Қарбыздың ботаникалық сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
асел
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .4
2.Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3.Студенттің жеке тапсырмасы.Қарбыздың агротехникасы және оның биологиялық-ботаникалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3.1.Қарбыздың ботаникалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
3.2.Халық шаруашылығындағы маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
3.3.Қарбыз өсіру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3.4.Қарбыздың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
3.5.Суару ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
3.6.Қарбыздың шипалық қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
4.Тіршілік қауіпсізділігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Кіріспе

Қарбыз - Сitrullus vulgaris. Қарбыздың отаны Африкадағы Калахари және Набиб шөлдері. Азықтық құндылығы құрамындағы 10-15 % қантқа, сондай-ақ А, В, С дәрумендеріне, пектин заттарына, минералды тұздарына байланысты. Қарбызды жас күйінде пайдаланады және тұздауға да болады. Шырынынан бал (нардек) қайнатады. Қарбыздың сабағы, бірінші және екінші реттегі бұтақтардан тұрады және жерге төселіп өседі. Жапырақтары ұзын сағақты, өте тілімделген, қауырсын тәрізді, қызып кетуден қорғайтын қою түк басқан. Тамыр жүйесі топыраққа 2-3 м бойлайды. Қарбыз - бір үйлі айырым жынысты өсімдік. Жылылыққа өте жоғары талап қояды. Тұқымы 15-16оС өне бастайды. Өскіндері 8-9 тәулікте пайда болады. Көктегеннен шамамен 30-35 тәулік өткен соң аталық, одан кейін аналық гүлі ашылады да олар ең жетілген шағына 10-15 тәулікте келеді. Тозаңдануы бунақденелілердің көмегімен жүреді. Алғашқы жемістері сұрпына және өсіп-даму жағдайларына байланысты, тозаңданғаннан 35-45 тәулік өткен соң пісе бастайды. Түйнектері күзгі суық түскенше байлана береді, тек олар пісіп үлгермейді. Қарбыздың өсіп-дамуына ең оңтайлы температура - 26-28оС. Қарбыздың үш түрі бар - асханалық, мал азықтық, кеуект жабайы. Ең көп тарағаны және құндысы асханалық болып табылады,
мал азықтығы да кеңінен белгілі, ал жабайысының ыстыққа, құрғақшылыққа және ауруға төзімділігі жағынан селекциялық маңызы бар. Қарбыз өте жарық сүйгіш өсімдік болғандықтан, өте сапалы жоғары өнімді ашық күндері көп аймақтарда береді. Қарбыз - құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Суды көп пайдалана отырып, күшті дамыған тамыр жүйесінің арқасында құрғақ топырақтың аз ылғалын ала алады. Ал топырақтың және ауаның ылғалдылығы жоғары болса өсуі баяулайды, өсінді кезеңі ұзарады, жемісінің қанттылығы төмендейді. Топырақта ылғалдың мол болғанын тұқымның өнуі, өсуінің басында және сабақтары мен жапырақтарының пәрменді өсуімен тұстас келетін жемісінің қалыптасуы кезеңінде тілейді.

1.Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қайнар бүлақ ауылдық әкімшілігі. Теңіз денгейінен 500 метр жоғары орналасқан. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің пайдалануға алынған жер көлемі 2,8 га,оның ішінде 0,5 га интенсивтік бағы, 0,2 га ақ түйнек, 1 га қызылша, қияр, тәтті бүрыш егілінеді. Ал қалған пайдаланылмайтын жерлерге - арықтар, жолдар, студенттерге арналған базасы орналасқан орталық, дән сақтау қоймалары т.б жатады. Практиканың негізгі мақсаты эксперименталдық учаскесінда ауыл шаруашылық дақылдарын оны жаңа технология бойынша өсіру болып табылады.

2.Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайлары

Атмосфера және топырағының айлар және көпжылдық орташа температурасы мәліметтері 1-кестеде көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей орташа айлық температура қаңтарда +3,9°, ал шілде айында 27,5° ты құрайды. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы шілде айында 48 % ке дейін төмендейді. Қыс ұзақтығы 102 күн, ал жаз 120 күнге созылады. Көбірек бұлтты күндер қараша -наурыз, жаз айларында жауын әдетте болмайды. Жауса да өте кем мөлшерде жауады. Жаз күзде жауын -шашын қыс, көктемге қарағанда кем. Негізгі жауын мөлшері қыста және көктем айларында жауып өтеді.
Қарашірік қабатының күшсіз болуы, топырақ массасында минералды бөліктердің күшсіз ыдырауы, минералды коллоидтардың өте кем мөлшерде болуы. Калций мен өте тығызды болуы. Ыза сулары 5-6 метрде жатады. Кәдімгі сүр топырақ қүрамында қарашірік мөлшері 1,3 тен 1,8% ке дейін, жалпы азот мөлшері 0,08 ден 0,15% , кәдімгі сүр топырақ қүрамында жалпы фосфор мөлшері 1,5-3,0 % аралығында болады. Топырақ тереңдеген сайын қоректік заттар мөлшері кемейіп кетеді. Кәдімгі сүр топырақта жоғары қабытында сортаңы кем болады. Кейбір кәдімгі суармалы аудандада сортаң келеді.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық , жима тарғақ , еркекшөп, тарлау,шалғынды қоңырбас , шалғындық атқонақ , қамыс құрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық , жима тарғақ , еркекшөп, тарлау,шалғынды қоңырбас , шалғындық атқонақ , қамыс қүрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған. Табиғи өсімдіктер негізінен көктемгі, жазғы және күздік
жайылымға пайдаланылып, өнімділігі 6,8 цга. Өзен бойында шалғынды қоңырбасты әртүрлі шөптер дамыған және олар көбінесе шабындыкка пайдаланады, орташа өнімділігі 15 цга.
Тәжірибе алаңының шалғынды-қоңыр топырағы төмендегідей 0-40 см қабатты қара шірік мазмұны 4,1%; азот - 0,216, фосфор -0,191%, калий 1,9-2,1%. Топырақтағы қозғалғыш фосфордың мазмұны 20-25 мгкг, яғни өте төмен, калиймен жоғары деңгейде (700 мгкг) жэне азоттың жеңіл сіңірілетін формаларымен орташа деңгейде қамтамасыз етілген (1 кесте).
Тығыз қалдық мөлшері 0,074-0,090% профиль бойынша аздаған мөлшерде ауытқиды.
Жалпы сілтілік (НСО3) - 0,041-0,047%.
Хлор - ионның мазмұны төмен жэне 100 г топырақта 0,08-0,11 мгэкв шамасында ауытқиды. Сіңірілетін катиондардан Са2+ катионы басым. Бұл топырақтың көлемдік салмағы: А горизонты мах (0-25 см) - 1,09; Ві (25-42 см) -1,25; В2 (42-60 см) - 1,19 гсм3
Ыза суы тұщы, 200-210 см тереңдікте жатыр.
Шалғынды-қоңыр топырақтың морфология белгілері гумус қабатының 60 см дейінгі қуатымен сипатталады. Топырақ жоғарғы қабатынан қайнайды. Карбонатты жаңа қүрылым 45 см, ал 130 см -темір оксидінің татты дағы байқалады. Шалғыңды-қоңыр топыра-ғының профилі созылып жатыр жэне түсі қара қоңыр, тереңдеген сайын ылғалдылығы артады, төменгі қабаттарында татты дақ бай-қалады.
Осы топырақ типі гидролизді азотпен (60-142 мгкг), ауыспалы калиймен (514-1036 мгкг) мөлшерде қамтамасыз етілген. Сондықтан, бүл жерлерге азот жэне калий тыңайтқыштарын сіңіру қажет емес, эсіресе мақсары дақылы үшін.
Сонымен, тау бөктерлі шалғынды - қоңыр топырақтың морфо-генетикалық сипатынан байқағанымыз, мақсары өсіруге жарамды.
Себебі, орташа гумусты сазды емес, түзсыз, ылғалмен қамтамасыз етілуі (34,8-41,3%) құрамында жеткілікті мөлшерде қоректік элементтері бар, жыртылу қабатының қолайлы тығызды-лығымен (1,27-1,33гсм[3]) жэне кеуектілігімен (48,3-52,1%) ерекшеленеді.

Кесте 1 Тәжірибе алаңының шалғынды -- сұрғылт, топырағының агрохимиялық көрсеткіштері

Топырақ қабаты, см
Жалпы, %
Қозғалғыш формалар, мгкг топырақта

қара шірік
Азот
фосфор
N
ИОз
Р2О5
К2О

0-15
1,86
0,258
0,211
137
25
22
950
20-30
0,91
0,248
0,205
109
36
13
840
35-45
082
0,214
0,158
78
'58
13
640
65-75
056
0 117
0 135
63
26
15
350
90-121
025
0,106
0,144
64
23
12
160
121-150
-
0,056
0,144
53
12
7
160
160-170
-
0,042
0,114
44
6
10
190

Әрбір дақылдарға қатысты қалыпты өсуі жэне дамуына жыртылу қабатының оңтайлы тығыздылығы бар. Топырақтың бұзылмаған қабатының тығыздылығын білу көптеген практикалық мәселелерді шешуге көмектеседі: кеуектілікті анықтау, ылғал қорын, қоректік заттар жэне т.б.
Өте тығыз топырақ өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына кері эсерін тигізеді, сондықтан оны өңдеуте қосымша шығын кетеді.
2 кесте деректерінен топырақтың жоғарғы тамыр орналасқан қабатының тығыздылығын байқауға болады, 0-40 см қабаттың орташа тығыздылығы - 1,37 гсм[3] құрайды. Топырақ бөлшектерінің, түйірлерінің жэне агрегаттар құрылымының орналасуына байла-нысты орташа тығыздылыққа жатады, көлемдік салмағы 1,27-1,33 гсм[3] аралығында ауытқиды.
Кесте 2
Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштері

Горизонт-тар (қабат см)
Көлемдік салмақ,
гсм[3]
Жалпы кеуектілік, %
Топырақтың агрегаттық құрамы

10-0,25 мм агрегат-тар (%)
Құрылы коэффи-циенті
Суға төзімді агрегттар жиынтығы, %
0-10
1,27
51,2
76,7
3,3
34,1
10-20
1,33
48,8
73,4
2,8
30,8
20-30
1,40
46,1
68,3
2,2
29,5
30-40
1,48
44,6
62,8
1,6
29,3
0-40
1,37
47,3
70,3
2,6
30,9
Тәжірибе алаңының шалғынды қоңыр топырағының 0-20 см қабатының механикалық құрамы орташа саздақты, тереңдеген сайын ауырлай береді. Профильдер бойынша, физикалық саздың мазмұын 41,8 - 50,0% құрайды.
Біздің анықтауымыз бойынша, тәжірибе алаңшасының топырағының агрегаттық қүрамы жэне суға беріктілігі алғы егіске байланысты болды. Жалпы топырақтағы 0,25-10,0 мм мөлшердегі агрегаттар 60,5-79,7% құрады.
Топырақтың құрылым коэффициентінің көрсетуі бойынша, алаңша топырағының құрылымы қанағаттандырарлық, сондықтан ауылшаруашылық дақылдар өсіруге қолайлы.

3. Студенттің жеке тапсырмасы:Қарбыздың агротехникасы және оның биологиялық-ботаникалық ерекшеліктері.

3.1.Қарбыздың ботаникалық сипаттамасы.

Қарбыз (Cіtrullus) - асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі. Дүниежүзінде 500-ден аса асханалық Қарбыз сорттары өсіріледі. Жабайы түрі Африкада, Иранда, Орта Азияда, Ауғанстанда кездеседі. Қазақстанда - Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан , Ақтөбе, Алматы облыстарында көбірек өсіріледі. Қарбыздың отаны - Африка, дәлірек айтқанда Оңтүстік Африка саналады. Онда бүгінгі күнге дейін бұл өсімдіктің жабайы түрлері ұшырасады. Қарбыздар дәл осы мекеннен әлемнің түкпір-түкпіріне таралған. Ежелгі Египетте де қарбыздар кең танылған, ал Еуропада ХІ ғасырлардан бері белгілі болса, Ресейде XVII ғасырдың ортасында ғана өсіріле бастады. Өсімдіктің Қытайдағы мәртебесі өте жоғары. Батыс қарбызы деген атау бергендеріне қарағанда, Қытайлықтар оны еуропалықтардан әкелген. Күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында қарбыз мерекесін жоғары дәрежеде атап өтеді.Топырақтың ылғалдылығы мен ауа райының әртүрлі болуына байланысты бұл облыстарда өсірілетін сорттары да әртүрлі болады. Барлық аудандастырылған сорттары мәдени түрінен шыққан. Тамыры тармақты. Жапырақтары ірі, гүлдері ақсары түсті, сабағы төселмелі, ұзындығы 2 - 3 м-дей болады. Гүлі дара жынысты, бір үйлі, кейде екі үйлі. Түсі ақ, ала, қоңыр жасыл жолақты. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және сарғыш болады. Тағамдық Қарбыздың салмағы 0,6 - 16 кг, құрамында 11% қант, витамин, т.б. заттар бар.
Қарбыз - жылу сүйгіш, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді өсімдік, бірақ үсікке төзімсіз. Негізінен, өңделіп тыңайтылған жердің топырағында жақсы өседі. Мал азықтық Қарбыздың салмағы 10 - 15 кг. Құрамында 2 - 3% қант болады. Қарбыздың жабайы өсетін, асханалық және азықтық үш түрі белгілі. Осыған орай Қазақстанда ерте пісетін Қырым жеңімпазы - 395; орташа пісетін Княжин, Тұтасжапырақты, Стокс 647649, Багаев - Мурашка 747749; кеш пісетін Дилноз сорттары кеңінен аудандастырылған. Қарбыз егілетін жер күзде 25 - 27 см тереңдікте жыртылады да, ерте көктемде тырмаланып, екі рет қопсытылады. Шопағын 6 - 8 см тереңдікке егеді, 9 - 12 рет суарады. Емдік мақсатқа Қарбыздың шырынды бөлігі мен қабығын және дәндерін пайдаланады. Қарбыздың тәтті бөлігі мен шырыны шөл басады, несеп жүргізеді. Дәндерінің қан тоқтататын және ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Халық медицинасында Қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданады.
Гибрид түрінде егіліп жұрген қарбыздар басқа сорттардың өніміне қарағанда артық өнім береді. Бұлардың ішінде Қазақстанның суармалы, суарылмай егілетін егістіктерінде Стокс 647649, Скороспелка Семипалатинская, Семипалатинский, Багаев Мурашка 747749, Бирючекутскі 775, Мелитополь 142, 143, Роза Юго-Восток, Десерт 83, Мурашка Камишинский, Туман 127 сорттары егіледі. Гибридтен КазЖенПИ 1, КазЖенПИ 2, КазЖенПИ 3 деп аталатын түрлері 1971 жылдан бастап егіле бастады.
Бақша дақылдарының шінде қарбыз егістік жердің уақытылы дайындалып, құнарлы болғанын қажет етеді. Қарбыз егілетін егістік жер екі түрлі жолмен күзде немесе көктемде дайындалады. Егістік жерді күзде дайындау пайдалы, егістік жер күзде 25-30 см тереңдікте зябьке жыртылады. Онан кейін, көктемде дискілі лущильникпен немесе тырма, культиватор жүргізіп қатты тоң кесегі майдаланады. Күзде жыртылғаннан кейін егістік жердің бетін тегістеу жұмыстарын қарбыз тұқымын себуге 1-2 күн қалғанда дайындаған дұрыс, себебі соңында шыққан арамшөптерді жоюға пайдалы. Ерте босатылып дайындалса, арамшөп шығып кетеді де, қайта еңбек етуді керек етеді.Егістік жердің терең жыртылуы қарбыз өнімі мен жемісінің сапалы болуына тікелей әсер етеді. Қарбыз тұқымының ірі ұсақтылығына қарай, қолданған агротехникаға байланысты бір гектар жерге әртүрлі мөлшерде тұқым себіледі. Ірі тұқымнан бір гектарға 4-5 кг, майда тұқымнан 1,2 - 2,5 кг себілгенде өнгіштік пайызы 95 пайыздан кем болмауы керек. Егістік жерге тұқым 4-6 см тереңдікте тасталады. Терең, тайыз себілуі сол кездегі топырақтың ылғалдылығына байланысты. Егілген дақылға күтім болмаса өспейді, өнім бермейді. Күтімнің белгілі бір кезеңдері болады. Сол кезде өткізіп алмай уақытысында пайдалана білу негізгі міндет. Қарбыз егілгеннен бастап жинап алғанға дейін күтімді керек етеді. Күту жұмыстары жергілікті жердің ауа райына, топырағына байланысты органикалық, минералды тыңайтқыштар шашылып, күту жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі кезде ауылшаруашылық өсімдіктері ауыспалы егістік бойынша егіледі. Жыл сайын егілетін өсімдіктердің өнімділігін арттырумен қатар, зиянды құрт-құмырсқаларды жою, егістік жердің құнарын молайту мақсатында ауыстырып отырады.Қарбыз егілетін егістік жерге көкөністік ауыспалы егістікті пайдалану тиімді. Алғы дақыл ретінде картоп, қырыққабатты пайдалануға болады. Қарбыз бір орынға 3-4 жыл қатарынан егілсе, өнімі төмендеумен қатар, әртүрлі ауруға ұшырайды.
Қарбыз өсімдігі топырақ және ауа райына қарай әртүрлі мөлшерде суды қажет етеді. Бақша дақылдарының ішінде қарбыз бороздамен суарылу керек. Су қарбызға көп берілмей жеткілікті түрде беріліп тұрса өсуі жақсарады. Жаз бойы 6-13 рет суаруға болады.
Қарбыз сабақтану, гүлдену, алғашқы түйнегінің пайда болу кезінде суды көбірек керек етеді. Осы кезде су жетімсіз болса, сабақ ұзындығы мен гүл саны өсу жағынан азаяды. Алматы облысында егілетін қарбызды 4-6 рет суарып, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе облысытары жерлерінде 9-12 суарғанда 6000-11000 текше метрге дейін су беріледі. Қарбызды суару егістік жердегі жүйек аралығындағы топырақтың1-30 см тереңдіккедейінгі ылғалдылығының көп аздығына байланысты. Топырақ қабатының ылғалдылығы 75-80 co болса, жүйекпен суару керек.
Минералдық тыңайтқыштарды егістік жерге тұқым себілер алдында немесе жер бетіне өнім шыққаннан кейін, өсімдік түбінен 15 - 30 см қашықтықта, әртүрлі тереңдікте пайдаланса, соншалықты пайдалы болады. Азотты тыңайтқыш вегететивтік даму кезінде қарбыз тамырының мықты болып өсуін, гүлдеуін, түйнектеуін жақсартады. Жеке берілген фосфорлы тыңайтқыштар тамырдың еркін жайылып өсуіне, ерте гүлдеуіне, аналық гүлдің көбірек пайда болуына жақсы әсер етеді. Егістікке төгілетін көңнің тең жартысы егістікті зябьке жыртқанда немесе зябьке айдалған жерге культиватор жүргізілгенде қолданылады. Ал қалған көңнің жартысы тұқым себілген кезде әрбір ұя түбіне, сондағы топырақпен араластырып тасталады. Мұндай жағдайда жылқы қиын пайдаланған дұрыс. Жылқының қиы тұқымды көктем кезіндегі ауаның қолайсыз жағдайларынан сақтап жер бетіне тез көктеп шығуына септігін тигізеді. Тұқым сепкен кезде әр ұяға 0,5 кг көң пайдаланған айтарлықтай нәтиже береді.

3.2.Халық шаруашылығындағы маңыздылығы

Қарбыздың шөл қандыратын және көңілді сергітіп жадырататын қасиеті бар. Оны эсіресе ыстық ауа райында егістік басында қара судың орнына шөл басу үшін пайдаланған жақсы. Қарбыз салқын сусындарды алмастырады, оның қүрамында көп мөлшерде (12% дейін) жеңіл сіңімді қант болады. Қарбыз қанты, көбінесе қант диабетімен ауыратындарға қажетті жақсы сіңіретін фруктозадан тұрады. Қант мөлшері бойынша карбыздар көптеген жемістер мен жи-дектерден асып түседі, тіпті ананас, жүзім, алмүрттан кем емес. Қарбыздарда адам ағзасындағы көптеген физиологиялық үрдістерді реттестіруге ықпал ететін - глюкоза, сахароза, фруктоза, дәрумендер (А, В, С,), пектиндер, сіңімді ДК тұздары,сондай ақ фолий қышқылы мен темір сияқты заттар болады. Сондықтан қарбыз өнімін цингаға қарсы, бүйрек, өт жолдары ауруларын алдын алу мен емдеу, ағзаның тіршілік қабілетін көтеру үшін пайдаланады. Қарбыз жүмсағын үзақ пайдалану мақсатында, олардың же-містерін консервілейді-тұздайды. Қарбыздар - тағам өнеркэсібі үшін құнды шикізат. Олардан қүрамында 65% қант пен 0,3% дейін сіңімді темір болатын бал (нардек) дайындайды. Қарбызды өңдегенде бал шығымы 5-7% (өз массасынан). Бал тағамға пайдаланылады, одан кисель жэне повидло дайындайды. Стандарт талаптарына сай емес өте пісіп кеткен, ұсақ және жарылған қарбыздарды өте кұнды қантты концентратқа айналдыруға болады. Қарбыз жемісінің қабығынан тосап, цукат, ал қара қабықтылардан тағамдық бояу дайындайды. Қарбызды өңдегенде, оның бөлініп алынған тұқымдарынан май өндіруге болады. Қарбыз майы - сұйық, ашық,иісі мен дэмі жаксы. Ол қүрамында Д дэрумені болғандықтан, рахитке қарсы емдік қасиетімен айшықталады. Ыстық сығымдауда түқымнан алынатын май шығымы 17-20%. Сығымдаудан кейін қалатын қалдық-күнжара кондитер өнеркэсібіне қүнды шикізат. Одан халуа мен басқа тағамдар жасайды. Тіпті қарбыз тұқымының қабығын өңдеу арқылы лак-бояу өндірісіне кажет өнім - фурфурол алуға болады. Фурфурол электротехникада да пайдала-нылады. Қарбыздың кейбір сорттарында консерві зауыттары үшін өте қажет пектиндік заттар көп. Пектиндік заттардың қантпен қосып қайнатқанда желе тэрізді масса түзетін қасиеті болғандықтан, жидек пюресі мен повидло дайындағанда оларды қоюлату үшін қарбыз шырынын пайдаланады. Еліміздің жартылай шөлді аймақтарында ықтырмалы егіс ая-сында қарбызды суармай-ақ өсіруге болады. Қарбыз күздік жэне жаздық астықтар үшін жақсы алғы да-қылдардың бірі. Олардан кейін танаптар таза күйінде қалады. Қарбыз дақылы ірі жапырақтарымен жерді көлеңкелеп топырақ-та ылғал сақтайды. Қарбыз - мол кіріс экелетін дақыл, эсіресе суарылмайтын ай-мақтарда оны өсіріп өзіндік қүны төмен жоғары өнім алынады. Шырынды малазықтық жемнің маңызды көзі-малазықтық карбыз. Оның құрамында 1,2 % шикі протеин, 0,1- май, 7,2 -АЭЗ, 2,3 - жасұнық, 0,2 - күл және 88,5 % су болады. Малазықтық қарбызды сабан, топан (75% қарбыздар, 25% топандар) жэне басқа да масақты дақылдармен аралыстырып сүрлем дайындауға болады. Оның сүрлемін мал сүйсініп жейді де тез қоңданады, өнімділігі артады. Малазықтық қарбыздың тұқым шығымы 2-2,5 % тұқымының майлылығы 50% дейін жетеді.

3.3.Қарбыз өсіру

Оны суық желден қорғалған жерде өсіреді. Бұл дақыл үшін органикалық заттарға бай құмды және құмайт топырақты жер қажет. Жерді терең жыртады немесе терең қазады, ол өсімдіктің жақсы өсуіне басты кепіл. Тұқым отырғызуды 8-10 сантиметр тереңдіктегі топырақ 15-17 градусқа дейін қызған кезде, сәуір айының соңынан мамыр айының сонына дейінгі аралықта бастайды. 2-3 жыл сақталған тұқым бар болса, тіпті жақсы. Былтырғы егіннен қалған тұқымды 2 сағат бойы 40-50 градуста қыздырып барып отырғызады. Тұқым кеш егілсе, оны көктетіп отырғызады. Термикалық өңдеуден өтсе, оңды болады. Ол үшін ыстық суға (60-65 градус) тұқымды салып, 3-4 минут ұстайды, сосын 3-4 күн бойы 25 градус температурада мақталы төсеніште, ылғалды жабын астында ұстап, көктетеді. Дәні жұқа қабығынан үйкелегенде түсіп қалатындай жағдайға жеткенде тұқымды жерге отырғызған жөн. Тұқымды отырғызғанда бір ұяшыққа 5-6 дәннен салады, олар өсіп шыққанында, әр ұяда тек бір ғана мықты, жақсы дамығанын қалдырады. Көшеттер көтерілгенде, кетпенмен қопсытып, жан-жағын ылғал топырақпен жабады. Алғашқы суару тұқымның өсуі алдында немесе тұқым өсіп шыға салысымен. Қарбызды екінші рет суару сабақтары шыққан кезде, үшінші рет суару жемісінің пісуі алдында. Суды көп мөлшерде жиі-жиі құйып, суара бермеңіз. Ыстық күндері піскендерін іріктеп, жинап алыңыз. Дақылдарды ауа-райы суымай тұрып жинап алған дұрыс. Адам ағзасына қажетті бір күндік магнийді бар-жоғы 150 грамм қарбыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштер
Кәдімгі сұр топырақтарда қарбыз өсірудің қарқынды технологиясы
Қазақстандағы тағамдық өсімдіктер (жеміс-жидектер)
Көкөніс дақылдары
Жидек және бақша дақылдары
Аналық гүлдердің шанақтауы
Көкөніс дақылдарының тұқым жарнақтарымен танысу
Тәтті бұрыштың агротехникасы
Ылғалсүйгіш өсімдік
Асқабақ тұқымдас өсімдіктердің агротехникасы
Пәндер