Компанияның төлем қабілеттілігін талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1-бөлім. Компанияның қаржылық жағдайын болжамдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны болжаудың мақсаты
1.2 Қаржылық жағдайды талдау әдістері

2- бөлім. Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясының қаржылық жағдайын
болжамдау және талдау
2.1 Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясының жалпы сипаттамасы
2.2 Компанияның мүліктік жағдайын болжамдау
2.3 Компанияның төлем қабілеттілігін талдау

3-бөлім. Компанияның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Компанияның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру
3.2 Компанияның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе

Қазақстан Республикасы компанияларында, соңғы жылдары еліміздің эко-
номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің
әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қа-
жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргіз-
бей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептер-
ді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен
артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік
-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі
одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік (иесіз) меншік
жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, бас-
қарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен ал-
мастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өз-геше
іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, ма-
териалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына,
яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере ал-
майды.
Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорлар-
ды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу кел-
меске кетеді.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар компаниялардың ша-
руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-
ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің
тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Компаниялар бұрынғыдай
жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып
алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен
нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып,
оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөз-
бен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістікте-
рі басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұ-
ғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қа-
былдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып,
еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Нарық жағдайында компанияның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің ор-
нықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қа-
ражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қар-жы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Компанияның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негіздел-ген
үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты тал-дау
негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, компанияның қаржылық
тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арт-
тыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты
ұсыныстар беруге болады.

Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген,
сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба
алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономика-лық
дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді[1].

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – компанияның қаржылық жағ-дайын
болжамдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық ма-
териалдарды жинақтау және өңдеу;
-компанияның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және
оларды жою жолдарын ұсыну.
Талдау объектісі ретінде Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясы
алынды.Оның негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру
скважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау жә-не
жабдықтаумен айналысу болып табылады.
Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашу-ға
негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары,
міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері
мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.
Жұмыстың тәжірибелік бөлігі Халлибуртон Интернэшнл Инк. компания-сының
қаржылық жағдайын талдауға және оның нәтижелері бойынша қоры-тынды жасауға,
сонымен қатар компанияның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар
ұсынуға негізделген.
Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегенов-тың,
Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкая-ның
еңбектері болып табылады.
Жұмыс барысында ҚР-ның заң актілері және Halliburton компаниясының
қаржылық есебі пайдаланылды.

1-бөлім. Компанияның қаржылық жағдайын болжамдаудың теориялық
негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны болжаудың мақсаты

Нарықтық қатынастары жағдайында компанияның қаржылық жағдайын талдаудың
маңызы өте зор. Бұл компаниялардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ
және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Компанияның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас
бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не,
соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл
ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Компанияның қар-жы
(активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру
көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипаттала-
ды" деп жазған.

Профессор Н.А Русак [3] бұл ұғымды былайша анықтайды: Компанияның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен си-
патталады.
Компанияның қаржылық жағдайы компанияның қалыпты өндірістік, ком-
мерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдалану-
мен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынас-та
болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Компанияның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақ-сылығын
көрсетеді.

В.М. Радионова мен М.А. Федотова компанияның қаржылық жағдайы "қар-жы
ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіле-ді" деп
жазады.

М. Н. Крейнина [5], А.И. Ковалев және В.П. Привалов [6] қаржылық жағдай
ұғымын былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының
қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіш-
тер жиынтығы".

Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл
оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабі-
леттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану,
мем-лекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз
міндет-темелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдау-
дың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұ-
рақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі
өтеу" - деп жазады [7].

С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баян-
дайды: "Компанияның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен си-
патталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау".

Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткі-лікті
дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға
мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістер-мен
есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі,
қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай
түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигі-
зетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, компанияның
қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ компанияларға аяусыз қа-
райтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы компанияның сенімді бо-
луын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс".

Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксізді-
гін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды
ұсынамыз:

Компанияның қаржы жағдайы осы компанияның белгілі бір кезеңдегі қар-жылық
тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің
қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілуін көрсетеді.

Ал компанияның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та ар-найы
оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз
қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксізді-
гін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық
тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады [6].
Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материал-
дық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын,
сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін
және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері
қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады [8].

Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтай-ды.
Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілі-гін
кепілдендіретін компанияның белгілі бір шоттар жағдайы".

В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесі-
нің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және
жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын компанияның қаржы ре-сурстық
жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық компанияның жалпы тұрақтылығының
негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына
анықтаманы келтіреді.

Компанияның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін бола-тын
деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы компанияның
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".

В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қар-
жылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақ-ша
қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пай-
далану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жа-
сайды.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және компанияның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі
болып табылады" [9]. Ал компанияның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең
алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының
қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұ-мыс,
қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның
мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшы-лармен
және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс.
Сонымен қатар компанияның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысу-лар мен
барлық міндеггемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндіріс-ті
дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеу-меттік
климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс
қалуы қажет.

Айта біз олардын кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық
тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және
пайдаланумен анықталады" - деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.

Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин дәлірек және
анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен
шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі - деп түсіндіреді.

Э.А.Маркарьян мен Г.П.Герасименко да дәл осындай көзқараста [10].
"Компанияның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" [4] немесе
"Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде
пайда болатын компанияның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау
мүмкіндігін көрсететін телем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы
көрінісі болып табылады"[2]. Компанияның жұмысы нарық жағдайына өтумен
бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі
сұрақтар да шиелінісе түсті.
Компанияның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді,
оларды В.М. Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:

1) пайда болу орнына
байланысты - ішкі және сыртқы;

2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты-негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;

4) әрекет ету уақыты бойынша-тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар компанияның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланыс-ты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Компанияның тұрақтылығы ең бірінші
өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көр-сетілген
қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы
шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Компанияның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байла-
нысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтер-дің
тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ компанияның басқару стратегия-сын
дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері -
кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржы-ның
ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы
ресурстарының құрамы (мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен такти-
касының дұрыс таңдалып алынуы. Компанияның өз қаржы ресурсы, соның ішінде
таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тара-
ту құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды
бо-лып табылады.

Компанияның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығында-ғы
қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін ти-гізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қар-жылық
мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық
тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытын-да
есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорын-
ның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге
үл-кен роль берілген.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, компанияның қаржылық тұрақты-лығына
әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

•компанияның салалық топқа жатуы;

•шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

•төленген жарғылық капиталдьщ мөлшері;

•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динами-касы;

• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мү-
лік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

•компанияларды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері,
қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс
және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты,
компанияның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы эконо-микалық
байланыс және тағы басқалар жатады.
Компанияның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз кон-
трагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар,
акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сон-
дықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық
жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ
қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржы-
лық тұрақты "компанияларға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін,
тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да компанияның қаржылық жағ-дайы
көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз об-
лигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біт-
кен уақытта-облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне
де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз
несиелері-мен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және
толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез
кел-ген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз
еті-луін тексереді. Басқаша айтқанда, компанияның қаржылық жағдайы банктер
осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен
жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі
негізгі белгі болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді жә-не
төлем қабілеттілігі жоғары компаниялармен келісім-шартқа үлкен ықылас-пен
отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорын-ның
жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана
салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уакытылы және толық төлей алады.

Осылайша, қаржылық жағдай компанияның бәсекелестік қабілетін және оның
іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, компанияның өзі-нің және
оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы
экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін ба-
ғалайды.
Компанияның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы
тәсілі, бұл-талдау, ол компанияның даму бағытын бақылауға, оның ша-руашылық
қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен
басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік
қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс
басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уа-
қытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары
жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де компанияның дамуына
байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, се-
бебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі компанияның төлеу қабілетінің
жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы
дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шы-
ғындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші компаниялардың қаржы-лық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

•қаржылық жағдайға баға беру
және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
•активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды тара-
тудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

•айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндетте-
мелермен арақатынасын анықтау;

•қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;

•кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

•ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш
және қорлар есебі;

•баланстың өтімділігін, компанияның қаржылық тұрақтылығының және төлеу
қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;

• кәсіпорын табыстылығын бағалау;

• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың дең-
гейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

• компанияның іскерлік белсенділігін анықтау;

• компанияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзім-ді
болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау компанияның, шаруашылық қызметін талдау-дың қор
ытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды:
жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік
және қаржылық қызметті құрайды. Компанияның қаржылық қызметі – бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі
түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақ-тауға,
меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рацио-
налдылығына, сондай-ақ компанияның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржы-лық
тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қар-жылық,
өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара
тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның
өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Компанияның өзі алатын төлем-
дерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарасты-
рылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәй-
кестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу компанияның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапа-
сының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қа-
ражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде компанияның төлеу
қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы
материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының норма-сының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөл-
шерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қара-
жаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар
шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қоры-
тылады.
Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының
көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс та-
бады.
Компанияның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және компанияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан
бастаған жөн және оған мыналар жатады:

• кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;

• кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің
құрамдық және құрылымдық ди-намикасын талдау;

• компанияның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
• баланс өтімділігін талдау;

• компанияның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.

1.2 Қаржылық жағдайды талдау әдістері

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді ка-
жет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат-
тық көздері бар.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді,
қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет
органдарын компанияның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы және есепті
кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржы-лық
газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық
есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін
динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы ке-зеңдегі
жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметте-рін
жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын
шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы,
сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығары-лып,
өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырыл-ған,
басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішін-дегі
жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығын-дар сияқты
жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері
болады. Компанияның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін
анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін
көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті
жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде
жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде компанияның қар-жылық
жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қар-
жылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көр-ді.
Бұл еңбектің авторлары компанияның қаржылық жағдайын және оның же-келей
көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл
әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын,
компанияның қаржылық жағдайының біздің отандык тәжірибеде қолданылма-ған
жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және компанияның өзінде
пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісі-нің,
шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында жә-не
негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік
үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым
қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті.
Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған бас-қарушылық
шешімдерді қабылдауда компанияның дербестігін тежеп отырады және нарықтық
қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді. Бұ-рынғы қолданылып
келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен
топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден
ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың компанияның қаржылық жағдайының
тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды.
Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі - онда жоспарлық
көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.

Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде
көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік си-
патты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде сарқынды өзгеріп оты-
ратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұм-
тылатын компанияның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен так-
тикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану
компанияның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммер-
циялық құпияға айналады. Жоспарланған номативтерден ауытқуды талдау, кә-
сіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік
есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие
болады, яғни бұл компанияның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бө-
лігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы компанияның мүдделі контра-
генттерінің, меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорын-
ның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі,
әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана
емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы
тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-рін
қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға бола-
ды:
1) көлденең талдау;

2) тікелей талдау;

3) трендтік талдау;

4) салыстырмалы талдау;

5) факторлық талдау;

6) қаржылық коэффициенттер әдісі.

Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңі-
мен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің
түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
мүмкіндік береді.

Тікалей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік қарыз тартуды басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде меншікті несиелік қабілетін бақылау
Кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдаудың негізгі көрсеткіштері
Кәсіпорын теңгерімінің өтімділігін және төлем қабілеттілігін талдау
ӘЛЕУЕТТІ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ФАКТОРЛАРЫ
Қаржылық жоспарлау әдістері
Қаржылық тұрақтылықтың талдауы
Компанияның қаржы шаруашылық қызметі
Коммерциялық банктердің несиелік cаясатын қалыптастыру
Қаржылық жағдайды басқару
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау - банктің несиесін қайтаруды қамтамасыз ету құралы
Пәндер