Жарнамалық жариялаудың түр



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Қонақ үй жарнама қызметінің теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Қонақ үй жарнаманың мәні мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Қонақ үйлік жарнаманың әрекет етуінің негізгі қағидалары ... ... ... ... ... 6
1.3. Қонақ үй саласындағы жарнаманың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2. Қонақ үй кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары.12
2.1. Қонақ үй кәсіпорынның дамуына жарнаманың әсері ... ... ... ... ... ... ... .. 12
2.2.Қонақ үй кәсіпорындарда жарнама қызметінің даму мәселелері мен перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3.Қазақстан қонақ үй индустриясындағы ұлттық жарнаманың маңызы...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Кіріспе

Жарнама дегеніміз белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекет. Жарнама ерекшеліктері: қоғамдық сипатта болады, үгіттеуге қаражат қаблеттілігі бар сатушы жарнама арқылы өзінің хабарландыруын бірнеше рет қайталай алады, мәнерлік- түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады, иесіз жарнама монолог ретінде ғана жасалады.
Жарнама сауданы жүргізетін тетік қана емес, сондай-ақ тұтыну мәдениетін жаңа биіктерге көтеретін өркениет үдеткіші де болып отыр. Өркениетті тіршіліктің негізін құрайтын ұстындардың біріне айналған жарнама төңірегінде зерттеушілер мен практик мамандар тарапынан түрлі пікірталастардың туындағанына көп болды. Зерттеушілердің көбі оны ғылымның арнайы бір саласына жатқызса, практиктер басқару, кәсіпкерлік пен іскерлік өрісінен іздегісі келеді, ал жарнамалық хабарландырулар әзірлеуге қатысы бар мамандар шығармашылық үдерістің өзіндік бір түрі деп санайды.
Курстық жұмыстың өзектілігі: жарнамасыз тауардың кен нарықта қалыптастыруға, ықтимал қажеттіліктерді сұранысқа айналдыруға болмайды. Комерциялық жарнаманың алып машинасы тұтынушыны қалыптастыруға, оған қысым жасап, керекті сенім тәрбиелеуге арналған. Жарнаманың мақсаты сатып алуға деген құмарлықты қыздырып ықтимал тұтынушыны несиені пайдалануға, қосымша шығындарға итермелейді.
Курстық жұмыстың мақсаты: қонақ үйлік жарнаманы анықтау мен оны дамытудағы кемшіліктерді, және сонымен қатар ұлттық өнімдерді жарнамалауда кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары.
Жарнама кәсіпорындағы маркетингте ерекше орын алады, оны сондықтан жиі өзара тәуелсіз бағытта қарастырады. Әлемдік нарықта жарнама кешенді толық пайдаланғанда ғана жоғарғы тиімділікке ие болады,Осы мақсатқа жету үшін келесі тапсырмалрды орындау қажет:
1. Қонақ үйлік жарнаманың түрлері мен жарнамалық қызметтер;
2. Қазақстан Республикасындағы жарнаманың даму темпі
3. Жарнаманы дамытуда туындайтын мәселелер мен оны шешу жолдары.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Жарнама туралы түсінік, оның түрлері.
2. Қазақстанда қонақ үй даму деңгейін қарастыру.
3. Қонақ үйді ұсынуға болатын жарнама түрлерін қарастыру
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі : курстық жұмыс, кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан , пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. Қонақ үй жарнама қызметінің теориялық аспектілері
1.1 Қонақ үй жарнаманың мәні мен түрлері.

Қонақ үй жарнаманың түрлері тоқталмас бұрын біз маркетинг ұғымына тоқталып кетсек. Өйткені жарнама маркетингтің негізгі құраушысы. Маркетинг термині компаниялар фирмаларда өндірушісі, өткізуші әрекетін басқару құралы ретінде өткен ғасырда пайда болған. Маркетинг термині ағылшын тілінен аударғанда market+ing= нарық - осы аралықта жұмыс істеу.
Маркетинг түсінігін көбінесе жарнама мен өткізумен шатастырады. Бірақ маркетингтің негізгі элементі өткізу емес екендігін білген жөн. Ф.Котлердің айтуынша, өткізу маркетинг Айсбергтің тек ұшы, яғни маркетингтің негізгі мақсаты тұтынушы мен өндірушіге бірін-бірі табуға көмектесіп, оларды байланыстыру. Маркетинг негізі: тауар өндіру бағдарламасын өндеу, нарықты зерттеу, жеткізуді ұйымдастыру және т.б.Сонымен, маркетинг нарықпен тікелей байланысты ғылым. Жарнама дегеніміз- белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекет. Жарнама ерекшеліктері: қоғамдық сипатта болады, үгіттеуге қаражат қаблеттілігі бар сатушы жарнама арқылы өзінің хабарландыруын бірнеше рет қайталай алады, мәнерлік- түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады, иесіз жарнама монолог ретінде ғана жасалады. Жарнаманың мақсаты сатып алуға деген құмарлықты қыздырып ықтимал тұтынушыны несиені пайдалануға, қосымша шығындарға итермелейді.
Маркетингтің даму кезеңдері:
Бірінші кезең XX ғасырдың басынан 40 жылдарға дейін маркетинг өткізу сипаты ретінде қолданылды. Маркетинг пән ретінде алғаш рет АҚШ-та Колифорниялық және Мичеган университетінде оқыла бастады. Соғыстан кейіңгі жылдары маркетинг өткізу қасиетін жоғалтып, тауарды өндірумен тұтынушыға жеткізу әрекетінің бір элементі болып саналды.Екінші кезең 1960-1970 жылдарда ғылымы техникалық прогресс жоғарғы темпте дамып,жаңа өндірістің және халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болуы байқалды. Ірі компаниялар арасында бәсекелестік өте жоғар дамыды.. Осы фазада маркетинг қазіргі заманғы бизнестің жаңа философиясы ретінде қарастырылды.
Маркетинг басқару эволюциясында келесі факторлардан тұрады:
oo ҒТП-ң дамуын жылдамдату.
oo Бәсекелестік күрестің түрлерін кұру.
oo Тауар ассчортиментін жиі жаңаланып отыру мүмкіндігі.
oo Фирма әрекетіне сыртқы орта факторлардың әсер етуі.
Маркетингтің қағидалары:
oo Өнімді тұтынушыларды нақты анықтап, соған сай тауар өндіру.
oo Өндірілген өнімді сату емес, сатылатын өнімді шығару.
oo Тауарларды өндіу отырып, қажеттілікті құру мен ынталандыру.
oo Пайда табу арқылы соңғы мақсатқа жетуді көздеу.
Егер де ірі компаниялар тауарларды нарыққа, егер барлық ұлттық нарығына немесе халықаралық нарғына шығаратын болса, онда маркетинг георграфиялық принцип бойынша ұйымдастырылады .Коммуникация дегеніміз тауарлар, қызметтер, туралы хабарландыру, оларға деген тұтынушының сенімін күшейту, олар туралы ескерту үшін фирма қолданатын әдіс- амалдары. Кәсіпорын тұтынушыларға тиімді әсер ету үшін коммуникацияның келесі әдіс- амалдарын пайдалануы мүмкін: жарнаманы, арнайы сатуды, өтімді ынталандыру, қоғаммен байланысты. Коммуникацияның әр элементіне сәйкес ерекше тәсілдер мен әдістер қолданылады.
Жарнаманы жеткізу әдістеріне қарай:
* Қатаң жарнама- қысқа мерзімде, агресияшыл жарнама.
* Жайлы жарнама- тауар айналысында қолайлы жағдай құратын жарнама.
Мияткер түріне қарай
* Өндірушінің атынан жүргізілген жарнама көбінесе коммерциялық әрекетке байланысты.
* Жеке адамдар атынан жүргізілген жарнама көбінесе хабарландыру сипатын алады.
Тұтынушыға әсер ету әдісіне қарай:
o Оңтайлы жарнама - әлуетті тұтынушының ақыл- ойына әсер ететін жарнама.
o Эмоционалды жарнама тұтынушылардың сезіміне, эмоциясына ассоциация арқылы әсер ететін жарнама
Мақсатты аудиторияның түріне қарай:
* Бизнес саласына арналған жарнама - тауарды өндіріс үдерісіне қолдану үшін сатып алатын тұтынушыларға және делдалдарға арналған жарнама,
* Жеке тұтынушыға арналған жарнама.
Коммуникация стратегиясына қарай:
oo Ақпаратты жарнама- тұтынушыларға жаңа тауар мен жаңа фирмамен таныстыратын жарнама.
oo Ескерту жарнама- тұтынушылардың есіне таур туралы ақпаратты сақтауға арналған және тауарды қай жерде сатып алуын еске түсіретін жарнама.
oo Кеңесші жарнама- таңдамалы сұранысты қалыптастыруға арналған жарнама
Жарнама затына қарай:
oo Тауар жарнамасы - тауарға сұранысты қалыптастыратын және оған ынталандыратын жарнама.
oo Фирма беделінің жоғарлатуға арналған жарнама- кәсіпорынның жұмысын жағымды көрсетуге арналған жарнама.
Жарнама қонақ үй кәсіпорындағы маркетингте ерекше орын алады, оны сондықтан жиі өзара тәуелсіз бағытта қарастырады.әлемдік нарықта жарнама маркетингтік кешенді толық пайдаланғанда ғана жоғарғы тиімділікке ие болады.
1.2. Қонақ үйлік жарнаманың әрекет етуінің негізгі қағидалары.

Қонақ үй уақытта сыртқы экономикалық қызметтің жақсы серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Қонақ үй қызметінің ұдайы өсуі біртұтас әлемдік экономикаға әсер етуі сияқты бөлек елдер мен аймақтар экономикасына әсер етүі дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы мен құрылымына жалғасатын күрделі, тұрақты ұзақ мерзімде беталыстардың бірі болып табылады. Осы қажеттіліктердің алуан түрлілігі туристік кәсіпорындармен ғана қанағаттандырылып қоймайды, сонымен қатар экономика дамуына мултипликаттық әсері факторларының бірі ретінде туризм мәнісін себепші ететін басқа салалардағы кәсіпорындармен қанағаттандырылады. Өте сирек табиғи ресурстармен көшпелі халықтың ерекше мәдениетіне ие болып отырған Қазақстан халықаралық және аймақтық нарықтарда қонақ үй кәсібі дамуы үшін үлкен іске асырылмайтын әлуетке ие болуда.
Қазақстанда қонақ үй индустриясы мемлекеттік деңгейде экономиканың басымды салаларының бірі болып табылады.Статистикалық және империялық көрсеткіштер анализі қазақстандық туристік өнімге деген қызығушылықтың өсуін және туристер көлемінің өсуінің қолайлы беталысы және өткізу нарығының ұлғайғандығын куәландырады.
Қазақстан территориясының көп бөлігін таулар алып жатқандықтан, дәл солай алыс шетелдік туристтер үшін аса тартымды ресурс болып табылады.
Нарықтық экономикасында жарнама әр түрлі қызметін атқарады. Жарнаманың әрекетінен барлық кәсіпорынның болашағы тәуелді.
Нарықтық экономикада жарнаманың атқаратын қызметті төмендегідей:
oo Экономикалық бернесі- сұранысты қалыптастыру, өнімді ынталандыру, тұтынушыларға тауарды алғызуды тездету арқылы сату мен алу үдерісін тездетеді.
oo Ақпараттық бернесі- тұтынушыларды өндірушілер туралы және олардың тауарлары туралы ақпарат ағымдарымен қамтамасыз етеді.
oo Коммуникациялық бернесі- маркетингзерттеулері кезінде қолданатын сауалдама, тұтынушылар пікірлерін жинау
oo Бақылау бернесі- нарықтағы өнімдерінің жылжуын бақылауға мүмкіндік береді
oo Түзетім бернесі- өткізі саясатын және жарнама қызметің ұтымды жағынан өзгертуге мүмкіндік жасайды
oo Сұраныстарды басқару бернесі- нақты тұтынушылар топтарына көзделген әсерін тигізу жолддарын табуға мүмкіндік ашады
oo Жарнама мақсатты кәсіпорын қабылдаған жалпы маркетингтік және коммуникациялық стратегияларына сәйкес анықталады. Ол мақсаттарды екі үлкен топқа бөлуге болады.
oo Тауарды өткізі саласына байланысты мақсаттар- сату көлемін ұлғайту және тұтынушылардың тауарды сатып алуын ынталандыруға арналады:
oo Коммуникация саласына байланысты мақсаттар - нақты идеяларды хабарлауға, кәсіпорынның бейнесін қалыптастыруға, тұтыну әдетіне ыңғайлы өзгертуге бағытталады.
Жарнама мақсаты негізінде жарнамалық, жариялық шешімдерін қабылдау тәсілдері анықталады. Алдымен ұсынатын тауардың ерекше қасиеттері талданып, сонның ішіндегі тұтынушыларға аса маңыздылыларын тізімі жасалады. Одан кейін жарнамалық жариялаудың қандай мақсатты аудиториялық арналуын нақты анықтау керек.
Жарнамалық жариялаулы дайындаған кезде мына мәселелерді шешу қажет:
# Жарнамалық жариялаудың құрылымын
# Жарнамалық жариялаудың түр
# Жарнамалық жариялаудың бет- бейнесін.
Жарнамалық жариялаудың құрылымы AIDA (Attention-назар , interect-қызығушылық, desire-ықылас, action-әрекет), талаптарына сәйкес болуы қажет. Дұрыс қарастырылған хабарландыру тартымды даа қызықты болады. Ол хабарландыруды адам қайтара оқуы немесе көруі мүмкін. Хабарландырумен түгел танысып, жарнама объектінің дәлелдігіне толық сенсе, тұтынушысы тауарды сатып алуы мүмкін.
Жарнамалық жариялаудың түрі тауарды тұтынушыға көрсету әдісіне байланысты. Көрсету әдістерінің бірнешесі болады. Олар:
Таурдың ұнатымды жақтарымен клиенттердің пікірлерін игеру мен қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауардың жағымды қасиеттерін анық және дәлелді көрсету, нақты жағдайда тауарды қолдану тәсілдерін көрсету, тұтынушының көңілін көтеру үшін әзіл- ысқақ тағы басқа жағдай жасау.
Жарнамалық жариялаудың бет- бейнесін айыруға болады:
* Ресми іскерлік
* Ғылыми түрде кәсiбилiк
* Жариялымдық
* Әдеби тiлмен сөйлесу
* Дөрекi тiлмен сөйлесу.
Жарнамалық жариялауды дайындаумен бiрге жарнама тарату құралдарын таңдау кезiнде мына сұрақтарға жауап табуы керек:
- Кiмнiң қажетiң қамту? Бұл сұраққа жауап беру үшiн мақсатты және әлуеттi, тұтынушыларды нақты табу керек. Ол үшiн нарықты сегменттеу жүргiзiледi.
- Әлуеттi тұтынушылар қай жерде орналасқан? Тұтынушылардың көбi орналасқан жерде жарнама берiлуi тиiс.
- Қашан және қайсы кезде жарнама берiлуi керек.Демек жарнама жүргiзiлетiн уақыты берiлуi керек.
Жарнаманы тарату құралдары таңдауына мынандай факторлар әсер етедi:
-жарнаманың мақсаты:
-жарнамалайтын тауардың ерекшелiктерi:
-нарықты қамту көлемi:
-жарнама тарату арнасының мақсатты аудиториясының сипатына сәйкестiгi
-бәсекелестердiң жарнамалық әрекетi
-керектi құралдардың қолда болуы
-жарнаманың әрекет ету нарқы.
Жарнама тарату құралдары анықталғаннан кейiн жарнамаға қажет қаржы көлемi есептеледi.
Жарнама қаржы көлемi анықталғанда келесi факторлар есепке алынады:
-болжаған өткiзу нарығының көлемi мен мөлшерi.
-кәсiпорынның маркетингтiк кешенiңдегi жарнаманың ролi.
-тауардың өмiрлiк циклы
-бәсекелестердiң жарнама шығындары
-кәсiпорынның қаржы мүмкiндiгi.
Жарнама қаржысы коммуникация кешенiнiң жалпы шығындар сиетасына еңгiзiлуi тиiс. Дәрежелi жарнама көптеген шығындарды талап етедi. Сондықтан жарнама қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау жұмысы өте маңызды орын алады. Оның өзi мынадай мүмкiндiктердi бередi:
-жарнаманың пайдалылығы туралы ақпарат бередi.
-әрбiр жарнама тарату құралдарының нәтижелiгiн көрсетедi.
-әлуеттi тұтынушыларға жарнаманың оңтайлы әсер ету шарттарын анықтайды. Жарнама науқаны мен құралдарының тиiмдiлiгiн нақты абсолюттi санмен анықтау мүмкiн емес. Қазiргi кезде жарнама тарату құралдарының көптеген түрлерi қалыптасқан. Жарнама түрлерi және оны тарату құралдары:
Тiкелей жарнама:
а)Пошта хаттары, баспа материалдары
б)Пошта арқылы видеокассеталар, видеодисктер
Баспа жарнамасы:
Анықтамалар, каталогтар
Пресс - релиз, баспасөз хабарламасы
Буклет
Анықтама
Баспасөз жарнамасы: Газеталар мен журналдар
Хабар жарнамасы: Радиожарнама мен тележарнама
Сыртқы жарнама:
үлкен габариттiк плакат
Газжарығы құрылымдар
Роллер
Мультивизио плакаты
Электронды панносы
Экран жарнамасы: Кино және видеофильмдер мен слайд -
фильмдер
Транспорт жарнамасы: Транспорт сыртындағы жарнама және
транспорт салонындағы плакаттар және хабарландырулар
Сату орынындағы жарнама: Витрина, тауар қорабы , зат таңбасы, назар аударуға арналған жазулар, таңбалар ("ай -стоппер")
Жарнаманың басқа түрлерi: Көрме және жәрмеңке және компьютер жарнамасы, кәдесый және купон, лотерея.
Жарнаманың психологиялық әсер ету тиiмдiлiгi әлуеттi тұтынушылардың назарын тарту деңгейiмен және жарнамалық жариялауды тындаушылар қаншалықты еске сақтау деңгейiмен анықталады.

1.3. Қонақ үй саласындағы жарнаманың ерекшеліктері

Демалу мақсатындағы қонақ үй. Берілген түр ағзаның физикалық пен психикалық демалуына негізделген. Сонымен қатар бұл топқа емделу және күш жинау үшін қолданылатын теңіз суы мен жағымды климаты бар курортты жерлер жатады.
Елдегі қиын экономикалық пен қаржылық жағдай, әлеуметтік аспектік туризм және қонақ үй мәселелерін ушықтырып, мынадай болады;
-өмірлік деңгейдің төмендеуі ;
-кірістердің қысқаруы;
-қазақстандағы тұрғындардың табыс көлемнің азаюы;
-тұрғындардың төлемақы мүлікіндігінің құлдырауы;
Елдегі трансформацияның қазіргі кездегі жағдайында байлықты жүргізу поляризациясы біршама дамыған. Егер заңды тіркелген статистикалық тұжырымдаларына сүйенсек, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің арсындағы 11 есе айырмашылық бар. Кірістің дифиренциясының негізін жолақы расындағы айырмашылықтар құрайды, бұл айырмашылықты тұрғындардың жұмысқа бейімділігі күшті болса да, жақсы жұмыс күшімен қамтамасыз ете алмайды.
Қазақстан Республикасының институттарының айтуынша бір жұмысшының жұмыс істеу қабілеті әлеуметтік минимумда орташа жалақысы 2000 жылы 80,7 % болды.Алайда экономикалық салалардағы берілген индикатордың анализі тек өндірісте ғана жүрген; құрылыс; көлік; байланыс; қаржылық іс әрекеттер;
Туризмнің және қонақ үй шаруашылығының дамуы тұрғындардың ақшалық кірістері қандай деңгейде өсу немесе төмендеуіне өте тәуелді. Мәдениет туризмге материалдық жағынан белгілі територияларда материалды инфроқұрылымынның дамығаны көрінеді(инженерлік, агротехникалық).
Берілген обьектілерде мәдени әрекеттік негізі салынған.
Әлеуметтік инфроқұрылымының әлеуметтік сферада әсіресе өте маңызды. Оған мәдени тұрмыстық бағыттағы денсаулық сақтау, білім, демалыс т.б. обьектілері жатады.айтылған обьектілердің ішінен демалу зерттеуге алынған сала ретінде әлеуметтік инфроқұрылымның маңызды бөлігі болып табылады. Демалыста әр адам күнделікті жұмыстан күнделікті серпілу деп санайды. Демалу бұл тұжырымға сай. Сондықтан демалыс әлеуметтік инфроқұрылымның маңызды функциясы ретінде өзіне көптеген мәдени аспетілерді қосады.
Тарихи - мәдениеттік, архитектура этнологиялық археологиялық , археологиялық және басқа ескерткіштердің позициясы өзінің бар әртүрлігін көрсете алады.
Тұрғындардың білімі потенциалы тек кәсіби категорияларында емес, сонымен қатар өз ұлтының тарихы мен салтын, медениетті саласының дағдыларын, бірнеше шет тілін білу керек. Бұл резиденттер мен резидент еместердің арасындағы тығыз қарым қатынасты тудырады.
Келесі жерде туризм және қонақ үй шаруашалығының экономикаға тиімді бірнеше ықпалын көрсете кетсек:
Туризм және қонақ үй кәсібі экономиканы тоқыраудан сақтайтын, оны эффектілі индустриалды комплекстердің санына жатқызамыз.
туризм мен қоршаған орта өзара байланысты және мағыналары ұқсас түсініктер. Олар табиғи ресурстарды рационалды қолдануды ұсынады. Туризм интенсивті дамыған сайын қоршаған ортаға түсетінсалмақ та өседі.
Бұл бағдарламаның негізгі бағытын келесідей көрсетуге болады:
Табиғатты рекреационды қолдануды экономикалық негіздеу;
Қонақ үйді нарықтық жағдайда реттеу.Туризм инфрақұрылымы мен рекреационды аймақтарды құру;
Қонақ үй шаруашылығымен мен туризмнің заңды орындарын құру;
Қәзiргi заманда рекламаның актуалдi қажеттiлiгiнiң жоғарлылығы белгiгi, ерекше рекламасыз туризмдi қарастыру мүмкiн емес екенiң айтып кеткен жөн.
Жарнама кәсiпорын тауары мен қызметтiң сату көлемiң арттыруға көмектеседi. Жарнама адамға жаңа тауар туралы, оның артықшылығы мен ерекшелiгi, қайдан сатып алуға болатыны туралы ақпарат бередi. Туристiк кәсiпорындар жарнама арқылы жаңа өткiзу нарықтарын ашады. Жарнама бәсекелестiкмен күресудiң негiзгi құралы болып табылады, сондықтан ол осы күрестiң алдын алып туристiк қызмет көрсетудiң сапасые жоғарлатуға ат салысады.
Жарнама сату көлемiң жоғарлатудың негiзгi құралы.
Жарнама арқылы нарықпен керi қарым - қатынас орнатуға болады. Бұл мүмкiндiк тұтынушылар арасында туристiк қызметтерге деген сенiмдiлiктi туғызады және сол сезiмдi орнықтырады. Жарнаманың тұтынушыға бағытталған мақсаттың ескере отырып оны тек тұтынушыға әсер етушi құрал ретiнде емес, сұранысты реттейтiн құрал ретiнде қарастыруға болады.
Қазақстан Республикасындағы туристiк саладағы жарнаманың сферасы қәзiргi таңда өте актуальдi және даму стадиясында орналасқан.
Сондықтан бұл курстық жұмыстың негiзi мақсатты қонақ үйлік жарнамаларды анықтау мен оны дамытудағы кемшiлiктер, сонымен қатар ұлттық туристiк өнiмдердi жарнамалауда кездесетiн мәселелер мен оларды шешу жолдары.
Жарнама қонақ үй кәсіпорындағы маркетингте ерекше орын алады, оны сондықтан жиі өзара тәуелсіз бағытта қарастырады.әлемдік нарықта жарнама маркетингтік кешенді толық пайдаланғанда ғана жоғарғы тиімділікке ие болады.
Жарнамалық коммуникацияны кодтау дегеніміз ойды белгілі кодтар арқылы ақпаратты алушыға жеткізуболып табылад. Код ретінде төмендегілер қолданылады:
Ауызша және жазбаша ойлар және олардың темпі мен стильі
Визуальды заттар
Дыбыстар
Түстер мен оларды құраушылар
Ымдау.
Кодтау кезінде семантиканы дұрыс қолдану қажет. Олар әр түрлі әлеуметтік топтарға әртүрлі ой беруі мүмкін.
Әлемдік тәжирбеде көрсетілгендей туризм және қонақ үй сферасы өте ірі жарнама беріушілірдің бірі болып табылады. Шетелдік фирмалар өзінің кірісінің 5 - 6 пайызын жарнама жасауға шығындайды.
Қонақ үй сферасында жарнаманың маркетингтік коммуникациядан ерекшелену негізгі қонақ үй кәсіпорыны мен қонақ үй қызметтерінің ерекшелігіне байлынысты, атап айтқанда:
Жеке сипатта болмауы. Коммуникациялық сигнал потенциалдық клиентке фирма жұмысшылары арқылы емес , делдалдар арқылы жетеді.
Біржақты бағытталуы. Жарнама тек жіберушіден ақпаратты
алушыға бағытталған. қайта байланыс тек тұтынушының сатып алуға
шешім қабылдауымен байланысты.
Тиімділік жағынан анықсыздығы.Қоғамдық сипатта.Жарнама нақтылығы, шындығы, дұрыстығы жөнінде жауапкершілікті өзіне алады.
Нарықтық ақпараттың кең көлемің таңдауда атақты американдық маман А. Политц жарнаманың негізгі заңдылықтарың ойлап тапты:
Жарнама жақсы тауардың сату көлемін жоғарлатады, нашар тауардың құлдырауын тездетеді.

2. Қонақ үй кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
2.1. Қонақ үй кәсіпорынның дамуына жарнаманың әсері

Қонақ үй индустриясы халықаралық сауда қызметі сегментінде жоғарғы деңгейіндегі ірі және динамикалық дамудағы салалардың бірі. 2002 жылы халықаралық туризмнің еншісіне экспорттағы әлемдік кірісін 8% мен қызмет көрсету секторы экспертындағы 37% тиді.[ Башта А. Казахстанский туризм: новый поворотДеловой мир Казахстана-2002.-№11]
Жарнама- нақтылы өндірушілерге, саудагерлерге, табыстырушының тауарына, қызметіне назар аударту және олардың шотынан, олардың маркасымен осы тауар мен қызметін сатып алдырту мақсатында ұсыныс, тауар мен қызметті сатып алдырту мақсатында ұсыныс, шақыру, кеңес және кепілдеме тарату.
Жарнама тауарды саьу міндеттерін, басқа да көптеген міндеттер атқаратынының айта кетейік, бұлар:
oo Фирма, оның тарихи, жетістіктері, клиенттерінің құрамы жөнінде түсінік, мағлұмат тарату;
oo Толық ақпаратқа сұраныс, тапсырмалар тудыру;
oo Тауар сатып алу жөнінде шешім қабылдауға ықпал жасайтын адамдарға жарнама беруші фирманың, жағына шығардай етіп сөз салу;
oo Өткізу қызметінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмдегі жарнаманың ролі
Қонақ үй кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметі
Жарнаманы тарату құралдары
Кәсіпорынның жарнамалық іс әрекетін ұйымдастыру
Коммуникация жүйесі түсінігі
Маркетингтік байланыс жүйесіндегі жарнаманың рөлі
Маркетингтегі коммуникация (жылжыту) жүйесі
Маркетинг коммуникациясының негізгі түрі – жарнама
Жарнама және оның түрлері
Пәндер