Зерттеу нәтижелерінің аппробациясы мен өндіріске ендірілуі


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ӘОК ӘОЖ 657. 2:637. 523 (574. 51+574. 41) Қолжазба құқында

АЛАЙДАРҚЫЗЫ ҚАЛАМҚАС

Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындардағы басқарушылық есеп

(«Алматы ет» және «Семей ет комбинаты» ЖШС-нің

мәліметтері негізінде)

08. 00. 12 - Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика

Экономика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

Диссертациялық жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде орындалды

Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының

кандидаты Қ. К. Кеулімжаев

Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының

докторы С. Ж. Жақыпбеков

экономика ғылымдарының

кандидаты Ә. Д. Дәулетбеков

Жетекші ұйым «Тұран» университеті

Диссертация 2008 жылы «» сағат Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі Д 14. 45. 10 ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 050035, Алматы қ., Жандосов көшесі 55, 144 бөлме.

Диссертациямен Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат « » 2008 ж. таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

экономика ғылымдарының докторы Ұ. А. Текенов

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық жағдайда шаруашылықтанудың жаңа талаптары мен олардың әріқарай дамуы ұйымның экономикалық жұмысының барлық жүйесінің елеулі қайта ұйымдастырылуын талап етті. Кеңес үкіметі кезеңінде ұзақ жылдар бойы отандық ұйымдардың көпшілігі жоспарлау, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдаудан көп тәжірибе жинақтады. Бірақ бұл тәжірибе нарықтық экономика ұстамдарынан едәуір ерекшеленетін, теориялық негіздегі орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында қалыптасты.

Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алынғаннан кейін, ұйымдар өз қызметінің нәтижесіне толық жауап беретін дербестікке қол жетіп, экономикалық және заңдылық тұрғыдан оқшауланды. Ұйымның өндірістік - қаржылық қызметінің тиімділігіне деген басқарудың барлық буындардың жауапкершілігі арта түсті. Кәсіпорынды банкроттық пен күйзелуден құтқаруға ешкім көмектеспейтін болды. Өндірістік - шаруашылық қызметтің барлық мәселелерін тиісті ақпарат негіздерінде және оларды талдау арқылы, сонымен қатар өндірістік қызмет түрлерін түбегейлі қайта құру арқылы мәселелерді ұйымның өзіне шешуге тура келді. Бірақ, ұйымдық нысандар тұрғысынан кәсіпорындар ішінде бұрынғыдай жоспарлау сақталып қана қоймай, тіпті оның мәні күшейе түсті, бухгалтерлік есеп, сонымен бірге өндірістік-қаржылық қызметті жан-жақты экономикалық талдау да жалғастырылды. Бірақ, олар көпшілік жағдайда айдың соңында жүргізілгендіктен, оның тиімділігі онша жоғары дәрежеде болмады.

Дегенмен де, түбегейлі өзгерістер, ең алдымен бұрынғы жоспарлау, есеп, бақылау және талдау әдістемесінде басқару үшін экономикалық ақпаратты қалыптастыру мен пайдалану жүйесінде қажет болды. Қазіргі жағдайда өндіріс шығындары мен қаржылық нәтижелер туралы ақпараттарды қалыптастырудың, оларды басқарудың жаңа жолдарын құру, жедел талдау үшін алынатын мәліметтердің жеделдігі мен құндылығын арттырудың дәстүрлі емес жүйесін құру - қазіргі шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі мен бақылауының және талдаудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Экономикасы жоғары дамыған елдерде нарық жағдайындағы ұйымның оңтайлы экономикалық жұмысын ұйымдастырудың мол тәжірибесі жинақталған, мұны отандық кәсіпорындардың есеп тәжірибесінде пайдалану өте қажет. Ұйымды басқару теориясы мен тәжірибесінің шетелдік жетістігінің бірі басқарушылық есеп болып саналады.

Басқарушылық есепті ұйымдастыру мен жүргізу ұйым басшыларының жедел және стратегиялық шешім қабылдауына керекті қаржылық және өндірістік ақпараттарды сәйкестендіру, өлшеу, талдау, дайындау, түсіндіру және ұсыну процесі болып табылады.

Бұл анықтама халықаралық стандарттарға сай және ұйымды басқару үшін есептің мәні мен мазмұнын ең толық сипаттайтын түсінік. Осыған сай басқарушылық есеп ұйымның, оның бөлімшелерінің қызметін стратегиялық басқаруды, бағалауды, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен бақылауды, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етуді қоса алғанда жалпы бизнесті басқару үшін қажетті ақпаратты жедел қалыптастыру мен пайдаланудың барлық жүйесін қамтиды. Бұл жағдайда бухгалтерлік есеп жүйесі, оның ішінде ұйымды басқару үшін пайдаланатын бөлігі басқарушылық есебіне кіреді.

Ғалымдар мен экономисттердің арасында басқарушылық есепті бухгалтерлік есеп жүйесінде және онан тыс та қарайтын әртүрлі көзқарастар бар. Соңғы жылдары басқарушылық есеп кәсіпорын қызметінің қаржылық есебімен, яғни шығындар мен қаржылық нәтижелер, борыштық талаптар мен міндеттемелер, материалдық қорлар мен төлем тәртібін бақылаумен ғана шектеледі. Бірақ өндіріс, өткізу және жабдықтау, сонымен қатар басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау, оның ішінде кәсіпорын үшін маңызы жағынан кем түспейтін өндірістік инвестициялармен байланысты шешімдер басқарушылық есеп өрісінен тыс қалып қалады.

Басқарушылық есеп шаруашылық қызметтерінің нәтижелері бойынша басқарылатын әрбір объектінің есептік жүйесі, жопарлауы, бақылауы мен шығындары туралы мәліметтерді талдауы болып көрінуі, соның негізінде ұзақ және қысқа мерзімді уақытқа ұйымның қызметін оңтайландыру мақсатында әртүрлі тиімді басқарушылық шешімдерін жедел қабылдау үшін ақпараттың негізі болып саналады. Себебі бұрын бухгалтерлік қызмет ешқашан жедел және стратегиялық жоспарлау мен бюджеттендіру, жабдықтау, өндіріс пен өнімді өткізуді басқару үшін ақпараттарды дайындаумен айналыспаған. Бірақ, соңғы кезде экономикалық ақпаратты қалыптастырудың компьютерлік жүйесі көп жылдар бойы өндірістік - шаруашылық қызметті жоспарлау, болжау, есепке алу және талдау арасындағы көбіне шартты түрде болатын кедергілерді жойып жіберді.

Қазіргі таңда ет және шұжық өнімдері өнеркәсібінің тұрақты дамуына және осы саладағы өнімдердің сапалылығы мен сұранысқа ие болуына саладағы өндірістің тиімділігіне ұйымдық-технологиялық жетістіктермен қатар, өндіріс шығындарының басқарушылық есебі мен бақылауы және жедел талдауының алатын орны өте айрықша десек қателеспейміз. Яғни, саладағы дұрыс ұйымдастырылған басқарушылық есеп пен бақылау және талдау қаржылық, материалдық, еңбек және басқа да ресурстарды тиімді, әрі үнемді пайдалануға, өзіндік құнды төмендетуге, сондай-ақ өндіріс тиімділігін арттыруға толық мүмкіндіктер беретіні анық.

Осы аталған міндеттерді орындау үшін шұжық өнеркәсібінің технологиялық ерекшеліктеріне қарай жабдықтау-дайындау қызметіндегі, сонымен қатар өндірістік және коммерциялық-сату қызметтеріндегі басқарушылық есептің ұйымдастырылу тәртіптерін, шығындар мен пайданың өзара байланысын талдау, шығындарды төмендету жолдарын қарастыру, жұмсалған шығындарға ішкі бақылау мен жедел талдау ұйымдастыруды жетілдіру өзекті мәселелер болып саналады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты - нарықтық қатынастар жағдайында шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірістік қызметінің басқарушылық есебін ұйымдастыру әдістемесін жетілдіру болып саналады.

Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеу барысында мына төмендегі міндеттер алға қойылды:

- шұжық өндірісінің ұйымдық және технологиялық сипатына байланысты басқарушылық есепті ұйымдастырудың ерекшеліктерін және оның өндірістік қызметтегі рөлін анықтау;

- шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдардағы жауапкершілік орталықтары мен шығындардың пайда болу орындарын белгілеу;

- шұжық өнімдері өндірісін, табыстары мен шығындарын бюджеттеу және оның орындалуын бақылау үшін басқарушылық бақылау жүйесін ұсыну;

- шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірістік қызметіндегі «Шығын-өндіріс-пайданың» өзара байланысын талдаудың нәтижесінде әдістемелік ұсыныстар жасау;

- шұжық өнімдері өндірісінде ішкі шаруашылық бақылау мен жедел талдау ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесін зерттеп, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Шұжық өнімдерін өндіру ұйымдарындағы басқарушылық есепті ұйымдастыру және оны жетілдіру мәселері бойынша отандық және шетелдік ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектері жоқтың қасы. Ал жалпы басқарушылық есепті ұйымдастыру және оны дамыту сұрақтарына байланысты шетелдік және отандық әдебиеттерде көп көңіл бөлінген. Шетелдік ғалымдардың ішінен К. Друри, Л. А. Крятова, Т. П. Карпова, Б. Нидлз, С. А. Стуков, В. Ф. Палий, П. Драккер, Р. Энтони, А. Яругованың, еңбектері белгілі болса, ал отандық және ресейлік ғалымдар мен тәжірибешілердің, яғни В. К. Радостовец, К. Т. Тайғашинова, К. К. Кеулімжаев, З. Н. Әжібаева, К. Ш. Дүйсембаев, Ф. С. Сейдахметова, С. Жақыпбеков, С. Д. Тәжібаев, Ә. Д. Дәулетбеков, Т. А. Тасмағанбетов, Г. Ю. Касьянова, И. А. Басманов, П. С. Безруких, А. П. Бархатов, А. И. Васильков, Е. А. Голиков, В. Б. Ивашкевич, А. Ш. Маргулис, Р. Манн, В. Е. Ластовецкий, Н. П. Кондраков және тағы басқалардың еңбектерінде кеңінен зерттелген болатын.

Бұл ғалымдардың еңбектерінде өндірістік шығындарды есепке алудың нормативті әдісі мен өнімнің өзіндік құнын есептеуге, сонымен қатар ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін, оның ішінде ет өнімдерін өндіруді талдау әдістемесіне көп көңіл бөлінген. Бірақ, шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың өндірістік қызметіндегі басқарушылық есебін ұйымдастыру мәселелері ғылыми тұрғыдан осы күнге дейін толық зерттелмей келеді.

Нарықтық экономика жағдайында шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға басқарушылық есепті ендіру басқару мамандарының дербестігін арттыру және қабылданған басқарушылық шешімдердің дәлелді қабылдануына және өндірістік қызметтің соңғы нәтижесін жақсартуға көмектеседі. Басқарушылық есеп өндірістік шығындардың мөлшерін анықтап, оларды құжатқа тіркеп, кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне жан-жақты талдау жасап қана қоймайды, сонымен бірге басқарушылық шешімдер қабылдау үрдісін экономикалық тұрғыдан толық дәлелдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, оның саласына өндіріс экономикасы, оны басқару, ұйымдастыру, талдау және өндіріс технологиясына байланысты сұрақтар кездейсоқ енгізілмеген. Басқарушылық есеп шығындарды тиімдірек жұмсауға және оларды оңтайлы басқаруға мүмкіндік беретін экономикалық үрдістің барлық құрамдас бөліктерін зерттейді.

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің қажеттілігі және олардың шұжық өнімдері өндірісінде ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеуі диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін айқындауға негіз болып отыр.

Зерттеудің пәні мен объектісі. Зерттеудің пәні шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдарда басқарушылық есепті ұйымдастыру мен дамыту теориясы мен тәжірибесін талдау және олардың жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.

Зерттеу объектісі ретінде шұжық өнімдерін өндіретін «Алматы ет» және «Семей ет комбинаты» ЖШС-нің шұжық өндірісі таңдап алынды.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Басқарушылық есепті дамыту мен ұйымдастыру мәселелері бойынша зерттелген отандық және шетелдік ғалым экономистердің ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және өндірістік қызмет мәселелері бойынша заңдар мен заң күші бар нормативтік актілер, ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдары, зерттеу жүргізілген ұйымдардың бухгалтерлік есеп мәліметтері пайдаланылды.

Зерттеу әдістері ретінде зерттеліп отырған объектіге жүйелі талдаудың жалпы ғылыми тәсілдері, бақылау және салыстырмалы талдау, тарихи және логикалық ойлау, зерттеу объектісі мен алынған нәтижелерді кешенді сипаттау және тағы басқа әдістер пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Нарықтық экономиканың жаңа талаптарына сәйкес шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдардың өндірістік- шаруашылық қызметінде басқарушылық есепті ұйымдастыруға байланысты мәселелер кешенін тәжірибелік және теориялық жағынан зерттеп, оларды өндіріске ендіруге және одан әрі жетілдіруге байланысты нақты ұсыныстар беру болып табылады.

Қорғауға шығарылған төмендегідей маңызды нәтижелер алынды:

- нарықтық қатынастар жағдайында шұжық өндірісінің ұйымдық және технологиялық ерекшеліктеріне қарай басқарушылық есепті ұйымдастырудың әдістері және оның маңызы анықталды;

- шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдардың өндірістік қызметіндегі табыстар мен шығындардың жауапкершілік орталықтары анықталып, ішкі есептеме нысандары ұсынылды;

- шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдардағы шығындар мен табыстарды бюджеттендіру әдістемесі мен бюджеттің орындалуын жүзеге асыратын басқарушылық бақылау жүйесі ұсынылды;

- шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдарының өндірістік қызметінде «Шығын-өндіріс-пайданың» өзара байланысын талдау әдістемесін қолдану бойынша ұсыныстар жасалынды;

- зерттеу жүргізілген ұйымдарда ішкі шаруашылық бақылау мен жедел талдау ұйымдастырудың ерекшеліктері анықталып, өндіріс шығындары мен өзіндік құнды бақылау және талдау бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Диссертацияда берілген негізгі ережелер, әдістемелер, ұсыныстар мен тұжырымдамалар шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар қызметіне басқарушылық есепті ендіруде қолдануға бағытталған және оларды оқу үрдісінде пайдалануға болады.

Автордың жасаған ұсыныстарын өндірістік қызмет тәжірибесінде пайдалану арқылы ұйымның жедел, тактикалық және стратегиялық басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпараттық-талдаушылық базаларының сапасын арттыруға болады. Бұл жабдықтау, өндірістік және коммерциялық қызметті тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелерінің аппробациясы мен өндіріске ендірілуі. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда және кезеңдік басылымдарда баяндалып, жарық көрді, соның ішінде: ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жинақтарында: «Всесторонняя ускоренная модернизация экономики Казахстана и Средней Азии: современность и перспективы», (КазНАУ им. Аль-Фараби, Алматы, 7-8 декабря, 2007 ж. ), «Қазақстан Республикасының экономикалық өрлеуі жағдайында білім беру жүйесін дамыту», (Халықаралық Бизнес Университеті, Алматы, 30 қаңтар 2008 ж. ), «III Рысқұлов оқулары» (Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Алматы, 19-23 мамыр, 2008 ж. ) және ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған басылымдарда: ҚазЭУ Хабаршысы» - 2008, № 2, 3; «Статистика, есеп, аудит» тоқсандық ғылыми-тәжірибелік журнал - 2008. - №2.

Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен әдістемелік нәтижелері «Алматы ет» және «Семей ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің есеп тәжірибесіне және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша оқу үрдісіне енгізілді.

Зерттеу нәтижесінің басылымдарда жарық көруі. Жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша жалпы көлемі 3, 38 б. т. болатын 7 ғылыми мақала жарияланды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертациялық жұмыс 19 кестені және 3 суретті қамтиды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Бүгінгі таңда басқарушылық есеп тақырыбы - Қазақстандағы басқару теориясы мен тәжірибесінде ең пікір-таласты көп тудыратын мәселелердің бірі болып саналады.

«Басқарушылық есеп» түсінігі (management aceounting) ағылшын тілінен аударылған және біршама қарама қайшылықтарға ие. Мәселен, басқарудың классикалық теориясы тұрғысы бойынша кез келген есеп басқару функциясы болып табылады. Сондықтан бұл анықтама басқарушылық есептің толық мазмұнын сипаттай алмайды. Сонымен басқарушылық есеп сұрақтарын теориялық және тәжірибелік жағынан қарастыру кезінде ғалымдар мен сараптаушылар арасында оның пәндері мен ұйымдастыру жолдары туралы әртүрлі көзқарастар мен ұғымдар бар. Бұл іс жүзінде батыс пен отандық экономикалық-басқарушылық пәндер саласына екі салыстырмалық көзқарасқа байланысты болады.

Қазақстан Республикасының нормативті реттеу заң актілерінде басқарушылық есепке берілген ресми анықтаманың жоқ екенін атап өтуіміз керек. Біздіңше, бұның себебі басқарушылық есепті ұйымдастыру әрбір ұйымның ішкі ісі болғандықтан деп түсінеміз. Мемлекет ұйымды осындай есеп жүргізуге міндеттендіре алмайды немесе оны жүргізудің бірегей ережесін жасап бермейді. Басқарушылық есептің батыстық қалыптасқан практикасы мемлекеттің бұл салаға араласпайтындығын көрсетеді. Бірақ, басқарушылық есептің теориялық және тәжірибелік маңызы зор, сондықтан оған мамандардың зерттеуін талап ететін жеке бағыт ретінде анықтама беру аса маңызды болып саналады.

Сондықтан, біздің ойымызша басқарушылық есеп ұйымның ақпараттық жүйесінің негізгі бөлігі болып отырып, бір жағынан ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметтерін, өндірістік шығындар мен өндіріс көлемін болжамдау, жоспарлауға, сондай-ақ тиімді басқару шешімдерін қабылдау мақсатында қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету, жедел басқару мен бақылауға, оңтайлы басқару шешімдерін қабылдауға, сонымен бірге алға қойған мақсат-міндеттердің орындалуын бағалауға арналған ішкі есеп жүйесі деп түсінеміз.

Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде біз басқарушылық есеп - бұл басқару қызметін тиімді атқаруға, яғни, шешім қабылдау, жоспарлау, талдау, бағалау, бақылау мен реттеуге қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ететін, басқарудың жалпы жүйесіне жекеленген бухгалтерлік есептің бір бөлігі деп толық айта аламыз. Бұл процесс фирма ішінде өздерінің қызметін атқару үшін басқарушылық аппаратқа қажетті мәліметтерді теңдестіруді, өлшеуді, жинауды, жүйелеуді, талдауды, дайындауды, беру мен қабылдауды қамтиды.

Мемлекетіміз тұрғындарды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуде тамақ өнеркәсібіне, оның ішінде шұжық өнімдерін өндіруге жоғары талаптар қойып отыр. Шұжық өнімдерін шығаратын ұйымдар бәсеке қабілетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүдделі және бұл өз кезегінде олардың технологиялық жағдайына және өндірістің алдыңғы қатарлы технологиясын пайдалануға байланысты болады.

Ет және шұжық өнеркәсібі тұрғындарды тек сапалы өніммен қамтамасыз етумен шектелмейді, сонымен қатар олардың нарықта жоғары деңгейде дамуы тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сала болып саналады. Сондықтан, біз Қазақстан Республикасындағы соңғы бес жылда өндірілген ет және шұжық өнімдерінің көлемін толық анықтау үшін төменде берілген 1 кестеде көрсетілген.

1 кесте - Республика бойынша ет және шұжық өнімдері өндірісінің көлемі

Өнім түрлері
2002 ж
2003 ж
2004 ж
2005 ж
2006 ж
2006/2002 %
Өнім түрлері: Ет және еттен жасалған аралық тамақ өнімдері, тн
2002 ж: 90182
2003 ж: 67522
2004 ж: 68815
2005 ж: 85625
2006 ж: 91412
2006/2002 %: 101, 4
Өнім түрлері: Шұжық өнімдері, тн
2002 ж: 9684
2003 ж: 22658
2004 ж: 23057
2005 ж: 25065
2006 ж: 30759
2006/2002 %: 317, 6
Өнім түрлері: Барлығы
2002 ж: 99866
2003 ж: 90090
2004 ж: 91872
2005 ж: 110690
2006 ж: 122171
2006/2002 %: 122, 3
Өнім түрлері: Ескерту - кесте ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтері негізінде жасалынды

Жоғарыда берліген 1 кестенің мәліметтері республика бойынша ет және шұжық өнімдері өндірісінің көлемі соңғы жылдары жоғары деңгейде өндірілгенін байқатады. Яғни республика бойынша барлық ет өнімдері 2006 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 22, 3 пайызға өскен. Соның ішінде ет және еттен жасалған аралық тамақ өнімдері 2006 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 1, 4 пайызға, ал шұжық өнімдері 217, 6 пайызға жоғарылаған. Демек, жалпы республика бойынша шұжық өнімдері өндірісінің деңгейі қарқынды дамып келеді деп қорытынды шығаруға болады. Яғни, бұл еліміздің тұрғындарының ет және шұжық өнімдеріне деген сұранысының жоғарылағанын көрсетеді.

Шұжық өндірісінде екі калькуляция жасалады: шикізатты (жартылай фабрикатты) бөлшектеудің өзіндік құнын есептеу және дайын шұжық өнімдерін өзіндік құнын есептеу.

Жартылай фабрикаттардың нақты өзіндік құнының калькуляциясы шикізаттың әр түрі - сүйектегі сиыр еті, сүйектегі шошқа еті, сүйектегі қой еті және басқа шикізаттар бойынша жасалынады. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастырудың әсіресе өндірістік ресурстардың рационалды пайдалануын күнделікті бақылауды қамтамасыз ететін және шұжық өнімінің тиімділігін арттыру үшін өндіріс шығындары есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызы аса зор. Соған байланысты біз зерттеу жүргізілген «Алматы ет» ЖШС-нің нақты мәліметтері негізінде шұжық өнімдерін өндіруге байланысты еттің өзіндік құнын анықтаудың тәсілін 2 кесте арқылы ұсынып отырмыз.

Біздің ойымызша, шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда өэдерінің ұйымдық-технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріс шығындары жайлы ақпараттарды шығындарды пайда болу орнымен қатар, шұжық өнімдерінің жекелеген түрлері, пайдаланылған материалдың және еңбек ресурстарының түрлерінің белгіленген нормалары және нормадан ауытқу туралы ақпаратты алуды қамтамасыз ететін өндіріс шығындар есебінің тәртібі қажет, яғни шығындарды есепке алу мен бақылаудың нақтылығын күшейтетін өндіріс шығындар есебінің нормативтік әдісін қолданған дұрыс.

Нормативтік әдістің негізгі ұстамы бұл - әрбір өндіріс учаскісі бойынша жоспарлы-өндірістік нормаларды тағайындау болып саналады. Өндірістік нормалармен барлық өндірістік процестер, негізгі шикізаттар мен көмекші материалдар, еңбек ақы шығындары, өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға байланысты шығындар мен үстеме шығыстардың деңгейі қарастырылады.

2 кесте - Еттің өзіндік құнын анықтау тәсілі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гравитациялаушы және кедергілі ортадағы бейстационар үш ості эллипсоид тартылыс өрісіндегі материялық нүктенің қозғалысы
Зерттеудің көкейтестілігі
Сақтандыру рыногінің құрылымы
Жоба тақырыбын таңдау
Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларының тәрбиелік қызметі
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Мемлекет саясатындағы ғылыми - техникалық саясаттың ролі
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау
Этнопедагогика - бұқара халықтың өскелең ұрпаққа тәрбие беру
Кредиттік оқыту технологиясы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz