Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті


Мазмұны
Кіріспе
1 Кәсіпорын кірістерінің мәні мен маңызы
1. 1 Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері
1. 2 №2 ҰҚЕС негізінде кірістерді қолдану негіздері
1. 3 Кәсіпорын кірісінің экономикалық мәні
1. 4 Кірістің кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары
2 Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастырылуы
2. 1 Өнімдерді сатудан және қызметтерді көрсетуден алынатын кірістер есебі
2. 2 Негізгі құралдардың кіріс есебі
2. 3 Кәсіпорынның кірістер мен шығыстар туралы есептілігін құру тәртіптері
3 Кәсіпорын кірістерінің талдауы және аудиті
3. 1 Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті
3. 2 Кәсіпорынның ақшалай кірітерін талдау
3. 3 Кәсіпорын ақшалай кірістерінің атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
«Еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық ерлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу» мақсатындағы елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Жолдауы еліміздің жаңа деңгейдегі дамуына жол салды. Экономикамыз өсіп, табысымыз күшейсе, онда халық тұрмысы жақсарып, еліміздің әулеметі артары белгілі. Еліміз қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғарғы халықаралық беделге ие болды. Алайда әрі қарай толағай табыстарымен ел экономикасын дамытып, алдыңғы қатарларда бәсекеге қабілетті болу көп еңбекті қажет етеді. Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманға экономикалық стратегиясының басты міндеті болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайларындағы шарушылық субьектілердің бүкіл қызметі кіріс алуға бағытталған, сондай-ақ түпкілікті мақсаты болып табылады. Нарықтық экономикаға көшумен және де жеке меншіктің дамуымен байланысты пайда табу қозғаушы күшке айналды. Кәсіпорынның функционалдырылуының экономикалық мақсатқа сәйкестігі табысты алу арқылы айқындалады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп беру стандартына сәйкес табыс дегеніміз - есеп беру кезеңіндегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің кемуі. Кәсіпорын табысы іскерлік белсенділіктің дәрежесін және қаражаттың жетістігін сипаттайды.
Есептеу қағидасының әдістемесіне сәйкес, тауарға меншік құқығы сатып алушыға көшетін есеп беру кезеңінде сатудан табыс түсті деп есептеледі.
Кіріс - кәсіпорынның нақты бір уақыт аралығындағы тауар мен қызмет түрін құруының динамикалық процесі.
Кіріс - бұл активтерді ағылып келуі немесе активтердің өсуі кезінде экономикалық ресурстардың көбеюі немесе кәсіпорынның әдеттегі қызметі нәтижесіндегі міндеттемелерді азайту жолымен экономикалық ресурстардың көбеюі. Кәсіпорын өз шаруашылық қызметінен алған жалпы сомадағы кірістер жалпы жиынтық кірісті құрайды.
Өндірісті басқарудың жаңа жағдайындағы ішкі шаруашылықтың күрделі қаржыны қаржыландырып, негізгі табыстарды құру және өзіндік айналымы құраралдарды толықтыру ісінде бюджеттік қаржы емес, кіспорынның өз табысы негізгі қаржылық көзге айналады.
Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен кіріс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.
Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады. Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жыл 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауындағы «Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері» деп аталатын бесінші бөлімнің «Өндіруші сектордың тиімділігін арттыру» атты үшінші міндетінде мұнай - газ саласы кәсіпорындарының тиімділігін арттырудағы маңызды мәселелер мен алға қойылған міндеттерді атап өтті. Ақша қаражаттары нарықтық экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады. Кәсіпорыннның қызметінің кіріске жетуі ең алдымен оның басшыларымен ақша қаражаттарын тарту және оларды тиімді мақсаттарда бөлуне байланысты. Кәсіпорынның тұрақты қызмет етуі үшін негізгі шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады. Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар - бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет. Ақша қаражатының негізін, бөліну механизімін, оны жоспарлай және болжай білу, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты құралы болып табылады. Зерттеу тақырыбы осындай шарттарға негізделген. Ақша қаражаттары - бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы.
1 Кәсіпорын кірістерінің мәні мен маңызы
1. 1 Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері
Кіріс - белгілі бір уақыт аралығы ішінде кәсіпорынның тауарлар жасау мен қызмет көрсетуінің динамикалық процесі.
Кірістер ұйымның өмір сүру көзі болып саналады. Кіріссіз пайда жоқ, пайдасыз кәсіпорын да жоқ. Сондықтан да әрбір кәсіпорынның шаруашылық процесіндегі негізгі мақсаты - табыс табу болып табылды. Табыс - төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражаттарының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді. Яғни, кірістер (табыс) - есептік кезең ішінде экономикалық пайданың көбеюі немесе активтердің ұлғаюы, міндеттемелердің азаюы. Алайда құрылтайшылардың салымдары кәсіпорынға табыс болып саналмайды. Кәсіпорын табысының негізгі функциялары
- Ол мемлекеттік бюджеттің табыстарының көзі болып табылады;
- Ол кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі;
Табысқа тез қол жеткізу үшін кәсіпорын өз әрекетінің өрісінде төменгі қағидаларды басшылыққа алу қажет:
- Бір өнімге, не қызметке монополиясының болуы;
- Экономикалық циклдың кезеңдеріне бизнестің өсуі тәуелсіз болуы қажет, яғни өндірістің құлдырау уақытында фирманың айналымы өсуін тоқтатпайды;
- Кәсіпорын өз кірісін өнімді өткізуден алса, коммерциялық табысқа жету үшін сатылатын тауардан алынатын пайданың үлесі жоғары болады;
- Кәсіпорынның пайда мөлшері және тапсырманың өсу қарқыны әрқашан жоғары болып, өнімге қайталап берілетін тапсырма мол болу қажет;
- Кәсіпорын баяндамалар мен биржаның оперативтік есептерінде аз жазылатын бизнес өрісінде қызмет істеуі қажет;
- Кәсіпорын өз шаруашылық әрекетіне, менеджерлердің қабілетіне тәуелді өрісті таңдауы қажет;
1 - кесте. Кәсіпорын табысын қалыптастыруды мына төмендегі кестеден көруге болады.
═ + -
═ + + +
═
═ + +
Кіріс:
- тауарлы материалды қорларды сатудан;
- қызметтер көрсетуден
- ұйымға жататын, сыйақы, роялти мен дивиденттерден әкелетін активтерді пайдалануға беруден алынады.
Алынған кірістерді есебі өз кезегінде әр түрлі әдістері: жеткізу бойынша есеп әдісі, келісім шартты (контрактіні) пайдалану кезеңдері бойынша есеп әдісі, өндіріс бойынша есеп әдісі, мерзімін ұзарту әдісі қолданылады.
Табыстарды өлшеу - операция нәтижесінде толық алынуы тиіс ақшаға берілген құқықтың дисконтталған ағымдағы құны немес ақшалай баламасы. Көптеген жағдайларда ақша баламасы шартпен белгіленеді. Ережелер бойынша қайтарып берулер, саудалық жеңілдіктер және басқа азаюлар шаруашылық операциялармен құрылған табыстан шегерілуі тиіс.
Табыс - капиталды көбейтуге әкелетін жарғылық қызмет барысында кәсіпорынның есеп беру кезеңіндегі экономикалық пайданың жалпы түсуі.
Капиталдың көбеюі деп құрылтайшылар жарнасынан басқа оның кез келген көбеюі түсініледі.
Сатылған тауарлардың кірістері танылады, егер:
- кіріске алу ақылар мен тәуекелділіктерді кәсіпорын сатып алушыға аударып тастаса;
- егер кәсіпорын сатылған тауарларға бақылау жасамаса;
- егер кірістер сенімді бағаланса;
- егер жасалған делдалдықтан пайда алуына сенімді болса;
- егер жасалған делдалдықтан алынатын табыс дұрыс бағаланса;
Тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады:
Табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмлеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмлемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім-шартта көрсетілген соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.
Келісім шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып танылмайды және табыс танылмайды, мәміле бойынша күтілетін шығынүлкен нольдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді[8, 100-102] .
Көрсетілген қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:
- есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
- мәмілені жүргізу кезінде жұмсалатын шығыстары да, мәмлені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса;
Кәсіпорын барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді. Мәміленің сипатына қарап, оның аяқталу кезеңін анықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланылады:
- белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы;
- белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтердің пайыздық қатынасы;
- орындалған жұмысты талдау
Аралық негізде жасалатын төлемдер, яғни сатып алушылардын алынатын аванстар, табыс болып танылмайды.
Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалатын шығыс мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі"[11, 64-71] .
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" .
Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады.
1. 2 №2 ҰҚЕС негізінде кірістерді қолдану негіздері
Қаржы есептілігін дайындау және таныстыру принциптерінде акционерлердің салымдарымен қатысы жоқ капиталдың көбеюіне әкеліп соқтырған есепті кезеңінің ішінде активтердің көбеюі немесе азаюы немесе міндеттемелердің азаюы нысанында табыс экономикалық пайданың ұлғаюы ретінде танылады. Табысты есепке алу кезіндегі басты мәселе оны тану кезеңін анықтаудан тұрады. Табыс компанияның сенімді түрде өлшенетін болашақ пайданы алу мүмкіндігі болған жағдайда танылады[28, 12-14] .
№ 2 ҰҚЕС -ның 22 бөлімінде «Кірістер» ұғымы қарастырылған. Бұл стандарт кірістерді тану және бағалау жағдайларын, сондай-ақ қаржылық есеп беруде кірісті танудың маңызды аспектілерін ашуды айқындайды. Стандарт негізінде кірістерді қолдану негіздерін қарастырар болсақ, мынадай операциялар мен оқиғалардың:
1) өнімдерді (сату мақсатында субъектінің өзі шығарған, қайта сату үшін сатып алынған) сату;
2) қызметтер көрсету; және
3) қаржыландырудан түсетін кіріс;
4) өзге де кірістер нәтижесінде алынатын кірісті есепке алу кезінде қолданылады.
Кәсіпорын әдетте осы бөлімде ұсынылған кірісті тану өлшемдерін әрбір операцияға бөлек қолданады. Алайда субъект операцияның мазмұнын көрсету қажет болған кезде оның жеке анықталатын компоненттеріне тану өлшемдерін қолдануға тиіс. Мысалы, субъект тауардың сату бағасы кейіннен қызмет көрсетуге сәйкестендірілетін соманы қамтитын кезде операцияның жеке анықталатын компоненттеріне тану өлшемдерін қолданады. Керісінше, субъект коммерциялық әсері осындай операциялардың жиынтығына сілтеме болмаған кезде түсінікті болмайтындай түрде осы операциялар байланысты болатын кезде тану өлшемдерін бір уақытта екі немесе одан көп операцияларға қолданады. Субъект, мысалы, ол тауарлар сататын кезде және сонымен бірге болашақта бұрын сатылған тауарларды кері сатып алуға жеке шарт жасасатын бір уақытта екі немесе одан көп операцияларға қолданады, бұл осы операцияның әсерінің елеулі түрде күшін жояды.
Субъект тауарлар немесе қызметтер сипаты мен құны бойынша ұқсас тауарларға немесе қызметтерге ауыстырылатын кезде түсімді тануға тиіс емес. Алайда субъект ұқсас емес тауарларға немесе қызметтерге тауарлар сатылатын немесе қызметтер көрсетілетін кездегі кірісті таниды. Осындай жағдайда субъект:
1) алмасу операциясының коммерциялық мазмұны болмаса, немесе
2) алынған активтің де, берілген активтің де әділ құны сенімді түрде өлшенетін алмайтын жағдайларды қоспағанда, осындай операцияларды әділ құн бойынша өлшеуге тиіс. Егер операция әділ құн бойынша өлшене алмайтын болса, онда оны берілген активтің баланстық құны бойынша өлшеу керек.
Ақшалай қаражаттың немесе олардың баламасының түсуі кейінге қалдырылған кезде шарт іс жүзінде қаржылық операцияны білдіреді, ал өтемнің әділ сомасы пайыздың ауыстырылған ставкасын пайдалана отырып, барлық болашақ түсімдерді дисконттау жолымен айқындалады.
Кәсіпорын алынған немесе алынуға жататын өтемнің әділ құны бойынша кірісті өлшеуге тиіс. Алынған немесе алынуға жататын өтемнің әділ құны субъект ұсынатын кез келген сауда және жаппай жеңілдіктердің сомасын шегере отырып алынуға тиіс.
Субъект кіріске субъектінің өзінің атынан алынған немесе алынуға жататын экономикалық пайданың жалпы түсімдерін ғана кіріске енгізеді. Кірістен үшінші тараптардың пайдасына алынған сатудан алынған сатуға салынатын акциздер, қосылған құн салығы сияқты барлық сомалар алып тасталады. Агенттік келісімдер бойынша жұмыс кезінде субъект кіріске комиссиялық сыйақылар сомасын ғана кіріске қосуға тиіс. Принципалдың атынан алынған сома субъектінің түсімі болып табылмайды.
Кәсіпорын келесі тану түрлерін жүргізе алады:
1) өнімдерді (сату мақсатында субъектінің өзі шығарған, қайта сату үшін сатып алынған) сату;
2) қызметтер көрсету;
3) қаржыландырудан түсетін кіріс;
4) өзге де кірістер нәтижесінде алынатын кіріс.
Тауарлар сату .
Кәсіпорын төменде санамаланған барлық шарттар қанағаттандырылған кезде тауарларды сатудан түсетін түсімді таниды:
1) субъект тауарға меншік құқығына байланысты елеулі тәуекелдер мен пайдаларды сатып алушыға бергенде;
2) субъект меншік құқығымен әдетте сәйкес келетін дәрежеде басқаруға енді қатыспайтын болса және сатылған тауарларға бақылауды сақтамағанда;
3) кіріс сомасы сенімді түрде өлшенуі мүмкін болғанда;
4) операцияға байланысты экономикалық пайданы субъектінің алу ықтималдығы болғанда;
5) операцияға байланысты шеккен немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенуі мүмкін болғанда[16, 23-26] .
Субъект меншік құқығына байланысты елеулі тәуекелдер мен пайданы қай сәтте сатып алуға бергенін анықтау үшін операцияның шарттарын зерделеу қажет. Көп жағдайда меншік құқығын беруге байланысты тәуекелдер мен пайданы беру заңдық меншік құқықтарын берумен немесе иелік ету құқығының сатып алушыға өтуімен сәйкес келеді. Бұл бөлшек сауданың көпшілігінде болады. Қалған жағдайда меншік құқығын беруге байланысты тәуекелдер мен пайданы беру заңдық меншік құқықтарын беру немесе иелік ету құқығының сатып алушыға өтуі мерзімінен өзге мерзімде жүргізіледі.
Егер субъект меншік құқығына байланысты елеулі тәуекелдерді сақтамайтын болса, ол кірісті танымайды. Субъектіде меншік құқығына байланысты елеулі тәуекелдер мен пайда сақталуы мүмкін ахуалдарға мысал:
1) субъектіде кепілдіктің стандартты шарттарының шеңберінен шығатын қанағаттанғысыз пайдалану сапасына жауапкершілік сақталғанда;
2) нақты сатудан түсетін түсім алу сатып алушының тауарларды сатуына байланысты болғанда;
3) тиеп түсірілген тауарлар орнатылуға тиіс болып, ал орнату әлі орындалмаған шарттың едәуір бөлігін құрағанда;
4) сатып алушының сату шартында анықталған себеп бойынша сатып алу мәмілесін бұзуға құқығы бар болып, субъект қайтару ықтималдығын анықтауға қабілетсіз болғанда.
Егер субъектіде меншік құқығына байланысты елеусіз тәуекел ғана сақталатын болса, онда сату операция болып табылады және субъект кірісті таниды. Мысалы, сатушы өзіне тауарларға заңдық меншік құқығын оған тиесілі соманы алуды қамтамасыз ету үшін ғана қалдырған кезде кірісті таниды. Осылайша субъект клиенттерге сатып алу қанағаттанғысыз болған кезде ақшаны қайтару ұсынылатын жағдайда түсімді таниды. Осындай жағдайда субъект осы Стандарттың 20-бөліміне сәйкес ықтимал қайтаруға бағалау міндеттемелерін таниды.
Қызмет көрсету бойынша түсімді тану
Қызметтер көрсетуді болжайтын операцияның нәтижесі сенімді түрде бағалануы мүмкін болғанда, субъект есепті кезеңнің соңында операцияның аяқталу сатысын ескере отырып, операцияға байланысты түсімді таниды (осы әдіс кейде орындалу пайызының әдісі деп аталады) . Егер мынадай шарттардың барлығы орындалса, операцияның нәтижесі сенімді түрде есептелуі мүмкін:
1) кіріс сомасы сенімді түрде өлшенетін болса;
2) операцияға байланысты экономикалық пайданы субъект ала алатындай ықтималдық бар болса;
3) есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша операцияның аяқталу сатысы сенімді түрде бағаланатын болса; және
4) операцияны жүзеге асыру үшін шеккен шығындар және оны аяқтау үшін қажетті шығындар сенімді түрде өлшенетін болса[13, 61-66] .
Қызметтер белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іс-қимылдардың белгіленбеген көлемін жасау жолымен көрсетілген кезде кіріс қандай да бір басқа әдіс аяқталу сатысын жақсырақ көрсететініне дәлел бар жағдайларды қоспағанда, осындай уақыт ішінде тікелей желілік негізде танылады. Нақты іс-қимыл кез келген басқа іс-қимылға қарағанда анағұрлым елеулі болып шықса, онда субъектінің кірісті тануы осы іс-қимылды жүзеге асырғанға дейін кейінге қалдырылады.
Қызметтер көрсетуді болжайтын операцияның нәтижесі сенімді түрде бағалана алмайтын кезде субъект кірісті танылған өтелетін шығыстардың сомасы шегінде ғана тануға тиіс.
Пайыздар, дивиденттер, роялтилер
Басқа ұйымдардың пайыздар, лицензиялық төлемдер және дивидендтер әкелетінактивтерін басқа тараптардың пайдалануынан туындайтын кірісті мынадай жағдайларда тануға тиіс:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz