеліп берушіге шартты бұзғаны үшін айып пұл төлеу керек, өйткені ол станоктың жетіспей қалған бөлшектерін әкеліп берген болатын, олар да 10 жыл бойы тиімді келісім бойынша пайда алатынына сенген болатын. Өнімді сатып алушыларға да 10 жыл бойы беріп тұру жөнінде шартқа отырғандықтан, оларға да төлеу керек. Өткізуші ұйымдарға да осы тәртіп бойынша төлеу керек. Мұнан да сорақы жағдай, жабдықтарды қайтадан сатқан кезде туады. Мұны рынокте әлі қалай сата алады? Қандай бағаға? Диллер саудалық-делдалдық үшін қанша алады?

Сөйтіп, қатені түзеу үшін қететін шығындар түгелімен кәсіпорын қалтасынан шығады. Осындай батпаққа батқаннан шығу өте қиын болады. Ал, егер осында "байланып қалу" бір уақытта 3-4 инвестициялық жоба бойынша болғанда не болады? Капиталды сіңіру саласы үлкен болып қалғанда, іскерлік серіктестіктер де мықтылар болады да, қатені түзеу үшін көп шығынға бататының анық болады. Міне, осыдан барып, инвестициялық жобаны іске қоспас бұрын, алдын-ала оның тиімділігін есептеп алған жөн. Тіпті 100 беделді фирмалар ақыл бергенімен, қате жібермеймін деп ойлауға болмайды. Нарықтың аты нарық. Бәрібір тәуекелділіктің аз болғаны дұрыс. Кәсіпорын басшылары тиісті шешім қабылдаудан қорықпауы керек, олар өздерінің жоспарларын жөндеуде өте икемді болулары қажет, конъюнктураның уақытша өзгеруіне және басқадай фактордарды көре біліп, тиімді істерді бастай алулары қажет.

3. Күрделі қаржыны салуда материалдық және тиімділіктерді бағалау үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың үш варианты бар:

1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек қана құндылық, ақшалай талдау.

Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің ақшалай бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру керек болады.

2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі. Бұл тәсіл сенімдірек болады. Өйткені инвестициялық жобаға салынған технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.

3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы: әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.

4. Үйренушілік шығындар принципі.

Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа инвестицяялық ортаға үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп, құрастыру керек болады.

Уақытша жоғалту деген - табысты да жоғалтумен бірдей деп есептелінеді.

Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім мен оны іс жүзінде асыру, орнын толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық «лаг» бола береді. Бірден үйренушілік болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің шығындары болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу керек. Мысалы, жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл ішінде. Бірақ мұндай құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді.

Өндірістік инвестицияаудағы үйренушілік шығындары одан да асып кетеді. Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ нарықтық конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.

Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық) . Солардың кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып, жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыттары үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.

Мұнан туындайтын қорытынды: үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат, материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді. Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын, үйренушілік шығынына да іркілмей бара беретін боласыз.

Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп уақыт осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ, бұл инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.

5. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестицияның қызметі мен операциялары
Инвестицияның қызметі мен операциялары туралы
Екінші типті инвестициялық банктер
Инвестициялардың экономикалық тиімділігін жоспарлау
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту
Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
Инвестициялық саясат
Пайыз және кәсіпкерлік табыс
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ Инвестиция және олардың кәсіпорын қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудегі ролі
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН ТАЛДАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz