Банктің актив операцияларын басқару



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ТАРАУ 1 . ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН
БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .5
1.1 Банктің актив операцияларын
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...5
1.2 Банктің пассив операцияларын
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Банк өтімділігі және оған ықпал етуші
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... .. ... .17

ТАРАУ 2.БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ (АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫ КАСПИЙ БАНК МЫСАЛЫНДА)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
2.1 Банктің қаражаттарды тарту операциялары:түрлері мен маңызы
... ... ... ..23
2.2 Банктің несиелік операцияларынан түскен пайдасы мен
шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

ТАРАУ 3. БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. ... ... ... ... ... ... .46

3.1 Банктік операцияларды тиімді басқаруда шет елдік тәжірибелерді
қолдану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 46
3.2 Банктің операцияларын тиімді басқару
бағдарламасының жүзеге асырылуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Коммерциялық банктердің актив және пассив операцияларын басқару
тақырыбын зерттеудің маңыздылығы банктердің экономикадағы жүйедегі орнымен
анықталады.
Қайсібір елде де қуатты экономикасы, оны өрге сүйрейтін өз
заманының талап –тілегіне сай, қауқарлы қаражат жүйесі болуы шарт.Қазіргі
нарықтық, бәсекелестік заманында қайсы елдің банктерінің деңгейі биік
болса, сол ел ғана өз тәуелсіздігін сақтап, өз жұртының келешегін баянды
ете алуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің халыққа көрсететін қызметтері, шағын және
орта бизнеске берілетін несиелер, лизингтік операциялар, ипотекалық
несиелендіру операциялары экономиканы тұрақтандыруда және халықтың өмір
сүру деңгейін жоғарылатуда маңызды роль атқарады.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер қаржыларын жұмылдырып,
еліміздің экономикасын дамыту мақсатында үлкен жобаларға инвестициялар
жасалынуда.
Қазақстанның коммерциялық банктері өздерінің клиенттеріне
көптеген операциялар мен қызмет түрлерін көрсетіп, өздерінің табыс базасын
кеңейтіп, рентабельдік пен бәсекелестікті көтеруге тырысуда.
Банктік қызметтің жаңадай дамып жатқан информациялық
технологияларға көңіл аудармастан банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Осы себебтен
банктер өздерінің қызметтеріне және қызмет түрлеріне үлкен көңіл
аударылады.Сондықтан екінші деңгейлі банктердің экономикадағы ролі банк
жүйесінің тиімді жұмыс істеп, ары қарай дамуын талап етеді.
Қазақстан Республикасының елу дамыған елдердің қатарына қосылу үшін
банк жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойылады.Бұл дамыған елдердің банктер
арасындағы бәсекеге шыдауға қажетті іс-әрекеттер жасауды талап етеді.
Осы аталған міндеттер мен мақсаттар екінші деңгейдегі банктердің
қаржылық қызметтер нарығының мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда
талдаудың маңыздылығын көрсетеді.
Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын зерттеу Мақыш Серік
Биғанұлы, Сейтқасимов Ғ.С экономистерінің жұмыстарынан көруге болады.
Соған қарамастан , жалпы отандық банк жүйесінің қазіргі жағдайы, жеткен
жетістіктері, қаржылық қызметтер нарығының проблемалары туралы жазылған
ақпараттар әлі жеткіліксіз деуге болады.
Қазақстан Республикасындағы банктердің қаржылық қызметтерінің даму
бағыттарын зерттеудің маңыздылығы дипломдық жұмыстың мақсаты мен
міндеттерін анықтады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты -- коммерциялық банктердің қаржылық
операцияларының , оның ішінде банктің актив және пассив операцияларына
тереңнен тоқтап, қазіргі кездегі даму қарқыны мен проблемаларын
қарастыру.Сонымен қатар алдағы уақытта банк қызметін дамыту мақсатында
қажетті шет елдік тәжірибелерді қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеті;
- банктің операцияларын теориялық зерттеу;
- банк өтімділігін қамтамасыз ететін факторларды айқындау;
- коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын және банктік операцияларын
басқару әдістерін талдау;
- банктің қызметтер нарығының негізгі даму бет алысын анықтау;
- банктің қаржылық операцияларының пайда болған қиыншылықтарды анықтау
және оны шешу жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың өзіндік ерекшелігі , банктер мен банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы мекемелердің нарықтық
экономикадағы ролі мен қызметтеріне арналады. Мысал ретінде алынған банктің
тек қана қазіргі тұрғыдан сипаттап қоймай, оны тарихи даму тұрғысынан
көрсетеді.
Бұл жұмыста банк қаражаттарының қалыптасуын теориялық бағытта
қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады.
Дипломдық жұмыстың негізгі методикалық және тәжірибелік негізі
ретінде: Қазақстан Республикасының Үкіметінің заңдары және номативтік
актілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік іс -әрекеттерді
қадағалау заңдылықтары , Қазақстан Республикасының Агенстволық
статистикалық материалдары, Каспий Банкінің қаржылық құжаттары , банк
ісіне арналған оқулықтарға, коммерциялық банктердің жарнамалық
материалдарына, Каспий Банкінің бухалтерлік құжаттары болды.

ТАРАУ 1 .ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ

1. Банктің актив операцияларын басқару

Коммерциялық банктердің орындайтын операцияларын екіге бөледі. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Коммерциялық банктердің бірінші қаржылық операцияларына оның активтік
операцияларын жатқызуға болады.
Активтік операциялар—бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге
асыратын операцияларды білдіреді 18.236.
Активтік банктік операцияларды басқару өзінің формасына және
тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік
операцияларының ең көп тараған түріне мыналар жатады;
- несиелік операциялар;
- инвестициялық операциялар;
- депозиттік операциялар;
- қаржылық операциялар
- басқа да операциялар.
Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік
операциялары негізгі орын алады. Банктік несиелік операциялары негізінде
ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары
тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі
ретінде қызмет етеді.
Несие операциялары коммерциялық банктердің активті қызметінің негізін
құрайды, өйткені оны табысты түрде жүзеге асыру кіріс әкеледі, банктердің
сенімділігімен тұрақтылығын арттыруға әсерін тигізеді, ал олардың кедейенуі
мен банкроттықа ұшырауы несие берудегі сәтсіздіктерге әкеліп соғады,
Екіншіден, банктер елдің экономикасын дамытуға бағытталған
инвестицияларға несие беру үшін меншікті және тартылған ресурстарды
шоғырландыруға бағытталған,
Үшіншіден, бұл қызметті табысты жузеге асырған кезде оның барлық
қатысушыларына – несие ұйымдарына қарыз алушыларға және тұтастай түрде
қоғамға пайда әкеледі.
Несие операциялары – бұл несие берушінің қарыз алушыға ақылы,
жеделдік, қайтарушылық, қамтамасыз етушілік жағдайларында ақша
қаражаттарының белгілі бір сомасынберу бойынша қатынасы25.365.
Қайтарушылық түрінде қарыз алушының несие берушіге келісімде
көрсетілген негізгі қарыз сомасын міндетті түрде төлеуі керек. Бұл
ерекшелік ақша қатынастарының басқа экономикалық категорияларынан өзгешелеп
тұрады. Қайтарушылық – несиенің ең негізгі белгісі болып саналады.
Бұл банк несиесінің ақылы болуы несие беру кезінде банктің көрсететін
қызметінің өтелетін сипатына негізделінеді. Банк ссуда бергені үшін,
негізінен, сый ақы түрінде белгілі бір ақы алады. Оның мөлшерін несие шарты
бойынша тараптар белгілейді.
Ол яғни банк несие берушіден жедел несие беру жағдайында алынған
қаржыларды қайтарудың алдын ала көрсетілген мерзімдері түсіндіріледі. Яғни
жеделдік – оны бұзу белгілі бір санкциялар қолдануға әкелетін несиені
қайтарудың уақытша айқындығы. Несие беру мерзімі ссудалық қаржылардың қарыз
алушының иелігіне болуының шекті мерзімі болып саналанады.
Банк несиесін берудің жоғарыда атап өткен қағидаларына (жағдайларына)
тағы несиенің қайтарушылығын қамтамасыз етеді.
Қамтамасыз ету – бұл кепілге беру, банк кепілдері , сақтандыру және
заңдылықтармен, сондай-ақ әріптестер арасындағы шартпенен қаралған өзге де
тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін банк несиесін қайтарудың
тәсілі.Банк несиелері келесі белгілер бойынша жіктеледі:
Мақсатты белгіленуі бойынша (тұтыну, сауда, ауыл-шаруашылық,
инвестициялық және т.б.);
- қайтару мерзімдері бойынша (қысқа мерзімді, орта мерзімді, және ұзақ
мерзімді);
- қамтамасыз етушілік дәрежесі бойынша (қамтамасыз етілген және
қамтамасыз етілмеген);
- пайыздық ставкалар түрлері бойынша (пайыздық ставкасы белгіленген және
пайыздық ставкасы өзгеріп отыратын несиелер);
Банктің несие берудегі делдалдық қызметі толық көрінген кезде нақты
экономикалық өмірдегі банктің рөлін көрсетеді. Нарықтық экономика кезінде
коммерциялық банк несиелік қатынасын көптеген клиенттермен байланыста құра
отырып, күрделі мәселелерді шешеді. Осылардың бәрі несие берудің аса
ауқымды процесі арқылы жүзеге асады.Несие беру – сауда, кәсіпкерлік
қызметпен пайда табуды қамтамасыз ететін банктердің маңызды операциялары
болып саналанады.
Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың
өзарақатынасы; несие ресурстарының жеткіліктігі; қарыз алушылардың
ссудаларды пайдлануы; қарыздардың болуы сияқты көптеген проблемаларды
қамтиды.
Банк қарыз алушылармен несие қатынастарын орнату үшін клиенттің
несиеге деген нақты қажеттілігінің пайда болуына сенімді болуы тиіс.
Клиенттің несиеге обьективті қажеттілігін білу және несиені қарызға, тек
субьективтік қажеттіліктерді қанағаттандыру жағдайы үшін беру несиелік
өзарақатынастардың беріктігін және ссударалды қайтару мүмкіндігін
көрсетеді.
Коммерциялық банктер қарыз алушыларға несиелер бере отырып,
тәуекелге барады, сондықтан несие беру процесінің маңызды ссудаларды
берудің техникалық ережесін жиынтық түрде орындау және бақылау мен
мерзімінде қайтарудан ғана тұрмайды, сонымен бірге несие беруші мен қарыз
алушының міндеттемелері бойынша әрбір нақты жағдайда шешімдер қабылдауды да
білдіреді.
Нарықтық ортада несие беру бизнесі тұрғысынан отандық бактер үшін
ендігі жерде талдау техникасы мен несие беру процедурасы емес, ең негізгі
болып кең ауқымды пайымдау мен ұтымды шешімдер қабылдай білу қатысады.
Сонымен бір мезгілде несие беру жағдайы өзіне несие беру үшін қарыз алушы
орындауы тиіс талаптарды еңгізеді.
Банк клиенттің қаржылық орнықтылығы мен экономикалық тұрақтылығын
зерттеп, несиеге деген қажеттілікті қарай отырып, оның экономикалық
негізіділігін, берілген деректердің сенімділігін ескеркді. Қарыз алушының
қарызды несие шартында көрсетіген жағдайларға сәйкес қайтаруға қабілетті
және дайын екендігіне сенімді болу үшін, ссудаға қатынасы бойынша клиенттің
өз ісіне жауаптылығын, қарыз алушының беделін, рентабельділін; ссуданы
қамтамасыз етуін экономикалық коньюктураны ескереді.
Банк қарыз алуға несие беру процесі басталмай тұрып тәекелді жою
немесе оны төмендету мақсатымен әлеуетті қарыз алушыға талдау
жасайды.Банктің бұл мақсаттағы міндеті клиенттің несие төлеу қабілетін
анықтауға бағытталған.
Әлеуетті қарыз алушының несие төлеу қабілеті туралы дұрыс қорытынды
жасаған жағдайда, банк несие шартының жағдайлрын әзірлеуге кіріседі. Бұл
кезең ссуданы құрылымдау деп аталады, банк аталмыш процес кезең ссуданы
құрылымдау деп аталады, банк аталмыш процес кезінде: несие мақсатын,
сомасын, қайтару тәртібін, ссудалардың мерзімін, қамтамасыз етуді, несие
бағасын, өзге де жағдайларды анықтайды.
Нарықтық экономика жағдайында ссуда беруші мен қарыз алушы екі жақ
та бірдей мүдделік танытқанда ғана банктің несие қатынастары дамитын
болады. Бірінші тарап, яғни несие беруші (банк) өзінің несие беру бизнесін
дамыта отырып, ссуданың пайыздармен қоса мезгілінде қайтарылуын қалайды. Ал
қарыз алушы ссуданы ала отырып, оны қызмет процесіндегі қажеттіліктерді
қанағаттандыруға бағыттайды.
Дамушы елдердің банк жүйесіндегі несие беру бизнесі несиені
басқарудың келесідей негізгі ережелерін қамти отырып, көптеген жылдар
ішінде өзін берік бекітті деуге болады. Ол ережелер бойынша:
- банктің несие қабілеті (несие беру қабілеті) капиталдың жеткілігі мен
өтімділігіне негізделген;
- банк ақша іздейді, орта ставкалары қайта қаржыландыру ставкаларымен
(рефинансирование), банкаралық несиелер бойынша ставкалармен салыстыра
отырып, депозиттердің тартымдылығын талдайды. Несие беруді қымбат ресурстар
есебінен дамыту банкке пайдалы емес;
- қарыз алушының бизнестегі бағытын, клиенттің өндірістік мүмкіндіктерін
білуді талап ететтін несиелерді шоғырландыру банк үшін маңызды мәселе.
- бұл жерде негізгі шешімді қабылдау банктің жоғары шенді қызметкерлердің
үлесіне қалады.
Несие беру өкілеттігі банктің несие саясатын жүргізу әрекетін
қамтиды. Несие беруге қатысы бар орындаушыдан бөлімнің меңгерушісіне
дейін, директорлар кеңесі банктің әрбір қызметкері несие процесін
жылдамдатуы несие тәуекелін азайтуға жұмыс істеуі тиіс.Қызметкерлердің өз
өкілеттіктері мен міндеттерін білуі маңызды болып саналады:
- банктердің тиісті комитеттеріне, өзінің міндеттері шеңберінде
клиенттермен келіссөздер жүргізетін, несие беру жағдайын, несие бағасын,
қайтару мерзімдерін анықтайтын аға қызметкерлерге келіссөздер жүргізуге
өкілеттіктер берілген;
- келіссөздер жүргізу кезінде банктің шешім кабылдауына мүмкіндік бере
отырып, құжаттама тәуекелден қорғауды қамтамасыз етеді. Қаржылық және
заңдық құжаттамалар несие беру процедураларын белгілеу үшін негіз болып
қатысады;
- бекіту (процедура) қарыз алушыға несие беру тәртібін аяқтайды. Несие
комитеті несие берілуін мақұлдайды және оның сомасын анықтайды;
- банктің қарыз алушылармен несие қатынасы әлемдік тәжірибеде өзіне
клиентің несие туралы өтінішімен бастап, несиені толық қайтарғанға дейінгі
аралықты қамтитын кадамдарын енгізеді.
Коммерциялық банктердің несие саясатын жүргізу мақсатында қарыз
алушыға несие беру кезіндегі несие шарттарын жасауы маңызды процесс болып
саналады.
Несие шарты –бұл несиеге қатынасы бойынша әрбір тараптың құқықтары мен
міндеттері ескертілетін банк пен қарыз алушылар арасындағы контракт. Несие
шарты қарыз алушының қаржылық жағдайын ұстап тұру немесе жақсарту; банктің
мүддесін қорғай отырып, ақша қаражатының қозғаласы мен пайдалылық деңгейін
жақсартатындай етіп құрылатын жағдайлар мен қосымша ескертпелерден және
шектеулерден тұрады12.123.
Несие шартының экономикалық және заңдық жақтары олардың мазмұнында
көрсетіледі, оған мыналар кіреді:
- ссуданы алу мақсатын, сомасын, аудару туралы жарлықты, төлем жасау
кестесі мен процедулаларын енгізетін несие беру қаржысының сипаттамасы;
- терминология анықтамасы, қарыз беру күні, жұмыс күні, пайыздық кезең,
пайыздар төлеу күні, көрсетілген шарттарды орындамау жағдайы, келісімнің
күшін жою күні, растаушы құрал (заверительный инструмент) және т.б.
қамтиды;
- қарызды дәлелдеу – қаралуы қажет құжаттамаларды (мысалы, қарыз алушы
жазған жай вексель) сипаттайды;
- пайыз және комиссиялық ставка пайыздық төлемдер бойынша комиссиялық
ставкаларды анықтайды;
- алдын ала төлемдер жасау (ерікті және еріксіз), төлеу кезіндегі
айыппұлдар және оны басқару жағдайын қамтиды;
- ссуданы жабу қуқығы, қарыз алушы тарапынан шарттарды орындамаған
жағдайда, банк өзінің талабын қарыз алушы арқылы жабады және қарыз алушының
кез келген активіне иелік ете алады;
- кепілдер: оның заң ережесі, зайымдарды реттейтін басқа тұлғаларды қолдау
сияқты банкке берілген, әртүрлі ақпараттарға сүйенетін қарыз алушының
өтініші оның қаржылық есебінің дұрыстығы, соңғы қаржылық ақпараттар бойынша
қаржылық жағдайда байланысты материалдарда кері өзгерістердің болмауы,
қарыз алушыға қарсы талаптың (иск) жоқтығы, қарыз алушының активтеріне
қарсы берешектері үшін мүліктерін ұстап қалудың кезі келген құқығын
сипаттау немесе оның болмауы.
Банктің ссуда алушылармен несие қатынастарын жетілдіруіне қатысты
несие шарты құқықтық және нормативтік ережелермен толықтырылуы мүмкін.
Осыған орай несие шартының өзгермейтін формалары болмайды деп бекітуге
болады. Көпшілік елдердегі банктер аталмыш заң құжатына өз қатынастарын
барынша дәл айқындайды.
Қарыз алушы ссуда алу үшін негізді жазбаша түрдегі өтінішпен банке
жүгінеді, онда ссуданың мақсатты бағыты, оның сомасы, қайтару мерзімдері,
сондай-ақ несие берілетін шараның қысқаша сипаттамасы атап көрсетеледі.
¤тініш үш дана етіп толтырылады бірінші және екінші дана (проводка) үшін
негіз болып қызмет етеді: үшінші данасы несие қызметкерінің сінде қалады.
Ссудалық есеп шоты банкте,негізінен, банктің есеп шоты ашылған жерде
ашылады. Клиентке басқа банк қызмет көрсететін болған жағдайда, соңғы банк
–несие берушінің сұратқан бүкіл қажетті құжаттарын тапсыруға міндетті.
Банкпен тұрақты несие қатынасын орнатқан, жақсы беделге ие қарыз
алушыларға несие алу үшін тапсыруға тиіс құжаттардың тізімін банк қысқартуы
мүмкін.Тәжірибелік кезең барысында байқалған жағдай.
Банктің несие бөлімі несие беру мәселелері бойынша құжаттарды дайындау
және өткізумен байланысты бүкіл жұмысты басқарады, несие берумен байланысты
өзге де қызметтердің жұмысын үйлестіреді және қарыз алушылар тапсыратын
мәліметердің жеделдігі мен сенімділігіне жауап береді.
Несие беру кезінде несие бөлімі мамандарының құзырына несие
ресурстарының болуын, несие алу үшін қажетті тапсырылған құжаттардың
толықтығын қарау, тапсырылған техникалық-экономикалық негіздеу есептерінің
шынайлылығын анықтау мен қарыз алушының несие төлеу қабілетін талдау,
сондай-ақ ссуданы қайтармауға әкелуі мүмкін факторларды зерттеу кіреді.
Несие бөлімінің қызметкерлері заң бөлімінің заңгер мамандарымен
бірлесе отырып, оладың құқытық мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындау үшін
клиенттердің заңдық істерін зерттейді.
Несие бөлімінің және банктің басқа қызметтерінің қорытындысы несие
беру туралы мәселені несие комиссиясына немесе банк басқармасына ұсыну үшін
негіз болып саналады. Несие комиссиясы немесе банк басқармасы, жекелеген
жағдайларда банктің жетекшісі оң шешім шығырған кезде, заң қызметкерлері
кепілдік туралы шартты, ал несие бөлімі - содан кейін банк жетекшісі қол
қоятын несие келісімін (шартты) дайындайды.
Клиенттерге ссудалар беру ссуданың (несие шарты) мақсатты
бағытталушылығына қатысты ашылатын жеке ссудалық есеп шоттар арқылы арқылы
жүзеге асырылады. Осыған орай өнімдерді өткізуден түскен түсімдер мен ақша
қаражаттарының бүкіл басқа түсімдерін банк қарыз алушының ағымдағы есеп
шотына жазады.
Ссуда, негізінен тауар – материалдық құндылықтар мен көрсетілген
қызметтерге төлеуге қарыз алушының есеп шотында қаржысы жоқ болған кезде,
аккредитивтер ашуға және несие шартында айқындалған қарыз алушының өзге де
қажеттіліктеріне беріледі. Қажет болған жағдайларда ссуда банк жетекшісінің
өнімі бойынша тауар – материалдық құндылықтар және көрсетілген қызметтер
үшін ақы төлеуге берілуі мүмкін. Ссудаларды беру несие шартында айқындалған
біржолғы, күнделікті және өзге демерзімдерде жүргізіледі. Бір жолғы ссуда
сондай-ақ бір реттік контрактылар мен шарттар бойынша есептерді (счеттарды)
төлеуге беріледі.12.145
Несие шартында қаралған несиені беру және оны қайтарудың тәртібі мен
жағдайларына сәйкес банктің несие бөлімі оны беруге үкім дайындайды.
ССудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда
банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін құрайды.Мысалға; Каспий Банкі
өз клиенттеріне несиенің бірнеше түрлерін және депозиттер қабылдайды.
Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен
банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және
тұтыну процесінде жұмыс жасаумен сипатталады.Коммерциялық банктер өздерінің
клиенттеріне әртүрлі ссудаларды береді.Мысалы, Каспий Банкі тұтыну
несиесінің бірнеше түрлерін береді.Оларға : автокөлік алуға арналған несие,
табыс көзі бар тұлғаларға арналған қажетті жағдайға арналған несиелер,
кіріс сараптамасы жоқ тұлғаларға арналған несие, жылжымайтын мүлікке
берілетін несие және т.б жатықзуға болады.

1.2 Банктің пассив операцияларын басқару

Коммерциялық банктердің атқаратын операцияларының еінші тобына
пассивтік операцияларын жатқызамыз. Пассивтік операциялар негізінде банктің
ресурстары жинақталады.
Пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды
жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары. Ол заңды
және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және экономика
мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану
ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады12.147.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсету мен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы заңға
сәйкес банктер мынадай операцияларды орындайды:
- ақылы негізінде депозиттерді тарту;
- клиенттермен банк корреспонденттік шоттарын жүргізу және оларға кассалық
қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттары мен заңды және жеке
тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару ( чектерді,
вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және
басқа да қаржылық міндеттемелерді );
- төлем құжаттарын сатып , сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме
және өзге де міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай
талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкасациялық ( факторинг )
тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің
тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (
сейфтік бизнес );
- коммерциялық мәмәлелерді қаржыландыру, сондай –ақ сату құқынсыз (
форфейтинг );
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды ( қаражаттарды
қарау және орналастыру , бағалы қағаздарды басқару );
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметьін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру;
Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да
банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валютасымен
операцияларды жүргізу, халықтың ақшалай салымдарын қарау, ақщаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету ( инкассация ).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
- уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау;
- экономиканы және халықты несиелендіру;
- қолма –қолсыз есеп айырысуларды жүргізу;
- инвестициялық қызмет ;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі – базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы
мен тартылған қаражаттардан тұрады.
Меншікті капитал – банктің несителік ресурстарының маңызды және
ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек он пайызын ғана
құрайды. Басқа кәсіп орындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамына
меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен
түсіндіріледі12.147.
Біріншіден – банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде
басқа кәсіп орындардың , мекемелердің және халықтың уақытша бос
қаражаттарын депозит түрінде жинайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады,
сондай- ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізінде
қарызды қарыз алушыға ұсынады.
Екіншіден , депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл
салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден , банктерге
тартылатындепозиттер басқа кәсіп орындардың материалдық обьектілерінде
орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және
нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасында өз міндеттемелерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне
мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін
қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбек ақыны төлеу,
сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды
төлеу үшін қажет.
Меншікті капитал – банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты
меншікті капитал маңызды, сөһзсіз міндетті қор болып табылады, банктің
тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік
қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары142.158.
Жоғарыда айтылып өткендей банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттырдың 90 пайызынан жоғары бөлігін
пайдаланады, сондай –ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін
депозиттер құрайды.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді.
Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын
белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар.
Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз
бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағынан
көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі
көзі12.258.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және
депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл
банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықты банк қызметтеріне дееген клиенттер
топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша
бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.Банктік
тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты
үлкен екі топқа бөледі ;депозиттік қаражаттар және депозиттік емес
қаражаттар.Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден – бер арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттің банктегі белгілі бір шотқа салған және
өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары
түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын
қаражаттары 12.258.
Депозиттікемес банктік ресурс көзері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативті банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық
банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады.
Жоғарыда айтылып өткендей банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттырдың 90 пайызынан жоғары бөлігін
пайдаланады, сондай –ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін
депозиттер құрайды.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және
депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл
банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықты банк қызметтеріне дееген клиенттер
топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша
бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай
жасайды.Экономикалық мазмұнына қарай депозитерді мынадай топтарға бөледі :
- талап етуге дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай-ақ оларды мынандай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзіміне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражттарды салду және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай
түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұймдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Депозитпен банктің клиенттерінің жинақ салымдарының басқа мерзімді
және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай
қаражаттарынтартуға және олардан пайда табу мақсатында орналастыру
жұмыстары депозиттік операция деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық
банктердің несиелік ресурстаының негізгі бөлігі құралады.
Соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару мәселелеріне
назар аударылған жоқ.
Банк мекемелері алдында олармен жинақталатын несие лік ресурстардың
мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету
міндеттері орындарына қойылған жоқ болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық
қордың байланыстары КСРО мемлекеттік банкісінің бөлімшелерімен
құрастырылған, қарыздық қор өз кезегінде КСРО мемлекеттік банкісінің өзінде
орталықтандырылған тәртіппен қалыптастырылған және ол республикалық
кеңселер бойынша гнесиелік жоспар негізінде бөлінген, ал республикалық –
облыстық кеңселер бойынша облыстық бөлімшелер бөлінген, сонымен қатар,
мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пассивтік операциялармен
айналыспаған.
Осы себептерге байланысты елде банктердің депозиттік саясаттары
зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынана біз шетел
тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар,
акционерлер, компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар,
үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары
қаражаттырды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бүл бірнеше
себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен
сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез
келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай одан асатын сомада қарыз
ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі. Депозиттік операциялар
мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
- депозиттік операциялар әрекет ету керек;
- банк балансының оперативтік өтімділік демеу мақсатында икемді депозиттік
саясат жүргізуі қажат;
- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отырып мерзімдік
салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде назар аударылуы
қажет;
- депозиттік операцияларымен қарыздарды беру бойынша операциялардың
арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылық
қамтамасыз ету қажет;
- депозиттерді тартуға әрекер ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар
қолдану.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытқа салымшылардың
ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті
алдын – ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа
шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша
ең төмен процент төлейді ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем
төлемейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым
салынған. Талап еткенге дейінгі депозитер бірінші кезекте ағымдағы есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі
формаларда – қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады.
Осындай шот ашып клиентке өзінің төлем операцияларын талап еткенге дейінгі
депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін
арналған.
Шот иесі оларды әр түрлі формаларда қолма-қол ақшалармен, чектермен
аударымдар жүргізе алады. Осындай шот ашып клиентке төлем операцияларын
талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысу
мындағын бухалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі шоттарды
иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар
ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айрысулар үшін толықтай пайдаланбайды,
ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде копенсацияландырады.
Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдалыналатын тұрақты
қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қазызға берілуі мүмкін.
Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарда
үнемі алып және оны біренше күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып
отыру нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін
төлеу үшін салымнан бүкіл сомасын алмайды. Бұл экономиканың айналымдық
сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткеге дейінгі
шоттар есебінен банктер 60 ,90 ,120 күнгше вексельге немесе нақты несие
бере алады.
Талап еткенге дейінгі салымдар депощиттік немесе корреспонденттік
шоттарды орналастыруы мүмкін . Олардың арасында айырмашылықтар бар.
Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алы немесе
аударуы мүмкін, сондай – ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал
контокоррентік есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар ьолуы мүмкін.
Клиент кез келген уақытта шоттар өз салымын алып қана қоймай , ол белгілі
бір уақытта неие алуы мүмкін, алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-
бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан
несие алуы мүмкін.
Бұл шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралдары ретінде оларды
үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады,
негізгі кемшілік ( салымшы үшін ) шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды
төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға
қарағанда орталық банкке ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті
және ол шотты пайдаланғаны үшін банкке коммися төлейді Талап еткенге
дейінгі шоттарға пайызды коммерциялық банктерге тыйым салады. Коммерциялық
банктер өз салымшыларын сақтап сақтап қалу мақсатымен депозиттік шоттың
жаңа түрін салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік деңгейін,
шоттарды есеп айрысу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші
жағынан салымшыларға рентабельдігі бір табыс алуды қаматамысыз етті. Бұл
шот—ноу шот деп аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші
қтұлғаға төлемдер үшін пайдалануы мүмкін есеп айрысу траттасы немесе
қаражаттарды алу туралы байырға, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу
тратталарын беруге болатын депозитті шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме
пайыздық төлемдер түрінде табыс алуға болады.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар
құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді
салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге
орналастырады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары
пайыздарды табу болып табыладьы. Сондай – ақ банк үшін бұл депозит тиімді ,
өйткені ол жоғалры пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды
ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді
салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін
пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу
туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді
салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген кіні қайтарылады., ал осы
күнге дейін банк оларды өз қөалаулары бойынша иемденеді. Егер шот иесі
белгіленген күні соманы кері алмаса, ол өз ақшаларын кез келген келесі
күндерде кері ала алады.
Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшалары кері алу
туралы арнаулы арызын алдын ала түсіруі керек. Әдетте ескерту мерзімдері –
бір айдан үш айға даейін , үш айдан алты айға дейін алты айдан он екі айға
дейін және бір жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық
мөлшерлемелер белгіленеді. Көбінесе тәжірибеде алдын ала ескертуге(
хабарламасы бар ) мерзімді депозиттер қолданылады.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеірек тараған
түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ
салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ
кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің баьсқа түрлеріне
қарағанда міндетті түрде пайыздарды төлеуінің жинақ салымдарын демеу және
салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады
18.145.
Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары
қолданылады; ұтысқа, сыйлыққа, жастарға мақсатты және т.б. Әдетте олар
халыққа қосымша қызметтерді ( почталық , телеграфтық, саудалық және т.б )
ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және
шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар
бойынша чектер берілмейді.
Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі – мерзімді депозиттік
сертификаттар болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен
белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын
ақшалай құжат. Оларды компанияларға, фирмаларға және өту бай иемденушілерге
жүз мың доллардан кем емес сомада беріледі. Олар екінші ретті нарықта
сатылуы және басқа тұлғаға өтуі мүмкін – берілетін және салымшының өзінде
қалатын, берілмейтін болады. Ақшаны мерзімінің аяқталуымен, тек
сертификаттарды ұсыну арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі 14 күннен 18
айға дейін болуы мүмкін18.125.
Коммерциялық банктер өз бастамалары бойынша депозиттік емес
ресурстарды жинақтайды. Бұл қаражаттар тартылған қаражаттар немесе жай
міндеттемелер деп аталады. Оларға банкаралық нарықтан займ алу бағалы
қағаздарды кері сатып алу шартымен сату, вексельдерді есепке алу және
орталық банктен қарыз алу, кепілге салу қағаздарын, банктік облигацияларды
эмиссиялау және т.б жатады.
Банкаралық нарықта Орталық банктің резервтік шотында сақтандырылатын
депозиттер сатылады және сатып алынады. Міндетті минимуммен салыстырғанда
резервтік шотта артық қаражаттары бар көптеген банктер олардың қосымша
пайда алуы үшін қысқа мерзімді қарызға ұсынады.

1.3 Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар

Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін ,оның қызметінің
жалпы сипаттамаларының бірі.
Банк өтімділігі – бұл салымшылардың және қарыз берушілер алдында
банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау
қабілеттігі12.145.
Банктің міндеттемелері нақты және, потенциалды деп екіге бөлінеді.
Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер,
тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде
банктіңі балансында көрсетіледі. Ал потенциалды немесе баланстан тыс
міндеттемелерге : банктен берген кепілхаттар, клиентке несие желілерін ашу
арқылы көрсетіледі.
Егер коммерциалық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді
уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді
активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада
жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.
Банк өтімділігі аталдған барлық міндеттемелерді , сонымен бірге
болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын
сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік
шоттардағы қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол
ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен
алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады. Осы
аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау
керек.
Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:
- депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
- тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;
- активтерді зиянсыз сату;
- тартылған қаражаттар бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін
шектеу.
Банк өтімділігінің екі формасы бар, яғни міндеттемелерді өз уақытында
және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен
анықталады. Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:
- банк капиталының базасы;
- банк активтерінің сапасы;
- депозиттердің сапасы;
- сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуекелі;
- мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
- сауатты менеджмент;
- банктің жоғары дәрежелі беделі.
Банк капталының базасы – бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне
кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың
жеткілікті мөлшерін сипаттайды. Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық
капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары
жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі
соғұрлым жоғары болады.Банк активтерінің сапалығы мынадай төрт
критерийлермен анықталады: өтімділік, тәуекелділік, табыстылық,
диверсификация.
Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу
немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу
қабілеті13.156.
Активтер өтімділік дәрежесі олардың айналымыны байланысты. Ақшалай
формадаға банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.Активтер
тәуекелі критериі, олардң ақшалай формаға айналдыру кезінде шығандарға
ұщырау мүмкіндігін сипаттайды.Активтердің тәуекел дәрежесі ,олардың әр түрі
үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Банк активтердің тәуекелі
неғұрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.
Активтердің табыстылығының критерийлері ретінде: активтердің жұмыс
жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу қабілеті, сонымен қатар
банктің дамуы үшін қаражат көзін және банктің капитал базасан нығайту
қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс
әкелмейтін болып екіге бөлінеді.
Активтердің диверсификациясы критериилері банктің ресурсын әр түрлі
орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды.Активтерді
диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: ресурстарды орналастыру бағыттары
бойынша банк активтерінің құрылымы, обьектілер мен субьектілері бойынша
несиелік жұмсалдымдардың құрылымы; банкпен корреспонденттік құрылымдық
құрамы. Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің
өтімділігі жоғары болады.
Банк өтімділігін анықтайтын факторлар – банктің депозиттік базасының
сапалығы.Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары, есеп
айырысы және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған
заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттердің
сапалылығының басты критерийлері олардың тұрақтылығын
сипаттайды.Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің
өтімділігі соғұрлым жоғары болады.Депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюі
банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады.Талап етілгенге дейінгі
депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы
мөлшерлемесіне байланысыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің
қызмет етуінің сапалылығы мен жылдамдығы , банктің клиентке жақын орналасуы
сияқты факторларға байланысты.Ал мерзімді және жинақ депозиттеріндегі
қалдықтары тұрақтылықтың төмен дәрежесіне ие, себебі банктің сыйақы
мөлшерлемесі ықпал етеді.
Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне ,яғни банкаралық
несиелерге деген тәуекелдігімен де сипатталады. Банкаралық несие өтімді
қаражаттараға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы
несиенің жалпы тартылған ресурстарының құрамындағы үлесі жоғары болса, онда
банк банкротқа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы көздерге тәуекелдігі
жоғары болса, онда оның бизнес үшін өз базасының даму перспективаларының
жоқтығын көрсетеді.
Банк активтері мен пассивтерінің арасында мерзім мен сома бойынша
сәйкестілігі де банк өтімділігін анықтайды.Банктің клиенттер алдында
міндеттемелерді орындауы инвестицияланатын ақша қаражаттары мерзімдері мен
салымшылары берген ақша қаражаттырының мерзімдері сәйкес болуын білдіреді.
Менеджмет, яғни жалпы банктің қызметін және өтімділігін басқару жүйесі
де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады. Банкті
басқару сапасы мыналармен анықталады:
- банк саясатының болуы және оның мазмұны;
- стратегиялық және ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндіку
беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы;
- банктің активтері мен пассивтерін басқару механизмі;
- қажетті ақпарат базасының болуы;
- банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы.
Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға ,яғни банк
қызметінен тыс факторларға байланысты.Оларға мыналар жатады:
- елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;
- бағалы қағаздар нырығының жамуы;
- банкаралық несие нарығының дамуы;
- қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру;
- Орталық банктің қадағалау қызметінің тиімділігі.
Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай банк операцияларының
дамуыныңы және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғышарттарын
қалыптастырады, банктер қызметтің экономикалық негізінің тұрақтылығын
қамтамысыз етеді, банктерге деген отандық және шетелдік инвесторлардың
сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларсыз банктердің тұрақты
депозиттік базаны құруы, операциялардың тиімділігіне қол жеткізуі,өз
құралдарын дамытуы, активтердің сапалығын жоғарылатуы және басқару жүйесін
жетілдіруі мүмкін емес.
Бағалы қағаздар нарығының дамуы өтімді қаражаттар құрудың оңтайлы
вариантын қамтамасыз ете алады, себебі көптеген шетел мемлекеттерінде
банктің активтерін ақшалай қаражаттарға тез арада айналдыру жолы қор
нарығының жұмысымен байлынысты.
Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер
арасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі.Банк өз өтімділігін ұстап тұру
үшін банкаралық нарықтан әр түрлі мерзімге, сонымен қатар бір күнге болсын,
қаражаттарды тарта алады. Банкаралық нырықтан қаражаттарды тарту жылдамдығы
жалпы қаржылық коньбктураға, банкаралық нарықтың ұйымдастырылуына және
банктің беделіне байланысты.
Орталық банкі коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру жүйесі
банктердщің өтімді активтерін Орталық банктен алынған несиелер арқылы
жабуға мүмкіндік береді.
Орталық банктің қадағалау қызметінің тиімділігі өтімділікті
басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау органы
арасындағы қарым—қатынастың дәрежесін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктер үшін
өтімділіктің белгілі бір нормативтерін белгілеуге мүмкіндігі бар.
Көрсеткіштер банктің өтімділік жағдайын неғұрлым нақты көрсететін болса,
соғұрлым банктің өзі және қадағалау органы өтімділікпен байланысты
проблеманы уақытында шешуге мүмкіндігі бар.
Банктің өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторлармен
анықталатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан банктің
өтімділігі бірте-бірте қалыптасатын және тұрақты факторлармен және әр түрлі
тенденциялармен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.
Несиенің капитал жасаушы концепциясының ізбасарларының және оны одан
әрі дамытушы теоретиктерінің қатарына И.Шумпетер, А.Ган, Дж. Кейнс,
Р.Хоутрилерді жатқызуға болады. Олардың теориясы несиенің экспансионистік
немесе өктемдік теориясы деген атқа ие болды. Себебі Ган мен Шумпетер
банкке жан-жақты күшті рөл берді, өйткені несие депозиттерді де жасаушы,
яғни капиталды да жасаушы. Ган банктің активті операцияларынан оның
пассивті операцияларын жоғары қойды. Ол, банктің барлық салымдары оның
активті операцияларының, яғни банк жасаған несиенің жемісі деген тұжырымда
болды. А.Ганның негізгі еңбегі 1920 ж. жарыққа шыққан Банктік несиенің
халық шаруашылық теориясы деп аталады18.28.
Ганның теориясында пайызға орасан зор мән беріледі. Ол пайызды банктің
тәуекелділігі немесе өтімділігін жоғалтып алу қаупі үшін алатын сыйақысы
түрінде түсіндіріледі. Яғни банк несие бере отырып өзінің тұрақтылығы
немесе өтімділігін әлсіретеді, пайыз сол тәуекелділік үшін төленетін
сыйлық. Олардың пікірінше пайыз - қарызға берілген қаражаттармен қоса банк
тәуекелінің бағасы немесе құны.
Несиенің капитал жасаушы теориясы – инфляциялық теория. Ол қаржылық
алпауыттардың несиені шексіз түрде беруін қорғайды. Бұл теорияны
жақтаушылардың бірігу себебі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Банк табыстылығын талдау
Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың өзарақатынасы
Республикасының Орталық банкі
Банк табыстылығын басқару
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Коммерциялық банктердің экономикалық мәні
Банкінің атқаратын функциясы және мәні
Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық аспектілері
Коммерциялық банктерде пассивтік операциялар есебін ұйымдастыру
Пәндер