ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 3
1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ
1.1 Құқықтық нормалардың
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2 Құқықтық нормалардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ІС-ЖҮЗІНДЕ АСЫРУ
2.1 Құқық қолданудың негізгі
сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Құқық нормаларын талқылау және оның түрлері ... ... ... ... ...20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... 25
КІРІСПЕ
Менің бұл курстық жұмысты жазу себебім осы құқық және құқық
нормаларын қарастырғым келді.
Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты
қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жи-ынтығы. Құқықтық нормалар
құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі,
объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы
әмір сүреді, коғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан
құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.
Норма сөзі латын тілінен аударғанда үлгі, ереже деген мағынаны
білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет
тарапынан болды және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен
субъектілердің мінез-кұлықтары, әрекеттері туралы информация бекітіледі.
Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол
сәттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі, немесе қорғалады. Мысалы,
субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісім шарт
жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.
Құқықтық нормалардың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
1. Құқықтық нормалар бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей
қолданылады.Құқық нормаларының мәтінінде көрсетілген информация ситуацияға
түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді, шешімін бекітеді. Мысалы,
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он төрт
жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмлелерді олардың атынан ата-
анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен.
Яғни, бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдсй болып табылады.
Әр кезде тиімді құқықтык нормалар коғамдық қатынастарды реттеуде
қоғамды прогреске жетелейді, шиеленістердің болуын тежейді. Керісінше,
тиімсіз нормалар өмірдің дамуын тежеп, керітартпалық рөл атқарады. Құқық
жасаушылықтың мақсаты заң ғылымының жетістіктерін пайдалану арқылы тиімді
құқық нормаларын қабылдау болып табылады. Құқық нормаларынын мазмұнын
аталмыш ерекшеліктерді біртұтастық мағынада танып, зерттегенде ғана оның
барлық сипаты мен тиімділігіне баға беруге болады. Құқықтық нормалар басқа
әлеуметтік нормалармен салыстырып қарағанда жалпы мазмұнға ие, бәріне
бірдей колданылатын мінез- құлықты бекітеді.Осыдан мынандай қорытынды
туындайды:Құқықтық нормалар өмірде болған жағдайларға сан алуан рет
колданылады және ол жеке бір субъектке. бағытталмайды жалпыға бірдей болып
табыладыМемлекеттік органдар өздерінің құқық бекіткен құзырлары бойынша
құқықтық нормаларды қабылдайды
1.ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ
1.1 Құқықтық нормалардың құрылымы

жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.[
Өзбекүлы С, Қопабаев Ө.. - 164 б.]

2. Құқықтық нормалар бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей

Құқық нормаларында халықтың, таптардың, топтардың, тіпті жеке адамның
еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық
нормаларында бекітілуі көп болған. Мысалы, коммунизм идеологиясының негізін
қалаушы Карл Маркс өзінің Коммунистік партияның
манифестідеген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның
өте қатаң талаптарын жоюды өз әмірінен алған. К.Маркс өзінің құдай қосқан
әйелі бола тұрып, отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес
болып, бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс Ф.Энгельске сәбиді
менікі дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды.
Өкінішке орай сол кездегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана
мұрагерлік берілген.
Социалистік идеологияны жазу барысында К.Маркс Коммунистік партияның
манифесінде қатаң мүрагерлік заңын жокка шығаруды талап етті.
Құқықтық нормалар қажет болған жағдайларда мемлекеттік күшпен
қамтамасыз етіледі. Сот, прокуратура полицияжәне басқа да мемлекеттік
органдар құқық нормаларын бұрмалаған, немесе орындамаған субъектілерге күш
қолданады, жауап қатартады.Құқықтық норма дегеніміз мемлекет бекіткен,
бәріне бірдей, формаларды — айқын және орындалуы, сақталуы, қажет болган
жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінез құлықтың үлгісі.
Құқықтық нормалар жеке тұлғалар мен занды тұлғалардың нақтылы
мағынадағы құқықтық жағдайларын, мінез-құқықтарын бекітеді. Құқықтық
қатынасқа түскен субъектілер құқық нормаларындағы ереже, үлгі талаптарына
сай ғана әрекеттер істеулері тиіс. Формула жүзінде:
Мен солай істеуім керек, құқық нормасы менен соны талап етеді деген
талап іс жүзіне асырылуы тиіс. Осыған байланысты құқытық нормаларының
мазмұны мынандай ерекшеліктермен айшықталады:
1. Құқықтық нормаларда қайсыбір болмасын заманның, тарихи
жағдайлардың тілек-талаптары мен қажеттілігі бекітіледі. Мысалы, Қазан
төңкерісінен кейін Кеңес өкіметі қабылдаған құқық нормалар өтпелі дәуірдің
барлық талаптарын бекітті (жерді тартып алу, завод, фабрикаларды тәркілеу,
байларды сайлау құқықтарынан айыру, қалыңмалды, әмеңгерлікті, көп әйел
алушылықты жою).[1]
2. Субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы, айқын мағынада
бекітіледі. Жеке және заңды тұлғалар тек талаптар негізінде құқықтары мен
міндеттерін атқара алады. Құқықтық норма үлгісінен тыс әрекеттер заңсыз деп
танылады.
3. Құқықтық нормалардың мазмұны, түсініктілігі және санаға ұғымдылығы
оны жазған, қабылдаған органдардың сауаттылығына тікелей байланысты болды.
Шашыраңқы, түсініксіз, қайталауы басым, дұрыс дәрежеде аударылмаған
құқықтық нормаларды қолдануда көптеген қиындықтар туындайды. Құқықтық
нормалар математикалық формулалар сияқты нақтылы-,айқын және қысқа болулары
шарт. Көп сөзділік, мағынасы түсініксіз нормалар бұрмалауға жол ашады,
заңсыздыққа әкеп соқтырады.
4. Белгілі күштер, партиялар, топтар және таптар лоббизм тетіктерін
пайдалану аркылы өз мүдделерін құқық нормаларында бекітеді.

барлық сипаты мен тиімділігіне баға беруге болады.
Құқықтық нормалар басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып қарағанда
жалпы мазмұнға ие, бәріне бірдей колданылатын мінез- құлықты бекітеді.
Осыдан мынандай қорытынды туындайды: құқықтық нормалар өмірде болған
жағдайларға сан алуан рет колданылады және ол жеке бір субъектке.
бағытталмайды жалпыға бірдей болып табыладыМемлекеттік органдар өздерінің
құқық бекіткен құзырлары бойынша құқықтық нормаларды қабылдайды.
Бірақ, қабылдаған нормалардың бәрі құқықтық нормалар болып
саналмайды. Олардың шығарған көптеген кесімдері әр түрлі жағдайларға
байланысты болған сәттерге арналып шығарылады. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Президентінің бір адамды орденмен марапаттау туралы
шығарған жарлығы, министрдің төменгі сатыда тұрған бөлім, басқарма
бастықтарын тағайындау туралы шығарған бұйрықтары, облыс әкімінің
аппараттағы бөлім басшысын тағайындау туралы шығарған бұйрықтары және т.б.
бұл жерде лауазымды тұлғалардың шығарған кесімдері өздерінің құзырларына
байланысты, бір гана жағдайларға байланысты бір ғана жағдайларға қатысы
бар, басқа адамдарға ешқандай қатысы жок. Судьяның заң негізінде шығарған
шешімдері мен үкімдері де дара кесімдер қатарына жатады. Дара кесімдер
кұқық нормалар сияқты нормативтік сипатқа ие бола алмайды, бір ғана
жағдайларға қолданылады, сонымен өзінің күшін жояды.[ Ағдарбеков Т. - 320
б.]
Құқықтық нормалардың өздеріне тән арнайы құрылымы болады. Құқықтық
нормалардың құрылымы танудың теорияға және тәжірибеге мәні өте зор. Оны
меңгеру, білу арқылы заңгерлер құқықты қолдану процесі қызметінде кеңінен
пайдаланады.
Құқықтық норманың құрылымы дегеніміз2 - қисынды мағынамен оның ішкі
мазмұныны ңэлементтерін айқындап көрсету. Құқықтық нормалардың құрылымы
мынандай элементтерден тұрады:
1. Гипотеза (шарт, жағдай)
2. Диспозиция (мінез-құлык)
3. Санкция (жаза)
Гипотеза — өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың
қолданылуы. Негізінде Егер деген мағынамен қамтылады. Гипотеза құрамдық
мағынасына байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:
1. Жай (жұпыны) гипотеза бір ғана жағдай болғанда құқықтық норманың
дипозициясы іс жүзіне асырылады, немесе қолданылады.
2. Күрделі гипотеза скі немесе бірнеше жағдайлар арқылы диспозиция
қолданылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңының 3-
мынандай күрделі гипотезаны бекітеді: Республика Президентін, Парламснт
Мәжілісінің және мәслихаттарының дспутаттарын жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының мүшелері сайлау жалпыға бірдей,тең және төте сайлау құқығы
негізіндс жасырын дауыс беру жағдайында өткізеді. Бапта көрсетілгендей
сайлаудың өтуі үшін бірнеше жағдайлар, шарттар бекітілген.
Дәрежелі кесімділік сипаты бойыиша болжамдар абсолюттік-кесімді және
салыстырмалы кесімді болып бөлінеді.
Абсолюттік-кесімді гипотеза өзінің мәтінінде құқықтық норманы
қолданудың және іс жүзіне асырылуының нақтылы жағдайлары мен шарттарын
көрсетеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы неке және отбасы заңының 11-
бабы абсолюттік-кесімді гипотезаға жатады:
Некеге тұруға;
1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың
(ата-аналар мен балалардың, атасының, әжссінің және немересінің), ата-анасы
бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-
сіңілілердің (аға-қарындастарының);
3) асырап алушылар мен асырап алынғандардың;
4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің
салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол
берілмейді.
Немесе, Қазақстан Республикасының Азаматтык іс жүргізу кодексінің 249-
бабы абсолюттік кесімді нормалар санатына жатады: сот егер :
1) талап қоюшы осы санаттағы істер үшін занда белгіленген дауды алдын
ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті
қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса;
2) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
3)арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны
беруге өкілеттігі жоқ болса;
4) осы немесе басқа соттын іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы,
сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын козғалған іс
бар болса;
5) тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне
беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау
басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірсе;
6)өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап
қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;
7) өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші
шақыру бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап
етпесе;
8)өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты
қолдамаса;
9)талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі
мәні бойынша қарауды талап етпесе;
10)көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі
бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына кслтіру туралы істер жөніндегі
өтініш жарияланымнан бастап үш ай мерізім аяқталғанға дейін берілсе, арызды
қараусыз қалдырады. Осы көрсетілген шарттардың бірі анықталатын болса
сот арызды қараусыз қалдырады,яғни диспозиция өзінің
құқықтық күшіне енеді.
Салыстырмалы-кесімді гипотеза құқық нормаларын іс жүзіне асыратын
субъектілерге арнайы шеңбер көлемінде шарттардың бірнеше мүмкіндіктерін
беруді бекітеді. Мысалы, Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 90-бабы
салыстырмалы-келісімді гипотезаға мысал бола алады, Егер мемлекеттік
тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде... тұрғын үй сақталатын уакытша болмаған
жалға алушының отбасы мүшелері тұрмайтын болса, жалға алушы сақталған
тұрғын үйге қосымша жалғау шарты бойынша тұрғындарды кіргізуге не тұрғын
үйдің сақтау мерзімінде уақытша тұрғындарды тұрғызуға құқылы. Құқықтық
норма жалға алушыға салыстырмалы кесімді гипотеза арқылы екі мүмкіндік
шартын бекітіп отыр.
Баяндау тәсілі бойынша гипотезалар абстрактілі және казустік болып
екі түрге бөлінеді. Абстрактілік гипотезада дара, жеке жағдайлар
көрсетілмейді, жалпы мағынамен ғана беріледі. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 73-нормасында: Қылмыс жасағаннан
кейін оның өз іс әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен
қоғамдық кауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын
психикасы бұзылуы пайда болған адамды сот жазадан босады, ал жазасын өтеп
жүрген адамды одан әрі өтеуден босатады. Нормада психикасы бұзылуы деген
ұғым абстрактілік болжамдар сипатын дәлме-дәл беріп түр. Себебі, қандай
аурулар екені нақтылы, жекеленіп көрсетілмеген: шезофрения ма, эпилепсия
ма, депрессиялық психоз ба. Абстрактік гипотеза негізінде құқықтық
нормалардың көлемін қысқарту мақсатын көздейді.[ Андабеков Ш]
Казустық гипотеза деп құқық нормаларында нақтылы, жеке жағдайлардың
барлық сипаттамаларын айқындап белгілеуді айтады. Казустық гипотезаға,
мысалы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 115-бабын жатқызуға
болады. Бұл нормада жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жеке
жағдайлармен нақтылы берілген: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-
қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық,
жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы,
шығармаға қол сұқпаушылық құқығы. Бірақ, казустық нормаларды қалыптастыру
барысында кейбір қатынастар немесе кейбір объектілер оның құрамына,
тізіміне кірмей қалу қаупі бар. Бұл жағдайларда (казус) құқық қолдану
барысында айтарлықтай қиындықтардың тууы мүмкін.
Диспозиция деп құқық нормасы бекіткен субъектілердің мінез-құлық
ережелерін айтады.
Диспозиция құқықтық әдебиетте негізінде екі түрге бөлінеді: баяндау
тәсілі бойынша және құрылымы бойынша. Баяндау тәсілі бойынша диспозициялар
жай, суреттемелік, сілтеме, бланкеттік болып бөлінеді.
Жай диспозицияда бір жағдай болғанда құқықтық норманың жай
диспозициясы бір ғана, нақтылы зардаптардың болуын бекітеді. Мысалы
Қазақстан Республикасының, Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 27-бабы
уақытша тұрғындар жалдау шарты тоқтатылған жағдайда басқа тұрғын үй-жай
берілместен шығарылатынын жай диспозиция мағынасымен бекіткен.
Суреттемелік диспозиция - субъектілердің мінез-құлықтарының негізгі
нышандарын ерекшелеу сипатымен
айқынды бастапқылықпен баяндайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің 175-бабы (нормасы) ұрлықты бөтен мүлікті жасырын ұрлау деген
суреттемесін диспозициямен сипаттау арқылы ұрлықтың мәнін көрсеткен.
Азаматтардың мүліктері жасырын түрде ұрланса, ол ұрлық болып саналады.
Немесе, 179-бап қарақшылықты бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға
ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе
тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау деген
суреттемелік диспозициямен берген.
Сілтемелік диспозиция - норматиитік кесімнің баска баптарына, немесе
нақтылы норманың баяндалған тармақтарына сілтеу жасайды. Негізінде құқық
теориясында мұндай тәсіл көпсөзділікті шектеу және қайталауды тежеу
мақсатында пайдаланылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс
жүргізу кодексінің 227-бабында сілтемелік диспозиция мына мағынада
берілген: Тексеру, куәландыру, эксгумация жүргізу туралы тергеуші осы
Кодекстің 203-бабының талаптарын сақтай отырып хаттама жасайды. Қылмыстық
кодекстің көптеген нормалары сілтемелік диспозициядан қалыптасқан. Нақ сол
әрекеттер деген сөзбен баптың алдыңғы тармақтарына сілтеме жасалынған.
Бланкттік диспозиция - құқық нормасы өзінің диспозициясында
субъектілердің мінез-құлықтарын жалпылама бекітіп, басқа нормативтік-
құқықтық кесімдерге сілтеме жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы
Конституциясының 62-бабының 8-тармағы Республиканың заң және өзге де
нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және
жариялау тәртібі арнаулы заңмен Парламент пен оның Палаталарының
регламенттерімен реттеледі деп басқа заңға бланкеттік диспозиция арқылы
сілтеме беріп тұр.
Құрылымы бойынша диспозия жай, күрделі және балама (альтернативтік)
болып қаралады.
Жай диспозицияда мінез-құлық нақтылы мағынада, оның арнайы
ерекшеліктері мен мазмұндық мағыналары айқындалып көрсетілмейді. Мысалы,
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы заңының 24-бабының 2-
тармағында Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп табылуы мүмкін
Күрделі диспозицияда - субъектілердің мінез-құлықтарының
ерекшеліктерін, мазмұндық мағыналарын толық және жан-жақты дәрежеде ашып
көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 129-
бабында: Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне
нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көріну жалған мәліметтер
тарату деген мағынамен жала жабудың барлық нышандары мен сипатын күрделі
диспозициямен айқындап түр.
Альтернативтік диспозицияда — құқық субъектісі құқықтық қатынастарға
түскен жағдайда мінез-құлықты өз тарапынан таңдап алуға мүмкіндігі болады.
Мысалы, Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 15-нормасы жер учаскелерінің
мемлекеттік қажеттері үшін алынуына (сатып алуына) байланысты тұрғын үй
беріледі немесе тұрғын үйдің нарықтық құны мөлшерінде өтемақы төленеді.
Бұл норма құқық субъектісіне таңдап алу құқын беріп тұр.
Сонымен қатар теорияда диспозиция өзінің формалық әлпеті бойынша
тыйым салатын, міндеттейтін және құқық беретін түрлерге бөлінеді.
Тыйым салатын диспозиция құқық субъектісіне арнайы бір әрекетті
немесе әрекетсіздікті жасауға қатаң тыйым салады, оны құқық бұзушылық
санатына жатқызады. Мысалы, Неке және отбасы туралы заңының 11-бабының
диспозициясы некеге тұруға мынандай жағдайларда тыйым салады: 1) біреуі
болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;

(ата-аналар мен балалардың атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-
анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен
апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың);

4) біреуін болса да психикалық ауруынын немесе ақыл-есі кемдігінің
салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында
қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді. Немесе
Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабының З-тармағында: Мақсаты
немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге,
оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге,
әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты
қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға тыйым салынады — деген
тыйым салатын норманың диспозициясы бекітілген.
Міндеттейтін диспозиция — құқық субъектілеріне арнайы міндеттерді
жүктейді және қажетті мінез-құлықты істеуді жа-риялайды. Мысалы, Қазақстан
Республикасы Конституциясының 34-нормасының диспозициясы: І.Әркім
Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сактауға, басқа
адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар намысын құрметтеуге
міндетті.
Құқық беретін диспозицияда субъектілерге құқық нормалары шеңберінде
арнайы бір әрекеттерді іс жүзіне асыруға, әрекет жасауға құқық
береді.Мысалы,Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің 18-бабында: Әркімнің жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу,
телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге де хабарламалар
алысу құпиясына құқығы бар деген құқық беретін диегюзицияны бекіткен.
Санкция — мемлекет тарапынан құқық нормасын субъектілерге
қолданылатын жаза, заңды жауапкершіліктің түрлері. Мемлекет және құқық
теориясында санкциялар құқық салалары бойынша, нақтылы дәрежесі бойынша
және көлемі бойынша болып бөлінеді. Құқық салалары бойынша
конституциялық,әкімшілік,қылмыстық, экологиялық, қаржылық және т.б. құқық
салаларын қамтиды.
Нақтылы дәрежесі бойынша санкция абсолюттік кесімді, салыстырмалы
кесімді және альтернативтік болып бөлінеді. Абсолюттік кесімді санкция
Кеңес үкіметі орнаған кезеңнің алғашқы жылдарында кеңінен пайдаланылды,
жаза қолдану нақтылы сипаттан ада болды, тіпті заңның барлық қатаңдығын
пайдаланып жазаға тарту деген абсолюттік кесімді ұғымдар бассыздыққа,
репрессияға тікелей жол ашты. Қазіргі кезеңде абсолюттік кесімді санкциялар
Қазақстаннның құқықтық жүйесінде жиі кездеспейді. Себебі, жазаның істеген
әрекетіне қарай даралануына кедергі келтіреді.
Салыстырмалы кесімді санкцияда жазаның төменгі және жо-ғарғы шеңбері
нақтылы көрсетіледі. Мысалы, 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан
айыру, немесе 3 жылға дейін. Салыстырмалы-кесімді санкция Қазақстан
Республикасының барлық кодекстерінде жиі кездеседі және бұл жаза судьяға
жазаны даралауға, әркімнің істеген әрекетіне оның қауіптілігіне қарап жаза
тағайындауға мүмкіндік береді.
Альтернативтік санкция судьяларға құқық нормада көрсетілген бірнеше
жазадан субъектінің жасаған құқықтық бұзушылығының ауырлығы мен
қауіптілігіне байланысты тандауға мүмкіндік береді. Мысалы, Қылмыстық
кодекстің 105-бабы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін субъект
елу айлық есептік көрсеткіштен жүз елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі
мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе
өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық
сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге
түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады
Көлемі бойынша санкция жай және күрделі болып бөлінеді. Жай санкцияда
әрекет үшін бір ғана жаза көзделеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодекстің 159-бабының 5-тармағында есуастық немесе ақыл-есі кем болуы
салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәмле
жарамсыз болатыны нақтылы көрсетілген.
Күрделі санкцияда құқыққа қарсы жасалған әрекет үшін бірнеше жаза
қолдану нақтылы нормада көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодекстің 179-бабының (Қарақшылық) Г тармағы белгіленген. Егер
ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын екі немесе одан да көп рет
сотталған адам жасаған қарақшылық — мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес
жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бұл күрделі
санкцияға жатады.
1.2 Құқықтық нормалардың жіктелуі
Құқық нормаларының негізгі функциялары қоғамдық қатынастарды реттеу
және құқық бұзушылықтан сол қатынастарды тиімді қорғау болып табылады.
Құқықтық нормаларды реттеу функцияларына байланысты топтастырып қарағанда
арнайы бір қоғамдық қатынастарды реттейді. Кейбір құқықтық нормалар
мүліктік қатынастарды реттесе, басқалары экологиялық, қаржы, отбасы,
әкімшілік, банк, сайлау, инвестиция, жер сияқты қатынастарды реттейді.
Осыған байланысты құқықтық нормалар реттеу пәніне байланысты конституциялық-
құқықтық, әкімшілік құқықтық, азаматтық-құқықтық және т.б. болып жіктеледі.
Ал, құқықтық нормалар өздерінің іс жүзіне асырылуына байланысты мынандай
түрлерге бөлінеді:
1. Міндеттейтін (диспозицияда көрсетілген)
2. Тыйым салатын (бұл да диспозицияда көрсетіледі)
3. Құқық беретін (көрсетілді)
1. Дефинитивтік нормалар дегеніміз нормада заң ғылымдарының
жетістіктерінің нәтижесінде бір ұғымның анықтамасының берілуі. Бұл
нормаларда субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы дәрежеде, не
мағынада көрсетілмейді. Бір дефинитивтік нормалар пәнінің негізгі
категорияларын анықтайды үлкен маңыздық рөл атқарады және Қазақстан
Рсспубликасының құқықтық жүйесінде, құқық салаларында жиі кездеседі.[
Жоламан Қ. Д. - 230 б.]
Мысалы, Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабы қылмыстық
ұғымының мына анықтама мағынасында бекіткен: Осы Кодексте жазалау
қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық кауіпті әрекет(іс-әрекет немесе
әрекетсіздік) қылмыс деп танылады
Неке және отбасы туралы заңның 1-бабында емес жеке катынастарды
туғызатын, отбасын құру мақсатымен зандарда белгіленген тәртіппен
тараптардың ерікті және толық келісімді жағдайда жасалған еркек пен әйелдің
арасындағы тең құқықтық одақ, - деген дефинициямен берген.
5. Декларативтік нормаларда негізгі құқықтық идеялар жариялану
мағынасында көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс
жүргізуге кодекісінің 8-нормасында қылмыстық процестің барлық міндеттері
былай деп жарияланған: Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және
толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерлеу және қылмыстық жауапқа тарту,
әділсот талқылауы және қылмыстық занды қолдану болып табылады.
6. Құқықтық реттеу тәсілі бойынша құқықтык нормалар диспозитивтік,
императивтік, мадақтайтын және ұсыныс беретін түрлерге жіктеледі.
Диспозитивтік нормалар субъектілергс өз тараптарынан құқықтары мен
міндеттерін өз қалаулары бойынша іс жүзіне асыруға мүмкіндік және құқықтык
қатынастарға түскен жағдайда еркіндік тандау мінез-құлқы қамтамасыз
етіледі. Мысалы, азаматтық құқықтың нормалары осы санатқа жатады.
Императивтік нормалар қатаң сақталуды, орындалуы талап етеді және екі
жақтың келісімі бойынша өзгертуге жатпайды. Әкімшілік құқықтың нормалары
императивтік болып саналады.
Мадақтайтын нормаларда құқықтық қатынастарға түскен субъектілердің
мінез-құлықтары қызметтерінің тәртіптері мен түрлері бекітіледі. Сол аркылы
субъекттер арнайы белгіленген мадақтауға ие болады. Мысалы, бекітілген
норма бойынша жазасын түзеу колониясында өтеп жүргендер үлгілі тәртібі үшін
мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Немесе адам көмбе тауып алған болса
Қазақстан Рсспубликасының Азаматтық кодексі 247-бабының 2-тармағы мынандай
марапаттайтын норманы бекітеді: Тарих және мәдениет ескерткіштеріне
жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан
Республикасының меншігіне берілуге тиіс. Бұл орайда ондай көмбе табылған
жер учаскесін пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенуші және
көмбені тапқан адам осы көмбе құнының елу проценті мөлшерінде сыйақы алуға
құқылы.
Сонымен қатар мемлекет жәнс құқық теориясында ұсыныстық нормаларда
жиі пайдаланылады. Мысалы, Қазақстан Рес-публикасы Президенті қабылдаған
жарлықтарында Үкіметке арнайы бір саланы рсттеуге қаулы қабылдау керек
скеніне ұсыныс жасауы мүмкін.
Функциялары бойынша құқықтық нормалар реттейтін және құқық қорғайтын
нормалар болып бөлінеді. Реттейтін нормалардың диспозицияларында құқықтық
қатынасқа түскен субъектілердің құқықтары мен міндеттері бекітіліп,
қоғамдық қатынастар реттеледі, шиеленістер мен қақтығыстар тәртіптік жүйеге
түседі. Сатып алу, айырбас жасау, шартқа отыру, некеге тұру, мұрагерлікке
ие болу, ипотека және т.б.
Құқық қорғайтын нормалар кұқық бұзушылыққа барған субъектілерге
мемлекет атынан шара, күш колдану арқылы қол сұғылған, бұзылған құқықтарды
орнына келтіреді, реттейтін нормаларды қорғау функциясын атқарады. Құқық
қорғайтын нормалар негізінде әкімшілік, қылмыстық кодекстің ерекше
бөлімдерінің баптарында нақтылы мағынада бекітілген.
2 ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫН ІС-ЖҮЗІНДЕ АСЫРУ
2.1 Құқық қолданудың негізгі сатылары
Заң шығару, құқық нормаларын қабылдау қоғамдық қатынастарды реттеудің
тек басы ғана. Сол қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерді іс жүзіне
асыру, қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу, нормаларға қозғалыс, жан беру
ең күрделі мәселелердің бірі. 1с жүзіне асырылмаған құқық нормалар тек ғана
жақсы тілек ретінде қалып қояды, жансыз нәрсе ретінде қабылданды. Құқық
нормалары қабылданғаннан кейін мемлекеттік аппараттың барлық буындары
оларды іс жүзіне асыруға белсенді қызмет атқарулары тиіс, құқық жасаушы
органдардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі алдына койған мақсаттары
орындалуы тиіс. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асыру құқық
нормаларының функцияларының формасы, олардың қоғамдық қатынастарды
реттеудегі қызметі. Егер қабылданған құқықтық нормалар іс жүзіне асырылып
жатса, онда олардың әрекеті және күші бар деген мағананы білдіреді. Ал,
қоғамдық қатынастарды реттеуде әрекетсіздік танытып жатса қағаз жүзінде
қалып қояды. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асырудың мәні өте зор.
Құқық нормаларын іс жузіне асыру деп құқық субъектілерінің құқық
нормаларының талаптарымен келісіп, құқыққа сай мінез-құлықтың қалыптасуы,
адамдардың өздеріне жүктелген субъективтік қуқықтары мен құқықтық
міндеттерін іс жүзіне асырудағы қызметтерін айтады.
Теорияда құқық нормаларын іс жүзіне асырудың негізінде төрт әдісі
бар: сақтау, орындау, пайдалану және қолдану.
Құқық нормаларын сақтау индивидтердін, субъектілердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz