Дебиторлық берешектердің аудиті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Кредиторлық берешектердің есебі
Орындаған:
Тексерген:
Алматы, 2007ж.
Жоспар
Кіріспе ----------------------------------- ---------------------------------
---1.Бөлім. Аудиттің экономикалық маңызы мен қажеттілігі
1. Аудит мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері ----
1.2. Аудиттің жеке методологиялық әдістері мен принциптері--------
2. Бөлім. Кредиторлық берешектердің есебі:
2.1. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті -------------
2.2. Кредиторлық берешектердің аудиті ---------------------
3.Бөлім. Дебиторлық және басқа да кредиторлық берешек аудиті
3.1. Дебиторлық берешектердің аудиті----------------------------- ----------
3.2. Басқа да кредиторлық берешектің аудиті ----------------------------
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ---
Қолданылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- -----
Қосымшалар ----------------------------------- -----------------------------
Кіріспе
Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі
мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді
оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді.
Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу
сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен
ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті шаруашылық
жүргізуші субъектілердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру
және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға
және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық
тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге
асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа
да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың
қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін
арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсмыныстармен және шындыққа жанасымды
ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді.
Қазіргі нарықтық жағдайда бухгалтерлік есеп ұйымдарда маңызды орын
алады. Республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесі максималды түрде
халықаралық бухгалтерлік есеп стандартқа сай қарастырылған.
Қазіргі заман шартында шаруашылықпен айналысатын ұйымның бухгалтерлік
есеп жүйесі заманға сай, толық және дұрыс экономикалық ақпараттарсыз
күрделі экономикалық механизммен басқару тәжірибелі түрде жүргізу мүмкін
емес.
Курстық жұмыстың мақсаты аудитті танып білу және талдау кезеңдегі
жағдайын қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Әр бөлім атаулары аттарына сай толық
ашылады.
1-бөлім Аудиттің экономикалық сипаттамасы жазылады.
2- бөлім Кредиторлық берешектердің аудит жүргізудің әдістемесі,
арттырудың негізгі жолдары
3-бөлім Басқа да кредиторлық берешек және дебиторлық берешектің
аудиті.
Осы жұмысты жазу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары
және заң актілері білімді экономистердің теориялық және тәжірибелік
бағыттары, жұмыстары қолданылды.
Әр бөлімдер жоспар бойынша толық ашылады. Және де курстық жұмысты
жазуда төменде көрсетілген заң, әдебиеттерді қолданамыз:
- Аудиторлық іс-қызмет туралы: ҚР-ның 1998ж.20-қарашадағы Заңы және
2006-жылғы толықтырулармен өзгертулерімен бірге
- Байдаулетов М.Б. Аудит 2003ж.
- Абленов Д.О. Аудит негіздері 2005ж.
- Ажибаева З, Джумагалиева Ж.Г., Байболтаева Н. Аудит 2006ж
1.Бөлім. Аудиттің экономикалық маңызы мен қажеттілігі
1.1. Аудит мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері
Кәсіби аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы- бұл бүгінгі таңда да
жалғасы тапқан айтарлықтай ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық ролін түсінуі
үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негізін және мәнін ашу
керек.
Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын audio деген латын сөзінен
шыққан, аудармадағы мағынасы ол естиді немесе естуші дегенді білдіреді.
Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансы
немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің
ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында
аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының
рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В. Соколовтың айтуынша, тексерудің
мақсаты- кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты-
кемшіліктерді кеміту жәнә қастықты шектеу.
Аудит-бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың серіктестіктердін
және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық
талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын
бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда
көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен
аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын
білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей,
керісінше толықтырады.
Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту
мәселесін көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге
мүмкіндік тудырады:
1) Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және мағынасын оның
бақылаушы-талдамалы қызметінің басқа да шектес ғылымдары және
түрлерімен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқауларын,
түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын,
тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен талдауының
принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу,
тұжырымдамасын әзірлеу;
2) Әдіснамалық аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау,
бизнес жағдайының талдау көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін,
әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті пайдалану тиімділігіне
әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қызметін жақсарту бойынша әзірлеу;
3) Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау
механизмдерінің, құқықтық-нормативтік және ақпараттық базалардың
мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалы қызметтердің
технологиясы мен нақты рәсімін жетілдіру бойынша ұсыныстарды
әзірлеу.
Кәсіби аудиттің даму проблемаларымен осы аспектілерді өзара тығыз
байланыстырып мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық
және өткізушілік қызметтерінде болатын оқиғалар мен процестердің
ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша,
ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне
қызмет етеді.
1.2. Аудиттің жеке методологиялық әдістері мен принциптері
Аудитор өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылыққа алу
керек: адалдық, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай
білетіндік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ақ ниеттілік, ғылымилық,
нақтылық, жариялылық, демократияшылдық және т.б.
Мысалы, аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қоғамдық
сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, объективтілік және тәуелсіздік
прициптерінің талаптарын сақтауы, талқылауда білдіретін пікірінің
объективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.
Ғылым саласындағы зерттеу, оның шындықты анықтау үшін ғылым тану жолын
оның ғылыми әдістері деп атайды. Негізінде ғылым тану әдістері қандай бір
ғылым саласында болмасын арнайы ғылым тану құралы ретінде қолданылады.
Әрбір ғылым саласының ерекшелігіне сәйкес оның әдістерінің де өзіндік
айырмашылығы болады. Сонда да болса жалпы ғылыми даму ағымында теориялық
тұрғыдан философиялық анықтама бойынша барлық ғылым саласына бірдей әмбебап
әдіс – ол диалектикалық әдіс деп танылған. Диалектикалық әдістің негізі –
ол, табиғаттағы экономикадағы құбылыстың барлығы өзара байланысты деп
эерттеп қарастыруында. Себебі, диалектикалық әдіс өмірдегі барлық құбылысты
өзара объективтік заңдылықпен байланыста екенін негізге алуында. Сондықтан
да диалектикалық әдіс қандай ғылым саласы болса да оның ғылыми
методологиясының негізін құрайды.Аудит, экономика ғылым саласына қосылады,
оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін пайдалану үшін аудитке тән
ғылыми әдістер тобы оның методологиясын анықтайды, олар өз кезегінде жалпы
методология және жеке методология болып бөлінеді.
Аудиттің жеке методологиясы диалектика принциптері мен жалпы ғылыми
теориялық зерттеу заңдылықтарынан құралады. Аудиттің жеке методологиясы
экономика, ғылым саласының теориясының заңдылығын негізге ала отырып өз
ерекшеліктеріне тән әдістер тобынан құралады.
Аудиттің жеке методологиясы барлық ғылым саласына тән әдістер тобынан
құралады, олар: талдау және топтау, индукция және дедукция, бақылау,
салыстыру, өлшеу. Осы аталған әдістердің барлығы философияның гнесология
теориясы бөлімінде толық, жан – жақты қарастырылған.
Аудит барысында дедукция әдісі шаруашылық субъектілерінің жалпы
көрсеткіштерінің мағынасы мен мазмұнына талдау жасап оның жеке құрамдарына
байланыстылығын анықтау. Индукция шаруашылық субъектілерінің шаруашылығының
жеке көрсеткіштеріне талдау жасап оның жалпы көлемін көрсететін
анықтамаларға байланыстылығын анықтап қорытынды жасау әдісі.
Аналогия (ұқсастық) – ғылыми зерттеудегі ұқсастық негізінде
объектілерді анықтау. Аналогия әдісі зерттеу объектілерінің әр түрлі
жағынан ұқсастығын қарастыру арқылы анықтама жасау.
Жүйелі талдау – объектілерін жүйеге келтіріп оны құрайтын бөлімдерін
топтау арқылы зерттеу әдісі. Аудит барысында жүйелі талдау әдісі талдау
объектісінің бөлімдерін жеке – жеке бағалап оларға әсер ететін факторларды
талдап олардың бірлескен түріндегі объектілерге әсерін бір жүйеге келтіру.
Яғни, жүйелі талдау әдісі факторлардың арасындағы жүйелі байланысты
анықтайды.
Өндіріс өнімінің функциялық бағалануын талдау әдісі объектіні
жүйеленген зерттеу әдісі мен талдаудың дамуы барысында өндіріс талабына
сәйкес өндіріс процесінде барлық түрлі өндіріс шығындарының тиімділігін,
шығындарды оптималды мөлшерде есептеу үшін қолданылады. Бұл әдіс өндірістік
шаруашылық субъектілерінің ішкі аудиттік жұмысында қолданылады.
Аудит жаңа ғылым саласы ретінде бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау,
заң тағы басқа экономика ғылымдарының негіздерімен жан – жақты байланысты.
Сондықтан да аудиттің ғылым саласы ретінде өзіндік ерекшеліктеріне сай
(қамтитын) методикалық әдістері бар. Ол әдістер аудиттің мақсаты мен
атқаратын функцияларына сәйкес жалпы ғылыми әдістермен үйлестікпен
құралған. Олар әсіресе сыбайлас ғылымдар саласының методикалық әдістерімен
тығыз байланысты. Аудит жұмысының барысында сол жоғарыда аталған ғылым
салаларының методикалық әдістері аудитке тікелей қолданылады және де олар
аудит методикалық әдістерінің құрамына тікелей әсерін тигізеді. Мысалы,
аудит, ревизия бірдей методикалық әдістермен жұмыс істейді. Олар түгелдеу,
бақылау әдістері, бухгалтерлік есеп берудегі тіркеуді тексеру, аналитикалық
және синтетикалық есеп кестелерін тексеру.
Қорыта келгенде, аудиттің методикалық әдістері үш топқа бөлінеді:
1) Аналитикалық анықтау; есептеу
2) құжаттау;
3) қорытындылау.
Аналитикалық анықтау – есептеу әдісі – ол негізінде экономикалық талдау
(топтау, салыстыру т.б), аналитикалық тексеру және статистикалық, әкономика
математикалық әдістер. Осы орайда аудиттің көп тараған методикалық әдісі –
ол шаруашылық субъектілерінің қаржылық ақпаратының құрамының аналитикалық
есебін тексеру. Мысалы, өндіріс шығынын, оны сатудан түскен төлем сомасымен
салыстыру, ол көрсеткіштерді өткен жыл қорытындыларымен салыстыру, онда
анықталған өзгеру мөлшерінің нендей себептен болғанын, факторлардың әсерін
есептеу.
Методикалық құжаттау әдісі - өз кезінде үш топқа бөлінеді: 1)
информациялық моделдеу; 2) нормативтік құқылық жолын анықтау; 3) есеп
құжаттарын зерттеп, тексеру.
Ақпараттық моделдеу дегеніміз – аудит объектісінің ақпарат тасушыға бір
жүйеге келтіріп аудит жүргізуге ыңғайластыру.
Нормативтік – құқылық жолын анықтау әдісінде заң тұрғысынан ереже
нұсқаудың, нормативтік құжаттар талабының, ішкі ереже тәртібінің орындалуын
анықтайды. Мысалы, түгелдеу тәртібінің заңды жүргізілуін бақылау үшін
түгелдей жүргізудің ереже – нұсқауының дұрыс қолданылуы бақылану қажет.
Нақты, мүлік түгелдеу, қаржы қорларын тексеру, ақша қаржысын тексеру
ережелерінің дұрыс қолданылуы.
Есеп құжаттарын зерттеп, тексеру әдісінде сол құжаттарда көрсетілген
шаруашылық операцияларының заңдылығы, қажеттілігі және экономикалық
тиімділігі, шындықты көрсетуін анықтау қажет.
Құжаттарды тексерудің бірнеше түрлерін, әдістерін, қарастыру болады:
формалдық, арифметикалық, заңдылық, логикалық тексеру немесе жаппай қарама
– қарсы екі жазу жолымен, шоттарға тіркелу жолымен, есепті қалпына келтіру
әдісімен тағы басқалай қарастырулармен.
Формалдық әдісте құжаттың барлық реквизиттерінің дұрыс толтырылғандығы,
түзетудің болмауы, арифметикалық есебі, жауапкершіліктегі жұмысшылардың қол
қоюы қарастырылады.
Арифметикалық тексеруде санау, көбейту процестерінің дұрыс жасалғаны
анықталады. Құжаттың заңдылығын тексерудегі мақсат сондағы тіркелген
операциялардың заңдылығын және экономикалық тиімділігін анықтау.
Қарама – қарсы тексеру әдісі бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеру
әдісі бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеру өте жиі қолданылады. Себебі,
бір құжат бухгалтерлік есепте екі қайтара кездеседі. Мысалы, дүкенші тауар
сатудан түскен ақшаны кассаға өткізеді. Яғни, касса ордерінің түбірі касса
есеп беруінде болады да, оның квитанциясы дүкеншінің есеп беруіне
тіркеледі. Олардың арасындағы құжат көрсеткішінің дұрыстығы қарама – қарсы
тексеру арқылы анықталады.
Түзету процесінің бірнеше түрі бар.
1) Корректура әдісі, ол бухгалтерлік тіркеу кезінде жіберілген
қателерді сол есеп кестелерінде түзетіп ол туралы белгі жасау. Мысалы,
тексеруші қатені түзеткен есеп кестесіне қандай түзетіледі, оны түзеткен
адам өз атын жазып қол қоюы керек (күнін, жылын көрсетіп).
2) Бухгалтерлік есептегі қатені қосымша екі жақты жасау арқылы
түзету. Бұл әдіс қате қай кезде анықталса сол уақытта қолданыла беретін
әдіс.
3) Үшінші қате түзету әдісі – қызыл жазу. Бұл әдіс бойынша, бұрын екі
жақты жазу сомасында қызыл сиямен жазылады.
Нақты бақылау бухгалтерлік есепте және аудит барысында ерекше орын
алатын бақылау – тексеру әдісі. Нақты тексеру методологиясы ең сенімді,
күдіксіз әдіс, сол осы арқылы ғана бар шындықты анықтауға болады. өз
кезегінде нақты тексеру үш түрге бөлінеді: түгелдеу, сараптап анықтау,
бақылау арқылы анықтау.
Түгелдеу – инвентаризация. Бухгалтерлік есепте және аудитте түгелдеу
әдісі ол, кәсіпорын мүлкінің негізгі құралдың, тауардың, материалдың, ақша
қаржысының, құнды қағазының есеп айырысу операцияларының нақты бір кезеңде
түгелдеу барысында бухгалтерлік есеп көрсеткішіне сайма – сай дұрыс
екендігін анықтау.
Сараптау анықтау. Нақты тексеру процесінде сараптап анықтау әдісі
негізінде өндіріс процесін бақылау ретінде қолданылады.Оның ішінде өндіріс
технологиясының дұрыстығы, өндіріске жіберілетін шикізаттардың,
материялдардың, өндірісі технолгиясының талабына лайықты екенін, жаңа өнім
сапалылығын сараптау, өндіріс процесіндегі шикізат пен материалдардың
қосалқы шығынын сараптау тағы сол сияқты көптеген процестерге сараптау
жүргізіледі.
Бақылау – анықтау әдісі – бұл да нақты тексерудің бір түрі. Оның
негізгі мақсаты күнделікті шаруашылық процесін тексеру, бақылау жасау.
Мысалы, күнделікті өндіріс процесіне бақылау жасау, еңбек жұмысшылық
тәртібін бақылау, материалдар тасу, дайын өнімнің сатылу процесін, олардың
қоймада сақталу тәртібін бақылау.
Қорыта келгенде аудитор жұмысында методикалық тексеру әдістері үлкен
орын алады.
Аудиттік бағдарламаға және аудит жоспарына сәйкес жүргізілген әртүрлі
бақылау объектісін аудиттік тексеру бухгалтерлік есеп берулер
көрсеткіштерінің шынайлығын бағалау үшін сапалы аудиторлық дәлелдемелердің
жеткілікті санын жинауға мүмкіндік береді. Бұл жерде есеп беру формаларын
толтыру бойынша нұсқаулықтарға көрсеткіштердің мазмұнын және алу
технологияның адекваттылығын, сондай – ақ Ұйымдардың бухгалтерлік есеп
беруі бухгалтерлік есеп беру бойынша ережелерге сәйкес оған қойылған жалпы
талаптардың және бухгалтерлік есеп берулердің құрамын сақтауды қосымша
тексеру қажет.
Аудиторлық тексеруге экономикалық субъектілердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz