Біріккен жарғылық капитал



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

ТАРАУ. Біріккен кәсіпорынның мәні мен құрылымы

1.1. Біріккен кәсіпорынның мәні
1.2. Біріккен кәсіпорынның құрылымы

ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІГІ

1 Айналымнан тыс активтер мен тауар-материалдық

жинақ есебі

3 Қаржы инвестициясының есебі

1. Меншікті капитал, табыстар мен шығыстар
есебі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Біріккен кәсіпорын дегеніміз екі немесе одан да көп тараптардың бір
экономикалық ұйымға біріккен шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады
және олар бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Олардың
еліміздің нарықтық экономика жағдайында алатын орны ерекше. Себебі қазіргі
таңда елімізде біріккен кәсіпорындар, әсіресе шетел кәсіпорындары өз
қызметін жүзеге асыруда. Оны біз 2004 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша
дәлелдей аламыз. Мұнда Республикамызда Ресей, Түркия, Герман, АҚШ, Қытай,
Ұлыбритания, Иран, Оңтүстік Корей және сол сияқты өзге де 81 ел арқылы
құрылған 1388 шетел және біріккен кәсіпорындар болды. Сондықтан осы
көрсеткіштерге сүйене келе, біріккен кәсіпорындардың еліміздегі ескеріпғ,
дипломдық жұмысымды Біріккен кәсіпорынның есеп ерекшелігі мен аудиті деп
алдым. Себебі бірлескен кәсіпорындар еліміздің экономикасына жыл сайын
елеулі өзгерістер енгізіп, қазіргі таңда өзекті болып отыр.

І-тарау. Біріккен кәсіпорынның мәні мен құрылымы

1.1. Біріккен кәсіпорынның мәні
1.2. Біріккен кәсіпорынның құрылымы

Компаниялардың бірігуі: Қазақстан және МСФО
Қазақстан Республикасы заңдылығын соңғы өзгерістерге сәйкес Қазақстан
Республикасында қаржылық есептің халықаралық стандартын пайдалану сұрақтары
маңызды болып отыр. 24.06.02 жылы Бухгалтерлік есеп туралы заңының
өзгерісіне сәйкес 01.01.03 жылы Қазақстанда бөлек (әсіресе ірі) ұйымдарға
МСФО қабылданса, 01.01.04 жылы барлық қалған ұйымдарға қабылданды.
Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттар негізінен МСФО негізінде
дайындалған.
Қазақстан экономикасының тұрақтылығы ірі өнеркәсіптік және қаржылық
топтардың және барлық экономика интеграциясының құрылуына әкеледі. Бұл
құбылыс банк секторының дамуында анық көрсетілген. Соңғы жылдары
коммерциялық банктердің саны күрт төмендеп кетті және оны құрудың
әдістерінің бірі банктерді біріктіру болды. Соған байланысты компанияларды
біріктіру есебі қазіргі таңда маңызды болып отыр. Осындай баптарда МСФО-ға
сәйкес біріктіру де есептің негізгі жағдайлары ашып көрсетілген, ал егжей-
тегжейлі сұрақтар МСФО-ға тіркелген қосымшада келтірілген.
22 МСФО-ға сәйкес компанияның есебін біріктірудің екі әдісі бар: сатып
алу және мүдделердің бірігуі.
Сатып алу – бұл белгілі бір сатып алушы компания сатушы компанияның
таза активтері мен операцияларын басқару мүмкіндігін алу арқылы бірігу.
Мүдделердің бірігуі – бұл бірігіп отырған компаниялар акционерлері
жақтарының бірді біреуі сатып алушы ретінде анықталмау үшін қауіп пен
пайданы бөлудің ұзақ мерзімді келісіміне қол жеткізу үшін оның біртұтас
таза активтер мен операцияларына бақылау жүргізу.

Сатып алу
22 МСФО-ға сәйкес барлық біріккен компаниялардың біреуі екіншісінен
бақылауға мүмкіндік аладыы, бұл сатып алушы компанияны анықтайды. Бақылауға
мүмкіндік алу біріккен компанияның біреуі екіншісінің дауыс беру құқы бар
акцияларының жартысын сатып алу болып табылады. Бірақ компанияны басқаруда
мұндай акция пакетінің мүмкін еместігі көрсетілмеуі керек. Тіпті біріккен
компаниялардың біреуінің келесі компанияны басқаруға сол компанияны дауыс
құқы бар акцияларының жартысынан көбін иемденбесе, сатып алушы компанияны
анықтау мүмкіндігі болады. Егер біріккен компаниялардың біреуі бірігу
нәтижесінде мыналарды иемденсе:
a) өзге инвесторлармен келісу арқылы дауыс құқы бар акциялардың жартысын
иемденсе;
b) жарғы мен келісімге сәйкес өзге компанияның жарғылық және ағымдағы
саясатын анықтай алса;
c) басқа компанияның басқарудың талдамалы органдарын немесе директорлар
кеңесі мүшелерінің көбін тағайындау мен араластыру құқығы болса;
d) басқа компанияның басқарушылық талдамалы органдарында немесе
директорлар кеңесі жиналысында жоғары дауыс алу құқығы болса.
Кейбір жағдайларда сатып алушы компанияны анықтау мүмкіндігі болмайды,
сондықтан оның мынадай көрсеткіштері болады:
a) бір компанияның құны басқа компанияның құнынан жоғары болады. Бұл
жағдайда үлкен компания сатып алушы болып табылады;
b) ақша қаражатына дауыс құқы бар жай акцияларды алмастыру жолымен
компания біріге алады. Бұл жағдайда ақша қаражатын беретін жақ сатып
алушы болып табылады;
c) біріктіру барысында болатын компанияны басқару кадрларын іріктеуде
бір компанияны басқаруда үстем ету мүмкіндігіне әкеледі. Бұл жағдайда
үстем етуші компания сатып алушы болып табылады.
Сатып алу әдісін қолдану өзге активтерді сатып алу сияқты компанияны
сатып алуда да дәл есептеуге әкеледі. Сатып алу өзге компанияның таза
активтері мен операцияларын басқаруға алмастыратын операция болып
табылғандықтан, дұрыс болып табылады және өзіне міндеттемелерін алып,
айырбас үшін акциялар шығарады. Сатып алу әдісі сатып алу құныны есебінің
негізі ретінде қолданылады және оны анықтау сатып алуға жататындықтан
айырбас операциясына негізделеді.
Сатып алу әдісін қолдануда сатып алу күнін анықтау маңызды. Сатып алу
күні компанияның сатып алушыға таза активтері мен операцияларын бақылауға
нақты берген күні мен сатып алу әдісін бастап қолданған күні болып
табылады. Сатып алынған компания операцияларының нәтижелері сатып алушының
қаржылық есептілігіне сатып алынған күннен, яғни сатып алынған компания
сатып алушының басқаруына нақты өткен күннен бастап қосылады. Қызмет
бойынша сатып алу күні компанияның оның қызметінен табыс табу мақсатында
қаржы және ағымдағы саясатын басқару құқын алған күн болып табылады. Сатып
алушыға басқару қатысушы жақтардың мүддесін қолдау шарттары
қанағаттандырылғаннан кейін ғана жүзеге асады. Бірақ бұл операциялар сатып
алушының басқаруына нақты өткенге дейін аяқталынып жабылғанын талап
етпейді.
Сатып алушы сатып алынған компаняның қорытындысы туралы пайдасы мен
зияндарын сатып алған күннен бастап есептілігіне енгізеді және сатып алуда
болатын жағымды және жағымсыз іскерлік репутация көлемін, сатып алынған
компанияның активтері мен міндеттемелерінің сәйкестілігін баланста көрсетуі
қажет. Сатып алу құны оның бастапқы құны бойынша есептелінеді, ал бастапқы
құн төленген ақша қаражаты немесе оның эквиваленттеріне, не өзге
компанияның таза активін басқаруды сатып алушыға сатып алушыны алмастырған
өзге операцияларға сатып алумен тікелей байланысты кез-келген шығындарды
қосқанға тең.

Сатып алу әдісін қолдануға мысал.
А банкі Б банкінің 94% акциясын сатып алады. А компаниясы 01.02.02
жылы Б компаниясының иесіне 500 000 мың теңге төледі. Сатып алу күнгі
меншікті капитал құны 550 000 мың теңге құрады.

Б банкінің таза активін сатып алу күні.
10.02.02 жылы сатып алынған таза активі Сомасы мың теңге
Қолма-қол ақша қаражаты және Ұлттық банктегі 250 000
құндылықтар
Кредиттік мекемелердің берешектері 110 000
Клиент қарыздары, нетто 600 000
Негізгі құралдар, нетто 120 000
өзге де активтер 120 000
Клиенттерге берешек (550 000)
өзге де берешектер (кредитор) (100 000)
Таза активтер 550 000
Азшылық үлесі 33 000
Теріс азшылық үлес есебінен таза активтер 517 000
Төленген сатып алу құны 500 000
Жағымсыз гудвилл 17 000

Азшылық үлесі =550 000 мың теңге * 6% = 33 000 мың теңге. Сатып
аланған күнгі төленген нақты сома мен таза активтің сомасы арасындағы
айырма жағымсыз гудвилл болып табылады. Гудвиллдың амортизациясы 20 жылдан
аспайды.
Сол сияқты сатып алу керісінше Б банкінің активіне алмастыру үшін А
банкі акция шығару арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта акцияға
айырбасталған номиналдық құны мен актив құнының арасындағы айырмашылық А
банкінің қосымша төленген капиталы ретінде танылады.

Мүдделердің бірігуі
Міндеттемелер мен активтердің бірігуі
Бөлек компанияның активі мен міндеттемелері біріккен компанияның
активі мен міндеттемелері болып табылады.
Біріккен меншікті капитал
Бөлек меншікті капитал мүдденің бірігу әдісі секілді бірігеді.
Біріккен компания бөлек компанияның шығарған акциясының номиналдық және
белгіленген құнында негізгі капитал мен қосымша капиталды жазады. Бөлек
компанияның бөлінбеген табысы немесе жетіспеушілігі бірігіп, біріккен
корпорацияның бөлінбеген капиталы ретінде танылады. Номиналдық және
бөлінбеген сомада біріккен компаниялардың шығарылған акцияларының көлемі
бөлек біріккен компанияның негізгі капиталы қорытынды сомасынан асуы
мүмкін. Артығы бірінші біріккен пәрменді капиталынан кейін біріккен
бөлінбеген табыстан ұсталынуы керек.
Біріккен компанияның қаржылық есептілігі
Бірігу үшін мүдделердің бірігу әдісін қолданатын компания егер
компаниялар есептік кезеңнің басында бірігетін болса, сол қосылу болған
кезінде қаржылық есептілігін ұсыну керек. Есепті кезеңдегі операциялар
нәтижесі бірігудің басынан соңғы күніне дейін біріккен және осы күннен
кезең соңына дейін операциялардың біріккен бөлек компаниялардың нәтижелерін
қосады.
Кезеңнің басында бөлек компанияның бухгалтерлік балансы мен өзге
қаожылық ақпараттарды сол күні біріккен компаниялармен ұсынылуы керек.
Өткен жылы жеке компанияның қаржылық есептілігі мен қаржылық ақпараттары
ақпараттар ұсыну үшін біріккен негізде қайта бекітілуі қажет. Қайта
бекітілген қаржылық есептілік пен қаржылық ақпарларда бұрынғы жеке
компаниялар біріккендігі туралы қаржылық ақпараттар нақты, анық көрсетілуі
қажет.

Мүдденің бірігуі әдісі бойынша бірігуге мысал
Компанияның меншікті капиталының бірігуі
Баланс баптары А банкі Б банкі Біріккен капитал
Жарғылық капитал 180 00 250 0000 400 000
Резервтер 50 000 50 0000 100 000
Бөлінбеген табыс 100 000 20 000 120 000
Барлық капитал (таза актив) 300 000 320 000 620 000

Акция үлесінің бөлінуі
АкционерлеА банкісінің тазаБ банкісінің таза Біріккен меншікті
р активінің үлесі активінің үлесі капиталдағы үлес
Мың теңге(1)%(2) Мың теңге(3)%(4) Мың теңге(5=1+3)%
А акционер225 000 75 0 0 225 000 36,3
Б акционер40 000 13 20 000 6,25 60 000 9,7
С акционер35 000 12 50 000 16,6 85 000 13,7
Д акционер0 0 250 000 78,125 250 000 40,3
300 000 100 320 000 100 620 000 100

Біріккен банктердің акционерлік капиталында және біріккен таза
активтерінде акционерлердің үлесі
Әрбір акционерлердің үлесі анықталғаннан кейін олардың үлесі бойынша
акционерлерде бар акцияларды жаңа акцияларға алмачстыруы қажет. Жаңа
акционерлік капитал әрқайсысы 1 мың теңге номиналдық құнан тұратын 400 000
акциядан тұрады делік, әрбір акционерге тиістісі келесідей болады:
Акционер Біріккен жарғылық капитал
Акция саны Үлесі %
А акционер 145 200 36,3
Б акционер 38 800 9,7
С акционер 54 800 13,7
Д акционер 101 200 40,3
400 000 100

Бірігу бойынша есеп әдістерін анықтауда негізгі кезеңдерді ескеріп,
есептің қай әдісін қолдану керектігін нақты анықтау қажет. Жалпы барлық
жағдайда да сатып алушыны анықтау мүмкіндігі бар және тиісінше сатып алу
әдісін қолдану қажет, тек айрықша жағдайларда ғана мүдделердің бірігу әдісі
қолданылады.
Аблахат Кебиров
Ernst & Young Kazakhstan
Компаниясының аудит бойынша менеджері
Ваш капитал №4 мамыр 2003ж., 11 бет
Бірлескен қызметке қатысу (дәлірегі, қатысқандық) туралы есеп беру
(ҚЕХС 31)
Бірлескен кәсіпорын – екі немесе оданда көп тараптар экономикалық
қызметті, оған бірігіп бақылау жүргізу шартымен жүзеге асыру бойынша
келісімшарттық келісім.
Бақылау – пайда алу мақсатындағы экономикалық қызметтің қаржылық және
операциялық саясаттарын басқарудың мүмкіндігі.
Бірлескен бақылау – келісімшарттық келісіммен экономикалық қызметке
бақылауды бөліп жүргізу.
Елеулі ықпал – бұл кәсіпорынның экономикалық қызметінің қаржылық және
операциялық саясаттар бойынша шешімдері қабылдауға қатысудың мүмкіндігі,
алайда мұндай саясатты бақыламайды және бірлесіп бақылаудың да қажеті жоқ.
Бірлескен қызметтің қатысушысы – кәсіпорынға бірігіп бақылау жүргізуді
жүзеге асыратын бірлескен кәсіпорындағы тарап.
Бірлескен кәсіпорындағы инвестор – кәсіпорынға бірлесіп бақылау
жүргізуге қатыспайтын бірлескен кәсіпорындағы тарап.
Үйлесімді шоғырланым – есеп пен есеп берудің әдісі. Ол бойынша
бірлесіп бақыланатын субъектінің активтеріне, міндеттемелеріне, кірістері
мен шығыстарына қатысушылардың үлесі бірлескен қызметке қатысушылардың
қаржы есептемесіндегі ұқсас баптары мен жолма-жол бірігеді немесе оның
қаржы есептемесіндегі жекеленген жолдармен беріледі.
Үлестік қатысу әдісі – есеп пен есеп берудің әдісі. Ол бойынша
бірлесіп бақыланатын субъект үлес алғашқыда бастапқы құн бойынша
ескеріледі, содан соң бірлесіп бақыланатын субъектінің таза активтеріндегі
сатып алудан кейін болатын қатысу үлесінің өзгерісіне түзетіледі. Пайда мен
залал туралы есеп беру бірлесіп бақыланатын субъектінің операциясындағы
бірлескен қызметке қатысушының үлесін көрсетеді.
Бірлесіп бақыланатын қызмет (операциялар)
Бірлесіп бақыланатын операцияның формасында ұйымдастырылған бірлескен
қызметтің қатысушысы өзінің жеке қаржы есептемесі мен шоғырландырылған
қаржы есептемесінде мыналарды тану керек:
1. Бақыланатын активтер мен қолдағы міндеттемелер;
Өтелген шығындар және бірлескен қызметпен байланысты тауарларды немесе
қызметті өткізудің нәтижесінде алатын табысындағы өзінің үлесі.
Жеке қаржы есептемені жасау барысында бірлескен қызметтің
қатысушысы өзі бақылайтын активтер мер міндеттемелерді, бірлескен
қызметтің нәтижесіндегі өтелген шығындар мен табыстар үлесін мойындайды.
Сондықтан да шоғырландырылған есепті жасау барысында түзету мен біріктіру
бойынша басқа да операциялар қажет болмайды (3-слайд).

Бірлесіп бақыланатын активтер
Бірлесіп бақыланатын активтер формаларында ұйымдастырылған
бірлескен қызметтің қатысушысы өзінің жеке қаржы есептемесінде мыналарды
тануы керек:
1. бірлесіп бақыланатын активтердегі өз үлесін;
2. қолдағы кез-келген міндеттемелерді;
3. біріккен кәсіпорындағы міндеттемелердегі өз үлесін;
4. өткізуден түскен табысты немесе бірлескен кәсіпорын өтеген
шығыстардағы өзінің үлесімен бірге бірлескен кәсіпорын өніміндегі
өз үлесін пайдалану;
5. бірлескен кәсіпорындағы өзінің үлесіне қатысты өтелген шығыстарды.
Активтерді бірлесіп бақылау формаларында ұйымдастырылған бірлескен
кәсіпорын қатысушыларғы бөлінген және өтейтін шығыстардың дербес есебін
ұйымдастырады.
Бірлесіп бақыланатын субъектілер
Бірлесіп бақыланатын субъектілер – бұл әрбір қатысушының өз үлесі
болатын серіктестік, корпорация немесе басқа да кәсіпорын формасында
ұйымдастырылған бірлескен кәсіпорын. Бірлесіп бақыланатын субъектілердің
қатысушысы бірлесіп бақыланатын субъектілердегі инвестициялардың есебін
өзінің есеп тіркемелерінде, инвестицияның есеп шотын қолдана отырып
жүргізеді. Бірлесіп бақыланатын субъектілердегі бухгалтерлік есепті
ұйымдастыруды, қаржы есептемесін әзірлеуді және ақпараттарды жүйелеуді жеке
жүргізеді. Субъектіні бірлесіп бақылау формасындағы бірлескен қызметке
қатысушылардың шоғырланған қаржы есептемесін әзірлеуге стандарттармен
үйлесімді шоғырландыру әдісі анықталады.
Үйлесімді шоғырландыру әдісі мынаны ұйғарады: қатысушылардың
шоғырланған бухгалтерлік балансы бірлесіп бақыланатын субъектілердегі
міндеттемелердің тиісті үлесін және бақыланатын активтердің тиісті үлесін
қамтиды. Қатысушылардың пайдасы мен залалы туралы шоғырланған есеп беруі
бірлесіп бақыланатын субъектілердегі кірістер мен шығыстар үлесін қамтиды.
Үйлесімді шоғырландыру әдісін жүзеге асырудың, шоғырландырылған есеп
беруде қатысу үлесін көрсетудің екі шешімін тапты. Ол – бірлескен қызметке
қатысушылардың кірістері мен шығыстарындағы, міндеттемелеріндегі,
активтеріндегі қатысу үлесін жолма-жол жинақтау арқылы немесе активтердегі,
мендеттемелердегі және кірістер мен шығыстардағы қатысушының үлесін
шоғырландырылған қаржы есептемесінде жекеленген баптар бойынша жеке көрсету
жолдары.
Ұйғарымды баламалы нұсқа – қауымдастырылған кәсіпорындағы
инвестициялардың есебі атты 28 халықаралық сатндартқа сәйкес үлестік
қатысу әдісін қолдану.
Үйлесімді шоғырландыру әдіснамасы төмендегі шоғырландыруға арналған
жұмыс кестесі түрінде ресімделген есеп айырычсуда келтіріледі:

Жұмыс кестесі
Кірістер мен шығыстар (пайда мен зиян)
туралы есеп беруді шоғырландыруға арналған
Бап атауы Қатысу-шыБірлесіп ТүзетЖеке
ның есеп бақыланатын у есеп
беруі субъектінің есеп беру
беруі
Барлы-ғҚатысушыныД К
ы ң үлесі
1 2 3 4 5 6 7
Тауарды сатудан түскен табыс
Оның ішінде: бірлесіп бақыланатын
субъектілер мен операциялар
Өткізілген тауардың өзіндік құны
Жыл басындағы тауар-материалды
қор
Оның ішінде: бірлесіп бақыланатын
субъектілер мен операциялар
бойынша сатып алынған
тауар-материалды қор
Сатып алу
Оның ішінде: бірлесіп бақыланатын
субъектілер мен операциялар
бойынша сатып алынған
тауар-материалды қор
Жыл соңындағы тауар-материалды
қор
Оның ішінде: бірлесіп бақыланатын
субъектілер мен операциялар
бойынша сатып алынған
тауар-материалды қор
Өзіндік құнның қорытындысы
Салық салынуға дейінгі таза табыс
Табыс салығы бойынша шығыстар
Салық салынғаннан кейінгі таза
табыс
Дивиденттер
Бөлінбеген табыс

Жұмыс кестесі
Бухгалтерлік балансты шоғырландыруға арналған
Бап атауы Қатысу-шыБірлесіп ТүзетЖеке
ның есеп бақылана-тын у есеп
беруі субъектінің есеп беру
беруі
барлығҚатысушыныД К
ы ң үлесі
1 2 3 4 5 6 7
Негізгі құрал-жабдықтар
Инвестициялар
Тауар-материалды қор
Дебиторлық берешектер
Активтер қорытындысы
Акционерлік капител
Өткен жылдың бөлінбеген табысы
Есепті кезеңнің бөлінбеген табысы
Міндеттемелер
Меншікті капитал мен
міндеттемелердің қорытындысы

Кірістер мен шығыстар (пайда мен залал) туралы шоғырландырылған есеп
беру
Бас компания мен еншілес компанияның кірістері мен шығыстары туралы
есеп беруді шоғырландырудың әдістемесі – ұқсас баптарды жолма-жол жинақтау.
Топ ішінде есеп айырысу мен топ ішіндегі операциялар бойынша қалдықтар,
оның ішінде тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыстар, шығыстар
және дивиденттер шоғырландырылған қаржы есептемесін беруді жасау барысында
толық есептен шығарылуы тиіс. Тауар-материалды қорлар мен негізгі құрал-
жабдық секілді активтердің баланстық құнына кірген топ ішіндегі операциялар
бойынша өткізілмеген табыс толық есептен шығарылады. Топ ішіндегі
операциялар бойынша өткізілмеген залалда шығынның орны толтырылуы мүмкін
болмаған жағдайдан басқа уақытта активтердің баланстық құндарын есептеу
барысында шегерілелді.
Төмендегі кестеде бухгалтерлік баланстың баптарын жолма-жол жинақтау
бойынша процедуралар клтірідген. Ондағы :
БТ – бас компания табысы;
ЕТ – еншілес компанияның табысы;
ЕУТ – топ ішіндегі операция бойынша еншілес компанияның табысы;
БУТ – топ ішіндегі операция бойынша бас компанияның табысы;
БУӨ - топ ішіндегі операция бойынша бас компанияның сатылған
өнімдерінің өзіндік құны;
ЕУӨ - топ ішіндегі операция бойынша еншілес компанияның сатылған
өнімдерінің өзіндік құны;
БУҚ – топ ішіндегі операция бойынша сатып алынған бас компанияның
тауарлы-материалдық қорлары,
УӨТ – топ ішіндегі операциялар бойынша өткізілмеген табыс;
ВРПН – топ ішіндегі операция бойынша өткізілмеген табыстың салық
тиімділігі;
ТД – топ ішіндегі есеп айырысудағы дебиторлық берешек;
ЕКИ – еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның
тиісті қатысу үлесін білдіретін еншілес компанияның акцияларындағы
инвестиция;
Г – гудвилл, жағымды іскерлік бедел;
БК – бас компанияның кредиторлық берешегі (міндеттемесі);
ЕК – еншілес компанияның кредиторлық берешегі (міндеттемесі);
УК – топ ішіндегі есеп айырысудағы кредиторлық берешек;
АҮ – еншілес компанияның меншікті капиталындағы азшылық үлесі;
БК – бас компанияның меншікті капиталы;
ЕК – еншілес компанияның меншікті капиталы.
Бухгалтерлік балансты шоғырландыру бойынша жұмыс кестесіндегі дүзету
жазбасы былайша болады:
1. топ ішіндегі есеп айырысу бойынша дебиторлық және кредиторлық
берешектерді есептен шығаруды:
1) Топ ішіндегі есеп айырысу бойынша кредиторлық берешек (ТҚ)
баланстың бабының дебиті; Топ ішіндегі есеп айырысу бойынша
дебиторлық берешек (ТД) баланстық бабының кредиті;
2) Еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның
тиісті қатысу үлесі мен еншілес компанияның акциясындағы бас
компания инвестициясының баланстық құндарын есептеп шығаруды;
3) Баланстық құн бойынша - еншілес компанияның меншікті
капиталындағы бас компанияның қатысу үлесіне (ЕКИ)
пропорционалды Еншілес компанияның меншікті капиталы баланстық
бабының дебиті;
4) Еншілес компанияның меншікті капитаындағы тиісті үлестің
баланстық құны мен сатып алуға жұмсалған шығынның арасындағы
айырмашылыққа Гудвилл (Г) (Жағымды немесе жағымсыз іскерлік
бедел) баланстық бабының дебиті немесе кредиті;
5) Жұмсалған шығынның баланстық құны бойынша – Еншілес компанияның
акциясындағы инвестиция (ЕКИ) баланстық бабының кредиті;
6) Кірістер мен шығыстар туралы есеп беруді біріктіру бойынша жұмыс
кестесіндегі түзету жазбасы былай болады (төменде келтірілген
мысалдың мәліметтері бойынша):
2. Топ ішіндегі операция бойынша кірістер мен шығыстарды (сатылған
тауарлырдың өзхіндік құнын) есептеп шығаруда:
Сатылған тауарлардан (жұмыс, қызмет) түсетінтабыс (ЕУТ) транзиттік
бабының дебиті – 20 000 теңге, Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет)
өзіндік құны (ЕУӨ) транзиттік бабының кредиті – 15 000 теңге, Тауарлы-
материалдық қорлар (БУҚ) баланстық бабының кредиті – 5 000 теңге.
Бұл түзету жазбасы топ ішіндегі операция бойынша кірістер мен
шығыстарды жоюға мүмкіндік береді әрі өткізілмеген табыстың сомасына
тауарлы-материалдық қорларға кірген өткізілмеген табыс топ тұрғысынан
алғанда бір бүтін тұтас болады. Еншілес компанияның бас компанияның мекен-
жайына жөнелткен тауарлы-шоғырландырылған қаржы есептемесі тұрғысынан
алғанда сатылмаған болып саналады.
Сондықтан да тауарлы-материалдық қордың баланстық құнының шамасы
өткізілмеген табыстың шамасына түзету жасауды ескере отырып, құн бойынша
бағалау қажет. Кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің қалған баптары
жолма-жол жиынтықтау жолымен біріктіріледі.
Топ ішіндегі операция бойынша табыстарды танудың мерзімін ұзарту 1500
теңге (5 000*30%) – Табыс салығы бойынша шығыстар транзиттік баптың
кредиті бойынша және Мерзімі ұзартылған табыс салығы баланстық баптың
дебиті бойынша корреспонденциясымен мерзімі ұзартылған салық тиімділігін
тануды да талап етеді.

Кірістер мен шығыстар (пайда мен залал) туралы есеп беруді
шоғырландыру
Түзетуден
Түзетілгенгекейінгі
Бап атауы Бас компания Еншілес дейінгі шоғырланды
компания шоғырландырырылған
лған сома сома
Тауарларды (жұмыс, қызмет) БТ ЕТ БТ + ЕТ БТ + ЕТ
сатудан түсетін табыс
Бас компания мен еншілес ЕУТ
компанияның арасындағы
тауарларды (жұмыс, қызмет)
сатудан түскен табыс
Табыстар қорытындысы
Өткізілмеген өнімдердің БӨ ЕӨ БӨ + ЕӨ БӨ +ЕӨ
өзіндік құны
Бас компания мен еншілес ЕУӨ
компанияның арасындағы
операциялар бойынша
өткізілген өнімдердің
өзіндік құны
Жалпы табыс БУТ ЕУТ
Кезең шығыстары БКШ ЕКШ БКШ + ЕКШ БКШ + ЕКШ
Салық салынғанға дейінгі Түзетуді
таза табыс ескерумен
Табыс салығы бойынша Түзетуді
шығыстар ескерумен
ВРПН
Салық салынғаннан кейінгі Түзетуді
таза табыс ескерумен
ВРПН

Топ ішіндегі кәміл операция бойынша кірістер мен шығыстарды есептеп
шығарушы түзетуші жазба
Бап атауы Бас Еншілес Түзету жазбасы Түзетуден
компания компания кейінгі
шо-ғырланд
ырылған
сома
Д К
Тауарларды (жұмыс, қызмет) БТ ЕТ БТ + ЕТ
сатудан түсетін табыс
Бас компания мен еншілес ЕУТ ЕУТ
компанияның арасындағы
тауарларды (жұмыс, қызмет)
сатудан түскен табыс
Өткізілмеген өнімдердің БӨ ЕӨ БӨ + ЕӨ
өзіндік құны
Бас компания мен еншілес ЕУӨ ЕУӨ
компанияның арасындағы
операциялар бойынша
өткізілген өнімдердің
өзіндік құны
Жалпы табыс БУТ ЕУТ Түзетуді
ескерумен
Кезең шығыстары БКШ ЕКШ БКШ + ЕКШ
Салық салынғанға дейінгі Түзетуді
таза табыс ескерумен
Табыс салығы бойынша ВРПН Түзетуді
шығыстар ескерумен
- ВРПН
Салық салынғаннан кейінгі Түзетуді
таза табыс ескерумен

Кірістер мен шығыстар туралы есеп беруді шоғырландырудың жұмыс кестесі
Бап атауы Бас Еншілес Түзетілгенге Түзетуден
компания компания дейінгі кейінгі
шоғырланды-рышоғырланды-р
лған сома ылған сома
Ұзақ мерзімді активтер БА ЕА БА + ЕА БА +ЕА
(инвестициядан басқасы) (А)
Тауарлы-материалдық қорлар БҚ ЕҚ
Бас компания мен еншілес БУҚ БУҚ - БУҚ - ӨТ
компанияның арасындағы өткізілген
операциялар бойынша табыс (ӨТ)
тауарлы-материалдық қорлар
Топ ішіндегі есеп айырысу ТД ТД
бойынша дебиторлық берешек
Еншілес компаниядағы ЕКИ + Г ЕКИ + Г
инвестиция (ЕК)
Гудвилл (Г) Г
Мерзімі ұзартылған табыс МҰТС
салығы
Активтердің қорытындысы Σ Σ Σ
Кредиторлық берешек (К) БК ЕК БК + ЕК БК + ЕК
Топ ішіндегі есеп айырысу УК УК
бойынша кредиторлық берешек
(УК)
Азшылық үлесі АУ
Меншікті капитал (К) БК ЕК = ЕКИ БК + ЕКИ + АУБК
+ АУ
Бөлінбеген табыс Түзетуді
ескерумен
ВРПН
СК және О қорытындысы Σ Σ Σ

Топ ішіндегі есеп айырысуды есептен шығарушы түзетуші жазба
Бап атауы Бас Енші-лТүзетуші жазба Түзетуден
компанияес кейінгі
компа- шоғырлан-ды
ния рылған сома
Д К
Ұзақ мерзімді активтер БА ЕА БА +ЕА
(инвестициядан басқасы)
(А)
Тауарлы-материалдық БҚ ЕҚ БҚ + ЕҚ
қорлар
Бас компания мен еншілес БУҚ 5)УӨТ БУҚ - УӨТ
компанияның арасындағы
операциялар бойынша
тауарлы-материалдық
қорлар
Топ ішіндегі есеп айырысуТД 1)ТД
бойынша дебиторлық
берешек
Еншілес компаниядағы ЕКИ + Г 2)ЕКИ
инвестиция (ЕК) 3)Г
Мерзімі ұзартылған табыс 6)ВРПН ВРПН
салығы
Активтердің қорытындысы Σ Σ Σ
Гудвилл (Г) 3)Г Г
Кредиторлық берешек (К) БК ЕК БК + ЕК
Топ ішіндегі есеп айырысу УК 1)УК
бойынша кредиторлық
берешек (УК)
Азшылық үлесі 4)АУ АУ
Меншікті капитал (К) БК ЕК = 2)ЕКИ БК
ЕКИ + 4)АУ
АУ
СК және О қорытындысы Σ Σ Σ

Кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есеп беру: топ ішіндегі
операциялар бойынша түзетуші жазба
Өткізілген тауардың өзіндік құнын есептеу барысындағы кезеңдік
түгендеу әдісі бойынша тауар-материалдық қор есебі мынадай формулада
ұйымдастырылады:

Өткізілген тауардың Жыл басындағы Жыл
соңындағы
өзіндік құны = тауардың қоры –
тауарлардың
бір жылғы түсім қоры

Кірістер мен шығыстар туралы есеп беруді шоғырландыру барысында
компанияның арасында орын алған операциялардың нәтижелерін жою қажет. Егер
бас компания мен еншілес компанияның арасында тауар-материылдық қорды
өткізу бойынша операциялар орын алған болса, онда топ ішіндегі операциялар
негізінде кірістер мен шығыстарды жою бойынша мынадай түзетуші жазбаны
жүргізу керек:
Сатып алуды жасаушы Өткізген тауардың (жұмыс, қызмет) өзіндік құны
бабы бойынша кредит Тауарды (жұмысты, қызметті) сатудан түскен табыс бабы
бойынша дебит болады.
Жыл соңындағы қорытынды жасаушы Сатылған тауардың (жұмыстың,
қызметтің) өзіндік құны бабы бойынша дебит болады.
Жыл соңындағы өткізілген тауарлар қалдығының өткізілмеген табысындағы
- Тауар-материалды қорлар баланстың бабы бойынша кредит болады.
Егер топ ішінің тауарларын өткізу бойынша операциялар бұрынғы түрде
жүзеге асырылған болса, онда жыл басындағы өткізілмеген тауарлар қалдығының
өткізілмеген табысын мынадай жазбамен түзету қажет.
Жыл басындағы қорытынды жасаушы Сатылатын тауарлардың (жұимыстың,
қызметтің) өзіндік құны бабы бойынша кредит, ал Бөлінбеген табыс бабы
бойынша дебит болады.
Ағымдық түгендеу әдістері бойынша тауар-материалды қорлардың есебін
ұйымдастыру кәміл фактосы бойынша тауардың қозғалысы жөніндегі операцияны
бейнелеу нәтижесінде өткізілген таурлардың өзіндік құнын тікелей анықтауға
мүмкіндік береді. Кірістер мен шығыстар туралы есеп беруді шоғырландыру
барысында топ ішіндегі операциялар негізінде кірістер мен шығыстарды жою
бойынша мынадай түзетуші жазбаны жүргізу қажет:
Дебит Тауарды (жұмысты, қызметті) сатудан түскен табыс
Кредит Өткізілген тауардың (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны
Тауар-материалды құндылықтардың баланстың бабы.
Шоғырландырылған қаржылық есеп беру: шоғырлану процесі
Еншілес компанияның акциялары сатып алынған уақыттағы шоғырлану
процесіне бірнеше кезең кіреді:
1. Бас және еншілес компаниялардың активтерің, міндеттемелерін және
меншікті капиталының ұқсас баптарын жол сайын қосу, қосындылау;
2. Топ ішіндегі есептеу бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек-
алашақты жою жөніндегі түзету жазбаларын жасау;
3. Еншілес компанияларға салынатын инвестицияның баланстық құнын және бас
компанияның еншілес компанияның өзіндік капиталына тиісті қатысу
үлесін шығару жөніндегі түзету жазбаларын жасау;
4. Бас компанияға тиесілі емес еншілес компанияның өзіндік капиталындағы
азшылық үлесті анықтау;
5. Бас компания еншілесінің акцияларына инвестиция салғанда, баланстық
құнынан артық шығын шамасын анықтау;
6. Еншілес компанияның активтері мен міндеттемелерінің құнын ағымдағы
нарықтық құнға дейін меншікті капиталға еншілестің тиісті қатысу үлес
мөлшеріне арнап түзеу;
7. Іскерлік бедел шамасын (гудвилл) анықтау.

1-кесте
Бухгалтерлік балансты шоғырландыру
Бап атауы Бас Еншілес Түзетуге Түзетуден
компания компания дейінгі кейінгі
шоғырлан-дырышоғырлан-ды
лған сома рылған сома
1 2 3 4 5
Активтер (инвестициядан басқа)БА ЕА БА + ЕА БА + ЕА
(А)
Топ ішіндегі есептеу бойынша ТД ТД
дебиторлық берешек (ТД)
Еншілес компанияға ЕКИ + Г ЕКИ + Г
инвестициялар (ЕКИ)
Гудвилл (Г)
Кредиторлық берешек (К) БКК ЕКК БКК + ЕКК БКК + ЕКК
Топ ішіндегі есептеу бойынша ТК ТК
кредиторлық берешек (ТК)
Азшылықтың үлесі (А) А
Меншікті капитал (К) БКК ЕКК = ЕКИ БКС + ЕКИ + АБКК
+ М

Бұл кестеде бухгалтерлік баланстың ұқсас баптарын жол сайын қосындылау
бойынша рәсімдер (процедуралар) келтірілген, мұнда:
БКА – бас компанияның активтері;
ЕКА – еншілес компанияның активтері;
ТД – топ ішіндегі есептеу бойынша дебиторлық берешек;
ЕКИ – еншілес компанияға инвестициялар, еншілестің меншікті капиталына
бас компанияның тиісті қатысу үлесін көрсетеді;
Г – гудвилл, жағымды іскерлік бедел;
БКК – бас компанияның кредиторлық берешегі (міндеттемелері);
ЕКК – еншілес компаниянның кредиторлық берешек – алашағы
(міндеттемелері);
ТК – топ ішіндегі есептеулердегі кредиторлық берешек-алашақ;
А – еншілес компанияның меншікті капиталындағы азшыылықтың үлесі;
БКК – бас компанияншың меншікті капиталы;
ЕКК – еншілес компанияның меншікті капиталы.
Біріктірілген қаржы есептемесі біртұтас компания ретінде топ пікірі
тұрғысынан бас және еншілес компаниялардың барлық активтері мен
міндеттемелерінің жиынтықталған мөлшері болып табылады. Біріктірілген
активтердің жиынтықталған мөлшері міндеттемелер мен бас компанияның
меншікті капиталының біріккен шамасымен теңестіріледі.
Еншілес компанияның меншікті капитбалы Еншілес компанияларға
инвестициялар бабы бойынша бас компанияның баланс активінде көрсетілетін,
еншілестің меншікті капиталына бас компанияның тиісті қатысу үлесімен бір
уақытта түзету жазбаларымен шығарылады. Бірақ еншілес капиталдың мөлшеріне
азшылықты білдіретін, басқа акционерлердің инвестициясының бөлігі де
кіретін болғандықтан, бас компанияның меншікті капиталымен қатар активтерді
қалыптастыру көзі құрамында да, шоғырландырылған баланста да азшылықтың
үлесі ұсынылады.
Акциялар сатып алынған күндегі еншілес компания активтерін бағалаудың
күмәнсіз анықтық принциптерін жүзеге асыру үшін олардың нарықтық құнын
көрсету керек. Активтерді бастапқы тану оларды сатып алуға жұмсалған
шығындар құны бойынша жүргізілетін болғандықтан, акцияларды сатып алу
күніндегі қаржы есептемесін шоғырландыру процесінде еншілес компанияның
активтерін бағалауды еншілес компаниялардың акцияларын сатып алуға шыққан
шығындар құнының, олардың баланстық құнынан ауытқуына байланысты сайма-сай
үйлескен шамасына орай түзету қажет.
Егер еншілес компанияның акцияларын сатып алуға шыққан шығындар
олардың баланстық құнынан артса, ауытқулар әдетте гудвилл, жағымды іскерлік
бедел ретінде түсіндіріледі. Бірақ акцияны сатып алу жөнінде шыққан
шығындар құнының баланстық құннан ауытқыған барлық сомасы жағымды іскерлік
бедел факторы болып ұғындырылмайды. Жағымды іскерлік беделдің мөлшерін анық
бағалау үшін ауытқу сомасын еншілес компанияның активтері мен құнына дейін
түзетуді ескере отырып, анықтау қажет. Сондықтан еншілес компанияның
активтері мен міндеттемелерінің баланстық құнын түзету талап етіледі.
Активтер мен міндеттемелердің құнын түзету еншілес компанияның
меншікті капиталының қатысу үлесіне сайма-сай үйлескен шамаға орай
жасалады.

2-кесте
Топ ішіндегі есептеуді шығаратын түзету ждазбалары
Бап атауы Бас Еншілес Түзету Түзетуден
компания компания жазбалары кейінгі
шоғырлан-ды
рылған сома
Д К
Активтер (инвестициядан БА ЕА БА + ЕА
басқа) (А)
Топ ішіндегі есептеу ТД 1) ТД
бойынша дебиторлық берешек
(ТД)
Еншілес компанияға ЕКИ + Г 2)ЕКИ
инвестициялар (ЕКИ) 3)Г
Гудвилл (Г) 3)Г Г
Кредиторлық алашақ-берешекКБК КЕК
(К)
Топ ішіндегі есептеу ТК 1)ТК
бойынша кредиторлық
алашақ-берешек (ТК)
Азшылықтың үлесі (А) 4) А А
Меншікті капитал (К) БК ЕК = ЕКИ + 2)ЕКИ БК
А 4)А

Бухгалтерлік балансты шоғырландыру бойынша жұмыс кестесіндегі түзету
жазбаларының мәні мынада:
1. Топ ішіндегі есептіу бойынша кредиторлық алашақ-берешек (ТК) баланс
бабының бдебиті, Топ ішіндегі есептіу бойынша дебиторлық берешек
(ТД) баланс бабының кредиті;
2. Бас компания инвестициясының баланстық құнын еншілестің акциясына және
еншілестің меншікті капиталындағы бас компанияның тиісті қатысу
үлесіне орай шығарғанда:
Еншілес компанияның меншікті капиталы баланс бабының дебиті
еншілестің (ЕКИ) меншікті капиталына бас компаниясының қатысу үлесіне сайма-
сай үйлесуі – баланстық құны бойынша;
Гудвилл (Г) баланстық бабының дебиті немесе кредиті (жағымды немесе
жағымсыз іскерлік бедел) – еншілес компанияның меншікті капиталындағы
тиісті үлесінің баланстық құны мен сатып алуға кеткен шығындар арасындағы
айырмаға;
Еншілес компаниялар акцияларына инвестициялар баланс бабының кредиті
(ЕКИ) – шыққан шығындардың баланстық құны бойынша.
3-кесте
Актив құнын түзете отырып шоғырландыру
Бап атауы Бас Еншілес Түзету Түзетуден
компания компания жазбалары кейінгі
шоғырлан-ды
рылған сома
Д К
Активтер (инвестициядан БКА ЕА 5)АҚТ БА + ЕА +
басқа) (А) (актив АҚТ
құнын
түзету)
Топ ішіндегі есептеу ТД 1) ТД
бойынша дебиторлық
берешек (ТД)
Еншілес компанияға ЕКИ + БК + 2)ЕКИ
инвестициялар (ЕКИ) Г 3)Г
5)АҚТ
Гудвилл (Г) 3)Г
Кредиторлық БК ЕК БК + ЕК
алашақ-берешек (К)
Топ ішіндегі есептеу ТК 1)ТК
бойынша кредиторлық
алашақ-берешек (ТК)
Азшылықтың үлесі (А) 4) А А
Меншікті капитал (К) БК ЕК = ЕКИ +2)ЕКИ БК
М 4)М

4-кесте
Міндеттемелердің құнын түзете отырып, шоғырландыру
Бап атауы Бас Еншілес Түзету Түзетуден
компания компания жазбалары кейінгі
шоғырлан-ды
рылған сома
Д К
Активтер (инвестициядан БА ЕА БА + ЕА +
басқа) (А) АҚТ
Топ ішіндегі есептеу ТД 1) ТД
бойынша дебиторлық
берешек
Еншілес компанияға ЕКИ + АҚТ 2)ЕКИ
инвестициялар + Г 3)Г
5)АҚТ
Гудвилл (Г) 3)Г Г
Кредиторлық БК ЕК 5)АҚТ БК + ЕК -
алашақ-берешек (К) АҚТ
Топ ішіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен кәсіпорын
Жарғылық капитал аудитінің есебі
Біріккен серіктестіктердің түрлілігі
Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу
Салыстырмалы талдау. Кәсіпкерлік түрлері туралы ақпарат
БІРІККЕН КӘСІПОРЫН ҚҰРУ НЕГІЗІНДЕ
Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі
Жеке жұмысты қалай ашуға болады?
«Қазақстан Республикасының мұнайгаз секторындағы шетел инвестициялары»
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
Пәндер