Портрет. (коллаж). Ашық сабақ

1. Портрет деген не?
2. Қандай суретшілердің портреттерін білесіңдер?
III. Жаңа материалды түсіндіру. Балалар мына жұмбақты шешейікші:
Бір топ адам көрдім,
Жүрмей тұрған жабысып.
Түсін танып тұрсаң да,
Жауап айтпас танысып. (адамның суреті. )
Екі бала қатар тұрса да,
Бірін-бірі көрмейді. (көз) .
Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың. (құлақ) .
Міне балалар осы жұмбақтар адамның бет құрылысына байланысты айтылған жұмбақтарды шештік. Өткен сабақта біздер портрет тақырыбын өттік енді сол тақырыпты жалғастырамыз. Портрет тақырыбын бүгінгі сабағымызда коллаж өнерімен бастағалы отырмыз. Сендер білесіңдер коллаж - аппликацияға ұқсайды, бірақ коллажда түрлі түсті қағазбен қатар мата, газет, фольга, журнал суреттері, кептірілген өсімдіктер, құс қауырсындары және басқа көптеген материал қолданылады.
Сарамандық жұмыс: Оқушыларға коллаж тәсілімен портрет жасап шығатынымызды айтып түсіндіремін. Екі оқушыдан бірігіп жасау.
1. Портретте бейнелегелі отырған адамның мінез-құлқын көрсетіп, тұлғалық ерекшелігін беру маңызды.
2. Портреттің композициясы, көлемі мен пішімі де маңызды. Бір адам отырған жағдайда қағазымызды тігінен, ал бір топ адамды салғанда қағазымызды көлденеңнен пайдаланамыз.
3. Біз де портрет салып көрейік. Ол жай портрет қана емес, стильді үлгіде болсын.
4. Портрет салғанда өзіңнің бақылағаныңды, нақты бір адамды бейнелеп жасау. Сарамандық жұмыс кезінде кампютерден «Көңіл толқыны» атты әуен жаймен орындалып тұрады.
Оқушылар түрлі түсті қағаздар, мата қиындылар, клей, тоқыма жіптер пайдаланады. Әр оқушыны аралап жасап жатқан жұмыстарына қадағалап қараймын. Жұмыс соңында оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарын таныстырып, қандай материалдардан жасағаны жөнінде айтады. Содан соң балалардың жұмыстарынан шағын көрме жасаймыз.
Сарамандық жұмыс аралығында музыкалық сергіту сәтін жасаймыз.
Егер уақыт қалып жатырса, оқушыларға шаршау, досымен ойын ойнау, қабағын түйю, күлу, өлең айту, кітап оқу, сабақ жазу деген сөздерді конвертке салып, сөздердің мағынасын балалар мимика арқылы қандай екенін көрсетеді.
Өткен материал бойынша пысықтау сұрақтар қою.
«Портрет» сөзжұмбағын шешу
Берілген тапсырмалар мен сұрақтарға мұқият тыңдап жауап беру.
Жаңа сабақ бойынша білімдерін тексеру.
Сөйлеу мәдениеті шыңдалып, ойын толық айту.
Оқушылардың жауабын тыңдау.
Жұмыстарды оқушылармен бірге көре отырып, ондағы ең шынайы және қызық жұмыстарды атап өту керек.
Көрме ұйымдастыру.
Бағалау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz