Ұйымның қаржылық жағдайын талдау


«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ» МЕКЕМЕСІ
«Қорғауға рұқсат етілген»
«Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі
А. С. Биктеубаева
«ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖӘНЕ КАПИТАЛЫНЫҢ АУДИТІ»
«Есеп және аудит» мамандығы 6М050800
Экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Орындаған Иманғазы Айдана Еркінқызы
(магистранттың қолы) (Т. Ә. Ж)
Ғылыми жетекші
PhD, аға оқытушы Оразлиева Майра Сагидоллаевна
(ғылыми дәрежесі) (жетекшінің қолы) (Т. Ә. Ж)
Алматы - 2019
Магистрлік диссертацияның / жобаның құрылымы
КІРІСПЕ . . . 2
- Ұйымның қаржылық жағдайының есебі, аудиті және талдауы . . . 2Ұйымның жалпы сипаттамасы . . . Қаржылық есеп беру нысандары . . . Ұйымның қаржылық-шаруашылық іс-әрекеттерінің нәтижелері және қорытынды есеп элементтері . . . Қаржылық қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушылардың жіктелуі . . . Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебін жүргізудің шетелдік тәжірибесі . . .
- Ұйымның қаржылық жағдайын талдау және аудиттеу . . . Ұйымның табыстары мен шығыстарын талдау . . . Ұйымның қаржылық жағдайын талдау . . . Қаржылық қорытынды есеп аудиті . . .
- Ұйымның қаржылық жағдайын жетілдіру бойынша шаралар . . . Қаржылық қорытынды есеп үшін бухгалтерлік есеп қағидаларын унификациалауға өтудегі халықаралық стандарттар . . . Халықаралық стандарттағы қаржылық қорытынды есеп берудің концепциясына көшу жолдары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . .
КІРІСПЕ
Экономиканың барлық саласындағы ұйымдардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, ұйымның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең басты орын алады. Ол ұйымның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық − шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының типтік есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетігінің бірі ретінде пайдаланады.
Экономика саласының мамандары, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа да нормативтік актілердің қатаң сақтаулары қажет.
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр. Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі-клиент есебінен шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүргізеді. Соңғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор кадрларды дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекелеген заң актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді.
Ұйымның шаруашылық қызметін жүргізуде, сонымен қатар қаржылық-шаруашылық талдаудың да орны ерекше. Ұйымның қаржылық жағдайына қаржылық−шаруашылық талдау жасау арқылы, сол ұйымның бәсекеге қарсы тұру қабілеттілігін анықтайды. Сонымен қатар қаржылық-шаруашылық талдау ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін қажет. Қаржылық талдау ұйымның қаржылық жағдайы мен оның қаржылық тұрақтылығын анықтап қана қоймай, болашақта ұйым жұмыстарының жақсаруына бағыт береді.
Есепке алынған ақпараттың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланылады.
Қазақстан экономикасының дамуында, оның стратегиялық маңызды салаларында қызмет ететін ірі және орта ұйымдар ерекше орын алады. Олардың балансында мемлекеттің ұлттық байлығының маңызды бөлігін құрайтын негізгі құралдардың басым бөлігі шоғырланған. Ал ұйым өз алдына олардың есебін жүргізуі тиіс. Ұйымның қаржылық жағдайы - ол мекеменің ішкі ортадағы экономикалық саласына сипаттама болып табылады.
Жалпы бұл диссертациялық жұмысты жазудың мақсаты -ұйымның бухгалтерлік есебінің, аудитінің, қаржылық-шаруашылық талдауының іс жүзінде дұрыс, нақты, толық жүргізілуін зерттеу болып табылады. Диссертациялық жұмыста зерттеліп отырған объект - ол «RG Brands» АҚ болып отыр.
1. ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІ, АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
- «RG Brands» АҚ жалпы сипаттамасы
«RG Brands» холдингі бастапқыда 1998 жылғы 22 маусымда жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде тіркелген. Компания акционерлік қоғам ретінде 2001 жылғы 27 наурызда қайта тіркелді.
Казақстандағы сусындар мен азық-түлік саласындағы озық компания. 1994 жылы негізін қалаған RGBrands компаниясының бүгінгі таңда Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінде жалпы қуаты жылына 750 миллион литрді құрайтын 4 өндірістік алаңы бар.
RGBrands күшті брендтер шоғырын өндіреді және барлық бизнес сегменттерінде жетекші нарықтық орындар алады. Сауда бойынша ауқымды жалпы ұлттық жеке платформасы мен тікелей сатудың жоғары үлесті дистрибуциясы компанияға алдыңғы қатарлы позицияларды мықты ұстауға мүмкіндік береді.
Орта Азиядағы 21 га аумақты алып жатқан алдыңғы қатарлы және заманауи зауыттардың бірі - «Ақсеңгір» өндірістік-логистикалық орталығы Компания мақтанышы болып табылады.
RGBrands шамамен 2000 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Қызметкерлер командасында жергілікті дарындар да, таяу және қиыр шетелден келген білікті мамандар да бар.
«RG Brands» АҚ және оның еншілес компанияларының («Топ») негізгі қызметі шырындар, алкогольсіз сусындар, сүт, құйылған ауыз су, чиптерді өндіру, сату және тарату, сондай-ақ шайды орау және сату болып табылады. Топтың қызметі негізінен Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. 18 сауда филиалдары Қазақстанның ең ірі қалаларында орналасқан: Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Орал, Өскемен, Шымкент, сондай-ақ в Бішкек (Қырғызстан) және Ташкент (Өзбекістан) .
Өндірілетін өнім: Piala Gold маркасы негізіндегі жоғары сапалы шай (Пиала Голд) . Зауыт жұмысшыларының ұраны: «Әркімнің жоғары сапалы жұмысынан - ұжымның жоғары тиімді еңбегін дейін». Өндірілетін өнім ISO 9001:2000. сапа стандарты талаптарына сәйкес сертификатталған.
Tealand «RG Brands Kazakhstan» ЖШС өндірістік филиалы 2001 жылы құрылған және Қазақстан республикасы территориясында өзінің қызметін жүргізеді. Өндірістік алаңның өзі Алматы қаласында орналасқан.
2001 жылы қызметкерлер саны 23 адамды құрады. Ай сайынғы шай өндірісі - 47 тонна.
2010 жылы қызметкерлер саны 105 адамға, ал ай сайынғы шай өндірісі - 650 тоннаға жеткен.
Tealand Голландия, Кения, Үндістан, Шри-Ланка, Қытай, Вьетнам, Германия, Ресей, Қырғызстан мемлекеттеріндегі шай мен орамаларды жеткізетін компаниялармен ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар орнатуда.
Топтың құрамына Компания және келесі еншілес компаниялар кіреді:
1. 2 Қаржылық есеп беру нысандары
Қаржылық қорытынды есепті құру ұйымда жүргізілетін есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Қаржылық қорытынды есептің мәліметтері бойынша ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі қорытындыланады және де ол талдау жасау, ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау үшін негізгі ақпарат көзі болып табылады.
Қаржылық жағдай деп шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысты активтердің нақты бары мен оларға қарама - қарсы қойылған олардың құралу көздерін (меншікті капитал мен міндеттемелерді) түсіну керек:
Σ Α = Σ MK + M.
Қаржылық қорытынды есеп беру деп - ұйымның (шаруашылық жүргізуші субъектінің) өткен кезеңдегі қызметінің жағдайы мен нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін атаймыз. Ол белгілі бір кезеңде субъектінің шаруашылық қызметінің жағдайы мен нәтижелері туралы жинақталған мәліметтерден тұратын ағымдағы есептің қысқаша мәлімдемесі болып табылатын есеп жазбаларының ерекше түрі.
Ұйым қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы және дәл көрсетілуі, барлық көрсеткіштерінің бір - бірімен тығыз байланысты болуы, есепті құруда әдістемелік және басқадай ережелердің сақталуы, қорытынды есеп деректерінің инвесторлар мен басқадай пайдаланушыларға түсінікті болуы қаржылық қорытынды есеп беруге қойылатын негізгі талаптар болып табылады.
Қаржылық қорытынды есепті дайындаудың және тапсырудың концептуалдық негіздерінде қаржылық қорытынды есептің бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейін құрайтын және барлық шаруашылық жүргізуші құрылымдар басшылыққа алуға міндетті нормативтік -құқықтық құжат болып табылатын бухгалтерлік есеп стандарттарымен айқындалатындығы атап көрсетілген.
Қаржылық қорытынды есеп мерзім сайын дайындалып тапсырылады және оны пайдаланушы қалың топтың ақпарат жөніндегі қажеттерін қанағаттандырып отырады. Кейбір пайдаланушылар өкілеттіктері болған жағдайда қаржылық қорытынды есепте бар ақпаратқа қосымша ақпарат талап ете алады. Пайдаланушылардың көпшілігі қаржылық мәліметтердің негізгі қайнар көзі ретінде қаржылық қорытынды есепке сенім артуға тиісті.
Субъектілер жылдық қаржылық қорытынды есепті меншік иелеріне-құрылтай құжаттарына сәйкес, мемлекеттік статистика органдарына - тіркелген жеріне, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына - олардың құзіретіне сәйкес тапсырады.
Қаржылық қорытынды есеп Қазақстан Республикасының валютасымен жасалуға тиісті. Өлшем бірлігі мың теңге.
Қаржылық қорытынды есепке дер кезінде орындалуына және дұрыстығына жауап беретін субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды.
Жылдық қаржылық қорытынды есеп есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін тапсырылуға тиісті. Меншік иелері осы мерзім шегінде қаржылық қорытынды есепті тапсырудың мерзімін анықтап тағайындай алады, бірақ ол жылына 1 реттен аспауы тиіс.
Жылдық қаржылық қорытынды есеп үшін есепті кезең болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл алынады.
Жаңадан құрылған субъект үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанымен аяқталады.
Субъект тіркеуге алынған немесе заңды тұлға мәртебесін алғанға дейінгі жасалған операциялар бірінші есепті жылдық қаржылық есебіне кіреді.
Заңды тұлғаның қаржылық қорытынды есебі оларды пайдаланушылар үшін жариялауға ашық болып табылады. Жылдың қаржылық қорытынды есептің дұрыстығы заңды тұлға немесе тәуелсіз аудитор ұсынған тәуелсіз аудиторлық қорытындымен расталады.
Қаржылық есептер қаржылық қорытынды есеп берудің құрамдас бөліктері болып табылады.
Субъектінің қаржылық қорытынды есебі төмендегі қаржылық есептерден тұрады:
- Бухгалтерлік баланс
- Қаржылық қызмет нәтижелері туралы қорытынды есеп
- Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп
- Капитал қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп
- Қаржылық қорытынды есепке түсіндірме хат.
Төменде субъектінің қаржылық қорытынды есепті құру (жасау) бойынша әдістемелік ұсыныстардың негізінде құрылған қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есебі келтірілді.
Кесте 1- Қаржы - шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі
қорытынды есеп
Субъектінің қаржылық қорытынды есебінің барлық нысандары белгілі бір мақсатпен құрылады. Баланста субъектінің экономикалық ресурстарының (активінің) белгілі бір мерзімдегі нақты бары мен оларды қаржыландыру көздерінің жағдайы көрсетіледі.
Субъектінің қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есебінде оның есеп беру мерзімінде алған табысы көрсетіледі.
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөнінде қорытынды есептің негізгі мақсаттары:
- Есеп беру мерзімі ішінде заңды тұлғаларға ақша қаражаттарының келіп түсуі және шығуы жөнінде ақпараттарды беру;
- Есеп беру мерзімінде заңды тұлғаларға операциялық және қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды беру.
Төменде «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп» деп аталатын ұлттық стандартының, қаржылық қорытынды есепті құру бойынша әдістемелік ұсыныстардың негізінде құрылған субъектінің «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есебі» келтірілді.
Кесте 2 - Субъектінің ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі
шоғырландырылған қорытынды есебі
Есеп беру деп ұйымның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржыл ық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады.
Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және ннвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: ұйым қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқада ережелерді сақтау болып табылады.
1. 3 Ұйымның қаржылық - шаруашылық іс - әрекеттерінің нәтижелері және қорытынды есеп элементтері
Ұйымның қаржылық жағдайының баланстағы өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып активтер, міндеттемелер және меншікті капитал танылады. Ал, ұйым қызметінің нәтижесін қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте өлшеумен тікелей байланысты элементтер болып табыстар мен шығыстар танылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Бухгалтерлік есепке алу туралы» Жарлығына сәйкес активтер, меншікті капитал, міндеттемелер және ұйымның қаржы шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында орындалған шаруашылық операциялары - бухгалтерлік есеп объектілері болып табылады.
Активтер дегеніміз - өткен кезеңдегі шаруашылық процестері нәтижесінде алынып, келешекте ұйым одан экономикалық пайда табады деп күтілетін, ұйым бақылауындағы ресурстар. Активтердің ең басты үш сипаты бар:
- Өздерінде келешек экономикалық пайданы, яғни ақша қаражаттарының немесе олардың эквиваленттерінің кірісіне (қосылуына) тікелей немесе жанама салынған потенциалды сақтайды;
- Ұйымның келешек экономикалық пайдасын бақылауға қабілеті бар;
- Олар өткен келісімдердің немесе басқа да оқиғалардың нәтижесі
болып табылады.
Активтер екі категорияға жіктеледі: ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер.
Ұйымның шаруашылық қызметіне бір жылдан артық мерзімде пайдаланылатын активтер ұзақ мерзімді активтер деп аталады. Ұзақ мерзімді активтерге: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, ұзақ мерзімді инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар, алдағы кезеңнің есебіне жататын ұзақ мерзімді шығыстар және т. б. жатады.
Халықаралық бухгалтерлік есептің 1 «Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру» деп аталатын стандартына сәйкес актив төиендегі жағдайларда ғана ағымдағы активтер ретінде есепке алынуға тиісті:
- оны сатып өткізу немесе сату үшін ұстау не болмаса ұйымның
операциялық қызметінің әдеттегі жағдайында пайдалану ұйғарылған кезде;
- оның ұйымда көбінесе коммерциялық мақсаттар үшін немесе қысқа
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz