Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Т О Л А Ғ А Й

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы.
Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі Жетписова Анар Сабыржанқызы

Тақырыбы: «Т О Л А Ғ А Й»

Мақсаты: Оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздарды сұлу да сымбатты,
денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен
айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды
орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам
жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты
өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі: эстафеталық спорттық сайыс

Құрал – жабдықтары: доптар, кіші доптар, шелектер, кеглилер, шариктер,
қасықтар, қарындаштар, ұш шығарғыштар, ақ қағаздар.

Ө т і л у б а р ы с ы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

II. Негізгі бөлім

1 – жүргізуші:

- Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі ата-аналар мен оқушылар және
ұстаздар арасында өткізгелі отырған «Толағай» атты эстафеталық спорттық
сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы
Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде
халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата –
аналарын, ұстаздарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен
айналысып, балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп
отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.

2 – жүргізуші:

Топтардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті,
ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің
сайысымызға 4 топ қатысады. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше
кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір
топтарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ қатысушыларына сәт сапар тілейміз!

1 – жүргізуші:

- Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық!
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен – тек жоймайық!
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Күшімізді көрсетейік, сынайық!
Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,
Қаймықпай, көңілді болып жарысайық!
2 – жүргізуші:

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын.

Болашақ спортшы топтар келді ортаға,

Қол соғып, қарсы алайық, кәне, халқым!

- Енді ортаға сайыскерлерімізді шақырайық. (Эстафеталық спорт сайысына
қатысушы бастауыш сынып оқушыларынан құралған 4 топ ортаға шығады.)

І топ: «БӘЙТЕРЕК» тобы

ІІ топ: «ШЫМЫР» тобы

ІІІ топ: «ҚЫРАН» тобы

ІV топ: «ЖАС ҚЫРАН» тобы

1 – жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті!

Кімдердің бірліктері кәміл мықты!

Спортшы топтар сайысында,

Жеңіске жетер дейміз, нағыз мықты...

2 – жүргізуші:

- Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған сайыскерлер тобының аяқ алысын
бағалау үшін шақырылған әділқазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар.

1 – жүргізуші:

- Сайысымыздың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады. Ал әділқазылар алқасы әр
кезеңнен кейін 5 балдық жүйемен өз бағаларын беріп, сараптама жасап
отырады. Сайыстың шарттарымен таныс болайық.
1. «Өз тобыңды таныстыр»
2. «Ептілер»
3. «Суретші»
4. «Доптармен эстафета»
5. «Қақпашы»
6. «Шеңбер».
2 – жүргізуші:

Бәйгені ат жаратып шапқан алар,

Олжаны жатқан емес, тапқан алар, - деп сайысқа қатысушы топтарға «Сәт
сапар» тілейік, ағайын.

1 – жүргізуші:

Өнер қуып топ өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

2 – жүргізуші:

Ал, ендеше сайысымыздың бірінші кезеңі «Өз тобыңды таныстыр».

Шарты: Әр топ өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстырып өту.

Олай болса, ортаға «Бәйтерек», «Шымыр», «Қыран», «Жас қыран»

тобын шақырамыз.

1 – жүргізуші:

Жалқаулықты тастаймыз!

Шынығамыз жастай біз!

Босқа тұрмай, қанекей,

Жаттығуды бастаймыз!

Би: «Флешмоб». Музыка ырғағымен би қимылдарын топ қатысушыларымен бірге
көрсете орындайық.

2 – жүргізуші: Әділқазылар алқасы сайыстың тұсаукесер кезеңіне беретін
бағаларыңызды көрсетсеңіздер!

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі сайысымыз «Ептілер»

- Екінші кедергі қасық,
Қасықта бар азық.
Жүгіруге болмайды,
Түсіруге болмайды.
Тез барып, тез қайтуға асық!
Шарты: Топ мүшелері кезекпен кедергілердің арасымен қолына ұстаған
қасықтағы шарикті түсірмей алып өту. Сайыс кезінде кедергілерді құлатпау,
тапсырманы толық орындау шарт.

Екеуі: Сайыскерлер дайынбыз ба? Қалыспа! Дайындал! Алға!

2 – жүргізуші: Әділқазылар алқасы бағалап жіберсек.

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі үшінші сайысымыз «Суретші»
Шарты: 1 – кезекте ойыншы ұш шығарғышты апару.
2 – кезекте ойыншы қарындашты апару.
3 – кезекте ойыншы қарындашты ұш шығарғышпен ұштау.
4 – кезекте ойыншы қарындашты ақ қағаз қасына жеткізу.
5 – кезекте ойыншы не салу керектігін ыммен, қимылмен түсіндіру, көрсету.
6 – кезекте ойыншы берілген суретті салу. Соңында барлық құралдарын жинап,
әділқазыға тапсыру.

Екеуі: Дайынбыз ба? Қалыспа! Дайындал! Алға!
2 – жүргізуші:
- Жарайсыңдар! Керемет! Әділқазылар алқасы қалай сіздерді бағалайды
екен?!
1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі сайысымыз «Доптармен эстафета»
Шарты: Топ мүшелері кезекпен екі қолына екі допты алдына ұстап, сол мезетте
тағы бір допты алдында аяқпен теуіп жүріп, көрсетілген нысанға дейін бара
айналып кері қайту.
Екеуі: Дайынбыз ба? Қалыспа! Дайындал! Алға!
2 – жүргізуші:
- Сәт сапар!
- Жақсы! Керемет! Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!
1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі бесінші сайысымыз «Қақпашы»
Шарты: Топбасшы өз тобына қарама – қарсы белгіленген нысанға барып, қолына
шелек ұстап тұрады. Қалған топ мүшелері кезектесіп кедергі арасымен жүгіре
барып, қолындағы үш кіші допты кіші шелекке лақтырады. Шелек ұстаған
топбасшы лақтырған кіші допты қолындағы кіші шелекпен қағып алуы керек.
Қағып алынған әр кіші доп 1 ұпай болып есептеу.
Екеуі: Дайынбыз ба? Қалыспа! Дайындал! Алға!

2 – жүргізуші:
- Жарайсыңдар! Әділқазылар алқасы бағалап жіберсеңіздер!

1 – жүргізуші: Рахмет. Келесі соңғы сайысымыз «Шеңбер»
Шарты: Топ мүшелері ретсіз орналасып, қолдарымен ұстасып тұрады, осы
тізбекпен шеңбер құра кедергілер арқылы өту, кері қайту.
Екеуі: Дайынсыздар ма? Қалыспа! Дайындал! Алға!
2 – жүргізуші:
- Жарайсыңдар! Бәрекелді! Әділқазылар алқасы соңғы сайысымыздың бағаларын
берсеңіздер!
III. Қорытынды бөлім
1 – жүргізуші:
- Қазылар орнықтырар әділдікті!
Кімдердің бірліктері кәміл мықты!
Спортшы сайыскерлер сайысында,
Жеңіске жетер дейміз, нағыз мықты...
Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз,
Жеңілсек жеңілдік деп жасымаймыз.
Жығылсаң жер көтерер деген екен,
Реніш өкпелеуге қосылмаймыз!
- Олай болса, құрметті сайысқа қатысушылар, сіздер бүгін өз күш-
жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің
әділқазыларымыз барша кезеңнің қорытынды бағасын есептеп шығарғанша,
сіздерге әсем әуенді ән шашу ұсынамыз.
2 – жүргізуші:
Таңданайық, спортқа тамсанайық,
Бәріміз де қосылып, қол соғайық.
Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,
Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! - дей келе, сайысымыздың аяқталар
сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер топтарды мадақтау
үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
І орын – «ШЫМЫР» тобы ІІ орын –
«ҚЫРАН» тобы
ІІІ орын – «ЖАС ҚЫРАН» тобы ІІІ орын –
«БӘЙТЕРЕК» тобы
Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Топтарды
дипломдармен марапаттайды.
1 – жүргізуші:
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осымен «Толағай» сайысымыз аяқталды.
Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, спорттық сайысқа қатысқандарыңыз үшін
әрбір топқа алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!
Қош сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Күш, деформация, динамометр, Гук заңы
8 сынып. қатты денелердің деформациясы
Көңілді тапқырлар сайысы туралы ақпарат
Оқушының даму үрдісін зерттеу әдісі
Тестік тапсырма
Құстар аймағына арналған сұрақтар
Проценттерге берілген есептер
Қуат. 7 сынып
Жас информатик (сыныптан тыс шара) 8" а" сыныбы
Ақпаратты сақтау құрылғысы
Пәндер