Қауіпті заттардың организмге әсерінің деңгейін жіктеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Реферат

Тақырыбы: Өндірістік санитария және еңбек тазалық
Пәні: Еңбекті қорғау

Тексерген:
Орындаған:

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Өндірістік санитария және адам тіршілік әрекетіндегі химиялық және биологиялық қауіпсіздік туралы жалпы ұғымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Адам тіршілік әрекетіндегі химиялық қауіпсіздік туралы жалпы ұғымдар ... ... ..7
3. ХИМИЯ ӨНДІРІСІНДЕГІ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...10
4. ХИМИЯ ӨНДІРІСІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ЗИЯНДЫҒЫН СИПАТТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
5. САУЫҚТЫРУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖАЛПЫЛАМА БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. .14
6. Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Кіріспе

Өндірістік санитария - бұл жұмыскерлерді оладың денсаулығын қорғау жайлы еңбек жағдайын жасау мақсатында зиянды өндірістік факторларды зерттейтін, техникалық және гигиеналық шаралар жүйесі. Еңбек гигиенасы - бұл адам ағзасына зиянды ортаның әсер етуін зерттейтін ғылым.
Өндірістегі негізгі зиянды факторлар келесілер болып табылады:
- жоғары шаңдылық және жұмыс аймағының жоғары газдылығы;
- жұмыс аймағындағы жоғарғы және төменгі ауа қозғалысы мен ауа ылғалдылығы;
- жұмыс аймағының немесе қондырғы бетінің төменгі немесе жоғарғы температурасы;
- шу деңгейінің жоғарлығы;
- діріл деңгейінің жоғарлығы;
- табиғи жарықтықтың аздығы немесе жоқтығы;
- жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы.
Өнеркәсіптік санитарлық жағдай.
Есептеу орталықтарында санитария және гигиена бойынша өткізілетін төмендегідей іс - шаралар жұмысшыларға оңтайлы жұмыс жағдайларын құруға бағытталған:
а) жарық техникалық жағдай;
ә) психофизиолоиялық жағдай;
б) санитарлы - гигиеналық жағдай;
в) есептеу центірінің бөлмелеріндегі микроклимат.
Бұл жұмыс жағдайларының барлығы жұмысшыларға зиянды фактоларының немесе сәл болса да әлсіретуді немесе жоюды қамтамасыз етеді.
Жұмыс зонасының ауасына қойылатын жалпы санитарлы - гигиеналық талаптар
МСТ 12.1.005 - 02 құжаты кәсіпорындағы жұмыс зонасының ауасына қойылатын талаптарды бекітеді. Бұл стандарт микроклимат көрсеткіштеріне қойылатын жалпы санитарлық - гигиеналық талаптар мен жұмыс зонасының ауасының зиянды заттарының шегі жұмыс орнының қайда орналасқанын тәуеліз орнатады.
Өндірісте тиімді жұмыс жағдайын құру үшін, жұмыс орнында санитарлы - гигиеналық шарттарды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, өндірістік санитария сұрақтары және өндірістік жарақат пен кәсіби ауруларды төмендету қатерлі мәселелері зор маңызға ие.
Қалыпты еңбек щарттарын құру үшін, сәтсіз жағдайларды, сонымен қатар өндірістрдегі өрттер мен жарылыстарды жою керек.
Өндіріс пен тұрғылықты аудандардың арасында санитарлы - қорғау зоналары құрылады. СНм Е 245 - 71 сәйкес келісімімен кәсіпорындардың класына байланысты үшінші топқа, санитарлы қорғау зонасының ені 300м - ге сәйкес келеді.

Өндірістік санитария және адам тіршілік әрекетіндегі химиялық және биологиялық қауіпсіздік туралы жалпы ұғымдар

Өнеркәсіпте тиімді санитарлы-техникалық жағдайларды жасау - еңбек ұжымдарының денсаулығын, қауіпсіздік жағдайларды, еңбектің өнімділігін және жалпы өндіріс байланысыты жоспарлау. Өндірістік бөлмелерге, жұмыс орындарымен микроклиматқа қойылатын жалпы тазалық сақтау талаптары санитарлы нормалары мен ережелері өнеркәсіп бөлімі үшін арналған санитарлы нормаларында көрсетілген.
Адам ағзасына әсер ететін өндірістік жағдайларды кешенді зерттеу, сонымен қатар оларды жақсартуда жүргізілетін шараларды өңдеуді және енгізуді еңбек тазалығы және өндірістік саниртария қамтамасыз етеді.
Егер технологиялық үрдіс дұрыс ұйымдастырылмасы, онда жұмысшының денсаулығына және жұмыс қабілетіне өндірістік ортаның зиянды факторлары ( температура, ауа ылғалдылығы, өтпе желдер, шу, тербелулер, шаң және т.б.) әсер етеді.
Еңбекті қорғау және санитарлы - сауықтыру шаралардың шарттарын жақсартудың кешенді жоспарын қабылдау және жүзеге асыру кәсіби зиянды факторларды жобаға және еңбек жағдайын жақсартуға анық мүмкіндік береді.
Еңбек тазалығының құрама бөлігі болып еңбек физиологиясы жатады, ол адамның еңбек іс әрекетімен байланысты ағзадағы физикалық үрдістердің жүруін зерттейді. Еңбек физиологиясының мақсаты физиологиялық көз қарас бойынша еңбектің тиімді ұйымдастырылуын табу болып табылады.
Кәсіпорындарда еңбек жағдайларын жетілдіру технологиялық үрдістерді қазіргі заманғы техникамен қамтамасыздандыру, зиянды факторларды тауып оларды жою, және сақтандыру және қорғану шараларын өткізе отырып тиімді ету жолдарымен жүзеге асырылады.
Өндірістік санитария деп зиянды өндірістің факторлардың жұмысшыларға әсерін төмендететін немесе жоятын ұйымдастыру шаралары мен техника - механикалық жабдықтардың жүйесі.
Зиянды факторларға жұмысшылардың жұмыс қаблетін төмендететін немесе ауруға соқтыратындары жатады.
Пайдаланылатын заттардың токсикалық әсері және жұмысшылардың жеке қорғану шаралары. Токсикалық заттар және олардың адамға әсері.
Химиялық өндірістерде пайдаланылатын заттар, өндірісті және еңбекті дұрыс ұйымдастырмағанннан, профилактикалық шаралардың бұзылғанынан жұмысшыларға зиянды әсер етеді. Оларды өткір немесе созылмалы улануға және кәсіби ауруларға соқтырады.
Өткір уланулар зиянды заттың тезарада жоғары концентратциясының организмге әсерінен шығады. Олардың белгілері тез арада көрінеді, сондықтан уланғандарға 1-ші медециналық көмек беріп, уланудың себебін жоюға мүмкіншілік береді. Уланудың созылмалы түрі-зиянды заттардың аз концентратциясымен ұзақ уақыт бойы алатын әсері, оның организмде жинақталу қабілеті бар.
Уланудың белгілері апталар, айлар өткенде көрінеді және олар кей кезде созылмалы ауруларға апарады. Мысалы, сынап көп уақытқа дейін белгілері білінбейді сондықтан созылмалы улануға соқтырады.

Қауіпті заттардың организмге әсерінің деңгейін жіктеу.

Көрсеткіштер
Қауіпті кластарыдың нормалары

1
2
3
4
Жұмыс орнындағы ауадағы зиянды заттардың мүмкіндік шектік концентрациялар (МШК), мгм3
0,1 төмен
0,1-1,0
1,1-10,0
10,0 астам
Асқазанға кіргенде орташа өлтіретін дозасы, мгкг.
15 төмен
15-150
151-5000
5000 астам
Теріге түскенде орташа өлтіретін дозасы, мгкг
100 төмен
100-500
501-2500
2500 астам
Ауадағы орташа өлтіретін дозасы, мгкг
500 төмен
500-5000
5001-50000
50000 астам
Инголяциядан уланудың мүмкіндік коэффициенті, (ИУМК)
300 жоғары
300-30
29-3
3 төмен
Үшкір әтекеттің зонасы.
6,0 төмен
6,0-18,0
18,1-54,0
54,0 астам

Организмге әсерлігіне қарай химиялық зиянды өндірістік факторлар былай бөлінеді:
жалпы токсикалық орталық нерв жүйесіне қанға және қанайналым
мүшелеріне әсер ететін, мысалы күкіртсутегі, органикалық
комірсутектер, көмір оксиді.
тітіркендіргіш - көздің, мұрынның, тамақтың кілегей қабатын
тітіркендіретін және теріге әсер ететін: қышқылдар мен сілтілердің
булары, азот пен аммиашы оксиды, күкірт ангидриды ж.т.б.
Канцерогенді заттар ( рак ауруларына шалдықтыратындар): олар
резиналық өнеркәсіпте қолданылатын күйе, мұнайөнімдері, бензидин
ж.т.б.
Мутогенді : мысалы сынап және қорғасын, этилен оксиды.
Соның ішіндегі ең маңыздысы: заттардың физико - химиялық сипаттары, түрі, әсерлігінің ұзақтығы және концентрациясы. Физикалық факторларға заттың агрегаттық түрі ұшқырлығы және ерігіштігі жатады. Бу, газ, түтін және тұман күйіндегі заттар аса қауіпті себебі олар тыныс алу органдарынан кіріп , тез арада қанға сіңеді.
Улы заттардың зияндығы сыртқы ауаға да байланысты. Ауыр күш салатын жұмыстарды орындағанда немесе жоғары температурада жұмыс істегенде адам денесінің термореттеуі бұзылады, тері арқылы денесіндегі суды жоғалтады. Сонымен қатар биохимиялық процестер күшееді. Тыныс алуы жоғарылап, қан қысымы күшееді және терінің сосудаттары кеңейіп, өкпе мен тері арқылы улы заттардың денеге таралуы тездетеді. Сол себептен уланудың қауіптілігі жоғарылайды.
Ауа аралығын индикаторлық әдісі арқылы анықтау қатты заттарда жүретін калориметриялық реакцияға негізделеді (қағазда, ұнтақтарда, ж.т.б., және оларға индикаторлық реактивтер сіңірілген болуы керек). Анықталатын заттар әсер етуіне байланысты индикатордың тұсі өзгереді. Ламберт-Бери заңдылығына сәйкес индикатор түсінің өзгеруі анықталатын заттың мөлшеріне пропорционалдық болады. Талдауды калориметриялық және сызықты-калориметриялық екі әдіспен жасауға болады. Калориметриялық әдісте талдау нәтижесін алдын ала әзірленген бояу қарқындылығы яғни эталонды түтекшелеріндегі түрімен салыстырып анықталады.
Газды қоспаның компонентерінің пайызды мөлшерін анықтау үшін - ГХП-3 газанализаторын қолданады. Аппарат тасу үшін тұтас, тұрақты және ыңғайлы. Ол ағаш тасымалдауға - ыңғайлы беттері оңай жылжыитын жәшікке орналастырылған. Газанализатордың схемасы - суретте қорсетілген.

Сызықты калориметриялық әдісте индикатор үнтағының ұзындығы бойынша боялуы арқылы мгм3 градуирленген шкала бойынша анықталады.
Сызықты калориметриялық әдіс, бөлмедегі зиянды газ бен буларды өте тез анықтау үшін қолданады. Бұл әдісте УГ-2 газоанализатор (универсалды газоанализатор ) қолданылады.
Бұл әдіспен көп заттарды анықтауға болады, мысалы, бензол, асилол, күкіртсутегі, хлор, аммиак, көмір оксиді ж.т.б.

Адам тіршілік әрекетіндегі химиялық қауіпсіздік туралы жалпы ұғымдар.

Адамзаттың дамуы - оның тіршіклік әрекетінің қауіпсіздігіне ұмтылуымен шартталады. Уақыт өткен сайын ғылыми-техникалық прогресс, адам өмірінің сапасын жақсартуда, олардың білімін, танымын және мүмкіншіліктерін арттыруда. ХХ ғасырдың екінші жартысынан басталған ғылыми-техникалық прогресс, әлемді түпкілікті өзгертті. Ғылым мен техниканың электрондық, атомдық, ғарыштық, авиациялық, энергетикалық, химиялық, биотехнологиялық салаларында үлкен нәтижелерге жетуі, адамзат тіршілігінің барлық сферасын жаңа шеңберге итермеледі.
Адам өмірінің сапасы, еңбек жағдайлары жақсарды, тіршілік жағдайы, денсаулық сақтау деңгейі, білімі, әлеуметтік қамтамасыздандырылуы, мәдениеті дамыды. Құқықтың кең қауымына, бостандыққа ие болды. Өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі орасан зор өсті. Мысалы, ХХ ғасырдың өзінде өндіріс көлемі 100 есе артты. Заманауи коммуникациялар елдер мен континенттерді жақындатты. ХVIII ғасырмен салыстырғанда өмір сүру ұзақтығы екі есе артты.
Қазіргі адамзаттың жағдайын жақсартуымен қатар, ғылыми-техникалық прогресс, авариялар мен апаттық қауіптердің өсуіне де әкеліп соғуда.
Ерекше айта кететін техногенді және экологиялық қауіп төндіретіні химиялық қауіпті объектілер.
Мысалы 1976 жылы Италиядағы, 1984 жылы Индиядағы, 1989 жылы Литвадағы және т.б. химиялық объектілерде болған аппатар, жүздеген мың адамның өліміне, ауруға ұшырауына, үлкен территорияның ластанып, залалдануына әкеліп соқты.
Химиялық және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бүгінгі таңда өзекті болып отыр.
Қазіргі уақытта химиялық технологиялар өндірістің барлық саласында қолданылады. Көп жағдайларда, объектілер қалыпты жұмыс істегенімен, атмосфераға, су ортасына, топырақ жамылғысына көптеген химиялық қауіпті заттар тасталуда. Өндірістерден жыл сайын атмосфераға 50000 түрлі химиялық заттар тасталып, қоршаған ортада жинақталуда.
Химиялық қауіпсіздік - құқықтық нормаларды, санитарлы-гигиеналық ережелерді, технологиялық және инженерлік-техникалық талаптарды сақтау, сонымен қатар, тиісті ұйымдастырушылық және арнайы іс-шараларды өткізу арқылы, химиялық объектілерде апат болған жағдайларда, адамдардың, ауалшаруашылық жануарларының және өсімдіктерінің химиялық залалдануын, қоршаған ортаның қауіпті химиялық заттармен ластануын болдырмайтын жағдай [17. Владимиров В.А., Измалков В.И., Измалков А.В. Оценка риска и управление техногенной безопасностью. - М.: Деловой экспресс, 2002.].
Дүниеде таңқалатын нәрселердің бірі микроорганизмдер, оларды микробтар деп те атайды. Өте ұсақ, көзге көрінбейтін, тірі табиғаттың дамуында микробтардың үлесі өлшеусіз келеді. Өмірдің пайда болуына, оның үздіксіз жалғасуына да өздерінің ықпалын тигізе өтіп жатыр десек артықшылық болмас. Есепсіз санды, алуан түрлі біткен олар біздің өмірімізде құтылмас серіктеріміз. Мысалы, адамның жуылмаған қол терісінің әр 1 мм2 ауданында 200 миллионға жуық микробтар болады екен.
Сонымен бірге микробтардың бірталайы, малға өсімдіктерге, адам денсаулығына, өміріне зиянды және қауіпті. Ғылым жолында табылған, ал көбісі әлі де ашылмаған, микроорганизмдердің кейбір түрлері ауруға себеп болып, оны бір адамнан екінші адамға жұқтырып, аурудың түрлерін едәуір көлемге таратады да эпидемия деген ауру індетін туғызады. Осы қасиетіне негізделген жаппай қыру қарулардың бірі болып табылған биологиялық (бактериологиялық) қаруды бір қатар мемлекеттер дамытып келеді. Инфекция аурулардың қоздырғыштарына, таратушыларына микробтардың бактериялар, вирустар, риккетсиялар, спирохеттер, сондай-ақ саңыру құлақтар деп атайтын түрлері мен қарапайым жөндіктер жатады.
Бактериялар - бірклеткалы микроорганизмдер тобы, көлемі 0,5-1 микрон шамасында олар 700-900 есе үлкейтетін микроскоп арқылы ғана әр-түрлі пішінді болып көрінеді: таяқша пішінділері - іш сүзегінің қоздырғышы, шар (стрептококк, стафилококк), ирек жіп (спирил), имек таяқша - тырысқақ вибрионы.
Вирустар - түмау, аусыл, полиомиелит, нағыз шешек, энцефалит, қызылша және басқа аурулардың қоздырғышштары-тек электронды микроскоп арқылы ондаған, жүздеген мың есе үлкейтілгенде ғана көрінетін микроорганизмдер.
Риккетсиялар болса бактериялар мен вирустар аралығында мөлшері жағынан бактерияларға жақынырақ келеді, олар Ку-қызбасын, іш сүзегін т.б. ауруларды қоздырады. Спирохеталардың пішіні жіңішке бұранда бейнелі шапшаң иілетін микроорганизмдер тәрізді болады (қайталама сүзек қоздырғыштары). Бұдан басқа кейбір инфекциялы аурулар саңырауқүлақтардан таралады (қауіпті микоза, таз және басқалар). Саңырауқүлақтар (кәдімгі саңырауқұлақтармен аттас болғанымен әрине басқа) құрамы жағынан бактериялардан әлде қайда күрделі.
Адам организмінде неше түрлі микробтар біраз уақыт мекендеп зиянын тигізбейді (шартты патогенді микроорганизмдер), ал организмнің өз қорғану күші кемігенде осы микробтардың күшеюге жағдайы туады да олар бір қатар ауруларды қоздыруы мүмкін (көршиқан, холецистит, пиеолонефрит және басқа). Тіршілік барысында микробтар өздерінің өнімдерін (токсиндер) бөледі, сол өнімдердің арасында улылылары да бар. Токсиндер әлсіреген организмді әсте одан әрі қарай құлдыратады, ауруды ауырлатады. Ботулиникалық токсин, мысалы, өте күшті у, одан адам өлуі мүмкін.
Микроорганизмдермен қоздырылған және солар арқылы ауру организмнен сау организмге жұғатын ауруларды инфекциялы аурулар деп атайды. Сау адамға инфекция мынадай жолдар арқылы өтуі мүмкін:
-организмнен бөлінетін сілекей тамшыларымен ауа арқылы науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде тыныс алу органдарына енеді (тұмау, қызылша, қызамық); су және азық-түлік арқылы (тырыспа, іш сүзегі, дизентерия), ал олар болса, мысалы үшін, шыбындар, кеміргіштер микробтарды тасымалданудан зарарданады;
-инфекцияланған жәндіктердің шағуынан, мал, хайуандардың тістеунен, қабуынан;
-жаралар немесе терінің кесіктері арқылы;
-ауру адамға не малға жуысқандықтан (контакт арқылы);
-зарарсыздандырылмаған медициналық ине және хирургиялық аспаптары арқылы.
Осылардың бәрін инфекцияның таралу механизмдері дейді. Әр ауруға өзінше берілу механизмдері тән. Инфекциялы аурулардың тағы бір ерекшелігі - ол жүғу сәтінен бастап аурудың алғашқы белгілері білінгенге дейін біршама уақыттың өтуі, басқаша айтқанда бұл аурулардың жасырын мерзімі (инкубациялық кезеңі) болады. Осы уақытта адам сырттай қарағанда сау болып көрінеді, бірақ енген микробтар өрістеп күшее жатады. Аурудың түріне қарай инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан бірнеше айға созылады. Адам организміндегі қоздырғыштардың белгілі орнына және инфекцияның берілу механизміне қарай барлық инфекциялы ауруларды оларға тән ортақ белгілерге байланысты төрт топқа бөледі:
-ауадағы тамшылар арқылы берілетін тыныс алу жолдарының инфекциялы аурулары - тұмау және тыныс жолдарының жіті аурулары, баспа, дифтерия, қызылша, көкжөтел, туберкулез, нағыз шешек;
-азық-түлік өнімдері, су, топырақ, лас қол, тұрмыстық нәрселер, шыбындар арқылы өтетін ішек инфекциялы аурулар-дизентерия, іш сүзегі, паратиф, тырыспа, инфекциялы гепатит, полиомиелит;
-қансорғыш тасымалдаушылар (маса, кене, бүрге, бит, құмыты және т.б.) шағуы арқылы тарайтын қан инфекциялық аурулар -безгек, бөртпе және қайталама сүзектері, кене энцефалиті, оба, туляремия;
-көбінесе жанасу арқылы өтетін дене сыртындағы инфекциялық аурулар - басыр, қотыр, түйнек, сіреспе.
Түрлі инфекциялық микроорганизмдер қауіптілік топтары бойынша жіктеледі (қауіптілік тобы ВОЗ 1, 2, 3 және 4). Бұл қауіптілік топтары бойынша жіктелуді зертханалар үшін қолдануға болады.
1 қауіптілік тобы (төменгі жекелеген және қоғамдық қауіптің болуы немесе болмауы) Адамның немесе жануарлардың ауруларын қоздырушы болып табылмайтын микроорганизмдер.
2 қауіптілік тобы (едәуір жекелеген қауіп, төменгі қоғамдық қауіп) Адамның немесе жануарлардың ауруларын қоздырушы болып табылмайтын патогенді микроорганизмдер, бірақ, зертхана персоналына, тұрғындарға, үй жануарларына және қоршағана ортаға айтарлықтай қауіп төндірмейді. Зертханадағы салғырттық қауіпті инфекцияның тууына әкеліп соғады. Дегенмен, емдеу-профилактикалық шаралары бар және инфекцияның таралу қауіпі шектелген.
3 қауіптілік тобы (жоғары жекелеген және төменгі қоғамдық қауіп) Адамды немесе жануарды ауыр сырқатқа ұшырататын патогенді агент, бірақ, аурудан сау адамға немесе жануарға таралу қауіпі жоқ. Тиімді емдеу-профилактикалық шаралары бар.
4 қауіптілік тобы (жоғары жекелеген және қоғамдың қауіп) Адамды немесе жануарды ауыр сырқатқа ұшырататын патогенді агент, аурудан сау адамға немесе жануарға оңай таралады. Көптеген жағдайларда тиімді емдеу-профилактикалық шаралары жоқ.
Зертханаларды биологиялық қауіпсіздігі бойынша төмендегідей жіктеуге болады:
Базалық - 1 дәрежелі биологиялық қауіпсіздік.
Базалық - 2 дәрежелі биологиялық қауіпсіздік.
Оқшауланған - 3 дәрежелі биологиялық қауіпсіздік.
Максималды оқшауланған - 4 дәрежелі биологиялық қауіпсіздік.
Әр бір ел үшін микроорганизмдерді қауіптілік топтары бойынша жіктелуі қажет. Бұл жіктеу келесілерді қарастыруы керек:
1. Организмнің патогендігін.
2. Микроорганизмдердің иесін және таралу жолдарын; бұған, жергілікті тұрғындардың иммунизациялық деңгейі, инфекцияланған тұрғындардың тығыздығы және қозғалысы, сәйкес келетін тасымалдауыштардың болуы және қоршаған орта күйінің санитарлық нормалары әсер етеді.
3. Профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін және қол жетімдігін. Оған жататындар: антисывораткаларды егу, санитарлық іс-шаралар, азық-түлік және су гигиенасын қамтамасыз сету, жануарларды және жорғалаушы тасымалдауштарды бақылау.
4. Тиімді емдеу орындарының болуын. Пассивті иммунизация, инфекциядан кейінгі вакцина егу, микробқа қарсы және химикотерапевтикалық құралдарды қолдану.

ХИМИЯ ӨНДІРІСІНДЕГІ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ

Химия өндірісі халықтық шаруашщылықтың негізгі саласы бллып табылады. Ол ғылыми жетістіктер негізі. Химия өдірісі шикізатты өндіру мен өңдеудің комплексті нышандарына мыналар жатады: :: Қышқыл, сілті, хлор, аммиак және т.б. заттар алудағы негізгі өндірістер; :: Органикалық заттар синтездеуші заводтар; :: Жасанды синтетикалық талшықтар алу өндірісі; :: Бояғыштар өндіретін заводтар мен комбинаттар; :: Химико-фармокологиялық дәрілік препараттар жасайтын заводтар; :: Ауылшаруашылығында көп мөлшерде пайдаланатын минералды тынайтқыштар заводтары да жатады. Химия өндірісінің дамуы күннен күнге қарқындай түспек, себебі кез келген қосылыстар, тамақ өнімдері, киім кешектер осының барлығы химия ғылымының жетістігі болып табылады. Соңғы онжылдық ішінде химия өндірісінде еңбек жағдайларының мәселесі жақсарды. Уланудың жоғары дәрежелі түрлері төмендей түсті, көптеген өндірістерде ауаның құрамындағы токсикалық қосылыстар азая түсті, өндірігш құралдардың автоматизациялануы және механизациялануы да енбек өнімділігін арттырып, адам денсаулығына кауіп төндіруін төмендетті. Өнімнің көптеп шығарылуы, органикалық заттардың синтезделу әдісінің модельдеуі ауа құрамындағы улы қосылыстардың мөлшері едәуір төмендеді. Гигиеналық мәселелер өндіріске күрделі схемалы аппарттардың орнауынан, өнімділі жоғары машиналардың көптеп келуінен, әртүрлі технологиялық заттардың блокировкасынан туындады. Қазіргі танда ауыл шаруашылығы өндірістің маңызды саласы болып табылады. Ол қоғамдағы халық шаруашылығында манызды рөл атқарады. Ауыл шаруашылығының дамуы халықтың әл ауқатымен тікелей байланысты болып табылады, ол өнім өндіруде сандық және сапалық қамиамасыздандыру негізі ретінде қалыптасқан. Сонғы онжылдық ішінде ауыл шарушылыққа деген капиталдың көптеп салуы оның дамуының түрткісі болды. Оның құрамына жоғары сапалы мамандандырылған өнімдер, мелиорация, өндірістік еңбектің қарқындап дамуы, процестердің механизациялануы жатады. Еңбекке қатысты гигиена сұрақтары ауыл шаруашылығында істелінетін жұмыспен тікелей байланыста болып табылады, нақтырақ айтқанда: :: Ашық ауада мезгіл және қаншалықты болуға; :: Еңбек құралы ретінде машиналар, механихмдерді пайдалануға; :: Көп көлемде химиялық қосылыстарды қолдануға; :: Биологиялық материалдармен заұымданудан, ауру жануарлармен жанасудан; :: Қол еңбегін көп талап ететін, кейде энергияны көп талап ететін (шөп шабу және оны ору т.б.) жұмыстармен абай болған жөн. Ауыл шаруашылығындағы негізгі жұмыстардың бірі суару және мал бағу. Еібек гигиенасы , кәсіби гигиена -- еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы. Е. г-ның Қазақстанда ғылым ретінде қалыптасуы Қазақ медицина ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина ун-ті) санитарлық-гигиеналық ф-тінің ашылуымен байланысты (1942). Бұл саладағы жүйелі ғыл. зерттеулер Қазақстан ұА-ның Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар секторында басталды (1946). 1950 жылдары а. ш-ндағы Е. г. мәселесімен Қазақ эпидемиол., микробиол. және жұқпалы аурулар ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғыл.-зерт. орт.) айналысты. Е. г-ның негізгі бағыттары: өндірістегі әр түрлі физ., хим., биол. (шаң-тозаң, шу, вибрация, улы заттар, газ, сәуле, ыстық, суық, су, т.б.) факторлардың адам организміне тигізетін әсерін зерттеу; өндірістің зиянды жағдайларын жоюда инженерлік-тех. (мыс., ауыр, зиянды жұмыс түрлерін механикаландыру, жұмысшылардың жұмыс орнын, сондай-ақ, бүкіл өндіріс орындарын желдету, тазарту, т.б.) шараларды жетілдіру арқылы іске асыру, т.б. Е. г. физиология, токсикология, химия, физика, санитария, статистика және кәсіби патология ғылымдарымен тығыз байланысты. Е. г-ның тәжірибе жүзіндегі ұсыныстарының орындалуын санитарлық-эпидемиол. стансалар қадағалап отырады. Сондай-ақ, санитарлық ережелер, мемл. стандарт (ГОСТ-тар), шектеулі мөлшерде алынған концентрация, т.б. нормативтік құжаттар дайындалады. Қазақстанда Е. г. жөніндегі мәселелермен ҚР Білім және ұылым мин-нің Қарағандыдағы Еңбек физиологиясы және гигиенасы ғыл.-зерт. ин-ты, Бат. Қазақстан (Ақтөбе), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) мемл. медицина академиялары мен Қазақ ұлттық медицина ун-тінің (Алматы) гигиеналық кафедралары шұғылданады.

ХИМИЯ ӨНДІРІСІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ЗИЯНДЫҒЫН СИПАТТАУ

Өндірістік ортаның ластануының бірден бір себебі жұмыс аймағының химиялық, улы, токсикалық қосылыстардың көп мөлшерде болуымен сипатталады. Улы заттардың ауада таралуын технологиялық процесс немесе жұмыс барысында істелінген іс шаралармен анықтауға болады. Олардың туындау себепшісі: герметикалық емес аппараттар, химиялық қалдықтар, өнімдерді қолдан сапалық жіне сандық анализ жасау барысы, расфасрвка жұмыстары, дайын өнімдерді тасу жұмыстары болып саналады. Ауада улы заттардың жиі таралуы негізінен технологиялық әдістерге тура байланысты, себебі аппараттағы температура мен қысымның көтерілуі, техноллогиялық ргеламенттердің дұрыс орындалмауы, байланыстырушылардың дұрыс бекітілмеуі осының барлығы оқыс жағдайларды тудырушы болып табылады. Химиялық ауаның ластануы кейде күрделі түрде болуы мүмкін, егер ластаушы заттар әртүрлі күйде болса. Ол негізгі және дайын өнімді құрауы мүмкін. Пар мен газдар ауаға қарағанда тығыздығы жоғарырақ, сондықтан олар көп қабатты жұмыс орындарының ең төменгі қабатында концентрлі түрде болады. Ауаны бакылау үшін жұмыс аймағын жоспарлаған сәтте міндетті түрде жқмыс орнының атмосфералық қысымын, температурасын ескеру керек. Ондағы сұйықтық пен газдардың қату және қайнау температурасын, заттардың ұшқыштығын ескерген жөн. Ауаның жұмыс аймағындағы ортасын зерттеу жұмыстың әртүрлі сатысына қарай жүргізіледі. Сонымен қоса химиялық өндірісте міндетті түрде ұшқыш және улы заттармен жұмыс жасайтын болғандықтан онда вентиляциялық қызмет жақсы болуы тиіс. Екінші бір әсер ететіні шаң тозаңдық фактор. Өндірістегі ауаның шаңдануын анықтау адамдардың (техперсоналдың) өміріне, гигиенасына маңызы өте зор. Өндірістің жұмысымен таныспастан бұрын, ондағы шаңдану қаншалықты мөлшерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері
Өндірістік санитария және адам тіршілік әрекетіндегі химиялық және биологиялық қауіпсіздік туралы жалпы ұғымдар
Өндірісте зиянды заттардың шекті рауалы концентрациясын (ШРК) қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар
Өндірістік токсикология негізі
Жұмыс орындарында шаңдылық көздері. Шаңның адамға және қоршаған ортаға әсері
Өндірістік мекен-жайларға және жұмыс орындарға санитариялық-гигиеналық талаптар Өндірістік гигиена және санитария
Өндірістік канцерогенді факторлар
Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу
Қауіпті кластарыдың нормалары
Органикалық емес химиялық улы заттардың таралу қауіптілігі
Пәндер