Компьютерлік оқыту мәселелері
Мазмұны
Кіріспе 4
1 Ақпараттық қызмет көрсету жүйелері мен компьютерлік 7
технологияны білім беруде қолдану мәселесі
1.1 Ақпараттық қызмет көрсету жүйелері 7
1.1.2Ақпараттық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын талаптар 11
1.1.3Ақпараттық қызмет көрсету жүйесінің негізгі ерекшеліктері 11
1.1.4Ақпараттық жүйелер түрлері 12
1.2 Оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану 12
1.2.1Оқытуда компьютерді қолданудағы педагогикалық мәселелер 15
1.2.2Электронды оқулық және оның тиімділігі 16
1.2.3Kомпьютерлік оқу құралдарын жасау тәсілдері және ескерілетін
шарттар 17
1.2.4Математиканы оқыту үрдiсiн компьютерлендiру жолдары 19
1.2.5Математиканы оқытуда компьютердi пайдалану 21
2 Электрондық оқулық құрылған орталар туралы қысқаша мағлумат
26
2.1 HTML – гиперсілтеме тілі 26
2.2 Java Script программалау тілі туралы 52
3 Арақашықтықта оқыту үшін Алгебра және геометрия ұғымдарын
оқыту электрондық оқулығын құру 62
3.1 Математикасын оқытып-үйретудің өзіндік ерекшеліктері 62
3.2 Алгебра және геометрия электронды оқыту курстың программасын
жасау алгоритмі 65
3.3 Қосымшаны қолдануға арналған нұсқаулар 71
Қорытынды 72
Қолданған әдебиттер 74
Қосымша A 76
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс арақашықтықта оқыту үшін
Алгебра және геометрия электронды оқыту курсын даярлауға арналған.
Қазақстанның тәуелсіздік және егемендік алуына байланысты, өскелең
ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін қоғам дамуының қазіргі кезеңінің
талаптарынан туындап отырған міндет және мақсаттарға орай жан-жақты
жетілдіру қажет болып отыр.
Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, зор жауапкершілік
жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім-тәрбиенің негізі мектепте қаланады.
Осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: мектепте
оқытылатын пәндерден жаңа мемлекеттік стандарт, бағдарламалар жасалып, оқу-
тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектептердің тәжірибесіне
енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеяларымен жинақталған құнды
тәжірибелердің нәтижелері өзгерген және жаңа жағдайларда өзінің қолданысын
табуда.
Ғылыми - техникалық прогрестiң дамуы орта мектепте оқыту кезiнде
берiлетiн бiлiм деңгейiнiң кеңейтiлуiн және адамдардың бiлiм дәрежесiнiң
артуын талап етiп отыр. Жалпыға бiрдей орта бiлiм беру қажеттiлiгi туған
кезде ең негiзгi мәселе оқытудың мазмұны мен әдiстерiн, оқытуды
ұйымдастырудың түрлерiн жетiлдiру болған болса, қазiргi кезде ең негiзгi
мәселе-оқушыларға тек қана ғылыми бiлiмдер жүйесiн беру ғана емес, оларды
танымдылық және практикалық сипаттағы iскерлiк және дағды мен қаруландыру
болып табылады.[1]
Орта білім беру, орта кәсіптік білім беру, жоғарғы оқу орындарының
ақпараттандыру үрдісіне білім беру ортасын құру, яғни базалық арнайы
пәндерді оқыту және білімді бақылау үдерісінің сапалы өзгерісі маңызды орын
алады. Орта білім беру, орта кәсіптік білім беру, жоғарғы оқу орындарының
ғылыми және оқу ақпараттық ресурстарын құру процесін автоматтандыру және
дамыту нәтижесінде оқыту мүмкіндігін кеңейтуге болады. Барлық адамның
жоғарғы білім алуын қамтамасыз ету қажет. Жоғарғы білім алу білімгердің
қабілетін, мүмкіндігімен, табандылығымен, күшімен, табандылығымен анықталуы
тиіс.
Білім берудегі оқыту үдерісін ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін
материалды-техникалық және оқу әдістемелік база қажет. Соның ішінде ерекше
атап өтуге болатын әдістемелік кешен-электронды оқулықтар болып табылады.
Олар оқу үдерісін даралау мен дифференциялдауға, қатені тексеруді бақылау
мен кері байланысты жүзеге асыруға, оқу барысында өзін-өзі бақылау мен өзін-
өзі түзетуді, әртүрлі жағдайда тиімді шешім қабылдай білу ептілігін
қалыптастыруға, ойлаудың белгілі бір типін дамытуға (көрнекті-бейнелі,
теориялық), оқуға ынтасын күшейтуге, танымдық іс-әрекетінің мәдениетін
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі уақытта электрондық оқулықтар
мен оқу құралдарын жасау мәселесі өзекті болып табылады. Толық өңделген
электронды оқулық лекция барысында-демонстрациялау құралы, компьютерлік
кластарда өзіндік жұмыстарды орындау үшін-репетитор, компьютер, емтихан
алушы алдында-тәжірибелі жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
ретінде қызмет атқара алады. Дегенмен, электрондық оқулық осы функциялардың
барлығын орындау үшін оқулықты құрастырушы оқытушының педагогикалық
шеберлігі, оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескертетін күрделі әдістемелік
құрал болу қажет.
Олай болса, оқыту процесiн жетiлдiру жолдарын iздестiруде тек қана жаңа
бiлiмдер беру әдiстерiн жетiлдiрудi ғана емес, сонымен қатар оқушыларда
iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру әдiсiн жетiлдiру iсiн де ескеру қажет.
Электрондық оқулықтың оқу процесінде алатын орны оны жасаудың
әдіснамасын өңдеу қажеттілігі мен толық дамымағандығы арасында қарама-
қайшылық тудырады, соның нәтижесінде зерттеу мәселесі айқындала түседі.
Осы мәселелерге байланысты “Арақашықтықта оқыту үшін Алгебра және
геометрия электронды оқыту курсын даярлау” тақырыбындағы диплом жобасын
студентетерге алгебра және геометрия ұғымдарын үйрететін электрондық оқулық
жасауды ұйғардық. Бұл жобаны жоғарғы деңгейде программалау тілдерінің бірі
Java Script және HTML тілің қолданып жасағанды жөн көрдік.
Дипломдық жұмысының мақсаты. Арақашықтықта оқыту үшін Алгебра және
геометрия электронды оқыту курсын даярлау және Java Script программалау
тілін, HTML гипермәтіндік беттерді белгілеу тілін меңгеріп, электронды
оқыту курсын құруда пайдалану.
Қойылган мақсатқа жету үшін келесідегідей есептер беріледі:
– Компьютерлік оқытумен байланысты негізгі мәселелерді қарастыру;
– Компьютерлік оқытуды енгізу ерекшеліктерін көрсету;
– Электронды оқу курсының өңдеу этаптарын анықтау
– Электронды оқу курстың өңдемесін ұсыну
Дипломдық жұмыстың объектісі білім процессінде ақпараттық
технологияларды қолдану және электрондық оқыту курстың процесстерін өндеу.
JavaScript және HTML программалау тілдерін қолданып Алгебра және
геометрия пәні бойынша электронды оқыту курсты құру зерттеудің пәні болып
табылады.
Ғылыми жаңашылдығы:
Ақпараттық технологиялардың дамуын және оқу үдерісін ұйымдастыруда
оларды қолдану тәсілдерін есепке алу, бизнестің дамуы үшін экономикалық
және заң шығаратын шарттардың өзгеруі және олардың оқыту практикасында
көрінуі, тұтынушының, яғни студенттің жаңа сұраныстарының тууы себепті,
сәйкес оқу курсы модулін, әдістемелік материалдарды дайындау осы іс-
әрекеттермен байланысты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мен оқытушыларды
дайындауға байланысты болады. [2]
Қазақстандағы білімді модернизациялау кезеңіндегі өзекті мәселелердің
бірі - ол жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғамда өзінің позициясын еркін және
жауапты түрде анықтауға қабілетті, интеллектуалдық сипаттағы дәстүрлі емес
тапсырмаларды шешу мақсатында инновациялық технологияларды енгізу болып
табылады. Білімді модернизациялаудың міндеттерін студенттердің
креативтілігі, белсенділігі және дербестігімен байланысты жеке тұлғалық
қасиеттерінсіз шешу мүмкін емес. Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту
жүйесі жеке тұлғаға бағытталған акцентпен құрылуы керек.
Қазіргі таңда адамдар білімінің жоғары деңгейін талап ететін әлемдегі
интеграциялық үдерістерге байланысты, Қазақстанның жоғары оқу орындарының
Болондық үдеріске кіруіне байланысты, жаңа білім беру ақпараттық жүйелерін
қолдану деңгейі мен оқыту нәтижелерінің сәйкессіздігіне және жалпы әлемдік
өркениеттің тәжірибесіне байланысты кадрлардың кәсіби дайындығына қойылатын
қоғам талаптары толығымен қанағаттандырылмаған.
Жоғарыда айтылғандар инновациялық оқытуды қашықтықтан оқыту жүйесінің
оқытудың мазмұнын, әдістерін, формаларын, құралдарын шеңберінде барынша көп
жүзеге асыру қажеттілігін растайды.
Зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы. Жаңа ақпараттық
технологиялардың қарқынды дамуына байланысты мультимедиа және гипермедиа
құралдарын кӛптеген дербес компьютерлерге орнату айтарлықтай арзандауда.
Сонымен қатар аппараттық құралдардың қуаттылығы мен күші жоғарыда аталған
инструментальдық құралдарды қолдануға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмысының теориялық негізі. Ақпараттық қызмет көрсету
жүйелерін қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар көмегімен құру және
олардың тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімінде ақпараттық қызмет көрсету жүйелері, түрлері,
қойылатын талаптар, негізгі ерекшеліктері, электронды оқулық және оның
тиімділігі туралы түсініктер мен компьютерлік технологияны білім беруде
қолдану мәселесі қарастырылған.
Екінші бөлімінде электрондық оқу курстың құрылған орталар туралы
қысқаша мағлумат, HTML гипермәтіндік беттерді белгілеу тілі, Java Script
программалау тілі туралы қарастырылған.
Үшінші бөлімінде Алгебра және геометрия пәнінен электронды оқыту
курстың программасын жасау алгоритмі көрсетілген.
1 Ақпараттық қызмет көрсету жүйелері мен компьютерлік технологияны
білім беруде қолдану мәселесі
1.1 Ақпараттық қызмет көрсету жүйелері
Адамзат баласы барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп
отыруға әрқашанда мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған аяқ-қол саусақтары
секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына
байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін
арнайы құралдар - есепшот, арифмометр, арнаулы математикалық кестелер
шығарыла бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40- жылдарында, ядролық
физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істері көптеген
материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете бастады.
ХХ ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің
қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен
технологияның қарқынды дамуына себепші болды.
Ақпарат - дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Қарапайым түрде айтқанда, түрлі
объектілер, құбылыстар мен процестер тағы басқалар жөніндегі мағлұматтар.
Мысалы, айналадағы кеңістіктер жер жағдайы, өсімдіктер жөнінде көп
информация аламыз. Ауада найзағайдың ойнауы, күннің бұлтты екені және жауын
жауу мүмкіндігін тағы басқаларды білдіретін информация . Көшеге ілінген
бағдаршамның көк не қызыл түсте жануы – жолды кесіп өтуге болатын не
болмайтынын білдіретін информация. Радио, телевизор арқылы берілетін
хабарлар мен ғылыми-техникалық жаңалықтар да информация түрлерінің бірі.
Ақпаратты сандық, кесте, сурет, құжат (мәтін) сияқты түрлі түрде
көрсету, жинастыру мүмкін. Мысалы, өсімдіктің биологиялық қасиетін зерттеп,
нәтижесін кесте түрінде дайындау; рентген сәулелер арқылы адам организмі
кескінін суретке түсіру; мәліметтік информацияны газет, журнал беттерінде
басып шығару тағы басқалар.
Жаңа технологияның маңыздылығы - оның көптүрлілігінде және барлық
саланы қамту сипатында. ”Ақпараттық экономика теория ғана емес, өндірістер
немесе қызмет көрсету аясында экономикаға бет бұрмаған бірде бір сала жоқ,“
– дейді американдық экономист П.Хауке. 70-ші жылдар шамасында Батыс
елдеріндегі ғылыми және техникалық прогрестің көш басшылары (М.Порет,
Е.Масуда, А.Тоффлер т.б) шын мәнінде “Ақпараттық қоғам” туралы бірауыздан
айтқан еді. Бүгінгі пайда болған сол қоғамның қазіргі талабы мен ұраны:
”Неғұрлым көбірек және тезірек информация алу!” болып отыр. [3]
Өмір ағымының жылдамдауы, автоматтандыру нәтижесінде өндіріс процесін
идентификациялау, білімді жылдам жинақтау - осының барлығы А.Тоффлердің
айтуынша жіберіп алған уақыттың экономикалық маңызын арттырады. Бұл белгілі
футуролог “Келешекпен бетпе-бет келу” атты кітабында: “Ақпарат пульсі
бұрынғыға қарағанда анағұрлым жылдамырақ соғуы керек ” дейді.
“Ақпараттық жаңа әлемде” бәрінен бұрын екі кезең нақты болып шықты.
Біріншіден, қоғамның бұрын болмаған дәрежеде Ақпараттық техникаға қол
жеткізуі. Бұл қозғалыс барлық салада: өкіметтік мекемелерде жеке іскерлік
кеңселерде, аурухана мен кітапханаларда, зауыттар мен ғылыми-зерттеу
институттарында, мектептер мен университеттерде, банктер мен дүкендерде,
аэропорт пен полиция бөлімшелерінде жүріп жатыр. Екіншіден, мұның қызмет
етушілері мен адаптерлердің саны көп есе өсіп кетті. Дерек көздердің
көрсетуінше, 1975-ші жылдан бастап-ақ жалданып істеген американдық
азаматтардың жартысынан көбі негізінен информацияны өңдеумен немесе соған
байланысты жұмыстармен айналысады.
Әлем қазір ақпараттық қоғам табалдырығында тұр. Осындай қоғамда
информацияны тарату, сақтау және өңдеу жүйесі аса маңызды роль атқарады.
Уақыты келгенде әлемдік байланыс жүйесі сияқты әлемге ортақ ақпараттық орта
пайда болып, олар азамат баласы жинаған ақпараттан кез келген адамның өзіне
қажетті информацияны алуын қамтамасыз етеді. Компьютердің интелектуалдық
роботтармен қатар адам іс-әрекетінің барлық саласына енуі адамдар тіршілік
ететін дәстүрлі ортаны түбегейлі өзгеріске ұшыратады. Информацияларды
жинақтау, өңдеу, қорғау және сақтаумен кәсіби тұрғыда айналысатын адам саны
өсуде. Информация аса бағалы тауар болып, информация индустриясы болашақ
қоғамда өте маңызды құбылыс болмақ. [4]
Ақпараттық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және
техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік
роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық
өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа
қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың
жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді. Олар
келешекте бүгінгі дәстүрлі түрлердің орнын баспақ. Мамандар, кәсіпкер
номенклатурасы мен еңбекті ұйымдастыру әдістері де толығынан өзгерістерге
ұшырамақ.
Дүниежүзілік тарихтың мойнағына үш ірі ағым тоғысатындай:
– Технология ағыны;
– Информация ағыны:
– Осының бәрін жасаған және олардың бәріне қызмет етуші адамдар ағыны.
Белгілі мөлшерде Ақпараттық тұрғыда бұрынғы жаңа, анағұрлым зор
өркениет туралы айтуға болады. Бұл өркениеті мыңжылдық тарихы мен дәстүрі
бар кәсіптер көз алдымызда жойылып бұрын белгісіз жаңа мамандықтар пайда
бола бастайды. Адамзаттың қызметі мен міндеттері де, олардың еңбектерінің
сипаты да өзгеруде. Адамдар қатынасында, басқару мен ұйымдастыру түрлерінде
де үлкен өзгерістер болып жатыр.
50 жылдың бас кездерінен бастап көптеген жарыққа шыға бастаған
электронды есептеуіш машиналарды (ЭЕМ-дерді) осы жұмыстарға пайдалану
оларды өңдеудің шапшаңдылығын күрт арттыруға мүмкіндік туғызады.
ЭЕМ-ді компьютер деп, автоматты құрылғының не адамның өңдеуіне
бейімделіп дайындалған сандық, символдық, мәтіндік тағы басқа информация
берілгендер деп аталады. [5]
Мақсатқа жету үшін информацияны ЭЕМ-де арнайы ережелер бойынша
түрлендіру оны өңдеу деп аталады. ЭЕМ арқылы берілгендерді өңдеу машинаға
түсінікті нұсқаулар тізбегі (программа ) арқылы жүргізіледі.
Түрлі салаларда жиі пайдаланатын берілгендер мен программалар көп
болғандықтан, әр түрлі материалдардан тұратын магниттік таспаларға,
дискілерге (тасымаушыларға) жазылып, сақталып қойылатын болады.
Сақтаулы ақпаратты іздеп, оны тұтынушыларға жеткізіп беру тық қызмет
көрсету (АҚК) делінеді. Қазақстан республикасы мен ТМД елдерінде тек ғылыми-
техникалық АҚК-мен айналысатын кітапханалар ғана бар. Олардың анықтамалық-
Ақпараттық қорында екі миллиярдтан аса Ақпараттық мәліметер жинақтап, көп
мәліметтер компьютер дискілеріне жазылып қойылған. Осылардың арасында
қажеттісін іздеп, тауып беру көп еңбекті талап етеді. Бірақ бұл жұмысты
орындап шығудың маңыздылығы сөзсіз. АҚК-ның маңыздылығына бір ғана мысал:
егер өндіріс басқармасын қажетті ақпаратпен, түрлі ғылыми-техникалық
жаңалықтармен дер кезінде қамтамасыз етіп отырмаса, ол жаңа техниканы
пайдалануға жоспарлауға, өндірісте еңбек өнімділігін арттыруға үлкен
кедергі келтірер еді.
Қазіргі кезде информацияны тиімді пайдалану дүние жүзінде негізгі
орынға шығып келеді. Қазір біз Ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатырмыз.
Жүйе – деп элементтері бір-бірімен қандай да бір заңдылықпен
байланысқан жиында түсінеміз. Мұндай жиынның элементі ретінде құбылыстарды,
әдістерді, білімдерді т.с.с. алуға болады. Мысалы, санау жүйесі, транспорт
жүйесі, экономикалық, химиялық элементтер жүйесі, нерв жүйесі т.с.с.
Ақпараттық қызмет көрсету жүйесі түсінігі кең таралған және түрлі
мағыналық мәнге ие. Компьютердің ақпараттық бөлігі де жүйе деп аталады.
Жүйе деп сондай-ақ нақты қолданбалы мәселелерді шешу процесіне қажетті
құжатты жүргізу процедурасымен толықтырылған көптеген программаларды да
атауға болады.
Жүйе түсінігіне ақпараттық қызмет көрсету сөзін қосу оның құрылуы мен
қызмет етуінің мақсатын бейнелейді. Ақпараттық қызмет көрсету жүйелері кез-
келген облыста шешім қабылдау процесіне қажетті ақпаратты жинау, сақтау,
өңдеу, іздеу және ақпаратты берумен қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді
талдап, жаңа өнім жасауға көмектеседі.
Ақпараттық қызмет көрсету жүйесі – қойылған мақсатқа жету үшін қажетті
ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер
мен олардың жұмыстарын үйлестіріп отыратын пайдаланушылардың жиынтығы.
Алғашқы Ақпараттық қызмет көрсету жүйелері 50-жылдары пайда болды. Бұл
жылдары олар жалақы есебін есептеу мен есептерді өңдеу үшін бағытталып,
электромеханикалық бухгалтерлік есептеу машиналарында орындалды. Бұл кейбір
шығындарды қысқартып, қағаз құжаттарды даярлауға қажетті уақытты азайтты.
60-жылдары ақпараттық қызмет көрсету жүйесіне деген қатынас өзгерді.
Олар информацияны көптеген параметрлер бойынша есептеп, айлықты ғана
есептейтін ғана емес, сонымен бірге көптеген қосымша қызметтерді орындайтын
компьютерлік жабдықтар ретінде ұйымдастырыла бастады.
70-80 жылдардың бас кезінде шешім қабылдау процесін тездететін
Ақпараттық қызмет көрсету жүйелері басқаруды бақылау құралы ретінде кеңінен
қолданыла бастады.
90 жылдың соңғы кезінде Ақпараттық қызмет көрсету жүйелерін қолдану
концепциясы қайтадан өзгеріске түседі. Олар Ақпараттық стратегияның
бастауына айналып, кез-келген профильді ұйымдастырудың барлық деңгейінде
қолданылады. Бұл кезеңнің Ақпараттық қызмет көрсету жүйелері пайдаланушыға
қажетті информацияны дер кезінде, ыңғайлы түрде ұсынып, ұйымдардың жұмысын
ұйымдастыруда жетістіктерге жетуіне, жаңа тауарлар мен қызмет түрлерін
құруға, тауарлар өткізудің жаңа рыноктарын табуға, өзіне лайықты серіктер
табуға, өнімді төмен бағада шығаруға және т.б. көмектесе алады.
Қазіргі Ақпараттық қызмет көрсету жүйесінің негізгі техникалық құралы
ретінде дербес компьютерді қолданады. Ірі ұйымдарда Ақпараттық қызмет
көрсету жүйесінің техникалық базасына дербес компьютерлермен бірге
майнфрейм немесе суперЭЕМ енеді. Сондай-ақ, Ақпараттық қызмет көрсету
жүйесі адамның рөлінсіз іске аспайды. [6]
Ақпараттық қызмет көрсету жүйелерінде компьютерді пайдалану салалары
көп. Мысалы,
– электронды оқулықтар жасап шығару;
– кітапханалар жұмысын автоматтандыру (кітаптарды жылдам іздеп табу,
олар жайлы мәліметтер беру т.с.с.);
– абоненттік телефор номері сұралған кезде компьютерде жазулы
телефондар анықтамалығын пайдаланып жауап беру;
– қалааралық транспорт билеттерін сатуды ұйымдастыру (әр рейске
сатылған және бос орындар компьютерге тіркелгендіктен, оларды
пайдаланып, билет сатуды ұйымдастыру қиын емес) ;
Жалпы информацияны ЭЕМ-де өңдеп, нәтижесін талдауды ұйымдастыру үшін
орындалатын әрекеттер мынадай:
– информация талдап, оны өңдеуге мүмкіндік туғызатын үлгісін
дайындау;
– информацияны тиімді өңдеу үшін нұсқаулар тізбегін
(алгоритмін) жинақты түрде құру;
– мәшине түсіне алатын командаларды (командалар жүйесін)
пайдаланып программалау тілдерінің бірінде алгоритмнің
программасын жазып шығу;
– программаны ЭЕМ-де орындап, нәтижені алу;
– нәтижені зерттеу. Егер құрылған үлгіде, алгоритмде не
программада қате кеткен болса, оны дұрыстау;
– дұрысталған программаны сақтау;
– пайдаланушыға программаны пайдалану жайлы нұсқаулар беру.
1.1.2 Ақпараттық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын талаптар
Күрделі информацияны әмбебап компьютерде ғана өңдеуге мүмкіндік бар.
Сондықтан информатикаға қатысты мәселелер информацияны өңдеу тәсілдерін
зерттеу мен компьютерде түрлі есептерді шешу ғана емес. АҚК үшін ЭЕМ-ді
тиімді түрде пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіру, осыған сәйкес
компьютердің дамытылған үлгілерін құрастыру және АҚК дамуының алғышарттары
болып табылады.
Компьютерлер мен ақпараттық қызмет көрсету жүйесі арасындағы
айырмашылықты дұрыс түсіну қажет. Арнайы бағытқа негізделіп құрылған
программалармен жабдықталған компьютерлер ақпараттық қызмет көрсету
жүйесінің техникалық базасы және құралы болып табылады. Ақпараттық қызмет
көрсету жүйесі компьютермен және телекоммуникациямен бірлесіп әрекет
қылатын пайдаланушысыз жұмыс жасай алмайды.
Ақпараттық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын талаптар құрылып жатқан
салаға байланысты түрліше болуы мүмкін. Бірақ Ақпараттық қызмет көрсету
жүйелеріне қойылатын жалпы талаптар да бар:
– кез-келген Ақпараттық қызмет көрсету жүйесі талданып, жүйені
құрудың жалпы принциптері негізінде құрылып, басқарылуы тиіс;
– Ақпараттық жүйе динамикалық әрі жан-жақты дамып отыруы керек;
– Ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелік тәсілді қолдану керек.;
– Ақпараттық қызмет көрсету жүйесін информация өңдеудің адам-
компьютерлік жүйесі ретінде қарастыру керек. [7]
Қазіргі кезде Ақпараттық қызмет көрсету жүйелерін компьютерлік
техниканың көмегімен іске асқан жүйе ретінде қарастыру көзқарасы
қалыптасқан. Алайда Ақпараттық қызмет көрсету жүйесін компьютерлік емес
вариантта түсінуге де болады.
1.1.3 Ақпараттық қызмет көрсету жүйесінің негізгі ерекшеліктері
Кез-келген ақпараттық қызмет көрсету жүйесінің өзіне ғана тән
ерекшеліктері болады. Олар:
- қажетті информацияны пайдаланушыға жалдап, ыңғайлы түрде жеткізеді;
- информацияның нақтылығын, дәлдігін қамтамасыз етеді;
- үлкен көлемдегі мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтайды;
- қағаз бетіндегі құжат көлемін кемітеді;
- информацияны қайта өңдеуді ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
- пайдаланушыны күрделі есептеулерден босатады;
- қызмет көрсету мен өнім өндіру шығынын қысқартады және т.б.
1.1.4 Ақпараттық жүйелер түрлері
Ақпараттық жүйесі пайдаланушы қолданатын бағдарламамен қамтамасыз
етілген терминалдар тобынан құралған электронды машинадан тұрады.
Терминалдар мамандардың жұмыс орнында орналасып, машинадан кез-келген
қашықтықта болуы мүмкін.
Үлкен немесе орташа Ақпараттық қызмет көрсету жүйесінің негізгі қызметі
тұтынушы белгілі бір Ақпараттық сервиспен қамтамасыз етіп, басқару
шешімдерін қабылдауға негіз болады.
Қазіргі кезеңдегі Ақпараттық қызмет көрсету жүйелері тұтынушылармен екі
режимде жұмыс істей алады:
Біріншісі тапсырманы орындау режимі, оның мәні тұтынушы машинаға
тапсырыс береді. Онда берілген мәліметтерді өңдеу процесіне нұсқаумен
қолданбалы бағдарламаны қолдану қажеттілігі туралы түсінік беріледі.
Екіншісі қолданбалы бағдарламаның өзімен жұмыс тәсілдері.
Осы заманғы Ақпараттық жүйелер жоғарғы тез әрекетті, әрі үлкен жады
көлемін иемденеді. Олардың әрқайсысы бір мезетте жергілікті және
терминалдың бірталай бөлігімен жұмыс істейді.
Осының арқасында Ақпараттық жүйе:
– әртүрлі тектес жұмысты автоматтандырады;
– жүйедегі информацияны бақылау және қателіктерді жою;
– тұтынушылардың жүйеде сақталынатын информацияларды әрдайым жаңарту;
– тұтынушылардың тапсырмасын тез орындау және т.б. жұмыстарды істей алады.
[8]
1.2 Оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану
Компьютерлік оқыту мәселелері.
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі
арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық процесті
технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
ХХІ ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құрылымы
болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру
әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға
ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын
оқытуды жаңа бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуды жаңа
технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдар білім беру жүйесінде
компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғам жағдайында
толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз оқу және
оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың
техникалық және инструменталды құралдары, оқу процесіндегі есептеуіш
техника құралдарының ролі және орны туралы ғылыми білімнің жүйесі және
оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен
әдістері деп анықтама беруге болады. Ал бұл анықтаманы білім беру жүйесіне
қатысты басқаша анықтауға болады: білім беру мекемесінің мамандарының
жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші
(дамыту, оқыту, диагностика және т.б.) құрал.[9]
Компьютерде оқыту жүйесіне енгізуде оқытылатын теориялық материалдардың
қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда
болды және де мұнда оқу материалының мазмұны мен құрылысында өзгеріс
болады. Оқушы компьютермен жұмыс барысында мына жұмыстарға өзін бағыттай
алады: компьютерлік оқу бағдарламаларына (теориялық материалдарды оқу және
есептерді шығаруда) және бақылау жұмысына (жұмысқа қатысты түсініктеме алу,
жіберілген қателерді түзетуде әдістемелік нұсқау алу). Бұл мәселелер оқу
әрекетін жекелендіру-педагогиканың өзекті мәселесін шешуге көмектеседі.
Компьютерлік сауаттылықты және жаңа ақпараттық технологияны меңгеру
үрдісі адамдық факторлармен санасуды талап етеді. Бұл мәселе әсіресе
мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға білім беру сатысында
маңызды. Себебі, балалық шақ адамдық дарындылықты байқау көзі ғана емес,
сонымен бірге жанның тез жараланушы және психикалық әлсіздікке әкелетін
кезеңі болып табылады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалар өміріне
жаңалықтарды енгізуде өте сақ болу керектігін ескеру маңызды мәселе.
Компьютер адам іс-әрекетінің құралы қатарында негізінде жаңа әмбебап
ақпараттық құрылғы. Компьютер барлық мүмкін формаларда (мәтін, сан, дыбыс,
графика, бейне) ақпаратты қабылдай, сақтай, өңдей және шығара алатын
қабілеттілігі арқасында адамның барлық қызмет аймағында қолданылады. Жаңа
ақпараттық технология көмегімен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты
формасында ризашылығын көрсетеді, тиімдірек орындалады, адам өркениетті
бола бастайды, қоғамға, оның материалды және рухани жақтарына зор көңілмен
қарай бастайды.
Компьютерде оқу процесінде пайдаланудың мынадай жетістіктерін атауға
болады:
– Оқушылардың жеке дара жұмыс жасауын ұйымдастыруда. Ол үшін әр бір
оқушының өзіне тән ерекшеліктерін (ойлауын, қабылдауын, жұмыс
жасау жылдамдығын) ескере отырып жекелеме тапсырмалар құруға
болады;
– Денсаулығынан кемшілік бар балалар үшін (нашар естетін, көретін,
сөйлейтін) оқудың тиімділігін арттыруға болады;
– Оқушыда еркіндік позициясы орын алады, яғни оқушының жұрт
алдындағы жасқаншақтық әдеті ескеріледі;
– Оқушының жауапкершілігін арттырады, себебі, компьютердегі әр
тапсырма өзіне ғана арналғандығын сезінеді;
– Оқушының сабаққа деген қызығушылығы артады. [10]
Бала мектеп сатысынан-ақ жаңа ақпараттық технологияны меңгеруіне
болады. Ол үшін оның қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық
технологияның компьютерлік құралдары қолданыла бастаса, яғни күнделікті
қарым-қатынас құралы ретінде, ойын барысында, күшті еңбек кезінде,
конструктірлеу және т.б. өнімді шығармашылық жұмыстарында. Бұлар өз кезінде
ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасауды талап етеді және ол
баланың іс-әрекетінің интелектеулды құрылысымен сәйкес келуі керек.
Оқытуды компьютерлендіру қазіргі дидактика мен нақты әдіс-тәсілді
дамыту тенденциясы ретінде қарастырылады.
Әлемді компьютер жайлаған бүгінгі күнде есептегіш техникаларды тиімді
де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және кәсіби
сауаттылық қажет. Олай дейтініміз, ЭЕМ-мен жұмыс жасағанда, қандай да
болсын (табиғи тіл қатынасында да) сөйлем қателіктерін түсінбейтінін ескеру
керек. Машина көмегімен бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін көрініс моделін не
үрдісін дұрыс құра білу керек.
Оқыту технологиясын оқу үрдісіне лайықтап ұйымдастыруға ғылыми амал
таппаса болмайды. Сондай-ақ мектептің материалдық-техникалық базасын ғылым
мен техниканың соңғы жетістіктерін ескере отырып жаңарту шарт.
Электронды оқыту ғылыми-техникалық прогресс дамуының нәтижесінде туды.
Электронды оқыту жүйесі рецептивті (біржақты, оған телекөрініс – толқын мен
кабельді пайдалану кіреді) және интерактивті (бұл жүйе оқушы мен техника
құралдары арасындағы екі жақты қарым-қатынасын қамтамасыз етеді) болып
екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ
бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде
құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат
тұрғанымен, көрекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.
Компьютерлік оқыту интерактивті электронды оқытудың бір бөлігі болып
табылады және ол техникалық құралдардың бірі ретінде есептегіш машинаны
пайдалануды қамтиды. Демек, оқытудың мұндай жүйесінің құралы – компьютер
болып саналады. [11]
Мектептегі не сыныптағы есептегіш техникалардың көптігіне қарамастан
сабақтағы орталық тұлға “оқушы - ЭЕМ” жүйесіндегі өзара қарама-қатынасты
реттейтін мұғалім болып қалады. Өйткені ол – жалпы компьютерлік сауаттылық
жағдайындағы оқу үрдісінің әдіснамасы мен әдістемесін меңгерген адам.
Компьютерлік оқытудың әдіснамасын, ұстанымдарын, әдістемесін игеру
мұғалімнің мамандығына қарамастан профиссиограмма мен инвариантты
біліктілігі талаптарына сай болуы тиіс.
Сабақ барысында және сыныптан тыс жұмыстарда есептегіш техникаларды
пайдалану оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттеріне сай, сондай-
ақ, сабақтың мақсаты мен мазмұны және оның кезеңдеріне сәйкес әр түрлі
есептегіш машиналары құралдарының дифференциясы біркелкі жағдайда кешенді
болмағы ләзім.
1.2.1 Оқытуда компьютерді қолданудағы педагогикалық мәселелер
Есептеуіш техникаларды пайдалану оқушылардың сабаққа ынта-ықыласын
арттырып, ерекше танымдық қызығуын тудыратыны сөзсіз. Ал біртепті, яғни,
бірінші тоқсанның соңына қарай олардың бастапқы талпынысы төмендейді, ЭЕМ
құралынсыз сабақ қызықсық көрінетін болады. Сабақта ЭЕМ техникасын
пайдалану оқушылардың күшті не әлсіз даму деңгейін талғамайды, өйткені, ол
бәрін бірдей дамытуға бейім және оған мүмкіндік жағдайы да тең.
Электронды есептегіш машиналарды оқу үрдісіне енгізу оқушылардың
қызығуын арттыратыны соншалық, олар сабақтан тыс уақытта да құлшыныс
танытатын болады. Себебі, ЭЕМ-мен жұмыс жасау оқушының даярлық деңгейін аса
талап ете бермейді. Ал электронды машинаны толық меңгерген соң оқушының
оған қызығуы бұрынғыдан да арта түседі, әсіресе ойын элементтерін
орындағанда. Ойын оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды.
Өйткені, ойын тапсырмаларында мақсат айқын болғанымен, оған жетудің нақты
жолдары көрсетілмейді. Сондықтан, оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашады,
ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі. [12]
Есептегіш машинаны оқып үйренуші қандай режимде жұмыс істесін оның іс-
әрекеті мұғалімнің бақылауында болуы тиіс. Олай деуіміз негіз, бүкіл
сыныптың қабылдау қабілеттеріне байланысты, оқушының оны игеріп кетуінде
мұғалімнің ролі үлкен. Ал оқу үрдісіне, жалпы сабақ түрлерін, кері байланыс
көрсеткіштеріне байланысты оқытудың әдіс-тәсілдерін, т.б. ауыстырып отыруы
тиіс. Сондай-ақ қажет болған жағдайда оқушының назарын экран мен
клавиатурадан басқа жаққа аудара білуі де үлкен маңызға ие.
1.2.2 Электронды оқулық және оның тиімділігі
Білім берудің саласында "Электрондық оқулықтарды" пайдалану
студенттердің, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау
жүйесін қалыптастыруға шығармашылыкпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын
немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға
жылжу мүмкін емес.
Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып,
шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды.
Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу кұралдарының
атқаратын рөлі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп
түсіндіріледі. Теориялық материаддарды графикалық иллюстрация түріндегі
әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық
білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір
уақьпта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.
Электрондық окулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық
ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың концептуальдық негізі
модульдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар
электрондық окулық дайындаудың педагогикалық принциптер жүйесі оқытудың
дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, процесінің автоматтандырылған
формасы іспетті. "Электроңдық практикум" берілген оқушы оқулықты қажет
етпей-ақ информатика негіздерінен кез-келген мәліметті тауып алып, оқып —
үйренуіне болады. Лабораториялық, практикалық жұмыстар компьютер көмегімен
тез, жылдам түсіндіріледі. Бағдарламаны меңгеруге арналған тест
сұрақтарымен қамтамасыз етілген.
Қәзіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды
окулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды окулық оқушы үшін дайын
материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың
барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға
дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды
оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып,
оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады. [13]
Мүғалім үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық
түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық
тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
1.2.3 Kомпьютерлік оқу құралдарын жасау тәсілдері және ескерілетін
шарттар
Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын
кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады.
Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қәзіргі кезде оқытудың ең
керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі
ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабактарға қолдану үшін әлі де айқындалатын
жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Соңғы
кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті
мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.
Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру
тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз
ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Мұнда бірнеше мәселені қатар
шешуге тура келеді, олар:
– компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға
болатынын анықтау;
– оқу процесін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;
– компьютерге жүктелетін функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;
– әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес
келетін компьютерлік оқу құралын жасау.
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі
көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп
отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу кұралын жасауға қатыспайды.
Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық-оқу
материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің "алшақтығы" білім
берудің негізігі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде
берілген материалдарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет
етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал
беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу
кұралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына
баса көңіл аудару ісі алдын ала анықталады. [14]
Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және
әдістемелік кұралдар кұрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:
– таратылып берілетін оқу материалдары;
– бақылау және тестен өткізу материалдары;
– жаттығулар;
– сыныппен (топпен) немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге
арналған әдістемелер;
– әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану
тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен
алмастыру жолдары;
– экранда берілетін барлық акпараттық-оқу материалдарын компьютердің
мультимедиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру
тәсілдеріне қарай бейімдеу.
Компьютерлік оқу кұралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес
жасалады, ал оның акпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған
материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған компыотерлік
технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету
функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.
Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын
компьютерлік оқу құралын даярлау көпжақты мәселе болып саналады, оны жүзеге
асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу кажет.
Электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы
болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай
дидактикалық шарттарды ескеру керек сияқты.
– белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол
пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын;
– электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға
қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі зертханалық және
практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға
қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші; аралық және
қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда
пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын;
– электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын яғни,
берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру
керек;
– белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық
болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса
онда экранда пайда болатын оң жақ тік төменгі көлденеңінен жылжыту
сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура
келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және
мәтінді жоғары-төмен оңға —солға жылжыта беру пайдаланушының
шыдамдылығына да әсер етеді.
– бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі материалды
баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей
болуы керек.
– оқулықты шектен тыс иллюстрациялық анимациялық тұрғыдан көркемдеу
пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ кейбір пәндерге атап
айтқанда физика, химия, биология секілді пәндерге қатысты процестерді
анимациялап көрсету, тіпті кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін
MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтіңді формат
арқылы электрондық оқулықа кірістіру оқулықтың көркемдік әдістемелік
деңгейін арттырады. [15]
Оқыту программасы қаншалықты тиімді екендігін оны тек сабақта қолданып
болған соң, талай отырып айтуға болады .
Электрондық оқыту программасын жасайтын программалаушылардың қолданбалы
программалар жасау принциптерін оқу программаларына механикалық түрде
енгізбеуін қадағалау керек, ол кейбір кезде зиянын тигізуі мүмкін. Мұнда
программалардың нақты адамдардың әрекеттеріне әсер ететінін ұмытпау керек,
олардың ынтасы, қызығуы, ұмтылысы компьютердегі оқу процесінде ескерілуі
қажет.
Компьютер арқылы оқыту үшін даярланған сабақты программалау кезеңі
алдымен қабылданған сценарийдің орындалуын қамтамасыз ететін алгоритмді
құрудан тұрады. Ал, алгоритмдерді сипаттау оны түсінуге, оқуға жеңіл болуы
тиіс, оған қоса алған бағыттан ауытқымайтын дәл әрі анық болуы керек.
Алгоритмдер, бір жағынан программалаушы есптерге де түсінікті болса, екінші
жағынан – программа дұрыстығын тексеру үлгісіндей бола алуы да керек.
Алгоритмді сипаттау үшін олардың функционалдық ерекшеліктері мен сөздер
арқылы жазылуын байланыстыратын жартылай жасанды тіл қажет, оған қоса оның
объектілерін негізгі графикалық түрде бейнелеуге арналған мүмкіндіктердің
қарастырылуы тиіс .
Одан әрі компьютер арқылы жүргізуге дайындалған сабақтың программасын
жасау – берілген алгоритмді компьютер программасына аударуға барып
тіреледі. Мұндай жоғары деңгейдегі программалау тілдері немесе электрондық
сабақтарды жасаудың жүйелік құралдары қолданылады.
Мұнан соң даяр болған оқыту программалық жабдықтамалары әдістемелік
нұсқаулармен және пайдалануға қажетті ұсыныстармен толықтырылды.
1.2.4 Математиканы оқыту үрдiсiн компьютерлендiру жолдары
Қалыптасқан оқыту технологиясын компьютрлер өзгерiс енгiзуi тиiс.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда компьютерлiк ақпататтық технология
компьюетерлiк негiзде оқытудың түрлерiнiң, әдiстерi мен тәсiлдерiнiң
жиынтығы дегендi бiлдiредi. Әдiстеменi компьютерлiк қолдау туралы да айтуға
болады, бұл орайда ЭЕМ-ге қажеттi әдiстеме жасалуы тиiс.
Ақпараттық технологияны пайдалану ендi-ендi қалыптасып келедi. Толық
ақпараттандыруға жақындаған кезде компьютер мектептегi барлық сыныптарға,
аралық пәндерге кiрiгiп кетедi. Оқытудың компьютерлендiру туралы сөз
болғанда мұнадай күрделi мәселелерге зер салу кекрек: “Компьютер мұғалiмi”.
Компьютер мұғалiмiнiң орнын баса алмайды. Ол керек оқыту құралы болып қана
қалатын, бiрақ барынша жеткiлген көмекшi аспап. Бұл жерде мұғалiмнiң рөлi
ерекше әрi шешушi. Компьютер әрдайым мәлiмет ошағы бола бередi, одан
мұғалiм қажеттiсiн ала бiлу керек. Мұғалiмнiң рөлi негiзiнен оқушыларға
тиiстi деңгейде бiлiм беруге бағытталады, ал оқушы сол арқылы өз шама-
шарқынша компьютердi пайдаланып бiлгенiн дамыта түседi. Осылайша, бiлiм
берудiң ұжымдық түрiн нықтай отырып, даралап оқытуды да күшейте түсеге,
оқушылардың бiлiм сапасын жақсартуға болады. [16]
Мектепке компьютерлiк техниканың тереңдеп енуiне қарай мұғалiмнiң де
рөлi барынша арта түседi: ол оқушылардың даярлық деңгейi мен қабiлетiн
ескерiп, оқушылармен жеке, шығармашылық жұмыс iстеуге көбiрек уақыт табады.
Мұғалiмнiң сабаққа әзiрленуiнiң да өзгередi – педегогикалық құралдарды
мектеп алу, компьютрелiк оқытудың математика саласында орнын анықтауға
ерекше мән берiлдi.
Дербес компьютерлердi математика сабағында пайдаланудың мынадай
мiндеттерiн бөлiп айтуға болады:
– оқыту үрдiсiнде керi байланысты қамтамасыз ету ;
– даралап оқыту үрдiсiн жүзеге асырыу;
– компьютерлердiң графикалық мүмкiндiктерiн пайдаланып, жаңа сабақты
түрлендiрудiң көрнекiлiгiн арттырыды;
– қажеттi ақпаратты iздеуге байланысты тапсырмалар;
– математикалық есептердiң мәнiнде немесе математикалық модульдермен
сипатталатын әдiстер мен қилыстарды модульдеу;
Дербес компьютерлердi математика сабағына пайдаланудың негiзгi
түрлерiне әр түрлi бағдарламалар болады.
Компьютер арқылы оқыту арқылы оқыту үрдiсiн толыққанды түрде
ұйымдастырудың негiзгi үш аспектiсiн бөлiп айтуға болады;
– оқушылардың танымдық белсендiлiгiн басқару;
– оқу әрекетiн “мұғалiм – компьютер –оқушы” басқару;
– мүғалi мен оқушылардың өзара әрекетi мен ынтымақтастығын оқушылардың
өздерi басқарады. [17]
Математика сабағынды компьютерлiк оқытудың әр алуан түрлерi бар.
Мысалы, бiр түрiнде оқушы компьютермен тiкелей қарым-қатынас жасайды.
Компьютер оқушыға берiлген тапсырманы анықтап, тиiстi көмек көрсетедi. Бұл
жерде оку мұғалiмнiң қатысуынсыз өтедi. Екiншi бiр түрiнде компьютер
оқушылармен емес, мұғалiмдермен әрекетке түседi. Ол мұғалiмге көмек болады,
мысалы, оқушыларға орындаған бақылау жұмыстарының нәтежесiн шығарып,
жұмсалған уақытпен жiберiлген қателердi көрсетедi. Компьютер оқушыларға
қатысты қандайда бiр оқыту әрекетiн қолданудың мақсатқа сәйкестiгi жөнiгде
кеңес бередi. Бiрiншi түрдегi жүйе оқушының жаубынан кейiн шешiм қабылдаса,
екiншiсi тек тең ауқымды шешеiмдердi қабылдап, оқыту сценсерiн жасап
шығарады. Сонымен бiрге ол математиканы оқыту құралдарының бай арсеналын
кеңiнен пайдалана отырып дәстүрлi оқыту шеңберiне кiредi. Дербес компьютер
оқушының оку үрдiсiне белсене араласуына жағдай жасап, қызығуын оятып, оқу
материалын түсiнiп әрi есте сақтауына жәрдемдесуi тиiс.
Болашақ математика мұғалiмiнiң әдiстемелiк даярлығы мектептi
компьютерлендiру iсiмен байланысты.
Есептегiш техника құралдармен мектепте шешуге болатын есептер шексiз
өрiсi кеңейе түсуде. Есептегiш техника құралдарын енгiзуiне байланысты
математиканы оқыту әдiсi мен мазмұны, көлемi, сипаты өзгеруде. Есептеу
жұмыстарының мазмұны, көлемi, сипаты өзгеруде. Мектептегi дәстүрлi дара
есептеулер, сондай-ақ пропорцияның белгiсiз мүшесiн табуға, графиктер
құруға, кестелер толтыруға қатысты, бiр формула бойынша көптеген мәрте
есептеу , т.с.с. компьютердiң көмегiмен орындалып, математика сабағында көп
уақыт үнемделедi. ЭЕМ-нiң есептеу мүмкiндiктерiн алгебралық және
трансценденттiк теңдеулер жүйесiн шешуде пайдалану мүмкiндiктерi де
ашылуда. Есептеу эксперименттi мектептегi математиканың толыққанды әдiсiне
айналуда, ол оқушыларға шектердiң ұқсастығы мен сабақтастығы ұғымын
көрсетуге, геометриялық фигуралардың ерекшелiктерi туралы оқушылар болжамын
есептеу арқылы тексеруге т.б. мүмкiндiк бередi. ЭЕМ-де қозғалысты
бейнелеуге болады, сол арқылы түрлендiрулiң тобына байланысты геометриялық
фигуралардың ерекшелiктерiн бiлуге, компьютердiң графикалық мүмкiндiктерiн
сызбалар, модельдер, кеңiстiктiк фигуралар құрастыруға пайдалануға
мүмкiндiк мол.
1.2.5 Математиканы оқытуда компьютердi пайдалану
Математика мектепте оқылатын пәндердiң iшiндегi негізгi, iргелi
ғылымдардың бiрi, ол адам мәдениетiнiң маңызды элементi болып саналады.
Математиканың мектептегi бағдарламасының басым бөлiгi практикада
қолданылыды немесе басқа ғылыми пәндiк салаларға негiз бола алады.
Математиканың көптеген қырлары бар, ол адамның ұқыптылық, ынталық, жаңаны
қабылдау тәрiздi, өзгерiске жиi ұшырайтын әлуметтiк, техникалық, табиғи
құблыстарға бейiмдеушiлiк сияқты жеке қасиеттерiн де дамытуға көп үлес қоса
алады.
Ғылымның жеке салаларындағы бiлiм мазмұнын интергациялап оқытудың
маңызы зор. Бiлiм мазмунын интергецмялап оқытудың әдiстемесiнде өзiне тән
қағидалары, түрлерi, әдiстерi бар.
Соның бiрi интеграцияланатын оқу пәндерiнде бiрдей зерттей әдiстерiнiң
пайдалануы. Мысалы Алгебра, геометрия, информатика негiздерi пәндерiнiң
-концептуалды құрылым негiздерi бiрдей – талдау – алгоритмдiк жүйе –
Бағдарлама. Осы инеграцялауда қосарланған сабақтар, яғни алгебрамен
информатика конференция сабақ түрiнде өтедi .
Американдық педагог-ғалым Б.Хантер анықтамасы бойанша: Багдарламалау
ебдейлiгi компьютерлiк сауатылықтың болуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz