Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Математика сабағында жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2018 жыл

М а з м ұ н ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен тиімділігі
1.1.Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Жаңартылған білім мазмұнының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..7
1.3.Жаңартылған оқу бағдарламасының
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..14
ІІ. Бастауыш сынып математика сабағында жаңартылған білім мазмұнының
ерекшеліктері
2.1.Математика сабағында жаңартылған білім беру жүйесін
қолдану ... ... ...18
2.2.Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің математика
пәнінің бағдарламасы және оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнында жаңартылған оқу
бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді жоспар: Апта күндері
... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..33

К і р і с п е

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған
– жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Білімді, сауатты
адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші дегенінің
өзі – үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай
ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын.  Еліміздің
ертеңі жас ұрпақтың қолында.
Министрлік 100 нақты қадам Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен
ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру мақсатындағы жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу
жұмыстарын бастады. Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжіри-бесі бойынша жаңартылған білім
мазмұны бірінші сыныптан бастап енгізіл-ді. Осы ретте ол оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн 30
қанатқақты мектепте сынақтан табысты өткенін мәлім етті.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының
жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-
тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға
бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы
тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан
ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану,
коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу,
функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді
жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу,
модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып
табылады.
Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен
енгізіледі: 2016  жылы - 1-сынып,  2017 жылы - 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы -
3,6,8,10-сыныптар,  2019  жылы - 4,9,11,12-сыныптар. 2020 жылға қарай 12
жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сынып-тарда
аяқталады.
Осы ретте, пәндер бойынша жаңартылған білім мазмұны бойынша қиындықтар
туындауда. Әсіресе, математика пәні бойынша жаңартылған білім мазмүны
бойынша сабақтар берудің ерекшеліктеріне жіті мән берілмеуде. Осы өзектілік
арқылы, курстық жұмысымның мазмұны ашыла түспек.
Елбасымыз білім саласына қойылған талаптары ерекше.Біз тәрбиелеп
отырған ұрпақ дүниенің кез-келген жерінде білім алуға, қызмет атқаруға
қабілетті, ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгере отырып, тіл
меңгеру қабілеті жоғары, бәсекесестікке қабілетті болуы тиіс.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекетніңің ғылыми – педогогикалық негіздерін меңгеруі-
маңызды мәселелердің бірі.
Қазіргі дамыған қоғам деңгейінде еліміздің ертеңі үшін мектеп
қабырғасынан шығармашылық қабілеті дамыған, әлеуметтік белсенділігі жоғары
тұлғаларды тәрбиелеп шығару қажеттілік деп санасақ, оның негізі осы
математика пәнің оқытуда жатыр.
Математика - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның
үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі.
Зерттеу объектісі: Математика сабағында жаңартылған білім мазмұны
Зерттеу пәні: математика
Зерттеудің мақсаты: Математика сабағында жаңартылған білім мазмұнының
ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекеттегі математика
сабағында жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері теориялық және
тәжірибелік тұрғыдағы тұтастығы басшылыққа алынды. Қазіргі уақыттағы
жүргізілу деңгейімен маңыздылығы қарастырылды.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Курстық жұмысының тақырыбына сай,
жаңартылған оқу бағдарламасы әдістемелік зерттеулер жүргізу негізінде
талданды.
Зерттеу әдістері: ақпарат жинақтау, талдау, сараптау, зерделеу.
Зерттеу көздері: Елбасы Н.Н.Назарбаевтың жолдауы, жаңартылған оқу
бағдарламасына көшкен пән мұғалімдерінің мақалалары, конференциялар мен
семинарлардың жинақтары. Маханова Ж. Ж., Зикир Г. Г. Білім беру мазмұнын
жаңарту жағдайында жаңа тұрпатты болашақ бастауыш сынып мұғалімін дайындау
мәселелері Молодой ученый. — 2016. — №12.1
Ғылыми болжамы: Математика сабағында жаңартылған білім мазмұнының
ерекшеліктері зерттеліп, педагогикалық тұрғыда басшылыққа алынған жағдайда,
мұғалімдер үшін үлкен әдістемелік көмек болары сөзсіз.
Гипотезасы:
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен тиімділігі

1.1.Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру
бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын
қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы
оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Ұрпағы
білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа сапалы,
мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен
жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді
өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын
және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер
мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте
табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне,
оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар
үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ
олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі
болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті
оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім
деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр.
Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді,
өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық
технологияларды меңгерген болуы керек.
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде
айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен
инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі
мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра кәсіби шебер түсінігіне
пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды
ғана емес, педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құнды-лықтары да
жатады. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш
айлық курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа
міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Білім мазмұнын
жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне
байланысты. Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш,
қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай,
қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай
болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі
таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық
қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды
білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын,
құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып
дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін
ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан
да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен
қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен
әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу
мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап
етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға
бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы
тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан
ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану,
коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу.
Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана
білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-
тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді
стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі
спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра
тапсырмаларды. ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау
жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала
белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушы-лардың пән
бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптас-тырушы бағалау және
жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне
ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония,
Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдал-анылады. Бұл бағалау
жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен
айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен
оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде
өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен
мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға
қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау
оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу
кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі
туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша
қолданылады.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде.
Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының
парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың
талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып,
ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы
себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан
бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді
қуантады.

1.2.Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің
сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа
негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік
үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Сапалы орта білім беруге тең
қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында
зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты
қалыптастыру деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы
білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына бағытталған
білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру — оның
философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен
тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл
бөліп келеді. Биылғы Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс
қалған жоқ. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің
міндетіміз — білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық
буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін
және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет,-деген жолдар —
соның дәлелі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ Жолдауында (17 қаңтар, 2014 жыл) белгіленген орта
білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік
мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс
және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау,
өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс деген
болатын. Жолдауға орай Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білімге
арналған оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігімен 2015 жылғы 30 наурызда бекітілген басты құжаттармен жұмыс
жасауды қолға алуда.
Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?
Елімізде білім беру саясаты мен тәжірибеге ықпал ететін келесі маңызды
салаларда айтарлықтай өзгерістер орын алды:
-экономика; -адамдардың өзін өзі басқаруы; -қарым-қатынас көлемі және
жылдамдығы; -еңбек нарығының құрылымы; -шекарамыздың ашықтығы; -еліміздің
азаматтарына ашылған мүмкіндіктер кеңістігі; -оқыту мен үйретудің анағұрлым
нәтижелі тәсілдерінің анықталуы.
Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын
болсам, ол:
-әлем стандартына сай білім беру;
-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;
-табысты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру;
-әлем азаматын тәрбиелеу;
-тәжірибелік дағдыларды дамыту;
-функционалдық сауаттылықты арттыру;
-мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы мақсаты мен міндеттерін айқындады.
Айта кететін болсам, бағдарламаның мақсаты:
-бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және
критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық
шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
- бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру
бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің
өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
- бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру
бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін
және қолдана білуін қамтамасыз ету;
- бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру
бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында
критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз
ету;
- мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында
бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру
бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
- Білім берудің тиісті деңгейлері Мемлекеттік жалпыға міндетті
бастауыш білім беру стандарты деген не?
- -бастауыш білім берудің жалпы білім беретін бағдараламаларын
жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісін
ұйымдастыруға арналған негізгі құжат болып табылады, себебі:
- -оқушылардың дайындық деңгейіне, бастауыш білім беру мазмұнына,
оқушылардың ең жоғары жүктемесіне қойылатын талаптарды
айқындайды, мөлшерлейді:
- -мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетін, оқушылар, ата-аналар,
қоғамдық өкілдері, барлық білім беру деңгейінің басқарушыларының 
іс-әркетін, білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің даму
үдерісін реттейді.
Қазіргі жаһандану заманында  ХХΙ ғасырдың азаматтарының бойында қандай
білік, дағды қалыптасу керек?  сұрағы негізгі мәселеге айналып отыр. Ал оны
қалыптастыратын бірден-бір жауапты адам — бастауыш сынып мұғалімі. Бастауыш
сынып мұғалімдерінің көтерер жүгі жеңіл емес. Өйткені мектепке келген жас
бүлдіршіннің бойында ең алғаш білік, дағдаларды қалыптастырушы осы бастауыш
сынып мұғалімдері. Бұл кезекте жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасының
ерекшеліктерін жете түсініп, меңгерген бастауыш сынып мұғалімі болашаққа
бағдарланған оқушыны қалыптастырады деп ойлаймын.
Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының
сперальды берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру
бағдарламасы Джером Брунердің Білім беру үдерісі (1960) атты еңбегінде
қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген
спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
- оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет
қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады,
кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;
- әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі
арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға
қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;
- жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін
алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей
жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.
Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы. Оқу
үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында
оқушылар іс-әрекет етеді.
Кесте №1
Білу Нақты іс-әрекетті іске асыру
Түсіну Іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау
Қолдану Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра
білу
Анализ Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру
Синтез Салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру.
Бағалау Сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын,
пікірін айта білу

  
Блум таксономиясы арқылы сұрақ қоя білу шарттары
Кесте №2
Мақсаттар Сұрақ үлгілері Пайдаланатын етістіктер
Білу Не? Кім? Қашан? Не ... үлгісі Еске түсіру, анықтау,
болып табылады? ... не мақұлдау, қайталау, атау,
тұспалданады? әңгімелесу, табу, ұсыну
Түсіну ... басқаша қалай түсінуге Қайта қарастыру,
болады? ... бұл үлгі болып сәйкестендіру, талқылау,
табыла ма? Мен мұны өз тарату, мойындау,
сөзіммен сипаттай алам ба? түсіндіру, айқындау,
әңгімелеу
Қолдану Бұл қалай пайдаланылады? БұлКөрсету, тағайындау,
немен байланысты? ... қандай орындау, суреттеу, қолдану,
жағдайларда? пайдалану, айналысу
Анализ Неге? Қалай? ... себебі ен Ажырату, саралау, жатқызу,
болып табылады? Қорытынды салыстыру, тәжіри-беден
үшін не нәрсе дәлел? ... өткізу, қарама-қарсы қою,
себебі қандай? ... бір-бірімензерделеу
қалай үйлеседі?
Синтез Егер бұл іске асатын болса, Тұжырымдау, оқыту, әзірлеу,
осыдан кейін не болады? дамыту, қайта анықтау,
Теорияның болжамы іске аса ұсыну, жасау
ма? Алынған ақпарат
негізін-де қандай қорытынды
жасадым? Бұл онымен қалай
байланысты?
Бағалау Бұл жақсы ма және неліктен? Жорамалдау, бағалау,
Бұл қисынды ма және таңдау, анықтау, санау,
неліктен? өлшеу, айыптау

 
Үшінші ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі. Бастауыш сыныптарда
сегіз ортақ тақырып бар. Олар барлық пәндерде де беріліп отырады.
Тақырыптар бір-бірімен тығыз байланыста, сабақтастықта өтеді.
Кесте № 3
1- сынып 2 — сынып 3 — сынып 4 — сынып
Өзім туралы Өзім туралы Тірі табиғат Менің
Отаным-Қазақстан
Менің мектебім Менің отбасым Жақсыдан үйрен, Адами құндылықтар
және достарым жаманнан жирен
Менің отбасым Менің мектебім Уақыт Мәдени мұра
және достарым
Бізді қоршаған Менің туған өлкемСәулет Мамандықтар әлемі
әлем
Саяхат Дені саудың-жаны Өнер Табиғи құбылыстар
сау
Салт-дәтүр және Салт-дәтүр және Атақты тұлғалар Қоршаған ортаны
ауыз әдебиеті ауыз әдебиеті қорғау
Тағам және сусын Қоршаған орта Су-тіршілік көзі Ғарышқа саяхат
Дені саудың-жаны Саяхат Демалыс Болашаққа саяхат
сау мәдениеті.
Мерекелер

 
Төртінші ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа
мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы.
Кесте №4
Ұзақ мерзімді жоспарлау ·         Оқу бағдарламасы
·         Пәннің мазмұны
Орта мерзімді жоспарлау ·         Жұмыс сызбасы
·         Тізбектелген сабақтар
Қысқа мерзімді жоспарлау ·         Жеке, дербес сабақ

 
Бесінші ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында
адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру керек.
Оқушылардың бойында қалыптастыруды қажет ететін рухани құндылықтар мен
дағдылар:
Кесте №5
Рухани құндылықтар Дағдылар
• шығармашылық және сын тұрғысынан• сын тұрғысынан ойлау;
ойлау;
• қарым-қатынас жасау қабілеті; • білімді шығармашылық тұрғыда
қолдана білу қабілеті;
• өзгелердің мәдениетіне және • проблемаларды шешу қабілеті;
көзқарастарына құрметпен қарау;
• жауапкершілік; • ғылыми-зерттеу дағдылары;
• денсаулық, достық және • қарым-қатынас дағдылары (тілдік
айналадағыларға қамқорлық көрсету;дағдыларды қоса алғанда);
• өмір бойы оқуға дайын болу. • жеке және топпен жұмыс істе
Акт саласындағы дағдылар

 
Алтыншы ерекшелігі білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша
сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша
педагогикалық мақсат қою болып табылады.Білім беру салалары мен пәндеріне
тоқталатын болсақ, ол 6 саладан тұрады. Олар бір бірімен сабақтасып
байланыста болады.
Жетінші ерекшелігі бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың
уақыт талабына сай келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар
аударуы.
Бастаушы сыныпта оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту негізгі
мәселенің бірі. Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған баланың бойында пәнді
терең түсіну дағдысы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясына
байланысты оқушының бойында қалыптасатын дағдылары:
- Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;
- Ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу;
- Проблеманы шеше білу;
- Пікірталасты жүргізе білуге қабілетті.
- Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған бала өмірден өз орнын таба
біледі.
- Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:
- Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы;
- Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, қорғай білу;
- Қажет болса өз көзқарасын өзгерту;
- Топтық тұжырымдарға келе білу;
- Топ алдында өз тұжырымын айта білу. 
Білім алушының әлеуметтік үдерісіне пайдалана алатын негізгі
құзыреттіліктер:
 
Басқарушылық
(проблеманы шешу қабілеті)

азаматтық(Қазақстан халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін,
терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын
түсінуі )

Коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша
қарым-қатынас жасау)

әлеуметтік(қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті)

Ақпараттық (өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп
отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін үштау)

тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік,
дағдыларды игеру)

болашақта таңдайтын өз мамандығына қарай ақпаратттық технологияларды,
сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты жүйелеу

Сегізінші ерекшелігі оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұсыным (оқушының білім
алу үдерісіне белсенді қатысуы). Белсенді оқу — оқушының мұғалімді енжар
тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу
әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың
алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін
түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс (Brodie,
2000), ойын баламалары (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі
тақырыптағы ойындар кіреді (Peters, 1998). Бастауыш сыныптарда ойын шынайы
өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған
мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар
математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда
оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу
сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-
бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды
(мысалы, Алға (Go) деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен
қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.
Жаңартылған білім мазмұны мен дәтүрлі білімді салыстыратын болсақ,
ерекшеліктерді терең байқауға болады.
Кесте №6
Негізгі Дәтүрлі оқыту үлгісі Жаңартылған білім үлгісі
сипаттамалар  
Оқыту мақсаты Оқыту бағдарламасында Оқушының оқу қызметін оның
белгіленген білім көлемінтанымдық қызметі негізінде
меңгертуге бағытталған ұйымдастыру, білім алуға
оқыту нәтижесі үйрету
Мұғалімнің рөлі Басқарушы, жетекші, оқытуОқыту үдерісін, оқушының
үдерісінің субъектісі, танымдық қызметін
білім көзі ұйым-дастырушы, кеңесші,
менед-жер
Оқушының рөлі Дайын білімді селсоқ Белсенді, білім іздеуші,
қабылдаушы, оқыту оқыту үдеріснің субъектісі
үдерісінің объектісі
Білімді ұсыну Дайын күйінде, үлгі Аудио, визуалдық,
формалары бойынша,Сөздік әдістер графика-лық көрнекіліктер
мен мәтіндік формалар мен интерактивті әдістер
арқылы арқылы
Білімді қолдану Білімді бақылауға Алынған білімді нақты
дайындық мақсатында титікжағдайда қолдану
тапсырмалар мен
жаттығуларды қолдану
Оқушы қызметінің Фронтальды және жеке Оқушының өз бетінше жұмысы,
формасы топтық, жұптық, ұжымдық
формалары
Оқытудың негізгі Сөздік әдістер Мұғалім мен оқушының,
әдіс-тәсілдері оқушылардың бір-бірімен
өзара әрекеттесуіне
негіз-делген интерактивті
тәсілдер
 

1.3.Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін
меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру
ортасын құру.
1. Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану
2. Сын тұрғысынан ойлау
3.  Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
4.  Коммуникативті  қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік
дағдыларды пайдалану
5.  Топпен, жұппен және жеке жұмыс жасай білу
1. Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай?
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:
1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны
қарапайымнан күрделенуі.
2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
мақсатында ортақ тақырыптардың  берілуі
4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді
жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
5. Оқытудың  тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани
қасиеттерін қалыптастыру
6. Білім  беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге
мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
7. Бөлімдердің  мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына
сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
8. Оқытудағы  жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне
белсенді қатысу)
Жаңартылған білім беруде білім беру салалары және қандай пәндер
оқытылады?
Жаңадан енгізілген пәндер қатарында, ағылшын тілі, орыс тілі,жараты-
лыстану сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар.
Жаратылыстану пәнінде (химия, физика және биология пәндері) дүниетану
пәнінде (география, тарих, қоғамтану) алғашқы ұғымдары
қалыптастырылады. Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу
жоспарында 1-4 сыныпқа арналған тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі,
орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазы-лым
дағдыларын үйрету жоспарланды. Тағы бір жаңалығымыз, бастауыш мектептің 3-4
сыныптарында оқушыларға ақпаратты іздеу, талдау және тасымалдау дағдыларын
үйрету мақсатында Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні
оқытылатын болады. Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр
дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және
интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың
бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-
адамгершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын
қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-
салдарлы байланыстар орнату.
Бастауыш мектеп оқушысы математика және информатика, жаратылыс-тану,
адам және қоғам, технология және өнер, денешынықтыру сынды білім салалары
аясында білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және баға-лау деңгейлерінде
күтілетін нәтижелерді көре отырып, меңгеруге талапта-нады.
Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4
сыныпқа арналған тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын
тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету
жоспарланды. Бірінші тіл (оқыту тілі), әдебиет
Екінші тіл (қазақорыс тілі)
Үшінші тіл: ағылшын
Т1 қазақ тілі
Т2  орыс тілі
Ағылшын  тілі
3. Топтық жұмыс: І- топ Оқылым
                               ІІ- топ Тыңдалым
                               ІІІ- топ Айтылым
                                ІV- топ Жазылым ұғымдарына сипаттама
береді.
         Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:
1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану,  талдау, салыстыру,
бағалау);
3.Шығармашылық ойлау дағдысы
4.Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7.Критикалық ойлау дағдысы
8.Проблемалық ойлау дағдысы
9.Технологиялық ойлау дағдысы
10.Тілдік құзіреттілік дағдысы
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Бағдарлама аясында мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:
Мұғалім шебер сұрақ коюшы болуы қажет, себебі?
1.     Ықтимал себептері
Ø Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін;
ØОқушылардың ойларын бағыттау үшін;        
ØБағалау үшін;
ØКелесі сұрақтарға түрткі болу үшін;
ØТақырыпты қайта қарау үшін;
ØҚызығушылықты немесе білуге құмарлықты ояту үшін;
ØКүрделендіру үшін;
ØСұрақ-жауап пен сын тұрғысынан ойлауды модельдеу үшін;
ØТүсінуге көмектесу үшін;
ØБағамдау үшін.
2. Тиімді сұрақтар қандай болады?
Ашық сұрақтар оқу үдерісін бәрінен тиімді  жақсартады. Олар сөйлеу мен
ойлауды жетілдіреді.
Мысалы, Қандай металдар магниттеледі?
Жабық сұрақтар "иә”"жоқ” деп қана жауап беруді қажет етеді. Олар
пайдалы болуы мүмкін, бірақ сөйлеу мен ойлауды жетілдірмейді.
Мысалы, Мыс магниттеле ме?
3. Тиімді сұрақтар қандай сөйлемде болады?
Жалпылама ашық сұрақтар
•     Біз ...қалай істей аламыз?
•     Сен қалай ...?
•     Егер ..., не болады?
•     Маған ...туралы айтып бере аласың ба?                         
•     Сен ...туралы не ойлайсың?
Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспарлау
Ұзақ Орта Қысқа
мерзімді  мерзімді  мерзімді 

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен
берілуі. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым,
оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Осы негізгі төрт дағдыны
қалыптастыру қажет. Бұл әр дағдының ерекше түсінігі бар. Бағдар-лама Біз
пəн бойынша не білеміз жəне білімді қалай меңгереміз? ұстанымы аясында
ұйымдастыруды талап етеді. Пəн бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде
тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері
жинақталған білім мен түсінік жəне дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын
көздейтін бөлімшелерге бөлінген.Оқытудың мақсаттары əр бөлімше ішіндегі
сабақтастықты айқындайды.Мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара
ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.Бағдарламада
оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық
белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші жəне үшінші сан бөлімше ретін,
төртінші сан оқу мақсатының реттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Алгоритмдік ойлау дағдысы
Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері
Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныптарда оқу процесін ұйымдастыруда қолданатын педагогикалық тәсілдері мен әдісмемелер технологиясы
Бағалау әдістеріне қысқаша шолу
Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
Пәнді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер
Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы
Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері
Пәндер