Дүниежүзілік валюталық жүйе элементтері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

1) Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

2) Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-20
2.1 Халықаралық валюталық қатынастар ... ... ... 3-7
2.2 Валюталық жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-14
2.3 Нарықтық валюталар ... ... ... ... ... ... ... ... ..15-17
2.4 Валюталық бағам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-21

3) Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

4) Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ..2

1) Кіріспе.
Халықаралық валюталық қатынастар, менің ойымша бұл тақырып актуалды,
себебі курстық жұмысты дайындау барысында мен жалпы валюталық қатынастар
туралы көптеген материялдары кездестірдім. Әрине, алдыма қойылған
мақсаттарымды орындауға тырыстым. Олар мынандай:
Біріншіден, халықаралық валюталық қатынастарды кеңінен зерттеу.
Екіншіден, халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуының салдарынан -
валюталық жүйенің пайда болғанынын дәлелдеу.
Үшіншіден, халықаралық валюталық қатынастардың қазіргі нарықта
қажеттілігі мен маңызын анықтау.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, нарықтық экономикаға өтуіне байланысты
жаңадан тәй-тәй басып, дамып келеді.
Әрине, бұл процестің халықаралық валюталық қатынастарға тікелей қатысы
бар.

2) Негізгі бөлім.
2.1 Халықаралық валюталық қатынастар.
Халықаралық валюталық қатынастастар – бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің
нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік
шаруашылықтағы валюталардың қызмет ету барысында қалыптасатын қоғамдық
қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері – вексель ісі түрінде
Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы
вексель жәрмеңкелері мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда
орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді.
Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштердің өсуімен,
дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-
ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық қатынастарға
делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың
дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты
валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан
валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан
қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық
қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Тарихта мынандай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан:
1)Ұлттық
2)Дүниежүзілік
3)Аймақтық.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды
қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға
көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық
жүйе пайда болды.
Ұйымдық заңдық тұрғысынан қарағанда бұл шаруашылық байланыстарды
интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық
құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі
валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып,
өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады.
Ұлттық валюталық жүйенің ерекшілігі ел экономикасындағы сыртқы
экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде
қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттамен бекітілген халықаралық
валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы – дүниежүзілік валюталық жүйе
өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің
мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екенділігін білдімейді, себебі
олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер
экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып
келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни
валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық
валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруға негіз болатын
ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру
формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің
орналастырылуыменен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен
анықталады.
Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері
➢ Ұлттық валюта
➢ Ұлттық валютаның айналым дәрежесі
➢ Ұлттық валютаның паритеті
➢ Ұлттық валюта бағамының тәртібі
➢ Халықаралық валюталық өтімділік
➢ Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы
➢ Халықаралық несиелік айналыс құралдары, оларды пайдалану
ережелерінің регламентациясы
➢ Елдің халықаралық есеп айырысу регламентациясы
➢ Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі
➢ Елдің валюталық қатынастарын реттеуші және қызмет көрсетуші ұлттық
органдар
Дүниежүзілік валюталық жүйе элементтері:
❖ Халықаралық есептесу бірлігі, резервтік валюталар
❖ Валюталардың өзара айналымдылығының шарты
❖ Валюталық паритеттердің біртұтас режимі
❖ Валюталық бағамдардың режимдерінің регламентациясы
❖ Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекет аралық реттеу
❖ Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу
❖ Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдаланудың біртұтас
ережесі
❖ Халықаралық есеп айырысулардың негізгі формаларының біртұтастығы
❖ Дүниежүзілік валюталық нарықтар және алтын нарықтарының режимі
❖ Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық
ұйымдар
Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға – елдің ақша бірлігіне
негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бінеше
резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта – халықаралық және резерв құралы функциясын
орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды
анықтауға базарлық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында
валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің
айырбасталған ұлттық валютаның ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
- дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында
елдердің билік ету позициясы;
- жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекемелердің
дамыған жүйесі;
- басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін,
халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдағы және
валюталық шектеудің болмауы.
Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасын белгілі бір
мекемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттілігі,
сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Сонымен
қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін
төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматы түрде пайызсыз және
мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар
артықшылықтар береді.
Халықаралық есептік ақша бірлігі – валюталық паритет пен валюталық
бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін
шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта
халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік
несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ
(еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз
халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу
жолымен: СДР – Халықаралық валюталық қолда, ЭКЮ – Еуропалық қауыдастыққа
ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Оладың шартты құны
валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізінде
есептеледі.

2. Валюталық жүйелер.
Валюталық қоржын 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам
режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік
ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және
валюталық компоненттедің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты
белгіленеді.
Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ
долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық
есептесу бірлігінің негізін құраған валюталық қоржын бес валютадан тұрады
(1.01.1991 ж. бойынша): АҚШ доллары – 40%, неміс маркасы - 21%, жапон йені
- 17%, француз франкі - 11%, фунт стерлинг - 11%.
Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты
анықталатын валюталық конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір
элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын,
ақша бірліктері ретінде еркін коверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан
бастап халықаралық валюталық қорлар мынандай ұғымдарды енгізген болатын:
- еркін пайдаланылатын валюта, яғни халықаралық есеп айырысуларда және
валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен қолданылатын;
- валюталық шектеулері бар, жартылай конвенцияланған елдердің валюталары;
- валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конвенцияланбайтын
валюталары.
Валюталық паритет – бұл валюталық бағамның негізі болып табылытын
және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты
білдіреді. ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде
белгіленеді.
Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу
объектісі болып саналатын валютамен жасалынатын операцияларға шек қою, яғни
валюталық шектеу енгізілуде.
Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік
реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық
елдердің төлем қабілеттілігін сипаттайтын – халықаралық өтімділік валюталық
жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің
құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюталық қатынастағы
резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді.
Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережелердің
регламенттелуі және халықаралық есеп айырысулар жүйелік халықаралық нормаға
(Женева вексельдік және чектік конвенция, 1930 ж.) сәйкес жүзеге асырылады.
Валюталық жүйенің инстуционалдық ұлттық және мемлекетаралық
деңгейде реттеледі.
Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне,
жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына
қосу жатады.
Аймақтық валюталық жүйе – валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және
интеграциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің
валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқтық ұйымдастыру формасының және
экономикалық интеграция шегінде валюталардың қоғамдық қатынастардың
жиынтығы болып табылады (Еуропалық валюталық жүйе, 1970 ж. наурыз).
Валюталық жүйенің даму кезеңдері өдірістің, дүниежүзілік нарықтық,
халықаралық еңбек бөлінісінің, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуымен
байланысты болып келеді.
Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе өнеркәсіптік революциядан кейін
алтын монометализмі базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты.
1867 ж. Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы
ретінде мойындады. Ұлттық және дүниежүзілік валюта және ақша жүйелері
біріктірілген болатын, себебі ақша дүниежүзілік нарықта төлемге массасы
бойынша қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық
байланыстарды, ақша айналыс халықаралық есеп айырысуларды реттеуші ретінде
бір роль атқарды.
Кейіннен класикалық монета стандарты өзін түсіріп алды, ол
дүниежүзілік шаруашылықтың шаруашылық байланыстарына сәйкес келмеді. 1914
ж. валюталық шектеу енгізілді. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында пайда
болған валюталық түсініспеушілік болған соң, алтын девиз стандарты құрылды.
Екінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1922 ж. Генуэз конференциясындағы
мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз
стандарты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі
ресми түрде бір валюта бекітілмеді, бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ доллары
жетекшілік танытты.
Үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1994 ж. Бреттон-Вудстағы
(АҚШ) валюта-қаржы коференциясында рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды.
Дүниежүзілік валюталық жүйенің қағидалары:
- алтынға және екі резервтік валютаға негізделген мемлекетаралық алтын
девиздік стандарттың жүйесі белгіленді. Бұл жерде алтын девиз стандарты
халықаралық қатынастарда сақталып, ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік
ақшаларға негізделеді.
Бреттон-Вудс келісімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт
негізгі формасы қарастырылды: валюталардың алтындық паритеті және олардың
Халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың
қалдығын жабатын ақырғы құрал және халықаралық валюта өтімділігінің
компоненті. АҚШ долларын алтынға теңестіру және оны шетелдік орталық
банктерде 31,10352 г (1934 ж.) тең 1тройцк унциясы үшін 35 доллар ресми
бағада айырбастау жүзеге асырылып, іс жүзінде долларлық стандарт орын алды;

- валюталық саясат және валюталық шектеу халықаралық келісім-шарттарға
бағынады;
- валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленеді,
паритетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың рұқсатымен жүзеге
асты;
- валюталық бағамдардың режимі белгіленді (+- 0,75% - паритеттен ауытқуға
болады).
Үшінші валюталық жүйе 1960 ж құлдырады. Төртінші дүниежүзілік
валюталық жүйенің қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976-1978 жж. ХВҚ-ға мүше
елдердің келісімімен рәсімделді. Жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка
валюталық жүйесінің негізгі қағидасы мыналар:
-СДР стандарты енгізілді, себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп
айырысулар көбірек пайдалнады (валюталық қоржындағы

доллардың үлесі - 40%, ресми
валюталық резервтерде - 60%-ға жуық). Бірақ Халықаралық валюталық қорға
мүше елдерге келген валютада кез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюта жүйе: мәні мен түрлері және негізгі элементтері
ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ
Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі
Валюталық жүйе және оның түрлері
Валюта жүйесі: түрлері, элементтері
Халықаралық валюталық қатынас
Халықаралық валюталық қатынастар
Валюталық бағамның экономикадағы орны және оны экономикалық реттеу
Халықаралық валюта жүйесі жайлы
Пәндер