Геометриялық элементтерді бұру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қарапайым графикалық элементтерді салу
Қарапайым графикалық элементтерді (түзу сызық, қисық сызық, дөңгелектер, іші боялған, боялмаған көпбұрыштар, т.б. геометриялық фигуралар) Word құрамындағы графикалық редактордың көмегімен салуға болады. Сурет салатын элементтермен тек редактордың парақ беттерін белгілеу режимінде ғана жұмыс істеуге болады, Word программасы сурет салу тәртібін енгізісімен осы режимге автоматты ауысады. Әртүрлі геометриялық фигураларды сызу үшін қосымша Сурет саймандар тақтасы пайдаланылады. Бұл саймандар тақтасында сурет салуға және графикалық объектілердің барлық түрін басқаруға, форматтауға арналған саймандар орналасқан. Осы саймандар тақтасын экранға шығару үшін Түр--Сурет командасын орындаймыз немесе стандартты саймандар тақтасындағы сурет батырмасын шертеміз.

8- сурет - саймандар тақтасы

Түзу сызықты сызу үшін, Суреттегі саймандар тақтасындағы Сызық батырмасын шерту керек. Егер сызықтың түрін таңдау қажет болса, Автофигуралар батырмасын шертіп, кажетті сызық түрін көрсеткеннен кейін курсорды жұмыс алабында жылжыта отырып, таңдаған сызықты саламыз. Сызықтың иілу бұрышы 15 градусқа қысқару үшін курсорды жылжыту кезінде Shift пернесін, ал сызық бастапқы нүктеден екі жаққа бірдей сызылу үшін СTRL пернесін басулы күйде ұстау қажет.
Дөңгелектер мен эллипстерді салу. Ол үшін эллипс бейнесі тұрған батырманы шертіп, сосын курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, эллипсті Қажетті мөлшерге дейін үлкейту керек. Осы әрекетті орындау кезінде эллипс центрі де жылжытылып отырады, оны бір нүктеге бекітіп алу үшін салу кезінде Сtrl пернесін басып, ұстап тұрса болғаны.
Шеңбер салу үшін, өлшеме кезінде Shift пернесін жібермей ұстап тұру керек, оның да центрін жылжытпай бекіту мақсатында Сtrl және Shift пернелерінің екеуін де жібермей ұстап тұруға болады.
Тік төртбұрышты тұрғызу үшін алдымен оның бейнесі тұрған батырманы сырт еткізіп, содан кейін курсорды тік төртбұрыш төбелерінің біріне сәйкес келетін нүктеге апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жібермей ұстап тұрып тік төртбұрышты толық етіп салу керек. Сtrl пернесін басып тұрып тік төртбұрыштың центрін белгілі бір орынға бекітуге болады. Ал, квадрат салу үшін, оны салу барысында Shift пернесін басулы күйде ұстап тұру қажет. Алдыңғы жолдардағыдай Сtrl және Shift пернелерін де бірдей қолдануға болады.
Кез-келген көпбұрыш оның бейнесі салынған батырма көмегімен салынады. Курсорды көпбұрыштың бір төбесіне орналастырып алып, сол жақ батырманы жібермей ұстап тұру арқылы көпбұрыштың бір қабырғасын саламыз. Көпбұрыштың келесі төбесін анықтау үшін тышқанды шертіп, одан ары келесі қабырғаны салуға болады. Shift пернесі көпбұрыш қабырғасының горизонтпен жасайтын бұрышын тұрақты етіп ұстап тұруға мүмкіндік береді. Соңғы қабырғаны өшіріп қайта сызу үшін ВаскSрасе пернесін қолдануға болады. Соңғы төбені алғашқы төбемен дәл түсіру үшін ЕSC пернесін басу керек, сонда олар автоматты түрде бір нүктеде түйіседі.

Автофигуралар енгізу
Сурет саймандар тақтасындағы Автофигуралар батырмасын қолдана отырып әртүрлі фигураларды автоматты түрде енгізу мүмкіндігі бар. Бұл менюдің құрамында сызықтан басқа негізгі фигуралар, фигуралық бағыттауыштар, блок-схемалар, жұлдызшалар мен ленталар, түсіндірмелер (выноски) деген әрқайсысы бірнеше саймандардан тұратын командалық жолдар бар.
Түсіндірмелер тізіміндегі фигураларды пайдаланып, кез-келген суретті немесе кестені т.б. нұсқай отырып түсіндірме жазуға болады.
Сондай-ақ, Сурет саймандар тақтасында орналасқан Автофигуралар менюіндегі Салынған қисық (Рисованная кривая) Көпсызық, (саймандарының көмегімен әртүрлі сызықтар және формалар салуға болады. Салынған сызықты өзгерту үшін, сурет екі рет шерту арқылы белгілеп алған соң, жанама менюді өзгертуді бастау командасын қолданамыз. Түзу және қисық сызықты кесінділерден тұратын объектіні салу үшін Автофигуралар--Сызықтар--Көпсызық тар батырмаларын шертеміз. Қисық сызықты кесінділерді тасымалдау жолымен салған өте тиімді Автофигура батырмасының көмегімен көрнекі түрдегі блок-схемаларды салу әрекетін өте оңай орындауға болады. Автофигуралар тізімінен қажетті блоктарды таңдап аламыз да оларды бағыттауыштармен жалғастырамыз. Ал блоктардың ішіне жақтау енгізіп, оған мәтін жазуға болады.

Жақтау ішіне мәтін енгізу
Word мәтін редакторында жақтау мен жақтау ішіндегі мәтін графикалық объект ретінде қарастырылады -- яғни оны бір беттен екінші бетке графикалық объектілер сияқты тасымалдауға, өлшемін өзгертуге болады. Жақтау ішіне мәтін енгізу үшін:
1. Енгізу (Вставка) менюінің Жақтаудағы Жазба (Надпись) командасын орындау немесе Сурет саймандар тақтасындағы батырмасын басу қажет;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MS Word ортасында суреттермен диаграммалар мен жұмыс істеу
Суреттерді белгілеу
Графиктік редактор саймандары
МS Word бағдарламасындағы формулалар редакторы
Графиктерді орналастыру принциптері
Архивтеу программалары
Баспа өнiмдерiн дайындауда қолданылатын программалар
Ұқсас түрлендірулердің есептері
Объектілердің модификация әдістері
MS Word –мәтіндік редакторы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz