Қазақстан Республикасы мен Норвегия корольдігінің экономикалық қарым – қатынастары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І . тарау Табиғат жағдайлары. Шаруашылық салалары мен халқы.
І.1 Табиғат жағдайлары мен ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
І.2 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
І.3 Жалпы шаруашылығына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ . тарау Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігінің қарым . қатынастары
ІІ.1 Дипломатиялық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІ.2 Сауда . экономикалық қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
ІІ.3 Дамушы іскерлік ынтымақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ІІ.4 Мәдени . гуманитарлық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25 Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекеттік атауы - Норвегия Корольдігі
Астанасы - Осло ( 750 мың тұрғыны бар ).
Жер көлемі - 385,2 мың км2 . Шпицберген архипелагы мен Ян- Майен аралын қоса есептегенде.
Басты қалалары - Берген, Тронхейн, Ставангер.
Халқы - 4,554 млн. адам. 95% - норвегтер, басқа ұлт өкілдері саамминдер, квендер және финдер - 2,5 құрайды.
Ұлттық мейрамы - 17 мамыр Конституция күні.
Ақша бірлігі – норвег кроны
Әкімшілік – терриориялық құрылысы жағынан Норвегия 19 фюлькеге бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы: Норвегия Корольдігі - Конституциялық Монархия. Ең алғаш Конституциясы 1814 жылы 17 мамырда қабылдады.
Мемлекет басшысы – король. 1991 жылдың 21 қаңтарынан бастап Норвегия королі басқаратын болды.
Солтүстік Еуропаның құрамына Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания және Исландия кіреді. Оның қазіргі саяси картасы кескінінің қалыптасуы ХХ ғасырдың бас кезінде аяқталды.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Токаев К «Казахстанская дипломатия впервые итоги, новые задачи» Мысль, 1995 г., 285б [ 94-98 с]
2.Родионова И.А., Холина В.Н
«Политическая картина мира » М,1995 г., 213б [ 56 – 58с]
3.Назарбаев Н.А «На пороге ХХІ века» Алматы, 1995 г., 326 б [ 117-128с]
4. Ә.Бейсенова « География »А. « Рауан » 295 бет [184-187с]
5. «География және табиғат» 2003 №7 78бет [45-49с]
6. В.П.Максаковский «География» оқулық 255б /38-43с/
7. Ю.В.Бромлей., Р.Г.Подольный «Человечество-это народы»
М; «Мысль» 1990г., 203б /67-69с/
8.Гаджиев К.С « Геополитика» М, 1997., 280 б [ 13-17 с]
9. Алтухов В. О смене порядков в мировом общественном развитии // МЭНО. 1995 г., 420 б., [ 218-222с]
10. Хлюпкин В. Казахстан в геополитическом измерении //
Мысль 1996г., 210 б [ 98-101с]
11. Слука А.Е Территориальные экономические диспропорции в странах Европейского союза и их динасмика Вестник., М 1996г., 356 б [ 75- 81с]
12. Слука А.Е Население Западной Европы М., 1994г., 280 б [ 219-224с]

Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігінің экономикалық қарым
– қатынастары
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І – тарау Табиғат жағдайлары. Шаруашылық салалары мен халқы.
І.1 Табиғат жағдайлары мен
ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
І.2 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
І.3 Жалпы шаруашылығына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ – тарау Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігінің қарым
– қатынастары
ІІ.1 Дипломатиялық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІ.2 Сауда – экономикалық қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
ІІ.3 Дамушы іскерлік ынтымақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ІІ.4 Мәдени – гуманитарлық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .25

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Мемлекеттік атауы - Норвегия Корольдігі

Астанасы - Осло ( 750 мың тұрғыны бар ).

Жер көлемі - 385,2 мың км2 . Шпицберген архипелагы мен Ян- Майен
аралын қоса есептегенде.

Басты қалалары - Берген, Тронхейн, Ставангер.

Халқы - 4,554 млн. адам. 95% - норвегтер, басқа ұлт өкілдері
саамминдер, квендер және финдер - 2,5 құрайды.

Ұлттық мейрамы - 17 мамыр Конституция күні.

Ақша бірлігі – норвег кроны

Әкімшілік – терриориялық құрылысы жағынан Норвегия 19 фюлькеге
бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы: Норвегия Корольдігі - Конституциялық Монархия.
Ең алғаш Конституциясы 1814 жылы 17 мамырда қабылдады.

Мемлекет басшысы – король. 1991 жылдың 21 қаңтарынан бастап
Норвегия королі басқаратын болды.

Солтүстік Еуропаның құрамына Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания
және Исландия кіреді. Оның қазіргі саяси картасы кескінінің
қалыптасуы ХХ ғасырдың бас кезінде аяқталды.

І – тарау Табиғат жағдайлары.Шаруашылық салалары мен халқы
І.1 Табиғат жағдайлары мен ресурстары.
Норвегия ХІІ ғасырға дейін жеке мемлекет болып, содан кейін
алғашында Даниямен, кейіннен Швециямен бірігіп, тек 1905 жылғы
референдум нәтижесінде өз дербестігін жариялады. Ресей
империясының құрамында болған Финляндия ондағы революцияларға
байланысты 1917 жылдың соңында ғана тәуелсіздік алды. Ал Дания
бодандығындағы Исландияның саяси картада дүниеге келуі - 1918
жыл. Қазіргі Норвегия құрамындағы Шпицберген аралының ерекше
мәртебелік жағдайы 1920 жылы анықталды.

Норвегия теңіздік шекараларының аса ұзындығымен сипатталады.
Сыртқы және ішкі байланыстарында , әсіресе Балтық және Солтүстік
теңіздерінің тарихи маңызы ерекше. Осы себепті халқының негізгі
орналасуы теңіз жағалауына сәйкес келеді, шаруашылық іс -
әрекеттерінде де теңіздің ықпалы орасан зор. Мұнда мұз басу дәуірі
кезінде өзіне тән жер бедері қалыптасқа. Мысалы, тік шатқалды, ені
тар шығанақтар – фьордтар, жағалауында көптеген жартасты ұсақ
аралдар – шхерлар, шоңғалды өзендер мен батпақтанған көл
қазаншұңқырлары бар.

Жер аумағы негізінен, екі түрлі агроклиматтық - суық және
салқын белдеуде жатыр. Геологиялық құрылысына байланысты Еуропа
көлемінде пайдалы қазбаларға біршама бай келеді. Мұнда тас
көмір, темір, полиметалл кендері Норвегияда мыс және басқа да
түсті металдар, сол сияқты слюда, гранит және мәрмәр тастар
кездеседі. 1960 жылдары ашылған Солтүстік теңіз қайраңындағы мұнай
мен газ кен орындарының маңызы зор, ондағы норвег және дат
секторларынан осы аймақ елдеріне мүнай және газ құбырлары
тартылған.

Норвегия минерал шикізаттарымен қатар, орман және су
ресурстарына аса бай. Еуропаның орман ресурстарынң 1\3 бөлігі
Фенноскандияда, мұндағы ағаш сүрегінің жалпы қоры 5 млрд.3 –
ден асады. Ең жоғары мөлшерде сумен қамтамасыз етілген аймақ. Осынау
табиғи байлықтары мен табиғат жағдайлары, олардың географиялық
орналасуының тұтастығы мен халқының өмір сүру деңгейлерінің
жоғарылығы тән жалпы ортақ белгілер болып табылпд.

І.2 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері
Норвегия жер аумағы, бүкіл Еуропа дүние бөлігінің 4 % -
дан астамын алып жатса да оның халқыны жалпы санының 3,5%- ын
ғана құрайды. Шетелдік Еуропадағы халық аса сирек қоныстанған аймақ
болып табылады. Тарихи даму ерекшелігі мен табиғат жағдайларының
қаталдығына байланысты, оның халқының басым бөлігі оңтүстік
аудандарына шоғырланған.

Ондағы елдердің ұлттық құрамы бірыңғай, яғни бірұлтты
мемлекеттер.Әрбір елде негізгі ұлттың басымдылығы ( 90%- дан астам )
айқын байқалады. Мемлекеттік тіл атауы ұлттар тілі болып
саналады. Аз ұлттар ішінен оның солтүстігін мекендейтін самилар (
лопари ) көзге түседі, сол сияқты жұмыс күші ретінде еңбекке
тартылған эмиграннтар ( Оңтүстік Еуропа елдері және т.б
аймақтардан ) бар. Тілдік жағынан біртекті: үндіеуропа тіл
семьясының гермен ( швед, дат, норвег, исланд және фарерлар ) және
орал тіл семьясының фин- угор ( фин, саами, карелдер ) тобына
жататын халықтар.

Халқының басым бөлігі христиан дінінің протестанттық тармағын
ұстанады. Аймақтың негізгі халықтары көп жағдайда өзіндік рухани
және материалдық мәдениетін сақтаған.

Аймақ елдерінде қала халқының үлесі жоғары, мұнда кіші
қалалар мен кенттер басым. Орта және ірі қалаларының барлығы дерлік
теңіз жағалауларында орналасқан. Ел астаналары өте маңызды
теңіз порты болумен қатар, олар халық санының мөлшері мен
экономикалық қуаты жағынан да ондағы аса үлкен қалалар.

Халқының өмір сүру сапасы жоғары, ХІӨ өндіруді жан басына
шаққанда дүние жүзіндегі алдыңғы орында . Еңбекпен шұғылданатын
халықтың басым бөлігі қызмет көрсету салаларында, сол сияқты
өнеркәсіпте жұмыс істейді.

Халқының табиғи өсімі төмен, мұндағы жалпы халықтың
құрамында егде адамдардың үлесі көп және адамдардың орта
жасының ұзақтығы жағынандүние жүзіндегі ең жоғарғы көрсеткішті
аймақ. Осы себепті бұл аймақ өзіне, басқа елдерден қоныс
аударушыларды қызықтыруда. Норвегияның сыртқы және ішкі
саясатында көші-қон жағдайы аса келелі мәселе болып
табылады.

І.3 Жалпы шаруашылығына сипаттама
Солтүстік Еуропа елдерінің ЖІӨ өндірудегі экономикасынң салалық
құрылымына келсек, олардың да дамыған елдер деңгейін көрсететіні
анық байқалады.

ЖІӨ өндірудегі экономиканың негізгі секторлары ішінен Норвегияда
бірінші қатардағы сфераның ( ауыл және орман шаруашылығы )
үлесінің аздығын, екінші қатардағылардың ( өнеркәсіп пен құрылыс )
біршама екендігін, әсіресе үшінші қатардағы ( қызмет көрсету
салалары ) сфераның үлесінің аса ауқымдылығын байқауға болады.
Әрі оның өтпелі экономикалы ТМД елдерінен бұл жағынан үлкен
айырмашылығы айқын байқалады.

Өзінің табиғат байлықтарымен біршама жақсы қамтамасыз етілумен
қатар, аймақ елдері озық технологияны, ғылымды және жоғары
маманданған еңбекті қажет ететін өнімдер шығару арқылы дүние
жүзілік шаруашылықта көрнекті орын алады. Олар дәстүрлі балық және
орман шаруашылығымен, отын және минералды қазбалар өндірумен
айналыса отырып, қазіргі заманғы жаңа салаларды ( машина жасау,
жоғары технология, әрқилы қызмет көрсету ) барынша дамыту арқылы
жоғары сапалы дайын өнімдер шығаруда.

Еуропадағы су ресурстарының негізгі әлеуеті осында
орналасқан, мұндағы электр энергиясының басым бөлігі су электр
станцияларында өндіріледі, сол сияқты атом және жылу электр
станциялары бар. Норвегия мен Швеция жан басына шаққанда
жалпы электр энергиясын тұтыну деңгейі бойынша дүние
жүзінде бірінші және екінші орындарды бөліседі. Осыған байланысты
электрометаллургия және электрохимия өнеркәсібі жақсы
дамыған. Олар жоғары сапалы болат, ферроқорытпалар мен түсті метал
өнімдерін, сол сияқты аммоний, химиялық талшықтар, пластмассалар,
смолалар т.б береді. Осы өнімдерге негізделген елде машина жасау (
кеме жасау, автомобиль, радио және электротехникалық өнеркәсіп,
электронды есептегіш машиналарын, станок аспап жасау т.б)
салалары қалыптасқан.

Бұл аймақ бұрындары өте бай орман ( Швеция, Норвегия,
Финляндия ) қорларына байланысты ағаш сүрегін дайындау ( жылына
100 млн. астам ) және оны сатумен айналысса, қазір оның дайын
өнімдерін шығаруға негізделген ағаш өңдеу және целлюлоза -
қағаз өнеркәсібі өркендеген.

Дүние жүзілік рынокта мұнда жасалынған ағаш бұйымдары мен
тілінген материалдар, жиһаздар мен даяр үйлер, қағаз бен
картонда сапалығы жағынан аса жлғары бағаланады. Мұнда ағаш – химия
өнеркәсібі жақсы дамыған.

Сонымен қатар, әсіресе Норвегияда мұнай және газ өнеркәсібінде
негізделген көмірсутек - химия өнеркәсібі өркендеуде. Бұл ел
мұнай ( жылына 150 млн. т жуық ) мен газ ( 30 млрд.3 – ден аса )
өндіруде Еуропа көлемінде алдыңғы орында.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі көбінесе елдің оңтүстік
бөліктерінде жақсы дамыған. Олар, негізінен ( тоқыма, былғары, тігін,
т.б ) ішкі рынокқа негізделген. Ал тамақ өнеркәсібінің жетекші
саласы балық өнімдіерін өндіру болып табылады. Бұл аймақтың
барлық мемлекеттері шетке балық және оның өнімдерін өндіру болып
табылады. Бұл аймақтың барлық мемлекеттері шетке балық және
оның өнімдерін шығарады. Норвегия кит аулаумен де көзге
түседі.

Ауыл шаруашылығының маманнданған салалары сүтті –етті бағыттағы
мал шаруашылығы. Саамилер бұғы өсірумен айналысады. Егіншілік,
негізінен, мал шаруашылығының қажетін өтеуге бағытталған.

Норвегия мал азықтық және дәнді дақылдар ( қара бидай,
арпа, сұлы ), картоп егуменен қатар, оның көп бөлігін әсіресе
астықты шеттен әкеледі. Қала маңы шаруашылығы біршама дамыған.

Солтүстік Еуропа елдерінде су көлігінің маңызы аса
үлкен. Әсіресе, Норвегия сауда флотының тоннажы бойынша және
теңіз жүк тасымалы жағынан ерекше көзге түседі. Су көлігі
сыртқы экономикалқы байланыстарда аас кеңінен пайдаланылады. Ішкі
жүк айналымыныдарында автомобиль және темір жол көлігінің
маңызы зор, темір жолдарының көбі электрлендірілген. Сыртқы
жолаушылар тасымалды әуе көлігі кеңінен пайдаланылады.

Норвегия үшін сыртқы сауданың аса үлкен маңызы бар. Ол
сыртқы дәстүрлі балық, ағаш, кен, мұнай мен газ шығарумен
қатар олардың жоғары сапалы дайын өнімдерін де ( машина
жасау, жоғары технологиялар, әр түрлі қызмет көрсету, аэрокосмостық
құрылғылар, компьтер және коммуникация құрылғылары, жиһаздар )
экспорттауда.

2007 жылы Норвегияда ЖІӨ - 324 млрд.$ құрады. Жан басына
шаққанда - 70400 $ құрайды. 2007 жылы инфляция - 2,6% болды.
Негізгі сауда әріптестері: АҚШ, Жапония және ТМД мен балтық
маңының елдері, оның ішінде Норвегиямен өте тығыз экономикалық
байланыс орнатқан.

ІІ – тарау Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігінің қарым
– қатынастары
ІІ.1 Дипломатиялық қатынастар
90 - шы жылдардың бас кезінде Мәскеу қаласындағы
Норвегия Корольдігінің Елшілігі, сондай – ақ басқа да Орталық Азия
елдерінде елшілікті қоса атқарды. Норвегия Елшісінің қазақстанда
өкілеттіктері болды. Норвегиягың бірінші Елшісі өзінің мандатын
тапсырған.

Ол кезде Ұлыбританиядағы қазақстан елшісі Норвегияда
өкілеттілікке ие болатын. Статойл Норвегияда Қазақстанның
Елшілерімен кездесуге жақсы мүмкіндіктер берді.

Кейіннен, 2004 жылы Осло қаласында Қазақстан өзінің
Елшілігін ашты, оны істерде Уақытша Сенім білдірілген өкіл
басқарды. Сонымен, Қазақстан – Норвегия қатынастарында, оның ішінде
Елшілік Норвегия азаматтарына қазақстандық визаларды бере
бастағанда осындай алға қарай ірі қадам жасалды. Бүгінгі
таңда, Ослодағы Қазақсатн Елшілігімен тығыз байланыс жасайды.

Норвегия бұл орайда әлі де соншалықты алға озып кете
қойған жоқ, бірақ бұл жақын арада болады деп үміттенеміз.

Қазақстандағы Норвегияның Құрметті Консульдығы Норвегияға және
шенген облысына виза бере алмайды. Осыған байланысты
Норвегия Корольдігі Сыртқы істер министрлігі Нидерланды Сыртқы
істер министрлігімен Келісім жасады, соның негізінде Алматыдағы
Нидерландтардың Елшілігі мен Консуль бөлімі Қазақсатн
азаматтарына Норвегияға және Шенген облысына виза беру
құқығына ие болды.

1992 жылыдң 2 қаңтарында Норвегия Корольдігі Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсізідіген мойындады. 1992
жылдың бесінші маусымында дипломатиялық қатынастар басталды.
21 маусым күні 2004 жылы Қазақстан Республикасының
Президентінің Жарғысы бойынша Норвегияның Осло қаласында елшілігі
ашылды.

Екі мемлекет арасындағы халықаралық байланыстар 2-4 сәуір
аралығында 2001 жылы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевты Норвегия Королі арнайы шақыртты. Бұл сапарда
Қазақстандық делегация Король Харальдпен, премьер – министр И.
Столтенберг, Парламент президенті Х. Россьордпен кездесті. Онда
Қазақстан Республикасының саясаты туралы лекциялар оқылды. Екі
мемлекет арсындағы кездесуде Қазақстанның дүние жүзілік
ұйымдарға кіруін және Қазақстанда кіші және орта кәсіпкерлікті
дамыту керек деп осы отырыста Норвегиялық эксперименттер
айтылды. Норвегия Қазақстанның мұнай –газ кен орындарын
барлауға өз компаниясын ұсынды. Бұл сапарда Дөңгелек стол өтті.
Ол да Норвегиялық 13 компания ұсынылды, олардың негізгі
қызметі мұнай мен газ , теле коммуникация, туризмді дамытуға арналған
проектілер және құрылыс материалдары. Мемлекеттер арасындағы, яғни
Қазақ – Норвегия қарым - қатынасының басты фундаменті кедесуі өтті.
Көптеген құжаттарға қол қойылды, Норвегиялық компаниялар өз
қаржыларын Қазақстанға құйды.

2002 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан – Норвегия елшілері
арасындағы халықаралық Конференция өтті. Басты мақсаи Семей
аймағындағы халықтардың денсаулығына көңіл бөлу және сол аймақтың
экологиялық проектісі салынды.

2004 жылдың 25-26 мамырында Премьер - Министр К. Бондебек
Қазақстанға аранйы шақыртумен келді. Екі мемлекет арасындағы тауар
және экономикалық кәсіпкерлікті дамытуға арналған құжаттарға
қол қойылды. Астанада Норвегия Корольдігінің Елшілігінң ашылу
салтанатын К. Бондебек қатысты.

2007 жылдан бастап СІМ Норвегия – Қазақстан республикасындағы
Норвегия Корольдігінің Елшісі етіп Мэрт Конхеймді тағайындады. Ол
Көшпелі елші деген атаумен жұмыс істейді; Ослода тұрады.
Қазақстанға жиі келеді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы қатынастар
Туристік формальділік
Визалық және визалық емес елдерге саяхатты ұйымдастыру және жоспарлау
Қазақстан мен НАТО
Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы қатынастар
Швеция. Мемлекеттің тарихы
Скандинавия елдерінің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ҚАЗАҚСТАН МЕН САУД АРАБИЯ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
Қазақстан-Испания экономикалық қатынастары
Пәндер