Сот шешімінің үлгісі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

І Бірінші сатыдағы сот актілері

1. 1 Сот шешімі

1. 2 Азаматтық істердің түрлі санаттары бойынша сот шешімдері

1. 3 Шешімнің заңды күшіне енуі

1. 4 Сот ұйғарымы және бірінші сатыдағы соттың өзге де актілері

1. 5 Соттың жеке ұйғарымы

ІІ Шешім шығарылған соң сотпен жасалатын іс жүргізу әрекеттері

2. 1 Дәлелді шешім және шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету

2. 2 Қосымша шешім

2. 3 Шешімді түсіндіру

2. 4 Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және мерзімін

ұзарту, шешімді орындаудың әдісі мен тәртібін өзгерту

ІІІ Қосымшалар

3. 1 Сот шешімінің үлгісі

3. 2 Соттың бітімгершілік келісімге келу туралы ұйғарымының

үлгісі

Қорытында

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Өздеріміз білетіндей, «Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні - жоғарғы оқу орындарында жүргізілетін негізгі пәндер тізіміне енгізілген. Бұл пән әр уақытта өз қиындығымен, азаматтық іс жүргізу құқығында реттелетін құқықтық қатынастардың түрлерінің көптігімен сипатталады [2] .

Азаматтық іс - азаматтық іс іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен азаматтық сотта қаралатын іс.

Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын үдемелі қозғалыс болып табылады. Процесс мынадай сатыларға бөлінеді:

1) сотта азаматтық істің қозғалуы;

2) істі сотта қарауға әзірлеу;

3) істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау;

4) істі апелляциялық тәртіппен қарау;

5) заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібін қайта қарау;

6) заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау;

7) атқару ісін жүргізу;

Азаматтық процесс азаматтық істі қарау және шешу кезінде сот пен басқа да субъектілер арасында қалыптасатын іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуы мен тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады.

Жоғарыда аталып кеткен процесс сатылары, барлық азаматтық істі қарау бірінші сатыдағы сот өндірісінен басталатыны. Бірінші сатыда істің қаралуы өз кезегінде тиісінше сот актілерін шығарумен аяқталатындығы да белгілі. Бірінші сатыдағы сот актілері- жазба нысанда жасалынып, сот билігін жүзеге асыратын актілер.

Сот актісі- бұл құқықтық қолдану актісі . Мұнда құқық турулы дау немесе өзге даулы мәселені шешу үшін іс жүргізуде сотпен материалдық және процесуалдық құқық нормаларын қолданғанның аяқталғаны және қорытындысы көрінеді.

ҚР АІЖК бойынша іс жүргізу құжаттары ретінде бірінші сатыдағы сот қабылдайтын актілердің төрт түрі бар.

1) сот қаулысы;

2) сот шешімі;

3) сот ұйғарымы;

4) сот бұйрығы.

Сот қаулысы -бұл іс жүргізу кезінде азаматтық істі қарап және шешкен соң сот шығаратын акт. Азаматтық процесте бірінші сатыдағы сот қаулысы сотпен (жеке-дара, алқы құрамда) жасалатын іс жүргізу әрекеттерін рәсімдейтін және тікелей заң зардаптарын туғызатын сот актісі.

Заңи (іс жүргізушілік) мәні, міндеттілігі және өзге маңызды құқықтық белгілері бойынша сот актілері бір-бірінен ерекшеленбейді, яғни іс жүргізушілік нысандарына қарамастан, олардың барлығының орындалуы міндетті болып табылады.

Негізгі бөлім

І Бірінші сатыдағы сот актілері

1. 1 Сот шешімі

Сот шешімі нысанында шығарылатын сот актісі азаматтық дау мәні бойынша шешімін тапқандығын көрсететін іс жүргізу құжаты болып табылады. Дауды мәні бойынша шешу дегеніміз талап қою арызында қойылған барлық мәселелер бойынша сотпен шешім шығарылуы; дәл осы белгісімен сот шешімі ұйғарым мен қаулыдан ерекшеленеді. Сот шешімі заңдылық және негізділік талаптарына жауап беруі керек, яғни оны шығару барысында сотқа даулы құқықтық қатынастарды реттейтін материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданылуы туралы талап қойылады. Шешімнің өзі іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес құрастырылуы, шығарылуы және жариялануы тиіс.

ҚР АІЖК 219-шы бабының сот кеңесу бөлмесінде шешім шығарғанкезде міндетті шешілуі тиіс мәселелер тізімі берілген.

Шешім шығарған кезде сот:

  • Дәлелдемелерге баға береді;
  • Іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанындығы және қандай мән-жайлар анықталмағанындығы жөнінде тұжырым жасайды;
  • Тараптардың арасындағы құқықтық қатынастарының қандай екенін анықтайды;
  • Осы іс бойынша қандай заң қолданылуға тиіс екенін белгілейді;
  • Қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын не жатпайтынын анықтайды;

Сот шешімінің құрылымы кіріспе, сипаттама, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады. ҚР АІЖК 220-шы бабына істі мәні бойынша шешкен кезде сот қысқаша (қысқартылған) шешім шығарады, оның құрылымы тек қана кіріспе, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады[1] .

Толық мәтін (сипаттамалық бөлігін қосып) тараптардың жазбаша өтінімі негізінде немесе шешімм заңды күшіне енгенге дейін сот қалауы бойынша шығарылады.

Шешім Қазақстан Республикасының атынан шығарылып жарияланады, оның кіріспе бөлімінде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  • Шешімнің шыққан уақыты мен орны;
  • Шешімді шығарған соттың атауы;
  • Сот құрамы;
  • Сот отырысының хатшысы;
  • Сот приставы;
  • Тараптар;
  • Іске қатысушы өзге де адамдар және өкілдер;
  • Даудың нысаны немесе талап арызда мәлімделген талап.

Шешімнің сипаттау бөліггі талап қоюшының талаптарын, жауапкердің қарсылығын және іске қатысушы өзге де адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.

Шешімнің дәлелдеу бөлігінде істің сот анықтаған мән-жайлар, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері; белгілі бір дәлелдемелердің ққабылданбағандағының негіздері және сот басшылыққа алған заңдары көрсетіледі.

Сотта жауапкер талапты мойындауы мүмкін; жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда шешімнің дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі жеткілікті.

Талап арызында мәлімделген талаптар қанағаттандырылған жағдайда шешімнің қарар бөлігінде « талап қанағаттандырылсын » (толық немесе ішінара) деп жазылады. Сот мәлімделген талаптар негізсіз қойылған деп таныса, сот шешімінде « талап (толық немесе ішінара) қанағаттандырусыз қанағаттандырылсын » деп жазылады.

Шешімнің қарар бөлігінде егер сотпен мерзімді төлемдер туралы дау шешілсе, онда шешімнің орындалу мерзімі мен тәртібі көрсетіледі. Бұл сонымен қатар:

  • Алимент өндіру туралы;
  • Жастары үлкен ата-аналарын күту үшін ақшалай сомаларды өндіру туралы;
  • Белгіленген соманы индекстеу туралы;
  • Шешім заңды күшіне енгенге дейін талапкердің (қызметшінің) мәжбүрлі бос жүргені үшін еңбек ақысын өндіру туралы және т. б. шешімдерде көрсетілуіі қажет.

ҚР АІЖК 241-ші бабына сәйкес сот отырысына келмеген тараптарға және басқа іске қатысушы тұлғаларға түпкілікті нысандағы шешім шығарылған күннен бастап бес күннен кешіктірілмей шешімнің көшірмелері жіберіледі немесе қолдарына тапсырылады [1] .

Бірінші сатыдағы сот шешімі түпкілікті ( өзгермейтін ) мазмұндағы құжат болып табылады, алайда іс жүргізу заңы оған түзету енгізуге мүмкіндік береді; қосымша шешім шығаруға қатысты қолданыстағы заңнамада жекелеген ережелер көзделген.

1. 2 Азаматтық істердің түрлі санаттары бойынша сот шешімдері

Шешім мәтінін құрастыруда қолданылатын түрлі заңи терминдер мен сөз тіркестері, даудың құқықтық сипаттамасы азаматтық істердің тиісті санаттары бойынша сот актілерін бөлуге мүмкіндік береді.

Азаматтық юрисдикциядағы соттардың жалпы жүктемесінің басым бөлігін ақша сомаларын өндіріп алу туралы азаматтық істер құрайды.

Мүдделі тұлға атқару құжатын немесе өзге құжатты жарамсыз деп тану туралы талап қоюы мүмкін. Әдетте мұндай талаптар өздеріне қатысты атқарушылық әрекеттері (соманы өндіру, мүлікті алып қою немесе тәркілеу) қолданылып жатқан борышкерлер тарапынан беріледі.

Тәжірибеде атқару құжатында шын мәнінде борышкерге тиісті емес мүлік көрсетіліп, ол мүлік алынып қоюы мүмкін. Кейбір жағдайларда бір мүлікке қатысты екі немесе одан да көп атқару парағы жазылып, әрбір өндіріп алушы осы атқару құжаттары бойынша өздерінің құқықтарының орындалуын талап етеді. Сондай-ақ, аталған талаптарға ұқсас талаптар қоюға өзге де негіздер болуы мүмкін.

ҚР АІЖК 2224-ші бабына сәйкес, өндіріп алу даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде нотариустың атқарушы жазбасының негізінде жүргізілетін атқару құжатының немесе өзге құжаттың күші жойылды деп тану туралы дау бойынша талап арызды қанағаттандыру кезінде шешімнің қарар бөлігінде атқарылуға тиісті емес құжаттың атауы, номері, күні және есептен шығғарылуға жатпайтын сома көрсетіледі.

Шартты жасасу немес өзгерту туралы шешім . Шарт жасасу барысында серіктестер арасында оның мазмұны бойынша түсініспеушіліктер туындауы мүмкін. Көп жағдайларда осындай түсініспеушіліктер шаруашылық шарттары бойынша тараптардың өзара міндеттемелеріне қатысты туындайды. Түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің ерекшеліктеріне байланысты олар өзара қарым-қатынастарын шаруашылық шарттарына сәйкес құрып, қызмет етулері тиіс, әсіресе бұл олардың арасында міндетті түрде шарт жасалуы қажет жағдайлармен тығыз байланысты. Шарт жасасудың міндеттілігі олардың жасау барысында мүдделер қайшылығы болмауы мүмкін емес дегенді білдірмейді. Соттық емес тәртіппен шарт тәжірибесінде тараптар арасындағы ондай қайшылықтар - қайшылықтар хаттамасын жасау жолымен жойылады. Ондай хаттамалардың тармақтары бойынша кәсіпорынның қаржылық және заңи келіссөздер жүргізіледі. Шарт талаптары бойынша партнерлар (серіктестер) консенсусқа (екі жаққа да тиімді келісімге) келмеген жағдайда мүдделі тұлғалар сотқа жүгінеді, ал сот өз кезегінде арызда мәлімделген талаптардың мән-жайы бойынша істі шешуі тиіс.

Мүлікті немесе оның құнын алып беру туралы шешім . Мүлікті алып беру туралы туралы істер, әсіресе талап арызда даулы мүліктің кең ауқымды тізімі берілген жағдайларда, айрықша күрделі істер санатына жатады. Мүлікке қатысты құқықтарға тараптар немесе үшінші тұлғалар дау келтіруі мүмкін, ал дауласушы тұлғалардың өзара қарсылық келтірулерінің негіздері әр түрлі болуы мүмкін.

Мемлекеттік тіркеуден өту негізінде құқық берілетін мүлікке қатысты дауды қарастыруда құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқалары негізінде сот үшін даулы мүліктің бар екендігіне көз жеткізу қиынға соқпайды. Тұрғын үйлерге, пәтерлерге, жер телімдеріне, көлік құралдарына және т. б. қатысты белгілі нысанда рәсімделген құжаттар сотқа ұсынылады, ал құжаттардың түпнұсқаларының болуы істі қарау кезінде даулы мүліктің иесі өзгермегендігін көрсетеді.

Тіркелмейтін объектілерге - үйге (күнделікті тіршілікке) қажетті заттарға, үй жануарларына және т. б. мүлікке қатысты даулар бойынша шешім шығару көп жағдайларда сот үшін барынша қиынға соғады. Мұндай істер бойынша шығарылған шешім кейін орындалмай қалмауы үшін, сот даулы мүлік (мысалы, үй жануарлары) бар екендігіне көз жеткізуі керек. Әсіресе талапкер даулы мүлікті тек заттай күйінде алып беруді талап еткен жағдайда сот осы ережені орындауы тиіс.

1. 3 Шешімнің заңды күшіне енуі

ҚР АІЖК 235-ші бабымен сот шешімінің заңды күшіне енуінің шарттары мен мерзімдері реттелген. Бірінші сатыда қаралған істер бойынша шығарылған шешімдер, егер оларға шағым немесе наразылық келтірілмесе, апелляциялық наразылық немесе шағым келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді.

Апелляциялық және кассациялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, егер шешімнің күші жойылмаған болса, шешім кассациялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді.

Шешім заңды күшіне енгенде тараптар және іске қатысушы басқа да адамадар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы негіздер бойынша, бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана алмайды, сондай-ақ сот анықтаған фактілермен құқықтық қатынастарға басқа азаматтық процессте дау келтірулеріне жол берілмейді. Егер жауапкерден мезгіл-мезгіл төлем өндіріп алу туралы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін төлемдердің мөлшерін айқындауға немес олардың ұзақтығына әсер ететін мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы жаңа талап қою арқылы төлемдердің мөлшері мен төлеу мерзімдерін өзгертуді талап етуге құқылы.

Кейбір азаматтық істер бойынша талапкер үшін берілген арыздың тек емес, шығарылған сот шешімінің мерзімінде орындалуы маңызды мәнге ие болуы мүмкін. Осыған байланысты ҚР АІЖК 237-ші бабында сотпен шығарылған шешімдер дереу орындалуға жататын жағдайлар тізімі көзделген. Шешімнің қарар бөлігінде және атқару парағында сот актісінің дереу орындалатындығы көрсетіледі.

Шешімдері дереу орындалатын азаматтық істердің нормативтік тізімі :

1) алимент алып беру туралы;

2) қызметкерге жалақы, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа алып беру туралы;

3) жұмысқа қайта орналастыру туралы;

4) мертігуден немесе денсаулықты өзгедей зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысынан айырылуынан келген зиянды, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа өтеу туралы;

5) ереуілді заңсыз деп тану туралы;

6) қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау туралы.

Алимент өндіру туралы мәселені шешуде баланы асырауғма міндетті екі ата-анаға да қатысты болғандықтан, заң шығарушы бала мүдделеріне ерекше мән береді. Алимент өндіру туралы шығарылған шешім, осы шешім негізінде материалдық күтімді дер кезінде алу баланың мүдделерін тікелей қозғайды. Жұмысшыға жалақысын алып беру туралы сот шешімдеріне қатысты өндіру мерзімдері заңнамамен шектелген. Заңда көрсетілген мерзім шегінде жауапкер жалақыны дер кезінде төлеуі тиіс.

ҚР АІЖК 238-ші бабы шығарылған шешімнің дереу орындалуына қатысты соттың құқығын белгілеген. Егер айрықша жағдайлардың салдарынан шешімді орындаудағы кідіріс өндіріп алушыны елеулі зиянға әкеліп соғуы мүмкін болса, немесе шешім орындалмай қалатындай жағдай туындайтын болса, сот талапкердің өтінуі бойынша шешімді дереу орындауға жібере алады.

Егре ҚР АІЖК 238-ші бабының бірінші бөлігінде атап көрсетілгендей шешім дереу орындауға жіберілетін болса, сот талап қоюшыдан шешімнің күші жойылған жағдайда шешімнің кері орындалуын қамтамасыз етуді талап ете алады.

Көпшілік жағдайларда талап қоюшы шешім шығарылғанға дейін сот актісінің дереу орындалуы туралы мәлімдейді. Осыған байланысты ол өз ойларын айтып, тәртіп бойынша оларды сот жарыссөздерінде жариялайды. Шешімді дереу орындау туралы мәселе, егер ол негізгі сот актісі шығарылған кезде шешілмесе, сот отырысында бөлек қаралады. Іске қатысушы адамдарға отырыстың уақыты мен орны хабарланады, алайда олардың келмеуі сот шешіміін дереу орындау туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.

Азаматтық іс жүргізудежауапкердің (атқарушылық өндіріс бойынша - борышкердің) мүдделерін қорғау үшін шешімді дереу орындау туралы сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілу жөнінде ереже көзделген. Шешімді дереу орындау туралы ұйғарымға жеке шағым, наразылық берілгендігі бұл ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.

1. 4 Сот ұйғарымы және бірінші сатыдағы соттың өзге де актілері

Сот ұйғарымдары олардың іс жүргізушілік мақсаттарына, шығарылу нысаны мен қандай мәселелерді шешу үшін шығарылатындығы бойынша жіктеледі. Бұл сұрақтар ҚР АІЖК 22-ші тарауының нормаларымен реттелген. Бұл іс жүргізу актілері істі қарау барысында шешім шығарғанға дейінгі аралық мәселелерді шешу мақсатында шығарылады. Сонымен қатар, іс жүргізу заңнамасында ұйғарым шығару жолымен азаматтық іс бойынша іс жүргізуді аяқтау мүмкіндігі де көзделген.

ҚР АІЖК 251-ші бабында берілген нормативтік анықтамаға сәйкес, ұйғарым іс мәні бойынша шешілмеген жағдайда шығарылатын бірінші сатыдағы сот актісі болып табылады. Іс жүргізу заңнамасында ұйғарымдар шыңарудың екі тәсілі көзделген: дербес іс жүргізу құжаты түрінде, немесе ұйғарымды сот отырысының хаттамасына енгізу арқылы. Мұндай жағдайда сот кеңесу бөлмесіне кетпей, ұйғарым мазмұнын іске қатысушыларға бірден жариялайды.

Ұйғарым мазмұны ҚР АІЖК 252-ші бабымен реттелген және бұл бапта көрсетілген талаптар сот шешімдеріне қойылатын талаптармен ортақ сипаттарға ие. Сот ұйғарымында келесі мән-жайлар, мәліметтер көрсетілуі тиіс:

1) ұйғарымның шығарылған күні мен орны;

2) ұйғарым шығарған соттың атауы, сот отырысындағы судьяның және хатшының тегі, аты-жөні;

3) іске қатысушы адамдар, даудың нысанасы немес мәлімделген талап;

4) ұйғарым шығарылған мәселе;

5) соттың өз қорытындыларын шығару себептері және сот басшылыққа алып сілтеме жасаған заңдар;

6) соттың қаулысы;

7) егер ұйғарым бойынша шағымдануға болатын болса, шағым берудің тәртібі мен мерзімі.

Азаматтық іс жүргізу заңнамасында қаулы түрінде бірінші сатыдағы сот актісін шығару сирек жағдайларда көзделген. Мысал ретінде қаулының қабылдану жағдайларын атап өтуге болады: ол ҚР АІЖК 336-шы бабында көзделген негіздер бойынша шығарылады. Осы бапта көрсетілген жағдайда сот қаулы шығару жолымен апелляциялық шағымды қозғалыссыз қалдырады. Сонымен қатар апелляциялық шағымды, немесе прокурордың наразылығын қайтару жөнінде де қаулы шығарылады.

1. 5 Соттың жеке ұйғарымы

Соттың жеке ұйғарымдарын шығару тәртібі мен негіздері ҚР АІЖК 253-бабында реттелген. Оған сәйкес, сотт отырысында заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны тиісті ұйғарымдарға, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдарға жіберуге құқылы. Олар өздері ұйғарым бойынша қабылдаған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде сотқа хабарлауға міндетті.

Соттың жеке ұйғарымдарының өзге соттық құжаттардың ерекшелігі сонда, олар істі талқылау барысында заңның бұзылу фактілері анықталған жағдайда шығарылады. Соттың жеке ұйғарым шығаруы заң бұзушылықтардың алдын алу (профилактикалық) сипатына ие, бұл іс жүргізу әрекеті заңның бұзылуына алып келген жағдайларды жоюға және кінәлі адамдарға қатысты шаралар қолдануға бағытталған.

Мысалы, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істі қарастыру барысында сотпен лауазымды тұлғаның кінәсінен өндірісте техникалық қауіпсіздік ережелері орындалмай келгені анықталды. Жауапты адам өзінің қызметтік міндеттемелерін дұрыс орындамағаны, қауіпті еңбек учаскелерінде жұмысшылар қорғаушы арнайы киім кимей жүргендіктеріне көңіл бөлмегені, ешбір бақылау болмағандығы (медициналық, наркологиялық) нәтижесінде бақытсыз жағдай орын алған анықталды.

Өз жеке ұйғарымында сот айқындалған фактілерді көрсетуге және кәсіпорын әкімшілігінен (ұйымынан, мекемеден) тиісті шаралар қолдануларын талап етуге құқылы. Жеке ұйғарымдар тиісті ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға немесе өзге де басқару қызметін атқаратын адамдарға жөнелтіледі, ал олар ұйғарымды шығарған сотқа қабылданған шаралар жөнінде хабарлауға міндетті. Өкілетті адресатқа келіп түскен жеке ұйғарымды олар қараусыз қалдыра алмайды.

Азаматтық істі қарастыру барысында сот нақты тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын фактілерді анықтауы мүмкін. Ол фактілердің анықталғаны жөнінде сот прокурорға хабарлайды; бұл ақпаратты алған прокурор өз өкілеттіктеріне сәйкес кінәлі адамдарды қылмыстық немесе өзге де заңды жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды.

Соттың жеке ұйғарымының ерекше мәнділігі сонда, ол қандай да бір мән-жайларға қатысты сот процесіне қатысуға тартылған адамдар үшін шешуші маңызға ие. Егер шығарылған шешім мүлікке, мүліктік құқыққа, мүліктік емес құқықтарды қорғауға және т. б. қатысты болса, онда соттың жеке ұйғарымы көпшілік жағдайларда адамға қатысты, ал кейбір жағдайларға адамдарға қарсы бағытталады. Бұл жеке ұйғарым басқа шешімдерге қарағанда өздеріне қатысты шешім шығарылған адамдар үшін барынша маңызға ие екендігін білдіреді. Осыған байланысты заңнамада іс жүргізушілік (процессуалдық) кепілдік қарастырылған, яғни мүдделеріне қатысы бар адамдар ҚР АІЖК 344-ші бабының төртінші бөлігіне сәйкес жеке ұйғарымға шағым келтіре алады.

Шығарылған сот актілерінің мазмұны мүдделі тұлғаларға белгісіз болуы мүмкін. Өздеріне қатысты сот актілерінің қабылданғаны жөнінде білмеулері салдарынан азаматтар дер кезінде өз мүдделерін қорғау туралы шара қолдана алмай қалған жағдайлар кездеседі. Бұл конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз ету үшін ҚР АІЖК 254-ші бабында жалпы ереже көзделген. Оған сәйкес, coт отырысына келмеген тараптар мен басқа іске қатысушы адамдарға іс бойынша іс жүргізудің (өндірістің)

  • тоқтатыла тұруы;
  • қысқартылуы туралы;
  • арыздың қараусыз қалдырылуы туралы

сот үйғарымының көшірмесі ұйғарым шығарылғаннан бастап 5 күннен кешіктірілмей жіберіледі.

ІІ Шешім шығарылған соң сотпен жасалатын іс жүргізу әрекеттері

2. 1 Дәлелді шешім және шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету

Дәлелді шешім жасау өз мағынасы бойынша жеке іс жүргізу әрекеті болып табылады, оның мәні азаматтық істі қарастыру нәтижесінде сот қандай тұжырымға келгендігін негіздеумен түсіндіріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу міндеттері
Апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарына шағымдар, наразылық білдіру құқығы
Азаматтық процестік құқықтың міндеттері
Банктік шот
Талап арыз туралы түсінік
Қазіргі кездегі алқабилер институтының қалыптасуы
Сот шешімі
АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫДАҒЫ СОТТЫҢ ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ
Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі
Апелляциялық шағым наразылық беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz