Жалпы және әкімшілік шығыстардың номенклатуралық баптары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

І. Жалпы және әкімшілік шығыстардың сипаттамасы және олар туралы мәліметті қалыптастыруда бухгалтерлік есептің ролі.

ІІ. Жалпы және әкімшілік шығыстардың номенклатуралық баптары.

ІІІ. Жалпы және әкімшілік шығыстардың синтетикалық баптары.

ІV. Жалпы және әкімшілік шығыстардың талдау есебі және оларды есептен шығару тәртібі.

  1. Жалпы және әкімшілік шығыстарды есептен шығаруды есепке алу және оның құрамын жетілдіру жолдары.

Қорытынды.

Қосымшалар.

Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан өнімдерінің, тауарларының, басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы субъектінің шығыстары болып табылады. Шаруашылық субъектісіндегі шығыстардың есебі 7200 - “Жалпы және әкімшілік шығыстар” деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.

“Тауарлы- материалдық қорларды есепке алу” атты №7 бухгалтерлік есеп стандартына және оған берілген әдістемелік нұсқауларға сәйкес шығындар субъектілермен тауарлы - материалдық қорлардың өзіндік құнына енгізілмейтін және мерзім шығындары болып табылатын (есепті мерзімде шығарылған шығындар) шығындар қарастырылады.

Субъект мерзім шығындарын белгілі мерзімде ешқандай жұмыс атқармаса да шегеді және оларды есепке алу мен есеп берудегі көрінісі тұрғысынан мерзім шығындары тауарлы - материалдық қорлардың қалдықтарына жатқызылмайды. Сондықтан, мерзім шығындары - субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің есеп берудегі нәтижелердің көрсеткіші.

Өнім өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстар болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылық жүргізуші субъект, еш нәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.

“Тауарлы - материалдық қорларды есепке алу” атты №7 бухгалтерлік есеп стандартына және оған берілген әдістемелік нұсқауларға сәйкес мерзім шығындары құрамына 3 шығын тобы кіреді:

  • жалпы және әкімшілік шығыстар; тауарлы - материалдық қорларды өткізу шығындары; несие үшін пайыздар төлеу шығындары;

Бұл шығыстар тауарлы - материалдық қорлардың қалдығына жатқызылмайды, олар өзі орын алған есептік кезеңнің жиынтық табысын азайтып есептен шығарылады. Олар сатылмаған өнімнің және аяқталмаған өндірістің қалдықтарына жатқызылмайды.

“Жалпы және әкімшілік” атты шығыстың бұл түріне бүкіл және өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруға байланысты кезеңдік шығыстар жатады. Бұл шығыстардың есебі 7210 “Жалпы және әкімшілік шығыстар” деп аталатын активті шотта жүргізіледі.

Жалпы және әкімшілік шығыстарды есепке алудың негізгі мақсаты - ұйымдағы бухгалтерлік есептің ақпаратты және бақылау, талдау функцияларын күшейту, сонымен қатар оның материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын өте тиімді пайдаланудағы ролін арттыру арқылы шығындардың тиімділігін арттыру және кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту болып табылады.

Осы курстық жұмыстың мақсаты - ұйымда бухгалтерлік есеп жүргізуде болатын жалпы және әкімшілік шығыстардың сипаттамасын, бухгалтерлік есептегі ролін, номенклатуралық баптарын, синтетикалық есебін, есептен шығару тәртібін және оның жетілдіру жолдарын кеңінен қарастыру.

1. Жалпы және әкімшілік шығыстардың сипаттамасы және олар туралы мәліметті қалыптастыруда бухгалтерлік есептің ролі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үрдістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізгендігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәлімет жинақтау бухгалтерлік есеп пәні болып табылады. Бұл пәннің негізгі мақсаты осы бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны басқадайэкономикалық пәндермен салыстырып, ұқсастықтар мен айырмашылықтарын, өз ерекшеліктерін теориялық, сондай-ақ іс-тәжірибелік тұрғыдан сипаттау болып табылады.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез-келген кәсіпорындарда, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үрдістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда дәлелденіп отыр.

Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты - кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.

Бухгалтесеп кез-келген кәсіпорынды есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады.

Кәсіпорынның шаруашылық операцияларының тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң қатаң тәртіп пен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады.

Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістердің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден бір негізі болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымдық мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - ұйымның өз экономикалық және саяси жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық мәліметтері мен кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету. Өнім өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстар болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылық жүргізуші субъект, еш нәрсе өндірмесе де белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды. Кезең шығыстарына “Жалпы және әкімшілік шығыстарын” жатқызамыз. Бұл шығыстар тауарлы-материалдық қорлардың қалдығына жатқызылмайды, олар өзі орын алған есептік кезеңнің жиынтық табысын азайтып есептен шығарылады. Олар сатылмаған өнімнің және аяқталмаған өндірістің қалдықтарына жатқызылмайды. Бұл шығыстардың есебі 7210 “Жалпы және әкімшілік шығыстар” деп аталатын активтік шотта жүргізіледі.

Кәсіпорындағы шығыстардың тиімділігін арттыру мәселелерін шешуде бухгалтерлік есеп аса маңызды роль атқарады. Ол негізгі ақпарат көзі және экономикалық мәліметтерді жеткізуші болып табылады және де барлық өңделетін экономикалық ақпараттың 90% бухгалтерлік есептің үлесіне тиеді. Сондықтан, бухгалтерлік есептің негізгі ақпарат көздері ретінде - кәсіпорындағы шығыстардың тиімділігін арттыру мәселелерін шешудегі ролі, ең алдымен, шаруашылық құралдардың және оларды қаржыландыру көздері немесе міндеттемелер және меншік капиталы, сондай-ақ кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жан-жақты көрсететін экономикалық қорытынды көрсеткіштері туралы жеткілікті толық, экономикалық негізделген және ең шынайы ақпарат берумен айқындалады. Сонымен бірге, бухгалтерлік есеп материалдық, еңбек және қаржы қорларын пайдалану бойынша жасалған шаруашылық операцияларын құжаттармен негіздеуде және үздіксіз көрсетуді талап етеді, соның арқасында көптеген не әртүрлі шаруашылық операциялары қорытындыланады және үйлесімді ақпараттық жүйелер түрінде көрсетіледі, ол өз кезегінде кәсіпорындағы шығыстардың тиімділігін арттыру мақсатында қолда бар қорлардың сақталуын және ұтымды пайдалануын қатал қадағалайтын бухгалтерлік есептің бақылау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің №7 “Тауарлы-материалдық қорларды есепке алу” деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпорындардағы жалпы және әкімшілік шығыстардан (өзге шығындардан басқа) тұратындықтан кәсіпорындағы шығыстардың тиімділігін арттыру мәселелері, оның құрамдас бөліктерінің тиімділігін арттыру арқылы шешілуі керек. Сондықтан шығыстардың тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін (резервтерін) анықтау үшін бухгалтерлік есептің бақылау қызметтерін күшейту мақсатында жалпы және әкімшілік шығыстардың белгіленген есептік баптар тізбегіне сәйкес олардың сметаларын жасап, оны бекітуі қажет және сметалық-қаржылық тәртіпті сақтау үшін қатаң бақылау қою керек. Мұндайда бас бухгалтердің ролі есепті ұйымдастырушы ретінде тек сметадан тыс, артық шығындар жасауға тыйым салумен ғана шектелмейді, ол сметамен қарастырылған шығындардың әрбір түрінің тиімділігін арттыруға және кәсіпорындардың жалпы және әкімшілік басқару аппаратын ұстау шығындарын барынша қысқартуға жасалған шаралардың орындалуы үшін белсенді күрес жүргізуі тиіс.

2. Жалпы және әкімшілік шығыстардың номенклатуралық баптары.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан өнімдерінің, тауарларының, басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы субектінің шығыстары болып табылады. Шаруашылық субъектісіндегі шығыстардың есебі 7200 “Жалпы және әкімшілік” шығыстар деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында есепке алынады.

Жалпы және әкімшілік шығыстар көлеміне бақылауды күшейту және олардың тиімділігін арттыру мүмкіндігін анықтау мақсатында “Тауарлы материалдық қорларды есепке алу” атты №7 бухгалтерлік есеп стандарты мен оған берілген әдістемелік нұсқаулардың талабына сай және сауда мекемелерінің қаржы шаруашылық қызметінің ерекшеліктерін ескеріп, жалпы және әкімшілік шығыстарын есепке алуды мынадай жасалған есептік баптар тізбегі бойынша жүргізуді ұсынады (1. 2. кесте)

Жалпы және әкімшілік шығыстар баптарының тізбесі.

Баптар
Шығындар баптарының атаулары.
Баптар: 1
Шығындар баптарының атаулары.: Көліктік қызмет көрсету шығындары
Баптар: 2
Шығындар баптарының атаулары.: Басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы қызметкерлердің еңбектеріне ақы төлеу шығындары
Баптар: 3
Шығындар баптарының атаулары.: Еңбекке ақы төлеу аударымдары
Баптар: 4
Шығындар баптарының атаулары.: Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы объектілерді (кеңсе, офис, т. б) күзету, қызметкерлердің еңбек және техника қауіпсіздігін сақтау шығындары
Баптар: 5
Шығындар баптарының атаулары.: Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтар мен инвесторларды жалға алу және ұстау шығындары
Баптар: 6
Шығындар баптарының атаулары.: Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы
Баптар: 7
Шығындар баптарының атаулары.: Басқару техникалық құралдарын ұстау және қызмет көрсету шығындары
Баптар: 8
Шығындар баптарының атаулары.: Басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы қызметкерлердің іссапарлары мен жүріп тұру шығындары
Баптар: 9
Шығындар баптарының атаулары.: Мүліктік және басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы қызметкерлерді жеке сақтандыру шығындары
Баптар: 10
Шығындар баптарының атаулары.: Тауарлы-материалдық қорлардың белгіленген табиғи кему шегін (нормаларынан) тыс ырапталуы (жоғалуы), сондай-ақ талаптардың негізсіздігінен соттың өндіріп алуға қарсылығына байланысты жетіспеушілігінен және жұмсап қоюдан болған ысыраптар.
Баптар: 11
Шығындар баптарының атаулары.: Басқадай жалпы және әкімшілік шығыстар
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығындар баптарының атаулары
Кезең шығындарының есебі
Ұйымның есеп саясатын жəне қаржылық жағдайы
КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ЕСЕПТЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Материалдардың өндірістегі жұмсалуына бақылау жасау әдістері
Шығыс түрлері және үстеме шығыс
Дайын өнімді есептеу және оның қозғалысын ұйымдастыру
Тауарлардың мәні және негізгі түсінігі
Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі
Өндірістік шығындар есебінің ұйымдастырылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz