Жәңгір хан мектебі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Ішкі ордадағы халық ағарту ісі
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2012ж.
Жоспар
1. Ішкі ордадағы алғашқы мектептер
2. Хан Ордасында ашылған екі сыныптық мектеп
3. Жәңгір хан мектебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
1. Ішкі ордадағы алғашқы мектептер
Орыс қазақ мәдени қатынастары Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуымен байланысты. Осы тарихи оқиғамен қазақ халқының арасында діни емес білім берудің тарауының алғашқы қадамдары байланысты болып табылады.
ХҮІІІ ғ.орыс дворяндарының жағдайының артуымен осы таптың мақсаты үшін білім беру саласында көптеген шараларды іске асырғаны белігілі. Мәселен, 1741 жылы құрылған әскери кадет корпусы жабық сословиелік-дворяндық оқу орындарының бастамасы болды. Олар дворян балаларын әскери және азаматтық борышын өтеуге даярлауды қамтамасыз ету қажет болды.
Дворян мәдениетінің орталықтарының бірі бола отырып, кадет корпустары Ресейдің ұлттық шет аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда, ағарту ісін таратуда белгілі әсер етті.
1744 жылы Орынборда татар мектебі ашылды, онда әскери лауазымды адамдардың балалары оқыды. Бұл мектепті бітіргеннен кейін кеңсе қызметкерлері, кеден ісі чиновниктері және аудармашылар мамандықтары бойынша қызмет атқарады.
Осы мақсатта 1786 жылы Омбыда азиялық мектептің негізі қаланды. 1836 жылы азиялық мектеп жабылып қазақ балалары үшін мұсылман мектебі ашылды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан қалаларында әскери училищелер ұйымдасты, оған қазақ ақсүйектері мен байларының балалары қабылданды.
1813 жылы Омбыда Сібір казактарының әскери училищесі ашылды, ал 1927 жылы Орынборда-Неплюев әскери училищесі жұмыс істеді.
Сөз жоқ, осындай әскери училищелердің құрылуы белгілі мақсатты көздеген болатын-ды. Патша өкіметі ең алдымен ақсүйек сұлтандардың, байлардың және әкімшілік аппаратының чиновниктерінің және әскери мекемелердің Қазақстанда патша өкіметінің отарлау саясатын жүргізуге қабілетті балаларынан даярлауға ұмтылды.
Орынбор және Омбы әскери училищелері қазақтардың үстем тап өкілдерінің арасында орыс мектебіне және орыс біліміне деген қызығушылық арта түсті. Орынбордағы Неплюев әскери училищесі Омбыдағы Сібір казактарының әскери училищесі кейіннен Орынбор Неплюев және Омбы кадет корпустарын құруға негіз болды. Олар Қазақстанда орыс білімін таратуда ерекше роль атқарды.
Орынбордағы Неплюев атындағы кадет корпусы 1844 жылы ашылса, Омбы кадет корпусы 1847 жылы ашылған болатын-ды. Әскери училищелерді кадет корпустарына айналдырудың негізгі себебі құрметті қазақтардың арасынан Ресейге қосылған қазақ даласын басқару үшін сауатты, оқыған адамдарға деген қажеттіліктің артуына байланысты болып табылады.
Бөкей Ордасын зерттеуші ғалымдар А.Харузин, А.Евренов, Г.С.Карелин, В.Ф.Шахматов, А.Е.Алекторов, С.М.Граменицкий және т.б.өз еңбектерінде осы өлкенің халық ағарту ісін дамыту тарихы туралы көптеген бай материалдар береді.
Тарихи тұлғалар ел билеген хандар мен билерді қолына қару алып ел қорғаған батырларды, еліне білім мен нәрін себуде ерекше еңбек сіңірген ойшылдар мен ағартушыларды атап айтқанда, Жәңгір ханның, Мақаш Бекмұхамедовтың жеке басы, халыққа білім берудегі сіңірген еңбектері ескерілмей біржақты бұрмаланып, таптық тұрғыдан баға берілді.
Батыс өңірінде, оның ішінде Бөкей Ордасында, белгілі қоғам қайраткері, ағартушы демократ жан-жақты ғұлама ғалым.
Мақаш та Шоқан сияқты қазақ халқының тарихында өз елінің болашағын дұрыс болжап, сеніммен алға қараған, езілушілердің мүддесін қорғаған тұңғыш ағартушы-демократтардың бірі болды. Олардың білім алған ортасы мен өмір сүрген кезеңі бір мезгіл. Егер Шоқан 1846-1853 жылдары Омбы кадет корпусының алғашқы түлегі болса, ал Мақаш 1844 ашылған Орынбор кадет корпусында 1844-1851 жылдары оқып бітірген, осы оқу орнын алғаш бітірген 7 қазақ баласының бірі болды. Орынбор кадет корпусын тәмәмдағандардың ішінде кейін белгілі ғалым, қоғам қайраткері аз болған жоқ. Кадет корпусында Мақаш Бекмұхамедовпен бірге Мұхамбет-Салық Бабажанов, Бөкейханов Арыстангерей, Сұлтанмахмұт Жантөрин, Мырзағали Саңғырықов, Жүсіп Ниязов, Зұлқарнай Нұрлыханов сияқты қазақ халқының белгілі перзенттері оқыды.
Мақаш Бекмұхамбетов пен Мұхамед-Салық Бабажанов екеуі корпусты үздік бітірді.

Қазақ даласында қазақ мектептерін ашу туралы бастама тек ғана отарлау саясатын көздеген патша өкіметі тарапынан шыққан жоқ, сонымен қатар қазақтың белгілі атқа мінерлері, ру басылары, орысша оқыған, білім алған өкілдерінен шыққан болатын-ды.
Мәселен, өзі орысша білім алған, Ішкі Орданың ханы Жәңгір Бөкеевтің тікелей араласуымен 1841 жылы Хан Ордасында, Ордада екі сыныптық бастауыш мектеп ашылды. Алғашында мектеп 25 балаға арнап салынған болатынды. 1848 жылға дейін мектеп Жәңгір ханның қаражатының есебінен жұмыс істеді. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында осы мектеп бағасында республикада алғаш рет өтпелі дәуірдегі жоғары оқу орны- Бөкей халық ағарту институты жұмыс істейді. Бірақ бұл институттың ғұмыры ұзаққа бармады, жаңа өкіметтің оған қажетті маман, керекті қаражат жағынан дұрыс көңіл бөлмеуі салдарынан ол жылдан соң, 1923 жылдан бастап педагогика техникумы, педагогикалық курс болып қайта құрылды. Кейіннен мектеп жалпыға бірдей орта білім беретін орта мектеп болып, өз білімін жалғастыра берді.
Хан Ордасында 1841 жылы Жәңгір ханның ұйымдастыруымен қазақ даласында бірінші ашылған жаңа типтегі, ескі мұсылман мектептері мен медреселерінен ерекше екі сыныпты орыс-қазақ мектебінің төңкеріске дейін және одан кейін алғашқы ұлт кадрларын даярлауда ролі ерекше. Мектеп Жәңгір ханның қаражатына салынды. Жәңгір хан ұйымдастырған мектептің 165 жылға тарта тарихы бар. Жәңгір хан мектебінің түлектерінің ішінде қазақ халқының көрнекті ғалымдары, ағартушы-демократтары, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, белгілі өнер адамдарын көптеп кездестіруге болады. Атап айтқанда, ХІХ ғ.екінші жартысында өмір сүрген қазақтың көрнекті ғалымдары, ағартушы-демократтары Мақаш Бекмухамедовті, Мұхамед-Салық Бабажановты, Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетін бітірген Бақтыгерей Құлмановты, Сәлімгерей Жантуринді, ағай ынды Батырқайыр, Әбділкәрім Ниязовтарды, Тарту универитетінің түлегі Сәлімгерей Нұралихановты, Қазан университетінің заң факультетін бітірген Уәлихан Танашевті, Қазан, Саратов университетінің медицина факультетін тамамдаған Мажит Шомбаловты, Махмұт Шолтыровты, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері Сейтқали Меңдешевті, Алма Оразбаеваны, халқымыздың алғашқы инженер қызы Мәдина Бегалиеваны, көрнекті ақындар Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қараш және есімдері кеңес өкіметі емес, патшалық Ресей тұсында да танымал болған тұңғыш қазақ генералдары Ғұбайдолла Жәңгіров пен Рамазан Құрманалиевті, Шәкір Жексенбаевты осы Ордадағы Жәңгір мектебінің түлегі екендігін мақтан етеміз.
Сонымен, бірінші қазақ мектебі сабақ орыс тілінде жүрген 1841 жылы Хан Ордасында ашылса, екінші қазақ мектебі 9 жылдан кейін, 1850 жылы Орынборда шекара комиссиясының жанынан үстем тап, яғни сұлтандардың, билердің және ауқатты қазақтардың балаларынан хат жүргізушілерді және аудармашыларды дайындау мақсатында ашылды.
Қазақ халықының тұңғыш педагогы, ағартушы-демократы, ақын-жазушысы Ыбырай Алтынсарин осы мектепті бітірген. Балғожа би (Ыбырайдың атасы) немересі Ыбырайды 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін ашылған жетіжылдық мектепке оқуға береді. Оны Ыбырай 1857 жылы ойдағыдай бітіріп шығады. Сөйтіп, ол математика, физика, биология, жағырафия, тарих, әсіресе орыс тілінен өз заманына сай терең де жан-жақты білім алады. Орынборда жас Ыбырайдың көрнекті ғалым, шығыстанушы, шекаралық комиссияның төрағасы В.В.Григорьевпен танысуы және оның тығыз қарым-қатынаста болуы Ыбырайдың дүниетанымы мен педагогикалық-ағартушылық көзқарасының қалыптасуына ерекше ықпал етті.
Күні кешеге дейін еліміздің, тарихынан кесіп тұрып орын алатын қазақтың біртуар ірі тұлғаларының атын атап олардың есімдерін құрметтеу былай тұрсын оларды ескеруден де қалдық. Оған себеп жетпіс жылдан астам билік құрған кешегі Кеңестік идиологияның әсері болатын. Шындығында да олар ескеруге лайықсыз ба еді? Осындай тарихи тұлғалардың бірі Жәңгір хан Бөкейұлы еді. Жәңгір хан кім? Қандай саясат ұстанды? Халқына қайыр- шапағаты тиді ме ?- деген сауалдарға жауап іздеген болсақ оған тарихи деректер былай деп жауап береді. Тарихи деректер Жәңгір ханның отарлаушылар саясатынан халқын қорғаушы , еліне мәдениет пен білім, мұсылман дінінің нұрын себуші хан ретінде көрсетеді. Сонымен Жәңгір хан кім? 1845ж Бөкей хан өлгеннен кейін ханының тағын өз баласы Жәңгірге өсиет еіп қалдырды, ал ол кәмелетке толғанға дейін уақытша басқаруда өз туған інісі Шығай сұлтанға тапсырды. 1823 жылғы 22 маусымда патша Жәңгірді ішкі Орданың ханы деп тану туралы грамотаға қол қойды, ол 1824 ж 26 маусымында Оралда ертедегі рәсім сақтала отырып патшалық өкімет орындарның бақылауымен ол хан болып жарияланып, 20 жылдан астам уақыт билік етті.
Әр нәрсенің әділдігі керек, патша үкіметі Жәңгірге, оның балаларына да орысша білім, тәрбие беріп көп үміт артты. Қазақ даласын отарлауда жан-жақты білімді, ақылды, мәдениетті Жәңгір сияқты тұлғаны қолға ұстаудың қаншалықты пайдалы екендігін патша да генерал-губернаторлар жақсы біледі. Сол үшін де Жәңгір атақ-абыройдан кенде қалған жоқ. Хан тағына отығызу салтанатында 48 дүркін зеңбіректен оқ атып, Орал даласы дүр сілкінді. Салтанатқа қатысқан зиялы қазақтарды сый-құрметтен құралақан қалдырмады. Жәңгірге 20 сәйгүлік тарту етті. Бірнеше ординдермен хан өңіріне жарқыратты.Қазақтың тұңғыш генералы дәрежесіне көтерді.
Бұлардың барлығы отарлау саяасатының мүддесі үшін істелген айла екендігі белгілі. Осындай айла жұмысқа тәсілдерді саналы түрде өткізе отырып, Ішкі Орданы басқаруды отарлаушылар өз мүддесіне сәйкес хан кесенесінің кеңесшісі етіп Ресей сыртқы істер министірінің өкілі Г.С.Карелинді тағайындады. Ол Ішкі Орданың тыныс тіршілігін күн- сайын Орынбор Шекаралық комиссиясына хабарлап отырды . Ақырында отарлау саяасатынын асқынғандағы соншалық, бұған дейінгі Ішкі Орда ханының басқан қадамын бақылап отырған Ресей сыртқы істер министрлігінің Азия департаменті, Ресей Мүлік министрлігінен бастап Астрахан, Орынбоор генерал-губернаторларымен Орынбор Шекаралық ккомиссиясы, Орал,Астрахан полкымен, қалмақ кордондарынын бақылауынын үстіне енді хан кеңсесі іс басқарушысынан бастап, қойма меңгерушісіне дейін түгел орыстандырып, әр бір әрекетін есепке алып отырды.
Бұл жағдайларға наразылық білдіріп Жәңгір Астрахан генерал- губернаторы А. С. Осиповке: Киргизам остались обнаженные степи, пески, солонцы,...- деп хабарлап воспретить кордонным казакам Уральского войска открытою силою действовать против прибрежных киргизцев -деп казактардың жөнсіздіктеріне тыйым салуды талап етті.
Жәңгір халқының ауыр тағдырын император Николайдың өзіне де жеткізді, көмек сұрады. Амал не отарлау саясатының көрігін басып өз аузымен тапсырма беріп отырған әміршіден тегеурінді шешім болмады.
Тарихи құжаттар отарлаушылардың сенімін Жәңгірдің ақтамағандығын анықтайды. Жәңгір, халқын сатпады, халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтады.
1823 жылы Жәңгір ішкі Бөкей ордасында хан сайланғаннан бастап қазақтың ұлттық мәдинетінде, оның ішінде ұлттық білім жүйесіне ерекше мән берді. Оның басты себептерінің бір:Жәңгірдің өзі орысша білім алған және осындай білімнің Қазақстанға, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында өте қажет екенін түсінді. Ол Ресей империясының Еуропалық білім жүиесі арқылы көптеген салаларды жетістіктерге жеткенін жақсы білді.
Жәңгір хан қазақ халқының сауаттылығын, ұлттық мәдениетін дамытатын әрі толықтыратын жаңа білім жүйесі Еуропалық үлгідегі жаңа мектептер мен орта және жоғарғы оқу орындары деп түсінді. Оны Жәңгір ханның осы білім жүйесінде қазақ балаларын оқытуды арман етіп, білім саласын дамытуға бағытталған саясатынан көруімізге болады. Жәңгір хан алғашқы болып Қазақстанда оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz