Тәрбие үрдісінде құқықтық тәрбие беру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

«Қорғауға жіберілген»

Кафедра меңгерушісі

С. Т. Иксатова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Оқушыларға құқықтық тәрбие беру мен білім беру теориясы

5В011500 - «Құқық және экономика негіздері»

Орындаған Сапарбай. А. Қ.

Ғылыми жетекшісі

заң ғылымдарының докторы Иксатова С. Т.

Павлодар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті

Сапарбай А. Қ.

Мектеп оқушыларының құқықтарын қорғауды ұйымдастыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011500 - «Құқық және экономика негіздері»

Павлодар, 2019

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-7

І тарау. Мектептегі құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері.

1. 1. Құқықтық тәрбие берудің мақсаты, мазмұны . . . 7-18

1. 2. Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері . . . 19-29

ІІ тарау. Оқыту-тәрбие үрдісінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің жолдары.

2. 1. Оқыту үрдісінде құқықтық тәрбие беру . . . 30-40

2. 2. Тәрбие үрдісінде құқықтық тәрбие беру . . . 41-47

2. 3. Тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстың нәтижесі . . . 48-50

Қорытынды . . . 51-53

Әдебиеттер тізімі . . . 54-55

Қосымша . . . 56-61

Кіріспе

Бүгiнгi уақытта мемлекетiмiздiң өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай бiлiм беру жүйесiн құру алда тұрған маңызды мiндеттер сан алуан. Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң жаңаша даму үрдiсiнiң iшiнде жас ұрпаққа берiлетiн бiлiм мазмұнын жаңарту және оны игеру мәселесi ерекше орын алады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламасы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттерін және оны іске асыру тетіктерін айқындайды. Бүгін де адамзат өркениетінің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мың жылдыққа қадам басқан кезеңде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып, Қазақстандағы демократияны, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы, азаматтық парыз, ар тазалығын жандандыру болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес, біздің бас міндеттеріміздің бірі қазақстандық отансүйгіштікті, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрмет ететін азаматын тәрбиелеу. Мұндай іс-шараның басты қағидаларының бірі-құқықтық білім берудің сапасын арттыру. Мұның өзі бұл мәселенің көкейкестілігін айқындай түседі.

Тарихты ақтарар болсақ, жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлкен үлес қосқан, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдар Т. Гоббс, Ш. Монтеське, Ж. Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон М. Т. Цицерон, Перикл, А. Ф. Кони т. б. олар адам құқықтарының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап белгілеп берген. Халқымыз өз ұрпағын тәрбиелеуде адам құқықтары мен бостандықтарын қадағалап, келер ұрпақ өкілдерін адамгершілікке, әділдікке тәрбиелеп отырғаны белгілі. Оған еліміздің ойшылдары Тәуке ханның «Жеті жарғысын», Төле би, Әйтеке би, Қазбек би, Абай. Ыбырай, Шоқанның т. б. қосқан үлестерін атап көрсетуге әбден болады.

Ө. Қоянбаевтың, Ғ. Сапарғалиевтің, Қ. Болатбаевтың, Д. Жарықбаеваның Е. Нұрпейісов және орыстың ұлы педагогтары А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский т. б. еңбектерінде мектептегі құқықтық тәрбие жұмысының мазмұны, формалары және әдістері қарастырылған. Сонымен қатар, Қазақстанның шынайы дербестікке жетуіне күш жұмсап, еңбек сіңіріп жүрген халқымыздың белгілі заңгерлері С. Сартаевтың, Ғ. Сапарғалиеватің, М. Баймахановтың, Е. Нұрпейісовтың, Н. Өсеровтың және т. б. ғалым-зерттеушілердің қомақты қызметтерін құқықтану тақырыптарын оқытқанда мектеп ұстаздарының шеберлікпен пайдалануы жас ұрпақ үшін үлгі тұтар өнеге болмақ. Қоғамда бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім және тәрбие беру, әлеуметтік - экономикалық өзгерістер адам санасындағы күрделі жаңғыру үрдісімен астаса жүріп жатыр. Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кіріскен уақытта, біздің қоғамымызға жан-жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар қажет. Осыған орай қазіргі кезде әлеуметтік сұранысқа айналып отырған, құқықтық тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру қажеттілігі мен педагогика теориясы мен практикасында бұл мәселенің жеткілікті қарастырылмауы арасында қарама-қайшылық тудырады. Осыған орай, зерттеу мәселесі оқыту үрдісінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық негізін қарастыру, педагогикалық жолдарын айқындау, осының негізінде ғылыми-әдістемелік нұсқау дайындау қажеттілігінде болып отыр. Бұл қайшылықты шешу зерттеу жұмысымның тақырыбын «Оқушыларға құқықтық тәрбие беру мен білім беру теориясы» деп таңдауға мүмкіндік берді.

Зерттеудің мақсаты - мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудегі педагогикалық ұжымның жұмысының тиімді жолдарын айқындау. Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудегі олардың дағды белсенділігін қалыптастыру жұмысының жүйесін негіздеу және тәжірибелік тұрғыдан тексеру.

Зерттеу объектісі -жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні - мекетептегі оқыту-тәрбие үрдісінде оқушылардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру жүйесі.

Зерттеу болжамы -оқу-тәрбие процесінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру тиімді болуы мүмкін, егерде оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесі оқушылардың сана-сезімін, сенімін, еркін, қарым-қатынасын және мінез-құлқын құқықтық тәрбие беру мақсаттылығымен бағытталған жүйемен қамтамасыз етілсе.

Зерттеу міндеттері:

- құқықтық тәрбиенің қоғамдағы алатын орны, мәні мен құрылымын педагогикалық, психологиялық тұрғыдан ашып көрсету;

- оқыту үрдісінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің теориясы мен практикасын талдау;

- оқыту үрдісінде құқықтық тәрбие беру жолдарын қарастыру;

- сыныптан тыс уақытта оқушыларға құқықтық тәрбие беру жұмысында қолданылатын формалар мен әдістерді белгілеу.

Зерттеудің әдіснамалық негізі . Таным теориясы, жеке тұлғалық пен іс-әрекет теориясы; жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық өзара бірлікте болуы туралы философиялық, әлеуметтік-мәдени теориясы; оқыту үрдісінде құқықтық тәрбие беру теориясы, мәдениет теориясы.

Зерттеу көздері - философия, психология, педагогика ғалымдарының еңбектері, Қазақстан Республикасының ресми құжаттары (Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Қазақстан-2030: ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы (1998), «Білім туралы» Заңы (1999), «Білім» мемлекеттік бағдарламасы (2000) ; зерттеу мәселесі бойынша жазылған ғылыми педагогикалық еңбектер; жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің озат тәжірибесі; автордың педагогикалық тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық және оқу - әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, әңгімелесу, бақылау, тәжірибелік жұмыстар, мұғалімдердің оқытушылық іс - әрекетін зерттеу, оны қорытындылау.

Зерттеудің кезеңдері. Зерттеу негізінен үш кезеңде жүргізілді:

І Айқындаушы кезеңде қазіргі мектептердегі зерттеу мәселесінің педагогика теориясы мен практикасындағы жағдайы анықталды; тақырыпты анықтау, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалды; зерттеу мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері анықталып, тақырыптың ғылыми теориялық негізі қарастырылды.

ІІ Қалыптастырушы кезеңде ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде, мектеп тәжірибесіне талдау жүргізілді, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар өткізілді.

ІІІ Қорытынды кезеңде оқыту үрдісінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері сыннан өтті. Эксперимент жұмысының нәтижелері жинақталып, талқыланып, педагогикалық әдістемелік ұсыныстар жасалды.

I тарау. Мектептегі құқықтық тәрбиенің теориялық негіздері.

1. 1. Құқықтық тәрбиенің мақсаты, мазмұны

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі кезде демократиялық, құқықтық мемлекет орнату жолында ауқымды қадам жасады. Қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік саладағы өзгерістер құқықтану ісіне айрықша көңіл бөлуге мүмкіндік туғызды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» еңбегінде елімізде мемлекеттік бастауларды нығайту, яғни болашақта құқықтық қоғам орнату маңызды ұлттық міндет екеніне баса көңіл аударды. Қоғамның өрге басуы, Қазақстанның тәуелсіздікке толық ие болуы республикамыздағы құқық мәдениеті мен құқықтық реформаларға тығыз байланысты. Қоғам мүшелерінің құқықтық мәдениеті мен санасы неғұрлым жоғары болса, ол мемлекеттің демократиялық сипаты да, күш-қуаты да әлеуметтік жарасымдылығы да артатыны ақиқат. [1]

Еліміздің құқықтық мемлекет құруға бағыт алуына байланысты, жас ұрпаққа құқық және құқықтық тәрбие берудің түсінігін кеңейту қажеттігі қоғамдық тәжірибе көрсетті. Қазіргі қоғамдық даму үрдісіне сай құқықтық мемлекет құруда әр адам құқық түсінігін және өз құқығын түсініп, біліп, соған сай әрекет жасау қажеттігі туып отыр.

Ежелден белгілі мемлекеттің пайда болуына әкеліп ұластырған себептер (рулық құрылыстың ыдырауы, жеке меншіктің пайда болуы, адамдардың мүліктік және әлеуметтік теңсіздігі) құқықтың қалыптасуына негіз болды. Мемлекет, оның органдары адамның мінез-құлқының бұрын болмаған жаңа ережелерін белгіледі. Құқықтық ғұрыптар және мемлекетпен оның органдарының қабылдаған құқықтық нормалар негізінде құқықтық жүйе қалыптасты. Құқықтық жүйенің мақсаты - мемлекеттік құрылысты, қалыптасқан экономикалық қатынастарды, мемлекеттік және жеке меншікті қорғау болып табылады. Ұлы ойшыл Платонның көзқарасы бойынша, өрекениетті мемлекет ақыл-ой ұштасуынан дамиды. [2]

Құқықтық мемлекет құру үшін азаматтық қоғам орнату қажет. Азаматтық қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасуы керек. Жеке тұлғаның дамуы (құқықтану, құқыққа көзқарасын қалыптастыру, құқықтық қатынасты жақсарту және т. б. ) - құқықтық тәрбиенің арнайы мақсаты. Сонымен, құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алатыны белгілі.

Тарихты ақтарар болсақ, жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлкен үлес қосқан, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдар Т. Гоббс, Ш. Монтеське, Ж. Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон т. б. олар адам құқықтарының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап белгілеп берген. Олар барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуі тиіс дейді. Ежелгі Рим саяси қайраткері Марк Тулли Цицерон «Мемлекет барлық еркін адамдардың келісімімен және құқықтық қатынастардан тұрады» деп түсіндіреді. Ежелгі дәуір ойшылдарының тұжырымдарынан олар азаматтардың құқықтық жағдайларын жақсартуға, әрі демократиялық құқықтық мемлекет құруға талпыныс жасағанына көз жеткізуге болады. [3] Қазақ халықтарының ойшылдары да адам құқықтары мен бостандықтарын қорғады. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би бабаларымызбен бірге Абай атамыз да адам құқықтарын қорғады. Ол 1885 жылы Шарда өткен билердің төтенше съезіне қатысып адам құқықтарын қорғаған. Шоқан Уәлиханов «Сот реформасы» еңбегінде адам бостандықтарын жазған болатын. Көшпенді өмір салтында талас-тартыссыз, қиыншылықсыз сәттерсіз болмаған. Олардың кең көлемдерін билер шешіп беріп отырған. Бидің шешімі кінәлі жазасын алып, жазықсыз жапа шекпейтіндей әділ болуы тиіс. Әділетсіздік жіберген билерге екінші рет басқа да дау жанжалға шешім айтқызуға ешкім келмеген. Билер халықтың әдет-ғұрпын бес саусақтай білуі тиіс. [4]

Билерді ешкім сайламайды, олар халық қалаулылары болған. Мысалы, Абайды таңдап ақын еткен жоқ, олар да халықтың таңдауымен, қалауымен аты шықты. Халық арасында жастайынан, бала кезден-ақ би атанғандар көп. Мәселен, Шорман қартайған шағында да Бала би деп аталып кетті, себебі, алғаш 13 жасында дауды шешіп берген. Оның ата тегінде би болмаған екен. Ондай есімдер аз емес: Мөңке би, Жобалай би, Досбол Балабиев. Батыр Сырым Датов әрі би-шешен болған. Ол көптеген дауларды ақылмен, шешендігімен бітістіріп отырған. Билер соты әр уақытта ауызша жүргізілетін және арашасының (адвокат) қатысуына жол берілетін. Билер шешімі егер де екіжақтың біріне ұнамаған жағдайда қайта қаралатын. Бұл мәселе дамыған елдердің сот үрдісіне де бергісіз еді. Жеті жарғыда : «Егер жауапкер билердің бірінен күмәнді болса, оны істен аластатуға құқылы» делінген. Халықта бір рудан шыққан адамдар бір отбасының адамындай болғандықтан, жауапкер мен би бір рудан болмауы тиіс. Мысалы, Қоңырат руынан шыққан талап етуші мен Арғын жауапкері арасындағы дауды шешуге де бүкіл аймақ билерін қатыстырмағандығы туралы деректер бар. Өйткені, бұлар бір жүздің адамдары. Дегенмен бұл жағдайда жауапкерге биді өзі таңдау құқығы беріледі. Қазақ халқында би-көп жағдайда талқыға салып, демократиялық түрде шешім шығарушы болып есептелген. Би сонымен қатар адам жан дүниесін, мінез-құлқын бір көргеннен танып, білетін психолог болған. Билер-тәрбиешілер, көкірегінде сәулесі, көзінде оты бар жастарды тәрбиелеген. Қазақ хандығының ішінде ұлы билердің бірі - Төле би. Ол қазақ халқының ішінде жоңғарлармен бірге соғыста үш жүздің басын біріктіріп, әділ шешімдерді қабылдап отырған. Төле бидің мынадай даналық сөзіне көңіл бөлмеске болмайды. [5]

Қолыңда болса бір билік,

Қарғаға залым болмаңыз.

Алдына келсе бітпес дау,

Әділін айтып, қорғаңыз.

Халқымыздың құқықтық тәрбие берудегі ұлттық тағылымдардың бірі-халықтық мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру. Мысалы, «Жазасын тартпайтын жамандық болмайды», «Жамандарға рақым қылу- жақсылыққа жәбір көрсетумен бірдей», «Жамандық қылсаң, пәле күт-бәріне де зауал бар», «Қолыңда Сүйелмендей қуат болса да, қылдырықтай құмырысқа қиянат қылма», «Өш алғаннан гөрі кешірген жақсы». Бұл даналық сөздердің барлығы адамның міндеті мен құқығын ажыратып, өмірде дұрыс азамат болып қалыптасуына көмектеседі. Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі-құқықтық тәрбие. Құқықтық тәрбие беру - қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық құқықтық және зайырлы қоғам орнату үрдісімен байланысының маңызы ерекше. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі-халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын құрметтейді және олардың негізі қағидаларын іс жүзінде басшылыққа алады. Ендеше адам құқықтары мен бостандықтарына арналған қағидалар мен ережелердің ерекше жүйесі болып табылатын халықаралық құқық құжаттарының маңызы ерекше. БҰҰ-ның Жарғысында «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сөзсіз сақтау және тану әрбір мемлекеттің құрметті борышы мен міндеті болып табылады» деп жазылған. Осы Жарғыға сәйкес әрбір мемлекет өз аумағында тұратын барлық адамдардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, адамды кемсітушілікке жол бермеуі тиіс. [6]

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1948 жылы «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын» қабылдады. Декларация мазмұндағы адам құқықтарының сипатына қарай үш топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа адамдардың табиғи және айырғысыз құқықтары жатады. Екінші топқа азаматтыққа байланысыты құқықтар мен бостандықтар жатады. Үшінші топқа экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары жатады. 1966 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы экономикалық, саяси және мәдени құқықтар туралы шарттар қабылдады. Бұл шарттар «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясының» ережелері негізінде қабылданып, оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін қарастыратын, адам құқықтарының сақталуын бақылап отыратын арнайы комитет құрылды. Адамның құқықтары мен бостандықтарына арналған халықаралық құқықтық құжаттар жекелеген мемлекетердің заңдарын игі ықпалын тигізіп отырды. БҰҰ-ның Жарғысында «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сөзсіз сақтау және тану әрбір мемлекеттің борышы мен міндеті болып табылады». Осы жарғыға сәйкес әрбір мемлекет өз аумағында тұратын барлық адамдардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, ешқандай да кемсітушілікке жол бермеуі тиіс. [7] Ұлы ғұлама Аристотель «адамдардың құқытық жағдайларын жақсарту мақсатында азаматтық қоғам құру - құқықтық мемлекеттің негізгі нысаны» деп, өзіндік бағдарын айтқан болатын. 1995 жылдың тамыз айында бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция жаңа мемлекеттік органдарды заңдастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге әбір жеке адам мен азаматтың кең көлемді демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баян етті. Сонымен бірге, Конституцияда азаматтардың міндеттері туралы да айтылған.

Біздің өз мемлекетімізді, оның органдарының құрылымы мен атқаратын қызметтерін білу өзіміздің қандай мемлекетте тұратынымызды, ол мемлекет өзінің алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай қызмет ететіні айқын түсінуіміз үшін қажет. Дербес өмір сүруге әзірленіп жүрген жас адамға осының бәрін біліп қана қоймай, өзін мемлекеттік және қоғамдық өмірге белсене қатысатын қайраткер етіп қалыптастыру үшін де өте маңызды. Ол үшін Республиканың заңдарын оқып, үйрену қажет. Өйткені, ол заңдарда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жарияланып қана қойған жоқ, сонымен бірге сол құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың, пайдаланудың жолдары мен тәсілдері де көрсетілген. Әлбетте, мемлекет, оның органдары, лауазым иелері халықтың игілігіне қызмет етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын пайдалануда, оларды қорғауда өзінің септіген тигізуге тиіс. Сол үшін ерекше құқық қорғау органдары - сот, прокуратура, тәртіп қорғау органдары құрылды. Азамттарға кең көлемде құқықтары мен бостандықтар беріледі. Сонымен бірге оларға зор міндеттер де жүктеледі. Азаматтар Конституцияны, мемлекет заңдарын сақтауға тиіс. Азаматтың өзі кім болса да, қандай қызмет атқарса да, мемлекетке, оның органдарына, басқа адамдардың заңды мүдделеріне зиян келтіруге қақысы жоқ. Заңдарды біліп қана қою жеткіліксіз, оған қоса заңдарды шығарғандағы мақсат - қоғамда құқықтық тәртіп орнату, адамдардың өміріне, оқуына, жұмысына, демалысына, қауіпсіздігіне қалыпты жағдай туғызу екендігін шын мәнінде ұғыну керек. Заңдарды шығарғандағы мақсат - адамдар өздерінің бір-бірімен қарым-қатынасын құқықтық негізде құра алатын болуы үшін, өздерінің құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда азаматтар заңды мүдделерін қорғай алатын болуы үшін, сондай-ақ өздеріне қорғау жөнінде мемлекеттік органдарға өтініш білдіре алатын болуы үшін мүмкіндік туғызу. Азаматтардың саяси, мәдени, тұрмыстық мүдделерін қанағаттандыру үшін олардың бірігуі тек заң негізінде ғана мүмкін бола алады. Адамгершілікті, демократиялық қоғам заңға сәйкестендіріліп, сол негізде құрылады. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру үрдісінде жандандыру айырқша міндетті іс. [8] Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда А. С. Макаренко, В. А. Сухомллинский «Қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырлып, жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден ұжымдық жұмыстарға оқушылар шығармашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құлықтарына қалыптастырады» деп осы мәселеге тәжірибесінде кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше. [9] Бүгінгі қоғамның талабына сай оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу үрдісінде үйі мен ел, мектеп т. б. қоғамдық орындардың маңызы ерекше. Олардың алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-тәрбие жұмысының барлық құрылымында құқықтық тәрбиеге айрықша мән беріп, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Сол үшін де, ол бүгінгі жаңарған қоғамның құқықтық тәрбиеге қатысты талаптарын айқындап, соған сай баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап сана сезімдерін қалыптастыру, мінез-құлық ережелерін меңгерту, адамгершілік қасиеттерін дамыту және келеңсіз жат қылықтардан аулақ болуына, салауатты әрі дені сау өмір сүруіне қызмет етуі тиіс. Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады. Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімдік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапалары болашақ еңбек қоғамы азаматының құқықтық мәдениетінің мәнін құрайды. Жоғары дамыған құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеттерді орынды шешу мүмкін емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары
Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік- психологиялық жолдары
Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің мәні мен мазмұны
Оқушы тұлғасының дамуы
Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінен ОБСӨЖ мәтіндері
Дене шынықтыру педагогикасы пәні бойынша дәрістер кешені
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Құқықтық білім беруде адам құқығын оқыту мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz