Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын ертегі арқылы дамытудың ерекшеліктерін зерттеу


МАЗМҰНЫБастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы тілдік дағдыларын қалыптастыру
- КІРІСПЕ 3
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ 5
І ТАРАУ «БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» 6
- Ертегі айтуда коммуникативтік дағдыларға сипаттама 6
- Бастауыш сынып оқушыларына ертегі арқылы тыңдалым дағдыларын
дамытудың тиімділігі 10
- Бастауыш сынып оқушыларының оқыту кезіндегі жас ерекшелік педагогикасы арқылы оқылым дағдысын қалыптастыру 16
- Ертегі бойынша жазылым дағдысы арқылы шығармашылық әрекетінің тиімді жолдары 21
- ҚОРЫТЫНДЫ 26
- ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру
барысында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадаға даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, бастауыш сынып оқушыларының кездің ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік - балалардың қарым-қатынас саласы.
Мектеп жасындағы балалар қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес. Аталмыш кеңістікте Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович және т. б. ғылыми зерттеулері кеңінен таралған. Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым- қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден- бір фактор және жағдай болды. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы, олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы балалар қарым-қатынасының мәнділігі әркімге - психологтарға, педагогтарға, ата- аналарға аян, және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер жеткілікті.
Мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас генезисіндегі негізгі заңдылықтар ашылған. Алайда, балалардың жеке басының қалыптасу заңдылықтары өз халқының тарихына, экономикасына, мәдениетіне тікелей байланысты болып келеді. Осыған орай қазіргі кезең жағдайында ұлттық
құндылықтарды балалар тәрбиесі мен дамуында пайдалану белсенділігі артып, ұлттық мәдениеттің өзекті педагогткалық, психологиялық мәселелерін шешу, оны дамсыту жолдарына деген қызығушылық арта түсуде. (Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов) .
Мектеп жасындғы балалардың қарым-қатынасын зерттеп, сол арқылы баланың психикалық тұрғыдағы дамыту және түзету мәселелерінің шешімі әлі күнге дейін жүйелі табылмаған. Қазақ баларының тәрбие, оқыту үрдістерін психологиялық, педагогикалық жағынан қамтамасыз ететін мамандардың арсеналында арнайы контингентке бейімделген зерттеу әдістері жоқтың қасы. Осы контксте ұлттық ойындар, құндылықтар баланың жеке басын дамыту
үрдісінде таптырмайтын әмбебап құрал және әдіс болуы керек. Себебі ұлттық ойындардың, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың халықтық педагогика
тақырыбын қамтымайтыны бомайды. Алайда ұлттық ойындардың,
құндылықтардың балалардың жеке басын дамытудағы мәні белгілі болғанымен, психодиагностикалық мүмкіндігі бүгінгі күнге дейін ғылыми зерттеу мәселесіне айналған жоқ.
6-7 жастағы балаларды оқыту, тәрбиелеу мекемелері өз функцияларының тізгінін босатып жіберуі, ересектердің қоғамдық дағдарыстан әрқалай күй кешуі-бір жағынан, екіншіден - экологиялық, медициналық мәселелердің бала дамуында орын алуы, үшіншіден - қазақ баларының мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарым-қатынас ерекшеліктерін ескеру негізінде оқыту, тәрбиелеу
және дамытудың назардан тыс қалуы, ғылымда бала қарым-қатынасын жетілдіру жолдарының бір жүйеге келмеуіне әкелді.
Соңғы 30-40 жыл ішінде қарым-қатынас механизмдерін дамытудың белсенді, жедел әдісі-тренингтер ұйымдастырылып, қолданылуда. Олар топтық жұмысқа негізделіп, тиімділігі дәлелденген (Л. А. Петровская, Н. И. Хрящева, А. Г. Ковалев т. б. ) .
Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің әр түрі - сензитивті, оқытып- жаттықтырушы, өнер-би, арт (сурет) тренингтердің - бастауыш сынып балаларға тигізетін психологиялық әсері әлі де болса кеңейтіле зерттелмеген.
Ал қазақ балаларымен жүргізілетін тренингтер ерекшеліктері осы күнге дейін назардан тыс қалып отыр. Осыларды ескере отырып біздің зерттеу жұмысымыз 6-7 жастағы қазақ баларының қарым-қатынасын тренингтік әдістермен
жетілдіру жолдарын қамтиды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын ертегі арқылы дамытудың ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:- Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуындағы қарым- қатынас мәселелерінің теориялық негіздерін қарастыру.
- Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудегі ертегі тренингтерінің мүмкіндіктерін анықтау.
- Оқушылардың қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін жетілдіретін тренингтік сабақтарды модификациялау және оларды ұйымдастырудың тиімді жолдары мен әдістерін айқындау.
- Бастауыш сынып оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіне тренингтік сабақтарды енгізу және оның апробациясы.
Зерттеу пәні : Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасын жетілдіру үшін ертегі тренингтік сабақтарды қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу ғылыми болжамы: егер бастауыш сыныпта оқыту барысында білім алушылардың ертегі арқылы теориялық және практикалық тұрғыдан негізделген әдістемемен қамтамасыз етілсе, онда оқушылардың тілдік
дағдылары қалыптасады, танымдық белсенділіктері артады, білімнің тәрбиелік маңыздылығы жоғарылайды.
Зерттеудің дереккөздері: Бұл жұмыс отандық білім беру мазмұнының
«Қазақ фольклорының тарихы» бойынша дереккөздер алынды.
І ТАРАУ «БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРДЫЕртегі айтуда коммуникативтік дағдыларға сипаттамаҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
XX ғасырдың ортасында дүниенің әр түкпірінде қарым-қатынас мәселесіне арналған зерттеулер шамамен бір уақытта пайда болып, тарала бастайды.
Мұндай зерттеулердің ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына
қатысты еңбектер ерекше орын алады. Ғылымда мектеп жасына дейінгі балалар психикасының дамуындағы қарым-қатынас аса маңызды фактор ретінде тағайындалған.
Қарым-қатынас адамның өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы.
Қарым-қатынас мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеу әлемдік ғылымда Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезеңде өзекті мәселе болып көтерілді. Осы уақыттан бастап қарым-қатынасқа анықтамалар беріліп, оны зерттеуде бағыттар пайда болды.
Сонымен қарым-қатынас деп - екі (немесе одан да көп) адамның
қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз. Олай болса, біз зерттеуімізде қарым-қатынастың мазмұнды жағына, іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынастың орнына, 5-6 жастағы балалардың психикалық дамуының қарым-қатынас байланысын анықтауға баса назар аудардық. А. Н. Леонтьев /9/ іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде
қарастырады. А. Н. Леонтьевтің қарым-қатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, Б. Г. Ананьевтің А. А. Бодалевтің коммуникативтік әрекет жайлы ілімдер біздің зерттеуіміздің әдіснамалық негізі болды.
Балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасауы
әр-түрлі ғылыми позициядан түсіндіріледі. Сол кезден бүгінгі күнге дейін «бала (лар) мен ересек (тер) » жүйесіндегі қарым-қатынас «бала - бала (лар) »
жүйесіндегі зерттелген көне ілгері және жан-жақты қарастырылған.
Психология мен оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас құралдарының сипаттамалары, жүйелері келтіріледі.
М. И. Лисинаның қарым-қатынас құралдарының үш тобын экспрессивті- мимикалық, заттық-әрекеттік және тілдік құралдарына бөліп қарастыруы біздің зерттеуіміз үшін де маңызды.
Қарым-қатынас құралдарын қолданып, жалпы нәтиже алу тәсіліне де талдау жасалық. Қарым-қатынас тәсілі оның бірлігі деп танылады я
Біздің зерттеу жұмысымызда 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасындағы стиль ұғымын, ересектердің, ата-аналардың, педагогиканың балаларға психологиялық әсері, ықпалы деп тағайындаймыз.
Қарым-қатынастың қажеттіліктері, мотивтері, тәсілдері, құралдары, формалары, стильдері. бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынастарын жетілдіру, коррекциялау мәселері үшін аса мәнді деп санаймыз.
Оқушылармен жүргізілетін зерттеу, әсересе диагностикалық жұмыс, олармен қарым-қатынас саласында профилактикаға және коррекцияға негіз болатындығымен маңызды.
Осыған орай психологиялық әдебиеттерде балалардың қарым-қатынасын анықтау әдістемелерінің тиімді түрлері жасалынған. Біз реттеу барысында мұндай еңбектерді талдай отырып, 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын айқындау мақсатында жасалынған әдістемелерді бірнеше топқа бөлді.
Оқушының коммуникативті іс-әрекетінің тиімділігін оның жеке бас, когнитивті қасиеттерімен байланыстырып, осы қасиетттерді зерттеп, бағалауға мүмкіндік беретін әдістемелер жасалынды.
- Әр - түрлі қарым-қатынас жағдайларын талдауға негізделген зерттеу тәсілдерінің тобы белгілі. Мұнда қарым-қатынас жағдайы экспериментатор вербалды түрде немесе көрнекі құралдар көмегімен жасайды. Қарым-қатынас жағдайын талдау әдістемелері оқушылардың жас және даралық ерекшелігін, әлеуметтік ортасын және қарым-қатынас сферасын ескеруге мүмкіндік береді.
- Қазіргі кезде нақты қарым-қатынас жағдайын талдау әдістерін диагностикалық мақсатта қолданудың өрісі кеңейген. Мұнда қарым-қатынас субъектілерінің коммуникативтілік біліктіліктерін тиімді қолдана алуын анықтау мүмкіндігі бар.
Осы тұжырымдар негізінен зерттеу жұмыстарға арқау болады. Біздің зерттеулер үшін айрықша маңызды жайт, ол жоғарыдағы қарым-қатынас себептілігін, яғни адам психикасын дұрыс қалыптастыру және реабилитациялау міндеттерін шешуде қарым-қатынастың әрі құралы, әрі мақсаты болып
табылатындығы. 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасы, екі жазықтықты қамтиды:
1) оқушылардың ата-анасымен, педагогтармен және басқа ересектермен қарым-қатынас жасауы, 2) оқушылардың басқа балалармен өз
қатарластырымен, өзінен кіші және ересектеу балалармен қарым-қатынас
жасауы. Бұл аспектілер негізіндегі зерттеуді ең алғаш рет 1945-1952 жылдары Рене Спитц, Анна Фрейд жүргізілген. Олар оқушының анасымен қарым-
қатынас жасауындағы кемшіліктер баланың психикалық және физикалық дамуына кедергі болатындығын көрсеткен.
Балалардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған әдістемелер негізінен байқауға, әңгімелесуге, сауал-сұраққа, вербалды тестік әдістерге сандық, сапалық жағынан бағалауға, эксперттік бағалауға негізделген. Мұнда балалардың жас ерекшелігіне, тәжірибесіне байланысты диагностикалық
жұмыстар табиғи жағдайда өтуі жөн болады. Осы орайда техникалық құралдар
- аудио, видео, жазба, таспа, аппаратураларын - қолдану аса тиімді (Л. А. Петровская) . Бұл зерттеу сенімділігімен дәлдігін арттырады. Балалардың белсенділігі қарым-қатынас жасауына, өз-өзін танып білуіне мүмкіндік береді. Біз қазіргі балалар қарым-қатынасын анықтауға арналған әдістемелерді толық
(саны жағынан) қолданса ғана балалардың коммуникативті іс-эрекетін диагностау дәлдікке ие болады деп ұйғарамыз. Алайда барлық қарым-қатынас компоненттерін зерттеуге арналған әдіс тәсілдерді толық қолданудың қандайда болсын уақыт шеңберіне симайтындығы даусыз. Ал екінші жағынан, әрбір бала белгілі бір әлеуметтік ортаның ықпалында болады. Сол ортаның
құндылықтарын өзінің жеке басына «сіңіреді», бұл жағдай балалар қарым- қатынасының логалды әлеуметтік этикетпен, ритуалмен, құндылық есебіндегі мінез-құлық, жұріс-тұрыс стандарттарымен әрленіп, өзіндік әлеуметтік таңбасы болатындығы белгілі. Әсіресе ұлттық өзіндік сананың интенсивті дамуына барынша жағдай жасалынып жатқан қазіргі қоғамда қарым-қатынас субъектілерін ұлттық ерекшеліктерінен, салт-санасынан бөліп алып, «тексіз»,
«ұлтсыз» пенде күйінде қарауды, зерттеуді заттың футлярын ғана қызықтаумен салыстырар едік.
Сонымен қатар бастауыш сынып балалармен жүргізілетін диагностикалық жұмыстың коррекциялық, дамытушы әсері де оған пареллель болуы керек деп санаймыз. Ал 6-7 жас кезеңдегі «бала-бала» жүйесі В. С. Мухина /19/ еңбектерінде сипатталынады. Ғалым баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына жағдай жасайтынын тағайындайды.
Онда негізгі 3 жағдай баса көрсетіледі:
- оқушылардың өзге балалар тобымен қарым-қатынас құруында ерекше, ересектермен жасалған қарым-қатынастан айрықша қатынас тағайындалады;
- «бала-бала» жүйесінде ғана кейбір іс-әрекет түрлерін меңгеруге болады, яғни балалар топпен ғана ересек адамдардың қатынасын бірлесіп қайта
жаңғыртуға алады.
- Бастауыш сынып мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен адамгершілік қасиеттерді қолданып, жаттығуға мүмкін болады.
И. А. Бойкова 6 жастағы балалардың ересек адамдармен қарым-қатынас құруы жеткіліксіз болса, олардың қатарластарымен контакт жасау мүмкіндіктері де шекті болатындығын көрсетеді. Ал Д. Б. Годовикова /20/ балалардың ересек адамдармен құрған қарым-қатынасы қатарластармен арадағы қарым-қатынасқа проекцияланатындығын тағайындаған.
Балалардың өз қатарластарымен қарым-қатынас құруы осы қарым- қатынасты қажетсінуімен анықталады. (М. И. Лисина /10/) . Бұл қажеттілік 3- жасқа келген балаларда қалыптаса бастайды (Л. Н. Галигузова /21/.
6-7 жастағы балалардың басқа балалармен қарым-қатынасты қажетсінуін А. И. Фукин 3 топқа бөледі.
- ші топқа қарым-қатынаста белсенді балалар жатады. Олар басқа балалармен байланыс жасағанда жағымды эмоциялы реакция, жұптасуға
қызығушылық танытып, аса назар аудару, сезімталдық көрсетуі, жұптасының қарым-қатынас құруына түрткі болу сияқты мінез-құлық, жүріс-тұрысын көрсетеді.
- ші топқа қарым-қатынаста енжар балалар жатады. Олар өздерін топ ішінде ұстай алмай, беймаза күй кешеді, жағымсыз эмоция танытады.
- ші топ қарым-қатынаста аумалы болатын балалармен сипатталады.
Оларға 1-ші де және 2-ші де топ балаларының тенденциялары тән болады. Ал Х. Т. Шерьязданова еңбектерінде 6-7 жастағы балалардың ойын әрекетінде ересектер мен бала арасындағы қатынасқа құрымдылық-логикалық тұрғыдан сипаттама жасалады ғалым оны сурет түрінде көрсетеді.
Сонымен баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруында әрбір баланың ересектермен байланыс жасауындағы психологиялық жас ерекшеліктері айқын көрінеді.
Олай болса, ұлттық салт-сана, біздің жағдайымызда қазақ отбасындағы әлеуметтік роль мен жыныстық ерекшеліктер, қазақ халқының адамгершілік құндылықтарын қарым-қатынаста ескерілуі қажет деп пайымдаймыз. Алайда, қарым-қатынас әсіресе бастауыш сынып балалардың коммуникативтік іс- әрекеттік мәселелерінде қатысты зерттеулерде балалардың әлеуметтік
ортасындағы этно-мәдениеттік факторлар әлі күнге қарастырылмауда. Сондықтан біздің жұмысымыз қазақ балаларының қарым-қатынас сферасын зерттеп, дамытуды (тренинг әдісімен) басты максат етіп отыр.
Біздің зерттеу болжамымызға сәйкес 6-7 жастағы балалар ересектермен, басқа балалармен тиімді қарым-қатынас құруға жаттығулары қажет, ал, бұл жаттығулар балалар тобында ерекше ұйымдастырылған үрдіс болса ғана, қарым-қатынасты балалардың қажетсінуі, оған мотивтері пайда болып,
жағдайдан тыс -жеке бастық қарым-қатынас формасының қалыптасуы жүзеге асырылады, қарым-қатынастың жалпы нәтижесін алуға мүмкіндік болады.
Мұндай ерекше ұйымдастырылатын үрдіс-топтың іс-әрекетке негізделеді (біздің жағдайымызда, ол -тренинг әдісі) .
Сонымен, қорытынды жасайық:
- 6-7 жастағы балалардың психикалық дамуының басты факторы қарым- қатынас болады. Балалар бұл кезеңде қарым-қатынасты ересек адамдармен
және өз қатарластарымен құра алады.
- «Қарым-қатынас» ұғымы психология, педагогика және олармен салалас ғылымдарда қарастырылады. Педагогикалық-психологиялық ғылымдарда қарым-қатынастың құрамдас компоненттері нақтыланған. Оларды анықтау арқылы ғана балалардың қарым-қатынас сферасына қатыыты қажеттіліктер, мотивтер, тәсілдер, формалар, әрекет-актілер, жеке-дара стильдер, яғни
жалпынәтиже белгілі болады.
- 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасы жағдайдан тыс жеке бастық формамен сипатталады. Бұл кезеңде балалардың басқа адамдарды, қарым- қатынас жасауда өзара түсінісумен әрекеттестікті қажетсінуі, вербалды, вербалды емес қарым-қатынас тәсілдері дамиды. Айтылған форма негізінде балалар моральдық, адамгершілік құндылықтарын меңгереді, дискусивті ойлана алады, эмоциялық жағымды реакциялар қалыптасады, өз-өзін аффективті - когнитивті тұрғыдан тани алады. Мектепте оқуға мотивациялық, интеллектуалдық және коммуникативтік тұрғыдан даяр болады. Олай болса, балалардың 6-7 жасар кезеңінде қарым-қатынасты жетілдіруге баса назар аударылуы қажет.
- Ғылыми зерттеулерді талдай отырып, 6-7 жас балалардың қарым-қатынас сферасын дамыту, кеңейту үшін ең қолайлы кезең екенін анықтадық.
- 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасына арналған зерттеулерде әлеуметтік орта ерекшеліктері, ұлттық құндылықтар аспектісі ескерілмейді.
- Жанұядағы тәрбиеге ересек адамдар позициясына, жалпы балалардың қарым-қатынасты қажетсінуіне байланысты жоғарыдағы қарым-қатынас формасы қалыптаспай, оқушылардың мектепке келетіндіктері, олардың қарым- қатынас сферасындағы кемістіктері, дамусыз қалған жақтары Х. Т. Шерьязданова /4/ зерттеулерінде тіркелген. Сондықтан 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасты қажет етуін, коммуникативтік мотивтерінің болуын, қарым-қатынас тәсілдерін меңгеруді, қарым-қатынас құралдарын (вербалды және вербалды емес) жетілдіруді, қарым-қатынастан жалпы нәтиже алуды қамтамасыз ету қажет болады. Ол үшін ересектің жетекшілігімен, балалардың бір-біріне әсері болатындай ерекше топтық жағдай ұйымдастыруды тиімді педагогикалық, психологиялық әсер деп санаймыз.
Енді келесі тармақта бастауыш сынып балаларға психологиялық әсер етудегі тренингтерді қолдану негіздері мен ерекшеліктеріне талдау жасаймыз.
Бастауыш сынып оқушыларына ертегі арқылы тыңдалым дағдыларын дамытудың тиімділігіАдамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі бір әрекетпен айналысуына байланысты. Адам өз психикасын түрлі жолдармен жарыққа шығарады. Ойын арқылы адам психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Ойынның әсіресе оқушылардың психологиясына тигізетін әсері көп. Ойын кезінде оқушылардың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез-құлқы қалыптасады. Балалар ойынының түрі де, мазмұны да әртүрлі ойынның барысында көрінеді. Ойынның сан алуандығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулытады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар. Мысалы: «Баланың істегені білінбес», «Баламен ойнама шаршарсың», «Ойнай білмеген, ойлай білмейді» деген қазақтың мақал- мәтелдеріне қарасақ, балалардың ойынға аса құмар келетіні, ойын арқылы
балалардың сана-сезімі, ақыл-ойы өсіп жетілетіндігі дұрыс көрініс береді. Балалық шақ ойыннан бөлінбек емес. Балалар ойындарының қандай болмасын мәдени ұлттық орталармен мазмұндастығы және мерзімдік жағынан әлдеқайда тұрақтылығы ойын феноменалогиясын бір жағынан ғана ашады. Ал екіншіден, ойынның полифункционалдығы балалардың психологиялық құрылымдарының қалыптасуына және педагогикалық-психологиялық диагностикаға, яғни мониторингтік іс-әрекетке мүмкіндік береді. Ойын әр уақытта және әр халықта болатын бірден-бір балалардың негізгі іс-әрекеті.
Ойынның қоғамдық-әлеуметтік сипаты ең алғаш рет Г. В. Плеханов/26/ еңбегінде көрсетілген. Ол аса мол педагогикалық жайттарды жалықпай талдай
отырып, балалар ойынының мазмұны, сипаты қоғамдық өмірмен байланысты болатынын тағайындаған. Біздің жұмысымыздағы оқушы ұғымын бала сөзімен синоним ретінде қарастырсақ қате болмайтын сияқты.
Ең алдымен әдептілік құндылықты анықтап алайық, бұл үшін
Н. Елікбаевтың /27/ берген сипатамасымен түсіндіру жөн сияқты. Ұлттар
өміріндегі ұлттық психологиямен тығыз байланысты көкейтесті мәселенің бірі
- ол ұлттық әдет-ғұрыптар, дәстүрлер болып табылады. Ұлттық психологияның ерекшеліктері мәдениетте, тұрмыста, сондай-ақ ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде де айқын көрінеді. Осы мәселелерге арналған әдебиеттерде ұлттық әдет-ғұрыптардың, дәстүрлердің саяси-әлеуметтік өмірдегі орны мен рөлі, оның таптық сипаты, прогресивтік рухани маңызы ұлттық қатынастардың жетілу процесіндегі әдептілік мәдени құндылықтарына талдау жасалынады.
Әрбір халық өздерінің әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, салт-жораларын ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырады, әрі сақтайды. Олардың ұлттық мәдениетінде, тұрмысында бөлінбейтіндей болып қалыптасады. Ұлттық әдептілік, мәдени құндылық олардың өмір ерекшеліктеріне сәйкес сол ұлттық көпшілік өкілдеріне тиісті болатын қоғамдық дему мен табиғат
құбылыстарының қайталану заңдылықтарының нәтижесі. Олар адамдар арасындағы қатынастарды ойша шамалаудың, топшылаудың эмоцинальдық
көріністердің түрлері мен формалары ретінде пайда болады. Әдептілік, мәдени құндылықтар адамдардың бүкіл психологиясымен неғұрлым терең байланыста болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz