Пара берушінің пара беру
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Сыбайлас жемқорлық
1.1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы
... ... ... ... ... ... .4
1.2 Сыбайлас жемқорлықтың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..7
1.3 Парақорлыққа делдал
болу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .8
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық
құралдар.Пара беру
2.1Сыбайлас-жемқорлық және пара берумен күрестің негізгі
қағидалары ... ... ..10
2.2 Сыбайлас жемқорлық пен пара беруге қарсы күресті жүзеге асыратын
халықаралық құрылымдар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..15
2.3.Пара беру.Пара берудің объективті және субъективті
жағы ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 27
Кіріспе
Тақырыптың өзектiлiгi. Демократиялық институттар мен
құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ, одан
туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін
проблемалармен сыйыспайтыны даусыз. Тиісінше Қазақстанда іске асырылып
жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлықтың барлық
көріністеріне қарсы барлық деңгейлердегі күресте тиімді жұмыс істейтін
жүйесіз мүмкін емес.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір
төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды
тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең
бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң
мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат
түсіретіні даусыз. Ұсынылып отырған зерттеудің негізгі өзектілігі де
осында.
Жұмысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тәжірибені
зерттей, талдай отырып,оған қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық
құралдарды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихына
тоқталамыз.Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың бір түрі-пара беруге
тоқталамыз.
Жұмыстың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
мәселесіндегі халықаралық тәжірибені саралап, айқындап, сыбайлас жемқорлық
қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың қоғамның дамуына қарай іс жүзінде
жетілдіріп отыратынына көз жеткізу. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау
көзделді:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселенің ғылыми-теориялық
негіздерін айқындау;
- сыбайлас жемқорлықтың болмысын, түрлерін, негізгі белгілерін,
ерекшеліктерін, субъектілерін анықтау, сондай-ақ пайда болу себептерін
айқындау;
Жұмыстың зерттеу әдiсi. Жұмыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
саласына арналғандықтан сыбайлас жемқорлық факторларын белгілеудегі негізге
алынған сипаттамалы әдіс, талдау әдісі, осы құбылыстың себептерін анықтау,
ерекшелігін нақтылау үшін салыстырмалы әдіс, салыстырмалы-тарихи, бақылау
әдiстері қолданылды.
Кешегі КСРО шекпенінен шыққан республикалардың ішінен “Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы” заң алғвш болып біздің елімізде
жарияланды.Содан бері жемқорлыққа қарсы күрес үнемі үздіксіз жүргізіліп
келеді.Нәтиже жоқ емес,бар...бірақ осы бір келеңсіз құбылысты біржолата
құрту тіпті мүмкін емес...2001жылдың күзінде Парламент үйінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы халықаралық конференция өткен
болатын.Алқалы жиында сөз сөйлеген академик Салық Зиманов:“Сыбайлас
жемқорлықты түбегейлі жеңу мүмкін емес,оны басқару керек” деген ой айтқан
болатын.Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейгенімен,қоғам
бұл дерттен құлан таза айыға алмай отыр.
1.Сыбайлас жемқорлық
1.1Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы.
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады.
Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: Көптеген ғасырлар тәжірибесі
көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де
тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді, - деп айтқан.
Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және
оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және
құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің
хатшылығы әзірлеген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық
шаралар атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз-
қыркүйек). Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас
жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылды:
1.Осы ұғымның мағынасынының сипатына қарай сыбайлас жемқорлыққа
жататын барлық құқық бұзушылықтар енгізілуі тиіс, олар: этикалық,
тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық-құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас
жемқорлық жолына түскен субъектінің қызметтік бабын өз басының пайдасына
асыра пайдаланып, заңды бұзғандығынан көрінеді.
2.Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына
итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу. Бұған шенеуніктердің
артықшылықтарды заңсыз пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет
көрсететін субъектілердің шеңберін жеке және заңды тұлғалар толықтырылып
отырады.
3.Өз қызмет жағдайын жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде
заңға қайшы сипатта пайдалану.
4.Жемқорлықтың көрініс табуының ең қауіпті екі түрі:
- мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмен ұрлау;
- мемлекеттік қызметкерлердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса
да, олардың қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатында
қызметтік жағдайын теріс пайдалануы.
1979 жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері
жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды:
Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет
жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік
қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы.
Енді бір анықтама 1999 жылғы Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық
жауапкершілік туралы атты Еуропа Кеңесінің Конвенциясында берілген, онда:
Сыбайлас жемқорлыққа – мемлекеттік, муниципалдық немесе өзге де қоғамдық
қызметшілердің немесе коммерциялық не өзге де ұйымдардың қызметшілерінің өз
мәртебесін кез келген мүлікті заңсыз алуы, оны иемденуге құқықты болуы,
қызметті немесе жеңілдікті пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғалардың
осындай мүлікті, оны иемдену құқығын басқа тұлғаға беру, қызмет көрсету
және жеңілдіктер ұсыну жатады.
Кейбір ғалымдардың пікірінше осы анықтама толық емес, себебі сыбайлас
жемқорлық құбылысы құқық ұғымының шеңберінен әлдеқайда кең.
М.О. Нәукенов: Сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмыс
ұғымдарын бір-бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше,
сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар
жұмысын бақылау құралы ретінде пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты
әлеуметтік тұрғыдан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс
өкілдері билік органдарын өз мақсатына жету үшін пайдаланады және саяси
шешімдер қабылдауда ықпал жасайды.
А.С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: кез келген қызметкердің қызмет
жағдайын пайда күнемдік мақсатында пайдалануы, - деп сипаттайды.[1]
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының 2-бабына сәйкес: Мемлекеттік
міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген
адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін
өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген
мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке
және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы
беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.[2]
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей:
Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір
мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес.
[3]
Қазіргі отандық әдебиеттерде: Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен
соrruptio - пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны
білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың
сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы
басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін
және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады.
А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген
лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу
мақсатында жасаған қылмысы.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды талдай келе, мынадай қорытынды
жасауға болады:
- сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар;
- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс;
- халықаралық құжаттарда жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ;
- әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің
жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтайды;
- жемқорлық ұғымы қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық
анықтамасына негізделмеген.
Сөйтіп, айтылғандарды қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ
арасындағы мәміле деп тұжырымдауға болады, оның бірі – өз лауазымдық
өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекеттік немесе жеке қызметте жұмыс
істейтін тұлға, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының
пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген
жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам. Осындай құбылыс екі
жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
1. мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы
беруге мәжбүрлейді.
2. белгілі бір адам, бұл ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы мүмкін,
мемлекеттік қызметшіге көп жағдайда психологиялық қысым көрсетіп, оны
сатып алу мақсатында пара, сыйақы алуға итермелейді.
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас
жемқорлық субъектілерінің қызметтік бабын өз басының пайдасына
пайдалануына, пара беруші мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің
өзіне алған пайдасына, пара берудің мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың
таратылуы және жиілігіне қарай келесі жіктелімге назар аударалық.
Көне заман тарихына көз жүгіртетін болсақ, алғашқы және ерте таптық
қоғамдарда абыздарға, көсемдерге, әскербасыларына олардың көрсеткен көмегі,
қызметі үшін төлемақы беру әдеттегідей норма болып қабылданғаны мәлім.
Жоғары шенде тұрған басшылар қарамағындағы төменгі шендегі қызметкерлердің
белгіленген бір төлемақыға риза болғанын талап ете бастады, яғни олар
белгілі бір көлемде жалақы алатын болды. Ал төменгі шендегі қызметкерлер
лауазымдық міндеттерін орындау барысында көрсеткен қызметі үшін жасырын
түрде қосымша төлем талап еткен. Біздіңше осы құбылысты сыбайлас
жемқорлықтың алғашқы белгілері деп қарастыруға болады.
Антик қоғамы (көне грек қала-мемлекеттер, республикалық Рим)
тарихының ерте заманында кәсіби мемлекеттік шенеуніктер болмаған, сондықтан
сыбайлас жемқорлық құбылысы да жоқтың қасы еді. Бұл құбылыс антик қоғамы
құлдыраған дәуірде кең өріс ала бастады. Осы кезде рим құқығында
corrumpire деген термин пайда болып, бүлдіру, біреуді сатып алу деген
мағынаны білдіріп, билікті асыра пайдаланушылық жағдайы болған кезде
қолданылған. Мемлекет неғұрлым орталықтандырылған болса, соғұрлым
азаматтардың мемлекеттік деңгейдегі істі өз бетінше шешуі шектеулі болады,
осыған орай төмендегі және жоғарыдағы шенеуніктер қатаң қадағалаудан
босағысы келген адамдардан жасырын түрде пара алып, сөйтіп заңды
бұзушылыққа жол беріледі. Сыбайлас жемқорлықтың осындай төзімді нормасы
әсіресе өндірістің азиялық тәсілінде байқалады. Сөйтіп, Артхашастраның
авторы сараң шенеуніктердің мемлекеттік мүлікті талан-таражға салудың 40
тәсілін көрсеткен.
Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың
соңы мен ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік
реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған орай шенеуніктердің билігі күшейе түсті.
Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін
мемлекетті сатып алуға кірісті. Дамыған елдерде (Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен
сайын партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады. ХХ ғасырдың екінші
жартысында үшінші әлем елдері саяси дербес ел болып дамыған кезде,
олардың мемлекеттік аппараты алғашқы кезден бастап сыбайлас жемқорлық
жолына түскен еді. Үшінші әлем елдерінде төменнен жоғары жаққа қарай
сыбайлас жемқорлық түрі кездеседі, бұндай жағдайда парақор басшы өз кінәсін
мойындамай, қарамағындағы қызметкерлерді жазаға тартады. Сондай-ақ
жоғарыдан төменге қарай сыбайлас жемқорлық түрі де болған, бұндай
жағдайда жоғары қызметте тұрған шенеуніктер ашық түрде пара алып, алған
парасымен қарамағындағы қызметкерлермен жартылай бөліскен (сыбайлас
жемқорлықтың осындай жүйесі Оңтүстік Кореяда байқалады). Үшінші әлем
елдерінде (Филлипинде, Парагвайда, Гаитиде, Африканың кейбір елдерінде)
клептократиялық тәртіп орнаған, бұл елдерде сыбайлас жемқорлық барлық
әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты қамтыған және пара бермесе ешбір іс
орындалмайды. 1990 жылдары сыбайлас жемқорлық мәселесі аса өзекті мәселеге
айналды. Осы кезде бұрынғы социалистік елдерде сыбайлас жемқорлық аса үлкен
қарқынмен дамыды.
Қорыта келе айтатынымыз, ХХ ғасырда сыбайлас жемқорлықтық қарым-
қатынастың даму үдерісі мынадай:
- сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбейе түсті.
- ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық жүйелі түрдегі сыбайлас
жемқорлыққа айналды.
- биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің
жоғарғы сатысында кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық
сипатына ие болды.
1.2Сыбайлас жемқорлықтың түрлері
Сыбайлас жемқорлық
типологиясының өлшемдері Сыбайлас жемқорлықтың түрлері
Қызметтік бабын өз басыныңМемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық
пайдасына пайдаланушы сыбайлас жемқорлық
субъект Саяси сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлықтық Мекемені басқарушы тұлға алдына келген адамды
қарым-қатынастың пара беруге мәжбүрлейді.
бастамашысы Көмек сұрап келген адамның өзі пара ұсынады.
Пара беруші субъект Жеке адам парасы (кез келген азамат)
Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар)
Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс өкілдері,
мысалы, есірткі таратушылар)
Параның түрі Ақшалай пара; Қызмет көрсету
Пара берушінің пара беру Тездету үшін пара беру (пара алған адам бір
мақсаты істі жедел орындауы тиіс)
Тежеу үшін пара беру (пара алған адам бір істің
орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік
міндеттерін бұзады)
Жылы көзбен қарау үшін берілетін пара (пара
алған адам қызмет бабында белгілі бір тұлғаның
тырнақ астынан кір іздей бермеуі тиіс )
Сыбайлас жемқорлықтық Орталықтандырылмаған жемқорлық (пара беруші кез
қарым-қатынастың келген адам өз бетінше әрекет етеді).
орталықтандырылу дәрежесі Орталықтандырылған сыбайлас жемқорлық төменнен
жоғары жаққа қарай (төменгі сатыдағы
шенеуніктер жинаған парасын өзара және жоғары
тұрған басшылықпен бөліседі)
Сыбайлас жемқорлықтық Биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас
қарым-қатынастың таратылу жемқорлық (биліктің төменгі және ортанғы
деңгейі сатыларында)
Биліктің жоғарғы сатысында орын алған сыбайлас
жемқорлық (жоғыры қызметтегі шенеуніктер және
саяси қайраткерлер)
Халықаралық сыбайлас жемқорлық
(шаруашылық қарым-қатынас саласында)
Сыбайлас жемқорлықтық Ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық
байланыстардың жиілігі Жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлық
Клептократия (биліктің ажырамас бөлігі
ретіндегі сыбайлас жемқорлық )
1.3 Парақорлыққа делдал болу
Парақорлыққа делдал болудың объектісі және оның қылмыстың заты толық
түрде пара алудың объектісі мен қылмыс затымен ұқсас болып келеді.(311-бабы
талдануын қараңыз)
Парақорлыққа делдал болудың объективтік жағы екі нысанымен
сипатталынады:
а)пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың
арасындағы келісімге қол жеткізу;
б)пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беруді іске асуға
жәрдемдесуі.
Парақорлыққа делдал болу осы екі нысанның белгілерімен не болмаса
беркінің болуымен де сипатталады.
Пара алушы мен пара берушінің параны беруі және оның алынуы туралы
келісімге келуі белгілі бір сөз байласу,кездесулер,келісімдік сөз
алысуы,осы делдал арқылы жүзеге асырылады.
Парақорлыққа делдал болудың нысандары қылмыстың аяқталуы белгілеріне
байланысты айырмашылықтарға ие болып отыр.Делдал болудың бірінші нысаны
бойынша,пара алушыға және пара берушіге пара алу мен пара беру туралы
олардың арасындағы келісімге қол жеткізген сәтінен қылмыс аяқталынған деп
есептелінеді.Сонымен қатар ,пара беруші,пара алушыға пара бергендігі не
болмаса бермегендігінің маңыздылығы ескерілмейді.
Парақорлыққа делдал болудың екінші нысаны бойынша-пара алушыға және
берушіге пара алу мен беруін іске асыруға жәрдемдескен сәтінен,яғни параны
алғаннан бастап қылмыс аяқталған болып ескерілінеді.[4]
Парақорлыққа делдал болуда,параны алуға немесе беруге қатысушыдан
айырмашылығын білуіміз қажет."Делдал" яғни сөздің мазмұны бойынша пара
беруші немесе пара алушымен тікелей қарым-қатынасқа түсіп өзара келісімге
келтіруші ретінде көрінеді.Қатысушы,пара беруші немесе пара алушының
жағынан шығатын адам."Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды
соттардың қолдану тәжірибесі туралы",ҚР Жоғарғы Соты Пленумы 1995 жылғы 22
желтоқсандағы №9 қаулысында параны беруді немесе алуды ұйымдастырып,бұған
біреуді итермелеген немесе параны алуға,беруге көмектесуші болған әрі бір
мезгілде делдал міндетін атқарған лауазымды немесе басқа адам параны беруге
немесе алуға қатысқаны үшін жауапқа тартылады.Мұндай қатысушының әрекетін
саралау жөніндегі мәселе оның пиғылына,пара берушінің немесе пара алушының
қайсысының мүддесі үшін,кімнің жағында болғанына қарай шешілуі тиіс.Мұндай
жағдайда оның әрекетін парақорлыққа делдал болу үшін жауапкершілік берілген
бап бойынша қосымша саралаудың қажеті жоқ деп белгілеген.
Парақорлыққа делдал болудың субъективтік жағы тікелей
қасақаналық:яғни кінәлі адам пара алушыға және пара берушіге пара алу мен
беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуді немесе іске асыруға
жәрдемдесуді ұғынады және соны жасауды тілейді.
Қылмыстың субъектісі болып-қандайда болмасын 16 жасқа толған адам
танылады.
Аталған баптың екінші бөлігі-парақорлыққа делдал болудың
дәрежеленген түрін қамтиды.Әлденеше рет немесе ұйымдасқан топ немесе адам
өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып жасаған әрекеттері.[5]
Әлденеше рет немесе ұйымдасқан топтың түсінігі туралы ҚК 11,31, және
311,312-баптарын талдауын қараңыз.Парақорлыққа делдал болуда адам өзінің
қызмет жағдайын пайдалана отырып жасауы,субъектінің парақорлыққа делдал
болудағы өзінің қызметтегі құзыреттігі мен өкілеттігімен жасалды деп
танылады.Парақорлыққа делдал болуда,адамның өзінің қызмет бабымен ұйымдағы
не басқада орындардағы басқару қызметтерімен байланыссыз болуы,қажет
жағдайына пайдалана отырып жасалды деп танылмайды.
Тәжірибеде жасалған парақорлыққа делдал болудың белгілерін
кездестіруімізге болады.Егер адам пара берушіден ақша немесе басқа құнды
заттарды лауазымды адамға пара ретінде беру үшін алып,бірақ апарып беру
оның ойында болмай өзі пайдаланса оның жасаған әрекеті алаяқтық ретінде
саралануы тиіс деп белгіленген.Жалпы алаяқтық өзінің әлеуметтік мәні
бойынша жасалған парақорлыққа делдал болудан елеулі айырмашылықтарға
ие.Жалған парақорлыққа делдал болу кезінде субъекті мүлікке алаяқтық
ретінде ие бола алмайды,керісінше,басқа адамды пара беруге тартады немесе
пара беруге көмектеседі.Осыған байланысты жалған парақорлыққа делдал болушы
пара берудегі айдап салушы немесе көмектесуші ретінде саралануы
қажет.Жалған парақорлыққа делдал болушыға параның затын берген адамның
әрекетін пара беруге оқталғандық деп айтамыз.
2.Сыбайлас жемқорлық пен пара беруге қарсы қолданылатын
халықаралық-құқықтық құралдар.Пара беру

қағидалары
Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидалары:
-Баршаның заң және сот алдында теңдігі.Бұл қағиданы сақтау және
жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай,
заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар,
басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау
органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген.
Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып
табылады—сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ,
бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы;
-өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық
қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына
беру;
-Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін,
заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және
қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.;
Заңға сәйкес аталған қағидалар:
-мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті;
-лауазымды, сондай-ақ олардың қатарына жататын басқа адамдардың
құқықтарын және еркіндігін ҚР Конституциясының 39 бабы 1 тармағына сәйкес
шектеу;
-жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды
мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтың
зиянды салдарын жою және алдын алу:
-сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықпен күреске ықпал жасайтын
азаматтардың жеке қауіпсіздігін;
-кәсіпкерлік қызметке бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға
мемлекеттік реттеу өкілеттігін беруді болдырмау.
Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін
төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған
тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады.Адал және
әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық
мұндай бизнесті тиімсіз етеді.
Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті.
Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім
қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп
беруін және бақылауда болуын жою симбиозын көрсетіп-білдіреді.
Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын
бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның
құлдырауына ықпал етеді.Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі
жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне
ықпал жасайды.Қандай мемлекеттік органдар сыбайлас-жемқорлыққа қарсы
қызметті жүзеге асыра алады?
Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз
құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура,
ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы
және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады.
Аталмыш органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс,
материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық
қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге , оларды
қарағанның нәтижелеру туралы хабарлауға тиіс.
Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға және
жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық
қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат
органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті.
Қарастырған қылмыс туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу
қылмыстық іс қозғаған ұлттық қауіпсіздік немесе қаржы полициясы органымен
жасалады.
Сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасаған адамдардың
қауіпсіздігіне кепілдік Сыбайлас-жемқорлықпен келіскісі келмейтін
азаматтардың белсенді іс-әрекеттері өз нәтижелерін беруде. Мысал ретінде
нақты болған жағдайды айтуға болады: кәсіпкер өзіне шабуыл жасаған
адамдардың қатыстылығын анықтауға ықпал жасау үшін криминалдық полиция
бастығына жүгінді. Криминалды топтардан (және полиция қызметкерлерінен, бұл
енді тіпті қызық) қорғайтыны үшін бастық кәсіпкерден айына 100 мың теңге
талап еткен, олай болмаса оның қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын
айтқан. Кәсіпкер оның ұсынысымен келіседі. Соңынан парақор жәбірленушіден
талап етілген соманың бөлшегін қалалық криминалдық “бедел” болып келген
жалған адам арқылы алған. Кәсіпкер Бас басқарма бастығының орынбасарына
криминал полициясы бастығының заңсыз іс-әрекетінен қорғауын өтінеді.
Орынбасар оған мезетте келіседі де алдын ала кәсіпкердің дүкенінен
“Мерседес” автомашинасы үшін 58 мың теңге тұратын төрт доңғалақ дискілерін
алып кетеді. Онымен қоймай, волейбол командасына 200 мың теңгелік
демеушілік көмек көрсетуді сұрайды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері
криминалды адамдармен бірге пара талап етіп отырғанын көріп, кәсіпкер ҰҚД
өтініш береді, бұл органның қызметкерлері ішкі істер қызметкерлерін 200 мың
теңге және 500 доллар алып жатқан жерінде ұстайды.
Басқа міндеттерін былай қойғанда, органдар жедел-іздестіру
қызметтің міндеттерін орындаған кезде өз құзырына сәйкес заңмен қорғалатын
жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және мүдделерін,
қоғамның , мемлекеттің меншігін, қауіпсіздігін және оның экономикалық және
қорғаныс потенциалын қорғауға міндетті.“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы”
Заңның 7 бабында сыбайлас-жемқорлықпен күреске ықпал жасап жүрген адамдарды
қорғауға келесі кепілдік бекітілген:
-сыбайлас-жемқорлық қылмыс фактісі туралы хабар берген немесе басқаша
бір тәсілмен сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам
мемлекет қорғауында болады:
-сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам туралы
ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және тек қана прокуратура, ұлттық
қауіпсіздік, , ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және
әскери полиция органдары, соттың сұрауымен заң белгілеген тәртібі бойынша
беріледі. Бұл ақпаратты жариялау заң белгілеген жауапкершілікке әкеліп
соғады:
-қажет болған жағдайда сыбайлас-жемқорлықпен күресетін органдар
сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал етіп жүрген адамның жеке қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
Куәгерлерді қорғау үшін, оның ішінде құқық бұзушылық туралы,
мемлекет мемлекет бюджетінде жеке жолмен жазылған қомақты қаржы бөледі.Оның
үстіне, ҚР экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі
Агенттігінде сыбайлас-жемқорлық туралы хабарлағандарды қорғау жөніндегі
департамент іске кірісіп, ойдағыдай істеп жатыр. Егер қажет болған
жағдайда, мұндай адамдарды физикалық қорғау, тіпті жасыру, тұратын орнын,
аты-жөнін,тіпті түрін өзгертуге дейін. Оның үстіне, “ҚР сыбайлас-
жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 17 бабына сәйкес сыбайлас-жемқорлықпен
күрес жүргізетін органға басқа мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органның
қызметкері жөнінде жалған хабар берген мемлекеттік қызметші, құқық қорғау
органының қызметкері тәртіптік тәртіппен сыбайлас-жемқорлықпен күрес
жүргізетін органның көрсетіп-білдіруімен жұмыстан босатылғанға дейін
жазаланады.Мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген
адамдардың қандай іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай жасайды деп
табылады?
“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 12 бабына сәйкес мемлекеттік
функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың іс-
әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай жасайды деп табылады:
-заңсыз басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне араласуы;
-өз қызмет өкілеттігін аталған адамдардың немесе олардың жақын туыстарының
және жақындарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты
сұрақтарды шешкен кезде пайдалану;
-мемлекеттік және соған теңелген қызметке түскен және жылжыған кезде заң
қарастырмаған басымдық беру;
-шешімді дайындаған және қабылдаған кезде заңды және жеке тұлғаларға
заңсыз басымдық беру;
-кім болса да кіріс алумен байланысты кәсіпкерлік және басқа
қызметпен айналысуды жүзеге асыруға кез-келген заңнамамен қарастырылмаған
ықпал ету;
-мемлекеттік міндетті орындау кезінде алынған ақпаратты жеке
немесе топ мүддесінде пайдалану, егер ол ресми таратылуға болмаса;
-жеке және заңды тұлғаларға заңнамамен беруге қарастырылған
ақпаратты негіссіз бермеу, оны кешіктіру, жалған немесе толық емес ақпарат
беру;
жеке және заңды тұлғалардан заңнамамен қарастырылмаған ақпаратты талап ету;
-мемлекеттік және материалдық ресурстарды жеке үміткерлердің
немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорларына беру;
-жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың
құзыретіне енетін басқа сұрақтардың шешу тәртібін бірнеше дүркін бұзу;
-жоғарғы ресми адамдарға сыйлық беру және қызметтен тыс қызмет көрсету
жасау, егер ол ырым жасау ишараты және қонақжайлылық нормалар, сондай-ақ
хаттамалық және басқа ресми іс-шараларды өткізгенде болмаса;
жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтарын және заңды мүдделерін жүзеге
асыруға ашықтан-ашық кедергі жасау;
-жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
реттеуге құзыретін беру;
-мемлекеттік мәртебесі жоқ ұйымдарға мемлекеттік бақылау және
қадағалау міндеттерін беру;
-жоғарғы немесе төменгі лауазымды адамдармен немесе олардан басқаша
тәуелділермен ақшалай немесе басқа мүліктік сипаттағы құмарлы ойын ойнауға
қатысу;
Мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті немесе соларға теңелген
адамдар өз мемлекеттік міндетін орындағаны үшін ақшалай, қызмет көрсету
және басқа формада ұйымдардан, жеке тұлғалардан сыйақы алса сыбайлас-
жемқорлық құқық бұзушылық болып табылады, егер басқаша ештеңе заңмен
қарастырылған болмаса.Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың салдарын жою бойынша
қандай шаралар қолданылуы мүмкін?Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттер
орындауға өкілетті адамдар немесе соларға теңелген адамдар заңсыз байыған
барлық жағдайда, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде алынған
мүлік қайтарылуға жатады, ал заңсыз пайдаланған қызмет көрсету
құны—мемлекет кірісіне қайтарылады.Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен
қайтарудан немесе мемлекетке оның құнын төлеуден бас тартқан жағдайда
қайтарып алу сот шешімі бойынша прокурор, салық қызметі немесе басқа
мемлекеттік органдар және лауазымды адамдардың талабы бойынша жасалады.Сот
шешім шығарғанға дейін өкілетті органдар құқық бұзушыға жататын мүлікті
тәркілей тұрады. Егер мемлекеттік міндет атқарған адам немесе соған
теңелген адам жұмыстан босатылғаннан кейін бұл талапты орындаудан бас
тартса лауазым иесі немесе мұндай босату туралы шешім қабылдаған орган
кінәлі адамның мекен-жайы бойынша заңсыз алынған кіріс туралы хабарды салық
органына жібереді. Оның үстіне, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық жасаумен
байланысты келісімдер заң тәртібімен белгіленген бойда заңсыз деп
мойындалады. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде жасалған
актілер органмен немесе лауазымды адамдармен мүдделі жеке тұлғалар немесе
заңды тұлғалар, немесе прокурордың талабы бойынша күшін жояды. [6]
2.2Сыбайлас жемқорлық пен пара беруге қарсы күресті жүзеге
асыратын халықаралық құрылымдар
Бүкіләлемдік Банк сыбайлас жемқорлық мәселесіне баса назар аудара
отырып және өзінің зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, сыбайлас жемқорлықты
қоғамның кеселін анықтайтын негізгі немесе жеке факторы деп қарамай, оны
мемлекеттің іргелі мәселесінің сыртқы белгісі деп қарау керектігін атап
көрсетеді. Осыған байланысты мемлекетті басқару және жемқорлыпен күресуді
жетілдіруде қажетті шешуші реформалар бағдарламасын ұсынады.[7] Мемлекеттік
басқару реформалар бағыттарының ішінен Бүкіләлемдік Банк мыналарды ерекше
бөледі: 1) саяси басшылықтың есеп беріп отыруы; 2) қызмет етуге бағытталған
және деритократия қағидасында құрылған; 3) мемлекеттік әкімшілік; 4)
мемлкеттік қаржыларды басқаруда ашықтық пен есептілік; 5 ) заң билігімен
қамтамасыз ету; 6) бәсекелестікті дамыту және рынокты монополиядан шығару;
7) азаматтардан ақпарат жинау; 8) саяси басшылықтың есеп беруі; 9) ашықтық
мәдениетін енгізу.
Қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған әр бағыт бойынша іс-шаралар
кешені жасалған. Дегенмен, олардың бәрі ұсыныстық бастамалар түрінде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын кез келген халықаралық
құрылымдар мақсаты мыналарды көздейді:
1) жемқорлықтықтытың қауіп-қатерін және шығасысын көтеру.
2)оған қатысушылардың тәртібі мен ойын ережесін өзгертетіндей,
сатылмаушылық атмосферасын жасау.
3) заң ережелерін сақтауды қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің халықаралық құралдарын талдай
келсек, біз осы қызметті негізгі ісі деп есептейтін Transparency
International (TI) ірі ықпалды халықаралық ұйымды көңілден тыс қалдыра
алмаймыз. TI өзінің басты міндеті ретінде сыбайлас жемқорлықтың таратылуын
және өмір сүруін жоятын ортаны құру деп белгілейді. Бұл ұйым осы мәселені
жыл сайынғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау Индексі (СЖҚИ) атты басылым
арқылы жұртшылыққа танытып отырады. Қазақстанда, сол сияқты басқа да
көптеген елдерде осы ұйымның аймақтық бөлімшелері жұмыс істейді. TI
мамандары жасаған СЖҚИ – бұл әр түрлі елдердегі сыбайлас жемқорлықтың
салыстырмалы бағасын беріп отыратын кең көлемдегі зерттеу. Бұл тар көлемде
мамандырылған, мемлекеттерде жемқорлылықтың жиынтық деңгейі бойынша
саралауын қамтамасыз ететін интегралды индекс, яғни сыбайлас жемқорлықтың
барлық түрі мен нысандарын қарастырадыСЖҚИ 1995 жылдан бастап әлемнің
көптеген елдерінде тәуелсіз деп аталатын институттар арқылы жүргізілген әр
түрлі зерттеулер мәліметтеріне жасалған талдауды негізге алады. Осы
индекстің күрделі рәсімдері арқылы шығуына қарамастан, мұның субъектілілігі
жеткілікті шамада көрінеді. Біріншіден, қабылдау терминінің өзі өзінің
болмысы бойынша объективті бола алмайды, бір оқиғаны әр түрлі адамдардың
қабылдауы, әр түрлі жағдайларда мүлде басқа мағынада болуы мүмкін.
Екіншіден, әр елдің қолданып жүрген заңдарында сыбайлас жемқорлықтың
анықтамасы алуан түрлі, сондықтан құбылыстың өзін басқа мағынада түсінуге
әкеп соғады. Үшіншіден, мемлекетік статистикалық мәліметтер сыбайлас
жемқорлықпен күресудің қарқынына тәуелді – ол қаншалықты қарқынды болса,
соншалықты сыбайлас жемқорлық жағдайлары көбірек тіркеледі.
СЖҚИ есептеп шығаруда тағы бір қиыншылық қаралатын мәселелерді
қабылдауда БАҚ ықпалын дәл есептеу мүмкіндігінің болмауына тіреледі. Кейбір
елдерде сыбайлас жемқорлықты қабылдауда БАҚ ықпалы шешуші болуы мүмкін.
Осылайша, TI сыбайлас жемқорлықты бағалаудың барлық әдіснамасын тек
статистикалық талдау ғана анықтайды. Ал сонда, CPI және BPI индекстерінің
мәні сарапшылар пікіртерінен алынған мәліметтермен айлалы әрекет жасау
нәтижесі болып отыр.
Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 1998 жылғы 2 шілдеде
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заң қабылданғаннан кейін белгілі
дәрежедегі іс-қимылға көшті. Осы заңға сәйкес сыбайлас жемқорлықтың түрлі
көріністерінің алдын алу шаралары және жою туралы бөліктері, елдің барлық
заң базасын елеулі өзгерістерге ұшыратты. Осындай жұмыстардың нәтижесінде
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың көбірек ашыла
бастағаны заңды. БАҚ арқасында сыбайлас жемқорлардың аттары жұртшылыққа
мәлім болды, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz