Өкімет өкілін қорлау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

2. 1 БАСҚАРУ ТӘРТІБНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыс деп-мемлекеттік кәсіп-орынның, мекеменің, ұйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзатын қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті істеуді айтамыз.

Жаңа Қылмыстық кодексте осы түрғыдағы қылмыстардың қатарына жаңадан бірнеше баптар қосылды. Олар: жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (322-бап) ; мемлекеттік туды заңсыз көтеру (329-бап) ; Казақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қүқыққа қарсы өзгерту (331-бап) ; шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету (338-бап) .

Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде көрсетілген мына құрамдар: қоғамдық тәртіпті бұзатын топтасқан әрекеттерді ұйымдастыру немесе оған белсене қатысу; көлік қызметкерін өзінің қызметтік міндеттерін орындап алуға мәжбүрлеу; шекаралық өңірге немесе шекаралық аймаққа бару және сонда мекендеу ережелерін бұзу; паспорт жүйесінің ережелерін бұзу; шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың СССР-де болу және СССР аумағы арқылы транзиттік сапармен өту ережелерін қасақана бұзу; әскери міндеттінің әскери есептен бұлтаруы; әскери міндеттінің оқу немесе тексеру жиындарынан бұлтаруы; азаматтық актісін тіркеу жөніндегі зандарды бұзу қылмыс қатарынан шығарылады.

Жаңа Кодексте мұндай қылмыс түрлері атымен жоқ. Бұрынғы' Қазақ ССР Қылмыстық кодёксінің 180-2-бабында көрсетілген әкімшілік бақылау ережелерін қасақана бұзу әрекеттері Жаңа Қылмыстық кодекстің 362-бабында көрсетілген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау құрамымен қылмыстық кодекстің 14-тарауындағы осы қылмыстардың топтық объектісі басқару тәртібі болып табылады.

Басқару тәртібі мемлекеттік ұйымдастыру, мекемелердің, кәсіпорындардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару саласындағы дұрыс қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар мен мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың топтық объектісі сырттай қарағанда бір-біріне ұксас сияқты болғанымен, бұл қылмыстар топтын объектісі, субъектісі арқылы бір-бірінен ажыратылады.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдардың тек қана басқару саласындағы дұрыс, бірқалыпты қызметі, ал мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы

-2-

қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттік аппараттың тұтастай дұрыс, әрі бірқалыпты қызметі болып табылады.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың субъектісі жай адамдар, лауазымды адамдар болуы мүмкін, ал мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың субъектісі мемлекеттік аппараттың лауазымды адамы немесе мемлекеттік қызметшілер болады. Міне осы көрсетілген белгілер арқылы көрсетілген қылмыстар тобы бір-бірінен оқшауланып бөлінеді. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың тікелей объектісі басқару саласындағы қоғамдық қатынастардың нақты түрлері болады. Қосымша тікелей объектіге - адамдардың өмірі, денсаулығы, ар-намысы, адамгершілігі, қауіпсіздігі жатуы мүмкін. Кейбір қылмыс құрамдарында (317, 323-325, 331-баптар) қылмыстың заты және қылмыстың жәбірленушісі (318-322, 327-баптар) көрсетілген.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы негізінен формальдық құрамға жатады. Тек қана Қылмыстық Кодекстің 322-бабының 2-тармағында, 331-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыс құрамдарының міндетті белгісі ауыр зардаптардын орын алуы қажет.

Екі қылмыс құрамының (330, 331-баптар) міндетті белгісі ретінде қылмыс істелу орны көрсетілген.

Субъективтік жағынан басқару тәртібіне қарсы қылмыстар қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет және мақсат қайсыбір қылмыс құрамдарының (318, 320, 321, 322 - баптар) қажетті белгісі болып табылады.

Қылмыстын субъектісі 16-ға толған кез келген адам. Қылмыстық кодекстің 326-бабында көрсетілген қылмыс субъектісі арнаулы - әскери қызметтен жалтарған адам, ал 331-баптың 2-тармағы бойынша бірнеше рет қылмыс жасаған адам осы кұрамның субъектісі болып табылады.

Тікелей объектілеріне байланысты басқару тәртібіне қарсы қылмыстар мына төмендегідей түрлерге бөлінеді:.

Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар: Қазақстан Республикасы Президентінің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау. Депутаттың ар-ұжданы мен кадір-қасиетіне қол сұғу және қызметіне кедергі жасау. Өкімет өкілін қорлау. Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану. Жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету. Прокурордың қызметіне кедергі жасау және оның талаптарын орындамау.

А. Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы «Жеті жарғы» 2003 ж.

-3-

2. 2 МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ БАСҚАРУ ӘРЕКЕТНЕ

БАЙЛАНЫСТЫ ӨКІМЕТ ӨКІЛДЕРІМЕН БАСҚА АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР.

Қазақстан Республикасы Президентінің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның кызметіне кедергі жасау (318-бап) .

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының нысаны әрі кепілі (40-баптың 1, 2-тармақтары) .

Қазақстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды (46-бап, 1-тармақ) . Республика Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады (46-баптьщ 2-тармағы) . Қазақстан Респуб-ликасының Конституциясының жоғарыда көрсетілген нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде Республика Президентінің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасаушылық үшін жауаптылықты көздейтін арнаулы бап көрсетілген.

Қылмыстың тікелей объектісі - Қазақстан Республикасы Президентінің басқару кызметіне байланысты ар-ұжданы мен қадір-қасиетін қорғау жөніндегі қатынастар.

Қылмыстың объективтік жағы Қазақстан Республикасы Президентін жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу арқылы сипатталады.

Республика Президентін жария түрде корлау деп басқа біреудің немесе көпшіліктің, көзінше ел Президентін әдепсіз сөздермен, шектен шыққан арсыздығымен көзге түсетін дене қимылдарын жасау арқылы қоғамдық мінез-құлықтарға қайшы келетін басқа да әрекеттер жасау арқылы, ауызша немесе жазбаша түрде тіл тигізулер болып табылады.

Президенттің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу деп ол туралы шындыққа сай келмейтін жалған сөздер тарату, плакаттар салу, адамгершілігін, қадір-қасиетін көрінеу аяққа басатын, оны жұртшылық алдында масқаралайтын, беделін түсіретін жалған лақаптар айту, тарату сияқты әрекеттерді айтамыз.

Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады және ол Президентті жария түрде қорлау немесе оның ар-үжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғатын әрекет жасаған уақыттан бастап аяқталған деп

-4-

танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және әр түрлі ниетпен жасалады. Кылмыстық ниет іс-әрекетті саралауға әсер етпейді, бірақ жаза тағайындағанда еске алынады.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам. Осы қылмыстың ауырлататын түрі - бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған нақ сол әрекет үшін жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 318-бабының 2-тармағында көрсетілген.

Бұқаралық ақпарат құралдарына - газет, журнал, радио, телехабар және басқа да көпшілікке арналған осындай құралдар жатады. Қылмыстық кодекстің 318-бабының 3-тармағында Қазақстан Республикасы Президентінің өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын нысанда ықпал еткені үшін жауаптылық көз-делген. Бұл жерде қылмыстың істелу мақсаты Республика Президентінің өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау. Жақын туыстарға (Президенттің аға-іні, қарындас, нағашы күйеу баласы, құда, жұбайының осындай жақын туыстары) жатады.

Президенттің өзіне немесе жақын туыстарына ықпал ету -туыстық, таныстықты пайдалану арқылы, жалған хабар жеткізу немесе сенімге қиянат жасау нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін.

Қылмыстық кодекстің 318-бабының ескертуіне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жүргізіп отырған саясаты туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соқпайды

Депутаттың ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне кол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау (319-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі - Қазақстан Республикасы Парламентінің мемлекеттік заң шығару қызметіне байланысты ар-ұжданы мен қадір-қасиетін қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастар. Қылмыстың жәбірленушісі Республика Парламентінің депутаты.

Қылмыстың объективтік жағы, субъектісі және субъективтік жағы, ауырлататын және аса ауырлататын түрлері бойынша Қылмыстық кодекстің 318-бабындағы көрсетілген құрамдағы белгілермен ұқсас. Айырмашылық - қылмыстың жәбірленушісінде ғана. 318-бапта қылмыстан жәбірленуші Республика Президенті, ал 319-бапта Республика Парламентінің депутаттары. Депутаттың ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу, қорлау оның депутаттың міндеттерін атқару кезінде немесе оны атқаруға байланысты жүзеге асырылады. Мұндай болмаған ретте іс-әрекет жеке адамға қарсы қылмыс ретінде саралануы мүмкін.

-5-

Қызмет бабындағы міндеттерін атқарып жүрген кезінде немесе оны атқаруына байданысты жария қорлау туралы қылмыстық жауаптылық 320-бапта көрсетілген.

Қылмыстың тікелей объектісі қызметтік міндеттерін атқарып жүрген немесе атқаруына байланысты өкімет өкілінің заңды қызметі болып табылады.

Қосымша тікелей объект - олардың беделі мен абыройы.

Қылмыс объективтік жағынан қылмыс бабындағы міңдеттерін атқарып жүрген немесе оны атқаруына байланысты өкімет өкілін қорлау әрекеті арқылы жүзеге асырылады.

Өкімет өкілінің беделін, «абыройын, адамгершілігін көпшілік алдында

аяққа басатын, оларды масқаралайтын әрекеттерді қорлау дейміз. Оларға өкімет өкілі туралы ауызша немесе жазбаша, көзінше немесе сыртынан, болмаса баспасөз құралдарын пайдаланып, оларды масқаралайтын, даттайтын, абыройын аяққа басатын әрекеттер жатады. Қорлауға, сондай-ақ өкімет өкілінің беделін түсіру мақсатымен жұрт көзінше оны тілдеу, бетіне түкіру, басқа да жөнсіз қимылдар арқылы оның беделін түсіру жатады. Осы бапта айтылған өкімет өкілін қорлау олардың қызметтік міндетін атқару қезінде не атқаруына байланысты болуы керек. Яғни бұл жерде осы қылмыстың жасалу себебі өкімет өкілінің өз қызметін жүзеге асыруына, атқаруына тікелей байланысты. Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі өкімет өкілін қорлау жария түрде - көпшілік алдында болуы қажет. Көпшілік алдындағы қорлау деп өкімет өкілін қорлауды бөтен адамның көріп, естіп тұруы немесе бір топ адамның осы әрекетке куә болуы. Бұл жерде басқа бір адамның көзінше қорлау көпшілік алдындағы қорлау деп саналады. Жазбаша қорлау деп баспасөз құралы арқылы көпшілікке мәлім болған жағдайларды айтамыз.

Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлы адам өкімет өкілін оның қызмет бабындағы міндеттерін орындауына байланысты көпшілік алдында жария түрде қорлағанын сезеді және соған саналы түрде жол береді және аталған адамдардың абыройын, беделін түсіруді тілейді.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс, кез келген азамат болады.

Қылмыстық кодекстің 320-бабының ескертуіне сәйкес:

1. Қылмыстық кодекстің осы бабында және басқа да баптарында өкіметтің өкілдері деп, оған қызмет жағынан тәуелсіз адамдарға қарсы қатысты заңмен белгіленген тәртіпте өкім ету өкілеттігі берілген мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы танылады.

2. Өкімет өкілінің қызметтік жұмысы туралы сын түрғысында айтылған жария сездер осы бап бойынша қылмыстык жауаптылыққа әкеп соқпайды.

-6-

Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану (321-6ап)

Қылмыстық кодекстің 321-бабының 1-тармағында өкімет өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оған немесе оның жақын-дарына қатысты өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолдану немесе күш қолданбақ болып қорқыту үшін жауаптылық белгіленген.

Қылмыстың тікелей объектісі - өкімет өкілдерінің дұрыс басқару қыз-меті, ал қосымша тікелей объектісі олардын өзінің және жақын туыстарының өмірі мен денсаулығы. Бұлар қылмыстың жәбірленушісі болып табылады.

Өкімет өкілінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 320-бабының ескертуінде берілген.

Қылмыс объективтік жағынан мына әрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:

а) өкімет өкілінің өзіне немесе оның жақын туыстарына катысты өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш колдану (321-баптың 1-тармағы) ;

б) осы көрсетілген адамдарды күш қолданбақ болып қорқыту (321-баптың 1-тармағы) ;

в) аталған адамдарға қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану.

Өкімет өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның өзінің немесе жақындарының өмірі мен денсаулығына қауіпсіз күш қолдануға жәбірленушінің киімін жырту, оларды сабау, денесіне жеңіл жарақат келтіру, бостандығын шектеу, өміріне немесе денсаулығына қауіп келтірмейтін жағдайда жәбірленушінің ағзасына есеңгірететін нәрселер егу сияқты әрекеттер жатады.

Осы көрсетілген адамдарға күш қолданбақ болып қорқытуға жеңіл, орта дене жарақатын келтіремін, қамап қоямын, сабаймын, үй-жайынды өртеймін деген жалпылама анықталмаған сипаттағы, бірақ жәбірленушінің пайым-дауынша кінәлы адам оларды жүзеге асырады-ау деген негізі бар қорқытулар жатады.

Аталған адамдарға қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдануға - жәбірленушіге ауыр дене жарақатын келтіру, өлім халіне жеткізіп ұрып-соғу, азаптау, жұқпалы ауруды адам ағзасына егу т. б. әрекеттер жатады. Бұл әрекеттен кісі өлімі болған жағдайда кінәлінің әрекеті Қылмыстық Кодекстің, 321 және 96-баптарымен қылмыстың жиынтығы бойынша сарала-нады.

Қылмыс құрылысы жағынан формальдық-материалдық құрамға жатады, жәбірленушілерге күш қолданбақ болып қорқыту формалдық құрамға, ал басқа әрекеттер материалдық құрамға жатады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі -16 -ға толған адам.

Прокурордын кызметіне кедергі жасау және онын талаптарын

-7-

орындамау (321-1-бап)

Прокуратура органдарының қызметі Қазақстан Республикасы Конституция-сында және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсан-дағы Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау туралы зандық күші бар жарлығымен белгіленген.

Қылмыстың тікелей объектісі - прокуратура органдары туралы заңымен белгіленген қызметіне байланысты қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан прокурорлык қадағалау актілерін орын-дамау, сол сияқты оның қызметіне кедергі жасау арқылы жүзеге асырылады. Прокурорлық қадағалау актілеріне осы органның наразылық қаулысы немесе баскадай ұсыныстары жатады. Объективтік жағынан қылмыс осы қадағалау актілерін орындауға байланысты болады. Прокуратура органдарының қыз-метіне кедергі жасауға осы мекеменің заңды құқықтарын жүзеге асыруға ашық түрде қарсылық білдіруі жатады. Мысалы: қажетті құжаттарды көрсетуден, беруден бас тарту, қылмысты істі оқып танысуға бермеу, дер кезінде тексерілуге жататын іс-қағаздарын көрсетпеу және т. б.

Қылмыс құрамы материалдық. Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі - қылмыстың зардабы: прокурорлық қадағалау актілерін орындамау немесе оның қызметіне кедергі жасау азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеліп соғуы болып табылады. Елеулі зиян нақты жағдайларға байланысты анықталады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі адам прокурордың заңды қызметіне кедергі жасағанын немесе оның заңды талаптарын орындамағанын ұғады, сезеді, солай бола тұрса да заң талаптарын орындамайды. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін, ол қылмысты саралауға әсер етпейді.

Қылмыстың субъектісі жасы 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді, жария ету (322 -бап ) Жаңа қылмыстық кодексте жауапты мемлекеттік лауазымды ие-ленуші лауазымды адамға сондай-ақ оның туыстарына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді осы мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік іс-әрекетіне байланысты белгілі болған адамның жария етуі қылмыс деп танылып, сол үшін жауаптылық көзделген (322-баптың 1-тармағы) .

Бұл норма бланкеттік, өйткені көрсетілген қылмыстың объективтік және субъективтік белгілері жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші адамдарды мемлекеттік қорғау туралы занда арнайы көрсетілген.

Қылмыстың негізгі тікелей объектісі - жауапты мемлекеттік лауазымды адамдардың. бірқалыпты, дұрыс қызметі, ал косымша

-8-

тікелей объектісі - көрсетілген осы адамдардың немесе олардың туыстарының қауіпсіздігі болып табылады. Осы адамдар қылмыстың жәбірленушілері болып табылады. Жауапты мемлекеттік лауазымды адамдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 307-бабының ескертуінің 2-тармағында берілген. Жақын туыстары - ата-аналары, балалары, атасы, әжесі, немерелері, інілері, қарындастары, жиені, асырап алған балалары, асырап алған ата-аналары, келіні, құдасы, жақын досы және т. б. жатады.

Қылмыс объективтік жағынан алғанда жоғарыда аталған жәбірлену-шілерге тікелей байланысты қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді кез- келген тәсілмен (ауызша, жазбаша, теледидар арқылы) жария ету жолымен әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.

Заңда айтылған қауіпсіздік шараларына жауапты лауазымды адамның, оның жақын туыстарының жеке күзеті, тұрғын үй, мүлік, үй-жабдықтарын күзету, өртке қарсы, күзет сигнализациясы, телефон номері; көлік құралдары-ның мемлекеттік тіркеу белгілері, қару жарағы, жеке қорғану құралдары, уақытша қауіпсіз жерге орналасуы, құжаттарының деректері және басқа маңызды қызметіне байланысты мәліметтері жатады. Осы қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету деп кез - келген тәсілмен бөтен адамға осы мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік іс-әрекетіне байланысты белгілі болған адамның, жария етуі болып табылады. Кейде мұндай жария ету әрекетсіздік арқылы осындай мәліметтері бар кұжаттарды, бейне жазбаларды жоғалту жолымен де істеледі.

Қылмыс құрылысы жағынан формалдық және ол заңда көрсетілген іс-әрекеттер қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді бөтен адамға немесе адамдарға жария еткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан қасақана (тікелей немесе жанама) түрде істеледі.

Қылмыстың субъектісі арнаулы, 16-толған, осы мәліметтер өзіне сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік іс-әрекеттеріне байланысты белгілі болған адам (жеке күзетшісі, хатшысы, көлік жүргізушісі, дәрігері, үй күтушісі және т. б. )

Қылмыстық кодекстің 322-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі - нақ сол әрекет ауыр зардаптарға әкеп соққаны үшін жауаптылық көзделген.

Қылмыс құрамы материалдық. Ауыр зардаптарға - жауапты лауазымды адамды немесе онын жақын туыстарын өлтіруге оқталу, оларға ауыр дене жарақатын келтіру, үй-мүлкін жою т. б. зардаптар жатады. Кінәлының зардап жөніндегі кінә нысаны абайсыздық арқылы көрініс табады.

Қазақстан Республикасының күзетілетін Мемлекеттік

шекарасынан әдейі заңсыз өту (330-бап)

-9-

Қылмыстың тікелей объектісі -Қазакстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмайтындығын реттейтін қоғамдық қатынастар.

Мемлекеттік шекараның түсінігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңында берілген.

Қылмыс объективтік жағынан алғанда Қазақстан Республикасының күзетілетін Мемлекеттік шекарасынан белгіленген құжатсыз және тиісті рұқсатсыз әдейі заңсыз өту арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс күзетілетін Мемлекеттік шекарадан кез келген тәсілмен жаяу, көлікпен, әуе кемесімең, сумен жүзу арқылы Қазақстан Республикасының аумағына немесе оған шекаралас мемлекеттің аумағына заңсыз - белгіленген құжатсыз және тиісті рұқсатсыз өткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Бұл жерде айта кететін нәрсе - күзетілетін мемлекеттік шекарадан заңсыз өту ғана. -қылмыс деп қарастырылады. Егер шекара, ТМД-елдері арасында күзетілмейтін болса, онда одан өту қылмыс деп қарастырыл-майды. Мемлекеттік шекарадан өту, Қазақстан Республикасынан кету және оған келу тәртіптері Мемлекеттік шекара туралы Заңсыз және халықаралық келісімдермен реттеледі.

Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам Қазақстан Республикасының күзетілетін Мемлекеттік шекара-сынан белгіленген құжатсыз және тиісті рұқсатсыз әдейі заңсыз өтетінін сезеді және соны істеуді тілейді.

Абайсызда не амалсыздан, аса қажеттілік жағдайда мемлекеттік шекарадан өту қылмыс деп танылмайды (Мысалы әуе, су кемесінің апатқа ұшырау қаупі туғанда, басқа елдің аумағына амалсыздан қонуы, күрделі ауа райына байланысты адасып шекараны бұзу т. б. )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ БАСҚАРУ ӘРЕКЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨКІМЕТ ӨКІЛДЕРІМЕН БАСҚА АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Сот жүйесіне қарсы қылмыстар
Қылмыстың құрамы және құрылымы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру
Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау
Қылмыс объектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz