Жарасымды қарым-қатынас

Мектеп №10 Мерзiмi 2017жыл 21

Тақырыбы Жарасымды қарым-қатынас

Құндылық Сүйіспеншілік, дұрыс әрекет

Қасиеттер жақсы ойлау, сөйлеу, адалдық, түсіністік, шынайылық

Мұғалiм Алиякпарова К. Т. Сынып 10 Оқушылар саны 19

Сабақ мақсаты: А. Линкольннің « Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе- оның басқа адамдармен қарым-қатынасы » деген дәйексөзін талдап, «Ағаларым» өлеңін айтып, «Ізгіліктің басы үлкенді сыйлаудан басталады» шығармашылық жұмысын орындау арқылы оқушылардың Сүйіспеншілік, дұрыс әрекет құндылықтарын дамыту

Міндеттері:

- Оқушылардың көмегімен жақсы ой, ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерінің айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерінің маңызын ашу;

- оқушылардың ой, ниет, ықылас, пейілінің тазалығын дамыту;

- адамгершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ мақсаты: А. Линкольннің «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе- оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деген дәйексөзін талдап, «Ағаларым» өлеңін айтып, «Ізгіліктің басы үлкенді сыйлаудан басталады» шығармашылық жұмысын орындау арқылы оқушылардың Сүйіспеншілік, дұрыс әрекет құндылықтарын дамытуМіндеттері:- Оқушылардың көмегімен жақсы ой, ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерінің айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерінің маңызын ашу;- оқушылардың ой, ниет, ықылас, пейілінің тазалығын дамыту;- адамгершілікке тәрбиелеу.:

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын . . . Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын . . . Нұр менің ішімде . . . Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз . . .

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақ қою:

  • Тыныштық сәті сіздерге қандай әсер етті?

Қорытынды:

  • Оқушылар, үнемі ниетіміз таза болып, жүрегіміз жақсылыққа толы болып, алған ісіміз оңға бассын.
  1. Үй тапсырмасын тексеру

Алдымен «Мәңгілік жастық» деген М. Мақатаевтің өлеңін жаттап келген 2-3 оқушыға айтқызу

Сұрақтар қойып талдау

  • «Мәңгілік жастық» деген М. Мақатаевтің өлеңінен не түсіндіңдер?
  • Берілген жыр жолдарының қай жерлері сізге ой салды? Ақын неге бұлай толғанады деп ойлайсың?
  • Інілер мен ағалар, қарындастар мен жеңгелер, достар мен құрбылармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін адам бойында қандай адамгершілік қасиеттер болу тиіс деп есептейсіңдер?

Қорытынды

Адам аз ғана өмірге тек бақытты болу үшін келгендіктен, әр таңды жақсы ой, ізгі ниет, ақ тілекпен бастап, жанымыздағы күнде көріп жүрген жақындарымызға сыйластықпен қарап, жақсылық жасаудан жалықпаңыздар.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер): Сабақ барысын талдау:
Сабақ мақсаты: А. Линкольннің «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе- оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деген дәйексөзін талдап, «Ағаларым» өлеңін айтып, «Ізгіліктің басы үлкенді сыйлаудан басталады» шығармашылық жұмысын орындау арқылы оқушылардың Сүйіспеншілік, дұрыс әрекет құндылықтарын дамытуМіндеттері:- Оқушылардың көмегімен жақсы ой, ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерінің айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерінің маңызын ашу;- оқушылардың ой, ниет, ықылас, пейілінің тазалығын дамыту;- адамгершілікке тәрбиелеу.:
  1. Дәйексөз.

А. Линкольннің «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе - оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деген даналық сөзін сабақ үстінде жаттатқызып, 2-3 оқушыға жатқа айтқызу.

Сұрақтар қойып талдау

  • Бұл сөздің мәні неде деп ойлайсыңдар?
  • Қарым-қатынастың адам өміріне қаншалықты әсері бар?
  • Тәртіптің адамгершілік қасиеттерге қандай қатысы бар?

Қорытынды

Алдымызға мақсат қойғанда белгілі бір ниетті басшылыққа аламыз. Ниетсіз, себепсіз мақсат қойылмайды. Адамды бір іске бағыттайтын да, істің мән-мәнісін белгілейтін де осы ниет. Демек, адамның ниеті аса маңызды. Ол сол ниетіне қарай қойған мақсатына жетеді.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер):
Сабақ мақсаты: А. Линкольннің «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе- оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деген дәйексөзін талдап, «Ағаларым» өлеңін айтып, «Ізгіліктің басы үлкенді сыйлаудан басталады» шығармашылық жұмысын орындау арқылы оқушылардың Сүйіспеншілік, дұрыс әрекет құндылықтарын дамытуМіндеттері:- Оқушылардың көмегімен жақсы ой, ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерінің айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерінің маңызын ашу;- оқушылардың ой, ниет, ықылас, пейілінің тазалығын дамыту;- адамгершілікке тәрбиелеу.:
  1. Әңгiмелеу

М. Мақатаев

«Болады деп арманда»

Ал енді мен ақыл айтам,

Ақыл айтам, таңданба.

Қорлық үшін келген жоқсың

Мына өмірге, Жалғанға.

Мына өмірде, жүрегіңде,

Бойыңда ыстық қан барда.

Болмысты да, болмасты да,

Болады деп арманда!

Ал енді мен ақыл айтам,

Ақыл айтам, таңданба!

Мәзіріңе, әзіріңе әулек боп,

Алданба.

Шығатұғын күндерге де,

Ататұғын таңдарға,

Үмітпенен қарағайсың

Жүрегіңде жан барда.

Өтер кетер, өтер кетер. .

Дейміз ғой біз мұңайып.

Дейміз дағы, жамаймыз кеп,

Бір айыпқа Бір айып.

Отандастар, ойланайықшы,

Ойымызға лайық.

Бықсып жанған қоламта емес,

Артымызда шоқ қалсын.

Болашақтың ошағында,

Біз тұтатқан от жансын,

. . . Ей, болашақ!

Ей болашақ!

Ошағыңда от жансын!

Сұрақтар қойып талдау

  • Мұқағалидың бұл жырынан не ұқтыңдар?
  • Мәтінде айтылған ойлармен қаншалықты келісесіз?
  • Болашақта жақсылыққа кенелу үшін адам бойына қандай қасиеттер керек?

Қорытынды

Ниет дұрыс болмай, іс те оңбайды. Ниет - адамды іс-әрекетке жетелейді. Оның сол әрекетке деген пейілі, ықылас, ынтасы. Жақсылық та, жамандық та біртіндеп, мысқалдап сіңеді бойға. Сондықтан ізгі ниетпен бастап, өзіне деген сенімі мол болып, мақсатқа жету жолында адамгершілік туын жоғары ұстаған адам ғана шын бақытқа жетпек.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер):
Сабақ мақсаты: А. Линкольннің «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе- оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деген дәйексөзін талдап, «Ағаларым» өлеңін айтып, «Ізгіліктің басы үлкенді сыйлаудан басталады» шығармашылық жұмысын орындау арқылы оқушылардың Сүйіспеншілік, дұрыс әрекет құндылықтарын дамытуМіндеттері:- Оқушылардың көмегімен жақсы ой, ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерінің айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерінің маңызын ашу;- оқушылардың ой, ниет, ықылас, пейілінің тазалығын дамыту;- адамгершілікке тәрбиелеу.:
  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Мәтінді оқып, оқушылар шағын әңгіме жазады.

Шәкәрім

Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады? . . . Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндігі жоқ. Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет. Білім-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жаратуы керек.

Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылы, адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді.

Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен -бірі тату тұруына сөз жоқ.

Қорытынды

Кез келген адам арманы мен мақсатына жету үшін ақ ниетпен ерінбей еңбек етіп, мейірімділік нұрын басқадан аямай, ауызбіршілікте өмір сүрсе, нағыз бай да, нағыз бақытты


Ұқсас жұмыстар
Тренингтің тақырыбы Жарасымды қарым-қатынас
Сен отбасында кімсің
Сабақ барысын
Қарым-қатынас тренингі
Әдептен озбайық. Оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету
Адамгершілік тұрғыда
Ойын - балалар өмірінің нәрі
Қыздармен жұмыс. 6-сынып
Отбасындағы туыстық қарым-қатынас. тәрбие сағаты
"Әдептен озбайық"
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz