Қоғамдық ұйымдар және қоғамдық қозғалыстар


Қоғамдық ұйымдар және қоғамдық қозғалыстар
Жоспар:
1. Қоғамдық қозғалыстар туралы түсінік, белгілері, қызметі.
2. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.
3. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың типтері.
1. Қоғамдық қозғалыстар туралы түсінік, белгілері, қызметі.
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады.
Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады.
Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады. Мысалы: Жаңаөзендегі (1989 ж. ) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды.
Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы: «Азат», «Желтоқсан».
Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолыдағы алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының біріңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттық жаңарып өркендеуі, айналадағы ортаны қорғау, т. с. с. жалпыхалықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбінесе қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.
Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар:
- Консервативтік.
- Реформистік.
- Революциялық.
- Контрреволюцялық болып бөлінеді.
Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады:
1. Қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы:
2. Үгіт-насихат, әрекет ету сатысы:
3. Дамыыған жұмыс кезеңі:
4. Саяси қозғалыстың өшу сатысы.
Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі - «Халық майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің негізінде құралады және жұмыс істейді. Онда қатаң айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамында қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар жастар және т. б. ұйымдар да кіруі мүмкін. Халық майдандарының мынадай түрлері бар:
Қоғамдағы батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары.
Өздеріңнің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиалардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылғн халық майдандары.
Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интерноционалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. М : 1936 жылы Францияда құрылған халық майданы фашизмнің дамуына жол бермеді, т. с. с.
2. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.
Қазіргі уаққыта мынадай саяси қозғалыстар бар:
Консервативтік бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу, оны сынсыз қабылдау, сонымен қатарлы дәстүрлі саяси формалар мен институттарға ерекше сенім арту:
Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды бірте - бірте реформалауды мақсат етеді:
Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді демократиялық тұрғыда шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни, бейбітшілік және т. б. ұйымдардың қызметі:
Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттік капитал мүддесіне бағыну, қызмет ету, жеке- дара белсенділікті, әлеуметтік- теңсіздікті қолдау, дәстурлі моралдық мұраттарды дамытуды көздейді:
Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер жасау арқылы дамудың прогрессифті жолына түсуді көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар.
Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады.
Экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті, т. с. с.
Ұлт мәселесін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның «Азат»азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі, республикадағы казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т. б. мәдениет орталықтары.
Тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал», «Әділет, «Ақиқат» және т. б.
Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен», «Алтын бесік», «Жерұйық», «Шаңырақ» және т. с. с.
Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т. б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.
Енді соңғы мәліметтер бойынша бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, 6 әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестіктер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктерінің қанша екенін ескерсек, түсінігіміз кеңейе түспек.
Егемендік, тәуелсіздік алу қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың жұмысын түбірінен қайта құруға объективті негіз қалады. Ұйымдар мен қозғалыстар саяси процеске тартылды, өмірді өзгерту және жақсарту олардың іс-әрекетіне де байланысты деген түсінік әрбір адамның санасына ене бастады. Бұл-тоталитарлық саяси режімнен демократиялық өмірге енудің айғағы болды. Бұқараның іс-қимылының артуына, көптеген саяси-қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың өмірге келуіне жағдай жасады.
Жеке ұйымдар мен қозғалыстар:
«Азат» азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т. б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу.
«Азаттың» бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы-съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда. Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында.
«Азат» басқа елдердегі осындай қозғалым ұйымдары мен тікелей байланысты. «Азат» газетін шығарады, «Қазақ тілі» қоғамымен тікелей байланыста.
«Азат» қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты-толық саяси-экономикалық тәуесіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік және демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материялдық және рухани өмірін қамтамасыз ету.
Экономика саласында жер, кен байлықтары, су, орман және басқа да байлықтар республиканың меншігі. Жер сатылмауы керек, бірақ қажеттілікке қарай жалға беріледі. Ұлт мәселесінде барлық азаматтар тең құқықты, ұлтына, дініне қарай бөлінбеу керек.
Қазақ мектебінің және тәрбиенің ұлттық тұжырымдамасы жасалуы керек. Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті барлық оқу орындарында дербес пән ретінде оқытылуы қажет. Басқару жүйесінде тоталитарлық үсиемдікке, әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы күрес жүргізілуі қажет.
«Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министірдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады.
Қазіргі уақытта «Әділеттің» Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары бар. Қоғам мүшелері 1500-ге жуық, негізіне студенттер және қоғам қайраткерлері.
«Ақиқат» тарихи-ағартушылық қоғамы 1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі - халықтың ескі әдет-ғұрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы бірнеше мақалалар және кітаптар жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам мүшесі бар. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. Қоғам жұмысына негізінен зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатынасады.
Орыс қауымы (русская община) - Әділет министірлігінде қыркүйектің 1- інде тіркеуден өтті. 14 облыста бөлімшелері бар. Жалпы саны 70 мың адамнан асады.
Қауымның іс-әрекеті жарғы және бағдарламасына сәйкес орыс және басқа да славян халықтарының рухани өркендеуінің, олардың мәдениетін, білімінің барлық дәрежесін дамытуға бағытталған, Қазақстанда азаматтық қоғам құруға әсер етуі қаралған. Қауым «Русский вестник» атты газет шығарады, жастарды мүше етіп тартуға көптеген шара қолдануда.
Қауым 1992 жылы мемлекеттік екі тілділікті жақтап қол жинады, Шығыс Қазақстан облысында өткізілген митингілерді жақтады. 1993 жылдың қаңтар айында президент атына Орыс университетін ашуды сұрап хат жолдады.
Жастардың рухани және дене шынықтыру дайындығын жақсарту мақсатында олардың спорттық - патриоттық клубқа мүше болуын насихаттайды. Жастар клубын ұйымдастыру үшін спорт залдарын жалға алуға қаражат бөлді. Көркемөнер ұжымдарын құруға ат салысады.
Қазақстанның әйелдер одағы. Бұл қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірдегі рөлін арттыру. Одақ республикадағы реформаны жақтайды. Соңғы 7-8 жылда бұл салада қыруар ұйымдастыру жұмысын атқарады. Әйелдер қозғалысының мәселелері туралы семинар, мәслихаттар өткізді, ардагер әйелдерге, көп балалы аналарға, балалар үйіне материалдық көмекті үнемі ұйымдастырып келеді. « Әйелдер қазіргі қоғамда» деген халықаралық конференция өтізді. Қазақстанның әйелдер одағы Орталық Азия елдерінің халықаралық конгресінің мүшесі.
Қазақстан Республикасының әйелдер кеңесі 1991 жылы қазанның 21-інде тіркеуден өтті. Басқарма және президиум мүшелері 1991 жылы тамыздың 20-сында сайланды, ұйымның Жарғысы бар. Бірнеше рет республикалық пленумы өтті. «Әйелдердің кәсіпкерлік іс-қызметі туралы» конференция, Семей қаласында акушер-гинекологтардың республикалық съезін, 1993 жылдың қыркүйек айында Орта Азия елдері әйелдерінің халықаралық конференциясын өткізді.
Қазақстанның жастар одағы. Құрамында 500 мыңнан астам мүшесі бар. Одақтың мүшелері - Қазақстанның мамандары мен жас ғалымдарының ассоциациясы, жастар кәсіпкерлігін дамыту - «Асар» ассоциациясы, спортшв балаларға көмек беретін «Алтын шабақ» қоғамы.
Қазақстанның жастар одағы - дербес қоғамдық ұйым, республиканың жастарын ерікті түрде біріктіреді. Республика Конституциясына, заңдарына негізделген жарғысы және бағдарламасы бар.
Одақтың негізгі мақсаты - жас азаматтардың еркін дамуына жағдай жасау, олардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын қорғау, іске асыру. Одақ жастардың мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарда жігерлілігін және дербестігін арттыру, олардың ғылыми-техникалық және көркемөнер шығармашылығын дамыту саласында сан қырлы жұмыстарды іске асырып жатыр.
Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы. Бұл тіркеуден өткен қоғамдық ұйым. Негізгі мақсаты - Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу, оларға медициналық көмек көрсету, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғау, олардың отбасына моральдық көмек ұйымдастыру, соғыста қайтыс болғандардың атын, ерлігін мәңгілік есте қалдыру, жастарды патриоттық және интернационализм рухында тәрбиелеу. Ұйым соғыс ардагерлерімен үнемі кездесу ұйымдастырып, олардың тілек-мүдделерін зерттеп отырады. Беделі өте жоғары.
Адам құқығы бюросы. Бұл қоғамдық ұйым адам құқығын іске асыру туралы қрғамдық бақылауды іске асырады, республикадан тыс жерлерге қоныс аударғысы келетін азаматтардың құқығын, республикадағы демократияның іске асырылуын қорғайды. Жұртшылық қауым бұл ұйымды өте жақсы біледі, тиісті көмектерін алып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz