Атқарушы билік органдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Экономика, бизнес және құқық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Мемлекет және құқық теория негіздері
Тақырыбы: ҚР-ның атқарушы билігі
Мамандығы: 0201000 Құқықтану

Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің П-21қ топ студенті
Алибеков А.Д
Жетекші: Ахметова А.М.

Қарағанды 2017
МАЗМҰНЫ

Кіріспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.ҚР АТҚАРУШЫ БИЛІК ҰҒЫМЫМЕН ТҮСІНІГІ

1.1Атқарушы билік органдарының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2.Қазақстан Республикасының үкіметі - атқарушы биліктің жоғары орган ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.3.Атқарушы билік органдарының негізгі құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ... 21

2.ҮКІМЕТТІҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ҮКІМЕТТІҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ.

2.1. Үкіметтің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.2. Үкіметтің қызметін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Қолданылған әдебиеттер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

КІРІСПЕ

Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі, күн өткен сайын күш алып барады. Соған сәйкес жаңа яғни бұрын сирек кездесетін қылмыстар орын алуда. Бірақ қылмыстың аты-қылмыс болғандықтан бұл жерде қоғамға қауіптілік немесе құқыққа қайшылық бар. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, әлемде орнын нақтылауда. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.
Атқарушы билік органдары - мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субьект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқыктық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде ұйымы деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.
Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді мысалы, партия.
Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және, соңында, мемлекеттік органдар енлзіледі. Бұл кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған салды. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның басшылары, яғный әкімшілігі жүзеге асырады.
Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді олардың ішінде өздерінің актілерін де орындау үшін құрылады.
Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Бұл - мемлекеттік - басқарушылық кызметтің негізгі базасы заң екендігін білдіреді оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Атқарушы биліктің негізі -- оның әлеуметтік тағайындалуы және биліктің бөліну жүйесіндегі ерекше жағдайына байланысты, мемлекеттік басқару міндеттерімен функцияларын сапалы орындау. Сонымен, атқарушы биліктің функциялары мемлекеттік басқарудың міндеттері мен функциялары арқылы айқындалады. Дегенмен, мемлекеттік биліктің басқа тармақтарынан жеке және тәуелсіз бола тұра, атқарушы билік өзіндік функцияларды атқарады. Мысалы, ҚР Конституциясының 66-бабының 1-тармақшасына сәйкес, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдың тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
Атқарушы билік -- "биліктің тармақталуы" заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке -- мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді (64-бап). Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы -- президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.
Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан -- демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері.
Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады
Мемлекеттік билік органдары
Президент -- мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, барлық битлік органдарының келісімжді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады. Ол 18 жастан асқан азаматтардың жалпы және құпия дауыс беруі арқылы 5 жылдық мерзімге сайланады.
Президенттің өкілеттілігі:
* жоғарғы бас қолбасшы болып табылады;
* президенттің бұйрықтары мен қаулылары заңды күшке ие;
* парламентті таратуға құқылы;
* референдумдар мен парламентке сайлауды бекітеді және парламент сессияларын шақырады;
* парламент қаьбылдаған заңдарға қол қояды және оларды қайта талқылауға жібере алады;
* парламент келісімімен премьер-министрді және премьер-министрдің ұсынысы бойынша үкімет мүшелерін тағайындайды;
* парламент келісімімен Ұлттық банктің төрағасын, бас прокурорды,
* Ұлттық қауіпсіздік комитеттінің төрағасын қызметтеріне тағайындайды;
* дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын, жоғарғы әскери басшыларды және Есептік комитет мүшелерін тағайындайды;
* үкімет пен жергілікті билік органдарының қаулыларының күшін жоя аладым;
* мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді;
* халықаралық келіссөздерді жүргізеді және келісімшарттарға қол қояды;
* төтенше және әскери жағдайды енгізеді.



1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ БИЛІК ҰҒЫМЫМЕН ТҮСІНГІ

1.1 Атқарушы билік органдары

Мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субьект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқыктық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде ұйымы деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.
Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді мысалы, партия.
Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және, соңында, мемлекеттік органдар енлзіледі. Бұл кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған салды. Олар өзінің қызметін, оларды құратын мемлекеттің атынан, бірақ қандай да болмасын биліктік өкілеттіктерсіз және өзінен сыртқары қандай болса да басқару функцияларын атқармай, жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның басшылары, яғный әкімшілігі жүзеге асырады.
Бұл келтірілген жағдайлар отқарушы билік органдарының ерекшелігін түсіну үшін қажет. Олар мемлекеттік ұйымдардын жүйесінде ерекше орын алады, ол өзінің тікелей көрінісін мыналардан табады.[1.28б]
Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот биліктері органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың бөлек буыны болып табылады. Бұл, біріншіден, олардың мемлекет атынан тікелей өкілдік ететінін, шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси өмірдің әр түрлі салаларында оның саясатын жүзеге асыратынын білдіреді және, екіншіден, оларға мемлекет бұл үшін қажетті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің белгілі бір көлемін береді, бұлардың кәсіпорындар мен мекемелерде болуы мүмкін емес.
Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні олардың:
* мемлекет атынан ұйымдастыру бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналатын заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілер шығару;
* құқықтық актілермен белгіленген талаптар мен ережелердің сақталуына мемлекет атынан байқап отыруды қадағалауды жүзеге асыру;
* заңды түрде міндетті болатын актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және оларды бұзушылықтан өзінің сипаты бойынша мемлекеттік иландыру, түсіндіру, мадақтау т.с.с. шараларды, ал қажет болған жағдайларда-мемлекеттік әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қорғау құқығынан көрініс табады.
Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді олардың ішінде өздерінің актілерін де орындау үшін құрылады.
Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Бұл - мемлекеттік - басқарушылық кызметтің негізгі базасы заң екендігін білдіреді оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып табылады.
Республиканың да, сондай-ақ аймақтың да деңгейлерін - де болатын атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрады. Осы жүйенің шегінде оның әрбір буынының яғный нақты атқарушы билік органының қажетті қолма-қолдық дербестігі болады. Ол өзінің көрінісін, сол сияқты осы органға тиісті өкілеттіктердің көлемі мен тапсырылған іс үшін оның жауапкершілігінің шарасында оның құзыретінен міндеттері, функциялары, өкілеттіктері, жауапкершілігі табады. Бұл органдардың құзыретінің негіздері жарым-жартылай Конституцияда және заңнамалық актілерде бекітіледі.
Азаматтық құқық қабілеттілік атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесінің белгісі болып табылмайды. Оларды сипаттау үшін Заңды тұлғаның санатын жалпы алуға болмайды, өйткені олардың жүзеге асыратын мемлекеттік-басқарушылық қызметінің сипатын да, сондай-ақ оларға тиісті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің ерекшелігін де білдіруге қабілетсіз.
Атқарушы билік органдары адамдардың белгілі бір ұжымы әкімшілік-басқарушылық персоналдың қызметкерлері немесе мемлекеттік қызметшілер штаттар. Ұжымның шеңберінде белгілі бір ұйымдық-құқықтық байланыстар жасалынады, функционалдық міндеттер мен құқықтар бөлінеді, сондай-ақ тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін жауапкершілік айқындалады. Бұл мемлекеттік-қызметтік қатынастар, өйткені осы органның қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады. [2.49б]
Атқарушы билік органдарының ұйымдастыру құрылымы, яғный бағынышты құрылымдық бөлшектер құруын болжайтын ішкі құрылысы болады мысалы, министрліктердің департаменттері. Олардың қызметі осы атқарушы билік органының өзінің сыртқары, яғный тікелей мемлекеттік басқару аясында міндетін тиімді орындауға қабілетті болу үшін қажет ішкі ұйымдастырудың өзін-өзі ұйымдастырудың көрінісі болып табылады.
Атқарушы биліктің әрбір органының мемлекеттік-басқарушылық қызметінің белгілі бір аумақтық немесе қызметтік мәселелік көлемі болады. Біріншісі осы органның жүзеге асыратын өкілеттіктерінің не Қазақстанның бүкіл аумағында, не белгілі бір аймақта күші болатынын білдіреді. Екіншісі не жалпы басқарушылық функцияларды мысалы, Үкімет, не белгіленген қызмет аяларында арнаулы сипаты бар белгілі бір басқару функцияларын жүзеге асыруды болжайды. Олардың қатарында реттеу, рұқсат беру, бақылау және өкім ету функциялары. Бірақ олар да әртүрлі аумақтық көлемде жүзеге асырылуы мүмкін.
Сонымен, атқарушы билік органы деп мемлекеттік-биліктік механизмінің мемлекеттік аппараттың мынадай буыны түсініледі, билікті болу принципіне сәйкес мемлекет оған қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси өмірінің әр түрлі облыстарында атқарушы-өкім етуші қызметін іс жүзінде жүзеге асыруды тапсырады.
Принциптер -- бұл атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің аса маңызды саяси-құқықтық және ұйымдастыру-құқықтық негіздері.
1. Атқарушы билік органдары заңнама талаптарын қатал сақтауға, оларға тапсырылған қызмет аяларында оны қамтамасыз етуге міндетті.
2. Мемлекеттік-басқарушылық қызмет объектілерінің ерекшеліктерің ескеру принципі. Мұның маңыздылығы мемлекеттік объектілермен қатар көптегсн мемлекеттік емес құрылымдардың, жеке меншік институттарының, әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің пайда болуымен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының одан әрі кеңейе түсуімен байланысты.
3. Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінде алқалық пен дара басшылықты дұрыс үйлестіру мемлекеттік-басқарушылық қызметтің негізгі мәселелерін шешкен кезде ұжымдық пікірді ескеруді қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен атқарушы биліктің тиісті органдарының жанынан құрылатын әр түрлі консультативтік, үйлестірушілік, ақылдасатын кеңестер, комис сиялар кеңінен өріс алуда.
Сонымен бірге, дара басшылық атқарушы-өкім ету сипаты бар қызмет үшін қажет тиісті тәртіпті қамтамасыз етудің, сондай-ақ дара басшының басшылығымен жауапты басқару режимін әр орнатудың құралы болып табылады.
4. Жоғарыдағы принциптен келесі - тұтастай атқарушы билік оргадарының және әрбір мемлекеттік қызметшінің оларға тапсырылған жұмыс бөлігі үшін жауапкершілін туындайды. Бұл принцип атқарушы билік органдары туралы ережелерде, "Мемлекеттік қызмет туралы 1999 ж, 23-шілдедегі заңда, тәртіп туралы жарғыларда және лауазымдық нұсқауларда бекітіледі.
5. Атқарушы билік органдары жұмысының жариялылық принципі өзінің жұмысының аса маңызды нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жария етуді, жалпы жұртқа хабарлап жеткізуді болжайды.
Атқарушы билік органдары өз қызметінің мазмұны және нақтылы бағыты бойынша ажыратылады. Оларды төмендегідей түрлі топтарға болуге болады.
1. Қызметінің аумақтық көлемі бойынша атқарушы билік орган дарының екі деңгейін бөлуге болады: республикалық және жергілікті. Бұл белгі унитарлық мемлекеттік құрылыспен және Қазақстан Республикасын әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлу мен байланысты. Қазақстанның бүкіл аумағына Үкіметтің, республика министрліктерінің және өзге де республикалық атқарушы билік органдарының қызметі таратылады. Жергілікті: облыстардың, аудандардың, қалалардың, ауылдардың селолардың, кенттердің атқарушы билік органдары өзінің қызметін тиісті аумақтың шеңберінде жүзеге асырады.
Республикалық атқарушы билік органдары жергілікті жерлерде өздерінің аумақтық органдарын басқармалар, департаменттер және т.б. құра алады, бірақ олар жергілікті атқару органдары жүйесіне кірмейді. Мұның сыртында, кейбір республикалық атқарушы билік органдарының аумақ аралық органдары болады. Олардың қызметі бірнеше аумақтарды қамтиды мысалы, темір жол, әскери округтар және т.б..
2. Ұйымдастыру - құқықтық нысандары бойынша, бұл ең алдымен олардың аттарынан көрініс табады. Республика деңгейінде мыналар ажыратылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрліктері, агенттіктері, комитеттері, ұлттық комиссиялары, өзге де атқарушы билік органдары.
Жергілікті жерлерде мұндай нысандарға өкімдер, әкімдіктер, комитеттер, басқармалар, департаменттер, бөлімдер және өзге де органдар жатады.
3. Атқарушы билік органдары құзіретінің сипатына байланысты мыналарға бөлінеді:
а жалпы құзіретті, яғный мемлекеттік-басқарушылық қызметтің барлық немесе көпшілік бөлшектеріне таратылатын функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға. Бұлар аса маңызды органдар: Үкімет, өкімдер, әкімдіктер;
ә саламық құзіретті, яғный өздеріне тапсырылған басқару салаларының немесе қызмет аяларының шеңберінде функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға мысалы, денсаулық сақтауды, ішкі істерді т.с.с. Бұлар, әдетте, министрліктер, жергілікті атқарушы органдар.
б салааралық құзіретті, яғный барлық немесе бірнеше салалық жүйелерге жалпы бірдей болатын олардың қарастылығына жатқызылған арнаулы мәселелер бойынша функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға мысалы, стандартизаңиялау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша т.с.с. Бұлар министрліктер де, агенттіктер де, ведомствалар да және т.б. болуы мүмкін.
Бұлардың арасынан кейде салалық және салааралық құзіретті органдар белгілерін қамтитын арнаулы және аралас құзіретті органдарды бөледі. Мұндай құзірет көпшілігінде әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы республикалық орталық атқарушы билік органдарына тәнді.
4. Өз ведомствосына қарасты мәселалерді шешу тәртібі бойынша мыналар ажыратылады:
а алқалы органдар, оларда құзіретінің негізгі мәселелері осы орган мүшелерінің көпшілік даусымен шешіледі мысалы, Үкімет, әкімдіктер алқалы болып табылады;
б дара басшылық органдары, оларды негізгі мәселелерді шешу өкілеттіктері басшының қолына шоғырландырылған барлық қалған органдар, мысалы, министрліктер.
Қолданылып жүрген 1995 ж. Конституция бойынша Прзидент ресми түрде атқарушы биліктің басшысы болмаса да, шындығында оның бұл аядағы рөлі өте зор.[3.36б]
Конституцияның 44 б. 3-т. сәйкес ол Парламенттің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен оның орын басарларын және министрлерді қызметке тағайындайды әрі қызметтерінен босатады; Президенттің құзыретіне республика министрліктерін және басқа да Үкімет құру, мына кірмейтін орталық атқарушы билік органдарын құру тарату жатқызылған; Республикалық атқарушы билік органдарының жүйесі де Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Президенттің жарлықтарымен бекітіледі. Қазіргі кезде ол "Атқарушы өкіметтің орталық органдарының жүйесін ретке келтіру туралы Президенттің 1993 ж. 9 маусымдағы жарлығымен айқындалады.
Президент ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етуге, Үкіметтің отставкаға кетуі туралы шешім қабылдауға құқылы.
Президент Үкіметтің және облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдері актілерінің күшін жоюға немесе тоқтата тұруға құқылы. Оның жарлықтарымен атқарушы биліктің қызметі мен механизмінің көптеген маңызды жақтары регламенттелінеді.
Мемлекеттік билік -- бұл мемлекеттік-құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік-жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы көрінеді. Олар әралуан. Мемлекет органы дегеніміз -- белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, ол бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер тән: біріншіден, орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады; екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үшін уәкілеттік береді; бұл орайда ол жекелеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да (мысалы, Парламент) орындауы мүмкін; үшіншіден, органға мемлекеттік билік берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердін орындалуын қамтамасыз етеді; төртіншіден, мемлекет органдары үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс. Мысалы, сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істерді қараудың белгілі бір тәртібі белгіленген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметті іске асыру нысаны бойынша -- өкілді, атқарушы, сот, прокуратура және өзге де бақылаушы-қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негізделген; дәрежесіне қарай -- орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіктің мерзімі бойынша -- тұрақты (қызмет мерзімі шектелмей құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады); құзыретін жүзеге асыру тәртібі бойынша -- алқалы (Парламент) және дара (Президент) басшылық; қызметінің құқылық нысаны бойынша -- құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы; құзыретінің сипатына қарай -- жалпы (Үкімет) және арнаулы (министрліктер) органдар болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет етуін айқындаушы негізгі қағидат билікті бөлу теориясы болып табылады, ол билікті органдар және лауазымды адамдар, әлеуметтік топтар, мекемелер немесе жекелеген адамдар тарапынан қиянат болмауы үшін амалдар жасайды. Бұл орайда олардын әрқайсысы дербес әрі бірін-бірі тежеуші әрі тепе-теңдік жүйесі бола отырып, өз қызметтерін органдардың айрықша жүйесі және ерекшелікті нысандар арқылы жүзеге асырады.[4.78б]
Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі (аса маңызды қағидаттың бірі) -- онда әлдебір билікті, басқа органның әрекетін белгілі бір дәрежеде шектеуге мүмкіндік берілуі, мемлекеттің әлдебір тұтқасының билікті өз қолына шоғырландыруын болдырмауы көзделінген. Билікті бөлу қағидаты Конституцияның Президент (III бөлім), Парламент (IV бөлім), Үкімет (V бөлім) және соттар (VI бөлім) мәртебелерін белгілейтін нормаларда іске асырылып нақтыланған. Бұл қағидаттардың мазмұны олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуын білдіреді. Мысалы, Парламентке берілген заң қабылдау айрықша қызметі Президенттің заңдарды қайтару құқығымен үйлестірілген. Президентке заңдарға қайшы келмейтін жарлықтар шығару құқығы берілген. Ал, Үкіметке Конституция, заңдар және Президенттің нормативтік жарлықтары негізінде және соларды орындау үшін қаулылар шығару құқығы берілген. Сонымен бірге Президентке Конституцияға сәйкес халықаралық шарттар жасасу құқығы берілген (44-баптың 11-тармағы), алайда оларды Парламент бекітуі (54-баптың 7-тармағы) тиіс.
Сот билігінің де құқықты шектеуші амалдары бар. ол Конституцияда, заңдарда кінәсіздік, қорғану құқығы, азаматтардың заң, сот алдында теңдігі, жариялылық, судьядан бас тарту және т.б. қағидаттарға негізделген. Сөйтіп, биліктің бірде-бір тармағы бүкіл мемлекеттік билікті тұтастай өзі иемденіп кете алмайды.
Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті -- мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті -- халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. (40-бап).
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.
Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді аткаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.[5.64б]
Қазақстан Республикасының Парламенті -- Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан -- Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы -- Мәжіліс жалпыға бірдей, тен және төте сайлау құқығы негізіңде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы -- Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады (51-бап).
Қазақстан Республикасының Үкіметі -- атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оны Қазақстан Республикасының Президенті құрады.
Сот билігін -- сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді (75-бап).
Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінін құрамына кірумен сыйыспайды.
Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нақ Президент билік тармақтарының әрқайсысының қызметіне белсене араласады.
Президент деген ұғым конституциялық құқылық мағынада мемлекет басшысы дегеңді білдіреді. Бұл қызмет сол үшін әлемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция).
Президент қызметі тұңғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н.Ә.Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халқының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н.Ә.Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант қабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады. Соңынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.
Демек, Президент мемлекеттік биліктің шыңы. Қазақстан Республикасының Президентін биліктің төртінші тармағы ретінде қарауымыздың мәні мынада. Шын мәнінде Президент барлық билік тармақтарынан оқшау тұр. Себебі конституциялық тұжырымдарға сәйкес ол -- мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Атқарушы билікті тікелей жүзеге асырмаса да ол еліміздің билік құрамындағы ең ірі тұлға. Олай дейтініміз атқарушы билікті жүзеге асырушы Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты және ол өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Сонымен бірге Конституцияның 40-бабынын 3-тармағына сәйкес Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Президент атқарушы билік саласында:
Парламенттің келісімімен Республика Премьер-министрін қызметке тағайындайды; оны қызметінен босатады; Премьер-министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді; оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады, қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды мәселелер бойынша отырыстарында төрағалық етеді; Үкіметке Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облыстағы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы әкімдерінің актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Республика Премьер-министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен енбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді; Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға қақылы. Премьер-министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. [6.75б]
Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады;
Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады;
Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оларды қызметтен босатады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқара отырып, Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; жоғары әскери атақтар мен өзге де атақтарды береді; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді; ішінара немесе жалпы жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды; Қауіпсіздік Кеңесін құрады. Президенттің басты міндеті -- ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ету. Әңгіме бұл жағдайда Президент елді халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде, егеменді де тәуелсіз мемлекет ретінде танытады деген сөз. Президент бұл салада келіссөздер жүргізіп, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарына, бекіту грамоталарына қол қояды, елде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің кандидаттығына мынадай қатаң талаптар қойылады: Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын, әлде бір діннің қызметкері емес, заңмен белгіленген ретте өтелмеген соттылығы жоқ және сайлау құқығы: мемлекеттік органға және жергілікті өзін-өзі басқару органына сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азамат қана сайлана алады. Бір адам қатарынан екі реттен артық Президент болып сайлана алмайды.
Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі қылмыстық іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәміздердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Республика Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған. Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына әкеліп соғады. Президент науқастығына байланысты өз міндеттерің жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы мен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады.[7.52б]

1.2 Қазақстан Республикасының үкіметі - атқарушы биліктің жоғары органы

Үкімет - Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Конституцияның V- бөлімінде бекітілген.
Үкіметтің құзіреті, ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының тәртібі Президенттің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 1995 ж. 18-желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығымен және осыған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1999 ж. 6-мамырдағы Конституциялық заңмен белгіленген.
Үкімет Республика Конституциясының, аталған Жарлық пен Конституциялық заңның, Республиканың өзге де заңнамаларының негізінде және оларды орындау үшін қызмет атқарады.
Үкіметті Президент Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.
Республиканың Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді.[8.22б]
Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
Үкімет - алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері - Премьер-Министр, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.
Үкімет мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне Үкімет туралы Конституциялық заңда белгіленген мазмұнда ант береді.
Премьер-Министрді Президент Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды. Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайындайды.
Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Президентке министрліктерді, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде, министрді, оның ішінде Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді; Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.
Үкіметтің негізгі конституциялық өкілеттіктеріне:
1 Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
2 Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсыну, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;
3 Мәжіліске заң жобаларын енгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;
4 Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;
5 Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлеу;
6 Министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жачау;
7 Республиканың министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілернің қолданылуын толық не бір бөлігінде жою немесе тоқтата тұру.
8 Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындап қызметтен босату;
9 Конституциямен, заңдармен және Президент актілерінен өзіне жүктелген өзге де қызметтерде орындау жатады.
Үкімет өзінін бүкіл қызметінде Конституцияда және жоғарыда аталған Үкімет туралы Конституциялық заңда белгіленген нысандарда Президент алдында жауауапты. Ал, Үкімет мүшелері өз құзіретінің шегінде өз бетінше шешім қабылдайды, Премьер-Министрдің алдында өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе өздеріне тапсырылған жұмыс аясы үшін дербес жауап береді.
Үкіметтің өз өкілеттіктерін жүзеге асыратын құқықтық нысандарына Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері жатады. Бұл қаулылар мен өкімдер Конституцияға, заңдарға, Президенттің актілеріне қайшы келмеуге тиіс.
Үкімет Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше қызмет атқарады. Бұдан кейін ол жаңадан сайланған және қызметке ресми кіріскен Президентке Үкімет мүшелері қол қойған жазбаша өтініш беру арқылы өз өкілеттігін доғарады.
Конституцияда 70-бап және Үкімет туралы Конституциялық Заңда Үкіметтің, оның мүшелерінің өклетті мерзімінен бұрын орындарынан түсу себептері мен тәртіптері қаралған.
Егер Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, онда олар Президентке өз орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Конституцияда 53-б., 7-тармақ 61, 6, 7-тармақ көзделген жағдайларда Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы Президентке мәлімдейді. [9.34б]
Үкіметтің орнынан түсуін қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Президент он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.
Президент өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез-келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы.
Министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын Үкімет мүшелері:
1 тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырылды;
2 Өз құзіреті шетінде шешімдер қабылдауға дербес болады;
3 Премьер-Министрдің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;
4 тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы аясындағы істің жайына және заңдардың, Президент пен Үкімет актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауап береді.
Конституцияның 57-бабының 6-тармақшасында көзделген ретте, яғни өз қызметі мәселелері жөнінде министр Парламент палаталарына есеп береді.
Атқарушы биліктің орталық республикалық органдарын олардың қызметінің сипатына қарай салалық құзіретті органдарға, салааралық құзіретті органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше функцияларын іске асыратын мамандандырылған-мемлекеттік органдарға бөлуге болады.
Қазіргі кезде төмендегі салалар бойынша республиканың мынадай орталық атқарушы органдары бар:
а экономика салалары бойынша: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау; Индустрия және сауда; Энергетика және минералдық ресурстар; Ауыл шаруашылығы; Көлік және коммуникация; Қаржы; Қоршаған ортаны қорғау министрліктері; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі; Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі; Жер ресурстарын басқару жөніндегі Статистика жөніндегі агенттіктері;
ә әлеуметтік-мәдениет салалары бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым; Денсаулық сақтау; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау; Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрліктері; Қазақстан Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заң шығарушы билік органдары
Атқарушы билік органының ұғымы және негізгі белгілері
ҚР жергілікті атқарушы билік
Жергілікті атқарушы билік органдары
ҚР атқарушы билік органдарының жүйесі. Шетел мемлекеттерінің заңнамасымен салыстырмалы анализ
Атқарушы билік органдарының түсінігі
Атқарушы биліктің құрылымы
Мемлекетті басқару органдарының жіктелуі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫ
Құқық қорғау органдары
Пәндер