Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДЕФЕКТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

Орындаған: Жолдасбек Д.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Молдаханова М.

Шымкент қ., 2019 ж.
Жоспар:
1. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.
2. Психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.
3. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау жағдайлары.
4. Пайдаланылған әдебиет

Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі міндеттері:
1) балалардың дамуындағы кемшіліктерді ерте (анықталған сәттен) түзетуді ұйымдастыру;
2) балаға және оның отбасына даму, оқу, әлеуметтену міндеттерін шешуге көмектесу (ықпал ету);
3) білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын психологиялық қамтамасыз ету;
4) педагогтардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін (психологиялық мәдениет) дамыту;
5) баланы түзету-дамыту, тәрбиелеу жұмыстары мен оқыту нәтижелілігінің мониторингі (психологиялық-педагогикалық мониторинг).
Психологиялық-педагогикалық қолдау білім берудің әртүрлі деңгейінде жүзеге асырылады:
* мектепке дейінгі білім - дамуындағы кемшіліктерді ерте диагностикалау және түзету, мектепке дайындығын қамтамасыз ету;
* бастауыш мектеп - мектепте оқуға дайындығын анықтау, мектепке бейімделуін қамтамасыз ету, оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық және оқуға деген ынтасын дамыту, өздігінен жұмыс істеу мен өзін-өзі ұйымдастыра білуді дамыту, оқи білу мен ықыласын қалыптастыруды қолдау, әрбір баланың жеке ерекшеліктері мен әлеуетін ескре отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту;
* негізгі мектеп - оқушының негізгі мектепке көшуін қолдау, оқудың жаңа талаптарына бейімделу, жеке тұлғалық және өзін танудың құндылық-мағыналық міндеттерін және өзін-өзі дамыту міндеттерін шешуде қолдау көрсету, жеке тұлғалық проблемалар мен әлеуметтендіру проблемаларын шешуге көмектесу, өмірлік дағдыларды қалыптастыру, жүйке ауруларының алдын алу, ата-аналармен және құрдастарымен құрылымдық қарым-қатынас құруға көмектесу;
* орта мектеп - оқушының бейіндік бағдарлау мен кәсіптік өзін-өзі анықтауға көмектесу, экзистенциальды проблемаларды (өзін-өзі тану, өмірдің мәнін түсінуге талпыну, жеке тұлғалық сәйкестікке қол жеткізу) шешуге қолдау көрсету, уақытша перспективасын, мақсатқа жету қабілетін дамыту, психологиялық-әлеуметтік құзыреттілігін дамыту.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары:
1)бала дамуындағы қандай да бір проблемаларды шешудің кешенді, пәнаралық тәсілі;
2)білім беру үдерісіндегі баланың дамуына қолдау көрсетудің үздіксіздігі;
3)қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
4)қолдау қызметін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау (болжау);
5)даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау шараларына ата-аналарды, педагогикалық және балалар ұжымдарын белсенді түрде тарту.
Психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.
Даму мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі психологиялық-медициналық-педагогик алық консультацияның (бұдан кейін - ПМПК) ұсынысы мен қорытындысының нәтижесінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының ішінде штаттық мамандармен (арнайы педагогпен, психологпен, логопед мұғаліммен, әлеуметтік педагогпен, ЕДШ маманымен және т.б.), сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталығы, түзету және инклюзивті білім беру кабинеті) мамандарымен, сондай-ақ келісім шарт негізінде қызмет жасайтын арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтарымен іске асырылады.
Білім беру ұйымның ішіндегі мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды психологиялық-педагогикалық консилиум (бұдан кейін - педконсилиум) іске асырады.
Білім беру ұйымдарынан тыс жердегі (ПМПК ұсыныстарына сәйкес) мүмкіншіліктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды арнайы педагог (үйлестіруші қызметін атқарушы) ұйымдастырады және бақылайды.
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі бағыттары:
1) баланың психологиялық және дене даму ерекшеліктерін кешенді түрде тексеру, нақты психологиялық-педагогикалық түзету шараларына қажеттілігін анықтау;
2) баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін жеке түзете дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
3) жеке, шағын топпен, топпен өтетін түзете дамыту жұмысын жүргізу;
4) кеңес беру және оқу-ағарту жұмысы;
5) ғылыми-әдістемелік қызмет (семинар-практикумдерді, жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу; жұмыс тәжірибесін баяндама, сөз сөйлеу түрінде жинақтау; әдістемелік ұсынымдар әзірлеу);
6) психологиялық-педагогикалық мониторингті жүзеге асыру.
Жеке түзете дамыту бағдарламаларын (ЖДБ) әзірлеу жұмысы психологиялық-педагогикалық консилиумның барлық мүшелері немесе қолдаудың сыртқы тобымен жүзеге асырылады.
Қажет болған жағдайда оқу бағдарламасы бейімделеді немесе оқу жоспарындағы пәндер бойынша жеке оқу бағдарламалары құрылады. Жеке түзете дамыту және оқу бағдарламаларының мазмұны баланың жасын емес, оның зерде дамуының деңгейін, жеке даму ерекшеліктерін, баланың өтемдік мүмкіндіктерін есепке ала отырып анықталады.
Білім беру үдерісін ұйымдастыру барысында денсаулыққа қолайлы педагогикалық-күзету тәртібін қарастыру қажет (дамуында проблемалары бар балалардың мүмкіндігінен жоғары талаптарды қоймай, баланың қажеттілігін және келешек өмірін есепке ала отырып оқыту керек, сондай-ақ қойылатын талапты да аса төмендетпеу қажет).
Психологиялық-педагогикалық қолдау тобының әрбір мүшесі кәсіби этиканы сақтауға, балаға немесе оның жанұясына зиян тигізетін жағдайда, психологиялық-педагогикалық тексеру, кеңес беру жұмысы немесе қызметтің басқа да түрінің нәтижесінде алынған мәліметтерді жарияламауға міндетті.
Қолдау маманы мекеменің білім беру бағдарламасын, даму бағдарламасын әзірлеуге, басқару жүйесін жобалауға қатысады, білім беру мекемелерінің педагогтар кеңесі мен басшылығының қабылдаған шешімдерін, оқу және тәрбие жұмысының жоспарларын, сонымен бірге білім беру үдерісінің ағымды жағдайының психологиялық негіздемесін және олардың жеке тұлға мен оқушылар тобын дамыту мен тәрбиелеудегі практикалық тиімділігін талдайды және сараптайды, мекемені басқару бойынша жеке қызметкерлерге, басшылыққа ұсыныстарды береді.
Педагог-дефектолог мүмкіндіктері шектеулі балаларды терең тексеруден өткізеді, әрбір баламен жүргізілетін түзете дамыту жұмысының жоспарын анықтайды, оны жүзеге асырады, тәрбиеленушілердің даму ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті сабақта қолайлы білім ортасын жасау
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды медициналық оңалту
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау
Инклюзивті білім беруде балалардың педагогикалық - психологиялық жағдайлары
Қарапайым топтар variant Арнай топтар variant Күрделі топтар variant Уақытша топтар variant Аралас топтар
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Инклюзивті білім берудің ерекшелігі
Пәндер