Ақпараттық технологияларды зерделеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ақпараттық компьютерлік технологияларды қазақ тілі сабағында қолдану –заман
талабы.

Р.Р. Жолдасова

№1 ЖОМ Павлодар қ.

Қазақ тілі

Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен
сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне
енуі - жаңа тарихи - әлеуметтік жағдайдың талабы. Компьютерлік
технологиялардың дамуы мектеп түлегінің функционалдық сауаттылығына тағы
бір көрсеткіш, компьютерлік сауаттылық көрсеткішін енгізіп отыр. Яғни
бүгінгі таңда мектеп түлегінің білім сапасын, компьютерлік сауаттылығын
жоғарлату үшін тек қана информатика сабағында ғана емес, барлық пән
сабақтарында, соның ішінде қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды
тиімді қолдану әр ұстаздың міндетіне айналып келеді. Бірақ бұл
технологияларды біз қалай қолдануымыз керек?

Егер біз бұл технологияларды бұрыңғы білім беру жүйесіне бұлжытпай
кірістірсек, компьютер сабақта тек қана техникалық құрал ретінде қолданылып
қала береді. Компьютерді - білім беретін бағдарламалық педагогикалық
құрал ретінде қарастыру қажет. Яғни компьютерді тек қана техникалық жағынан
қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана қолданып қоймай, оқушымен
сұхбаттасатын таза білім “сақтаушысы” ретінде қарастырған жөн. Бұл ойды
А.С. Якубов та қолдайды. [1. 99 Б.]

Сонда ғана мультимедиа жүйесі:
қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайдағы жеке тұлғаны дамытуға арналған
міндеттерге сәйкес білім мазмұнын, оқыту әдістері мен ұйымдастыру түрлерін
іріктеу әдіснамасын жетілдіруге;
тілді белсенді оқытудың әртүрлі үдемелі әдіс-тәсілдерін жүзеге асыруды
қамтамасыз етуге;
оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу
біліктіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін
ұйымдастыруға;
оқушының оқуға деген қызығушылығын қазіргі кездің кешенді ұсынатын және
көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін құралдарды
қолдану арқылы арттыруға мүмкіндік береді.

Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы нәтижеге жетемін деген мұғалім
алдымен келесі міндеттерге мән беру керек:
Компьютерлік оқу құралдарын зерделеу және қолдану;
Тиімді тәсілдерді анықтау;
Ақпараттық технологияларды зерделеу;
Тәсілдер мен материалдарды құрастыру және қолдану;
Қолданылған тәсілдердің нәтижесін бағалау.

Қазіргі кезде сабақта әдістемелік мақсатқа қарай келесі
бағдарламаларды қолдануға болады:
Тренажер – бағдарламалар;
Бақылаушы - бағдарламалар;
Тәлімгерлік бағдарламалар;
Көрнекіліктер бағдарламалары;
Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар [ 2. 68 Б. ]

Тренажер – бағдарламалар оқушының білімін, білік-дағдысын бекітуге,
пысықтауға арналған.

Бақылаушы - бағдарламалар бақылауға қажетті тұрақтылықты,
көпнұсқалылықты, бағаның мұғалімнің субъективтік көзқарасынан және тағы да
басқа факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, білім беру үрдісінің
сапасын жоғарлатып, оқытушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін
жоғарлатады.

Тәлімгерлік бағдарламалар - оқушылардың жауабын өндейтін
бағдарламалар.

Көрнекілік - бағдарламалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы
ретінде қолдана отырып оқушыларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен
таныстыруға болады.

Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар керекті ақпаратты алуға арналған.
Оқушы компьютер арқылы кез келген ақпарат қорынан керек ақпаратын жинай
алады.

Педагогикалық компьютерлік бағдарламалық құралдарды (ПКБҚ) құрастырып
қолданамын деген мұғалім келесі талаптарды ескеру керек:
ПКБҚ базистік курстың бағдарламасын қамту керек;
ПКБҚ жүйелі түрде де, эпизодтық түрде де қолданылу керек;
ПКБҚ оқыту, бақылау, ізденіс функцияларын орындау керек;
ПКБҚ мазмұнының көлемі ресми оқулықтардың көлемінен асып түсу керек;

5. ПКБҚ дидактикалық мазмұнын компьютерсіз оқытуда да қолдану үшін,
бағдарлама басып шығаратын өніммен қамтамасыз етілуі керек.
[1. 70 Б.]

Компьютерлік оқу құралдарының бірі электрондық оқулықтар мен кешендер.
Республикалық білім беру жүйесін ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығы
(РБАО) 6-шы сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін электрондық оқулықтар
шығарған. Оқулықтарда 5-6 тақырыптан қарастырылған. Оқулықтар бойынша оқушы
өз бетімен сөздердің жазылуын, айтылуын пысықтап, сөздік жұмысын, диктант,
мазмұндама жұмыстарын орындай алады.

Бұл оқулықтар қазақ тілі мұғалімдері мен оқушыларға көп көмек
көрсетеді. Бірақ бір кемшілігі: берілген кейбір жұмыс түрлері сол 6
тақырыптың мазмұнын толық қамтиды. Мысалы бірінші сабақ бойынша вариант,
мозаика, тест орындаса тапсырмалары толық алты тақырып бойынша берілген.

Ал тақырыптардың әрқайсысы жеке бір модульге кіреді. Бұл жұмыс түрлері
әр тақырып бойынша жүргізілетін бекіту, бақылау жұмыстарының нәтижелілігін
жоққа шығарады.

MERITS фирмасынан шыққан электрондық оқулықтар да қазақ тілі
сабақтарында кеңінен қолданыла бастады. Бұл оқулықтарда мультимедиялық
жүйесінің мүмкіндіктері кеңірек қолданылған. Стандарт талабы бойынша
диктант, мазмұндамаларды сауатты жаза алу біліктіліктерін дамытуға, сөйлеу
мәдениетін игеруге аса көңіл бөлінген.

Жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып пән мұғалімдері
бағдарламаға сәйкес өздері де электрондық оқулықтар мен кешендерді шығара
алады.

Мысалы, аймақтық компонент бойынша, мен өз басым Delphi-7.0
бағдарламасы негізінде қазақ тілінен 10 сыныпқа арналған қосымша

электрондық оқулық дайындадым. Негізгі оқулықпен аймақтық компонент
бойынша құрастырылған электрондық оқулықтың арасында сабақтастық сақталған.
Жалпы 10 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Казақ тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдануы
Инновацияны зерттеудің әдістемесі мен бағыттары
Дүниетану сабағында АКТ қамтудың тиімділігі
Елiмiзде бiлiм беру саласында болып жатқан жетiстiктер мен жаңалықтар
Математиканы оқытуда АКТ қолдану
Бастауыш мектепте математика пәнін оқыту процесі
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары
Әлеуметтік медиа ұйымды жылжыту құралы ретінде
Кәсіпорында ұйымда басқару шешімдерін қабылдау процестерінің теориялық аспектілері
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының зерделеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Пәндер