Дене тәрбиесі жаттығулары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе

I бөлім. Мектептегі дене тәрбиесінің мәні мен мағынасы.

I. 1. Мектептегі дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың түрлері

I. 2. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының балаларға беретін әсері

II бөлім. Дене тәрбиесін жүзеге асырудың негізгі формалары.

2. 1. Мектептегі тазалық және оған қойылатын талаптар

2. 2. Мектеп жабдығына қойылатын негізгі талаптар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта халық денсаулығы басты назарда болып келеді. 1997 жылы қыркүйек айында ел президенті Тәуелсіз Қазақстанның ата заңының 44-бабының 8-тармақшасы “ҚР азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту және олардың денсаулығын сақтауға деген Конституцияның құқығын іске асыру талабына сай Қазақстан халқына Қазақстан 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі (қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” жолдауын жасады. Осы жолдаудың мақсаты жас ұрпақтың толқынды денсаулығын қалыптастыру.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен санитарлық шараларын сақтауымызға бағытталған денсаулықты нығайту үшін жастарды салауатты өмір салтына насихаттап, ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керек деген.

Қазіргі таңда жастардың дене шынықтырумен айналысуының ең басты мақсаты салауатты өмір салты болып табылады.

Дене тәрбиесімен ерте жастан айналысып, тиімді де уақытылы дем алған адамның оқуға, еңбек етуге қабілеті арта түсетіні белгілі. Спорттың өзіне тән керемет қасиеті темекі тарту, ішімдік, нашақорлық сияқты зиянды әдеттерден бойды аулақ салуға тәрбиелейді. Елбасының салауатты өмір салты туралы сөз еткенде - спорттың бұқаралығына ерекше мән беріп отырады. Себебі, денсаулық болмаса тән азабын былай қойғанда, адам нағыз азаматтық асқарына көтеріле алмай, аңсаған армандары көңілді мазалап, жан азабына шалдығады.

“Он екі мүшең сау болса жарлымын деме” - деп халқымыз денсаулықтың адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын, жан тазалығын ешнәрсемен теңестіруге болмайтыны жайлы ескертіп отырған.

Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заңдылық пен ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиындығы және респкбликада дене тәрбиесі мәселесін үйлестіріп отыратын әрі башылық ететін ұғымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу.

Дене тәрбиесі сабақтарының міндеттері:

- Дене тәрбиесі саласы бойынша оқушылардың өмірлік маңызы бар білімге ие болуын қамтамасыз ету;

  • Дене шынықтыру арқылы жұмыс қабілеттілігін тұрақты арттыру аясында оқушылардың денсаулығын нығайту;
  • Оқушыларды өмірлік маңызды қозғалыс біліктері мен дағдыларын үйрету;
  • Оқушыларды үнемі шынықтыра отырып тәрбиелеу, әртүрлі дене жаттығулары түрлерін өз бетінше меңгеруге дағдыландыру;
  • Оқушылар бойында жеке тұлға және қоғамдық тәртіп нормаларын қалыптастыру.

Осы аталған міндетердің әрқайсысында қозғалыс тәртібін жан-жақты ұйымдастырудың денсаулықты нығайтудың және дене шынықтыру деңгейін арттырудың маңыздылығы оқушылардың дене тәрбиесі, мәдениеті мен спортқа ықыласын арттыру мақсатында дене шынықтыруға тәрбиелеудің, маңыздылығы тұтастай бейнеленген.

I бөлім. Мектептегі дене тәрбиесінің мәні мен мағынасы.

I. 1. Мектептегі дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың түрлері.

Дене шынықтыру деген тек қана денені ғана шынықтыру емес, ол жанды да шынықтырады. Себебі, күнделікті спорттық жаттығулар үстінде адам өзін бір тиянақты тәртіпке тәрбиелеп, жігерін дамытады, жаттығу үстінде ол алдына қойған мақсатына жету үшін ерікті түрде дене қызметін жасап, соған үйренеді. Дене шынықтырумен қатар адамның денсаулығы да күшейеді. Сонымен дене шынықтыру әр түрлі дене жұмысын атқаруға ғана емес, одан басқа да толып жатқан жұмыстарды игеруге қажет және денсаулықты сақтаудың, оны шынықтырудың бірден юір кепілі таймайтын жолы, шыныққан дене жанды да шынықтыруға қажет, оған да жол ашады.

Дене шынықтырудың ерекше бір түрі және көпшілікке мәлім түрі физкультура мен спорт арқылы жасалады. Жас кезінен физкультурамен, спортпен шұғылданғандардың дене құрылысы жақсы дамып, күш-қайраты мол болады. Дене шынықтыру үстінде бұлшықеттердің аса жетіліп дамуынан басқа да көптеген организмнің пайдалы жетістіктер пайда болады. Спортшылардың қан тамыр жүйесі дамып, нығаяды, олардың қызметі жеңіл және пәрменді жүреді. Шыныққан дененің табиғатқа икемделгіштігі де анағұрлым жоғары болады.

Бағдарлама мектептің бастауыш сатысына арналған бағдарламамен сабақтастықты сақтай отырып спорттық пәндер мазмұнын күшейтуді көздейді.

Дене тәрбиесі базалық мазмұнын сапа тұрғысынан жаңарту сабақ берудің дидактикалық себептілік және адамгершілік-эстетикалық негіздерін одан әрі нығайтуды, дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында оқушылардан жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамытуды көздейді.

Дене тәрбиесі құралдарының құрамында негізіне қоса қосалқы элементтер де болуы қажет. Сондықтан ашық алаңда немесе жабық орында пайдаланылатын оқу материалдары нақтылы мақсаттарды жүзеге асыру есебімен жасалуы керек. Бұл негізінен мына мәселелерге қатысты: мүсіннің өсіп дамуына жоспарлы ықпал ету, әртүрлі жаттығу түрлерін жүріспен, жүгіріспен, секірумен байланыстыра отырып, шыдамдылық көрсеткішін жақсарту. Мұндай педагогикалық міндеттерді орындауға жалпы дамытатын және арнайы дамытатын жаттығуларды шебер ұштастыру үлкен мүмкіндік береді. Бұлай ұштастыру оқушыларды спорттық мінез-құлық жағдайына үйретеді, еркін қозғалысты іске асыруда олардың ерік-жігерін нығайтады.

Дене тәрбиесі жаттығулары.

Адамның арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған қимылын дене тәрбиесі жаттығулары дейміз. Қимылдың бәрі емес, тек тәрбие міндеттерін шешуге бағытталып педагогика заңдылықтарына бағынған қимыл қозғалыстары ғана дене тәрбиесі жаттығулары деп аталады. Кейбір ұқсастықтары болса да дене тәрбиесі жаттығуларын еңбек тұрмыс қимыл қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып тұру) дене тәрбиесі жаттығулары емес ол бір ғана негізгі элемент. Дене тәрбиесі жаттығулары көп ретте қайталанатын күрделі қозғалыс. Қазіргі пайдаланып жүрген дене тәрбиесінің жаттығулары өте көп. Олардың мазмұны әр түрлі.

Дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілі.

Жаттығулардың тәсілі әрқашанда дамып отырады. Дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілі өзіне тән бөлімі бөлшегі болады. Жаттығулар тәсілінің негізгі - жалпы қозғалыс суретінен тұрады. Мысалы, ұзындыққа секіруді алсақ, ол екпіндеп жүгіру, серпілу, ұшу, жерге түсу болып бөлінеді.

Мұндай шешуші сәттер тәсілді толық және жақсы меңгеруге көмектеседі. Жаттығуды орындау 3 кезеңге бөлінеді:

  1. Дайындық кезеңі - негізгі қозғалыс әрекетіне жақсы жағдай тудыруға арналған қимыл (ұзындыққа секіру алдында екпіндеп жүгіру) .
  2. Негізгі кезең - негізгі мақсатты орындауды шешетін қозғалыс (ұзындыққа секірудегі серпін жасау, ұшу кезеңі) .
  3. Қорытынды кезеңі - қозғалыстың аяқталу кезі (ұзындыққа секірудегі жерге түсу кезеңі) .

Жаттығуларды топтау.

Дене тәрбиесі тәжірибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Оларды тиімді пайдалану үшін жаттығуларды топтау қажет.

  1. Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Ол бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді. Гимнастикалық жаттығулар.

в) Ойын жаттығулары

с) Туристік жаттығулары

д) Спорттық жаттығулары

  1. Белгілі дене қуатын дамыту бағытындағы жаттығулар:Төзімділік пайда болуына әсер ететін жаттығулар.

в) Икемділікке арналған жаттығулар.

с) Комплексті қимылды талап ететін жаттығулар.

  1. Дененің бұлшықеттерін дамытатын жаттығулар. Қолдың бұлшықеттеріне кеуде, аяқ, іштің бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.
  2. Қозғалысқа арналған жаттығулар. (жүру, жүгіру, ескек есу, снаряттағы гимнастика, жеке сайыс, т. б. )
  3. Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау. Өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар. (20 секунд аралығында орындалады) .

в) Өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар. (20 секундтан 5 минутқа дейін) .

Жүру үстінде орындалатын жаттығулар.

I.

  1. Сол аяқпен алға аттағанда, екі қолдың ұшын иыққа

тигізу.

  1. Оң аяқпен аттағанда екі қолды екі жаққа қарай созу.
  2. Сол аяқпен алға қарай аттағанда, екі қолды жоғары

көтеру.

  1. Оң аяқпен аттағанда екі қолды жоғары көтеру.

II. Орындалу жылдамдығы жоғарымен бірдей, бірақ қолдың әрбір қимылы кезінде аяқпен екі адым жасау керек.

III. Бір қалыпты қолды алға жоғарырақ алақанды төмен қаратып ұстау.

  1. Сол аяқпен алға аттағанда қолды артқа қарай жіберу.
  2. Оң аяқпен алға аттағанда, қол кеуденің алдында иіледі де қолдың саусақтары қарама-қарсы шынтақтарға салынады.
  3. Сол аяқпен алға аттағанда қолды екі жаққа созу.
  4. Оң аяқпен алға аттағанда қолды бастапқы қалыпқа әкелу.

IV. Орындалу жылдамдығы үшінші жаттығумен бірдей, қолдың әрбір жасайтын қимылы да аяқты екі аттау керек.

V. Б. қ. бұларда да солай.

  1. Сол аяқпен алға аттағанда қолды төмен ұстап оны нақ алдыңғы жаттығудағы сияқты тез ию.
  2. Оң аяқпен аттағанда қолды екі жаққа созып тез бастапқы қалыпқа көшу.
  3. Сол аяқпен алға аттағанда қолмен бірінші есебіне жасалатын қимылды орындау керек.
  4. Оң аяқпен алға аттағанда қолмен екінші есепте жасалатын қимылды орындау қажет.

VI. Б. қ. -екі қолды алға ұстап, жоғары қарай көтеру.

  1. Аяқтың ұшымен алға үш адым аттап қолды, төмен түсіріп, кейін шегіну.
  2. Аяқтың ұшымен алға үш адым аттау екі қолды кеуденің алдында иіп, саусақтарды қарама-қарсы шынтақтарға қояды.
  3. Аяқтың ұшымен алға үш аттап екі қолды екі жаққа созып ұстау.
  4. Аяқтың ұшымен үш аттап қолды бастапқы қалыпқа келтіру.

VII. Бастапқы қалып екі қолды мықында. Аяқтың ұшымен төрт аттап, одан кейін аяқтың ұшымен сегіз аттау (әр бірі есеп бойынша екі қадам) .

VIII. Бастапқы қалып екі қол мықында. Аяқтың ұшымен алға аттап төртінші есепке біртіндеп табанмен толық жер басып тізені бірге бір аяқты артқа қарай бүгу және тізені қарама қарсы бағытта (яғни ішке) ұстау.

IX. Бастапқы қалып - екі қол екі жаққа созылған. Адамдар жоғарғыдай жасалып және сол аяққа салмақ салады төртінші есепте біраз бүгіліп қол жоғары көеріледі, бас екінші тұрған жаққа қарай бұрылады. Кеуде де аздап солай қарай бұрылады.

X. Бастапқы қалып - екі қол мықында.

  1. Оң аяқпен алға бір аттайды.
  2. Екінші аяқпен алға бір аттау.
  3. Оң аяқпен үш рет секіру.

Жүгіру үстінде орындалатын жаттығулар.

  1. Бір қолды алға қарай, ал екіншісін артқа қарай көтеріп, мықынды алға шығарып жүгіру.
  2. Бұл да солай, бірақ дене қалпын төрт және сегіз есебінде ауыстыру керек.
  3. Бастапқы қалып екі қол екі жаққа созылған. Сол аяққа кідіріс жасау I есебінде сол аяқпен алға кең адым жасау және есебінде оң аяққа қарай кіші адым жасау.
  4. Бұл да солай, бірақ оң аяқпен.
  5. Бастапқы қалып - екі қол екі жаққа созылған. Және сол аяққа кідіріп жүгіру (сол аяқпен кең адым) “Және “ оң аяқпен кіші адым жасау. Оң аяқты артқа созып, екі қолды артқа ұстау. Сол аяқпен екі рет секіру, бәрін оң аяқпен қайта бастау.
  6. Кең адыммен жүгіру.
  7. Бастапқы қалып - екі қолды екі жаққа созып ұстау және оң қолды алға қарай сілтеу.

Ептілік және оны дамыту әдістемесі.

Адамның жаңа күрделі үйлесімділігін тез меңгеру, өзінің қозғалыс әрекетін өзгертілген жағдайға байланысты тез басқаша құра алу қабілеттілігін ептілік дейміз.

Ептілік дамыту кезінде біз мынадай үш міндетті орындауымыз керек.

  1. Күрделі қимыл қозғалыс үйлесімділігі қабілеттілігін күрделендіре отырып жетілдіру.
  2. Қозғалыс ірекетін өзгертілген жағдайға байланысты құра алу қабілеттігін жетілдіру (спорттық қозғалмалы ойындар жағдайында) .
  3. Берілген қозғалыс әрекетін дәл қайталай алу қабілеттілігін арттыру.

Ептілік тәрбиелеудің негізгі амалдары: жаңа немесе жаңадан пайда болған элементтері бар спорттық қозғалмалы ойындар гимнастика, акробатика жаттығулары. Жақсы үйренген жаттығуларды қайталау ептілікті дамытпайды. Сондықтан мұғалім әрбір дене тәрбиесі сабағында бір екі жаңа жаттығу немесе бұрын үйренген жаттығудың элементтерін жаңалап үйретіп отыруы қажет. Ептілік дамыту жаттығуларын сабақтың бірінші жартысында кіргізген дұрыс, өйткені организм болдырай бастағанда ол жаттығулар аз нәтиже береді. Ептілік бастауыш және орта мектеп жастарында, қозғалыс көру, есту, дене арқылы сезіну, анализаторлары екпінді өсу кезінде дамытқан тиімді.

Жоғары қимыл ептілігі.

Қимыл дағдысының жетілу процесі шексіз. Оның негізгі міндеттері оқушының тұрмыс, еңбек, спорттық әрекетті дағдыларын еркін меңгеруге үйрету. Дағдының тәжірибелік құндылығы осында. Егер оқушы спорт залында секірген биіктіктен табиғи ортада секіре алмаса, ол дағдының тәжірибелік құндылығы болмайды.

Сонымен жоғары қимыл ептілігі дегеніміз қалыптасқан қимыл дағдыларын нақтылы өмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру және басқа өнеркәсіптік әскери әрекеттер) және үйрету мақсатының соңғы межесі. Алға қойған міндетті орындау үшін қимыл дағдысын мынадай жолмен жетілдіру керек: біріншіден, жаттығуды орындау тәсілінің даралығы, екіншіден, қиыл дағдыларын меңгерудің варианттарын игеріп көру, үшіншіден, меңгерген қимыл дағдысын әртүрлі қозғалыс әрекеттерінде пайдалану шеберлігін игеру, төртіншіден, өзгертетін әрекет жағдайына сай ауысып бейімделе білу қабілетін меңгеру, бесіншіден, жаңа қалыптасқан дағдыны ерте игерілген дағдымен әртүрлі бірлік таба қолдану шеберлігін меңгеру.

Қимыл дағдысын жетілдіру әртүрлі оқу әдістерінің көмегімен іске асырылады. Оның ішінде жетекші орынды ойын және тұтас үйрету әдістері алады. Қатені түзету немесе қозғалысты орындау тәсіліне өзгеріс кіргізу керек болса, бөлшектеп үйрету әдісі қолданылады.

Икемділік және оны дамыту әдістері.

Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін икемділік дейміз. Икемділіктің өсуі буын құрылыстарына: бұлшық еттің, сіңірдің созылымдылығына, көңіл күйге (жоғары көңіл-күй де икемділік артады), бой қыздыруға, сыртқы температураға, тәулік уақытында (12-ден 17-ге дейін, ал көп), жасқа (16-18 жаста икемділік көп кезеңі), күш дамыту деңгейіне (күші көп адамдардың икемі аз) ; спорттық мамандыққа және тағы сол сияқтыға байланысты. Икемділік белсенді және енжар (бәсең) болады. Өз бұлшық ет күшімен үлкен амплитудамен қозғалысты орындау қабілеттілігін енжар икемділік дейміз (штанга, бірге жаттыққан спортшы, бапкер, т. б. ) .

Икемділікті дамытудың амалдары мен әдістері.

Икемділікті дамытудың негізгі амалы созылу жаттығулары. Қарапайым, серіппелі, сермеу, өзіңді ұстаумен, сыртқы көмекпен тағы сол сияқты. Икемділік жаттығуларын бой қыздырудан кейін қай сабақ бөліміне де кіргізуге болады. Икемділік жаттығуларын орындауда нақтылы міндет қою қажет, мәселен, белгілі затты алу, бір затқа допты дәл тигізу т. с. с.

Созылу жаттығу сериясынан кейін босаңсу жаттығулары орындалады. Бұлардың жылжымалылығын арттыру үшін күнделікті жаттығулар жасау керек. Икемді жаттығулары арасындағы үзіліс (екі-үш апта) оның дамуына кері әсер туғызады. Икемділікті дамытудың негізгі әдісі - қайталау. Жаттығуларды ретті серияларымен қол буындарына, кеудеге, аяқ буындарына арнап орындау қажет. Икемділік жаттығуларын қайталау мөлшері әртүрлі. Жамбас буындағы иілу және жазу жаттуғыларындағы амплитуданың қозғалу шегі 30-40 рет 15 жастағыларда 45 рет қайталанғаннан кейін жетіледі. Одан әрі қарай амплитуда қозғалысы азаяды, жаттыуды тоқтатқан дұрыс. Сонымен созылу жаттығуларын амплитудалық орындау шегіне жеткізе, яғни буындарда жеңіл ауырту сезімдерін сезінгенше орындау қажет. Икемділікті дамытқанда жас ерекшеліктері үлкен рөл атқарады. Бастауыш сынып оқушыларының буын жылдамдығын дамыту, жоғары сынып оқушыларына қарағанда оңай. Сондықтан да бастауыш сыныптарда оны дамытып, жоғары сыныптарда сол дамыған деңгейде сақтап қалу міндеті тұрады.

15-20 жастан кейін жас ерекшеліктеріне байланысты қозғалыс амплитудасы азаяды, бәсең икемділіктің көбеюі 9-10 жаста, белсенді 10-14 жаста байқалады. 15-17 жас икемділікті жетілдірудің ең соңғы шегі. Қыз балалардың буындарындағы жылжымалылық, ер балаларға қарағанда 20-30 процент көп, сондықтан күш түсіруді оларға көбірек беруге болады.

Дене шынықтыру арқылы сауықтырудың басты түрлері. Сауықтыру үшін пайдаланылатын қимыл жүктемелері бойынша медициналық ұсынылымдарды құрастыру.

Сауықтыру дене тәрбиесі дегеніміз организмнің қызметтік мүмкінділігін тіиісті оттегін тұтыну шегінің 100процент деңгейіне жкткізетін жаттығулар жүйесі. Мұндай жүйені кейде физикалық жаттықтыру немесе кандициондық жаттықтыру жүйесі дейді. Ал Кеннет Купер аэробты жаттықтыру жүйесі деп атайды. Сауықтыру дене тәрбиесінің басты мақсаты денсаулықты нығайту, организмнің қызметтік мүмкіншілігін жоғарлату арқылы тұрақты денсаулықты қамтамасыз ету.

Сауықтыру дене тәрбиесінде спорттық нәтижені арттыру мақсаты қойлмайды, басты мақсат - денсаулықты сақтау, жақсарту, ауру-сырқаттардың алдын алу, денсаулықтағы дене бітіміндегі ағзаның қызметтік күйіндегі ауытқуларды дер кезінде асқындырмай жою.

Аэробты сауықтыру жаттығудың К. Купер, Н. Амосов, т. б. ғалымдар ұсынған арнайы жүйелер мен тәсілдері бар. Жаттықтыру бағдарламалары жаяу жүру, жүгіру, велосипед тебу, суда жүзу, бір орында тұрып жүгіру, спорттық ойындар ойнау сиқяты жаттығулар түріне негізделген.

Сауықтыру дене тәрбиесі физиологиялық негіздерге сүйене жүргізілсе ғана пайдалы. Олар: орындалатын жаттығудың түрі, жаттығулардың қарқыны, жүктемелер көлемі бір аптада жүргізілетін сабақтар жиілігі, әр сабақтың ұзақтығы.

Жаттығулар түрлері организмде көрсетілетін әсеріне және қимыл ерекшеліктеріне сәйкес жаттығулар екі үлкен топқа бөлінеді.

  1. Циклді жаттығулар (жүгіру, жүру, велосипед тебу, жүзу, шаңғы тебу) .
  2. Ацикілді және циклді емес жаттығулар (гинастикалық жаттығулар, хатка-йога, жалпы дайындау тобы, спорттық ойындар, т. б. )

Дене жаттығуларының түрлері ағзалар мен жүйлердің функциялық жағдайына деген әсері.

  1. Дене жаттығуларының әсерінен бұлшық еттерде едәуір өзгерістер болады. Егер бе бұлшық еттер ұзақ уақыт жұмыссыз күйде тұратын болса, онда олар әлсіздене бастайды. Дене жаттығулары олардың көлемін ұлғайтады, нығаюына ыңғайлайды. Мұнымен қатар бұлшық еттердің өсуі олардың талшықтар санынан көбеюінен, ұзаруынан емес жуандауы әсерінен болмақ.
  2. Дене жаттығуларымен айналысқан кезде көптеген кампиллярлар кеңейіп қана қоймайды, олардың саны да бірден көбейе бастайды.
  3. Жаттығу кезінде оттегін тұтыну деңгейі бірден көтеріледі, өйткені бұлшық ет жүйесі қаншалықты белсенді қызмет етсе, соншалықты жүрек те қызмет етеді.

Дене шынықтыру мен спортпен айналыспайтын адамдардың жүрек бұлшық еті әр жиырылыс сайын қолқаға 60мм шамасындай ғана қан сол қарыншадан лықсып шығарылатын болса, жаттыққан адамды жәй тыныштық жағдайында бір жиырылыстың өзінде қолқаға 90-100мм қан шығады.

Дене шынықтырумен айналысуды бастайтындар үшін көптеген әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші орынға шығаратындары: сауықтырар жүгіріс, жүріс пен алмастырып тұратын жүгіру, аэробика, жүзу, ерік гимнастикасы, таңертеңгі сауықтыру гимнастикасы, дәстүрлі гимнастика және тыныс алу жаттығулары.

Сабақтың ойдағыдай өтуі мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Даярлық төмендегідей іс-әрекеттермен анықталады:

  1. Сабақтың міндеттерін анықтау. Дене тәрбиесі әдістемесінде барлық сабақтар бағытына байланысты білім беру, сауықтыру және тәрбиелеу деп үш топқа бөлінеді. Білім беру міндетінің мақсаты - оқушылардың білімін шыңдай түсу, жаттығуларды ептілікпен және дағдымен орындату, оларды өмірде қолдана алуға үйрету.

в) Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ кезінде организмге сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау.

с) Тәрбиелеу міндеттері - оқушылардың адамгершілік қасиеттеріне дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен әсер ету.

Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып әр сабаққа жеке міндеттер қойылады. Мысалы, төменгі спорттың әдісін үйрету, ұзындыққа секірудің әдісін жетілдіру, дене қуаты қасиеті - жылдамдықты дамыту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік тәрбие жасау
Дене тәрбиесінің негізгі және қосымша амалдары
Дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі рөлі
Дене тәрбиесінің жалпы әдістері
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
Дене тәрбиесінің амалдары
Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене тәрбиесінің негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz