Кредиттік оқыту технологиясының негізгі жағдайлары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан МедицинаАкадемиясы АҚ

Дәрілер технологиясы кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Білім берудің кредиттік жүйесі. Оның мақсаты, міндеті, ерекшеліктері.

Орындаған: Сұлтанбай Г
Тобы: 202 ФК Б
Қабылдаған: Намазбай Г.Ә.

Шымкент 2018

Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Кредиттік оқыту технологиясының негізгі жағдайлары.
2.2 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқыту тапсырмалары, мақсаты
2.3 Кредиттік оқыту технологиясының Қазақстанға енгізілуі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Кредиттік оқыту технологиясы -- бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу.
Кредиттік жүйе алғаш рет Америка Құрама Штатында пайда болды. Оның негізін 1870 жылдары Гарвард университетінің Президенті, белгілі Американдық білім қайраткері Чарльз Элиот салып, кредит - сағат ұғымын қоғамға енгізген болатын. Бұл жүйе алғашында пәндер көлемі жүйесінің шешуін өлшеуші кредит-сағат болып енгізілді. 1892 жылдан бастап кредиттік-сағаттық жүйенің екінші кезеңі басталып, осы кезде АҚШ-тың ұлттық білім комитеті университет, колледж, мектеп топтарын жақсарту мақсатында, оқу бағдарламаларын стандарттауда кредит ұғымын тек университет пен колледждерде ғана емес, орта мектептерде де, енгізе бастады
Европалық елдердің сынақ бірлігіне көшу мақсаты бұл, алдымен халықаралық тұнықтық жетістігі, қазіргі кездегі білім жүйесінің дауы мен дербес елдердің біліктілігін сақтау, көтеру арқылы білім беру саясатында оқу орындарының білім беру облысында да сақталды.

Негізгі бөлім
1999 жылы 19 маусымда жоғары білімнің бірыңғай құрылымын енгізу үшін Болон декларациясы қабылданған болатын. Оған 29 ел қол қойды. Барлық ұлттық жүйелерде, жоғары білім жүйесінің сынақтық бірлігін енгізу үшін European Credit Transfer Sustem (ESTS) немесе басқа, ESTS жүйесімен бірігіп, қайта сынақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жинақтаушы қызметін, және де академиялық оқу кепілдігін шет елде тану туралы шешім қабылдану (1999 ж. ESTS 1062 европалық жоғары оқу орындарына енгізілді)

Осы заманғы болып жатқан интеграциалық құбылыстар қоғам тіршілігінің барлық жағына өз әсерін тигізді. Халықаралық процестермен қатар жүруге ниеттелген мемлекет казіргі кезде қалыптасқан барлық ғылымдандырудың көріністеріне тікелей назар аударды деуге болады. Соңғы 10-15 жылда шетел мемлекеттерінің білім жүйесінде жоғары деңгейдегі қарыштық даму жағдайы жүзеге асып жатқаны бәрімізге белгілі. Әрбір мемлекеттің қоғам өмірінде ғылыми, мәдени, экономикалық, саяси жүйелеріндегі қалыптасқан ескі көзқарастар түбегейлі өзгеріске ұшырады

Кеңес Одағының ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы жаңа білім жүйесінің дамуындағы ізденістерге әкелді. Әлемде танылған батыс елдерінің экономикалық, әлеуметтік прогрестері Қазақстан үшін үлкен бағдар болды. Әрине, оқу бітіруші түлектер бәсекелестік қабілеттілігімен білім беру кеңестігінің таңдауында оқушыға дербестік беру, оқытудың деңгейін көтеру, еңбек сұранысына бағдарланған, оқу бағдарламаларының жоспарлауын икемді ғана болуы мүмкін, әлемдік білім беру көрсеткендей казіргі білім талаптарына кредиттік оқыту технологиясы сай келді.
Кредиттік оқыту технологиясы оқытудың бағытсыз жүйесі - оқу процесінің ұйымдастыру тәсілін белгілейтін оқушыларға белгіленген шегінің (құрауыш қалауы және оқытудың қосымша түрлері бойынша) білім беру процесінің жеке жоспарлау мүмкіндігі болады. Қатаң жүйеде, белгіленген көлемде, оқыту логикасына сәйкес, белгіленген мерзімде білімдік кәсіптік бағдарлама пәндерін оқушыларға оқытатындығын бағытты оқыту жүйесі жобалайды.

Біздің республикамыздың жоғары оқу орындарында кредиттік жүйені енгізуде шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен халықаралық тәжіриебенің маңызы өте зор. Солай болғандықтан, осы технология Қазақстанның жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс еткендіктен отандық тәжірибені оқу мәнді болады, одан басқа да аймақтық жоғары оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып, консультация және әдістемелік көмек көрсету қажет

Қазақстан Республикасында кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады. Елімізде 2007 жылы 15 тамызда Білім туралы жаңа заң қабылданды. Осы заңның 11 бабында білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңын іске асыру мақсатында №66-шы кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі әзірленген және бекітілген.
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды, дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқа) немесе студиялық оқыту 1, байланыс сағатқа (75 минутқа) немесе лабараториялық және дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), сонымен қатар барлық оқу практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқа), барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқа) тең.
Тьютордың міндеті -- оқушының оқу әрекетінің барысын қадағалау, оқудан барынша қайтарым алу. Топтық консультациялар өткізу (оқу процесінің ішінде). Оқу процесін іске асыру үшін оқытушының және оқушының әр пән бойынша формалар мен құралдары, баспа және электрондық түрде курсты бейнелейтін, оқушылардың (БӨЖ) өз бетімен игеру деңгейін бақылайтын, олардың өткізу мерзімі мен мазмұнын көрсететін оқу-әдістемелік кешені болуы қажет. Студенттің өздік жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін, мазмұны мен оларды өткізу мерзімі көрсетілген оқушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын міндетті енгізу.
Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс -- сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы -- емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланды. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау немесе мемлекеттік емтихандарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобалап оқыту технологиясының ерекшеліктері
Топтық оқыту технологиясы
Саралап деңгейлік оқыту технологиясы
АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері
Оқу үдерісінде жобалау әдісін қолданудың тиімділігі
Оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы
Кредиттік оқыту технологиясы сипаттама
Инклюзивті білім беру жүйесінде ПОҚ құрамына кіретін мамандар құрамы
Кредиттік оқыту технологиясы
Студенттің өзіндік жұмысы
Пәндер