Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар

Тақырыбы: Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар
Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру,білімді,жан-жақты болуға үйрету,бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру,ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту,балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі:интерактивтік тақта,слайд көрмелері
Жоспары
1 бөлім: <<Суреттер сөйледі>>
2 бөлім: <<Тіл-өнер>>
3 бөлім: <<Қызықты ұйқастар>>
4 бөлім: << Мықты болсаң тауып көр>>
5 бөлім: <<Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы>>.
Кіріспе:
Тіл- адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық,ұлт және оның тілі жүздеген ,мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тәлә арқылы әлемді ,дүниені ,өмірдің құнды таңылымдарын таниды да ,келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл - халық тарихы,тіл- ұлттық қазына,тіл - біздің намысымыз, арымыз,байлығымыз,барымыз.
Қайырлы күн,құрметті көрермендер,қонақтар,сайыскерлер.Бүгін біздің <<Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар>> атты сайысымыз <<Ана тілім-тәуелсіздік тірегі>> апталығы аясында өткізіліп отыр.Сайысымызға екі топ оқушы қатысып отыр.

І кезең: <<Суреттер сөйлейді>>
Екі топқа сурет беріледі, әр топ сол сурет бойынша сөйлемдер құрастырады.( 5 -7 минут беріледі)

ІІ кезең Тіл өнер

Мақалдың жалғасын табу керек.Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
Ең тәтті де тіл,...( ең ащы да тіл)
Оқу - білім бұлағы,...( білім-өмір шырағы)
Өнер алды ... (қызыл тіл)
Ашу дұшпан ,...(ақыл-дос)
Тіл қылыштан ...(да өткір)
Отан ...(оттан да ыстық)
ІІ топ
Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің тілі ортақ)
Отансыз адам-... (ормансыз бұлбұл)
Ер жігіт елі үшін туады , ... (елі үшін өледі)
Мектеп кеме, ...(білім - теңіз)
Жақсы жолдас жанға серік, ...(жаман жолдас малға серік)
Қыз елдің көркі ,...(гүл жердің көркі)

1топқа:
Оқу білім бұлағы, (білім - өмір шырағы)
Өнер алды (қызыл тіл)
Ашу-дұшпан, (ақыл- дос)
Тіл қылыштан (да өткір)
Қыз елдің көркі, (гүл жердің көркі)
2топқа:
Отансыз адам- (ормансыз бұлбұл)
Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
Шебердің қолы ортақ, (шешеннің тілі ортақ)
Отан (оттан да ыстық)
3 бөлім: Қызықты ұйқастар
1.Жизнь-өмір,уголь-(көмір)
Число-сан,кровь-(қан)
Молоко-сүт,жди-(күт)
Человек-адам,ручка-(қалам)
Таможня-кеден,пол-(еден)
Зуб-тіс,дело-(іс)
2.Возьми-ал,мед-(бал)
Рыба-балық,народ-(халық)
Дверь-есік,колыбель-(бесік)
Город-қала,ребенок-(бала)
Лето-жаз,гусь-(қаз)
Игра-ойын,шея- (мойын)
4 бөлім: Мықты болсаң,тауып көр
1.А)Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас(жұлдыз,звезда)
Б) Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама(кітап,книга)
В) Сырты тәтті,іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты(алма,яблоко)
2.А) Бар ма,жоқ па,оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің(ауа,воздух)
Б) Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен(су,вода)
В) Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді(қалам,ручка)
5 бөлім: <<Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы>>.
Әр топтың жетекшілері мәнерлеп өлең оқып беруі тиіс.
Бұл кезеңде тілдің машықтығы,оқудың тазалығы бағаланады.

Ұқсас жұмыстар
Тақырып - Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
<<жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар>> эстафеталық ойын
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жайлы ақпарат
Шешендік өнердің дамуына қажетті алғышарттар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру
Кім жүйрік
Сайысымыздың бірінші кезеңі
«жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. 6 сынып аралығы
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар туралы ақпарат
Пәндер