Қарым - қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу жолдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
реферат


Тақырыбы: Қарым - қатынастағы психологиялық кедергілер және п оларды жеңу.

Жоспар
І. Кіріспе бөлім
Коммуникация терминінің мағынасы;
ІІ. Орта бөлім
Қарым - қатынас психологиясы жайлы ғалымдардың зерттеулері жайында қысқаша мағлұмат;
ІІІ. Қорытынды
Қарым - қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу жолдары;

Коммуникация терминіне қысқаша мағлұмат
Коммуникация терминін зерттеушілер тек қарым-қатынас құралы ғана емес, оның күнделікті өмірде жиі қолданып, адамдардың бір бірімен қарым-қатынас жасауында маңызды рөл, өзара түсінісуі, топтық түсінісуге, ал топтық пікір алмасу қоғамның жетілуіне жетелейді, - дейді. Коммуникация терминінің өзі жалпы қарым-қатынас, байланыс, бір-бірімен араласу, яғни адамдардың тіл арқылы сөйлеу процесін, тілдік қатынастың ерекшеліктерін, оның қоғамда атқаратын қызметін көрсетеді.Коммуникативтік процесті негізінде вербалды және бейвербалды коммуникация деп екіге бөліп қарайды. Вербалды коммуникация қатынастың сөйлеу арқасында жүзеге асырылады. Сөйлеу арқылы біз табиғи тілдік дыбыстарды cондай-ақ, фонетикалық белгілерді, оның екі негізгі лексикалық және синтаксистік белгілерін түсінеміз. Сөйлеу коммуникацияның универсалды құралы болып табылады, яғни ақпарат беру кезінде оның көмегімен хабарламаның мағынасы беріледі.
Алғаш зерттеу жасаған шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби өзінің Риторика атты ғылыми трактатында: Әңгіме айтатын адамның бет әлпетінің кейпі, оның денесінің тұрқы мен мүшелерінің қалпы сол адамның қылығы болып табылады. Мәселен, осы жағдай тыңдаушыға төніп келе жатқан үрейлі оқиға туралы хабарлаған кезде болады. Бұл сәтте оның бет әлпетінен зәресі ұшу, қорқыныш нышаны аңғарылуы тиіс, немесе ол әлдебір затқа қимыл- қозғалыс арқылы нұсқап, не басқа біреудің нұсқағанын істейді. Бұл оның ақиқаттығына сенімін арттырады... дей келе, қарым-қатынасқа түскенде адамға тән мінез-құлықтың қаншалықты маңызды екендігін көрсеткен.
Коммуникация теориясының пайда болуы, қалыптасуы, тарихи кезеңдері болды. Коммуникацияның теориялық үлгілері: психоаналитикалық (З. Фрейд, К. Юнг), экзистенциализм (М. Бубер, К. Ясперс), көзқарастық (М. Вебер), футурологиялық (А. Тоффлер) еңбектерінде талданып, ғылыми айналысқа шықты. Солардың нәтижесінде ХХ ғасырдың басында ғылыми әдебиетте коммуникация термині пайда болумен қатар оның төмендегідей үш мазмұны нақтыланды:
- қарым-қатынас - кез келген материалды және рухани әлем объектісінде байланыс құралы;
- қатынас, адамнан адамға берілетін ақпарат (жеке аралық коммуникация);
- қатынас және қоғамда ақпаратпен алмасу (әлеуметтік коммуникация).

Психоаналитикалық үлгінің теориялық ғылымда негізін салған З. Фрейд және К. Юнг коммуникацияны жеке адам өз әуестігін санадан тыс әрекетін ығыстыру деп түсіндіреді.
Экзистенциализм үлгісінің өкілдері М. Бубер және К. Ясперс, коммуникацияны әлемде қараусыз артта қалған деп қарастырады. Нәтижесінде жеке адам қысқа мерзімде мағынасыздықты және жалғыздықты сезіну, әлемде адамның тіршілік етуі ешкімге қажетсіз болып қалуы туындайды.
Мұндай жағдайды философтар коммуникация дағдарысы деп атайды.
Көзқарастық үлгісінің негізгі өкілдері болып табылатын М. Вебер, Г.Г. Гадамер, Г. Шпет коммуникацияны адамның басқа адаммен түсінісуі, яғни өзара түсіністік деп қарайды.
Футурологиялық үлгінің өкілдері А. Тоффлер, Д. Белл, Г.М. Маклюэн коммуникацияда ақпараттық қоғамның теориясын ұсынды. Ақпарат мәдениетінің негізі, бұл мәдени құндылық болып табылады.

Қарым - қатынас серіктестер арасында дұрыс жүзеге аспай жатады. Бұған сыртқы шектеулермен қатар, біршама терең қарама-қайшылықтар себеп болуы мүмкін. Мұндай қарым-қатынастың шектеулері, деп көрсетеді әйгілі отандық психолог Д.С. Парыгин жасанды қарым-қатынастардың кейпін киіп, "стереотипін", "стандартты тәрбиелік реакциялармен" орнын ауыстыра отырып, бұл "адамдар арасында психологиялық кедергі" туғызады дейді. Бұл кедергілер адамдардың бір-бірін дұрыс түсінуіне, өзара қарым-қатынасына кедергі жасайтын қарама-қайшылықтар ретінде көрінеді. Кез келген адамның қарым-қатынас процесінде алдынан кездесетін әр түрлі күнделікті қиыншылықтарды жеңе алмауы, бұл оның эмоцианалдық күйі, физикалық, психологиялық денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Қақтығыс - (латын тілінен conflictus - қақтығыс) қарама - қарсы бағыттағы оппоненттердің, субъектілердің мақсаттарының, көзқарастарының, бағыттарының қарама-қайшылықтары. Қақтығыс жағдайы - ұжымдағы ситуацияның қайшылығының күшейген шегі. Өзінің табиғатына сай қарым-қатынастың сыртқы шектеулері әр түрлі болуы мүмкін. А.Б.Добрович қарым-қатынастағы екі жақтың қанағаттанбаушылығын туғызуға себеп болатын шектеудің 3 типін көрсетіп береді.
Шартты түрдегі шектеулер - адамдар расында "конвенция" болған жағдайда пайда болады, яғни салт - дәстүр, ғұрып өзін қалай ұстау керектігін көрсетеді. Осыған сай жасы төмен жастар - үлкендерді үлгі тұтып, тыңдау керек, үлкендер - кішілерді үйретіп, көмектесу керек, күйеу бала қалыңдығын қамқорына алу керек, қалыңдық - басқа ер адамдарға көңіл аудармау керек, достар-бір-бірін сатпай, алдамау керек. т.б.
Жағдайлық шектеулермен - біз толыққанды қарым-қатынас қатаң жағдайдың шеңберінде шектеулі болған жағдайда кездесеміз. Қарым-қатынасқа тұлғалардың серіктес ретінде қатысуы жағдайды одан ары қиындатып жататынын кездестіріп жатамыз. Мысал ретінде жүгірушілердің эстафетаны беруі, қарауышының кезекті өткізіп беру ережесі, студенттердің емтихандық сессиясы, жапондықтардағы шәй беру рәсімін т.б.айтуға болады. Сондықтан да қалалық транспортта кездейсоқ кездескен әңгімелесушінің жеке өміріне қатысты сұрақтар қойылмайды. ("Сіз бүгін жақсы ұйықтамаған сияқтысыз?") немесе өзінің жеке өмірі туралы хабар беру ("Білесіз бе, менің өмірден көңілім қалған") Мұндай жағдайда жеке өміріне қатысты емес қаратпа сөздерді қолдану керек. "Рұқсат па?- Мәселе жоқ", "Рұқсат етесіз бе?- Өтінемін", "Кешіріңіз-Айыбы жоқ" т.б.. Бұндай жағдайда осындай жолмен көпшілік қарым-қатынасқа көшуге болады.
Эмоционалды шектеу - қарым-қатынас атмосферасының құрылуында анықталады. Егер әңгімелесушілер бір-бірін кездестіргенде жасанды қуаныш пен махаббатты сезінсе, онда олар қарым-қатынастағы бақытты минуттарды бұзбау үшін олар өздерінің уайымы мен проблемаларын жасырады. Егер серіктестер эмоционалды суық болса немесе бір-бірімен жауласқан болса, онда олар конфликтіні шектеуге тырысып, қарым-қатынаста масканы қолданады. Мұндай жағдайда әркім өзінің серіктесіне қуаныш сыйлауы өте сирек болады.
Н.И. Шевандрин біздің эмоциямызға негізделген келесі кедергілерді көрсетіп берді:
Жек көру және жиренгіштік кедергісі - күнделікті өмірде жиі кездеседі. Қолайсыз иістер, тер қолдар, әңгімелесушіге тым жақын жүру әдеті - бұның бәрі қарым-қатынастағы серіктесінің жиренгіштік сезімін туғызады. Ал мұның алдын алу үшін гигиена мен әдетке жиі көңіл бөлу керек.
Уайым мен қайғырудан пайда болатын қарым-қатынастағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммуникация терминінің мағынасы
Тұлғааралық қарым - қатынастағы кедергілер және мінез-құлық мотивтері
Қарым-қатынас туралы түсінік. Қарым-қатынас түрлері, қарым-қатынас техникасы
Психологиялық қақтығыс
Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл түсінігі
Қарым қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу туралы
Қарым - қатынастағы қиындықтар
Қарым қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу
Қарым-қатынас психологиясы (дәрістер)
Ішкі қайшылықтардың психологиялық ерекшіліктері
Пәндер