Қазақ әдебиетіндегі даналық үрдіс



Даналық . адамды басыбүтін және үнемі баурайтын соңғы лебіз, соңғы дау. Даналық өне бойы өткенге көз тастап, тарихқа үңілумен болады, адамның, қоғамның, халықтың қазіргі күйіне өткен шақ және болашаққа қарап, салыстырады, сынайды. Белгілі ғалым Кант айтқан, адамға керек, адамға адам болудың, адам болып өмір сүрудің, қандай қиын жағдайда да адам болып қалудың жолдарын көрсететін философия бөлек, ол. даналық философиясы.
Даналық – адамды басыбүтін және үнемі баурайтын соңғы лебіз, соңғы дау. Даналық өне бойы өткенге көз тастап, тарихқа үңілумен болады, адамның, қоғамның, халықтың қазіргі күйіне өткен шақ және болашаққа қарап, салыстырады, сынайды. Белгілі ғалым Кант айтқан, адамға керек, адамға адам болудың, адам болып өмір сүрудің, қандай қиын жағдайда да адам болып қалудың жолдарын көрсететін философия бөлек, ол- даналық философиясы. Оны біз Конфуцийден, Сократтан, Достоевскийден, Л. Толстойдан, Ыбырай мен Абайдан таба аламыз.Осы кезге дейін философиялық әдебиетте даналықты философияның өткен шағы деп қарау, сол себепті даналыққа көңіл бөлмеу орынсыз келеді. Даналық- философияның түпкі мәні. Даналықтың не екенін Сократтан сұрауға тура келеді. Оның ойынша , даналық деген дүниені, өзіңді басқаларды түсіну, бәріне де түсінікпен қарау.
Философияның даналыққа байланысты тағы бір анықтамасы – түсінік. Геккельдердің философиясы рухты түсінуге бағытталса, К.Маркстың философиясы тарихты түсінумен байланысты.
Қазақстан даналығының Кеңес дәуіріндегі диалектика, таным теориясы мен методикасы, даналық тарихы саласындағы Одаққа, Әлемге танылған еңбектері атап көрсетіледі, сонымен бірге ХХІ - ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі даналықтың басты бағыты, нысанасы - өзіне лайық және өзіне тән, халқымыздың төл мұрасы - даналыққа қайтып оралып, қайтадан даналық жолына түсу деген маңызды тұжырым жасалады.
Даналықтың дарабоздығы қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнерден көрінеді.Әдетте, шешендік өнер – дауларда туып дамиды. Сондықтан елдің, ердің тағдыры сарапқа түсетін, соғыс бітім секілді маңызды мәселелер сөз болатын сот залдары, парламент сарайлары, сондай – ақ халық көп жиналатын астар мен тойлар, міне сондай сарамжал шешендер мен саяси қайраткерлер сөз сайысына түсетін, сыннан өтетін және шынығып шыңдалатын орындар – форумдар болған. Мәселен, ежелгі Афин шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон, XIX – XX ғ. өмір сүрген орыс шешендері П.А.Александров, Ф.Н.Плевано, А.Ф.Кони, қазақ шешендері Төле Әлібекұлы, Қазыбек Келдібекұлы және Әйтеке Бәйбекұлы, Сырым Датұлы даналықтың даңғыл жолымен саясаттың саңлақтары атанды.
Сырым жас кезінде қасындағы жолдасымен Нұралы ханның үйіне сәлем бере барады. Хан үйінде Қараман тана Малайсары бимен әңгімелесіп отыр екен.
1.С. Сматаев " Қаз дауысты Қазыбек." Егемен Қазақстан 1991 ж. 16 қараша.
2."Бес ғасыр жырлайды" 1 том 26 бет
3.Ы. Алтынсарин тағылымы. Алматы 1991 73 бет
4.Қыраубаева А. " Ғасырлар мұрасы" Алматы 1988ж
5.С. Негімов "Ақын даналар"
6.Р. Бердібаев "Кәусәр бұлақ" 1989ж
7.Х. Сүйіншалиев "Қазақ әдебиетінің тарихы" Алматы " Санат" 1997 ж.
8.Билер туындыларындағы даналық жөнінде:Нысаналы А.Төле би.Егемен Қазақстан 1991 ж. 30 қараша
9.Абай тағылымы: Әдеби – сын мақалалар мен зерттеу. Алматы – 1986 ж.
10. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі Алматы 1986 ж.
11. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы Алматы 1988 ж.
12. М.Мағауин. Қобыз сарыны Алматы 1968 ж.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ: 894.2. 342
Ө 87

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДАНАЛЫҚ ҮРДІС

Г.Ә.Өтетілеуова, Г.Ә.Мұраталиева
Ыбырайым Сүлейменов атындағы № 37 қазақ орта мектебі, Тараз қ.

Даналық – адамды басыбүтін және үнемі баурайтын соңғы лебіз, соңғы дау.
Даналық өне бойы өткенге көз тастап, тарихқа үңілумен болады, адамның,
қоғамның, халықтың қазіргі күйіне өткен шақ және болашаққа қарап,
салыстырады, сынайды. Белгілі ғалым Кант айтқан, адамға керек, адамға адам
болудың, адам болып өмір сүрудің, қандай қиын жағдайда да адам болып
қалудың жолдарын көрсететін философия бөлек, ол- даналық философиясы. Оны
біз Конфуцийден, Сократтан, Достоевскийден, Л. Толстойдан, Ыбырай мен
Абайдан таба аламыз.Осы кезге дейін философиялық әдебиетте даналықты
философияның өткен шағы деп қарау, сол себепті даналыққа көңіл бөлмеу
орынсыз келеді. Даналық- философияның түпкі мәні. Даналықтың не екенін
Сократтан сұрауға тура келеді. Оның ойынша , даналық деген дүниені, өзіңді
басқаларды түсіну, бәріне де түсінікпен қарау.
Философияның даналыққа байланысты тағы бір анықтамасы – түсінік.
Геккельдердің философиясы рухты түсінуге бағытталса, К.Маркстың философиясы
тарихты түсінумен байланысты.
Қазақстан даналығының Кеңес дәуіріндегі диалектика, таным теориясы мен
методикасы, даналық тарихы саласындағы Одаққа, Әлемге танылған еңбектері
атап көрсетіледі, сонымен бірге ХХІ - ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі
даналықтың басты бағыты, нысанасы - өзіне лайық және өзіне тән, халқымыздың
төл мұрасы - даналыққа қайтып оралып, қайтадан даналық жолына түсу деген
маңызды тұжырым жасалады.
Даналықтың дарабоздығы қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік
өнерден көрінеді.Әдетте, шешендік өнер – дауларда туып дамиды. Сондықтан
елдің, ердің тағдыры сарапқа түсетін, соғыс бітім секілді маңызды мәселелер
сөз болатын сот залдары, парламент сарайлары, сондай – ақ халық көп
жиналатын астар мен тойлар, міне сондай сарамжал шешендер мен саяси
қайраткерлер сөз сайысына түсетін, сыннан өтетін және шынығып шыңдалатын
орындар – форумдар болған. Мәселен, ежелгі Афин шешені Демосфен, Рим
шешені Цицерон, XIX – XX ғ. өмір сүрген орыс шешендері П.А.Александров,
Ф.Н.Плевано, А.Ф.Кони, қазақ шешендері Төле Әлібекұлы, Қазыбек Келдібекұлы
және Әйтеке Бәйбекұлы, Сырым Датұлы даналықтың даңғыл жолымен саясаттың
саңлақтары атанды.
Сырым жас кезінде қасындағы жолдасымен Нұралы ханның үйіне сәлем бере
барады. Хан үйінде Қараман тана Малайсары бимен әңгімелесіп отыр екен.
-Балалар, аман ба ? – депті де, бұларды елемей, өздері сөйлесе
беріпті.Сырым жолдасына дауыстап:
-Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой, - дейді. Малайсары
жалт бұрылып:
Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.
-Сырнайдай сайрап тұрған мына бала кім өзі? – деп жақтырмай қалады.
Сонда Сырым табанда:
-Ата тұрып, ұл сөйлесе, ержеткені болар. Ана тұрып, қыз сөйлесе,
бойжеткені болар. Ата балаға көлденең тұрса, кері кеткені болар, - дейді.
Малайсары Сырымның тапқырлығына риза болып:
-Сен толған екенсің, мен тозған екенмін, - деп қасына шақырып, "Бағың
жансын !" - деп батасын береді. Содан бастап Сырым жөнінде " Датта бір
бала бар, ақылы данаға парапар" – деген нақыл сөз тарайды.
Қазыбек биге бір адам "Кім жақын, не қымбат, не қиын ?" – деген үш
сұраққа жауап беріңізші деп қиылып отырып алыпты. Сонда Қазыбек былай деп
жауап қайтарған екен:
Тату болса, ағайын жақын
Ақылшы болса, ағайың жақын,
Бауырмал болса, інің жақын,
Инабатты болса, келінің жақын.
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелің жақын
Алтын ұяң- Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын – анаң қымбат.
Асқар тауың- әкең қымбат
Туып өскен елің қымбат
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.
Таусылмайтын дау қиын,
Шанышқылаған сөз қиын,
Дәл осындай жағдайда,
Пана болмас өз үйің
Жазылмаса, дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын,
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Тентек болса, ұл қиын,
Не істеріңді – біле алмай,
Ашиды сонда бас миың.
Кім жақын, не қымбат, не қиын дегенде – даналықтың мәні бар, даналықты
керек қылатын сұрақтар. Жақындық, туыстық – халқымыздың қанына сіңген
қасиет. Адам кімге арқа сүйерін, кімге үміт артарын ойлағанда ең алдымен
жақын – жуығын есіне алады. Қазыбек олардың жақындығына шарт қояды,егер
тату болса, бауырмал болса деп. Билер мен шешендер сөздерінде ойдан шығарып
топшылау жоқ, тәжірибені қорыту орын алады.
Бірде Жанқұтты шешен Құнанбайдың үйінде отырғанда оған Абай келіп сәлем
береді. Ол кезде Абайдың жас, үйленбеген шағы екен. Абайдың тапқырлығын,
ақылдығын естіп жүрген шешен баланы қасына отырғызып, оған сұрақ қояды -
Шырағым, дүние неге сүйенеді? Абай:
-Дүние үмітке сүйенеді . Үміт адам баласының рухани тіректерінің бірі.
Абайдың өзі де халқы өзгерер, түзелер, оянар деп көп үміттенді, халқына
өлеңмен де, қара сөзбен де, жеке басының тәжірибесінен де жыр етіп әрекет
жасады. Тауы қайтып туңілді де. Сонда да үмітін үзбеді.
Жанқұтты:
- Көздің көрмесі бола ма ? Абай:
- Көз қабағын көрмейді , - дейді. Кейде адам аяғының астындағын
көзінің алдындағыны көрмейді, былайша айтқанда, елемейді, мән бермейді.
Алдымен адам алды- артын мұқият абайлап алуы керек. Сосын барып
алыстағыға, биіктегіге көз тастауға болады, - деп жауап беріпті.
Даналықтың қайнар бұлағы мақал – мәтелдерден де бастау алады. Қазақтың
мақал- мәтелдерінің терең де бай мазмұнын, сұлулығын, тапқырлығын,
шешендігін, жарасымдылығын шебер бейнелеп, жан – жақты ашып жүрген
жазушыларымыз, баршылық. Солардың ішінен халық жазушысы М. Әлімбайды,
ғалымдар Әсет Балғанбайұлын ерекше атап өтуге болады. Олар халық мақал-
мәтелдердегі даналықты, тағылымды, тәлім - тәрбиені, өсиетті бүкіл жұртқа
жеткізбек болып ат салысып келеді. Біз мақал – мәтелдерге философиялық
тұрғыдан қарап, олардың философиясының мазмұнын алуға тырыстық. Сондай
мақалдарға көңіл бөлсек. Адамға туған жерден қымбат ештеңе жоқ. Кім болса
да, қайда жүрсе де, ол елін , туған жерін аңсап жүреді, барып топырағына
аунап қайту, ауасын бір жұту ол үшін бір ғанибет көрінеді. "Ат айналып,
қазығын табар" – деп тауып айтқан емес пе? Болмаса
Туған жерді анам демей не дейін!
Туған елді панам демей не дейін!
Сол арқылы асқақ менің ән – жырым,
Сол арқылы асқақ менің мерейім, - демек.
" Ер туған жеріне, ит тойған жеріне" – деп халық адамның елге,туған
жерге деген ыстық сезімін дәл бейнелейтін. "Пәлен жерде пайда бар, өз
жеріндей қайда бар!" деген мақалда да терең мағына бар. Бақ іздеп, табын
көздеп адамдар жан- жаққа тіпті шет елге де кетіп жатыр. Табыс кілтін
оларға кім әзірлеп қойды? ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Абай шығармашылығындағы нәзира дәстүрі
Қазақ әдебиетіндегі Зар заман ағымы мен нәзирагөйлік дәстүр (ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы)
Халықтық педагогика және оқу - тәрбие жұмыстары
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Битанудағы шешендік өнердің ролі
Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету
Оқу-білім және педагогика
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
Пәндер