Дүниежүзілік валюталық жүйе


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1. Валюталық қатынастар ұғымы және валюталық жүйелердің даму эволюциясы . . . 5

1. 2. Валюталық нарықтың түсінігі, қатысушылары мен қызметі . . . 7

1. 3. Ұлттық ақша бірлігінің бағамы және оның өзгеру мәселелері . . . 8

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ: ПАЙДА БОЛУЫ ДАМУЫ

2. 1. Валюта нарығы валюталық саясатты жүзеге асыру құралы ретінде . . . 11

2. 2. Қазақстан Республикасындағы валюта нарығының қалыптасу кезеңдері мен қазіргі жағдайы . . . 19

2. 3. Ұлттық валюта - теңгенің сыртқы конверсиялануының мүмкін жолдары . . . 21

2. 4. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Республикамызда ұлттық валюта теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің барлық атрибуттарын қалыптастырудың соңғы қадамы болды. Оның үлкен экономикалық және саяси маңызы бар. 90- жылдардағы орын алған өндірістің құлдырауы, бюджет тапшылығы және инфляцияның үздіксіз өсуі жағдайынан өтіп, қазіргі жағдайда Қазақстан импортты алмастыратын өндірісті дамыту мақсатында, оның технологиялық профилін өзгертіп, қайта құрылды, мемлекеттің төлем балансын жақсартты, инфляция қарқынын бәсеңдетті. Осы көрсетілген жағдайларға жету теңгені конверсияландыруға негіз болып табылады.

Курстық жұмыстың жұмыстың өзектілігі - елдегі жүргізіліп жатқан валюталық саясаттың нәтижесінде бүгінгі таңдағы Қазақстандағы валюта нарығының жұмыс барысын, оның экономиканы реттеудегі рөлін талдау болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан валютасын қолдау туралы халықаралық валюта қорымен, бүкіл дүниежүзілік, европалық және Азия даму банкілерімен, сондай-ақ әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол жеткізілді. Дегенмен, ұлттық валютаның тұрақтылығын, оның халықаралық деңгейде сатып алу қабілетін орнықтыру біздің өзіміздің ішкі потенциалымызды пайдалануымыздан, экономикалық реформаларды Қазақстанның ерекшелігін ескере отырып, байыпты түрде жүзеге асырудан тәуелді болмақ.

Курстық жұмыстың жұмыстың ғылыми жаңалығы - валюталық саясаттың нәтижесінде бүгінгі таңдағы Қазақстандағы валюта нарығының жұмыс барысын, оның экономиканы реттеудегі рөлін талдау болып табылады. Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта - қаржы және несие қатынастарына белсенді түрде қатысуын талап етеді.

Валюта бағамы- негізгі макроэкономикалық көрсеткіш болып табылады және оның өзгеруі елеулі түрде экономикаға әсер етеді, нақтырақ- әлемдік нарықтағы ұлттық өнімнің бәсекелесу қабілеттілігіне, елдегі инвестициялық жағдайға, ақша айналымы мен инфляцияға, капитал миграциясына. Негізгі валюталық саясаттың бірі - бұл теңгенің тұрақтылығы мен жоғары сатып алу қабілетін қамтамасыз ету, оны болашақта конверсиялану қабілеті бар валютаға айналдыру.

Курстық жұмыстың практикалық маңыздылығы - Валюталық қатынастарды реттеу қажеттігінің мәселелері мен мемлекеттің араласуының дәрежесі ақша-несие саясатында маңызды орын алады. Ереже бойынша валюта режимі ұлттық экономика мен әлемдік экономиканың жағдайы және өзара іс-қимыл жасауымен пара-пар бұзылған жағдайда, анықталған мәселе бойынша талқылаулар күшейеді. Еркін қалқымалы валюта бағамы жағдайында, валюталар арасындағы қатынас құнның сұраныс және ұсыныс заңдарымен белгіленеді, ал ол болса, нарықтық валюта нарығының мәнін құрайды. Номиналды валюта бағамының өзгеруі нақты валюта бағамының өзгеруіне әкеледі, нәтижесінде экономиканың нақты секторында - оның белсенділік деңгейінде, ресурстардың орналасуы мен құрылымында бейнеленеді. Кей жағдайда, мұндай әсер ету мемлекеттің валюталық қатынастарға араласуын қажет ететін келеңсіз нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Курстық жұмыстың мақсаты - валюталық қатынастардың экономикалық мәні мен мазмұнын аша отырып, оларды жетілдірудегі өзекті мәселелерді анықтау және ұлттық валюта-теңгенің сыртқы конверсиялану мәселелерін қарастыру болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті - валюта нарығының бүгінгі таңдағы жұмыс жасауын қарастыру, Қазақстандағы валюталық қатынастармен валюта нарығының қалыптасуы мен дамуын, олардың нәтижелерін, сондай-ақ, валюта нарығының бағыттарын талдау, ұлттық валютаның толық конверсиялану мәселесін отандық және шетелдік тәжірибелер негізінде шешу жолдарын қарастыру болып табылады.

Курстық жұмыстың зерттелу нысаны: Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының ресми статистика мәліметтерін, ағымдық баспасөз беттеріндегі ғылыми-зерттеу мақалаларын, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен оқу құралдарын пайдаланбақпын.

Курстық жұмыстың теориялық базасы және әдіснмасы ретінде батыстың жетекші экономист-практиктерінің еңбектері, отандық ғалымдарымыз қаржыгер-экономистердің пікірлері мен еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдылық актілері мен үкімдері негіз болады.

1 ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Валюталық қатынастар ұғымы және валютанық жүйелердің даму

эволюциясы

Валюта (итал. мағынада «баға, құн») - бұл елдің ақша бірлігі. Халықаралық валюталық қатыныстар - бұл ұлттық шаруашлық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатыныстардың жекелеген элементтері - вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы «вексель жәрмеңкелері» мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұлыну салаларына қатысты қатысты халықаралық экономикалық қатынстарға делдал болады.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді. Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда-бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы. Ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік - құқықтық формасы. Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан:

- ұлттық,

- дүниежүзілік,

- аймақтық.

Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық - экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды.

Ұйымдық - заңдық тұрғысынан қарағанда - бұл ішкі шаруашылық байланыстарды интернационаландыру негізінде тарихи түрде

қалыптасқан және халықаралық құндық нормаларын ескере отырып, ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды

ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық влюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дэрежесімен анықталады.

Ұлттық валюталық шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық- валюталық қатыныстарды ұйымдастыру формасы дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер эконоикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік - құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастыруымен, өңдірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады.

Ұлттық және дүнижүзілік валюталық жүйелердің негізгі элементтері. Ұлттық валюталық жүйе:

1 . Ұлттық валюта

2. Ұлттық валютаның айналым дәрежесі.

З. Ұлттық валютаның паритеті.

4. Ұлттық валюта бағамының тәртібі.

5. Халықаралық валюталық өтімділік

6. Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы.

7. Халықаралық несиелік айналыс құралдары, оларды пайдалану ережелерінің регламентациясы.

8. Елдің халықаралық есеп айырысу регламентациясы.

9. Ұлттық валюталық нарық пен алтыннарығының режимі.

10. Елдің валюталық қатынастардың реттеуші және қызмет көрсетуші

ұлттық органдар.

Дүниежүзілік валюталық жүйе:

1 . Халықаралық есептесу бірлігі, резервтік валюталар.

2. Валюталардың өзара айналымдылығының шарты.

З. Валюталық паритеттерінің біртұтас режимі.

4. Валюталық бағамдардың режимдерінің регламентациясы. 5. Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу 6. Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу

7. Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдаланудың біртұтас ережесі.

8. Халықаралық есеп айырысулардың негізгі формаларының біртұтастығы.

9. Дүниежүзілік валюталық нарықтар және алтын нарықтардың режимі. 10. Мемлекеттік валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар.

Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып, дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушы болып саналады. Жалпы Қазақстан республиксының шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастардың негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған. Оларға «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; «Қазақстан Республикасының ұлттық банк туралы» 1995 жылдың 30 науырыздағы заң; «Асыл тастар және қымбат бағалы металдармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» 1995 жылдың 20 шілдедегі заң; «Банк және банк қызметі туралы» 1995 жылдың 31 тамызындағы заң; сонымен қатар Қ. Р. Президентінің Жарлықтары, Үкімет қаулылары мен Ұлттық банк басқармасының нормативтік актілері (мысалы, 1994 жылдың 24 қарашасындағы Ұлттық Банк басқармасы бекіткен «Қ. Р-да валюталық операцияларды жүргізу тәртібі») .

1. 2 Валюталық нарықтың түсінгі, қатысушылары мен қызметі

Еркін әлемнің экономикасы ауқымды дәрежеде бір- бірімен байланысты болып келеді, яғни ұлттық валюта басқа мемлекетте төлем қабілеттілігіне ие болу үшін, оны сол елдің валютасына айырбастау қажет, ол болса валюта нарықтары арқылы жүзеге асырлады.

Валюта нарықтары дегеніміз - сұраныс пен ұсыныс негізінде шетелдік валютаны ұлттық валютаға құны бойынша сатып алу мен сатуды жүзеге асыратын орталықтар. Сондықтан валюталық нарықтың субъектілерін анықтау маңызды болып табылады. Қазақстан заңдары бойынша валюталық қатынастардың субъектілері болып «резиденттер» және «резиденттер еместер» саналады. Резиденттерге жататындар:

- Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша шетелдерде мемлекеттік қызметте жүргендер;

- Қазақстан Республикасының заңдары бойынша құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және одан тыс жерлердегі өкілдіктері;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктер, сондай-ақ шаруашылық немесе коммерциялық іспен шүғылданбайтын өкілдіктер.

Резиденттер еместерге жататындар:

- Қазақстан Республикасының сыртында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына уақытша келушілер;

- Басқа елдің заңдары бойынша құрылған басқа елде орналасқан заңды ұйымдар;

- Шетел заңдары бойынша құрылған Қазақстан Республикасы сыртында орналасқан ұйымдар және кәсіпорындар;

- Қазақстан Республикасындағы шетел дипломатиялық арнаулы елшілер, халықаралық ұйымдар, олардың филиалдары және өкілдіктері. Резиденттер сияқты резиденттер еместерді олардың валюталық нарықта жүзеге асыратын экспорттық және импорттық операциялары байланыстырады. Яғни, егер шетел валютасына сұраныс көзі импорт болса, онда оның ұлттық нарықта келуінің көзі болып - экспорт табылады. Егер

экспорт импорттан көп болса, мұндай жағдай тек қана елдің ағымдық төлем балансының оң сальдосына әкелмейді, сондай-ақ шетел валютасының ұсынысын жоғарлатады, ал ол болса оның құнының төмендеуіне әкеледі.

Екінші жағынан, резиденттердің импортты көбейтуі және ұлттық нарықтағы резиденттер еместердің тең болуы, тиісті шетел валютасына сұранысты көбейтіп, отандық валютаның құнының төмендеуі негізінде, оның курсын жоғарлатады. Анықталған нарықтық процестер мемлекеттік реттеудің қатысуынсыз өтіп, «нарық билігіне» толық тәуелді болуы тиіс.

Ұлттық валюта нарықтары дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің барлығында қызмет атқарады. Ұлттық нарықтардың дамуы мен олардың өзара байланысының күшейуі арқылы біртұтас дүниежүзілік валюта нарығы қалыптасты. Оның құрамына дүниежүзілік, аймақтық, ұлттық валюта нарықтары кіреді.

Валюталық нарықтың қатысушылары ретінде орталық және коммерциялық банктер, валюталық биржалар, брокерлік агенттіктер, халықаралық корпорациялар орын алады. Сонымен қатар валюталық нарықтың жеке қатысушылары болып табылатын өз елінен тыс жерде саяхатта жүрген туристер, шетелде тұратын туыстарынан ақшалай аударымдарды алатын тұлғалар, шетел экономикасына капиталын салушы жеке инвесторларды жатқызуға болады.

Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу сату мәмілелері Ұлттық банк валюта операцияларын жүргізуге берген лицензия бойынша өкілетті коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.

1. 3 Ұлттық ақша бірлігінің бағамы және оның өзгеру мәселелері

Валюталық жүйенің маңызды элементі - валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталарымен айырбастың қажеттігін: дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделді.

Валюталық бағам - бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы.

Валюталық бағамның нарықтық экономикадағы маңызы зор, ол қоғамда болатын көптеген макроэкономикалық процестерге әсер етеді. Валюталық бағам арқылы әр түрлі елде өндірілген тауарлар мен қызметтердің бағалары салыстырлады. Әлемдік нарықтағы ұлттық тауарлардың бәсекелесу қабілеттілігі, экспорт пен импорттың көлемі, яғни ағымдық операциялар балансының жағдайы валюталық бағамның деңгейіне байланысты болады.

Валюталық бағамның динамикасы, оның тербелу дәрежесі қоғамның экономикалық және саяси тұрақтылығының көрсеткіші болып табылады. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.

Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:

Саяси тұрақтылық, валюталық саясат және т. б. экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталтын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы тепе-теңдік, жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т. б. Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.

Монометаллизм тұсында - алтын немесе күміс валюталық бағамның базасы монеталық (алтындық) паритет болып табылды, яғни ол, әр түрлі елдердің ақша бірліктерінің олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын монометаллизмі тұсында валютаның бағамы алтын паритетіне сүйенді (валюталардың шекті қатынасы олардың ресми алтындық құрамына байланысты) және стихиялы түрде алтын нүктелерінің шегінде оның айналасында ауытқып отырады. Алтын нүктлерінің классикалық механизмі тек екі жағдайда жүзеге асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару. Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды. 1930-1933 жж. фунт стерлингтің алтындық құрамы 7, 32 г болса, ал АҚШ долларыныкі - 15г. Бір фунт стерлингтің монеталық паритеті былай анықталды: 1 ф. ст = 7, 32000/1, 50416=4, 86доллар. Фунт стерлингтің ең төменгі бағамы (Англия мен АҚШ-тың пассивті төлем баланысы тұсында ) монеталық паритеттен оның аударым құны - 0, 05 доллар. Фунт стерлингтің төменгі алтындық нүктесі 1 ф. ст. = 4, 86+0, 5 = 4, 18 (долл) . Валюталық бағамның осы нүктесіне жеткен кезде АҚШ - қа алтынның кетуі басталды. Жоғары алтындық нүкте жеткен кезде (1ф. ст. =4, 86 доллар+0, 5долл. =4, 91долл. ) АКД - тан алтынның келуі байқалады.

Валюталық бағам алтын нүктелерінің шегінен шығып кете алмады, себебі осы нүктелерге жеткенде борышқорлар үшін, тауарларды ұлттық валютаға сатып алып, ал алтынды сыртқа шығарған тиімдірек болады. Алтын

стандартын алып тастағаннан кейін, алтын нүктелерінің механизмі істен шықты. 1971 жылы долларды алтынға ресми бағасы бойынша ауыстыру тоқтатылғаннан кейін, валюталардың алтындық құрамы және алтын париттеттері сандық түсінікке айналды. Халықаралық валюта қоры оларды 1975 жылдан жариялауды тоқтатты. Валюталық бағамның негізі ретінде алтын паритетінен заңды түрде бас тарту Ямайка валюталық конференциясымен рәсімделеді. Бұл жағдайда валюталық бағамның қалыптасу ерекшелігі мынада: валюталар өзінің құндық көрінісін алтында емес, яғни алтын нарығында стихиялы түрде болатын нақты баға ауқымы, несиелік ақшалардың салыстырмалы құны арқылы болуында. Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауытқыды. ХВҚ-ның Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-да валюталық «қоржын» базасында бекітілді.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ: ПАЙДА БОЛУЫ ДАМУЫ

2. 1 Валюталық реттеу валюталық саясатты жүзеге асыру құралы ретінде

Көпжылдық әлемдік тәжірибе экономиканың нарықтық түріне мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігін куәландырады. Күрделі байланыс жүйесімен сипатталатын нарықтық шаруашылық, таза күйінде мемлекеттің араласуынсыз тиімсіз әрекет етеді деуге болады.

Көптеген ғалым-экономистер әр түрлі мемлекеттердің қазіргі кездегі экономикасы жеке және мемлекеттік сектор бір-бірімен байланыста болатын аралас экономика түрінде көрінеді, сонымен қатар ол мемлекеттік те жеке де болып табылмайды.

Нарық - бұл негізгі экономикалық міндеттерді шешуге қабілетті механизм. Бірақ та ол нарықтық типтегі экономиканың анықталған «ойын, ережелерін» қолдайтын мемлекетсіз дұрыс қызмет ете алмайды.

Нарықтық қызметті белсенді түрде ынталандырудағы мемлекеттің ролі туралы сұрақтар қашанда әртүрлі экономикалық мекетеп өкілдері арасында қызу даулар туғызып келеді.

Айта кететін жәйт, бұл мемлекеттің экономикалық процестегі екі жақты қатысуы. Ол құқықтық актілерді шығарып, және сол арқылы әкімшілік реттеуді жүзеге асырады. Екінші жағынан, мемлекет анықталған мүліктің иеленушісі болып табылады, яғни тікелей экономикалық қызметті жүзеге асырып, жалпы заңдарға бағынады.

Нарықтық механизімнің кемшіліктерін жұмсартатын негізгі шаралар ретінде, экономикалық теорияда ақша-несие және бюджет-салық саясаттары қарастырлады. Олар арқылы экономиканың жаңа сапасына көшуге мүмкіндікті жүзеге асыратын экономикаға әсер ететін нақты механизм қалыптасады.

Бірақ В. Родионова - «мемлекеттің экономикаға араласуы объективті шектеулерге ие болуы тиіс, артық араласу экономикалық ынталанулардың әлсіреуіне, барлық нарықтық механизімнің қызмет ету тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін» - деп жазады.

Қазақстандық ғалымдардың ішінде мемлекеттік қаржылық реттеу мәселелері жөнініде өз зерттеулерінде Н. Қ. Мамыров, Ж. О. Ихданов, В. Д. Мельников, А. Б. Зейнелгабдин сияқты профессорлар мен М. Оспанов, Е. Дербисов және т. б. экономистер қарастырған.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарық экономика жағдайында мемлекет тарапынан валюта нарығы жүргізіледі. Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің маңызды тарихи даму кезеңінде валюталық саясат жүргізуге тиісті.

Валюталық саясат - бұл валюталық қатынастар мен ақша айналысы аясындағы, елдің экономикасы мен қазақстандық теңгенің төлем қабілеттілігіне әсер ету мақсатындағы Қазақстан мемлекеті мен Ұлттық банкпен жүргізілетін іс-шаралардың жиынтығы, яғни валюталық саясат бұл - мақсат емес, ол экономикалық реформаларды жүргізу құралы деп айтуға болады.

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшкен кезіндегі валюталық саясатының мақсаттары болып мыналар табылады:

- «елдегі жаппай долларландыру» дегенді тоқтату;

- ұлттық валюта-теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- теңгенің конверсиялануына жету мен оны қамтамасыз ету.

Валюталық қатынастарды реттеу қажеттігі жөніндегі алғашқы әңгімелерді Бреттон-Вуд валюталық жүйесінің құлдырауы және валюталық курстың жаңа режиміне ауысу кезеңіне жатқызады. Әңгімелердің екінші кезеңі ретінде, жаңа валюталық тәртіптің қызмет ету тәжірибесі жинақталған кездегі 80-ші жылдардың ортасын есептеуге болады. Бұл уақытта қалқымалы валюталық бағамдардың экономикаға әсер етуінің нәтижелері анықталған болатын. Валюталық бағамдардың тәртібі қысқа және ұзақ мерзімді перспективада да шекті тұрақсыздығымен ерекшеленді. Ұлттық валютаның айырбас курсының елдің экономикалық өсуіне тигізетін әсерін еске ала отырып, мемлекет валюталық қатынастарға өзінің араласу құқығын қалдырды.

Төлем балансы валюта нарығын оқып зерттеу процесінде негізгі орынға ие болады, ол төмендегідей бірнеше себептерге негізделеді:

- біріншіден, өзінің табиғаты бойынша, төлем баланстары тұрақты түрде активті немесе пассивті сальдоға ие бола алмайды.

- екіншіден, төлем балансының тепе-теңдігінің автоматты түрде қалпына келтірлуі жөніндегі еркін қалқымалы валюта концепциясын әзірлеушілердің дәріптелген ұсыныс ойлары ақталмады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық жүйе және оның түрлері жайлы
Дүниежүзілік валюталық жүйе элементтері
Валюталық жүйелер
Халықаралық валюталық қатынастар
Дүниежүзілік валюта айналымы
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі
Әлемдік валюталық жүйенің даму кезеңдері
Валюта жүйе: мәні мен түрлері және негізгі элементтері
Валюталық нарықты валюталық қатынастар мен валюталық операциялар
Валюталық жүйе және оның түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz