Сабақ жоспары: баскетбол - торға екі қолмен 1-3 метр екпінмен лақтырудың техникасы мен жаттығулары

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ тақырыбы: Баскетбол торына екі қолмен 1-3 метр екпінмен тастау

Өткізетін орны: спорт алаңы

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

  • Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру;
  • Дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен оқушылардың денсаулығын нығайту;
  • Күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмыстарға құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен оқушыларды тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: Ысқырғыш, гим. бөрене, т. б.

Мазмұны
Мөлшері
Әдістемелік нұсқау
Мазмұны:

І. Дайындық бөлімі

Сапқа тұрғызу, оқушылармен амандасу

Жүру жаттығулары:

-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,

- қол белде, өкшемен жүру;

-қол алда, жартылай отырып жүру;

-қол желкеде, толық отырып жүру.

Жүгіру жаттығулары:

  • Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;
  • Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;
  • Сол қол алда, артпен жүгіру;
  • Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;
  • Қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.
  • Екі қолды алға созып, тізені жоғары көтеріп жүгіру.
  • Екі қол артта, аяқты артқа лақтырып, қолға тигізе жүгіру.
  • Екі қол жанда, аяқты жанға сермеп жүгіру.
  • Сап бойынша жүру
  • Тыныс алу жаттығулары.

Жалпы дамыту жаттығулары:

  • Б. қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;
  • Б. қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;
  • Б. қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;
  • Б. қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;
  • Б. қ. қол белде, аяқ барынша алшақ, 1 оң аяққа еңкейеміз, 2 ортаға, 3 сол аяққа, 4 б. қ.
Мөлшері: 20 мин.
Әдістемелік нұсқау:

Оқушыларды тексеру, дене киімін қарау.

Қолды бүкпей, толық айналдыру

Аяқты бүкпей орындау

Денені тік ұстау

Қолды бүкпей, толық қисаю

Көзді ашып, басымызды толық айналдыру.

Мазмұны:

ІІ. Негізгі бөлім

Баскетбол торына екі қолмен 1-3 метр екпінмен тастау :

Бастапқы жағдайда доп кеуде деңгейінде болады. Бірақ аяқ біршама ілгері қойылуы мүмкін. Аяқ пен кеуденің бір мезгілде жазылуы арқылы қол допты себетке доға бойынша бағыттап лақтырады. Екі қолмен жоғардан лақтыруға да болады. Бұл жағдайда да доп кең жайылған саусақтарда, бастың үстінде болады. Алақан алға қаратылады. Ойыншы себетті көздей отырып аяқ пен кеудені тіктеп және қолды бір мезгілде жоғарыға толықтай жазылғанша сермейді. Доп иықта ұсталады. Бұл жағдайда қолдың басы мен алақан алға қаратылып, қолдың сырты иыққа тірелген бағытта болады.

Мөлшері: 20 мин.
Әдістемелік нұсқау: Оқушылардың жаттығу барысында қауіпсіздігін қадағалау.
Мазмұны:

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу

  • Түзел!
  • Тік тұр!
  • Еркін тұрыңдар!

Үйге тапсырма беру;

Жүйелі түрде бағалау;

Оқушылармен қоштасу.

Мөлшері: 5 мин.
Әдістемелік нұсқау:

Оқушылардың сабақ барысында жіберген қателіктерін айтып, ескерту.

Үйге берілген жаттығулардың орындалуын қадағалау


Ұқсас жұмыстар
9-сынып дене шынықтыру сабағы: баскетбол - допты жіберу мен ұстау, торға доп салу техникасы және оқу ойыны ережелері
6-сынып баскетбол сабағы: екі адым жасап допты торға лақтыру мен екі жақты ойын
Баскетбол: допты кеудеден екі қолмен лақтыру дағдыларын жетілдіру
Ашық сабақ: спорт ойындары (баскетбол) - допты алып жүріп кеудеден екі қолмен беру
Баскетбол: допты алып жүру және екі қолмен кеудеден беру мен қағып алу техникаларын дамыту
7-сыныпқа арналған дене тәрбиесі сабағы: баскетбол - допты екі қолмен кеудеден беру дағдыларын дамыту
Баскетбол сабақ жоспары: допты әріптесіне беру әдістері мен жаттығулары
8-сыныпқа арналған баскетбол сабағы: бастапқы қалыптан допты беру және қабылдау техникасы
5-бөлім: Қашықтықтан өту, баскетбол техникасы және ойын тактикасы бойынша сабақ жоспары
Баскетбол: допты жерге ұрып барып ұстау және беру техникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz