Ересек адамдар мен балалардың психологиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық университеті

Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық академиясы

«Педагогика және психология»

кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы :

«Ересектік шақтағы кәсіби және интеллектуалдық жетістіктері»

Орындаған:

Тексерген :

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Ересек адамдар мен балалардың психологиялық ерекшеліктері . . . 5

2. Ересектік сезім - жеткіншек жасының негізгі психологиялық

құрылымы ретінде . . . 8

Қорытынды . . . 10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 12


Кіріспе

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл - әр балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т. б. ) ерекшеліктері де енеді.

Даму ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.

Ересек (25-61) адамның психика процестерін шапшаңдығы жастық шаққа қарағанда бірсыдырғы баяулау болғанымен ол психика пластикасы жағынан жоғары тұрады. Бұл жаста адам өзін-өзі ұстай алады, мінезде салқынқандылық пен қулық та пайда бола бастайды. Өмірлік тәжірибе жинап, оны пайдалана біледі. Ересек шақтың 3 кезеңі бар: бастапқы - машықтану, орта - кемелдену және кейінгі - мосқалдану. Бірінші кезеңде мінез-құлық барынша лабильді болса, ал үшіншісінде ол статистика жағына ауытқиды. Ересектіктің бастапқы кезеңінде (25-37) психофизиологиялық процестердің жоғары динамизмі пластикалы түрде жүреді. Бұл үшінші мүшел. Басқаша айтқанда, мұндай психика суперпластикалы. Соның салдарынан бұл кезеңде адамның белгілі бір мамандыққа өте тез машықтанып кетуіне мүмкіндігі үлкен. Творчесволық тұрғыда бұл пысық кезең барынша жемісті болып келеді. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, осындай жас кезеңдерге бөлді: Ол әр жас кезеңіне сипаттама береді. Балалық шақ. Баланың дене жағынан тез қарқынмен өсуімен және сезім органдарының дамуымен сипатталады; жеткіншек шақ- есі мен қиялының, оның орындаушы органдары - тілі мен қолы дамиды; жастық шақ кезінде көрсетілген сапалардың дамуымен қатар өте жоғары деңгейде ойлау деңгейі дамиды және ересектік шақта - ерік-қайраты мен қабілеттілігі жан-жақты дами түседі.

1. Ересек адамдар мен балалардың психологиялық

ерекшеліктері

Еңбек үстінде жеке адамның сапасы психологиялық процестерінің ерекшеліктері және адамның қасиеттері көрінеді. Сонымен қатар еңбек осы процестерді жетілдірудің және жеке адамның қасиеттерін қалыптастырудың ең басты құралы болып табылады. Еңбек әркетінің арқасында адамда ойлау, қабілет, ынта дамиды, білім, іскерлік пен дағыдыға ие болады, еркі күшейіп, мінезі қалыптасады.

Баланы екі жастан бастап еңбекке тәрбиелеген дұрыс және ол оқумен ұштастырылуы қажет. Баланың әрқандай даму кезеңіне сай еңбек әртүрлі болады. Мектепке дейінгі жастағы бала үшін (оның еңбектенуге де, оқуға да ықыласы болғанымен) мұндай әрекет түрі - ойын. ал мектепте (1-ші сыныптағылардың ойынқұмарлығы басылмаса да) оқу еңбегі басым келеді.

Көрнекті кеңес педагогы А. С. Макаренко балаларды еңбекке тәрбиелеу саласындағы мәселелерге ерекше назар аударды. Балаларды белсенділікке, творчестволық пен инициативалыққа тәрбиелеуде тек ұлы істер мен көрнекті еңбек қана емес, ойын да белгілі дәрежеде әсер ететіндігін ашып берді. Ол: «Бәрінен бұрын ойын мен жұмыс арасында үлкен айырмашылық жоқ екендігін айту қажет . . . Жақсы ойын жақсы жұмысқа, жаман ойын, жаман жұмысқа ұқсайды» - дей келіп, ойнаудың қай-қайсысы болса да еңбекке және ойлануға негіз болып табылатындығын дәріптейді және ойынның үлкен тәрбиелік мәнін талдай отырып: «Егер біздің баламыз тек әрекетсіз, енжар ойындармен ғана айналысатын болса, одан енжар, басқаның жұмысына көзін сатып отыратын, бастама дегеннен айырылған және жұмыста жаңалық ашуға ұмтылмайтын қиындықтарды жеңуге дағдыланбаған адам тәрбиеленеді. Күш жұмсап, белсенді әрекет етпейтін ойын-қашанда жаман ойын. Бала шынында да ойнасын, ойыншықтарды бөлшектеп, жинап, құрастырсын. Алғашқы бастаған ойынын аяқтамай, бір істен екіншісіне ауыспасын, не істесе де сол істі аяғына дейін жеткізсін. Ойыншықтардың қайсысынан болса да болашаққа қажетті құнды жақтарын түсінетіндей болуы керек». Сонда ойын баланы еңбекке жұмылдыруға әсерлі болады және білім қатарласа жүрмеген, саяси және қоғамдық тәрбие қатар жүргізілмеген еңбектің тәрбиелік пайдасы болмайды, бейтарап жүргізілген іс болады да қалады.

Психология ғылымында адамның жеке басы сапасын, оның ішінде еркі (тұрақтылық, дербестік, инициатива т. б. ) туралы мәселе жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілсе де ашылмай отырған сырлар аз еме. Сондықтан оларды ескерусіз, елеусіз тастауға болмайды, қайта адамның жеке басы сапасын барынша зерттеп ашу кезек күттірмейтін мәселенің бірі боп табылады. Бұл мәселені зерттеу үшін жеке адам еркінің ерекшелік белгілері мен мінезіне, қасиетінің қалыптасуына назар аудару қажет. Бұл - психологтар ұжымының алдында тұрған проблемалық үлкен мәселелердің бірі.

Оқушылар инициативасына психологиялық талдау жасауда мынандай жоспарда жүргізуге болады. Инициатива - еріктің саналы түрдегі ықпалының бір көрінісі, инициатива көрсету - мінез ерекшеліктеріндегі дербес қасиеттің қалыптасуы. Адамның ерік сапалары тәрбие үстінде дамып, дербес тәрбие кезінде жетіледі. Ерік қоғамдық дәлелдерге, бағытқа, сыртқы қайшылықтарды жеңе білуге сай бағаланады. Ол жеке адамның өмір тәжірибесінен жинақталады.

Жеке адам еркінің сапалары іс-әрекет үстінде көрініс береді. Олар мыналар: дербестік, шешімділік, өзін-өзі ұстай білу. Адамның өз қылығын өзі анықтап, маңайындағылардың кездейсоқ әсерлерінің ықпалына мойын ұсынбай, өз сенімімен, өз біліміне жүгіну арқылы қызмет атқаруын дербестік дейміз. 6-7 сыныптардағы оқушылардың дербестігі: «Мен еліме қандай пайда келтіремін және қалай келтіруім керек?!» дегендей мағынада көріне бастсйды. Оқушылардың осы шақтағы кезеңін психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде «толқымалы жас» деп есептейді. Бұл жастағы ұлдар мен қыздардың мінезі айқындалып, өмірге көзқарасы және сенімі қалыптаса бастайды. Мінез-құлық дәрежесі бағдарланып, төңірегіндегілермен қарым-қатынасы басталады. Бұларды жас өспірімдер деп атайды.

Психологтар балалар мен ересек адамдар жасының психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен шұғылданып, сан рет өмірге қажетті мәселелер көтерді. Жалпы және педогогикалық психология ғылыми - зерттеу институты жеке адамдардың психологиясын, сонымен қатар олардың қажетті қасиеттерінің даму мәселелерін зерттеуді қолға алып, ғылыми тәжірибелер негізінде жеке адам мінез - құлқының қалыптасуы жөніндегі проблемаларды белгілі бір ғылыми жүйеге келтірді. Оқушылардың ар-ұжданы мен даму заңдылығы негізінде жеке адамның мінез құлқын зерттеу, еңбек сүйгіштікке баулу арқылы жаңа адамдар тәрбиелеу - психология ғылымының негізгі саласы. Адамдардың еңбекке деген сүйіспеншілігі әрқашанда жоғары бағаланады. Өйткені еңбек сүйгіштік, жаңаға талпыну, еңбекке шығармашылық көзқарас, іске жауапкершілік сезім, т. б. оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеудің бірден-бір мектебі болып табылады.

Бала мен ересек адамдардың психологиясын жеке зерттеу бүгінгі психология ғылымының актуальды мәселелерінің бірі. Бұл салада инициативаның мәні зор. Жеке адам психологиясы инициатива арқылы көрініс береді. Қазіргі ғылым, техниканың дамыған шағында адамның инциативасы, еңбекке деген белсенділігі, сан-алуан мамандыққа орай қалыптасқан қабілеттілік, алғырлық, еңбектен ләззат ала білу-тек адамға ғана тән тамаша қасиеттер. Инициатива әрқашан қоғамдық заңды ықпалға сәйкес, жеке адамның саналы да, орнықты қасиеттерінен туындайды. Міне сондықтан да 13-14 жастағы оқушылардың ақыл-ойы қауырт дами бастайды да, бүкіл болашақ өміріне арқау боларлық дүние таным мен мінез ерекшеліктері қалыптасады. Әдетте 13-14 жастағы жас өспірімдердің психологиясы дене құрылысынан баяу дамып жетіледі. Олар балалық шаққа жатпайды, алайда ересек деуге де болмайды. Жас өспірімдердің ақыл-ойы толқымалы да, мінез-құлықтары мен көңіл күйлерінде қарама-қайшылықтардың кездесетіндігін жиі байқауға болады. Оқушылардың 13-14 жас шамасындағы кезеңінде тәрбие жұмысын өте шеберлікпен жүргізбесе жас өспірім мен ересек адам арасында келіспеушіліктің туатындығы сөзсіз.

2. Ересектік сезім - жеткіншек жасының негізгі психологиялық құрылымы ретінде.

Ересектік сезім дене дамуы мен жыныстық толысудағы ілгерілеушіліктерді ұғынып, бағалаудың нәтижесінде шығуы мүмкін; бұларды жеткіншек анық сезінеді және оны өз ұғымында да объективті түрде неғұрлым ересек етіп көрсетеді. Қазіргі бар акселерация балада осы жаңа өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі бағалаудың бұрынғы жылдарға қарағанда ерте пайда болуына жағдай жасайды. Ересектік сезімдерінің ендігі бер қайнар көзі - әлеуметтік негіздер . Мұның өзі ересектермен қарым-қатынаста бала объективтік тұрғыдан балалық жағдайда болмай, еңбекке қатысып, елеулі міндеттері болғандай реттерде туындауы мүмкін. Ересектердің сенімі және жастайынан дербестікке жету әлеуметтік қана емес, субъективтік тұрғыдан да баланы тез есейтеді. Бұған ұқсас мысалдар Ұлы Отан соғысы жылдарында көп кездесті.

Ересектік сезімнің жыныстық толысудан көп бұрын пайда болуының мүмкіндігі бар жолды Н. А. Некрасов бармақтай мұжық бейнесінде берген. Мұның өзі бала ересек деп санайтын адам мен өзі арасындағы бір немесе бірнеше өлшем бойынша баланың өзі ұқсаспыз (білім, іскерлік, күш, ептілік, батылдық, т. б. ұқсастығы) деп тапқан жағдайда да туындауы мүмкін; ұқсастық жайлар неғұрлым көп болса, өзін ересек сезінуге негіз де соғұрлым көп болады. Ересектік сезім баланы өзіне тең ұқсайтын неғұрлым ересек жолдастарымен (баланың ұғымында) қарым-қатынаста да қалыптасады. Жеткіншек өзін айналасындағылармен ғана емес, мұның алдында өзінің қандай болғанымен де салыстырады, әрине, белгілі бір бейнелерді бағдарға алып, өзіндегі прогресті бөліп көрсетеді.

Ересек сезімі сана-сезімнің өзіне тән жаңа құрылымы ретінде жеке адамның өзекті ерекшелігі, оның құрылымдық ортасы болады, өйткені ол жеткіншектің өзіне, жұртқа жіне дүниеге деген жаңа өмірлік позициясын білдіреді, оның әлеуметтік белсенділігінің өзіне тән бағыты мен мазмұнын, жаңаша талпыныстарының, толғаныстары мен аффективті ықпалдардың жүйесін анықтайды. Жеткіншектің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересектер дүниесіндегі және олардың қарым-қатынастарындағы бар нормаларды, құндылықтар мен мінез-құлық тәсілдерін меңгеру алғырлығы болып табылады. Мұның ұзаққа созылатын салдары болады, өйткені ересектер мен балалар әр түрлі екі топты көрсетеді және олардың міндеттері, құқылары, артықшылықтары мен шектеулері түрліше болады. Балаларға арналған көптеген нормаларда, ережелерде, талартарда, шектеулерде, тіл алудың ерекше моральында олардың ересектер дүниесіндегі дербессіздігі, тең құқылықсыздығы мен тәуелді жағдайы бейнеленген. Бала үшін дүниеде қол жетпес, тыйым салынған жайлар көп. Балалық шағында бала қоғамның балаларға қоятын талаптарымен нормаларын меңгереді. Бұл нормалар мен талаптар ересектер тобына өтер кезде сапалық тұрғыда өзгереді. Жеткіншекте өзі туралы енді балалықтың шекарасынан өткен адаммын деген түсініктің пайда болуы оның бір нормалар мен құндылықтардан басқаларына балалық нормалар мен құндылықтардан ересекті нормалар мен құндылықтарға қайта бағдар алуын айқындайды.

Қорытынды

16-18-жоғары сыныптар, яғни ересектер жасы. Жастың бұл кезеңін кейбір зерттеушілер 19-20 жасқа дейін апарады. Себебі, 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жақтары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында кездеседі. Бірақ ересек жаста «балаға» тән қасиеттер бірте-бірте азая бастайды.

Осы келтірілген жас кезеңдері психологиялық тұрғыдан топтастыру балалар бақшасында, не мектепте ресми түрде қабылданған жастарға үнемі ұқсамайды. Себебі психологиялық тұрғыдан жасты тиісті кезеңдерге бөлудің өзіндік сипаты бар.

Алайда, жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, бұл көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі бір жағынан жеткіншекке «балалық пен ересектіктің» қатар болуымен, ал екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтырының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтары болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты.

Олар: 1) ересектік дамуын тежейтін жағдайлар: балалардың көбінде тұрақты және байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы, көптеген ата-аналардың балаларды тұрсымтағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы.

2) Ересектендіретін жағдайлар: мазмұны жөнінен сан алуан информацияның орасан зор тасқыны, көптген ата-анларадың бос уақытының аздығы, осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы, дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас қалыптасу ерекшеліктері
Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері
Мектеп жасына дейiнгi жетім балалардың психологиялық ерекшелiктерi
Бала психикасының онтогенездегі даму ерекшеліктері
Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы
Мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынас тренингін ұйымдастырудың психологиялық негіздері
Мектепке дейінгі жаста темперамент дамуының жас ерекшеліктері
Қарым - қатынас процесінде тұлғаның дамуы
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым - қатынас ерекшеліктері мен негізгі формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz