Кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қаржының функциясы және рөлі.
2. Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидалары.
3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы.
4. Қаржының құқықтық мәні
5. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың
әдістері

ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қаржы - ақша қаражатын, қаржы ресурстарын олардың жасалуы мен
қозғалысы, бөлінісі тұрғысынан алып қарайтын, сондай – ақ шаруашылық
жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айрушыларға, ақша айналысына
байланысты туындайтын экономикалық термин.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет оларды реттеу
механизмінде де қаржы зор рөл атқарады.
Қаржы – нарықтық қатынастардың құрылымды бөлігі және мемлекеттік
саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда Қазақстан экономикасын
ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды
пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен, ақшалай қорланымдарды, табыстарды және
қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және
қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға болатын экономикалық
қатынастар қаржы туралы ғылымның мәні болып табылады.
Қаржы (қолма – қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдың
латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен
шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, өндірістік қатынастарды білдіретін
ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі
экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды
экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық
шаруашылықтан жүйелі тауар – ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып,
дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен
тығыз байланысты. Бірінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізетін
авторды атау қиын.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар – ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Түрлі
қоғамдық – экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына
себептерге байланысты:
• әртүрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық
құрылымы сай келеді. Қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына
қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке
алады.
• кез – келген қоғамдық – экономикалық формацияларда қаржы билеуші
таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен
міндеттеріне бағынады.
• өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін
тудырады. Мәселен, құл иеленуші және федалдық формацияларға
натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табыстың
қалыптасуы да көбіне натуралдық сипатта болады.
• Егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылымдық міндеттеріне
қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен анықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс
істейтін басқа экономикалық категориялардан – кредиттен, жалақыдан, бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржы – ақша қатынастарының жиыны, олардың түрлі ажырамас бөлігі. Ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамның ұдайы өндірістің түрлі
субъектілер арасындағы бүкіл ақша қатынастарын білдіреді. Сондықтан оның
маңызы экономикалық қатынастарды ақша қатынастарының қандай орын
алатындығында.
Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы
буын болып табылады. Қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға
болады.
Қаржы – бұл шаруашылық субъектілер жүргізуші және қайта бөлу процесіне
ұшырайды. Бұл процестердің маңызды рөлін қаржы атқарады. Қаржының жұмыс
істеуінің нақты шарты ақшаның пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші
еңбектерінің мемлекеттік қызметін қамтамасыз ететін ресурстарының
қажеттілігі болып табылады.
Қаржының мәні – ақша нысанындағы құқық қозғалысынан туындайды. Бұл
қозғалыстың шарты тауар – ақша қатынастарының болуы және экономикалық
заңдылықтардың іс - әрекеті болып табылады.

1. Қаржының функциясы және рөлі.

Қаржының мәні іс - әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан
айқын көрінеді. Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияларға тән
қызмет тобын; мәнін; іс – қимылдығы көрінісін сапаның өзіне тән
категориялары кескінінің айырмашылықты әдістерін білдіреді.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштігі және ұдайы өндіріс тәрізді 2
тұжырымдамасы танылып отыр.
1) қаржы қоғамдық өндірістің 2 стадиясында ақшы нысанындағы
қоғамдық өнімнің құнын бөлу процестерінде пайда болады.
Қаржының бөлгіштік сипаты оның іс - әрекет ету ерекшелігін
көрсетеді. Бұл тұжырымдамаға сай қаржы 2 функцияны орындайды:
бөлу және бақылау.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса
маңызды бөлігі – ұлттық табысты, ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және
қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Қоғамдық өмірде бөлу
алғашқы және кейінгі, қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемімен орнын
толтыру қоры мен амортизациялық аударымдар шығарып тасталады және жаңадан
жасалған құн ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің өндірістік
сферасының және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады.
Қайта бөлу кезінде салалық сондай – ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық
жүргізуші субъектілері бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан
процесін қамтиды. Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу 2
әдіспен жүзеге асырылады:
Қаржылық – бюджеттік әдіс – ол бюджетке табыстарды алғанда және
бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
Несиелік – банктік әдіс – ол уақытша босқаржы ресурстарын жұмылдыруды
және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді. Қоғамдық өнімді
құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының –
нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және т.б.
көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Қаржының бөлшектік функциясы аумақаралық,
салааралық; ішкісалалық және ішкішаруашылық болып бөлінеді.
Аумақтық және салааралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге
асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық жүргізуші субъектілердің
бірінен алынып, қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен басынан кешіріп
отырған әкімшілік – аумақтық бірліктер мен салаларға беріледі. Қайта
бөлудің бұл түрінің арқасында бүкіл экономикалық үйлесімді дамуына қол
жетеді, бұл Қазақстан жағдайында түпкі саладағы өндірістің дамуы үшін,
артта қалған аймақтарда экономика мен әлеуметтік – тұрмыстық инфроқұрылымды
өрлету үшін, өтемөте көкейтесті болып табылады. Ішкісалалық және
ішкішаруашылықтық қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында
шаруашылық жүргізуші субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет
ететін комерциялық есеп пен өзін - өзі қаржыландыру әдістерінің
енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.
Демек, қаржы бөлгіштік функция арқылы ақшалай табыстарды қалыптастыру
және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің
экономикалық мүдделерін қамтып, көрсететіні белгілі бір қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Қаржының бақылау функцияларын жүзеге асырудың нысаны қаржылық
көрсеткіштерді білдіретін қаржы ақпараты болады. Ұдайы өндіріс процесіндегі
қаржының бақылау функциясының рөлі қаржылық тәртіп арқылы жүзеге асумен
және оның жайымен нормалар мен нормативтердің сақталуымен байланысты
болады.
Қаржылық тәртіп оны бұзушыларға қаржы санкцияларын қолдана отырып,
мемлекеттік парызды сақтауға негізделген. Бақылау функциясы қаржылық
бақылауда – жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты
арналым бойынша жасауда көрінеді. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай
түрлерін ажыратады:
Қаржылық – шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың,
бірлестіктердің, министрліктердің, ведомоствалардың қаржы органдары ақша
қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді
шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабельдікке, еңбекке ақы
төлеуге ықпал жасайды. Бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға
бағытталған;
Қаржылық – бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының бір бөлігін
мемлекеттіу бюджетке алу арқылы, кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру
арқылы жүзеге асады. Қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер
кезінде түсуін, бюджет қаражаттарының бизнес – жоспардың немесе құрылыс
қарқының орындалуына қарай берілуін бақылайды.
Кредиттік – банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу
арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің
мезгілдігі, қайтарылымдығы, арқылы қағидаларынан көрінеді. Бақылаудың бұл
түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидалары.

Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана
түсуі болып табылады. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде мемлекеттік мекемелердің
жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз. өзінің тарихи дамуында қаржы
жүйесі ұзақ эвалюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде
қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен
шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті
елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ң қаржы жүйесін екі негізгі буын –
мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын
қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің
саяси және экономикалық функцияларын орындап отырады.
Қаржы жүйесі мынадай 3 критерилерге сүйенеді:
1) Қаржы қатынастарының жиынтығы.
2) Ақша қорларының жиынтығы.
3) Басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші
субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын
экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынасын құрайды. Қаржы
қатынастары мынадай 2 сфераны құрайды.
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен
байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары.
2) Кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының айналымын
ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік
қатынастар болып табылады.
Қаржы жүйесін құрайтын элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бұл –
бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы – бұл қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың
бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық
субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және
мемлекеттің қаражаттары олардың жұмысымен байланысты шығындарға жұмсаумен
байланысты ақша қатынастары.
Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік – мәдени мұқтаждарды,
қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған
елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байлансыты ұлттық
табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңы және жеке тұлғалармен
пайда болатын ақшы қатынастармен көрінетін экономикалық категория.
Мемлекеттік бюджет орталық және жергілікті бюджеттен тыс қорлар –
қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланатын бірқатар
қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын
қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшылықты нысаны, қалыптасу көздері:
а) арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар;
ә) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
б) бюджетпен берілетін субсидиялар;
в) ерікті жарналар және қайырмалдықтар;
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының
біршама дербес мына сфераларынан тұрады: мемлекеттің бюджет жүйесі, арнаулы
бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кредит, жергілікті қаржы, шаруашылық
жүргізуші, субъектілердің қаржысы, халықтың қаржысы. Қаржы қатынастарының
алғашқы 3 бөлігі жалпы мемлекттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға
жатады. Қаржы жүйесінің функционалдық құрылысы мынадай негізгі қағидалары
қанағаттандыруы тиіс:
Біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша
қатынастарының аса кең шеңберін қамтиды, бұл жалпы котегорич болып
табылатын қаржыға тән қасиет;
Екіншіден: тұтас алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті
экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына
сәйкес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін құрудың негізгі мына қағидаларды қамтиды.
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі.
Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған
басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық
жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген. Бұл қағида
жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына тиісті жергілікті
қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын – ала айқындайды.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің алдындағы міндеттемелерді орындаған соң ғана,
қаржы ресурстарын иемденеді. Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау
аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты
бұл қағидалардың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық табыс, теңдікті
қамтамасыз етеді. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы
органдары құрылымның ұлттық – мемлекеттік, әкімшілік – аймақтық құрылымына
сәйкес аппараты бар. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидасы орталық қаржы
органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын
– ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай
негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің
бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығанда.
Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты
ұйымдастыруды республиканың қаржы министрлігі мен экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Бюджеттен тыс қордың мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтап,
шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидалары жоғары органдар
деңгейінде, сондай – ақ төменгі қаржы аппаратының тиісті қаржы аппаратын
тиісті құралымен байланыстырады.
Қаржы ақпаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас,
кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарудың ерекшеліктері
қамтылады.
Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгеріске ұшырады. Оны қайта құрудың
басты міндеті – оның Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуын
тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал жасау, ұлттық табыстың өсуін
қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық комерциялық есепті
нығайту болып табылады.

3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы.

Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға жалақы, кредит сияқты
категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара байланыста болады
және өзара іс – қимыл жасайды. Бұл ақша категорияларымен қоса өндіріске
қатысады. Қайта бөлгіштік процеске өзінің әдісімен қаржы араласады, ол
құнның бір бөлігін алады немесе құнның кем алынған бөлігін субвенциялар,
бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді.
Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен
белгіленген құн қозғалысының шарттарын ескере отырып, бөлудің бағамен
басталған процесі түзетіледі.
Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық
бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы, бағамен бөлудің объектісі жалпы
қоғамдық өнімнің тек бір бөлігінің болатындығы. Қаржы еңбекке ақы төлеумен
тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей
бастайды қаржы жалақы қоры мен еңбекақы төлеудің басқа қорларының
оқшаулануы үшін жағдай жасайды. өндірістік емес сферада қызметкерлердің
еңбекке ақы төлеу қоры елеулі дәрежеде бюджет қаражаттары есебінен
қалыптасатындықтан, тиісті бюджеттің қаржы мүмкіндіктерімен
анықталатындықтан бұл сферадағы қаржы мен еңбекке ақы төлеудің байланысы
көрнекті болады.
Қаржы мен жалақының іс - әрекет етуінің айырмашылығы:
1) қаржының бөлудің шекарасы анағұрлым кең жалақы тек еңбек
шығындарын өтеуге қатысыты.
2) Қаржы құнының бір жақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның
ыңғайына, қозғалысына – еңбек құнына, оның ақшалай
өтемақысына қатысты.
Қаржы және сақтандырудың өзара байланысы мен өзара іс – қимылы да өте
шектеулі.
Қаржы есеп – қисаптармен және есеп айырсу жүйесімен өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар-ақша қатынасы және қаржы
Тауар ақша қатынастары және қаржы
Қазақстанның қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің құрылымы
Қаржы мәні және қызметтері
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін талдау
Ақша теориясы, түрлері, даму кезеңдері қызметі
Қаржы – мақсатты ақша қаражат қорларының экономикалық негізі
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары
Пәндер