Саууға арналған сиырларды азықтандыру нормалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті

Азықтандыру пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Сиырларды сүтейту кезінде азықтандыру

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2012ж.

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Сиырларға арналған азықтарды
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-10
2.2. Саууға арналған сиырларды азықтандыру
нормалары ... ... ... ... ... ... .1 1-14
2.3. Сүтейту кезінде сиырларды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15-19
2.4. Сауын сиырға арналған
рацион ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0-21
2.5. Сауын сиырды бағып-күту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-23
ІІІ. Қорытынды бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .24-25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26-
27
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Мал өнімділігі, оның ішінде сүттілігі, ең алдымен оны дұрыс және
құнарлы азықтандыруға байланысты. Өйткені, мал өнімділігінің тұқымдық ішкі
мүмкіндігінің жетіліп, іске асуына сыртқы ортаның, ең бастысы қоректену
факторлыраның, оңтайлы жағдайы туғызылуы қажет. Ондай оңтайлы жағдайлар
тудыру үшін малдың ас қорыту ерекшеліктерін жете білу керек.
Мүйізді ірі қара мал басқа да күйіс қайыратын мал сияқты жеген
жемшөбін алдымен төрт камерадан тұратын асқазанның алдыңғы камералары - таз
қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдын-ала өңдеуден өткізеді. Күйіс
қайыру барысында шайналып, мол сілекейленіп, қайта жұтылған азықпен ауыз
қуысынан таз қарынға көп мөлшерде сілекей құйылатындықтан, ондағы
микроағзалар тіршілігіне қолайлы сілтілік орта орнайды. Қараңғы, яғни
микроағзаларға қауіпті сәулелер өтпейтін, жылы, жемшөпқоректік заттарына
бай ортада таз қарын микрофлорасы қаулап өсіп, өз ретінде, олармен
қоректенетін микрофауна көбеюіне де жағдай туғызылады. Олар азық азотымен
қатар карбамид сияқты химиялық қосындылар азотын да игеріп, мүйізді ірі
қара малға құнды микробиологиялық ақуыз жеткізеді.
Эволюция барысындағы күйіс қайыратын мал макроағзасы мең оның ас
қорыту жолдарындағы микроазғалардың бір-бірінің тіршілігіне себептесіп,
пайда келтіруің синергистік биоценоз деп атайды. Соның нәтижесінде қарын
жыны биотүзуде басқа аминқышқылдарымен орны толықтырылмайтын, яғни
ауыспайтын аминқышқылдарымен және де бірқатар К мен В тобының
витаминдерімен байытылады. Демек, алдыңғы қарындардағы микробиологиялық
процесті неғұрлым өрістете алсақ, соғұрлым ағзаны сапалы ақуыз және маңызды
витаминдермен қамтамасыз ете аламыз.
Осыған байланысты күйісті малға күнделікті жегізілетін жемшөп түрі
(ассортименті) мен мөлшерін, яғни азықтандыру рационының құрылымын бірыңғай
сақтап, бұзбау керек. Мал азығына енгізілетін жаңа азықтарды біртіндеп, оны
өңдеуге алдыңғы қарын микроағзаларын бейімдеп барып, қолдану қажет. Мұны,
әсіресе, малға берілетін жемшөп түрі түбегейлі өзгеретін қысқы
азықтандырудан жазғы жайылымға шығарғанда ескерген жөн. Осы қағиданы ұстана
отырып, күйісті малдық алдыңғы қарындарындағы микроағзалар ассоциациясын
қиын қорытылатын, малдың өз ас қорыту жүйесі тіпті қорыта да алмайтын, мал
жемшөбінің негізін құрайтын жасұнықты ыдырататын целлюлоза ыдыратушы
нәсілдерімен (түрлерімен) байытуды жастайынан нысаналы түрде жүргізу қажет.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Сиырларға арналған азықтарды дайындау

Мүйізді ірі қара малды сүт өндіру бағытында өсіргенде, сүттілік
өнімділігін алдын ала болжап, бағалай білу қажет. Сиыр сүттілігі бірқатар
жағдайларға байланысты өзгереді. Малдың басқа да өнімділігі секілді,
шаруашылықтағы сиыр сүттілігі ең алдымен оның шыққан тегіне, яғни тұқымына,
қанының тазалығы мен асылдығына байланысты тек тұқымында жоғары өнімділік
қасиеттері бар мал сол өнімділікті көрсете алады. Әрине, ол асыл тұқымдық
қасиеттерді жетілдіріп, мал басынан мол өнім алу үшін, малды жастайынан
бағып-күтіп, құнарлы азықтандыру қажет. Мал өнімділігінің тұқымдық
қасиеттерімен берілетін ішкі генотиптік потенциалы (мүмкіндігі) жан-жақты
дамып, көрінуі үшін жеке бас даму барысында, яғни онтогенезде, сол
қасиеттер дамуына себеп болатын сыртқы ортаның фенотиптік жағдайларының ең
бастысына - дұрыс азықтандыру, содан кейін күтіп-бағу, тіпті баптау
жағдайлары жатады. Осы жайттарды ескере отырып, сиыр сүттілігіне тұқымдық
тегі мен дене бітіміне, сырт пішініне қарап та біршама болжам жасауға
болады. Шаруашылыңта сиыр өсіріп, оның сүтінен пайда табам деген шаруа
иелері бұл мөліметтер мен белгілерді жете меңгеріп, өз ісінде орынды
қолдана білуге тиіс.
Мүйізді ірі қара малды азықтандыру өнімдік бағыты мен тұқымына, жасы
мен тірідей салмағына, физиологиялық ахуалы мен өнімділігіне сәйкес ағзаның
қоректік заттарға мұқтаждығын көрсететін азықтандыру нормасын анықтаудан
бастайды. Оның ішіндегі ең күрделісі - сүтті сиырдың азықтандыру нормасын
белгілеу. Өйткені, химиялық құрамы сан-алуан, биологиялық құндылығы жоғары
сүтті түзу - күрделі физиологиялық процесс. 1 л сүт түзілуіне желін
тамырлары арқылы 500-600л қан өткізілетінін атап өткенбіз. Демек, тәулігіне
10-12л сүт сауылса, оны түзуге 5000-7000л қан өткізіліп, онымен сүт
түзілуіне қажетті барлың қоректік, минералдың және биологиялық маңызды
қосындылар жеткізілуге тиіс.
Бүгінгі таңда сауын сиырды азықтандыру нормасын Мұншама көрсеткіштерді
қамтыған бұл норманы тетіктелген азықтандыру нормасы (детализированные
кормовые нормы) деп атайды. ІПаруашылық жағдайында малды азықтандыруда бұл
көрсеткішердің ішіндегі ең негізгілері болып табылатын, яғни азық өлшемін,
қорытылатын протеинді, калъцийді, фосфорды, каротинді бақылау жеткілікті.
Малдың жалпы энергетикалық мұқтаждығының көрсеткіші - азық өлшемі.
Азық өлшемі ретінде бүгінгі күні біздің елде 1 кг сұлы дәнінің
бордақылаудағы сақа өгіз денесіндегі 150г май байламына тең энергетикалық
қуаттылығы (қоректілігі) алынған. Сұлының азық өлшемімен қоса азықтандыру
нормасын және азық энергетикалық құндылығын мегаджоуль немесе
килокалориямен белгіленген алмасу энергетикалық құндылығын мегаджоуль (МДж)
номесе килокалориямен (ккал) белгіленген алмасу энергиясын да (АЭ)
келтіреді.
Шамалап есептегенде, тірідей салмағы 300-500 кг жылдың сауымы 3 мың л
буаз сиыр 5-8 а.ө., 600-900г, яғни 1 а.ө. 110-115г қорытылатын протеин
қажет етеді. Сауын сиырдың тіршілігін қамтамасыз етуге әр 100кг тірідей
салмағына шамамен - 1 а.ө. және де әрбір 1 кг сүт өндіруге қосымша - 0,5
а.ө. жұмсалады. Әр 1 а.ө. 105-110 г қорытылатын протеин, 8-9 г ас тұзы, 8-9
г Са, 5-6 г Р, 40-60 мг каротин жеткізілуі тиіс. Жас, өсуі аяқталмаған,
жетіліп келе жатқан құнажындар мен арықтаған сиырды азықтандыру нормасы
денесінің өсіп, қосымша салмақ қосып, қоңдылануына 1-2 а.ө.-не ұлғайтылады.
Мал ағзасының энергетикалық және қоректік, биологиялық пәрменді
заттарға мұқтаждығын көрсететін азықтандыру нормасының көрсеткіштері іс
жүзінде малға берілетін жемшөп және қосындылармен қамтамасыз ету үшін
азықтандыру рационын құрастырады. Азықтандыру рационын малдың сүйсініп
жейтін, қоректенуіне бейім азықтарынан, белгілі физиологиялық-зоотехникалық
ережелерге сүйене отырып, келесі азықтар топтарынан құрастырады.
Мал азығы шығу тегі бойынша өсімдік және жануар тектес азықтар болып
екіге бөлінеді. Жануар тектес азықтарға сүт және сүт өнімдері мен әрі, ет-
сүйек, қан және балық ұны түріндегі ет пен балыұ өңдеу кәсіпорындарының
қалдықтары жатады. Олар рационда қосымша протеиндік азықтар ретінде
қолданылады, ал төрт түлік рационының негізін өсімдік тектес азықтар
құрайды. Өсімдік тектес азықтар құрамы және құнарлылығы жағынан көк,
шырынды, ірі және құнарлы азықтар болып бөлінеді. Көк азықтарға (зеленые
корма) - өсіп тұрған немесе орылып берілетін табиғи және екпе жайылым оты,
шырынды азықтарға (сочные корма) -сүрлем, тамыр-түйнек жемістілер, азықтық
бақшалық дақылдар, ірі азықтарға (грубые корма) — пішен, пішендеме, сабан,
топан, құнарлы азықтарға немесе жем-ге (концентрированные корма) - мал
азығына жұмсалатын (фураж) астық және бұршақ тұқымдастар дәні, кебек,
күнжара мен шроттар, жем жатады.
Көк азық - мүйізді ірі қара малдың жазғы уақыттағы негізгі азығы.
Жақсы жайылымда сауын сиырлар тәулігіне 50-70 кг-ға дейін көк балауса шөп
жей алады Көк шөп ылғалдылығы жоғары (60-80%) болгандықтан 1 кг-ның жалпы
қоректілігі 0,16-0,2 а.ө. аралығында болады да, ал 20-30% құрайтын құрғақ
затының 20-25 К протеин, 10-18% жасұның, 4-5% май, 35-50% экстративті
заттар, 9-11 % минералды элементтерден тұрады. Көк азық құрғақ затының
құрамынды қорегіне қажетті барлық қоректік және биологилленген пәрменді
заттар керек мөлшерде және жеңіл қорытылып, сіңірілетін түрде
болатындықтан, құнарлылығы жоғары. Ол жалпы қоректілігі жағынан құнарлы
жету құрғақ затымен теңессе, биологиялық, витаминді құндылығы жағынан
олардан анағұрлым асып түседі.
Жазғы уақытта сиырды тәулігіне 14-16 сағат, әсіресс ертеңгі және кешкі
салқынды пайдалаңып, өріске жайған және жайылған сиыр жақсы серуендейді.
Онын үстіне терісі күн сәулесін қабылдап, витаминдер түзеді. (мысалы,
эргостериннен ультракүлгін сәулелер әсерінен; Д витамині түзіледі),
ширайды, дене қорын толықтырады. Сиыр өнімділігі артып, өнімінің сапасы
жақсарады. Мысалы, көк шөптен сүт құрамында каротин көбейетіндіктен одан
шайқалған май сары түеті, мол витаминді болып келеді. Сиырлардың күйі жақсы
келіп, ұрықтанғыш қабілеті артады.
Көктемде көк шыға сиырларды бірден жайылым отына шығаруға болмайды.
Қысқы ірі азықтарды бірден шырынды көк балаусамен алмастырса, алдыңғы
қарындағы микробиологиялық процестің күрт өзгеруінен, көптеп іш газдары
пайда болады да сиырдың іші кеуіп, тимпанияга шалдығады, ас қорытуы
бұзылып, іші өтеді. Оған жол бермеу үшін малды жаңа шыққан көктемгі
балаусаға біртіндеп, өріске шығар алдында ірі азықтар беріп, үйретеді. .
Малдың өрісі мен суаты алыс болмауы тиіс. Жайылымды алдын ала
тастардан, былтырғы өсімдік қалдықтарынан, бөгде заттардан тазартып, мал
басын әрқайсысында бір аптадай жаятын өрістерге бөледі. Сонда осындай
қарапайым жайылым айналымы арқылы, бір жағынан, малды жайғанда жайылым отын
біртіндеп, өріс бойынша үнемді де тиімді пайдаланып, тақырламай, қайта
көктеу мүмкіндігін сақтап, екінші жағынан, апта сайын өріс өзгерту арқылы
ішек құрттарынан (гельминттерден) сақтандырып, үшіншіден, мал басын
мөлшерлі түрде көк шөппен қамтамасыз етуге болады.
Көк азық қоректілігі өсімдік түріне, олардың өсу кезеңіне байланысты
өзгереді. Беде, жоңышқа секілді бұршақ тұқымдастар құрамында протеин көп
болғанымен, астық тұқымдастармен салыстырғаңда, оларда жеңіл қорытылатын
көмірсулар, яғни қанттар аз болады. Ал мүйізді ірі қара малдың алдыңғы
қарындарындағы микробиологиялық ашытуға желінген азықтың қант-протеиндік
арақатынасы 0,8-1,2:1 аралығында болғаны қолайлы. Бұл арақатынасты мал
азығына бұршақ және астық тұқымдастардың аралас жайылымын пайдаланғанда
сақтау жеңіл.
1 кг-да, орташа, 0,20 а.ө., 25 гқорытылатын протеин, 3,0 г кальций,
0,7 г фосфор, 40-60,мг каротині болатын шалғын көгін, тірідей салмағы 450-
500 кг сауын сиыр, тәуліктік сауын 8л болса- 40-50 кг, 10-12 л болса- 55-65
кг, 18-20 л болса - 65-75 кг жеуге тиіс. Сиыр сүттілігі өте жоғары немесе,
өз ретінде, жайылым оты мардымсыз болып, сиыр көк шөпті мұндай мөлшерде
жайылымнан жей алмаса, оларды орылған балаусамен қосымша азықтандыру қажет.
Жазда да сауын сиырды тәулігіне 3-4 рет таза сумен суарып, қажетті
мөлшерде жалайтын астұзымен қамтамасыз етеді. .
Шырынды азық - ірі азықпен қоса мүйізді ірі қара малдың негізгі қысқа
дайындалатын жемшөбі. Оларға көк шөп шырынын сақтап қалатын, ылғалды
(кептірілмеген) сүрлем мен тамыр жемістілерден - азықтық және қант
қызылшасы, азықтық сәбіз, түйнек жемістілерден - картоп, бақша дақылдарынан
- азықтық асқабақ, қарбыз, әңгелек жатады. Олар өте жеңіл қорытылып, малды
қантпен, ал сәбіз, асқабақ А витаминінің алғашқы түрі каротинмен қамтамасыз
етеді. Оларды мүйізді ірі қара мал сүйсініп жейді. Құрамындағы қант сиыр
рационындағы қант-протеиндік арақатынасын жақсартып, таз қарын
микробиологиялық процесін өрістетіп, қоректік заттардың қорытылуын
жоғарылатады.
Сауын сиырға қызылшаның 30 кг-ға жететін тәуліктік мөлшерін бірнеше
бөліп, ал картоптың 15 кг-га жететін тәуліктік мөлшерін екіге бөліп беруге
болады. Әсіресе, қанты мол қант қызылшасын бірнеше рет бөліп немесе,
сиырдың ас қорыту сөлінде лактоза ферментінің аздығынан берілген қант
мөлшері ыдырап үлгермей, ашып, іш (ішек) газдары пайда болады. Сиыр басына
жылына 10-15ц қызылша, 5-10ц картоп әзірленеді. Қызылшаны температурасы 1-
2°С салқын қамбада немесе арнайы қазылған орда саңтайды. Тамыр-түйнек
жемістілер ылғалды (суы 70-90%) болғандықтан жоғары температурада нашар
сақталып, ал - 2-3°С суықта үсікке шалдығады. Әсіресе, ұрылып-соғылған,
қабығы түскен тамыр-түйнектер тез бұзылғыш келеді. Сондықтан сақтауға тек
зақымдалмаған, қабығы бүтін, жаншылмаған тамыр-түйнектерді батпақтан
тазартып, кептіріп барып салады. Малға берер алдында оларды тазартып,
турап, ал жас малға ыстық суға, буға бөктіріп барып береді.
Көк азық шырынына байланысты қоректік қасиеттерін қыста сақтаудың
тиімді шаруашылың әдісі - сүрлемге салу. Сүрлемдеу, негізінен, сүт қышқылды
ашыту түріндегі микробиологиялық процесс арқылы, консервіленген азық.
Сүрлемге жеңіл ыдырайтын қанты мол балауызданып піскен көк жүгері мен
күнбағысты, бұршақ және астық тұқымдастар шалғынын, жас құрақты, бақшалық
дақылдардың жапырағын, т.б. салуға болады. Қанты аз азықтарды сүрлемдеу
үшін, оларды басқа шырынды, қантқа бай азықтармен, мысалы, тамыр-түйнек
жемістілермен қоса салып, құрама сүрлем дайындауға болады.
Сүрлем салу үшін жерді қазып, қабырғалары мен едені тапталған немесе
тіпті бетондалған ор (траншея) дайындайды. Оған жүгеріні дәні сүттеніп-
балауызданып піскен кезде, ал басқа көк азықтарды шырындалып, бойына
қоректік заттарды жинаған кезеңінде, бірақ қатая бастағаннан бұрын орып,
турап, нығыздап салады да әбден таптайды. Шырын сөлі ағып кетпес үшін 100
килограмына 15-20 кг сабан мен топан араластырып салса да болады. Сүрлем
салуға дайындалған орды 1-3 тәулікте, әсіресе қабырға түсын мұқият
нығыздап, қабат-қабатымен тапталған көкпен толтырады да, үстін полиэтилен
жарғақпен жан-жағын қымтай жауып, қалындығы 25-30 см етіп топырақпен
көмеді.
2.2. Саууға арналған сиырларды азықтандыру нормалары

Азықтандыру нормасына сәйкестендіріп құрастырылған рацион азықтарымен
саууға арналған сиырды тәулігіне 3 рет азықтандырған жөн - ертеңгісін және
түсте жем мен шырынды азықтарды беріп, ірі азықтарды күні бойы салып қойған
дұрыс. Алдымен ұсақталған дәнді азықтарды құрғақ немесе быламық түрінде,
содан соң шырынды азықтарды, артынан ірі азық береді. Тамыр-түйнек
жемістілерді берер алдында тазартып, жуады. Сиырдың 100 кг тірідей
салмағына - 5 г, 1 кг сүт сауымына - 4 г келетін ас тұзы мен басқа да
минералды қоспаларды бөлек ыдысқа салып жалатып немесе жеммен араластырып
береді.

Сауын сиырға арналған азықтандыру нормасы
1-кесте
Тірілей салмағы
Көрсеткіш
400кг 500кг
Тәуліктік сүт сауымы, кг
8 10 12 12 14 16
Азық өлшемі 8,0 9,0 10,0 10,6 11,6 12,6
Алмасу 95 106 117 126 137 148
энергиясы, МДж
Құрғақ зат, кг10,7 11,6 12,6 14,1 14,9 15,8
Шикі протеин, 1170 1355 1540 1630 1785 1940
г
Қорытылатын 760 880 1000 1000 1100 1200
протеин, г
Шикі жасұнық, 3000 3250 3380 3310 4020 4110
г
Крахмал, г 900 1125 1350 1435 1570 1705
Шик май, г 225 270 320 340 370 405
Қант, г 600 750 900 955 1045 1135
Ас тұзы, г 57 60 62 73 81 89
Кальций, г 57 60 62 73 81 89
Фосфор, г 36 42 48 51 57 63
Магний, г 17 18 19 22 23 25
Калий, г 60 67 74 82 89 96
Күкірт, г 20 22 24 27 29 31
Темір, мг 640 720 800 850 930 1010
Мырыш, мг 440 520 600 635 695 755
Марганец, мг 440 520 600 635 695 755
Кобальт, мг 4,8 6,9 7,0 7,4 9,3 8,8
Йод, мг 5,6 7,5 8,0 8,5 9,8 10,1
Каротин, мг 320 380 400 475 520 565
Д витамині, 8 9 10 10,6 11,6 12,6
х.ө.
Е витамині, мг320 360 400 425 465 505

Сиыр ағзасының мұқтаждығын бөлшектеп, яғни тетіктеп 24 көрсеткішпен
белгілеген 1-кестедегі азықтандыру нормасы, тетіктелген (детализированные)
азықтандыру нормасы деп аталады. Шаруашылық жағдайында малды ондағы барлық
көрсеткіштерді қамтитын рационмен азықтандыруды ұйымдастыру мүмкін бола
бермейді. Сондықтан іс жүзіндегі азықтандыруды негізгі 6 нормалық көрсеткіш
- азық өлшемі, қорытылатын протеин, ас тұзы, калъций, фосфор, каротині
бойынша ұйымдастырады. Осы көрсеткіштерді бақылап құрастырылған рацион 1-
кестеде берілген.
Рациондағы кальций, каротиннің көптігі ағзаға зиян келтірмейді.
Кальцийдің пайдалану дәрежесін арттыру үшін фосфор нормаға жетіп, оның
кальциймен арақатынасы 1,5-2:1 аралығында болуы қажет. Каротин бауырда А
витаминінің қоры түрінде жиналады. Шаруашылықтың жемшөп қоры сапасыз болса,
көбіне азықтандыру рационының құрамында қорытылатын протеиннің
жетіспеушілігі жиі орын алады. Оны толықтыру үшін күйісті мал, атап
айтқанда, сауын сиыр рационына азоттың химиялық көзі болып табылатын
қосындыларды, негізінен, құрамында 42% азоты бар синтстикалық несеп нәрін
(мочевина), яғни карбамидті қосуға болады.
Таз қарында ыдыраған карбамидтің аммиак түріндегі азотын бактериялар
өз дене құрылысына игеріп, өз ретінде қорытылып, денесінің ақуызы
ыдырағанда малды аминқышқылдың құрамы байытылған құнарлы ақуызбен
қамтамасыз етеді. Осы микробиологиялық түзу жолымен 1г карбамидтен 2,6 г
қорытылатын протеин жеткізіледі деп саналады. Химиялық азотты қосындылармен
сауын сиырдың қорытылатын протеинге мұқтаждығының төрттен бір бөлігін,
яғни, 2.5% қамтамасыз етуге болады. Бірақ бұл деңгейде карбамид беруге
сиырды біртіндеп, қауіпсіздік шараларын ескере отырып, үйретеді. Аз
мөлшерде беріле бастаған карбимидтің түйіршіктенбей, рацион азықтарымен,
әдетте жеммен, әбден мұқият араласқанын қадағалайды.
Сиырдың сүттілігі ұлғайған сайын, рацион құрамы да күрделендіріліп,
қоректі азықтар мөлшерінің көбейтілуінен құнарлылығының да жоғарылауы шарт.

2-кестеде сүтті сиырдың физиологиялық ахуалы мен өнімділігіне
байланысты қыстағы және жаздағы рациондар үлгілері берілген. Егерде
шаруашылықта кестеде келтірілген азықтар болмаса, оларды қоректілігі пара-
пар азықтармен алмастыруға болады. Сиырдың сүттілігі сауымы мен қоса сүттің
майлылығына да байланысты екенін ескеріп, оған оң ықпал ететін қысқы
азықтардан бұршақ тұқымдастар пішенін, күнжара мен шрот, кебек пен
ашытқылар, басқа да протеинді азықтар береді.

Тірідей салмағы 450-500кг, жылдық сауымы
2-кесте
Азықтар Суалған Сауылатын кездегі тәуліктік сауымы, кг
буаз
кезінде

Қыста
Түрлі пішен4 3 3 3 4
Сабан 3 3 3 2 1
Сүрлем 15 20 20 25 25
Қызылша, 3 - 5 10 20
картоп
Бидай 1 0,5 0,5 1 2
кебегі
Жүгері - 0,5 1 1 1
жармасы
Күнбағыс - - - 0,5 0,5
күнжарасы
Көкөніс - 0,5 1 2 3
қалдықтары
Ас тұзы 0,05 0,06 0,07 0,08 0,08
Азық 0,10 0,05 0,05 0,05 0,05
преципитат
Жазда
Көк шөп 40-45 45 50 50 50
Жем - 1,0 1,5 2,0 3,0
Ас тұзы 0,05 0,06 0,07 0,08 0,08
Азықтық 0,12 0,08 0,08 0,08 0,08
прецитат

Мұндай рационға сиырды біртіндеп үйретіп, бұзаулағаннан кейінгі екінші-
үшінші аптада өткізеді. Ал жаңадан бұзаулаған сиырға бірінші күні жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері
Ірі қара гигиеналары
Сауын сиырлар гигиенасы
Сиырды саууға дайындау
Көк азықтармен азықтандыру
Сауын сиырларының гигиенасы
Сиырларға арналған қора - жай
Волга сауу аппараты
Сүт фермасында сапалы сүт алу
Суалған сиырларды азықтандыру нормасы
Пәндер