Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. БАНКРОТТЫҚҚА ҰШЫРАУ ҚАУПІ МЕН КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын банкроттығының пайда болу себептері, экономикалық табиғаты мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Кәсіпкерлік тәуекел түсінігі, оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2. АЛТЫН ЖІП АҚ-ның БАНКРОТТЫҒЫ МЕН КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІГІНЕ ТАЛДАУ
0.1 Алтын жіп АҚ-ның технико-экономикалық мінездемесі ... ... ... ... ...11
0.2 Алтын жіп АҚ-ның банкротқа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайына талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
0.3 Алтын жіп АҚ-ның кәсіпкерлік тәуекелділігін бағалу ... ... ... ... ... ... 18

3. КӘСІПОРЫНДАРДЫ ҚАРЖЫЛАЙ ЖӘНЕ ЭКОНОМИАЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
0.1 Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..20
0.2 Кәсіпкерлік тәуекелді төмендетудің негізгі механизмдері ... ... ... ... ... .22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алуда. Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәсіпорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына алып келді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артады.
Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде құқық жағдайын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда ішкі және сыртқы білікті серіктерін таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады.
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі.Дер кезінде тәуекелге бара алатын кәсіпкер табысқа жете алады. Тәуекел бұл кәсіпкерлік жоспарды және бюджетті орындауда қолайсыз жағдайлардың болу мүмкіндіктері. Кәсіпкерлік тәуекелді кәсіпкердің өз ресурстарының белгілі бір бөлігін жоғалту мүмкіндігімен, яғни қауіп-қатермен байланысты және табыс алуы төмендеп, қосымша шығындардың пайда болу нәтижесімен байланысты болатын іс-әрекеттер деп түсінуге болады. Кәсіпорын жақсы қызмет етуі үшін кәсіпкер өз жұмысы барысында кездесуі мүмкін барлық тәуекелдің түрлерін ескеруі қажет.
Нарықтық қатынастар жағдайында тәуекелдің кәсіпкерлік істегі белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік, болжамдық жетістікке жетуге кедергі жасауы мүмкін. Кәсіпкерлік тәуекел кәсіпорын қызметін реттеуде маңызды рольді атқаратындығы курстық жұмыстың өзектілігіне арқау болды.
Банкроттық - нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан, Қазақстанда оны сауықтырудың жолдары дамымаған.
Сондықтан бұл жұмыстың мақсаты - кәсіпкерлік тәуекелділігі, кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері және салдары, оның алдын алу бағыттарын анықтау, банкроттыққа қарсы басқарудың ролі мен маңызын зерттеу болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес және мәселенің зерттелу маңыздылығына қарай міндеттері:
oo банкроттық ұғымының әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-құқықтық мазмұнын ашу;
oo кәсіпорындағы банкроттықтық жағдайлардың пайда болу себептері мен белгілерін анықтау;
oo банкроттыққа қарсы басқарудың кәсіпорында дамуын жетілдіру;
oo кәсіпкерлік тәуекел мен оны басқарудың теориялық аспектілерін ашып көрсету;
oo кәсіпкерлік тәуекелділікті талдау.
Зерттеу объектісі ретінде Алтын жіп АҚ атауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
oo отандық және шетелдік ғалымдардың көзқарастарын талдау мен жүйелеу негізінде банкроттық ұғымының нарықтық экономиканың объективті экономикалық феноменіретінде мәні анықталды;
oo кәсіпорынның банкроттық алдындағы жағдайын негіздейтін факторлары мен белгілері сипатталады.
oo кәсіпорындағы банкроттыққа дейінгі кезеңнің тұрақтылығын сақтау мен банкроттыққа қарсы басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстардың жүзеге асуы.
Сонымен бірге жұмыстың жазылу барысында зерттеу тақырыбы бойынша негізгі көрсеткіштер кестелер, сызбалар, суреттер, графиктермен сипатталған, сонымен қатар соңғы деректерге сәйкес статистикалық деректермен толықтырылған.

1. БАНКРОТТЫҚҚА ҰШЫРАУ ҚАУПІ МЕН КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын банкроттығының пайда болу себептері, экономикалық табиғаты мен мәні

Банкроттық - нарық шаруашылығының категориясы болып табылады. Банкротқа ұшырау -- кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.Кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауы ұйымды әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың механизмі қалыптасқан.
Дәрменсіздік (банкроттық) орыс ғалымдарының көзқарастары бойынша - борышкердің төлемқабілетсіздігінің сотпен анықталуы немесе баланс құрылымының қанағаттанарлықсыз болуы.
Ал қазақстандық ғалымдар өз анықтамасын ұсынды: банкроттық - шаруашылық субъектісінің экономикалық дәрменсіздігі, оның қарыз міндеттемелері бойынша төлемқабілетсіздігі, шаруашылық соттың шешімімен жариялануы.
Жалпы банкроттық өзінің мәні бойынша - нарықтық экономиканың қалыпты құбылысы, бәсекелік күрестің табиғи процесі. Банкроттық бәсекелік күрес нәтижесі ретінде өндірістің дамуын, іскерлікті ынталандырады.
Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.
Дегенмен көптеген ғалымдар банкроттықты құқықтық қатынастарды сипаттайтын категория ретінде қарастырады. Құқықтық тұрғысынан банкроттық - ол сот шешімімен немесе борышкердің жариялауы бойынша борышкердің қаржы міндеттемелері бойынша кредиторлардың талабын толық қанағаттандыруға дәрменсіздігі. Банкроттық - кәсіпорынның жойылуына негіз болатын оның төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып табылады. Құқықтық бағыттың негізі соттың дәрменсіз деп тануы.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.
Сонымен қатар, банкроттықтың пайда болуының объективті және субъектвті себептері бар:
31 Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
oo экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерәнің жетілмегендігі;
oo инфляцияның аса жоғары деңгейі;
oo фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
oo бәсекелестіктің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өндіріс бағасының төмендеуі және сәйкесінше өндіріс шығынының төмендемеуі.
32 Шаруашылық жүргізуіне тікелей қатысты субъективті себептері:
oo банкроттықты уақытында болжап және келешекте сақтану;
oo жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы сұранысты толық зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
oo өндіріс көлемінің төмендеуі;
oo өнімнің төменгі рентабельдігі;
oo үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар.
Сонымен қатар келесі сызбада кәсіпорындағы банкроттықтың объетивті және субъективті себептері корсетілген.

ДАҒДАРЫС СЕБЕПТЕРІ
ІШКІ
СЫРТҚЫ
СУБЪЕКТИВТІ
ОБЪЕКТИВТІ
ДдД

ДАМУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ

БІЛІМ ДЕҢГЕЙІ
ТАБИҒАТ ӨЗГЕРІСТЕРІ

ҚЫЗМЕТ ҚАТЕЛІКТЕРІ
ЖЕТІЛМЕГЕН БАСҚАРУ

УАҚЫТ ТЫҒЫЗДЫҒЫ
ЖҰМЫСТЫҢ КҮРДЕЛЕНУІ
КӨЗҚАРАСТЫҢ ҚАРАМА ҚАЙШЫЛЫҒЫ

1-сызба. Кәсіпорындағы банкроттықтың субъективті және объективті себептері
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
oo банкроттықты құқықтық реттеу;
oo кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік - әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;
oo келешегі бар (перспективалы) тауар өндірушілерді қолдау мақсатында төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралар;
oo банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
oo кең ауқымды қоғам үшін банкрот жайында ақпараттар жариялылығын қамтамасыз ету.
Ресейлік зерттеулер жоғарыдағы аталған факторлар жиынынан, яғни кәсіпорын дамуына кедергі келтіретін факторларды екі топқа бөледі: сандық және сапалық.
1)Сандық, тәжірибеде сандық индикатор қолданылады, ол банкроттықты болжауға мүмкіндік беретін - z-есебің, оның негізінде қаржылық көрсеткіштердің қатынасы өлшенген салмада болады:
"Z есебі" = айналым капиталыактивтер * 1,2 + бөлінбеген пайдаактивтер *1,4 + өндірістік пайдаактивтер * 3,3 + акцияның нарықтық құныактивтер * 0,6 + сату көлеміактивтер * 1.
Банкроттықтың ықтималдығы:
"Z есебі" = 1,80 немесе аз жағдайда - өте жоғары;
"Z есебі" = 1,81-2,7 жағдайында жоғары;
"Z есебі" = 2,8 - 2,9 - мүмкін,
"Z есебі" = 3,0 және одан жоғары болса - ықтималдығы аз.
Z1,81 - банкроттықтың жоғарғы ықтималдық аймағы;
Z3,0 - банкроттықтың төмен ықтималдық аймағы;
2)Банкроттықты болжайтын сапалық факторларға:
oo қаржы есебінің нашарлығы және шығындарды қадағалау қабілетсіздігі;
oo өнеркәсіптің құлдырауы;
oo компания басшылығының тәжірибемсіздігі;
oo ұзартылған міндеттемелерді өтей алмауы;
oo кәсіпорынды қосымша қаржыландыруға қабілетсіздігі;
oo коммерциялық тәукелдің жоғары деңгейі;
oo нарықтық өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;
oo коммерциялық тәуекелдің жоғары деңгейі;
oo нарықтық өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;
oo жеткіліксіз сападағы бухгалтерлік және қаржы есебі жүйесі;
oo тұтынушылардың талап-тілектерінің өзгеруіне сәйкес өндірісті бейімдеуге қабілетсіздігі.
Кәсіпорынның банкроттық ықтималдығын болжау үшін нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде жай және айрықша акциялардың нарықтық құны, қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын балансының негізінде есептелетін Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен қолданылады.
Бұл модель 1968 жылы болжаудың бас факторлы моделі ретінде пайда болған. Осы модельді жасау барысында Э. Альтман 66 өнеркәсіп орындарын зерттеген, оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы табысты болған. Ол мүмкін болатын банкроттықты болжау үшін ұжымды болып келетін 22 талдау коэффициентін зерттеген.
Банкрот болған америка фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп оөсіп келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың банкроттық ықтималыдығына байланысты дәрежесін және салмақтық коэффициентісін анықтап, бас негізгі көрсеткішті шығарған. Э. Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мынадай:
Z = 1,2 + К1 + 1,4К2 + 3,3К3 + 0,6К4 + 1,0К5
Мұндағы: К1 = меншікті айналым қаражаттарактивтер;
К2 = бөлінбеген табысактивтер;
К3 = пайыз бен салық төлуге дейінгі табысактивтер;
К4 = акцияның нарықтық құныактивтер;
К5 = өткізуден түскен табысактивтер;
Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша Э. Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіподақ үшін есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады.
Бұл кәсіпорындар арасында шек коюға және болашақта (2-3 жыл) біреулерінің банкроттыққа ұшырап (z 2,675 болғанда) және (z2,675 болғанда) басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар 1977 жылы Э. Альтман 7 факторлы моделін ұсынды, ол модельдің дәлдігі 70% дейін болды және банкроттықты бос жылға жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл жеті факторлы модель келесі көрсеткіштерді қамтиды:
oo активтердің рентабельбілігі;
oo пайданың динамикасы;
oo несие бойынша пайызды өтеу коэффициенті;
oo ағымдағы өтімділік коэффициенті;
oo автономия коэффициенті;
oo жиынтық активтер;
Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттық жетіспеушілігі қиындық туғызады (талдау есебінің мәліметтері қажет, ал ол сыртқы пайдаланушыларда жоқ).

1.2 Кәсіпкерлік тәуекел түсінігі, оның түрлері

Тәуекел - бұл мүмкін қауіптілік. Экономикалық теорияда тәуекел дегеніміз кәсіпорынның белгілі өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстың бір бөлігін жоғалту ықтималдығы.
Кәсіпкерлік тәуекел - өнімдерді тауарларды, қызмет көрсетулерді өндірумен, оларды өткізумен, тауар-ақша және қаржы операцияларымен, коммерциямен байланысты кез келген қызмет түрінде пайда болатын әлеуетті мүмкін қауіптілік, ресурстарды ықтимал жоғалтулар. Ол ресурстардың күтпеген, есептелмеген шығыны ретінде немесе ресурстарды ұтымды пайдалануға есептелген нұсқамен салыстырғандағы табысты ала алмауы ретінде сипатталады.
Кәсіпкерлік тәуекел, яғни кәсіпкердің өз тәуекеліне кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы болып табылады. Мүліктің кездейсоқ жойылуы тәуекелін оның меншік иесі иеленеді, құрылыс обьектілерінің жойылу тәуекелін ереже бойынша мердігерге жүктелген, кәсіпкердің жауапкершілігі тәуекелі шарт бойынша тараптарға тиесілі. Кәсіпкерлік тәуекел туралы сақтандыру заңдарында айтылған. ҚР Азаматтық Кодексінде кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шартын бекіту мүмкіндігін қарастырады, кәсіпкерлік қызметтегі шығын тәуекелі кәсіпкерлердің контор агенттері міндеттемелерінің бұзылуынан немесе кәсіпкерлерге байланысты емес шарттардың өзгеруі, сондай-ақ күтілген табысты ала алмай қалу мүмкіндігі, тәуекелі түсіндіріледі.
Сонымен, кәсіпкерлік тәуекел деп кәсіпкерлердің өз ресурстарының бөлігін жоғалту, табысты толық ала алмай қалу немесе белгілі бір әрекеттер 10 нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болу мүмкіндігі түсіндіріледі.
Кәсіпкерлік тәуекелдің мәнін қарастыру кәсіпкерлік қызметте тәуекел орындайтын функцияларды анықтаумен басталады:
oo инновациялық;
oo реттеуші;
oo қоғаушы;
oo аналитикалық.
Кәсіпкерлік тәуекелдің инновациялық функциясын кәсіпкер алдында тұрған мәселелерді дәстүрлі емес шешуді іздестіруді ынталандырумен орындайды.
Реттеуші функция қарама қайшы сипатта болады және екі түрлі нысанында шығады: конструкциялық және бүлдіргіш.
Тәуекелдің қорғаныш функциясы егер кәсіпкер үшін тәуекел табиғи жағдай болса, сәтсіздіктерге шыдам да қалыпты болу тиістігінен көрінеді.
Аналитикалық функциясы шешімдердің мүмкін нұсқаларының ішінен біреуін таңдау қажеттілігінде тәуекелдің болуын білуімен байланысты.
Кәсіпкерлік тәуекел әртүрлі белгілеріне байланысты келесідей топтастырылады:
1. Кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша:
a) өндірістік тәуекел - өндіріс өнімімен байланысты себептер: өндірістегі мәжбүрлі үзілістер, өндірістік қорлардың істен шығуы, жабдықтарды, шикізаттарды уақытында жеткізбеу;
b) коммерциялық тәуекел - тауарларды іске асыру процесінде туындайтын себебі: коммерциялық қызмет нарығында күтпеген өзгерістер болып табылады;
c) қаржылық тәуекел - кәсіпкерліктің банкпен және басқада қаржылық институттармен қарым - қатынасынан туындайды. Негізгі себеп: зайымдық және өзіндік қаражаттардың жоғарғы арақатынасы,кредиторларға тәуелділігі, капиталдың белсенсіздігі және т.б.
d) инвестициялық тәуекел - бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.
e) нарықтық тәуекел - бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.
2. Масштабтылығы бойынша:
a) локальді тәуекел - бөлек фирмалардың тәуекелі;
b) салалық тәуекел - саланың өзіндік қасиетіне байланысты;
c) елдік тәуекел - елге тән, оның әлеуметтік - саяси жағдайының төмендеуі, инфляцияның төмендеуі т.б.
3.Пайда болу табиғатына байланысты:
a) субъективті тәуекел - кәсіпорынның тұлғалығына байланысты. Себебі: тәжірибелердің жеткіліксіздігі, білімнің жеткіліксіздігі;
b) объективті тәуекел - стихиялық аппаттардың жеткіліксіз ақпараттығы несиелеу, салық салу шарттары туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі.
31 Пайда болу саласы бойынша:
a) сыртқы тәуекел - экономика саясатындағы күтпеген өзгерістерге негізделген, себебі: үлкен территориядағы стихиялық аппаттар;
b) ішкі тәуекел - тәуелсіз менеджмент жағдайында туындайды, қате маркетинг жағыдайында туындайды. Себебі: Кәсіпкерлік фирманың өзіне байланысты.
5. Сақтандырылу мүмкіндігіне байланысты:
a) сақтандырылатын тәуекел - сақтандырушының тәуекелді өзіне алуын білдіреді;
b) сақтандырылмайтын тәуекел - тәуекел масштабын бағалау мүмкін емес, ешкім өзіне сақтандыруды қабылдауға дайын емес.

2. АЛТЫН ЖІП АҚ-ның БАНКРОТТЫҒЫ МЕН КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІГІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Алтын жіп АҚ-ның технико-экономикалық мінездемесі

Алтын жіп АҚ трикотажды өндіріске орта нөмірлі мақта қағазды тоқыманы өндіретін маманданған кәсіпорын болып табылады.
Кәсіпорын 1942 жылы Қостанай аймағындағы Реутовский және Краснополянский тоқыма мақта фабрикаларының құрал-жабдықтарының негізінде құрылды. Алғашында кәсіпорын шет елдік Говард-Булло мен Платт фирмалардың 1895-1905 жылдары шыққан, қуаттылығы 12 мың тоқыма құрайтын, тоқыманың шығарылымы 222 тоннадан аспайтын, құрал - жабдықтарымен жабдықталған еді.
Алтын жіп АҚ - дағы жұмыстар үнемі жаңа құрал-жабдықтардың, механизацияның және өнімнің автаматизациясы арқылы жүргізіледі.
1-кесте. Алтын жіп АҚ 2014-2015 жылдарға арналған технико-экономикалық көрсеткіштері


Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2014 ж
20015 ж
Ауытқу
1
Өткізілген өнімнен түсетін табыс
мың. тг
18022,6
25564,5
141,8
2
Өткізілген өнімнің өзіндік құны
мың. тг
20685,5
23449,6
113,4
3
Жалпы табыс
мың. тг
(-2662,9)
2114,8
-
4
Кезең шығындары
мың. тг
12197,3
11368,9
111,5
5
Таза табыс
мың. тг
(-10036,2)
(-5687,0)
-
6
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны
мың. тг
50141,7
37045,4
73,9
7
Еңбек ақы қоры
мың. тг
61555,3
76090,3
123,6
8
Жұмысшылардың орташа саны
адам
353
321
90,9
9
Бір жұмысшының орташа айлық еңбек ақысы
тг
14531
19753,4
125,7
10
Өткізілген өнімнің 1 тг шығыны
тг
1,14
0,92
80,0
11
Бір жұмысшының еңбек өнімділігі
мың. тг
51,05
79,64
144,3
12
Жұмыскерлер саны
адам
60
59
1
1-ші кестеде көрсетілгендей 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда өнімді -өткізуден тускен табыс 7541,9 мың теңгеге өскен,ол 41,8% құрайды. Өнімнің өзіндік құны 2015 жылы 2764,1 мың теңгеге немесе 13,4% - ға өскен, ол 23449,6 теңге. Сонымен қатар жалпы табыс 4777,7 мың теңгеге өскен, яғни 2114,8 мың теңге, сонымен қатар кезең шығындары да 11368,9 мың теңгеге, яғни 11,5% - ға өсті. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 37045,4 мың теңгеге төмендеген. Анализ көрсеткендей жұмысшылар саны 32 адамға және жұмыскерлер саны 1 адамға азайған.
2014 жылы жұмысшылардың жалпы саны 353 адам, ал 2015 жылы -321 адам, немесе 9,1%-ға төмендеді.
Сонымен қатар 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 1 жұмысшының еңбек өнімділігі 132,92 немесе 44,3%-ға өсті. Еңбек ақы қоры 1454 мың теңгеге жоғарылады, яғни 23,6%-ға өсті. Орташа айлық еңбек ақы 2014 жылмен салыстырғанда 11535,0 теңгеге өсті, яғни ол 123,6%.
Жұмыстың қортындысы мен өндіріске кеткен шығындарды 1 теңгеге кеткен шығындардан көре аламыз. Бұл көрсеткіш 2014 жылғы 1,14 теңге, ал 2015 жылы 0,92 болды, яғни -0,22 теңгеге немесе 20%- ға төмендеген.
Негізгі капиталдың қолданылу деңгейі, бір жағынан технологиялық саясаттың прогрессивтілігімен, ал екінші жағынан өнімнің шығарылу технологиясымен анықталады. Мұндай жағдайда басшылыққа, ең алдымен негізгі қорлардың қалай қолданылып жүргенін анықтау қажет.
Бұл көрсеткіштерді жүзеге асыру үшін негізгі капиталды қолдануға біртұтас жүйе құрылған.(2-кесте)
Бұл көрсеткіштердің ең маңыздысы қор қайтарымдылығы, қор сиымдылығы. Қор қайтарымы өнімді өткізіден түскен табысты негізгі қорлардың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады.
2-кесте. 2014-2015 жылға негізгі капиталдың қолданылу көрсеткіштері



Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2014 ж

2015 ж
Өсу қарқыны %
1
Қор қайтарымдылық

Тенге

0,35

0,69

191,7
2
Қор сйымдылық
Тенге
2,78
1,44
52,2
3
Қормен қарулану
Тыс.тенгеадам
835,7
627,9
75,1
4
Тозу коэффициенті

%

60,5

60,5

100
5
Жарамдылық коэффициенті

%

39,5

39,5

100
Алтын жіп АҚ-дағы қор қайтарымы 2014 жылы 0,35 теңге, ал 2015 жылы 0,69 теңге. Қор қайтарымының өсуі кәсіорынның даму деңгейін көрсететі. Қор қайтарымының көрсеткіші басшылыққа пайданың көлемін анықтауға көмектеседі. 2015 жылы 2014 жылға қарақанда 1 теңгеден түскен табыс 33 тиынға өскен. Алайда, техникалық саясаттың өндірілуіне бұл жеткілікті емес. Сонымен қатар, қор сиымдылығын да анықтау керек, яғни 1 өнімнің бірлігіне қанша негізгі қорлардың қажет екенін көрсетеді. Қор сиымдылығы қаржы салыдарымен және оның өсуімен байланысты. Қор сиымдылығы 2014 жылы 2,78 теңге, ал 2015 жылы 1,44 теңге болды. Өнімнің қор сиымдылығы төмендеген жағдайда, алайда тұрақты табыстың өсуі кезінде капитал салымдарының үнемделуі байқалады. Ары қарай Алтын жіп АҚ- ның кадрлар ағымын қарастырамыз.
3-кесте. 2014-2015 жылдардағы Алтын жіп АҚ-ның кадрлар ағымының көрсеткіштері.



Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2014 ж

2015 ж

Ауытқу (+,-)
1
Жұмысшылардың орташа жылдық саны

адам

353

321

-32
2
Қабылданған жұмысшылар

адам

-

-

-
3
Шығарылған жұмысшылар

адам

85

36

49
4
Қабылдау коэффициенті

%

-

-

-
5
Шығару коэфициенті

%

24

11

46
2014 жылы кәсіпорын 85 адмды жұмыстан босатқан, ал 2014 жіне 2015 жылдары жұмысқа ешкімді қабылдамаған. 2015 жылы кәсіпорын
49%-ға аз адамды жұмыстан шығарды, яғни ол 36 адамды құрайды. Жұмыстан шығару коэффициенті 2014 жылы 24%-дан 2015 жылғы 11%-ға төмендеген, яғни ол 46%.

2.2 Алтын жіп АҚ-ның банкротқа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайына талдау жасау

Бұл бөлімде Алтын жіп АҚ - ның банкроттыққа ұшырау мүмкіндігі және қаржылық жағдайына диагностика жүргіземіз.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын анализдеу маңызды роль атқарады. Бұл мынаған байланысты, кәсіпорын тәуелсізденеді және жеке меншіктер, жұмысшылар, комерциялық серіктестіктер алдында өндірістік кәсіпкерлік қызметі бойынша жауапкершілікте болады. Нарық жағдайындағы қаржылық анализдің көп тараған әдісі - әртүрлі қаржылық коэффициенттерді төрт топта қарастырамыз:
oo мүліктік жағдайын бағалау
oo жұмыс белсендігін бағалау
oo қаржы тұрақтығын бағалау
oo кәсіпорынның табыстылығын бағалау
Кәсіпорынның қаржы тұрақтығын бағалау үшін объективті, ғылыми негізделген және оптималды басқармашылық, өндірістік және әсіресе қаржылық жағдайын талдау керек. Терең және нақты талдау базасы болған жағдайда ғана кәсіпорынның қызметін объективті бағалауға, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын күшейтетін және оның жұмыс белсенділігін арттыратын басқармашылық шешімдер беруге болады.
4 - кесте. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау

Көрсеткіштер
2014 ж
2015 ж
Нормалық мәні
1
Өндістік мүлік коэффициенті
1,6812
1,6219
=0,5
2
Активтердің мобилділік және мобилді құралдар коэффициенті
0,4222
0,4541
0,5
3
Негізгі құралдардың құн коэффициенті
0,7306
0,8319
0,5
4
Негізгі құралдардың тозу коэффициенті
0,5778
0,5459
0,5
5
Мобилді активтер коэффициенті
0,6054
0,6055
0,5
4-ші кестеде кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау көрсетілген. Мұнда 1 - ші өндіріске бағытталған мүлік коэффициенті қарастырылған: 0.57. Талданып отырған кәсіпорында бұл коэффициент деңгейі 2014 жылы 1,6812, 2015 жылы 1,6219 - ды көрсетті. Бұл көрсеткіштің мәні талданып отырған кезеңнің нормативті деңгейіне тең.
Бұл көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымды активтердің бөлігін анықтау қажет. Кәсіпорын активтерінің мобилділік коэффициентінің өсуі ол ағымдағы активтер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуекелдердің түрлері және қаржы менеджменте тәуекелдерді басқару
Инфляциялық тәуекел
Тәуекелділіктің мәні мен түсінігі
Кәсіпкерлік түрлері "Салыстырмалы талдау"
Кәсіпкерлік тәуекел туралы ақпарат
Тәуекелді басқару негіздері
Кәсіпкерлікті құқықтық реттеу негізі
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі мен даму тенденциялары
Кәсіпкерлік мәні, мазмұны және қалыптасу шарттары
Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні мен түрлері
Пәндер