Одан кейінгі саяхатымыздың маршруты Стамбул қаласы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 1
1ТУРИЗМНІҢ ДАМЫҒАН ОРТАЛЫҒЫ - ТҮРКИЯ 3
2 АНТАЛИЯ КУРОРТТЫҚ АЙМАҒЫ ЖӘНЕ ОСЫ АЙМАҚТАҒЫ ТУРИСТТІК БАҒЫТТАР 7
3 ТҮРКИЯНЫҢ ТАРИХИ – МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ - СТАМБУЛ 12
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28
КІРІСПЕ
2012 жылдың 9-20 маусым аралығында мен өзімнің халықаралық өндірістік
тәжірибемді Түркия Республикасы Анталияның Кемер курорттық аймағында өттім.
Тәжірибеден өтуге ЕҰУ тарапынан барлық жағдайлар жасалды. Біздің
халықаралық өндірістік тәжірибе маусымның 9-ы күні танғы сағат 3-тен Астана
қаласының Халықаралық әуежайынан басталды десек болады, себебі
туристтердің көпшілігі шетелге саяхат жасау барысында әуе транспортын
қолданады. Әуежайда тіркеуден өтіп, билетімізді алып, біраз күткеннен кейін
ұшақпен біз Түркияның Анталия қаласына қарай бағыт алдық. Астана – Анталия
бағытында ұшу уақыты 5 сағат, осылайша Түркияға Анталия уақыты бойынша
танертенгі сағат 9 шамасында келип жеттік. Анталия Халықаралық әуежайында
бізді Qualitium туристтік фирмасы карсы алып, Кемер курорттық аймағының
Бельдиби ауданында бізді орналастырған қонақ үйге дейін автобуспен жеткізіп
салды. Барлық тәжірибеден өтуге келген студенттер Inter Sport қонақ үйіне
орналастырылды.
Біздің бұл халықаралық өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаты
туристтік мәдени - тарихи, діни, рекреациялық туризм түрлерінен
тәжірибімізді шыңдау. Бұл мақсатта бізге Түркияның тарихи орталығы, ірі
қалаларының бірі Стамбулға экскурсия жасалды, Жерорта теңізімен кеме арқылы
саяхат, әлемнің сегізінші кереметі саналатын Памуккале геотермалды
қайнағына саяхаттадық, сонымен қатар дайвинг, рафтинг жасалды. Осы арқылы
мен туризмнің дамыған орталығы Түркия Республикасының туристтік жағдайларын
бағдарлап келешекте өз отанымыз Қазақстанды сондай дәрежеге дейін жеткізу
керектігін келесі мақсатым деп санаймын.
Тәжірибені өту барысында біз өзіміз жеке турист, саяхаттаушы болдық,
себебі біздің Туризм мамандығында әр туристтің қалауын, талабын білу өте
маңызды, егер келешекте өзіміз сияқты туристтерге қызмет көрсететін болсақ
бізге оларды түсіну оңайға түседі. Сол сияқты біздің алғашқы талабымыз біз
тұратын қонақ үйдің теңізге жақын орналасуы болды, және ол талабымыз
орындалды. Бізді 3+ жұлдызды Inter Sport қонақ үйіне орналастырды. Қонақ
үйде 113 нөмір, сиымдылығы 200 адам. Көшенің келесі бетінде жағажайда қонақ
үйдің "Фаст Фуд Снек" бары орналасқан. Ол жерде жастарға арналған түрлі іс-
шаралар ұйымдастырылады.
Келесі талабымыз аға оқытушыларымыздың көмегімен іске асты, олар
туристтік фирмамен келісе отырып саяхат жасайтын жерлерді әр күнге жеке-
жеке жазып белгіледі. Алғашқы 2 күн қонақ үй айналасында,жағажайда өтсе,
келесі күннен бастап топтық саяхаттау басталды. Ең алғашқы ол рафтинг
болды. Рафтинг – тау өзендері арқылы және жасанды су ағыстары арқылы 2,4,6
орынды ауамен урленген қайықта ағыс арқылы спорттық жүзу. Келесі саяхатымыз
тағы бір экстремалды туризм түріне жататын – дайвинг. Яғни, дайвинг –
арнайы құрылғылар көмегімен су астында жүзу. Ол бізде Жерорта теңізінде
жүргізілді. Одан кейінгі саяхатымыздың маршруты Стамбул қаласы. Стамбул
Түркияның ірі қалаларының бірі,мұндағы әр түрлі тарихи – мәдени жерлерге
саяхат жүргізілді. Атап айтсақ, Айя – София, Көк мешіт, Топкапы
сарайы, Үлкен Стамбул базары және басқа да жерлер. Содан кейінгі
маршрутымыз әлемнің сегізінші кереметі саналатын Памуккале болды. Осы
саяхаттар арасында Анталия қаласына, Кемер аймағына өз бетімізше саяхат
жасадық. Ал тәжірибе бітуінен бір күн бұрын Кемердің 3,4 және 5 жұлдызды
қонақ үйлеріне ақпараттық тур жүргізілді, олар жайында біраз мағлұмат
алдық. Тажірибенің соңғы күні киім – кешектерімізді реттеп, нөмір кілтін
тапсырып, туған елімізге аттандық. Осылайша біздің Халықаралық өндірістік
тәжірибеміз тәмамдалды.
1ТУРИЗМНІҢ ДАМЫҒАН ОРТАЛЫҒЫ - ТҮРКИЯ

1.1 – фото, Астана халықаралық әуежайы.
Түркия сөзсіз келушілері көп елдің бірі болып табылады. Себебі, тек
осында ғана мөлдір таза теңіз, тамаша құм жағажайлары, ашық күн және көркем
көріністерден ләззат ала аласындар. Бүкіл әлемге танымалы және әйгілі
Түркияның курорттары ол: Анталия, Алания, Бодрум, Мармарис, Белек, Сиде,
Кушадасы, Кемер. Ауа райының жұмсақтығының арқасында, аталған курорттарда
демалу көптеген туристтер мен демалушылардың сүйікті орнына айналды.
Түркияның географиялық орналасу ерекшелігі, ол төрт теңізбен ұласқан: Қара,
Эгей, Жерорта және Мәрмәр. Және де әр жағжайдың ауа райы әр түрлі. Эгей мен
Жерорта теңіздер жағажайларында ауа райы жерорталық, мұнда қыс жылы,
сондықтан Жерорта теңізінің жағажайларында көктемде немесе күзде демалған
жақсы. Ал Эгей теңізінің жағажайларына жазда барған жөн, себебі бұл
теңіздің жағасында жаз мүлдем ыстық емес. Туристтерге ерекше сүйікті
курорттар, қысы өте жылы, ал жазы ыстық емес, Қара теңіз жағасында
орналасқан. Түркия – таулы ел, сондықтан бұл елдің ауа райы негізінде
континенталдық және таулы жерге тән.
Қылқан жапырақ пен балқарағай иісі бар керемет таза тау ауасы,
экология жағынан таза жағажайлар және теңіздердің шипалы суы – осының бәрі
демалушылардың денсаулығына жағымды әсер береді.
Түркияның негізгі тұрғындар санын түріктер құрайды, 90 пайызға жуық.
Қазіргі Түркия тұрғындар саны – 70,7 млн. адам. Тұрғындар саны 10 033 мың
адам – бұл 100 мыңға жуық гректер тұратын Стамбул, бұрынғы Константинополь.
Түркияда түріктерден басқа миллионға жақын арабтар және бірнеше он мыңдық
армяндар, еврейлер, сонымен қатар курдтер, грузиндер, черкестер, лаздар
және тағы басқа ұлттар тұрады. Шығыс пен Батыс кездескен, соның арқасында
Еуропа мен Азияның көптеген елдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлері
аралақан, бірегей және ғажайып ел.[2]
Түркия – ашық аспан астындағы мұражай, өзінің көпжылдық тарихы бар
ежелгі өркениеттер елі. Және де табиғи, тарихи назар аударарлықтар саны
бойынша туристтік елдер арасында бірінші орында тұр. Олар антиктік
ескерткіштер де, дүниенің жеті ғажаптарының екеуі де, өте сирек кездесетін
флора мен фаунасы бар бірегей қорықтары да!
Мысалы, жанартау платосында орналасқан, Памуккаленің термалді
қайнарлары. Мұнда, көп ғасырлар бойы жер астынан ысылдап, шипалы кальцийға
байыған және бірегей көрініс туындыратын, су ағыстары атқылайды. Суыған
кезде кальций катады да керемет әдемі каскадтар тудырады. Мұндай бірегей
табиғат құыбылысын әлемнің ешбір жерінде кездестіре алмайсыз. Сонымен қатар
дүниенің жеті ғажаптарының екеуін де – Эфестегі Артемида Ғибадатханасы мен
Галикарнастағы кесене. Эфестегі Артемида Ғибадатханасы қазіргі уақытта
қалпына келтіріліп жатыр, біздің заманға қираған түрінде жеткен.
Аумағында Артемида Ғибадатханасы орналсқан, Эфес қаласы, біздің
заманға дейін жеткен, эллиндердің антиктік ежелгі қалаларының бірі. Сол
көне заманнан, қала кейібі көп өзгермеген. Ақ мәрмәрден жасалған көшелермен
антиктік бірегей ескерткіштерге өтуге болады. Мұнда Рим императоры Адриан
ғибадатханасының жұқанасы, Троян императорының фонтаны, моншалар жұқанасы,
нимфалар ғибадатханасы, 12 мың пергаменттік бұрама қағаздары осы күнге
дейін сақталып жеткен, Цельстің аңызға айналған кітапханасы сақталып
қалған. Орасан зор амфитеатр де сақталып қалған.
Тағы бір дүние ғажаптарының бірі – Галикарнастағы кесене, сол баяғы
заманда Карий патшалығының астанасы болған, Галикарнас атты грек қаласында
орналасқан. Бұл құрылыстың заманына сай емес сәулеті болып, барлықтарды
көркемдігімен таңдандырған.
Кесененің ішкі бұйымдары да нағыз өнердің туындысы десе болады, ұлы
қырғын соғыстарды бейнелеген үлкен мүсіндермен және фрескалармен.
Галикарнас қаласының сұлулығы, және оның ғажайып саябақтары мен сарайлары
даңқысы бүкіл әлемге жайылды. Осы күнге дейін қала қираған түрінде ғана
жеткен, бірақ әлі де ойды жайратады және сұлулығымен таңдандырады.[1]
Түркия аумағында дүниеде жалғыз антиктік қала орналасқан, онда осы
күнге дейін тіршілік жүріп жатыр. Бұл Конья қаласы, ежелгі ұсталар салған
күйінде сақталған антиктік сәулет ескерткіштері бар жалғыз қала. Мұнда
айтып жеткізуге болмайтын тарихи колориті және сол кездің аса қымбат салт
дәстүрлері сақталған. Мешіттер, ғибадатханалар, шіркеулер жақсы куйінде
сақталған. Көптеген туристтер Коньяға сол көне заманның тарихи ахуалына
бату үшін және жылда Конья қаласында өткізілетін, және қаланың дәстүріне
айналған, кілемдер көрмесінен кілем алу үшін келуге асығады. Қалның тағы
бір дәстүрі – көне діни орденнің, айналушы дәруіштердің фестивалі.
Иә, Түркия қызықты тарихы бар ел, дегенмен туристтердің көпшілігін
керемет жағажайлар, бапталған жағалар, СПА-салондар, демалыстың ойын-сауық
орталықтары, дәмді тағамдар, шығыс колориті, Стамбул сияқты мәдени
орталықтарға қызықты экскурсиялар күткен Түркия курортары тартады.
Егер сіз шопинг пен түнгі өмірді жаратсаңыз, сіздің қалауыңызға
Анталия курорты келеді.
Егер сіз демалуға ең ыстық айларында барғалы жатсаңыз, сізге ең
керемет келетін Жерорта жағасындағы ең көгалды Кемер курортындағы демалыс.
Ең қиялшыл мінезділерге Фетхие курортында демалуға кеңес береміз, оның
таң қалдыратын сұлулығы жүрегіңізде мәңгі қалады.
Егер қаражатыңыз жетіспесе немесе сәл үнемдегіңіз келсе, онда сапардың
ынсапты бағаларымен атағы шыққан Аланья курортына барғаныңыз жөн. Бірақ
демалыс және қызмет сапасы мүлдем төмендемейді.
Ал Сиде курортына келсеңіз, Клеопатраның өзі аяқ басқан ескі көшелерде
серуендей аласыз. Егер сіз тек сәулетті демалыстың әуесқойы болсаңыз, Белек
курортында демалуыңыз керек, мұнда сіздің таңдауыңызға техниканың соңғы
сөзімен жабдықталған, казіргі заманға сай бесжұлдыздық қонақүйлер бар. [2]
2 АНТАЛИЯ КУРОРТТЫҚ АЙМАҒЫ ЖӘНЕ ОСЫ АЙМАҚТАҒЫ ТУРИСТТІК БАҒЫТТАР
Біз тұрақтаған қонақ үй Анталияның Кемер туристтік аймағында
орналасқан. Анталия – Түркияның оңтүстігіндегі қала, ол Тавр жотасы мен
Жерорта теңізінің арасында орналасқан (Анталия бұғазы).
Анталия облысы — Түркия туризм индустриясының орталығы, елге келген
барлық туристердің 30% Анталияға келеді.
Ауыл шаруашылығы айтарлықтай жақсы дамыған. Басты ауыл шаруашылық
өнімдері - мақта, бидай тектес дақылдар, цитрус. Соңғы жылдары гүл өсіру,
маусымдық және жылыжай көкөніс өсіру дамып келеді.
Кеме жасау, жөндеу, текстил мен тамақ өнеркәсібі де жақсы дамыған.
Анталияның тарихына қысқаша тоқтала кетсек, Ежелгі Анталияның тарихы
белгісіз. Хетты дәуірінде Анталия және жанындағы аймақтар Ликия деп
аталған.
Юнан кезінде Анталияның батыс бөлігі Ликияға кірген, ал шығыс бөлігі
Памфилияға кірген, солтүстігі Киликия мен Писидия арасында екіге бөлінген.
2.1 – фото, Анталия қаласы.
Анталия б.з.д. 159 жылы грек патшасы Пергама Атталоның қалауымен
құрылған және алғашында Атталия деп аталған. Б.з.д. 133 жылы қаланы
римдіктер жаулап алып, Адриан императорының қысқы тұрағына айналдырды. Көп
жылдар бойы Анталия римдіктердің және кейін Византияның қол астында болды.
VIII ғасырда болған қатты жер сілкінісінен кейін ,бұл өңірде
экономикалық құлдырау басталды және бұның себебі ретінде арабтардың және
теңіз қарақшыларының шапқыншылығын да алсақ болады. 1080 жылдары селжұқ
елінің басып кіруінен кейін, бұл өңірде ислам діні тарала бастады 1207 жылы
селжұқтар Анталияны және соған қатысты барлық жерлерді жаулап алады.1423
жылы Анталияны түрік османдары жаулап алады. Міне, осындай тарихы бар
қалада біз тұрақтадық.[1]
Халықаралық өндірістік тәжірибенің алғашқы екі күні осы Анталия
қаласындағы біз орналасқан қонақ үй маңында, жағажайда және сол жердегі
жақын маңдағы дүкендерді аралаумен өтті. Ал келесі күннен бастап аға
оқытушыларымыз турфирмамен келісе отырып саяхат жасайтын жерлерді әр күнге
бөліп белгіледі, яғни келесі маршрутымыз осы бойынша жүзеге асты. Атап айта
кетсек әр күнге келесідей түрде белгіленді: рафтинг, дайвинг, Стамбул
қаласына саяхат, әлемнің сегізінші кереметі Памуккале және ең соңғысы инфо-
тур, яғни Кемерде орналасқан 3,4,5 жұлдызды қонақ үйлер жайында ақпарат
алу. Ең соңғы күні Яхтада көбікті кеш ұйымдастырылды. Ал бұдан бөлек бос
уақыт болған кезде біз Анталиядағы былғары салонын, әшекей бұйымдар,
сувенир сататын дүкендерді және Түркияда текстиль жақсы дамығандықтан,
текстиль салондарын араладық.
Анталия аймағындағы туристтік бағыттарымыздың бірі – рафтинг.
Рафтингке 11.06 күні баратын болдық, таңғы ас ішкен соң бізді қонақ үй
алдында автобус күтіп тұрды,осы автобуспен біз Капручай шұңғымасына бардық.
Ол жерде жағалауында көптеген туристтік базалары орналасқан тау өзені
ағып жатыр. Рафтингтің бағасы 15$ , бұған бару, келу ақысы, түскі ас ақысы
және 9 орынды жеке бағдарлаушысы бар байдаркада жүзу ақысы кіреді. Ал егер
байдарканы өз еркіңізбен жүргізгіңіз келсе қосымша 25$ төлеп екі орынды
байдарка алуға болады. Біз әрқайсымыз өзімізге берілген құтқару жилетін
киіп алып 9 орынды байдаркаға отырдық. Осылай өзен ағысы бойымен жүзіп
келе, қорқыныш аймағына жетпей барлық топ римдік көпірге тоқтады. Ол жерде
қалаған адамдар жардан өзенге қарай секіре алады, жардың биіктігі төрт
метрге жуық.
2.2 – фото, Рафтинг, Капручай шұңғымасы
Жүзу кезінде және тоқтағанда да бізді фотосуретке, видеоға түсіріп
жүрді. Маршрут соңында бізге түскі ас берді және сол жерде түсірген
фотосуреттер мен видеоларды көруге болады, егер осы фотосуреттерді алғысы
келген адамдар болса қосымша тағы ақша төлеп алады. Кешке жақын қонақ үйге
қайтып оралдық. Қонақ үйде кешкі ас ішіп алып әркім өз қалаумен айналысады,
кейбірі жағажайға дискотекаға барса, кейбірі Кемер базарын аралауға шығады,
ал қалғандары қонақ үйде өз нөмірінде күнін өткізеді.
Келесі туристтік бағытымыз – дайвинг. 12.06 күні әдеттегідей таңғы
астан соң қонақ үй алдында күтіп тұрған автобусқа мініп Жерорта теңізі
жағалауындағы кеме портына бардық. Бұл жерде бізді күтіп тұрған моторлы
кішкене кемеге мініп Аквариум айлағына қарай жүзіп бардық, жүзу барысында
су астына түсуге арналған арнайы құрылғыларды қалай қолдану керек екені
жайында нұсқаушы толық ақпарат берді. Аквариум айлағы толқын мен желден
жақсы қорғалады, және айлақта балықтардың көптеген түрі мен су
жануарларынан теңіз жұлдызы мен теңіз кірпісі, сегіз аяқ, скаттарды теңіз
түбінде кездестіруге болады. Дәл осы жер теңіз түбіне түсуге алғаш
үйренушілерге өте қолайлы болып табылады, бұл жердің тереңдігі 3-6 метр.
Осы жерде біз алғашқы теңіз түбіне түстік.
2.3 – фото, дайвинг, Жерорта теңізі
Нұсқаушы бізді су түбіне қарай алып барды. Су түбінде 20 минут
шамасында жүздік, түрлі балықтарды көріп, оларды тамақтандырдық. Қасымызда
жүрген нұсқаушылардың бірі бізді фотосуретке, видеоға тусіріп жүрді. Ал
келесі су түбіне түсу маяк айлағында жүргізілді, ол жердің тереңдігі 10
метрге жуық. Дайвингтен соң кемеде түскі ас берілді. Осылай тағы бір
күніміз өтті.
13.06 күні де Анталия аймағында өтті. Таңғы астан соң қонақ үй
жанындағы бассейнде болдық, ол жерде түрлі іс – шаралар ұйымдастырылды.
Бұл күні рафтингке бармаған студенттер барды. Ал қалғандары түскі
астан соң Анталияға барып сол жердегі сауда орталықтарын аралап, кожа
салондары мен сувенир сату орталықтарын аралап келди. Кешке жақын қонақ
үйге оралып кешкі ас ішіп болған соң қалағандары жағажайда орналасқан барға
барып көңіл көтеріп, би билеп қайтты. Ал қалғандары ертенгі күнге,
Түркияның тарихи – мәдени ескерткіштеріне бай Стамбул қаласына баруға
дайындалды.
3 ТҮРКИЯНЫҢ ТАРИХИ – МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ - СТАМБУЛ
14.06 күні Стамбулға бару үшін таңғы сағат 3-те Анталия әуежайына
қарай бағыт алдық. Әуежайда тіркеуден өткен соң ұшаққа мініп Стамбулға
беттедік, Анталия – Стамбул бағытында ұшақ 1 сағат шамасында ұшады. Стамбул
әуежайынан бізді турфирма өкілі қарсы алды. Ары қарай бізді Стамбул қаласы
бойынша экскурсия жасау үшін экскурсоводқа жеткізіп салды. Ол Туркия
жайында, Стамбул қаласы туралы көптеген мәліметтер айтып біздің осы ел
жайындағы ақпараттық жүйемізді кеңейтті.
Түркия өзінің тарихи жерлерімен ерекшеленеді. Тарихи оқиғаларға бай
қала Стамбул қаласы. Біз өзіміздің тобымызбен стамбулда бір күн болдық.
Стамбул 1453 жылы оны Фатих сұлтан Мехмед жаулап алғанға дейін Византия
империясының орталығы болған. Стамбулдың негізгі мағынасы Ислам бол деген
ұғымды білдіреді деген пікір бар. Түрік Республикасының астанасы тек 1923
жылы Анкара қаласы болып белгіленген. Осыдан бір жыл бұрын ашылған Фатихтың
панорамалық мұражайы ел халқын патриотизмге баулитын керемет орын екен.
Константинополь қаласының алынуы, түрік сарбаздарының шайқасы өте әсерлі
бейнеленген. Стамбұл Түркияның солтүстік батысында орналасқан. Қаланың көп
бөлігі Еуропада, ал аз бөлігі азияда орналасқан. Климматтық жағдайы
субтропикалық болып келеді. Біз барған кезде ауа райы айтарлықтай ыстық
болды.
Стамбул қаласы Түркияның экономикасы дамыған, өндіріс көзі болып
табылатын қала. Жалпы экономикасы киім шығару, машина шығару,полиграфия,
темір өндіру, цемент, тамақ өндірумен айналысады. Туризмнің дамуы да үлкен
үлес қосады. Қалада мемлекеттің ең үлкен банкілері, агентсво мен шетелдік
фирмалар орналасқан.
Бұл қала өзінің әлемнің екі бөлігінде орналасқандығымен ерекшеленеді.
Осы уақытқа дейін Стамбул он римдік, сексен екі византиялық және отыз осман
империясының сұлтаны басқарған екен. Қаланың ұзындығы 150 км, ені 50 км.
Қала қазіргі таңда өте жоғарғы қарқынмен дамуда. Жылына қалада 30ға жуық
жаңа көшелер пайда болады. Түркияның әрбір бесінші тұрғыны Стамбулда
тұрады. Стамбулға келетін туристер саны 6 млн адамға жуық. Неке қидыру
бойынша Стамбул Лас Вегастан кейін екінші орын алады. Сондықтан Стамбул
уйлену туризмі бойынша көптеген туристерді қабылдайды.
Енди Стамбулдын тарихи ескерткіштеріне келетін болсақ: Стамбулдың
символы болып табылатын Қыз мұнарасы .
3.1 – фото, Қыз мұнарасы
Бұл керемет ескерткіш стамбулдың азиялық бөлігі, Босфор теңізінде
орналасқан. Бұл ғимараттың салынуы бойынша бірнеше түрлі пікірлер бар. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz