Лев Толстой философиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
СӨЖ
Тақырыбы: Л.Н Толстой Философиясы.

ЖОСПАР:
I. Кіріспе
1.1 Өмірбаяны
1.2 Ағартушылыққа қосқан үлесі.
Негізгі бөлім
2.1 Шығармашылық мұрасы
2.2 Дінге деген көзқарасы
2.3 Л.Н Толстой философясы

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Лев Николаевич Толстой (28 тамыз (9 қыркүйек) 1828 жыл, Ресей империясы, Тула губерниясы Ясная Поляна -- 7 қараша(20 қараша) 1910, Астапово, Рязань губерниясы, Ресей империясы) - орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы, публицист.
1854 -- 1855 жылдарғы Севастополь корғанысының қатысушысы. Үйінде оқып, тәрбие алған. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін, 1837 жылы 4 бауырымен Қазан қаласындағы қорғаушысы П. Юшкованың үйіне көшіп барады. 16 жасында Қазан университетіне түсіп, алғашында араб-түрік танушы факультетіне түскеннен кейін заңгерлік факультетке ауысады (1844-1847 жж). Алайда университетті тәмәмдамай, әкесінен қалған Ясная Полянадағы үйге көшеді.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өмірбаяны

М. Н. Волконскояның тұлғасы -- жазушының анасының қалған жалғыз бейнесі. 1810 жылдар.

Николай Ильич Толстой, жазушының әкесі. Белгісіз суретші. Қағаз, акварель. 1820 жылдар.
Лев Николаевичтің атасы Петр Андреевич Толстой Бірінші Петрдің билігі кезінде құпия канцелярияның басшысы болған. Ол Ресей империясында жақсы қызметі үшін граф лауазымын алғандардың алғашқысы екен.
Толстойдың жанұясында 13 бала туған. Оның бесеуі бала кезінде қайтыс болады. Әйелі өзінен 16 жас кіші болған. Яғни, олар шаңырақ көтергенде Софья 18-де, граф 34-те еді. 1830 жыл - қызы Марияны босану барысында анасының өлімі. 1837 жыл, қаңтар - Толстой отбасының Мәскеуге көшуі. 1837 жыл, маусым - әкесінің кенеттен қайтыс болуы.

Кавказға кетер алдындағы Лев Толстой мен бауыры Николай , 1851 жыл
1841 жыл - апасы -- Александра Ильиничнаның өлімі. Әкесінің жалғыз тірі қарындасы Пелагея Ильиничнаға, Қазан қаласына баруы.
II. 1844 жыл - Қазан университетінің шығыстану факультетіне түсуі.
III. 1845 жыл - Қазан университетінің заң факультетіне ауысуы.
IV. 1847 жыл - 1850 жыл. - Л. Н. Толстойдың өз өмір жолын іздеуі (өз атындағы шаруашылық, Мәскеуге, Петербургке сапарлары, музыкамен айналысуы, шаруа балаларына арналған мектеп) .
V. 1850 жыл - Тула губернаторлығының мекемесіндегі жұмысы.
VI. 1851 жыл -- бауыры Николаймен соғыс болып жатқан Кавказға аттанады.
VII. 1852 жыл - Балалалық шақ повесті.
VIII. 1852 - 1863 жылдар - Казактар повесті.
IX. 1854 жыл - Дунай армиясына ауыстырылуы. Прапорщик шенін алуы.
X. 1854 ж. - Отрочество повесті.
XI. 1854 - 1855 жылдар - Севастополь қорғанысында болған. Ерлігі үшін бірнеше орденьдермен, медальдармен марапатталады. Севастополь әңгімелері Современникте жарық көрген.
XII. 1856 жыл - Помещиктің таңы повесті.
XIII. 1857 жыл -- Жастық шақ повесті.
XIV. 1857 жыл - 1857 жылдары Толстой шетелге аттанады. Ол Германия, Франция, Швейцария, Италия сынды көптеген еуропалық елдерді саяхаттайды да, күзде Мәскеуге оралады. Альберт, Люцерн, Үш өлім әңгімелері.
XV. 1859 - 1862 жылдар - Ағартушылыққа ден қоюы. Ясный Полян және оның маңайларында шаруалар балаларына мектептер ашылды.
XVI. 1862 жыл - Софья Андреевня Берспен некелесуі.
XVII. 1863 - 1869 жылдар - Соғыс және бейбітшілік роман-эпопеясы.
XVIII. 1870 - 1877 жылдар - Анна Каренина романы.
XIX. 1879 - 1882 жылдар - Исповедь. Л. Н. Толстойдың көзғарастарының өзгеруі. Патриархальды шаруашылыққа позициясын ауыстыруы.
XX. 1880 - 1881 жылдар - шіркеу сынына ұшыраған діни-философиялық шығармалары: В чем моя вера?, Царство Божие внутри нас, Соединение и перевод четырех Евангелий.
XXI. 1884 - 1886 жылдар - Иван Ильичтің өлімі повесті.

Лев Николаевич Толстойдің Ясная полянадағы бүгінгі күнгі қабірі.
II. 1886 жыл - Түнек билігі драмасы.
III. 1887 - 1889 жылдар - Крейцеров сонатасы повесті.
IV. 1889 - 1899 жылдар Жексенбі романы.
V. 1896 - 1905 жылдар - Қажы- Мұрат повесті.
VI. 1900 жыл - Ағарту жемістері комедиясы, Тірі өлік драмасы.
VII. 1900 - 1910 жылдар - Толстойдың публицистикалық шығармалары (Өлтірме, Үндей алмаймын және т.б.)
VIII. 1903 жылдар - Балдан кейін әңгімесі.
Толстой қартайған шағында әйелімен айырылысып саяхатқа шығады да, сапарда қайтыс болады. Ясная Полянаданкөшіп жүргенде Толстой қабынумен ауырып қалады. 1910 жылдың 7 қарашасында Астапово станциясында (станция бастығының үйінде) көз жұмады. Сүйегі Ясная Полянада.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ағартушылыққа қосқан үлестері

Л. Н. Толстой, 1862 жыл. М. Б. Тулинов жасаған сурет. Мәскеу.
60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л.Н.Толстой халық ағарту саласында қоғамдық-ағартушылық қызметпен қызыға айналысты. 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балалары үшін мектеп ұйымдастырды, 1861-1862 ж.ж шақырылған мұғалімдермен бірге онда сабақ берді. Оның ынтасымен Ясная Полянаға жақын жерлердегі болыстарда көптеген бастауыш ауыл мектептерін ашты. 1860-1861 жж. шетелге барып, онда ол Францияның, Италияның, Бельгияның көптеген мектептерінің жұымысымен танысты. Бұл елдердің мектептері Л.Н.Толстойға жағымсыз әсер қалдырды. Бұл мектептердің әсіресе Германия мектептерінің негізгі кемшіліктері ретінде формализм, педантизм, оқушылар үшін еркіндіктің болмауын атап өтті. Толстой бұл мектептердің тәжірибесін алуға болмайтындығы туралы қорытындыға келді, Ресейде мектепті басқа негізде дербес құру керектігін атап өтті. Ясная Поляна мектебінің жұмысы басқа негізде құрылды, сол кездегі орыс және батысеуропалық мектептерден түбірімен өзгеше негізде құруды жоспарлады. Бұл мектепке тән ерекшелікң баланың жеке басын басып-жаншитын құралдардың болмауы, керісінше, толық еркіндік, баланың шығармашылық күшіне терең сене білу, оларға ізгілікпен қарау, білімге деген олардың сұранысы мен қызығуын қанағаттандыру туралы әруақытта да қамқорлық жасау. Бұл ескі мектепке қарағанда оқушылар үшін қолайлы жағдайды жасады және олар мектепке ерекше қызығумен қатысып отырады, қызыға оқыды, үлкен шығармашылық белсенділікпен дербестік аңғартты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Лев Толстой философиясы
Лев Толстой танымалдылықты және өзінің көрнекті шығармаларына арқау болуды ұнатпаған. Ол 1871 жылы Фетке жазған хатында былай деген: "Соғыс" секілді түкке тұрғысыз көп сөзді дүниелерді енді жазбайтындығыма бақыттымын...".
Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десек, өзінің шығармаларында Л.Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық-мәселе -- адам өмірінің мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің мәні бар ма? Бар болса, неде? Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар жазушының бүкіл көркем және философиялық шығармаларының желісі болды. Осы мәселелер тереңірек тексерілетін еңбектердің бірі -- Исповедь (Жан сыры немесе Тәубе, еңбек қазақ тіліне әзірге толық аударыла қойған жоқ). Бұл еңбектің ортағасырлық ойшыл Августин Аврелийдің Исповедь Блаженного Августина, епископа Гиппонского еңбегінің ізімен жазылғаны күмән тудырмайды.
Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л.Толстой өз жанының күйзелісі арқылы бізге осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді.
Л.Толстой да езін мазалаған мәселелерге жауап іздеу үшін философияға жүгінеді, Сократ, Шопенгауэр, Соломон сияқты ойшылдардың өмір туралы ойларын қорытады. Бұл мәселе олардың да тынышын кетірген мәңгілік сұрақ екендігіне көз жеткізіп, бірте-бірте осы тығырықтан шығу жолдары туралы салмақты көзқарас қалыптастыра бастайды. Өзін қоршаған адамдардың өмір сүру салтын, өмірдегі мақсаттарын және ақыл-ой деңгейін асықпай бақылаған жазушы оларды өмірдің мәні туралы ойлану қабілетіне қарай торт топқа беледі:
:: Ештеңе білмеу жолы -- өмірдің зұлымдыққа толы және мәнсіз екендігін білмей де, түсінбей де өмір кешетіндер. Осылайша жайбарақат, Қаннен-қаперсіз өмір сүретіндердің қатарында, Л.Толстойдың ойынша, өте топас, өте жас адамдар және әйелдердің көпшілігі.
:: Эпикур жолы -- өмірдің үмітсіздігін, өтпелілігін түсініп, бар нәрсенің пайдасын, қызығын көріп қалуға тырысу.
:: Күш пен энергия жолы -- өмірдің мәні жоқтығына, сондықтан оны жою керектігіне көзі жетіп, өзін-өзі өлтірушілер. Жазушы бұл топты ерекше бөліп атап, өзін өлімге қиюдың оңай еместігін, оған үлкен жігер мол қуат иелері ғана бара алатындығын ескертеді.
:: Әлсіздік жолы -- өмірдің мәні жоқ екендігін біле тұра, өмір ағынына еріп өмір сүру.
Л.Толстойдың өмірдің мәні туралы философиялық ойлары саналы адамды ойландырмай қоймайды. себебі ол адамды қазіргі қоғамға жетіспей жатқан мәңгілік құндылықтар Мейірімділік, Махаббат, Руханилыққа, бір сөзбен айтсақ -- Адамгершілікке шақырады.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ұлы ойшыл, қайталанбас дара тұлғаның 180 жылдығы тұсында оның өз кезінде замандастары түсіне алмаған күрделі болмысы жайлы тағы бір ойланып, базбір шығармаларына көз жүгірткенді жөн көрдік. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс философиясына жалпы сипаттама
Достоевскийдің философиялық көзқарасы
ОРЬІС ФИЛОСОФИЯСЫ
ХІХ-гасырдың соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс философиясы
XIX- XX ғасырдың басындағы орыс философиясы
Орыс философиясы туралы мағлұмат
Орыс халқының философиялық ойлары - әлемдік философия мен мәдениеттің органикалық бөлігі
Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы
Педагогика ғылым ретіндегі жалпы түсінігі
Адам мен адамзаттың әлеуметтік болмысы
Пәндер