Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы


1. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы.
Қазақстан төлемдерінің жағдайын Алматы қаласы жіне Алматы облысы кеден басқару бөлімшесінің жүйесінде қарастырсақ.
- Кеден табыс бөлімшесі Алматы қаласы және Алматы облысы кеден басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және басқарманың басқарушысы мен оның орынбасарына бағынады.
- Бөлімше өз жұмысын атқаруда Конституцияны, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарарлары мен үкімдерін, Қазақстан Республикасының Кеден комитететінің бұйрықтары мен шешімдерін және нормативтік актілерін басшылыққа алады.
- «Астана», «Жүк автомобилі», «Терминал» кедендерінің кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша республикалық бюджетке сомалардың уақтылы және толығымен түсуі бойынша кедендік құнды анықтау, сыртқы экономикалық кызмет тауар номенклатурасын және кедендік тарифтерді қолдану бойынша олардың қызметтерін бақылау, ұйымдастыру және үйлестіру жүргізіп отырады.
- Бөлімше - бөлімше басшысымен басқарылады, ол басқару басшысы ұсынысымен комитет төрағасымен тағайындалады.
- Бөлімшенің негізгі құрылымы жоғары экономикалық және заңды білімі бар, экономика, аудит, бухгалтерлік есеп, қаржы-несие қатынастарында теориялық дайындығы бар немесе тәжірибелік білімі бар мамандардан құралады.
- Бөлімше жұмысының негізгі бағыттарына жататындар:
- кедендік төлемдер және салықтардың дұрыс есептелуіне бақылау жасау, соның ішінде саудалық емес айналымда;
- тауарлар кедендік құнының дұрыс төленуіне бақылау жасау;
- кедендік төлемдер және салықтар бойынша кедендік органдардан түсетін мәліметтер жинау, талдау;
- төлемдер және салықтарды жинаудың, сыртқы экономикалық қызметі, тарифтік реттеу бойынша ұсыныстарды қарастыру;
- кедендік төлемдер және салықтар жинау мәселелері бойынша кедендік мекемелерді тексеру;
- СЭК-қа қатысушылар экспорттық-импорттық және басқа да сыртқы экономикалық операцияларды қажетті жағдайда тексеру;
- бөлімшенің негізгі міндеттері және қызметтері;
- Қазақстани Республикасының заңдылықтары, Қазақстан Республикасының Үкімет шешімдері, Комитет бұйрықтары және шешім талаптарын орындауды жүзеге асыру.
- Бөлімшенің басқару бөлімдері және басқа ведомстволарымен бөлімше жұмысының негізгі бағыттары бойынша көрсетілген мақсаттарда жұмысты ұйымдастыру үшін тиімді байланыстылығын қамтамасыз ету.
- Кедендік төлемдер мен салықтар түсуін және уақтылы республикалық бюджетке түсуін бақылау.
- Құқық қорғау және басқа да компонентті органдармен бірге Қазақстан Республикасының кедендік заңдылығын, комитет бұйрықтары мен шешімдерін бұзуды анықтау бойынша шаралар ұйымдастыру және керек жағдайда анықталған бұзушылықтарды қосымша тексеруге қатысу.
- Сәйкес құрылымдық бөлімдерге әдістемелік ұйымдастырушылық және практикалық көмек көрсету.
- Бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдарға кеңес беру.
- Бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша бағынышты кедендер мен мемлекеттік ұйымдардың әсерлесуін ұйымдастыру.
2. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі.
Кедендік төлемдерді төлеушiлер мына тұлғалар болып табылады:
1) тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар немесе декларант;
2) лицензия немесе кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алатын тұлғалар кедендік төлемдерді төлеушiлер болып табылады.
Кедендік баждарды төлеу мерзімдері өзгерген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждар кедендік декларация тіркелген күнге дейiн немесе тіркелген күнi төленедi.
Егер кедендік декларация айқындалған мерзiмде берiлмесе, онда кедендік баждарды төлеу мерзiмдерi кедендік декларацияны беру мерзiмi өткен күннен бастап айқындалады.
Шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік баждар салудан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланған кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және оған иелік ету жөніндегі шектеулерді бұзған күні кедендік баждарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулердің бұзылған күнін анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн кедендік баждарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
Кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар:
1) кедендік декларацияны тіркегенге дейін немесе тіркеген күні төленеді;
2) егер кедендік декларация сәйкес айқындалатын мерзімдерде берілмесе, онда кедендік декларацияны беру мерзімдері өтіп кеткен күннен бастап төлеу мерзімдері өтеді;
3) шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдарды салудан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланған кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулерді бұзған күні көрсетілген алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер төлеу мерзімін бұзған күнді белгілеу мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн төлеу мерзімі болып есептеледі.
Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдағаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастырудың басталуынан кешіктірілмей төленеді.
Кеден органдары құрған кеден қоймаларында және уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшін кедендік алым осындай қоймалардың аумағынан тауарларды әкеткен күні төленеді.
Лицензиялар мен кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алымдар, сондай-ақ алдын ала шешім үшін төлемақы кеден органдары лицензияларды және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын ресімдеу үшін, сондай-ақ алдын ала шешім қабылдау үшін белгіленген құжаттар мен қажетті мәліметтерді қабылдағанға дейін немесе қабылдаған күні төленеді.
Кедендік төлемдер қолма-қол ақшамен және ақшасыз төлеу тәртiбімен төленедi.
Кедендік төлемдердi төлеушi не атынан кедендік төлемдер енгізілетін төлеушіні көрсете отырып үшiншi тұлға төлеуі мүмкiн. Кедендік төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
Кедендік төлемдер тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айќындайтын тәртіппен мемлекеттік бюджетке аударылады.
Артық төленген кедендік төлемдердің және салықтардың сомасын қайтарып алу немесе есепке алу туралы төлеушілердің талаптары бойынша талап қою мерзімі бес жыл болып белгіленеді.
Алынуы кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке дұрыс есептелуіне және уақтылы енгізілуіне бақылауды кеден органдары жүзеге асырады.
Кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуін есепке алу тәрті-бін кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдерден босату түріндегі жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер деп түсініледі.
Кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiмен берiледi дербес сипатта бола алмайды.
Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актiлерiмен кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер беруге тыйым салынады.
1) жүктердi, багаж бен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама бекеттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдары апаттарының зардаптарын жою (ақауларын түзеу) үшiн шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк;
2) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн қазақстандық немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (кiреге алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының кедендік аймағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi;
3) ұлттық және шетел валютасы (нумизматикалық мақсаттарда пайдаланылатыннан басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар;
4) iзгiлiк көмек ретiнде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетiлетiн, акцизделетiн тауарлардан басқа тауарлар;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz